О мерах по реализации Конвенции о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 22 января 1993 года и Конвенции о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 7 октября 2002 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года N 1453

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы  Заңымен  бекiтілген 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (бұдан әрi - Конвенция) 5-бабының 1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Конвенцияның ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және өзге де мемлекеттiк органдардың мынадай тiзбесi белгіленсiн:
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi - азаматтық хал актілерiн, жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тiркеу туралы құжаттар, сондай-ақ әділет органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi - прокурордың санкциясы талап етiлмейтiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға байланысты құжаттар, көшi-қон және iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң арнайы мемлекеттiк мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерi бойынша;
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі - оның құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы құжаттар бойынша;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi - олардың дәрменсiздігі туралы конкурстық iс қозғалған заңды тұлғалардың берешектi төлеуiне байланысты мемлекеттiк органдардың сұрау салуы мен азаматтардың өтiнiштерi бойынша;
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi (келiсiм бойынша) - Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары, азаматтар мен заңды тұлғалардың соттардың шешiмдерi мен өзге де ресми құжаттарының орындалуына байланысты өтiнiштерi бойынша;
      Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнің Ақпарат және мұрағат комитетi - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерi бойынша;
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келiсiм бойынша) қылмыстық iстер бойынша iс жүргізу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты мәселелер, прокурордың санкциясы талап етiлетiн жедел-iздестiру iс-шаралары және прокуратура органдарының құзыретiне жататын құжаттар бойынша;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) - iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне жататын құжаттар бойынша;
      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) - iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, қаржы полициясы органдарының құзыретіне жататын құжаттар бойынша.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдар Конвенцияның ережелерiн орындауға уәкілеттi аумақтық органдардың тiзбелерiн белгілесiн.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiне Конвенцияның ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және аумақтық мемлекеттiк органдардың тiзбелерi туралы хабарласын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы