Қоршаған ортаны қорғау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160

Қолданыстағы
      Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады.
      Осы Заң қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

                       I тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар

      Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      қоршаған орта - табиғи объектiлердiң, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы; <*>
      қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесiмдi iс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;
      қоршаған ортаны қорғау объектiлерi - қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөлiктерi;
      табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерiн қанағаттандыру үшiн қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесiнде пайдаланылатын құрамдас бөлiктерi;
      табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы;
      қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерiнiң сипаттамасы;
      қоршаған ортаның мониторингi - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тiрi организмдерге зиянды немесе қауiп туғызатын қатерлi ахуалдар туралы ескерту;
      экологиялық нормалау - адамның өмір сүруі мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау үшін қолайлы ортаны айқындайтын және қамтамасыз ететін ережелердің (нормалардың) және олардағы қоршаған ортаның жай-күйі мен оған ықпал ету дәрежесін бағалаудың сан және сапа көрсеткіштерінің (нормативтерінің) жүйесі; <*>
      қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелiстiң, магниттi өрiстердiң және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсерi;
      экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық актiлерiнде қамтылған қоршаған ортаға терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметте орындауға мiндеттi шектеулер және ондай қызметке тыйым салу;
      экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи ықпал ету нәтижесiнде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйi;
      экологиялық жүйе - организмдердiң және олар мекендейтiн жансыз ортаның өзара байланысты бiртұтас функционалдық жиынтығы.
      қолайлы қоршаған орта - объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта;
      қоршаған ортаға және адам денсаулығына келтірілетін нұқсан (зиян) қоршаған ортаны ластау немесе тірі организмдер мен адамның ауыруын, жұтауын немесе қырылуын, табиғи ресурстардың сарқылуын туғызған немесе туғызатындай етіп табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден тыс алып қою;
      қоршаған ортаны ластауға лимиттер - ластағыш заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы түсу көлемінің, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістер мен өзге де зиянды физикалық ықпалдар әсері деңгейлерінің қолайлы қоршаған орта сақталатын шектері;
      табиғи ресурстарды алып қою лимиттері - биологиялық ресурстардың табиғи молығуы бұзылмайтын және пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануға кепілдік беретіндей етіп табиғи ресурстарды саны жағынан ықтимал пайдалану шектері;
      ластауға квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінетін ластау лимитінің бөлігі;
      табиғи ресурстарды алып қою квотасы - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінетін алып қою лимитінің бөлігі;
      шығарылудың, тасталудың үлес нормативі - өнімнің, қуаттың, көлік немесе өзге де жүріп-тұру құралдарының бірлігіне шаққанда атмосфераға, су объектілеріне зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың, тастаудың ең көп массасының нормативі, ол шығарылудың, тасталудың, технологиялық процестер мен жабдықтардың қозғалмалы, тұрақты көздері үшін белгіленеді;
      өндіріс және тұтыну қалдықтары - антропогендік қызмет салдарынан пайда болған, бұдан әрі пайдалануға жатпайтын, кез-келген агрегаттық күйдегі заттар мен материалдар;
      қоршаған ортаға ықпал етудің жол берілетін шекті нормативтері - экологиялық жүйелердің тұрақтылығын бұзуға әкеп соқпайтын, қоршаған ортаға барынша жасалуы мүмкін антропогендік ауыртпалық;
      ластағыш заттардың шығарылуы мен тасталуына жол берілетін шекті нормативтік - атмосфераға, су объектілеріне, топыраққа шығарылатындар мен тасталатындардағы ластағыш заттардың, қоршаған ортаға жасалатын физикалық ықпалдық ол жасалған жағдайда жол берілетін ауыртпалықтың экологиялық нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ететін көлемі;
      ластағыш заттардың қордалануы мен ықпал ету деңгейінің жол берілетін шекті нормативтері - атмосфералық ауада, су объектілерінде, топырақта ластағыш заттардың жол берілетін құрамының және қоршаған ортаға физикалық факторлар ықпалының адам денсаулығын сақтау және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиянды әсеріне жол бермеу мақсатында белгіленетін шамасы;
      экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи ықпалдар әсерінің, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар себептерінен қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын және осыған байланысты жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді және абзацтармен толықтырылды - Қазақстан
               Республикасының 2001.07.04. N 205 Заңымен. Z010205_

      2-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны
                    қорғау саласындағы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының мiндеттерi қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту мақсатымен қоғам мен табиғаттың өзара iс-қимылы саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдарын, сондай-ақ басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
      Осы Заң мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де акт арасында қайшылық болған жағдайда соңғылары осы Заңға тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады.
      Жердi, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандар мен өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану мәселелерi осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

      3-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың негiзгi принциптерi

      Қоршаған ортаны қорғау мынадай негiзгi:
      адамның өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмiрi, еңбегi мен демалысы үшiн қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтiру;
      Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуi, адамдардың қазiргi және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерi мен проблемаларын теңдестiре отырып шешу;
      экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелердi қалпына келтiру;
      табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшiн кезек-кезеңмен ақы төлеудi енгiзу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгiзу;
      биологиялық алуан түрлiлiктi және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ету;
      қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттiк реттеу мен мемлекеттiк бақылау, оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң ымырасыздығы;
      қоршаған ортаға нұқсан келтiруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкiндiгiн бағалау;
      халықтың, қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсендi түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
      халықаралық құқық негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы

халықаралық ынтымақтастық принциптерiн сақтау негiзiнде жүзеге
асырылады.

     4-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектiлерi

     Жойып жiберуден, бүлiнуден, зақымданудан, азып-тозудан,
ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге де зиянды ықпал етуден:
     жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де
өсiмдiктер, жануарлар дүниесi;
     табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озонды қабаты
қорғалуға тиiс.
     Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған
орта объектiлерi, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше
қорғалуға тиiс.

          II тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң
                    қоршаған ортаны қорғау саласындағы
                    құқықтары мен мiндеттерi

     5-бап. Азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы
                    құқықтары мен мiндеттерi



      1. Әрбiр азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдiктердiң өз өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуiне алуға құқығы бар.
      2. Азаматтардың:
      белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау және молықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;
      қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер мен қоғамдық қорлар құруға;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жиналыстарға, митингiлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
      қоршаған орта мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;
      қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
      кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс ықпал ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;
      айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге;
      заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
      3. Әрбiр азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзiнiң экологиялық бiлiм деңгейiн арттыруға және жеткiншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге мiндеттi.

      6-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны
             қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
      өздерiнiң экологиялық бағдарламаларын әзiрлеуге, бекiтуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды ерiктi негiзде қоршаған ортаны қорғау саласында белсендi қызметке тартуға;
      қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметiне қатысуға;
      экологиялық тәрбие мен бiлiм беру жөнiндегi жұмыстарды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi белгiленген тәртiппен орындауға;
      мемлекеттiк экологиялық сараптама өткiзудi талап етуге және қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге;
      қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жай-күйi және оны сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы дер кезiнде, толық және анық ақпарат алуға;
      қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасаса отырып, олар үшiн шарттар бойынша заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстарды орындауға;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заң жобаларын талқылауға қатысуға;
      кәсiпорындарды құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;
      кiнәлi ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiру туралы сотқа талап-арыз беруге;

     өздерiнiң заңдарда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде
көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы
бар.
     2. Қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң қызметiн қоршаған ортаны
қорғау және қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарға сәйкес жүзеге
асыруға мiндеттi.

