Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы. 1997 жылғы 19 маусым N 131

Жаңартылған

      Осы Заң шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау саласындағы қатынастарды реттейдi.

I-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      инновациялық қызмет  - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жаңа өнiм өндiру немесе өндiрiлетiн өнiмнiң сапасын жақсартып, шығынын азайту, оны өндiру әдiстерiн жетiлдiру мақсатымен ғылыми бiлiм мен жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған қызметi;
      шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы  - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, шағын кәсiпкерлiктi материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен коммерциялық негiзде қамтамасыз етуге жәрдем көрсетудi қоса алғанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс iстеуi мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе пайдаланылатын ұйымдар кешенi;
      ойын бизнесi  - құмар ойындарын (казино, бильярд) ұйымдастыру, лотереялар өткiзу;
      шоу-бизнес  - эстрадалық ойын-сауық қойылымдар, сахналық көрiнiстер ұйымдастыру;
      венчурлiк фирмалар  - ғылымды көп қажет ететiн прогресшiл технологиялар мен өнiмдердi әзiрлеу мен игерудi жүзеге асыратын инновациялық қызмет субъектiлерi;
      шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар  - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар.
      ЕСКЕРТУ. 1-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 458 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

      2-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы
             заңдар

      Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына  негiзделедi және Азаматтық кодекстен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгендерден өзге ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

      3-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi

      1. Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерiнiң жалпы құны орта есеппен бiр жыл iшiнде алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
      2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асырады.
      3. Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
      толық серiктестiк;
      коммандиттiк серiктестiк;
      жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
      қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
      өндiрiстiк кооператив - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болуы мүмкiн.
      4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны барлық қызметкерлердi, оның iшiнде келiсiм-шарт және мердiгерлiк шарттары бойынша, жұмысты қоса атқару бойынша жұмыс iстейтiндерiн, осы субъект филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн ескере отырып анықталады.
      5. Қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ондайларға жылдық айналым көлемiнде үлесi ең көп қызмет түрiнiң өлшемдерi бойынша жатқызылады.
      6. Егер бiр немесе бiрнеше заңды тұлға шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өлшемiне сай келетiн шаруашылық серiктестiгiн құрған жағдайда құрылатын субъектiнiң жарғылық қорындағы олардың үлесi 25 проценттен аспауға тиiс.
      7. Ойын бизнесi мен шоу-бизнес саласындағы қызметтi, банк қызметi мен сақтандыру рыногындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқасын) жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып танылуға тиiс емес.
      8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелерден асып кеткен жағдайда жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңiлдiктерден айырылады.
      Ескерту. 3-бап өзгерді - ҚР Президентінің 2001.01.30. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

2-тарау. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау

      4-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың
             негiзгi принциптерi

      Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
      Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
      шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

      5-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi
             бағыттары

      Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологияларды пайдалануына жеңiлдiктi жағдайлар жасау;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың, олардың өнiмдерiн сертификаттаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
      қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
      өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;
      Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.
      ЕСКЕРТУ. 5-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 458 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

      6-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
             мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалары

      1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.
      1-1. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламалары мынадай ережелерді қамтиды:
      шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;
      кәсіпкерлік қызметке халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын тартуға бағытталған шаралар;
      шағын кәсiпкерліктi қолдау мен қорғаудың инфрақұрылымын қалыптастыру жөнiндегi шаралар;
      шағын кәсiпкерлiкке кредит-қаржылық және мүлiктiк қолдау көрсетiп, оны қорғау жөнiндегi шаралар;
      шағын кәсiпкерлiктiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттау жөнiндегi шаралар;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдауға, дамытуға және қорғауға бағытталған мемлекеттiк саясатты iске асыруға байланысты басқа да мәселелер.
      1-2. Экономиканың басым салаларын дамытудың салалық бағдарламаларында:
      саланың негiзгi өнеркәсiп орындары инфрақұрылымының объектiлерi ретiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - өнеркәсiп орындарын дамытуды ынталандыру;
      операциялардың бiр бөлiгiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң орындауын көздейтiн саланың негiзгi кәсiпорындарының өндiрiстiк- технологиялық процестерiн әзiрлеу;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн - өнеркәсiп орындарын саланың iрi өнеркәсiп орындарына инвестицияланатын қаражат шеңберiнде қаржыландыру жөнiндегi шаралар көзделедi.
      2. Мүдделi мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламаларға жекелеген жобаларды енгiзу туралы дербес ұсыныс жасауға хақылы.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын iске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында жыл қорытындысы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен есеп берiп отырады.
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 458 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

      7-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы
             мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске
             асыру

      1. Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органы:
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiрiп отырады;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп Үкiметке табыс етедi;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      республика аймақтарында шағын кәсiпкерлiктi қалыптастыру мен оның инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi;
      шағын кәсiпкерлiк саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн дамытуды қамтамасыз етедi;
      кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк органдарды шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер жөнiнде аталған органдардың лауазымды адамдарын тыңдай отырып тексеруді жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiн шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегi заңдарды бұзуға итермелеген себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабардар етедi.
      2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялармен бiрлесе отырып:
      1) жергiлiктi өкiлдi органдар:
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламаларын бекiтедi;
      жергiлiктi бюджеттердiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға арналған шығыстарын бекiтедi;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы есептерiн тыңдайды;
      Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне арналған салықтар мен алымдар жөнiнде жеңiлдiктер белгiлейдi;
      2) жергiлiктi атқарушы органдар:
      шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлейдi және оларды қаржымен қамтамасыз етудi iске асырады;
      жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен инновациялық қызметтiң аймақтық инфрақұрылымын дамытуды жүзеге асырады;
      шағын кәсiпкерлiк саласында кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырып, бұл шараларды осы Заңның 9 және 12-баптарына сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етедi.
      3. Табиғи монополия субъектiлерi саладағы бәсекенi дамыту стратегиясын қалыптастыру ерекшелiктерiн ескере отырып, өндiрiс саласына шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн интеграциялау мәселелерi көзделетiн салалық бағдарламалар әзiрлейдi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тиiмдiлiгi аз iрi өндiрiстердi бөлшектеудi жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 7-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 458 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

      7-1-бап. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi
               комиссиялар

      1. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары:
      осы Заңды iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      мемлекеттiк органдарда шешiмдер қабылдаған кезде кәсiпкерлердiң мүдделерiне өкiлдiк ету, заңды құқықтарын қорғау және олардың пiкiрлерiн ескерiп отыру;
      кәсіпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң сындарлы бастамаларын қолдау, экономикалық жағынан дамыған мемлекет құру және Республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру iсiнде әрбiр кәсiпкердiң белсендi өмiрлiк айқындамасын насихаттау;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың кәсiпкерлiк қызмет мәселелерi бойынша қаулылары мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын бастамашылықпен әзiрлеу және қоғамдық сараптамадан өткiзу;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiнде нысаналы бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
      2. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның құрамы қоғамдық бiрлестiктердiң, сауда-өнеркәсiп палаталарының, шағын бизнес одақтары мен қауымдастықтарының, шағын кәсiпкерлiктi қолдау құрылымдарының өкiлдерiнен, ғалымдардан, мүдделi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен, кәсiпкерлерден құралады.
      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар туралы ереженi - Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы комиссиялар туралы ереженi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 7-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 458 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 7-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

      8-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк
             мұқтаждар үшiн өнiм өндiруге (жұмыс атқаруға,
             қызмет көрсетуге) қатысуы

      1. <*>

      2. <*>

      2-1. <*>
      2-2. Мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурс ұйымдастырған кезде оны ұйымдастырушы - тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын және олардың көлемiн (процентпен көрсетiлгенде) Қазақстан Республикасының Yкiметi жыл сайын айқындап отырады.
      3. Конкурстар өткiзу шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 458 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

      9-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк
             қолдау шаралары

      1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қаржымен қолдау шеңберiнде тиiстi жылға арналған мемлекеттiк бюджетте көзделген қаражат шегiнде жеңiлдiктi жағдайларда статистикалық және ақпараттық қызмет (құралдар), сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологиялар берiледi.
      2. Шағын кәсiпкерлiк үшiн кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларында көзделген қаражат есебiнен жаңа оқу және зерттеу орталықтарын, мамандандырылған консалтингiлiк ұйымдар және шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерiн құру және жұмыс iстеп тұрғандарын дамыту арқылы жүргiзiледi.

      3. <*>
      4. Өндiрiстiк қызметпен және кадрларды оқытумен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскелерiн беру (сату, жалға беру) олардың жергiлiктi атқарушы органдарға жазбаша өтiнiшi бойынша жердi сатып алғаны немесе оны жалға алғаны үшiн сома төлей отырып, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      5. Өндiрiстiк қызметпен және кадрларды оқытумен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi электр энергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және канализация бойынша бiрiктiрiлетiн қуат үшiн ақы төлеуден босатылады.
      6. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн екiншi деңгейдегi банктерде шоттар ашу ақы алынбай жүргiзiлуi мүмкiн.
      7. Сауда-саттық (делдалдық) қызметiн қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн коммуналдық меншiктiң бiр жылдан астам пайдаланылмаған объектiлерi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiледi.
      8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi шартта көзделген талаптарды орындаған жағдайда, өздерiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету салаларын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген объектiлерге меншiк құқығын шарт жасалған кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн тегiн алады. Бұл талаптар сауда-саттық (делдалдық) қызметiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiкпен басқару шартының талаптарын орындауын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
      9. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердiң меншiк иесi құқығының құжаттарын ресiмдеу заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледі.
      ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 458 Заңымен .
      Ескерту. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

      10-бап. Есеп беру тәртiбi

      1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бухгалтерлiк есебi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есеп берудiң оңайлатылған рәсiмдерi мен нысандарын көздейтiн тәртiппен табыс етiлуi мүмкін.
      2. <*>
      Ескерту. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N 395 Заңымен.

3-тарау. Шағын кәсiпкерлiктi қаржыландыру

      11-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру

      1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметi өз қаражаты, шетелдiк инвестициялар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады.
      2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi бiр-бiрiне қаржы көмегiн көрсету үшiн консорциумдар немесе өзара несие беру ұйымдарын құру мүмкiн, бұлар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен олардың уақытша бос қаражатын жинақтайды.
      ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

      12-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды
              қаржыландыру

      Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қаржымен қамтамасыз ету жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетiн қаржы шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы алатын нысаналы заемдар, мемлекеттiк заттай гранттар есебiнен жүзеге асырылады.

4-тарау. Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы

      13-бап. Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын
              мемлекеттiк қолдау мен дамыту

      Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк салалық және аймақтық бағдарламалар шеңберiнде осы қызметтi қаржыландыру жолымен, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк меншiктi үйлердi, ғимараттарды, өндiрiстiк үй-жайлар мен өзге де мүлiктердi жеңiлдiкпен беру жолымен шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi.
      ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 458 Заңымен .

      14-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн өндiрiстiк-
              технологиялық жағынан қолдау

      Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мемлекеттiк қолдау жүйесi арқылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң осы заманғы жабдықтар мен технологиялар алуына жәрдемдеседi, технопарктер желiлерiн, лизингiлiк орталықтар, шағын инновациялық қызмет орталықтарын, венчурлiк фирмалар мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мақсатында құрылатын басқа да инфрақұрылым объектiлерiн құру жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады.

      15-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi

      1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ортақ мүдделердi және әрбiр шағын бизнес субъектiсiнiң мүдделерiн бiлдiру мен қорғау, шағын кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн мейлiнше қолайлы жағдайларды, адал бәсекелестiктi қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен салалық, салааралық, аумақтық белгiлерi бойынша сауда-өнеркәсiп палаталарын, қоғамдық бiрлестiктер құруға құқылы.
      2. Заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен қауымдастық (одақ) нысанында бiрлестiктер құра алады. Жеке тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қоғамдық бiрлестiктер құра алады.
      Кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтар өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардың кәсiпкерлiк қызметке негiзсiз араласу фактiлерiне жол бермеу мақсатында:
      нормативтiк құқықтық актiлердiң кәсiпкерлiк құрылымдардың қызметiне ықпалына тәуелсiз құқықтық сараптама жүргiзуге;
      құқық қорғау және бақылау органдарына кәсiпкерлердің құқықтарын бұзуға кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы материалдар енгiзуге;
      кәсіпкерлікті қорғау саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамытуды қамтамасыз етуге;
      мемлекеттік органдарға қарау үшін кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына себепші болатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізуге;
      шағын кәсіпкерлік субъектілерінің заңдарда көзделген құқықтары бұзылған жағдайда олардың мүдделерін көздеп талап қоюға, Қазақстан Республикасында көзделген тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қысым жасаған мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне сот органдарына шағымдануға;
      заң жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысуға құқығы бар.
      2-1. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардың, сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне кепілдіктер:
      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарының қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардың, сауда-өнеркәсіп палаталарының заңды қызметін жүзеге асыруына тікелей немесе жанама түрде кедергі жасауға құқығы жоқ;
      мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардың, сауда-өнеркәсіп палаталарының өтініштеріне заңдарда белгіленген мерзімде жазбаша жауап қайтаруға міндетті;
      кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардың қызметіне заңсыз араласуға жол берген не ондай қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіруші адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады;
      қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардың, сауда-өнеркәсіп палаталарының құқықтарды қорғау жөнінде көрсететін заң қызметтері, қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардан, сауда-өнеркәсіп палаталарынан заң көмегін, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заң көмегін көрсетуге қатысты өзге де ақпарат сұраған кәсіпкерлердің мүдделерін көздеп жасалған іс-әрекеттің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер адвокаттық құпияға теңестіріледі және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалуға тиіс.

      3. <*>
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн мейлiнше қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн ұжымдасып қорғау мақсатында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне мемлекеттiк қолдау көрсетудi жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 458 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

5-тарау. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кепiлдiктер

      16-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шаруашылық
              қызметiне негiзсiз араласуға жол бермеу
              кепiлдiктерi

      1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шаруашылық қызметiне мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының негiзсiз араласуына жол берiлмейдi.
      1-1. Бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тек сот тәртiбiмен ғана тыйым салуы немесе оны тоқтата тұруы мүмкiн. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ерекше жағдайларда 3 күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жылына бiр реттен жиi тексермейдi.
      3. Адам саны 10-нан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, салық органдарын қоспағанда, сондай-ақ қылмыстық iстер қозғалғаннан басқа жағдайларда, мемлекеттiк бақылаушы органдар тарапынан ең жиi дегенде үш жылда бiр рет тексерiлуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттік бақылау органдарының тексеру жүргізетін қызметкерлері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олар қатаң есептілік бланкілеріне ресімделген арнайы нұсқаманы көрсеткен жағдайда ғана тексеруді жүзеге асыруға міндетті.
      5. Тексерулер жүргiзген кезде мемлекеттiк бақылаушы органдардың қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру жүргiзу туралы негiздеменi көрсетуге және шағын кәсiпкерлiк субъектiсiндегi Келушiлердi есепке алу кiтабына тексеру жүргiзiлгендiгi туралы, лауазымын, тегiн, тексерудiң мақсаты мен нәтижелерiн көрсете отырып, белгi қоюға мiндеттi.
      6. Лауазымды адамдардың еркін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын іс-әрекеттері лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығына әкеп соғады.
      7. Мемлекеттік органдардың не олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған нұсқауларын орындау нәтижесінде шағын кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген зиянның оның ішінде қолдан шығарып алынған пайданың орынын осы органдар толтыруға тиіс.
      8. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңға негізделмеген кәсіпкерлік қызметті шектейтін тыйым салуы жарамсыз болып табылады және орындалмауға тиіс.
      ЕСКЕРТУ. 16-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 283 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 458 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 16-бап 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.29. N 488 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

6-тарау.  <*>

      ЕСКЕРТУ. 6-тарау алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 341 Заңымен .

      Қазақстан Республикасының
      Президентi