Тұрғын үй қатынастары туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы

Жаңартылған

  МАЗМҰНЫ

       Ескерту. Мәтіндегі "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VІ" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

1 Бөлiм

   1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары

      1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен: 
      1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне; 
      2) тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына; 
      3) тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға; 
      4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне; 
      5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi. 
      2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледi. 
      3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi заңдармен реттеледi. 
      4. Мейманханаларда, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерiнде және осындай мақсаттағы басқа да үй-жайларда тұру заңдарымен реттеледi. 

       2-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар

      Осы Заңда қолданылатын терминдер мен анықтамалар мыналарды білдіреді:
      әскери қызметшілер - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
      бөлек (өзіндік) меншік - жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны - кондоминиум құрылған тұрғын жай (тұрғын үй) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі;
      жалға беруші - тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді меншіктенуші немесе меншік иесі атынан іс-қимыл жасаушы болып табылатын тарап;
      жалға берілетін үй - жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, жалға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын жай), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер);
      жалдаушы (жалға алушы) - тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша пайдалануға алушы тарап;
      жатақхана - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе қожайынымен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын жай;
      жер учаскесі - тұрғын үйге заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы;
      коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
      кондоминиум - үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке-дара) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлесті меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі (бұдан әрі - кондоминиум объектісі) жылжымайтын
мүлікке меншіктің ерекше нысаны;
      көп балалы отбасы - бірге тұратын (соның ішінде уақытша басқа жақта жүрген) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы;
      қосымша жалдаушы - тұрғын үйді қосымша жалдау шартындағы тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан тұрақты немесе уақытша пайдалануға алатын тарап;
      қызметтік тұрғын үй - азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;
      қызметтік тұрғын үйлерге теңестірілген тұрғын үйлер - мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға берілетін тұрғын үйлер;
      оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      ортақ мүлік - тұрғын үйдің бөлек меншіктегі үй-жайлардан басқа барлық бөліктері. Ортақ мүлік құқығы заңдарда көзделген жер учаскесіне құқықты да қамтиды;
      табысы аздар - мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үй беруді сұрар алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы заңдарда осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін адамдар;
      толық емес отбасы - балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы;
      тұрғын алаң - тұрғын үйдегі (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының қосындысы;
      тұрғын емес үй-жай - тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) ортақ мүлік болып табылатын бөлігін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар);
      тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
      тұрғын үйді жалдау (жалға беру) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін ақы төлеттіріп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;
      тұрғын үйді жалдау (жалға беру) шарты - оған сәйкес жалға беруші тұрғын үйді не оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт;
      тұрғын үйді жекешелендіру - азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне сатып алуы, ол заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;
      тұрғын үйді қосымша жалдау шарты - тараптардың, оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін, шарты;
      тұрғын үйдің құны - тұрғын үйдің мәміле жасалған күні айқындалатын нарықтық құны;
      тұрғын үйдің (пәтердің) пайдалы алаңы - тұрғын үйдің тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының қосындысы;
      тұрғын үйдің тұрғын емес алаңы - тұрғын үй-жайдағы ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңы;
      тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) жалпы алаңы - тұрғын үйдегі бүкіл тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының қосындысы;
      тұрғын үйді реквизициялау - төтенше оқиғалар жағдайында мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен тұрғын үйді заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен мәжбүр етіп алып, алынған тұрғын үйдің құнын, не Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне қайшы келмейтін өзге де өтем түрлерін төлеу;
      тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар - тұрғын үйді пайдалануға, оны ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге, сондай-ақ жер учаскесін ұстауға қажет төлемдер қосындысы;
      тұрғын үй-жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын үйдің тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;
      тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй құрылыс кооперативі) - азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы коммерциялық емес бірлестігі, онда тұрғын үйді меншіктену құқығы кооперативке тиесілі болады, ал кооперативке мүше азаматтар өздеріне бекітіліп берілген үй-жайларды иелену және пайдалану құқығына, ал жекелеген жағдайларда - белгіленген тәртіппен билік ету құқығына ие болады және тұрғын үйді күтіп ұстау шығынына қатысады;
      тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер;
      тұрғын үй (тұрғын жай) - негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс;
      уақытша тұрғындар - жалдаушы (тұрғын үйдің меншік иесі, тұрғын үй кооперативінің мүшесі) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін олардан ақы алмай, тұрғын үйде уақытша тұру құқығын берген азаматтар;
      үй-жай - тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі бөлінбеген беті, егер заңнамада немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы
болып табылады;
      үй-жайлар иелерінің кооперативі - көп пәтерлі тұрғын үйдегі (үйлердегі) үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кондоминиум объектісін басқару мақсатында құрылатын коммерциялық емес бірлестігі;
      шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік - ортақ мүліктің жеке меншік иесінің (меншік иелерінің) пайдалануына белгіленген ретпен берілетін жекелеген бөліктері.
       Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.06.  N 276  Заңымен.

