О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894 и от 10 мая 1999 года N 556

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2000 года N 334. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2009 года № 1411

      "Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңын  Z952200_  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  P951894_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 
      реттiк нөмiрi 7-жолдағы 3-баған "мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары" деген сөздермен толықтырылсын; 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялық жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзбесiнде: 
      "Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген II бөлiм мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын: 
      "19. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары"; 
      "Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген III бөлiм мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: 
      "8. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары"; 
      2)  күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.  N 1311  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі