Об установлении водоохранных зон, полос водных объектов Северо-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 31 декабря 2015 года № 514. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 9 февраля 2016 года № 3610.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабы 2) тармақшасына және 116-бабы 2-тармағына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар белгіленсін:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
Солтүстік Қазақстан су
ресурстарын кешенді пайдалану
аумақтық бөлімінің басшысы
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
А. Қожанов
      "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
М. Жексембин

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 05.04.2017 № 134 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с №

Көлдің атауы

Орналасқан жері (ауылдық округ, елді мекен)

Су айдынының ауданы (гектар)

Су қорғау аймағының ені (метр)

Су қорғау белдеуінің ені (метр)

1

2

3

4

5

6

Есіл өзені

1000

100

Ақанбұрлық өзені

500

100

Иманбұрлық өзені

500

100

Көлдер

Алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 05.04.2017 № 134 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 05.04.2017 № 134 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аққайың ауданы

1

Кіші Тоқшын

Тоқшын, Тоқшын

33

300

50

2

Шағалалы Теңіз

Қиялы

7800

500

50

3

Базарал

Аралағаш, Аралағаш

577

500

50

4

Байсал

Аралағаш, Амангелді

128

300

50

5

Ақсуат

Аралағаш, Рублевка

303

300

50

6

Круглое

Аралағаш, Рублевка

93

300

50

7

Кіші Балықты

Смирнов

235

500

50

8

Жалтыр

Григорьев, Григорьевка

269

500

50

9

Құндыкөл

Полтав, Полтавка

68

300

50

Есіл ауданы

1

Полоустное (Полонское)

Петров, Покров, Петровка

33

300

50

Жамбыл ауданы

1

Екатериновское

Қазан, Екатериновка

471

500

50

2

Питное

Преснов, (Железнин), Богатое

108

300

50

3

Курганское

Қазан, Усердное

162

300

50

4

Кабань

Первомай, Кабань

79

300

50

5

Суаткөл

Жамбыл, Амангелді

68

300

50

6

Мұжық

Озерный, Ақбалық

65

300

50

7

Жалтырша

Майбалық, Жалтырша

24

300

50

8

Далагүл

Благовещен, Майбалық

46

300

50

9

Питное

Преснов, Островка

350

500

50

10

Жекекөл

Благовещен, Благовещенка

99

300

50

11

Жарағаш

Благовещен, Благовещенка

87

300

50

12

Лапушки

Преснов, (Железнин), Лопушки

22

300

50

13

Купальное

Преснов, (Железнин), Лопушки

34

300

50

14

Лагерное

Преснов, Пресновка

182

300

50

15

Шырықмай

Майбалық, Жалтырша

31

300

50

16

Ақбалық

Озерный, Ақбалық

77

300

50

Қызылжар ауданы

1

Логуново

Соколов, Соколовка

45

300

50

2

Сергино

Налобин- Виноградов, Сергино

135

300

50

3

Дубровное

Налобин, Дубровное

127

300

50

4

Гайдуково

Налобин, Гайдуково

149

300

50

5

Жалтыр

Рассвет, Рассвет

176

300

50

6

Лебеденок

Налобин

338

500

50

7

Сиверга

Налобин

291

500

50

8

Соленое

Лесной-Якорь

287

500

50-75

9

Пестрое

Петропавл, Прибрежный, Тепличное

137

300

35-50

10

Лебяжье

Вагулин, Вагулино

523

500

50

11

Бугровое

Бугров, Бугровое

68

300

50

12

Земляное

Бугров, Бугровое

47

300

50-55

13

Курейное

Налобин, Гайдуково

150

300

50

Мамлют ауданы

1

Белое

Белов, Белое

349

500

100

2

Щучье

Белов, Щучье

75

300

50

3

Студеное

Белов, Студенное

41

300

50

4

Степное

Белов, Прогресс

23

300

50

5

Казачье

Дубровин, Михайловка

94

300

50

6

Пруд

Краснознамен, Беловка

51

300

50

7

Кривые

Дубровин, Дубровное

111

300

50

8

Каменное

Белов, Белое

235

500

100

9

Чистое

Белов, Чистое

138

300

50

10

Меңгесер

Қызыләскер- Новомихайловка

3685

500

100

11

Бесқамыс

Краснознамен, Калугино

43

300

50

12

Федосейкино

Воскресенов, Воскресеновка

45

300

50-55

13

Жаргино (Жагрино)

Белов, Белое

108

300

50

14

Каменное

Белов, Мамлютка

62

300

50

15

Таловое (Талое)

Пригородный, Покровка

65

300

50

16

Беленок

Белов, Белое

54

300

50

17

Уделово

Белов, Прогресс

48

300

50

18

Уделенок

Белов, Прогресс

44

300

50

19

Краснознамен

Краснознамен, Краснознаменка

43

300

50

20

Прудок

Краснознамен, Калугино

40

300

50

21

Тетеркино

Белов, Студенное

27

300

50

22

Куропаткино

Белов, Студенное

23

300

50

23

Үлкен Черок

Дубровин, Михайловка

178

300

50

24

Желтое

Воскресенов, Становое

70

300

50-75

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

1

Ұлыкөл

Бірлік, Рузаевка

2198

500

50

2

Шарық бөгені

Андреевка, Көкалажар, Андреевка

243

500

100

Мағжан Жұмабаев ауданы

1

Бірінші

Лебяжі, Лебяжье

23

300

50

2

Екінші

Лебяжі, Лебяжье

20

300

50

3

Зарослое

Гаврин, Зарослое

152

300

50

4

Рявкино

Фурманов, Рявкино

281

500

50

5

Питное

Полудин, Полудино

872

500

50

Тимирязев ауданы

1

Ақсуат

Дзержинский- Москворецк, Москворецкое

1607

500

50

2

Жарқын

Дмитриев, Дмитриевка

467

500

50

3

Дмитриевка

Дмитриев, Дмитриевка

26

300

50

 
  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 514 қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы су объктілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 28.12.2018 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға, осы тармақшаның ережелері су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғызылған ғимараттар мен үймереттердің пайдаланылуына қолданылмайды, бұл ретте ұйымдастырылған орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге де жүйесі немесе ішіндегі заттарды әкетуді қамтамасыз ететін су өтпейтін науалар болған кезде ғана оларды пайдалануға жол беріледі;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметтің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) жол берілмейді.