       3-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры

      1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры мыналарды қамтиды: 
      1) жеке тұрғын үй қоры - азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi, мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйлер; 
      2) мемлекеттiк тұрғын үй қоры - меншiк құқығымен мемлекетке қарасты және жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттiк кәсiпорын қарамағындағы (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер. 
      2. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi. 
      3. Жеке тұрғын үй қорының және мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорының үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүр етiп алуына, осы Заңда және басқа заң актiлерiнде көзделгендегiден басқа жағдайларда тыйым салынады. 

       4-бап. Тұрғын үйлердi пайдалану

      1. Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi. 
      2. Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс. 
      3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган растайды. 
      Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi. 
      Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау басқа меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын жағдайда олардың алдын-ала жазбаша келiсiмi талап етiледi.
       Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.07.06.  N 276  Заңдарымен.  

       5-бап. Тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану

      Үй-жайлардың иелерi (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет) тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үшiн заңдарда тыйым салынбаған кез келген бiрлестiкке бiрiгуге құқылы. 

       6-бап. Тұрғын үй қорын басқару

      Тұрғын үй қорын басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады. 

       7-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын
             мемлекеттiк есепке алу

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады. 

       8-бап. Тұрғын үй дауларын шешу

      1. Тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi. 
      2. Азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы Заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртiбiмен ғана шығаруға болады. 

       9-бап. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң
             және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй
             қатынастарындағы құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалар мен шетелдiктер, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады. 
      2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.

       10-бап. Халықаралық шарттар

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

   2 БӨЛIМ

   2-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖЕКЕ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫН АЛУ

       11-бап. Тұрғын үйдi сатып алу құқығы

      1. Азамат немесе заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады. 
      2. Бiр азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiндегi тұрғын үйлердiң саны мен көлемiне шек қойылмайды. 
      3. Тұрғын үйге меншiк құқығын алуға немесе жүзеге асыруға байланысты қатынастар да Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен реттеледi. 

       12-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда
              болуының негiздерi

      Тұрғын үйге немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығы мынадай негiздер бойынша: 
      1) үй (үйдiң бiр бөлiгiн) салу; 
      2) сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, өмiр бойы күтiп ұстау шартымен, алып қою мәмiлелерi мен заңдарға қайшы келмейтiн басқа да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу; 
      3) тұрғын үйдi мұраға немесе құқықтың әмбебап түрде ауысуы ретiмен алу; 
      4) жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйiнде өзi тұратын тұрғын үйдi немесе тұрғын үй-жайды жекешелендiру (сатып алу немесе тегiн алу) жолымен меншiгiне алуы; 
      5) тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң тұрғын үй-жай үшiн пай жарнасының бүкiл сомасын төлеуi; 
      6) шарттық мiндеттеме, соның iшiнде азаматтың үй салуға өз қаражатымен немесе еңбегiмен қатысуы туралы шарт негiзiнде тұрғын үй-жайды меншiкке беру; 
      7) заңды тұлғалардың мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi сату не тегiн беру жолымен өз қызметкерiнiң немесе өзге азаматтың меншiгiне беруi;
      8) мемлекеттiң немесе заңды тұлғаның мемлекеттiк меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi заңдарда белгiленген шарттармен өзқызметкерiнiң не өзге адамның меншiгiне беруi;
      9) жеке меншiкте болған тұрғын үйдiң бұзылуы немесе күштеп алынуы салдарынан тұрғын үйден айырылудың өтемi ретiнде тұрғын үй беру;
      10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған басқа да негiздер бойынша пайда болады.

       13-бап. Жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы
              тұратын тұрғын үйiне меншiк құқығын 
              жекешелендiру тәртiбiмен алуы

      1. Осы Заңда көзделген реттерде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушы, кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен, тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген шарттармен және тәртiппен жекешелендiруге құқылы. 
      Жалға алушының отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес белгiленедi. 
      2. Жекешелендiрiлген тұрғын үй жалға алушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, соның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмеген болса, бiрлескен ортақ меншiгiне көшедi. 
      3. Ортақ бiрлескен меншiктегi тұрғын үйдiң алып қойылуына барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Егер мәмiле тұрғын үйдiң меншiк иесi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiне қатысты болса, қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмi талап етiледi. 
      4. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер осы Заңның 101-бабының 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша жекешелендiрiлуi мүмкiн. 
      5. Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды оларда тұрақты тұратын азаматтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жекешелендіруі мүмкін. Бұл орайда жалпы пайдаланудағы тұрғын емес үй-жайлар және үйдің бөлек (жеке) меншіктегі емес және ортақ мүлік болып табылатын өзге бөліктері барлық меншік иелерінің ортақ меншігіне өтеді. 
      Аталған тұрғын үй-жай берілген азамат қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы, егер қайтыс болған адамның бұған құқығы болған болса, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді. 
      Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген жатын орындық үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар жекешелендіруге жатпайды. 
      6. Бiрнеше жалдаушы тұратын тұрғын үйдi (пәтердi) барлық жалдаушылардың және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жекешелендiруге болады. Бұл жағдайда тұрғын үй (пәтер) барлық жалдаушылардың ортақ үлестi меншiгiне көшедi. 
       Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.06.07. N 391-I  Заңымен , 2003.06.03. N 427  Заңымен , 2007.05.15. N  253  Заңдарымен.

       14-бап. Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi
              мүшесiнiң пай жарнасының бүкiл сомасын төлеуi

      Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiнiң пай жарнасының бүкiл сомасын төлеген мүшесi тұрғын үйдiң меншiк иесiне айналады. Мұндай тұрғын үйге меншiк құқығына жинақталған пайдың бiр бөлiгiне құқығы бар оның отбасы мүшелерi де ие болады. 

       15-бап. Жер учаскелерiнiң мемлекеттiк қажеттер үшiн
              алынуына (сатып алынуына) байланысты тұрғын
              үй бұзылған жағдайда меншiкке тұрғын үй беру

      1. Жер учаскелерiнiң мемлекеттiк қажеттер үшiн алынуына (сатып алынуына) байланысты тұрғын үй бұзылған жағдайда меншiк иесiне оның тұрғын үйi бұзылғанға дейiн өз таңдауы бойынша меншiгiне жайлы тұрғын үй берiледi немесе тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтемақы төленедi. 
      2. Егер берiлетiн тұрғын үйдiң құны бұзылатын тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы айырма меншiк иесiнен алынбайды. 
      3. Егер бұзылатын тұрғын үйдiң құны берiлетiн тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы айырма меншiк иесiне өтеледi. 

       16-бап. Тұрғын үйге ортақ меншiк құқығы

      1. Тұрғын үйдi бiрлесiп салған, азаматтық-құқықтық мәмiлелер жолымен немесе мұраға алған жағдайда және заңдарға қайшы келмейтiн басқа жағдайларда екi немесе одан көп азаматтар тұрғын үйге ортақ меншiк құқығына ие бола алады. 
      2. Бiрнеше адамның меншiгiндегi тұрғын үй оларға ортақ бiрлескен меншiк құқығымен: 
      1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi; 
      2) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде тиесiлi болады. 
      3. Ортақ меншiктегi тұрғын үйдiң меншiк иелерi арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне белгiленген тәртiппен бөлiнуi мүмкiн. 
      4. Ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi неке және отбасы туралы заңдармен белгiленедi.
      5. Жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi осы Заңмен белгiленедi.

       17-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын тiркеу

      Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тiркеу органында тiркелген кезден бастап пайда болады.
      Тiркеу тиiстi тәртiппен ресiмделген, осы Заңның 12-бабында көзделген негiздер бойынша тұрғын үй алынғандығын растайтын құжаттар көрсетiлген жағдайда жүргiзiледi.