     III тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi
                басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау
                         саласындағы құзыретi

     7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоршаған
            ортаны қорғау саласындағы құзыретi

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау
саласында:


      мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
      табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары бойынша мемлекеттiк экологиялық бағдарламалар әзiрлейдi, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады; <*>
      министрлiктердiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды; <*>
      мемлекеттiк меншiктi басқарады, оны пайдалану жөнiнде Үкiметке жүктелген шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
      қоршаған орта сапасының нормативтерi мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлейдi;
      қоршаған ортаны ластағаны және табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы алудың тәртібін белгілейді және ставкаларын бекітеді; <*>
      қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк қорлары туралы ереженi бекiтедi;
      <*>
      заңдарда белгiленген жағдайларда табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы қаулылар шығарады, табиғат пайдалану шарттарын (келiсiм-шарттарын) жасайды, лимиттер мен квоталар белгiлейдi;
      қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру тәртібін бекітеді; <*>
      табиғат пайдаланудың әр алуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды бекiтедi, табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымының, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемаларын бекiту және жүзеге асыру, табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастырларын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін жүргізудің құрылымын, мазмұны мен тәртібін белгілейді және Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастырудың және жүргізудің ережесін бекітеді; <*>
      шаруашылық қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн, бекiтедi; <*>
      экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi, өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қорықтар, мемлекеттiк ұлттық және табиғи парктер, басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырады;
      қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттiк

статистиканы жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
     қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл
салада мемлекеттiк бақылау жасау мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы
уәкiлеттi органдардың тiзбесiн бекiтедi, олардың қызмет тәртiбiн
айқындайды, сондай-ақ экологиялық аудиторлық қызметке лицензия беру
мен оны жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
     төтенше экологиялық жағдайды хабарлау ережесін бекітеді;
<*>

     халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
     Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктi
жүзеге асырады. 
     ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205  
              Заңымен.  

Z010205_

 

     8-бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
            органының қоршаған ортаны қорғау саласындағы
                            құзыретi



      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiредi. <*>
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы;
      қоршаған ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi және мемлекеттiк экологиялық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады; <*>
      өз құзыретi шегiнде экологиялық нормативтер мен шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi; <*>
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қоршаған ортаны қорғаудың республикалық қорына басшылықты жүзеге асырады және оның қызметiне бақылау жасайды;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне, қоршаған ортаға зиянды заттардың тасталуы мен шығарылуына лицензиялар бередi, шарттар (келiсiм-шарттар) жасасады, лимиттер мен квоталар белгiлейдi, табиғат пайдалануға рұқсат бередi;
      қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi бойынша жұмыс жүргiзедi, сондай-ақ қоршаған орта мониторингi мен табиғи ресурстардың бiрыңғай жүйесiне басшылық етедi;
      мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастырады;
      қорық iсiне жалпы әдiстемелiк басшылықты үйлестiредi және жүзеге асырады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттiк инспекцияны ұйымдастырады, олардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзедi; <*>
      жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң сирек кездесетiн және

жойылып бара жатқан түрлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзедi,
Қызыл кiтаптың шығарылуын қамтамасыз етедi;
     қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында 
мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
<*>

     қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастыққа
қатысады;
     қоршаған ортаның тиiмдi қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi өзге
де мiндеттердi орындайды.
     ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.11. N 381  
              Заңымен.  

Z990381_

 
     ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205  
              Заңымен.  

Z010205_

 
     
     9-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғаумен
            табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге
            асыратын өзге де орталық атқарушы органдарының құзыретi

     Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат
пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын өзге де орталық
атқарушы органдарының құқықтық жағдайы мен құзыретiн заң актiлерi
негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

     10-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен
             жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
             қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi

     1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:
     тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты
пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;
     жергiлiктi бюджеттер құрамында қоршаған ортаны қорғау мен
сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiтедi;


      жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;
      өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi жолсыздықтар үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген мiндеттi ережелер қабылдайды. Ережелер оларды халыққа жария еткеннен кейiн кемiнде екi апта өткен соң күшiне енедi.
      қоршаған ортаны ластағаны үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган ұсынған төлем ставкаларын келіседі. <*>
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар:
      қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады және өз құзыретi шегiнде табиғат пайдалануды реттейдi;
      тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөнiнде бағдарламалар әзiрлеу мен оны жүзеге асыруды, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi объектiлердi салу мен қайта құруды ұйымдастырады; <*>
      терiс экологиялық сараптама берiлген кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға және қайта құруға сот тәртiбiмен тыйым салу туралы қорытындылар дайындайды, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұрады және тиiстi шаралар қолданады; <*>
      экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғау туралы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдайды немесе жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгiзедi;

     заңға сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады;
     3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi
заңдарда белгiленген өкiлеттiк шегiнде шешуге қатысуын қамтамасыз
етедi.
     ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.29. N 488
              Заңымен.  

Z990488_

  
     ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
               Заңымен.  

Z010205_

 

          IV тарау. Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану

     11-бап. Табиғи ресурстар
<*>


     Табиғи ресурстарға меншік нысаны Қазақстан Республикасының 
Конституциясымен белгіленеді. 
     ЕСКЕРТУ. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының           
              2001.07.04. N 205 Заңымен.  

Z010205_

 

     12-бап. Табиғат пайдаланушылар



      Табиғат пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, ұлттық және шетелдiк болып бөлiнедi.
      Ұлттық табиғат пайдаланушыларға - Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, оның iшiнде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдiк табиғат пайдаланушыларға - шетел азаматтары, шетелдiк заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.
      Табиғат пайдаланушылар:
      тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген);
      бастапқы (табиғат пайдаланушылардан құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртiбiмен алынған) және қайталама (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.

      13-бап. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану

      Қазақстан Республикасында табиғи ресурстар жалпы және арнайы табиғат пайдалануда болады.
      Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмiрлiк қажеттерiн қанағаттандыру үшiн тегiн және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берiлместен жүзеге асырылады. Егер заңдарда тiкелей көзделген болса, жалпы табиғат пайдалануды шектеуге жол берiледi.
      Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат

пайдаланушыларға белгiленген тәртiппен берiледi. Табиғатты тұрақты
пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен айыратын немесе
иелiктен айырмайтын, ақысын төлеп немесе алатын, бастапқы немесе
қайталама болуы мүмкiн.
     Табиғатты арнайы пайдалану немесе табиғатты шектеулi пайдалану
құқығы (сервитуттар) туындауының ерекшелiктерi Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi.

     14-бап. Табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға
                      беру негiздерi

     Табиғи ресурстар табиғат пайдалануға:
     табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғау
саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар;
     табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы жергiлiктi
атқарушы органдардың шешiмдерi немесе Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң қаулылары;
     табиғат пайдалану шарттары (келiсiм-шарттары) негiзiнде
берiледi.

     15-бап. Қоршаған ортаны ластауға және табиғи ресурстарды алып қоюға 
             лимиттер мен квоталар
<*>


     
<*>

      Лимиттер мен квоталарды қолданылып жүрген экологиялық нормативтерге, шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205
               Заңымен. Z010205_

      16-бап. Табиғат пайдалануға рұқсат беру

      Табиғат пайдалануға жыл сайын берiлетiн рұқсат қоршаған ортаны қорғау

саласындағы орталық атқарушы орган табиғат пайдаланушыға беретiн және 
табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалануға (алып қоюға), 
қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару мен тастауға құқығын табиғат 
пайдаланудың нақты мерзімі мен көлемін, нормаларын, шарттарын және 
қолданылатын технологияны көрсете отырып, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын 
орналастыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 


     17-бап. Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеу

     Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету үшiн
оның мемлекеттiк құрылымы жүзеге асырылады, табиғи ресурстарды
кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады, ұлттық
(мемлекеттiк) бағдарламаларға сәйкес бюджет қаражаты есебiнен табиғи
ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастры, қоршаған
орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi жүргiзiледi.

     18-бап. Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы
             мен табиғи ресурстарды кешендi пайдалану,
             молықтыру және қорғау схемалары



      Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы табиғи ресурстарды

ұтымды пайдалануды, молықтыру мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған
шаралар жүйесi болып табылады.
     Заңдарда көзделген жағдайларда табиғи ресурстарды кешендi
пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады.

     19-бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен
                     мемлекеттiк кадастрлары

     Халықтың және экономика салаларының мұқтаждары үшiн
пайдаланылатын табиғи ресурстардың мөлшерi мен сапасын айқындау
мақсатында табиғи ресурстардың жай-күйi, пайдаланылуы, молықтырылуы
мен қорғалуы туралы мәлiметтер жиынтығы болып табылатын олардың
мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрлары жүргiзiледi.

     20-бап. Табиғат пайдаланушылардың негiзгi мiндеттерi
                  және олардың құқықтарын қорғау

     1. Табиғат пайдаланушылар:
     табиғи ресурстарды нысаналы қызметiне және олардың берiлу
шарттарына сәйкес пайдалануға;


      шаруашылық және өзге қызметке белгiленген экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға; <*>
      берiлген табиғи ресурстарды үнемi пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтiрмеуге және басқа табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
      қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды молайту жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға; <*>
      табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны үшiн белгiленген ақыны дер кезiнде төлеуге;
      қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге

асыратын органдардың талап етуi бойынша қажеттi ақпарат беруге;
     Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да
талаптарды сақтауға мiндеттi.
     2. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Заңда
көрсетiлген негiздер бойынша болмаса, ешкiмдi де табиғат пайдалану
құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.
     Табиғат пайдаланушылардың бұзылған құқықтары Қазақстан
Республикасы заңдарында көзделген тәртiппен қалпына келтiруге тиiс.
     ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 


        V тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
                 ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау

     21-бап. Лицензиялануға тиiстi қызмет түрлерi

     1. Мына қызмет түрлерi:
     1) табиғи ресурстарды олар туралы заңдарға сәйкес пайдалану;
     2) қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарылуын (тасталуын)
жүзеге асыру;
     3) өндiрiс пен тұтынудың қоршаған ортаға және халықтың
денсаулығына ерекше қауiптi қалдықтарын көму мен сақтау;
     4) экологиялық аудиторлық қызмет лицензиялануға тиiс.
     2. Шаруашылық қызметiнiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерi
мiндеттi түрде мемлекеттiк лицензиялануға тиiс.

     22-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
             ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау
                              тәртiбi



      Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялауды арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады, олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Лицензиялар берудiң ережелерi мен тәртiбi заңдармен реттеледi.

      23-бап. Табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты)

      Табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты) табиғат пайдаланушы мен атқарушы органдар немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында заңдарда белгiленген тәртiппен жасалады.
      Егер табиғи ресурстарды пайдалану мен шаруашылық қызметтің жекелеген түрлерiн жүзеге асыру мiндеттi түрде мемлекеттiк лицензиялауды талап ететiн болса, табиғат пайдаланушы алдын ала лицензия алмаған жағдайда, табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты) жарамсыз болып табылады. <*>
      Шарттың (келiсiм-шарттың) қолданылу мерзiмi, тоқтатылу шарттары

мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына немесе лицензияға
сәйкес тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
     Шарттың (келiсiм-шарттың) лицензияға қайшы келетiн шарттары
жарамсыз болып табылады. Лицензияны қайтарып алу шарттың
(келiсiм-шарттың) тоқтатылуына әкеп соғады.
     Табиғат пайдалану жөнiндегi шарт (келiсiм-шарт) оған қол
қойылғанға дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы 
органмен келiсуге тиiс.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 

          VI тарау. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың
                              мониторингi

     24-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың
                   мемлекеттiк мониторингi



      1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiн қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн атқаратын мемлекеттiк органдар жүзеге асырады және онда: <*>
      1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiне, сондай-ақ оларға антропогендiк ықпал жасау көздерiне белгiлi бiр бағдарлама бойынша жүргiзiлетiн бақылау;
      2) аталған бақылау объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау;
      3) олардағы өзгерiстердi болжау қамтылады.
      2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингi қоршаған ортаны қорғау саласында басқарушылық және шаруашылық шешiмдер қабылдауды қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды пайдалану мақсатымен жүргiзiледi.
      3. Қазақстан Республикасында Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бiрыңғай мемлекеттiк мониторинг жүйесi құрылып, жұмыс iстейдi, оны ұйымдастыру және жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. <*>
      4. <*>
      5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде алынатын ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады және оны атқарушы органдар басқарушылық және шаруашылық шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау және олардың пайдаланылуын бақылау үшiн, сондай-ақ халыққа хабарлау үшiн пайдаланады. <*>
      6. Барлық мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру жөніндегі қажетті ақпаратты тегін, заңдарда белгіленген нысандар бойынша және мерзімде табыс етіп отырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205
               Заңымен. Z010205_

      25-бап. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi

      1. Заңды тұлғалар - табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық қызметiнiң қоршаған ортаға жасайтын ықпалы туралы есептi және есеп берудi жүргiзуге мiндеттi.
      2. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi үшiн пайдаланылатын өлшеу құралдары стандарттау мен метрология талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      3. Өндірістік мониторингтің деректері мен қоршаған ортаға ықпал ету

туралы есептілік Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы орталық атқарушы органына заңдарда белгіленген мерзімдерде 
беріліп отырады.
<*>

     4. Қоршаған ортаға ластағыш заттар нормадан тыс шығарылған 
(тасталған), авариялық және төтенше жағдайлар туындаған реттерде, табиғат 
пайдаланушы кәсіпорындар ол туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
орталық атқарушы органға заңдарда белгіленген мерзімде жедел хабарлауға 
міндетті.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 


         VII тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық
                                  тетiгi

     26-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық
                       әдiстерi

     Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдiстерi:
     қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлау мен
қаржыландыру;
     табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу;
     қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы төлеу;
     табиғи ресурстарды қорғау және молықтыру үшiн ақы төлеу;
     қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру;
     экологиялық сақтандыру;
     қоршаған ортаны қорғау қорларын құру болып табылады.

     27-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды
                  жоспарлау мен қаржыландыру



      1. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шаралар болжамдық және бағдарламалық-нысаналы құжаттар мен материалдарда ескерiледi, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын индикативтi жоспарлаудың жобаларына, табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар мен тұжырымдамаларға енгiзiледi. <*>
      Табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары жөнiндегi экологиялық

бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi.
     2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық бағдарламалар
мен шараларды қаржыландыру:
     республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттер;
     қоршаған ортаны қорғау қорларының қаражаты;
     экологиялық сақтандыру қаражаты;
     табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты;
     заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналары мен
қайырмалдықтары;
     Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздерi есебiнен жүргiзiледi.
     Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қаржыландыру барлық
деңгейдегi бюджеттерде жеке-дара бөлiп көрсетiледi.
     ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 

     28-бап. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн
                      ақы төлеу



      Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлерi үшiн көзделген жалпы мемлекеттiк салықтар, жергiлiктi салықтар мен алымдар, арнаулы төлемдер мен салықтар түрiнде табиғат пайдаланушылардан алынады.

      29-бап. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы төлеу

      Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн ақы ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн ұйымдар мен азаматтардан алынады.
      Қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден тыс ластағаны үшiн ақы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртiппен көтерiңкi мөлшерде алынады. <*>
      Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган әзірлейді, жергілікті өкілді органдармен келісіледі және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205
               Заңымен. Z010205_

      30-бап. Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру
                     үшiн төленетiн ақы

      Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру үшiн ақы табиғат пайдаланушылардан аталған қызметтi жүзеге асыруға жұмсалған бюджеттiк шығыстардың орнын толтыру өтемi ретiнде алынады.

      31-бап. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық
                    жағынан ынталандыру

      1. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру қоршаған ортаны қорғауды тиiмдi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға - табиғат пайдаланушыларға субсидиялар берудiң экологиялық жағынан бағдарланған саясаты мен ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.
      2. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру заңдарға қайшы келмейтiн шаралар арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

      32-бап. Экологиялық сақтандыру

      1. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаға, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі туындаған кездегі жеке және заңды тұлғаның мүліктік құқықтарын (сақтандырылғандарын) қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады. <*>
      2. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiмен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар мiндеттi түрде экологиялық сақтандырылуға тиiс. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн.
      3. Ерiктi экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен

азаматтардың өз еркiн бiлдiруi бойынша жүзеге асырылады. Ерiктi
экологиялық сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi сақтанушылар
мен сақтандырушылардың арасындағы келiсiмдермен белгiленедi.
     4. Міндетті экологиялық сақтандыру тәртібі Қазақстан Республикасының 
заң актілерімен белгіленеді.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 

     33-бап.
<*>
 
     34-бап.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 33-34-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының       
              2001.07.04. N 205 Заңымен.  

Z010205_

 
     
           VIII тарау. Экологиялық нормалау
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. Тараудың атауы өзгерді - Қазақстан Республикасының           
              2001.07.04. N 205 Заңымен.  

Z010205_

 
     
     35-бап. Экологиялық нормалардың негізгі міндеттері мен талаптары
<*>

     


      Экологиялық нормалау қоршаған ортаға ықпал етудің экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын сақтауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін, ғылыми негізделіп жол берілетін шекті нормаларын белгілеу мақсатын көздейді. <*>
      Экологиялық нормалаудың негiзгi мiндеттерiне: <*>
      Экологиялық нормаларды белгiлеу және олардың адам денсаулығына, табиғи ресурстарды қорғауға, молықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау; <*>
      қоршаған ортаға зиянды әсердiң жол берiлетiн шектi шамалары мен деңгейлерiн белгiлеу кiредi.
      Қоршаған орта сапасының белгiленген нормативтерiн асыра

көрсетуге немесе оларды уақытша және төмендетiлген нормалармен
алмастыруға жол берiлмейдi.
     Нормативтер шамаларын аумақтардың нақты экологиялық
жағдайларына байланысты қатаңдау жағына қарай өзгертуге жол
берiледi.
     Бекітілген экологиялық нормативтер барлық заңды және жеке тұлғалар 
үшiн мiндеттi болып табылады, жариялауға және еркiн таратылуға тиiс.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 35-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 

     36-бап. Экологиялық нормативтердің негізгі түрлері
<*>

     
     Экологиялық нормативтердің негiзгi түрлерiне:
     қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шектi
мөлшерде шоғырлану нормативтерi;
     қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi
мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi;


      шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды

физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң
нормативтерi;
     радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң
нормативтерi;
     агрохимикаттарды ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында
қолданудың жол беруге болатын шектi нормалары;
     қорғау, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш
аймақтарының нормативтерi;
     зиянды (ластағыш) заттарды шығарудың, тастаудың үлес нормативтері 
жатады.
<*>

     Қазақстан Республикасының заңдарында экологиялық нормативтердің өзге 
де түрлерi көзделуi мүмкiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 36-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 

     37-бап. Қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге
             болатын шектi мөлшерде шоғырлану нормативтерi

     Халықтың денсаулығын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау,
олардың генетикалық қорларын сақтау мақсатында атмосфералық ауаны,
суды, топырақ пен жер қойнауын ластауы ықтимал қауiптi химиялық және
биологиялық заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде
шоғырлануының нормативтерi белгiленедi.

     38-бап. Қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге
             болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу
             нормативтерi

     Тиiстi аумақта қоршаған ортаны ластаудың барлық көздерi мен
көлемдерiн ескере отырып, халықтың денсаулығына, өсiмдiктер мен
жануарлар дүниесiне олардың жасайтын кешендi ықпалына жол бермеу
мақсатында ластанудың әрбiр көзi бойынша қоршаған ортаға ластайтын
заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу
нормативтерi белгiленедi.

     39-бап. Шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге
             де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге
             болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi



      Халықтың денсаулығы мен еңбек қабiлетiн сақтау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, тiршiлiк үшiн қолайлы қоршаған ортаны қорғау мақсатында шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң

нормативтерi белгiленедi.

     40-бап. Радиациялық әсердiң жол беруге болатын
                 шектi деңгейiнiң нормативтерi

     Адамның денсаулығы мен генетикалық қорына төнетiн қауiптi
болдырмау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында
қоршаған орта мен тамақ өнiмдерiндегi радиациялық әсердiң жол беруге
болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi белгiленедi.

     41-бап. Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында
             агрохимикаттарды қолдануға жол берiлетiн
                        шектi нормалар



      Адамның денсаулығын және генетикалық қорын сақтау, өсiмдiк және жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды, өсiмдiк қорғау құралдарын, стимуляторларды және басқа да агрохимикаттарды, тамақ өнiмдерiндегi, топырақ пен судағы химиялық заттар қалдықтарының жол берiлетiн шектi нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн мөлшерде қолдануға жол берiлетiн шектi нормалары белгiленедi.
     42-бап. Күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және
                  өзге де қорғаныш өңiрлерi



      Қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбау және ерекше күзетудi қажет ететiн объектiлердi сақтау мақсатында күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерi белгiленедi.
      Күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерiнiң көлемдерi, оларды пайдалану режимдерi заңдарға сәйкес белгiленедi.

             IХ тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
                          стандарттау мен сертификаттау

      43-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау
                     мен сертификаттау объектiлерi

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау объектiлерiне Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн немесе оның аумағына, әкелiнетiн, экологиялық қауiпсiздiкке, халықтың өмiрi мен денсаулығына, табиғи ресурстардың молықтырылуы мен ұтымды пайдаланылуына қауiп төндiруi мүмкiн өнiм (жұмыс, қызмет) жатады.

      44-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары және техникалық шарттар заңдармен белгiленген тәртiппен әзiрленiп, бекiтiледi және тiркеледi.
      Қоршаған ортаны қорғау саласында тiркелген стандарттар және техникалық шарттар талаптарын бұза отырып, өнiмнiң (бұйымның) әзiрленуiне, жасалуына, жеткiзiлуiне (өткiзiлуiне), сақталуына, тасымалдануына, пайдаланылуына және жөнделуiне, жұмыс (қызмет) атқарылуына тыйым салынады.

      45-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сертификаттау

      Қоршаған ортаны қорғау саласында стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкестiктi анықтау үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдi (жұмысты, қызметтi) сәйкестiк сертификатынсыз өткiзуге тыйым салынады.

           Х тарау. Шаруашылық және өзге қызметке қойылатын
                         экологиялық талаптар

      46-бап. Қоршаған ортаға ықпалды бағалаудың міндеттілігі <*>

      Қоршаған ортаға әсердi бағалау басқару және шаруашылық шешiмдерiнiң қабылданатын нұсқаларының экологиялық және өзге де зардаптарын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, азып-тозуын, бүлiнуiн және сарқылуын болдырмау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiледi.
      Қоршаған ортаға әсердi бағалау нәтижелерi жобалау алдындағы және жобалау материалдарының ажырамас бөлiгi болып табылатын құжат түрiнде ресiмделедi. Қоршаған ортаға жасалатын әсер бағаланбайынша, оған ықпал жасайтын жобаларды әзiрлеу мен iске асыруға тыйым салынады.
      Қоршаған ортаға терiс әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi қайта бейiмдеу, уақытша тоқтатып қою, меншiгiн ауыстыру және тарату қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсердi бағалау жөнiнде жүргiзген тексерулерiнен, анықталған жолсыздықтар жойылғаннан және келтiрiлген зиянның орны белгiленген тәртiппен толықтырылғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн. <*>
      Қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу тәртiбi экологиялық сараптама туралы заңдармен анықталады.
      ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205
               Заңымен. Z010205_

      47-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi
                   экологиялық талаптар

      Жердi, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандарды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған ортаны қорғау объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар заңдармен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
      Табиғи экологиялық жүйелердiң бүлiнуiн, адамның, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң генетикалық қорларының жойылуын, қоршаған ортаның халық өмiрi мен денсаулығына қауiптi өзгерiстерiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады.

      48-бап. Жобалауға қойылатын экологиялық талаптар

      Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, үйлер мен құрылыстарды өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау, канализация, гидротехникалық құрылыстар жүйелерiн, көлiк және байланыс құралдарын, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi ескерiлуге, зиянды қалдықтарды залалсыздандыру мен кәдеге жарату, қалдығы аз және қалдықсыз технологиялар мен өндiрiстер, қоршаған орта ластануының алдын алу жөнiндегi тиiмдi шаралар, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану көзделуге тиiс.
      Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаған жобалар бекiтiлмеуге тиiс, ал бұл жобаларды iске асыруды қаржыландыруға жол берiлмейдi.

      49-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де
              объектiлердi орналастыру кезiндегi экологиялық
              талаптар

      Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлер орналастырылатын орындар қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдаланудың шарттары мен ережелерiн сақтап, аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық зардаптары ескерiле отырып белгiленедi.
      Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыру кезiнде күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де өңiрлер белгiленедi.

      50-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де
              объектiлердi салу мен қайта құру кезiндегi
                        экологиялық талаптар

      Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу мен қайта құру мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда және қоршаған ортаның сапалық нормативтерiне сәйкес жүзеге асырылады. Бекiтiлген жобаны немесе жұмыс құнын қоршаған ортаны қорғауға зиян келтiретiндей етiп өзгертуге жол берiлмейдi.
      Құрылыс жұмыстарын атқару кезiнде жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану, аумақты көркейту және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар қолдануға тиiс.

      51-бап. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде
              қойылатын экологиялық талаптар мен
              мiндеттемелердiң есебi

      1. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде жекешелендiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттi атқарушы орган экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      2. Кәсiпорындар мен өзге де объектiлердi жекешелендiру экологиялық жай-күйдi тексеру нәтижелерiн ескере отырып жүзеге асырылады. Кәсiпорынның немесе өзге де объектiнiң экологиялық жағдайын тексеру кәсiпорынды және өзге де объектiнi жекешелендiру жоспарында көзделiп, мемлекеттiк экологиялық бақылау органының қатысуымен жүзеге асырылады.
      3. Жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар мен өзге де объектiлердi тазарту және залалсыздандыру жөнiндегi шараларды қаржыландыру мемлекет есебiнен және (немесе) жаңа меншiк иесiнiң келiсiмiмен мына көздерден:
      1) кәсiпорынның жаңа иесi табиғат қорғау объектiлерiн салуды,

қайта құруды және техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қайта
инвестициялайтын қаражат;
     2) жекешелендiрiлген кәсiпорын мен өзге де объектiге нысаналы
несиелер, процентсiз қарыз және табиғат қорғау мұқтаждарын нысаналы
қаржыландыру түрiнде түсетiн қаражат;
     3) кәсiпорынның экологиялық сақтандыру жүйесi арқылы алатын
қаражаты есебiнен;
     4) мемлекеттiк акциялар топтамасын сатудан түсетiн қаражаттың
бiр бөлiгi есебiнен;
     5) заңдарда көзделген басқа да көздерден жүзеге асырылады.

     52-бап. Банкроттық жағдайындағы экологиялық
             талаптар мен мiндеттемелердiң есебi



      1. Заңды тұлғаға - табиғат пайдаланушыға қатысты банкроттық туралы iс қозғалған жағдайда кәсiпорынның және өзге де объектiнiң экологиялық жай-күйiне тексеру жүргiзiледi.
      2. Кәсiпорынның және өзге де объектiнiң экологиялық жай-күйiне тексеру жүргiзу мiндетi санацияны жүзеге асыратын органға не сыртқы басқарушыға жүктеледi.
      3. Банкроттыққа әкеп соққан шаруашылық қызметiнiң нәтижесi, сондай-ақ кәсiпорынның экологиялық талаптарды сақтауы тексеру объектiсi болады.
      4. Заңды тұлғаның - табиғат пайдаланушының банкроттығы туралы iс жүргiзiлген жағдайда несие берушiлердiң экологиялық мiндеттемелер жөнiндегi мүдделерiн есепке алу қамтамасыз етiледi.

      53-бап. Заңды тұлға таратылған және қайта ұйымдастырылған
              кездегi экологиялық талаптар мен мiндеттемелердiң
                                   есебi

      1. Заңды тұлғаны - табиғат пайдаланушыны тарату мен қайта ұйымдастыру кәсiпорынның жай-күйiн тексеру және (немесе) экологиялық сараптама деректерiнiң негiзiнде экологиялық талаптар ескерiлiп, олардың нәтижелерiн заңды тұлғаны қайта ұйымдастырудың тиiстi нысаны кезiнде жасалатын тарату балансында мiндеттi түрде көрсете отырып жүзеге асырылады.
      2. Таратылатын немесе қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның экологиялық жай-күйiн тексеру мемлекеттiк экологиялық сараптама органының қатысуымен жүзеге асырылады.
      3. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда жаңа меншiк иесiнiң бөлу балансына сәйкес экологиялық мiндеттемелер жөнiндегi құқыққа мирасқорлығы қамтамасыз етiледi.
      4. Заңды тұлға несие берушiлердiң экологиялық мiндеттемелер жөнiндегi мүдделерi ескерiле отырып таратылады.

      54-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де
              объектiлердi пайдалануға беру және пайдалану
              кезiнде қойылатын экологиялық талаптар

      Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемiнде орындалған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласында арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қатысуымен құрылатын қабылдау комиссияларының актiлерi бойынша жүргiзiледi.
      Зиянды қалдықтарды, ластайтын заттардың шығарындыларын жол берiлетiн шектi нормативтер деңгейiне дейiн тазарту, залалсыздандыру және кәдеге жарату жөнiндегi қондырғылармен және жабдықтармен, қоршаған ортаның ластануын бақылау құралдарымен қамтамасыз етiлмеген кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану жөнiнде жобаланып қойылған жұмыстарды аяқтамай пайдалануға беруге тыйым салынады.

