Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берілетін төлем;
1-1) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңның шарттарымен жәрдемақыларды төлеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
1-2) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi;
2) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін және жәрдемақы тағайындауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат
Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.
2. Жәрдемақы ай сайын төленеді.
3. Жәрдемақы алатын жалақысына қарамастан төленеді.
4-бап. Жәрдемақы құқығы бар азаматтар
Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін N 1 Тізіміне орай 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда жұмыс стажы бар азаматтар:
еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде;
әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
Жәрдемақыға құқық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға қолданылмайды.
5-бап. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау
1. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейін кез келген уақытта қандай болса да мерзімі шектелмей жүзеге асырылады.
Бұл орайда жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған уақытқа дейін жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан жәрдемақы тағайындалады.
2. Жәрдемақы тағайындау туралы арызды оны алуға құқығы бар адам жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға береді.
3. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды табыс етілген күннен бастап он күн мерзімде жүзеге асырады, ол құжаттың тізбесін жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілейді.
4. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей арыз берушiге ол туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган бас тарту себептерiн жазбаша түрде негiздеуге және арыз берушiге құжаттарды қайтаруға мiндеттi.
5. Жәрдемақы, барлық қажетті құжаттар қоса тіркеліп, арыз берілген күннен бастап тағайындалады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
1. Жәрдемақы сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
2. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа жеткен кезде осы заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе зейнетақы заңдарына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлеуді тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Жәрдемақы төлеуді Орталық өткен ай үшін жүргізеді.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы төленеді.
Ескерту. 7-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.05.31. N 326
Заңымен
, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.
N 13
Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).