Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата Тупкараганского района Мангистауской области от 9 декабря 2016 года № 237. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 27 декабря 2016 года № 3223.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Ш.Беришбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Асауов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Маңғыстау облысы әкімдігінің
      Маңғыстау облысының денсаулық сақтау
      басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы
      "Түпқараған орталық аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры
      Г. Шалабаева
      "09" желтоқсан 2016 жыл.

      Түпқараған ауданы әкімдігінің
      "Түпқараған су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорнының директоры
      А. Аманафесов
      "09" желтоқсан 2016 жыл.

      Түпқараған ауданы әкімдігінің
      "Түпқараған электр жүйесі" мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорны директорының
      міндетін атқарушы
      А. Ещанов
      "09" желтоқсан 2016 жыл.

      "Түпқараған аудандық білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А. Утесбаева
      "09" желтоқсан 2016 жыл.

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 237 қаулысына қосымша


Ұйымның атауы

Адам саны

1

Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Түпқараған орталық аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

3

2

Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2

3

Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған электр жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2

4

"Түпқараған аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

3