      55-бап. Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс
              объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсаттағы
              және мелиорация объектiлерiн пайдалану кезiнде
              қойылатын экологиялық талаптар

      Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсаттағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптарды ескерiп және экологиялық жағынан негiзделген технологияларды, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитариялық-қорғаныш өңiрлерiн пайдалана отырып жүзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде қалдығы аз және қалдықсыз технологиялар мен өндiрiстер енгiзiлуге тиiс, олар зиянды қалдықтарды, ластайтын заттардың шығарындылары мен тастандыларын тазартуға, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға арналған тиiмдi құралдармен жарақтандырылуға, отынның қауiпсiз түрлерi қолданылып, табиғи ресурстарды үнемдеп және ұтымды пайдалануға, экологиялық қауiпсiздiк жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
      Халық тығыз орналасқан аумақтарда, сейсмикалық қауiптi аймақтарда, ежелден халық жаппай дем алатын және емделетiн жерлерде атом және су-электр станцияларын жобалауға, салуға тыйым салынады.

      56-бап. Қалалар мен басқа да елдi мекендер салу кезiнде
                  қойылатын экологиялық талаптар

      Қалалар мен басқа да елдi мекендердi жобалау, салу, қайта құру, экологиялық қауiпсiздiктi және қоршаған ортаны сақтау талаптарын ескере отырып, халықтың өмiр сүруi, еңбек етуi және демалуы үшiн неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау мен салу кезiнде өнеркәсiптiк және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарды санитариялық тазарту, залалсыздандыру, кәдеге жарату, қоймаға жинау, қауiпсiз етiп адалау, өңдеу және көму көзделiп жүзеге асырылуға тиiс. Iрi қалалар мен өнеркәсiп орталықтары жанынан табиғат пайдаланудың шектеулi режимi енгiзiлген орман-парк, жасыл желек және қорғаныш өңiрлерi құрылуға тиiс.

      57-бап. Радиоактивтi материалдарды пайдалану кезiнде
              қойылатын экологиялық талаптар

      Ұйымдар мен азаматтар радиоактивтi материалдарды өндiрудiң, сақтаудың, тасымалдаудың, пайдаланудың, кәдеге жаратудың, адалаудың және көмудiң белгiленген ережелерiн сақтауға, радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейi нормативтерiнiң бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық ластануының алдын алу және жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден радиациялық қалдықтар мен материалдарды сақтау немесе көму мақсатында әкелуге тыйым салынады. Радиоактивтi заттардың қоршаған ортаға түсуiне жол бермеу жөнiнде шаралар жүргiзбейiнше радиоактивтi қалдықтар мен материалдарды жер бетiне және жер қойнауына көмуге де (орналастыруға) тыйым салынады.
      Қоршаған ортаның радиоактивтi ластануы байқалған жағдайда ұйымдар мен азаматтар бұл туралы бақылаушы органдарды дереу хабардар етуге тиiс.

      58-бап. Ықтимал қаупi бар химиялық және биологиялық
              заттарды өндiру мен пайдалану кезiнде
              қойылатын экологиялық талаптар

      Ықтимал қаупi бар химиялық және биологиялық заттарды өндiру мен қолдануға оларды қажеттi уыттық-гигиеналық және экологиялық-уыттылыққа қатысты зерттеулер жүргiзiлiп, олармен жұмыс iстеу гигиеналық жағынан реттелгеннен кейiн, гигиеналық және экологиялық нормативтер белгiленiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылғаннан кейiн жол берiледi.
      Жергiлiктi табиғатқа тән емес, сондай-ақ жасанды жолмен алынған биологиялық объектiлердi қоршаған ортада өсiруге және орналастыруға тиiстi экологиялық негiздемелер болған жағдайда және қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рұқсаты бойынша жол берiледi.

      59-бап. Қоршаған ортаны зиянды физикалық әсерден қорғау

      Ұйымдар мен азаматтар қалалар мен басқа да елдi мекендердiң өндiрiстiк, қоғамдық және тұрғын үй-жайларында, көшелерiнде, аулаларында, алаңдарында, халық дем алатын өңiрлерде және жабайы хайуанаттар мекендейтiн жерлерде шудың, тербелiстiң, магнит өрiсiнiң зиянды ықпалы мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң алдын алу мен жою жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
      Қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау және салу, өндiрiстiк немесе өзге де объектiлердi жобалау, салу, қайта құру және пайдалану, жаңа техниканы, көлiк пен байланыс құралдарын жасау, игеру және пайдалану кезiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiсiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол берiлетiн шектi деңгейiнiң нормативтерi ескерiлуге тиiс.

      60-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу
              кезiнде қойылатын экологиялық талаптар

      1. Қалдықтарды қоймаға жинау, жою және көму жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау қызметтерiн жүзеге асыратын өзге де атқарушы органдарымен келiсе отырып, белгiленген жерлерде жүргiзiледi. <*>
      1-1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның рұқсатынсыз қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығаруға және тастауға, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға тыйым салынады. <*>
      2. Қазақстан Республикасына қалдықтарды өңдеу, көму немесе сақтау үшiн алып келу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы рұқсаты бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Залалсыздандыруға немесе пайдаланылғаннан кейiн кәдеге

жаратуға арналған технологиясы жоқ өнiмдердi шеттен әкелуге тыйым
салынады.
     4. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын экологиялық
талаптар осы Заңмен қатар, қалдықтар туралы заңдармен және өзге
нормативтiк құқықтық актiлермен анықталады.
     5. Өндiрiстiк және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтардың пайда
болуы мен пайдаланылуы мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.
     ЕСКЕРТУ. 60-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 

     61-бап. Әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери
             қызметке қойылатын экологиялық талаптар

     Осы Заңмен белгiленген экологиялық талаптар, Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда,
әскери және қорғаныс объектiлерi мен әскери қызметке толық көлемiнде
қолданылады.

     62-бап. Климатты және Жердiң озон қабатын қорғау

     Климатты және Жердiң озон қабатын қорғау Қазақстан
Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

                  ХI тарау. Экологиялық сараптама

     63-бап. Экологиялық сараптама және оның түрлерi



      Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкес келуiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасалуы мүмкiн терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiнiң анықтамасы.
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

      64-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама

      Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы экологиялық сараптама саласында арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүргiзедi.
      Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын объектiлер тiзбесi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнiм (жұмыс, қызмет) мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге жатқызылса, оның оңды қорытындысынсыз Қазақстан Республикасының аумағында оны өндiруге немесе оған әкелуге тыйым салынады.

     Экологиялық сараптаманың қорытындысы ресми құжат болып
табылады, мiндеттi түрде орындалуға тиiс және оған қатысты дау сотта
қаралуы мүмкiн.

     65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама

     Қоғамдық бiрлестiктер немесе халықтың өзге де топтары қоғамдық
экологиялық сараптама жүргiзе алады.
     Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың ұйымдастыру
нысандары және қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптама
саласындағы өкiлеттi экологиялық сараптама туралы заңдармен
белгiленедi.
     Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ақпараттық және ұсыныс жасау
сипатында болады.

     ХII тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық,
                ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды
                             объектiлерi

     66-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры



      Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту және рекреация нысанасы ретiнде қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, ерекше мемлекеттiк қорғауға алынған объектiлердiң жиынтығы.
      Мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерiн пайдалану iсiнде тыйым салу және шектеулер белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.

