О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2009 года № 2225 "Об утверждении перечня бюджетных инвестиционных проектов, не требующих разработки технико-экономического обоснования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 320. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2026 года № 362

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2026 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесінде:

      3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының түзеу мекемелерін күзету жөніндегі әскери қызметшілерін орналастыру үшін объектілер салу;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 95) және 96) тармақшалармен толықтырылсын:

      "қызмет бабында пайдалану үшін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов