Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 16 шілде N 430

Қолданыстағы
      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ КСР-нің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., N 14 (қосымша); 1984 ж., N 41, 534-құжат; 1985 ж., N 19, 190-191-құжаттар; N 32, 325-құжат; N 45, 457-құжат; N 49, 513-құжат 1986 ж., N 13, 122-құжат; N 25, 242-құжат; N 31, 320-құжат; N 49; 506-құжат; 1987 ж., N 2, 19-құжат; N 16, 201-құжат; N 29, 356-құжат; N 32, 421-құжат; N 41, 503-құжат; N 46, 560-құжат; 1988 ж., N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 129-құжат; N 27, 208-құжат; N 45, 364-құжат; N 49, 444-құжат; N 50-51, 458-құжат; 1990 ж., N 12-13, 114-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96, 98, 100-құжаттар; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; N 16, 400-құжат; 1993 ж., N 3, 42-құжат; N 4, 70-құжат; N 8, 159, 161-құжаттар; N 9, 220, 222-құжаттар; N 20, 468, 469-құжаттар, 1994 ж., N 4, 5, 60-құжат; N 8, 134-құжат; N 15, 207-құжат; N 21-22, 272-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41-құжат; N 8, 55-құжат; N 9-10, 64-құжат; N 15-16, 105-құжат; N 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 177-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 15, 281-құжат; 1997 ж., N 6, 66-құжат; N 11, 146, 152-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 208-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 13, 194-құжат; N 14, 201-құжат; N 22, 310-құжат):
      1) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалар
      Осы Кодекстiң 23-бабы 1-бөлiгiнiң 3), 4) және 7) тармақшаларында белгiленген әкiмшiлiк жазалар қосымша жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн; осы Кодекстiң 23-бабы 1-бөлiгiнiң 5) және 8) тармақшалары негiзгi де, қосымша да жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн; басқа жазалар тек негiзгiлер ретiнде қолданылады.
      Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi және бiр немесе бiрнеше қосымша жаза тағайындалуы мүмкiн.
      Заттарды қайтарымды алып қою және тәркiлеу бiр мезгілде қатар қолданылмауы тиiс.";
      2) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "161-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өткiзудiң ережелерiн бұзу Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өткiзудiң ережелерiн бұзу, -
      азаматтарға өнiмiн тәркілей отырып, оннан жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларына өнiмiн тәркiлей отырып, жиырма бестен елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      3) 169-1-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "азаматтарға құқық бұзушылық жасау құралдары мен қаражаттарын, сондай-ақ жасалған және (немесе) өткiзiлген өнiмдi тәркiлей отырып бестен он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер басшыларына - құқық бұзушылық жасау құралдары мен қаражаттарын, сондай-ақ жасалған және (немесе) өткiзiлген өнiмдi тәркiлей отырып оннан жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға әкеп соғады.";
      екiншi бөлiктің екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "азаматтарға құқық бұзушылық жасау құралдары мен қаражаттарын, сондай-ақ жасалған және (немесе) өткiзiлген өнiмдi тәркiлей отырып оннан жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларына - құқық бұзушылық жасау құралдары мен қаражаттарын, сондай-ақ жасалған және (немесе) сатылған өнiмдi тәркiлей отырып жиырма бестен елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға әкеп соғады.";
      4) мынадай мазмұндағы 169-9-баппен толықтырылсын:
      "169-9-бап. Акцизделетiн тауарларды акциздiк алым маркiлерiмен таңбалаудың тәртiбi мен ережелерiн бұзу

      Акцизделетiн тауарларды таңбалаудың тәртiбi мен ережелерiн бұзу, -
      азаматтарға, таңбалау тәртiбi мен ережелерiн бұза отырып таңбаланған акцизделетiн тауарларды тәркiлей отырып бестен он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға және шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң басшыларына таңбалау тәртiбi мен ережелерiн бұза отырып таңбаланған акцизделетiн тауарларды тәркiлей отырып оннан жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға әкеп соғады.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның бiр жыл iшiнде жасаған дәл сол әрекетi, -
      азаматтарға оннан жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларына - жиырмадан елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға әкеп соғады.";

      5) мынадай мазмұндағы 193-8-баппен толықтырылсын:
      "193-8-бап. Белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн этил
                  спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру

      Белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру, -
      азаматтарға белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн өнiмдi тәркiлей отырып, бестен он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларына - белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн өнiмдi тәркiлей отырып, оннан жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға әкеп соғады.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайта жасалған дәл сол әрекет, -
      азаматтарға белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн өнiмдi тәркiлей отырып бестен жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға және шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына - белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін өнімді тәркілей отырып жиырма бестен елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға әкеп соғады.";
      6) 216-бап "157", "168-5", "169-4", "193-3" деген цифрлардан кейiн тиiсiнше "161", "169-1", "169-9", "193-8" деген цифрлармен толықтырылсын;
      7) 237-7-бапта "(баптардан басқа" деген сөздердiң алдынан "169-1" деген цифрлармен толықтырылсын;

      8) 248-1-баптың 1) тармақшасының бiрiншi бөлігінiң жиырма сегiзiншi абзацы "165" цифрының алдынан "161" деген цифрмен "173-1" деген цифрдан кейiн "193-8" деген цифрмен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат, N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж, N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; 1998 жылғы 15 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi және оның органдары туралы" заң күшi бар Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы" 1999 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңы; 1999 жылғы 8 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      9-бапта:
      1-тармақтың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "32) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiру, этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату;"
      2-тармақтағы "және қоршаған ортаны қорғау" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 1997 жылғы 16 шiлдедегi K970167_ Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18 225-құжат):
      1) 190-бапта:
      бiрiншi бөлiк "табыс табумен" деген сөздерден кейiн "немесе iрi мөлшерде акцизделетiн тауарларды өндiрумен, сақтаумен және өткiзумен" деген сөздермен толықтырылсын;
      ескерту мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Осы Кодекстiң 190-бабында құны жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын тауарлар саны iрi мөлшердегi тауарлар деп танылады.";
      2) 208-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "208-бап. Акцизделетiн тауарларды акциздiк алым маркасымен таңбалаудың тәртiбi мен ережелерiн бұзу, акциздiк алым маркасын қолдан жасау және пайдалану
      1. Айтарлықтай зиян келтiруге әкеп соққан акцизделетiн тауарларды акциздiк алым маркасымен таңбалаудың тәртiбi мен ережесiн бұзу, -
      бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталушының бестен жетi айға дейiнгi кезеңi iшiндегi жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiн айыра отырып, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiн қамауға алуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Акциздiк алымның көрiнеу жалған маркаларын өткiзу мақсатында әзірлеу немесе сатып алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткiзу, -
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталушының бес айдан он айға дейiнгi кезеңi iшiндегi жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға және белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыруға

немесе онсыз жазаланады.
     Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада 
келтірілген залал едәуір залал деп танылады.".
     2-бап. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Омарбекова А.Т.