     67-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

     1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше қорғаудың
құқықтық режимiмен не шаруашылық қызметтiң мемлекеттiк
табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн
режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi.
<*>

     2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік табиғи-қорық қоры 
объектілерін құру мақсаттарына, қорғау режимдеріне және пайдалану 
ерекшеліктеріне қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадай түрлері 
құрылады:
     биосфералық қорықтарды қоса, мемлекеттік табиғи қорықтар;
     мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
     мемлекеттік табиғи резерваттар;
     мемлекеттік табиғи парктер;
     мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
     мемлекеттік қорықтар өңірлері;
     мемлекеттік табиғи қорғалымдар;
     мемлекеттік зоологиялық парктер;
     мемлекеттік ботаникалық бақтар;
     мемлекеттік дендрологиялық парктер;
     мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлер.
     Қазақстан Республикасының заңдарымен ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтарда өзге түрлері де көзделуі мүмкін.
<*>
 
     3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру тәртiбi, қорғау
және пайдалану режимдерi, олардың қызмет жағдайлары Қазақстан
Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерiмен белгiленедi.
     ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.11. N 381 
              Заңымен.  

Z990381_

 
     ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 
     
     ХIII тарау. Төтенше экологиялық ахуал және
                 экологиялық апат аймақтары

     68-бап. Төтенше экологиялық ахуал



      Төтенше экологиялық ахуал - адам қызметiнiң немесе табиғаттың дүлей күштерiнiң салдарынан белгiлi бiр аумақта пайда болған, қоршаған ортаның, адамдардың өмiрi мен денсаулығы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау үшiн қауiптi, терең және тұрақты терiс өзгерiстерiмен сипатталатын қолайсыз экологиялық ахуал.
      Республиканың жекелеген аумақтарындағы төтенше экологиялық ахуал кезiнде заңдарда көзделген тәртiппен шаруашылық қызмет пен табиғат пайдаланудың жекелеген түрлерiне тыйым салынуы немесе олар шектелуi мүмкiн, табиғи ресурстарды қалпына келтiру (молықтыру), қоршаған ортаны сауықтыру, халықты әлеуметтiк қорғау жөнiнде жедел шаралар жүргiзiледi.

      69-бап. Экологиялық апат аймақтары

      1. Егер қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi нұқсан келтiрiлсе және (немесе) табиғи экологиялық жүйелер бұзылып, өсiмдiктер дүниесi мен жануарлар дүниесi азып - тозса, экологиялық ахуал төтенше аумақтар экологиялық апат аймақтары деп жарияланады.
      2. Экологиялық апат аймақтары әрбiр жеке жағдайда өз кезегiнде төтенше экологиялық ахуалдың күрделiлiгi мен ауырлығына немесе осы жағдайға себеп болған факторларға қарай кiшi аймақтарға (экологиялық апаттар, экологиялық дағдарыс, экологиялық дағдарыс алдындағы жай-күйлер және басқалар) бөлiнедi.
      3. Табиғи ресурстарды молықтыру, қоршаған табиғи ортаны сауықтыру, халыққа медициналық көмек көрсету жөнiндегi шаралар Үкiмет бекiтетiн республикалық нысаналы бағдарламаларға сәйкес экологиялық апат аймағының белгiлi бiр кiшi аймақтары бойынша сараланып әзiрленедi және жүзеге асырылады.
      4. Экологиялық апат аймағында:
      1) қолайсыз экологиялық жағдайдың пайда болуына себепшi болған шаруашылық объектiлерiнiң қызметi тоқтатылады:
      2) адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды ықпал ететiн

ұйымдардың, цехтардың, агрегаттар мен жабдықтардың қызметi тоқтатыла
тұруы мүмкiн;
     3) табиғат пайдаланудың жекелеген түрлерiне шек қойылады;
     4) қажет болған жағдайда адамдарды көшiру жөнiнде шаралар
жүргiзiледi.
     5. Төтенше экологиялық ахуал салдарынан зардап шеккен,
сондай-ақ экологиялық апат аймақтарында тұратын азаматтар
өтемақылардың, жеңiлдiктер мен әлеуметтiк қорғаудың басқа да
түрлерiн қоса алғанда өздерiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқығы
бар.
     Азаматтарды төтенше экологиялық ахуалдың салдарынан зардап
шеккен адамдар қатарына жатқызу тәртiбi, оларды әлеуметтiк қорғау
нысандары заңдарда белгiленедi.

     70-бап. Төтенше экологиялық ахуалды және экологиялық
                 апат аймақтарын жариялау тәртiбi

     Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағында төтенше
экологиялық ахуалды Үкiмет жариялайды.
     Экологиялық апат аймақтары Қазақстан Республикасының заңдарымен
жарияланады.
     Экологиялық апат аймақтарының шекараларын белгiлеудi Үкiмет
қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және ғылым саласындағы
арнайы уәкiлеттi атқарушы органдардың оң қорытындысы болған жағдайда
жүзеге асырады.

           ХIV тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
                      ақпарат пен мемлекеттiк статистика

     71-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат



      Қоршаған ортаның жай-күйi, ластануы және сауықтырылуы туралы, қаржыландыру (қаржыландыру көздерi) туралы, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шараларға қаражат жұмсау, табиғи ресурстардың жай-күйi, молықтырылуы мен пайдаланылуы, қоршаған ортаға жасалатын әсерлер, оның сапасын нормалау мен шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар туралы мәлiметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат болып табылады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға тиiс.
      Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты жасыруына, дер кезiнде бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат беруiне жол берiлмейдi.

      72-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
                 мемлекеттiк статистика

      Қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар статистикалық ақпараттың объективтiлiгi және оның халықаралық статистикамен салыстырмалылығы негiзiнде мемлекеттiк статистиканы жүргiзедi.
      Заңды және жеке тұлғалардың белгiленген көлемде белгiленген

мерзiмде статистикалық ақпарат беруi ақпаратты жiберушiнiң қаржысы
есебiнен мемлекеттiк статистикалық есеп беру нысанында жүзеге
асырылады.
     Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк статистикалық
есеп беру көрсеткiштерiнiң ең төменгi құрамы мен мемлекеттiк
статистиканы жүргiзу тәртiбi заңдармен және өзге де нормативтiк
құқықтық актiлермен белгiленедi.

     ХV тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
               экологиялық тәрбие мен бiлiм беру,
               ғылыми зерттеулер

     73-бап. Экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң
             жалпыға бiрдей және үздiксiз жүргiзiлуi



      Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi.
      Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады.

      74-бап. Экологиялық бiлiм беру

      Оқу орындарының бiлiм беру бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi оқыту көзделуi тиiс.
      Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты

лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы
болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн
бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық
даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта
аттестациялау кезiнде ескерiледi.

     75-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
                 ғылыми зерттеулер

     Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау
мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер
жүргiзiледi.
     Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу,
тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық
(мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, республикалық
бюджет есебiнен қаржыландырылады.

