Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша)

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 11 мамыр N 381

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1993 жылғы 23 қаңтарда қабылдаған Қазақстан Республикасының Орман кодексiне K932000_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 45-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат):
      6-баптың 1-тармағындағы "қорықтар мен ұлттық парктерге" деген сөздер "мемлекеттiк табиғи қорықтарға, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерге және мемлекеттiк табиғи парктерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандар (мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи орман ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк қорық аймақтарының ормандары, ерекше құнды орман алаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймағының ормандары, жемiс-ағаш екпелерi, биiк таудағы ормандар).";
      41-баптың 1-тармағындағы "Қорықтардың, ұлттық және тарихи-табиғи парктердiң, табиғат ескерткiштерi ормандарында, қорықтық аймақтарда, ғылыми маңызы бар ормандарда," деген сөздер "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында," деген сөздермен ауыстырылсын, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарының ормандарында, жемiс-ағаш екпелерiнде" және "және биiк таудағы" деген сөздер алып тасталсын;
      41-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "Ұлттық және тарихи-табиғи парктер (шаруашылық қызметi аймақтарында)" деген сөздер "Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер және мемлекеттiк табиғи парктер (шаруашылық қызмет режимi реттелетiн, шектелген және дәстүрлер шаруашылық қызметi аймақтарында) деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1993 жылғы 31 наурызда қабылдаған Қазақстан Республикасының Су кодексiне K933000_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 7, 149-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 22, 408-құжат):
      12-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы азатжолмен толықтырылсын:
      "республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, ерекше мемлекеттiк маңызы немесе ерекше ғылыми құндылығы бар сутоғандарының тiзбесiн бекiту;";
      XIV тарау мынадай редакцияда жазылсын:

             "ХIҮ тарау. Ерекше қорғалатын табиғи
                         аумақтардың сутоғандарын пайдалану

      82-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандары

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарына мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк қорық аймақтарының, мемлекеттiк табиғи қорғалымдардың сутоғандары, ерекше мемлекеттiк маңызы немесе ерекше ғылыми құндылығы бар сутоғандар және халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар жатады.

      83-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарын пайдалану
              тәртiбi

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарын пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарымен белгiленедi.".
      3. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы") 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына Z933300_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 18, 439-құжат):
      19-баптың алтыншы азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- мемлекеттiк табиғи қорықтарды, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердi, мемлекеттiк табиғи парктердi, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн, мемлекеттiк табиғи қорғалымдарды, мемлекеттiк қорық аймақтарын және халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарды ұйымдастыру;";
      23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесiн
               қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.".
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 189-құжат; N 13-14, 209-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 1 7-18, 225-құжат):
      89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "89-бап. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жер құрамы

      Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жерiне мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк қорық аймақтарының, мемлекеттiк табиғи қорғалымдардың, мемлекеттiк зоологиялық парктердiң, мемлекеттiк ботаника бақтарының, мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары ормандарының, ерекше мемлекеттiк маңызы немесе ерекше ғылыми құндылығы бар сутоғандардың, халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың, ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылығы бар жер қойнауы учаскелерiнiң жерлерi жатады.";
      90-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "90-бап. Жердi ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының санатына жатқызу

      Жердi ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жерiне жатқызуды өздерiнiң құзыретiне және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.";
      мынадай мазмұндағы 90-1-баппен толықтырылсын:
      "90-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына жердi резервке
                 қалдыру
      Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына жердi резервке қалдыру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.";
      91-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарындағы жерге қатысты ерекше құқықтық қорғау режимi не шаруашылық қызметiн реттейтiн режим белгiленедi.
      3. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жерiнiң режимi осы Жарлыққа және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы заңдарына сәйкес белгiленедi. ";
      92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "92-бап. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының күзетiлетiн,
               санитарлық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтарының жерi

      1. Ерекше қорғауды қамтамасыз ету үшiн осы аумақтар шегiнде мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау және оның өсiмiн молайтуға қолайсыз әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салатын ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының күзетiлетiн, санитарлық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтары белгiленуi мүмкiн.
      Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының күзетiлетiн, санитарлық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтарының мөлшерiн, шекарасын және пайдалану режимiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.
      2. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының күзетiлетiн, санитарлық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтарының жерлерiн жергiлiктi атқарушы органдар жеке санатқа бөледi және сол жерде арнаулы белгiлермен белгiленедi.
      3. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының күзетiлетiн, санитарлық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтарының шегiндегi жер учаскелерi осы аймақтарды күзету үшiн белгiленген режимдi сақтай отырып пайдаланылады және Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген шарттарға сәйкес мемлекеттiк қажеттер үшін алынуы (сатып алынуы) мүмкiн.".

      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат):
      7-бап мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.";
      9-бап мынадай мазмұндағы 6)тармақшамен толықтырылсын:
      "6) құзыреттi орталық атқарушы органдармен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерi мен экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, жергiлiктi маңызы бар ерекше - қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.";
      52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

          "52-бап. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де
                   жағынан ерекше құнды жер қойнауы
                   учаскелерi

      1. Ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерi ерекше күзетiлетiн құқықтық режимi болатын не мемлекеттiк табиғи-қорық қорының дағдылы, бiрегей және сирек кездесетiн геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiн сақтауға арналған шаруашылық қызметi реттелетiн режимдегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады.
      Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiне мыналар жатады:
      геологиялық объектiлер - тiректi немесе сипатты тiлiмдер, сипатты тектоникалық құрылымдар, сирек кездесетiн тау жыныстары мен минералдар, метеориттер, сақталынып қалған фауна мен флора қалдықтары бар табиғи және жасанды түрде аршылған жерлер;
      геоморфологиялық объектiлер - жер бедерiнiң жасалу процесiн айқын көрсететiн және туризм мен рекреация үшiн ерекше құнды террастар, жайылмалар, үңгiрлер, сайлар, каньондар, сарқырамалар мен жер бедерiнiң басқа да нысандары;
      гидрогеологиялық объектiлер - бiрегей және сирек кездесетiн қасиеттерiмен ерекшеленетiн жер асты сулары және олардың жер бетiне шығатын тұстары;
      жартастардағы суреттерi, ертедегi кен орындары, тарихи, археологиялық және этнографиялық жағынан маңызды жер қойнауын пайдалану жөнiндегi басқа да объектiлерi бар жер қойнауы учаскелерi.
      2. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерi жергiлiктi және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатады.
      3. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiн өзге қажеттер үшiн алып қоюға жол берiлмейдi.";
      мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:

      "52-1-бап. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан
                 ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiн қорғау мен
                 пайдаланудың ерекшелiктерi

      1. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерiн қорғау мен пайдаланудың ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарымен белгiленедi.
      2. Экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар тиiстi учаскеде жұмысты тоқтатуға және бұл туралы жер қойнауын қорғауға мемлекеттiк бақылау жасайтын уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.".
      6. "Экологиялық сараптама туралы" 1997 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына Z970085_ (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 6, 67-құжат; 1998 жылы 29 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кейiннен ерекше құқықтық мәртебе (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық апат аймақтары және басқалар) беру мақсатында аумақтарды кешендi зерттеу материалдары да экологиялық сараптама объектiлерi болып табылады.";
      14-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптама жасалуға жататын объектiлер";
      14-баптың бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптама жасалуға мына объектiлер жатады:";
      14-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсiн дамыту мен орналастырудың сызбасы,сондай-ақ осы аумақтарды құру жөнiндегi негiздемелер;
      7. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына Z970160_ (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 жылы 29 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

     8-баптың тоғызыншы азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
     "қорық iсiне жалпы әдiстемелiк басшылықты үйлестiредi және жүзеге 
асырады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттiк 
инспекцияны ұйымдастырады, олардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзедi;";
     67-баптың 1-тармағындағы "немесе" деген сөз "не" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     67-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "2. Қазақстан Республикасында мақсаттарына, қорғау режимдерiне 
және пайдаланылу ерекшелiктерiне қарай ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтар мынадай түрлерге бөлiнедi:
     биосфералық қорықтарды қоса алғанда мемлекеттiк табиғи қорықтар;
     мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;
     мемлекеттiк табиғи парктер;
     мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
     мемлекеттiк қорық аймақтары;
     мемлекеттiк табиғи қорғалымдар; 
     мемлекеттiк зоологиялық парктер;
     мемлекеттiк ботаникалық бақтар;
     мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
     ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары;
     ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды 
сутоғандары;
     Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар;
     экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан құнды жер қойнауы 
учаскелері.
     Қазақстан Республикасының заңдарында ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтардың өзге де түрлері көзделуі мүмкін.


      Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің құндылығына қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттар бойынша жергілікті және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып бөлінеді.".
      8. "Ерекше қорғалатын аумақтар туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына Z970162_ (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат):
      2-баптың 1-тармағындағы "табиғи эталондар" деген сөздердің

алдынан "генетикалық резервтегі" деген сөздермен толықтырылып, 
"ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және 
рекреацияға арналған зат-болмыс" деген сөздер "ғылыми зерттеулер, 
ағарту, білім беру ісі, туризм және рекреация мәні" деген сөздермен 
ауыстырылсын.
     65-баптың 1-тармағындағы "немесе" деген сөз "не" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     69-баптың 1-тармағындағы "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" 
деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады" деген 
сөздермен ауыстырылсын, "немесе" деген сөз "не" деген сөзбен ауыстырылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
          Президенті
     
     
     Оқығандар:
       Қобдалиева Н.
       Омарбекова А.