Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 8 қазан N 471-I

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Z952200_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 3 және 7 тамызда "Егемен Қазақстан газетінде және 1999 жылғы 3 және 5 тамызда "Казахстанская правда"" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 27 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде және 1999 жылғы 24 тамызда және 1 қыркүйекте "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және

мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы) 
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     
     1. Бас тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасының Заңы 
     Лицензиялау туралы".
     
     2. Кіріспе алып тасталсын.
     


      3. Бүкіл мәтін бойынша "Жарлықпен", "Жарлық", "Жарлықта", "Жарлыққа",

"Жарлықтың" деген сөздер тиісінше "Заңмен", "Заң", "Заңда", "Заңға", 
"Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын. 
     
     4. 3-баптың 1-тармағында "(өнім, жұмыс, қызмет көрсету)" деген сөздер 
алып тасталсын.
     
     5. 4-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында "шек қойылмай берілетіндер" 
деген сөздерден кейін ", егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін 
болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі" деген 
сөздермен толықтырылсын.
     
     6. 7-баптың 1-тармағында:
     "радиожиілік бөлу" деген сөздер алып тасталсын;
     "т.б." деген сөз "басқалар" деген сөзбен ауыстырылсын.
     
     7. 9-бапта:
     1-тармақта:


      1) 1) тармақша "сондай-ақ" деген сөзден кейін "монтажды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4) тармақшада "т.б." деген сөз "басқалар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы өндіріс пен қызмет көрсету, телевизиялық және дыбыстар (радио хабарлар тарату) бағдарламаларды тарату жөнінде қызмет көрсету, байланыстың жалпы республикалық магистральдық халықаралық желілерін пайдалану және радиожиілік спектрін пайдалану;";
      4) 11) тармақша "жарылу-өртену қаупі бар және тау-кен өнеркәсібі

өндірістерін," деген сөздерден кейін "электр станцияларын электр желілері 
мен көмекші станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды," деген сөздермен 
толықтырылсын;
     5) 12) тармақша: 
     "дайындау" деген сөздің алдынан "жобалау," деген сөзбен толықтырылсын;
     "кен-шахта" деген сөздерден кейін "металлургиялық, энергетикалық" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     6) 13) тармақша алып тасталсын;
     7) 14) тармақша "азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның 
патрондарын" деген сөздерден кейін ", жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның 
патрондарын" деген сөздермен толықтырылсын;
     8) 23) тармақша алып тасталсын;
     9) 24) тармақша "ретке келтіру," деген сөздерден кейін "пайдалану, 
сақтау," деген сөздермен толықтырылсын;
     10) 26) тармақша "топография-геодезиялық," деген сөздердің алдынан 
"жерге орналастыру," деген сөздермен толықтырылсын;
     11) 31) тармақша "түгендеу" деген сөзден кейін "өндіру және жөндеу;" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     12) 35) тармақшада "және әкелу" деген сөздер алып тасталсын;
     13) мынадай мазмұндағы 44) және 45) тармақшалармен толықтырылсын:
     "44) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу;
     45) астықты және оны ұқсатудың өнімдерін элеваторларда қабылдау, 
сақтау және ұқсату.".
     
     8. 12-бапта:
     1) 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын;


      "1. Жекелеген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылады.";
      2) 2-тармақ алып тасталсын;
      3) 3-тармақта "Бір жолғы" деген сөздер алып тасталсын, "лицензия" деген сөз бас әріппен басталсын;
      4) 4-тармақта "бас лицензияның да, бір жолғы лицензияның да" деген сөздер "бір жолғы лицензияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 5-тармақта "Бас лицензия мен" деген сөздер алып тасталып, "бір" деген сөз бас әріппен басталсын;
      6) 6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.

      9. 13-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын.

      10. 14-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және мемлекеттің жоғары лауазымды адамының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарды олардың құзыреті шегінде тауарлардың (жұмыстар мен қызмет көрсетулердің) импортын лицензиялау тәртібінен босатуға құқылы.".

      11. 15-бапта:
      1) екінші бөлікте "және кен-техникалық қадағалау" деген сөздер "кен-техникалық қадағалау және мемэнергияқадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) үшінші бөлікте:
      "осы қызметтің нәтижесі болып табылатын тауар (жұмыс, қызмет)" деген сөздер "өндірілетін өнім, орындалатын жұмыс, көрсетілетін қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Субъектінің (өтініш берушінің және (немесе) лицензиаттың) біліктілік деңгейіне сәйкестігі белгіленген тәртіппен тіркелген заңды, жеке тұлғалар жүргізетін тәуелсіз сараптамалық бағалау негізінде белгіленуі мүмкін.";
      3) алтыншы бөлік "қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын" деген сөздерден кейін ", жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Лицензиясын жоғалтқан жағдайда лицензиаттың дубликат алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензиар лицензияның дубликатын беруді он күн ішінде орындайды. Бұл орайда лицензиат жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым төлейді.".

      12. 16-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Лицензиат (субъект) құжаттарда берілген ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақтылы берілуі үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауапты болады.".

      13. 19-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі "қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын" деген сөздерден кейін ", жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын" деген сөздермен толықтырылсын.

      14. 22-бапта:
      1) 1-тармақ 3) тармақшадағы "қайтарып алуы мүмкін" деген сөздердің орнына нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) лицензиат лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат берсе, қайтарып алуы мүмкін.";
      2) 4-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың заңдылығы туралы сот шешімі болған жағдайда оны тоқтата тұру мерзімі лицензиар осындай шешім қабылдаған күннен бастап есептелсін.".

      15. 24-баптың 2-тармағында:
      1) "табыс" деген сөз "табысты" деген сөзбен ауыстырылып, "тиісті"

деген сөздің алдынан "салық қызметі органдары" деген сөздермен 
толықтырылсын, "алынуға" деген сөз "алуға" деген сөзбен ауыстырылсын;
     2) 2) тармақшада "Жаңа Астана" және "бюджеттен тыс қорына" деген 
сөздер алып тасталсын;
     3) "республикалық" деген сөзден кейін "бюджетке" деген сөзбен 
толықтырылсын. 
     
     16. 25-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
     "Біліктілік талаптары мен белгіленген ережелердің сақталуын тексеруді 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиар 
жүргізеді.". 
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
 

   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.  
  Орынбекова Д.К.