       ХVI тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау

     76-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
             бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi



      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау қоршаған ортаның жай-күйiн, шаруашылық және өзге де қызметтiң ықпалымен оның өзгерiстерiн байқап отыруды, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану жөнiндегi жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың, оның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптардың сақталуын тексерудi өзiне мiндет етiп қояды.
      2. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 76-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205
               Заңымен. Z010205_

      77-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
                   мемлекеттiк бақылау

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. <*>
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның лауазымды адамдарының: <*>
      меншiк нысаны мен бағыныштылығына қарамастан, ұйымдарға және басқа да объектiлерге (соның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлерiне) кедергiсiз (қызмет куәлiктерiн көрсету арқылы) кiрiп, көруге, мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттаманы, талдамалардың нәтижелерi мен өзге де материалдарды сұратуға және танысу үшiн тегiн алуға;
      қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды молықтыру мен пайдалану жөнiндегi жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар талаптарының, оның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптардың орындалуын, тазарту құрылыстары мен басқа да залалсыздандыратын құрылғылардың жұмысын, оларды бақылау құралдарын тексеруге;
      табиғи ресурстарды пайдалану лицензияларында белгiленген ережелердiң сақталуын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерiнiң жүзеге асырылуын, табиғат пайдалану шарттарының (келiсiм-шарттарының) және табиғат пайдалануға берiлген рұқсаттың орындалуын тексеруге, белгiленген тәртiппен олардың күшiн жоюға, олардың күшiн жою жөнiнде нұсқамалар беруге немесе ұсыныс енгiзуге;
      экологиялық аудит мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныс енгiзуге және олардың қорытындыларының орындалуын тексеруге; <*>
      экологиялық жағынан қауiптi жүктердi (бұйымдарды), қалдықтар мен шикiзат ресурстарын қоршаған ортаның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, (әкетуге) сондай-ақ одан алып өтуге (одан әрi тасымалдауға) тыйым салу туралы нұсқама шығаруға; <*>
      заңды және жеке тұлғаларға талаптар қоюға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жолсыздықты жою жөнiнде нұсқамалар шығаруға;
      экологиялық талаптар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және тоқтата тұру туралы сот органдарына арыз беруге; <*>
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi заңдарда белгiленген тәртiппен қарауға, кiнәлiлердi әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
      қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген залал мөлшерiн анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның негiзiнде кiнәлi адамдардан осы залалды ерікті түрде өтеу туралы талап етуге немесе сотқа талап қоюға; <*>
      тиiстi қаржы-несие ұйымдарына экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылатын объектiлердiң құрылысы мен пайдаланылуын, шаруашылық және өзге де қызметтi қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқама енгiзуге;
      өндірістік экологиялық бақылаудың және мониторингтің нормалары мен ережелерінің сақталуын тексеруге; <*>
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұзушылардың әрекеттерін болғызбау немесе олардың жолын кесу үшін ішкі істер, прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарынан көмек сұрауға және оны алуға. <*>
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның лауазымды адамдарының өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi, бағыныстылық ретiмен немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. <*>
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi. <*>
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi. <*>
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға

немесе оны тоқтата тұруға ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен 
аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат 
етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт 
сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 77-баптың 3-тармағы 2,3,4-бөліктермен толықтырылды -         
              Қазақстан Республикасының 1999.11.29. N 488 Заңымен.         
               

Z990488_

  
     ЕСКЕРТУ. 77-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 


     78-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
             өндiрiстiк бақылау
<*>


     Өндiрiстiк бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы 
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша орталық атқарушы 
органдар немесе ұйымдар бекiтетiн ережелер негiзiнде жүзеге асырылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 78-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 

     79-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық
                            бақылау

     Қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер өз бастамасы, табиғат
пайдаланушылармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық 
атқарушы органның шарттар бойынша жүзеге асырады.
<*>

     Қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртiбiн қоғамдық бiрлестiктер өз
жарғыларына сәйкес белгiлейдi.
     ЕСКЕРТУ. 79-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205 
              Заңымен.  

Z010205_

 

     80-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды
             жүзеге асыратын адамдарды қорғау шаралары

     Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын
адамдар мiндеттi сақтандырылуға тиiс, олар қаза тапқан немесе
мертiккен жағдайда да залалды белгiленген тәртiппен өтетуге құқығы
бар.
     Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын
адамдардың заңдарда көзделген жағдайларда арнаулы құралдар мен
атылатын қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

                  ХVII тарау. Экологиялық аудит

     81-бап. Экологиялық аудит

     Экологиялық аудит - ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық және
өзге де қызметiн, олардың табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру
жөнiндегi есеп беруiнiң дұрыс жасалуын қоса алғанда, қоршаған ортаны
қорғаудың нормалары мен ережелерiн, экологиялық талаптарды сақтауын
тәуелсiз тексеру.

     82-бап. Экологиялық аудиторлық қызмет



      Экологиялық аудиттi тапсырысшымен шарт негiзiнде тәуелсiз адамдар (экологиялық аудиторлар) мен аудиторлық ұйымдар жүргiзедi. Заңдарда белгiленген жағдайларда экологиялық аудит мiндеттi болып табылады.
      Экологиялық аудиттi жүргiзуге шетелдiк аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар тартылуы мүмкiн.
      Экологиялық аудиторлық қызмет мемлекеттiк лицензиялауға жатады,

ал бiлiктiлiк комиссиясы аттестациялаған және Қазақстан Республикасы
аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға бiлiктiлiк куәлiгiн
(құжат-куәлiк) алған жеке немесе заңды тұлға экологиялық аудитор
бола алады.

     83-бап. Экологиялық аудиттi жүзеге асыру тәртiбi

     Экологиялық аудиторлық қызметтiң, аудиторларды
аттестациялаудың, экологиялық аудиттi жүргiзудiң тәртiбi мен
ережелерi, экологиялық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
құқықтары мен мiндеттерi, жауапкершiлiгi заңдармен белгiленедi.

     ХVIII тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды
                  шешу және қоршаған ортаны қорғау туралы
                  заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

     84-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды
                               шешу

     Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды соттар шешедi
немесе олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен шешiледi.

     85-бап. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды
                 бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

     Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi жеке
және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауапты болады.

     86-бап. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды
             бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу



      1. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзуы салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, ұйымдардың, азаматтар мен мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар келтiрген зиянын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi.
      Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу ерiктi түрде немесе белгiленген тәртiппен нұқсанды есептеудiң бекiтiлген кесiмдi бағасы мен әдiстемесiне сәйкес, ал олар болмаған жағдайда келтiрiлген залалдарды ескере отырып, қоршаған ортаның бұзылған жай-күйiн қалпына келтiруге жұмсалған нақты шығындар бойынша жүргiзiледi.
      Зиянды өтеуден өндiрiлiп алынатын сома қоршаған ортаны қорғау қорларына, ал заңдарда белгiленген жағдайларда зардап шеккен заңды немесе жеке тұлғаға аударылады.
      2. Қызметi қоршаған ортаны қорғауға күштi қауiп төндiрумен байланысты заңды және жеке тұлғалар, егер жойқын күштiң немесе зардап шегушiнiң қаскөйлiгi салдарынан зиян келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, өздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.
      3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян зардап шегушiнiң еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, оны емдеуге және денсаулығын қалпына келтiруге жұмсалған шығындарды, науқасты күту жөнiндегi шығындарды, өзге де шығындар мен залалдарды ескере отырып толық көлемiнде өтелуге тиiс.

     Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның шамасын
анықтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ал зиянды өтеу сот шешiмi
негiзiнде жүргiзiледi.
     Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан
келтiрiлген моральдық зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiнде белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.

           ХIХ тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
                      халықаралық ынтымақтастық

     87-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
             халықаралық ынтымақтастық

     Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты жалпыға бiрдей экологиялық
қауiпсiздiктiң басымдығын сақтау принциптерiн басшылыққа ала
отырып жүзеге асырады.

     88-бап. Шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан
             Республикасы аумағындағы қоршаған ортаны
             қорғау саласындағы қызметi

     Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттелмесе,
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк ұйымдар мен
азаматтардың қызметiне жол берiледi.

     89-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау
                 саласындағы халықаралық шарттары



      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi