Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 25.05.2022 № 6-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.06.2022 № 614 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі БҰЙЫРАДЫ және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 25.05.2022 № 6-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.06.2022 № 614 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бірлескен бұйрыққа және нормативтiк қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;
2) осы бірлескен бұйрыққа және нормативтiк қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 25.05.2022 № 6-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.06.2022 № 614 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрық және нормативтік қаулы күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бірлескен бұйрықтың және нормативтік қаулының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық және нормативтiк қаулы мемлекеттік органдары басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |
Республикалық бюджеттің |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 бұйрығына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 04 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтiк қаулысына 1-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 25.05.2022 № 6-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.06.2022 № 614 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік кірістер органдарының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне (бұдан әрі – Есеп комитеті) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәлімет) ұсыну бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
2. Кедендік реттеу саласындағы ақпаратқа Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары алған кез келген, cоның ішінде құпия және алдын ала ақпарат жатады.
Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді осы бірлескен бұйрыққа және нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына ұсынатын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесіне сәйкес ұсынады.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
3. Есеп комитеті, тексеру комиссиялары салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.
4. Мәліметтерді беру мынадай тәсілдердің бірінде:
1) қағаз жеткізгіштерде;
2) электрондық жеткізгіштерде;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Есеп комитетінің ақпараттық жүйелері арасында ақпараттық өзара іс-қимыл, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесі болған кезде, Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік кірістер органдары Есеп комитетінің, тексеру комиссиясының сұрау салуын алған күннен бастап, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерін орындауы және функцияларын жүзеге асыру үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарын белгіленген тәртіппен сақтай отырып, оларға Мәліметті береді.
6. Мәліметті алушы осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
7. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты мемлекеттік кіріс органдарынан не өзге де уәкілетті органдардан алған мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының немесе ұйымдарының лауазымды адамдары мұндай ақпаратты өздерінің міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратуға құқығы жоқ.
Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты кедендік бақылауды жүргізуге тартылған мамандар кедендік бақылауды жүргізу кезінде өз міндеттерін орындау кезінде де, ол аяқталғаннан кейін де жариялауға жатпайды.
Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі
Р/с № | Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы |
1. | Салық төлеушілердің дербес шоттарының деректері |
2. | Салық төлеушілердің салық нысанының деректері |
3. | Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамаларының нормаларын салық төлеушiлердің орындауына салықтық бақылау нәтижелерi туралы мәлiметтер |
4. | Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер қорынан мәлiметтер |
5. | Салық төлеушiлер бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтарулар туралы мәлiметтер |
6. | Салық төлеушiлер бойынша салық мiндеттемесiнiң мерзiмiнде орындалмағандарды орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi туралы мәлiметтер |
7. | Салық төлеушiге қолданылған салық берешектерін мәжбүрлеп өндіру шаралары туралы мәлiметтер |
8. | Лауазымды тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктеріне) және салықтық тексеру нәтижелерiне шағымдану туралы деректер |
9. | Салық төлеушілер және салық салынатын объектілер, сондай-ақ салық төлеушілер жүзеге асырған операциялар бойынша мәліметтер ұсынатын уәкілетті органдардың ақпараттары |
10. | Салықтарды және айыппұл санкцияларын есептен шығару (есептен шығару туралы заң және мемлекеттік органның актісі қабылданғаннан кейінгі өсімпұлдар мен айыппұлдар) туралы мәліметтер |
11. | Салық төлеушiлердiң салық есептілігі негiзінде қалыптастырылған талдамалы есептер |