Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 15 сәуiрдегi N 217

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат, 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; 1997 жылғы 12 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      149-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан

Республикасының Үкiметi белгiлеген құзыреттi орган отандық немесе
шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылармен жасасқан, мұнай операцияларын
жүргiзудi көздейтiн келiсiм-шарттарға сәйкес жер қойнауын
пайдаланушылардың өз мұқтаждары үшiн Қазақстан Республикасының кеден
аумағына (одан әрi сатылмайтын болып) әкелiнетiн тауарлар, бұған
кеден алымдары қосылмайды.".

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
     
     
     оқығандар:
     
     Багарова Ж.
     Икебаева А.