  3-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖЕКЕ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ

       18-бап. Тұрғын үй иесiнiң негiзгi құқықтары 
              мен мiндеттерi

      1. Тұрғын үйдiң, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйдiң иесi оны, сату шартын белгiлей отырып, өз қалауы бойынша еркiн сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, басқа адамдарға мұраға қалдыруға, кепiлге беруге, осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актiлерiнде тыйым салынбаған өзге де жолмен оған билiк етуге құқылы.
      1-1. Ипотекалық тұрғын үй қарызы қаражатының есебiнен толық нeмece iшiнара сатып алынған тұрғын үйдi сатып алу-сату шарты мемлекеттiк тiркелген кезден бастап меншiк иесiнiң ипотекалық тұрғын үй қарызы толық өтелгенге дейiн кредитордың келiсiмiнсiз осы тұрғын үйге билiк етуге құқығы жоқ.
      2. Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатта пайдалануы оған мемлекеттiк органдардың рұқсатын қажет етпейдi. 
      Бұл құқықты меншiк иесi құрылыс, санитариялық, өртке қарсы және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелердi сақтаған жағдайда ғана iске асырады. 
      Егер құзыреттi органдар мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзу фактiлерiн не тұрғын үйдi пайдалану басқа азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн айтарлықтай бұзатын фактiлердi анықтаса, үй-жай иесi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылып, сонымен бiрге оған мұндай тәртiп бұзушылықтарды және олардың зардаптарын жою мiндетi жүктелуi мүмкiн. 
      3. Бiр тұрғын үйде орналасқан үй-жайлардың иелерi оны күтiп ұстау жөнiндегi ортақ шығындарға қатысуға мiндеттi. Әрбiр меншiк иесi шығынның мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше белгiленбеген болса, тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының немесе бөлек меншiктегi тұрғын емес үй жайлар алаңының тұрғын үйдiң жалпы алаңына қатынасымен анықталады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03.  N 427 , 2007.07.06.  N 276   Заңдарымен

       19-бап. Тұрғын үй иесiнiң жер учаскесiне құқығы

      1. Тұрғын үй, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үй сатылған, сыйға тартылған, мұраға қалдырылған, кепiлге берiлген жағдайда жер учаскесiн меншiктену (жердi пайдалану) құқығы тұрғын үйдiң жаңа иесiне тұрғын үйдiң бұрынғы иесi ие болған көлемде көшедi. 
      2. Тұрғын үйге (тұрғын жайға) бекiтiлiп берiлген жер учаскесiне тұрғын үй иелерiнiң құқықтары Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарымен белгiленедi. 

       20-бап.   Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.06.  N 278  Заңымен.

       21-бап. Тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi

      1. Үнемi бiрге тұратын ерлi-зайыптылар мен олардың балалары тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылады. Ерлi-зайыптылардың ата-аналары, сондай-ақ өздерiнiң отбасы бар және меншiк иесiмен үнемi бiрге тұратын балалары өзара келiсiм бойынша ғана меншiк иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн. 
      2. Ерекше жағдайларда, егер меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса және онымен кемiнде бес жыл ортақ шаруашылық жүргiзсе, басқа адамдардың да тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн. Еңбекке жарамсыз асырауындағылар, егер олар меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса, меншiк иесi отбасының мүшелерi болып табылады. 
       Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.10. N 227  Заңымен .

       22-бап. Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерiнiң негiзгi
              құқықтары мен мiндеттерi

      1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi тұрғын үйiне өзi қоныстандырған отбасының мүшелерi, егер оларды қоныстандыру кезiнде өзгеше ескертiлмеген болса, тұрғын үйдi онымен бiрдей пайдалануға құқылы. Олар өздерiне меншiк иесi берген тұрғын үйге өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын тұрғызуға құқылы. Отбасының басқа мүшелерiн тұрғызуға меншiк иесiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. 
      Меншiк иесiмен отбасылық қатынастар тоқтатылған жағдайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi, егер тұрғын үй иесiмен жазбаша келiсiмде өзгеше көзделмеген болса, жалға алу мерзiмiн көрсетпестен жалға алушы құқығын пайдалана алады. Бұл орайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтердiң ақысын төлеу жөнiндегi шығындарға қатысуға мiндеттi. 
      2. Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерi өздерiнiң тұрғын үйдi пайдалану құқығын бұзған кез келген адамнан, соның iшiнде меншiк иесiнен де аталған бұзушылықты жоюын талап ете алады. 
      3. Меншiк иесi отбасының кәмелетке толған мүшелерi (бұрынғы мүшелерi) өздерiнiң тұрғын үй-жайды пайдалануынан туындайтын мiндеттемелерi бойынша ортақ мүлiктiк жауапкершiлікте болады. 

  4-тарау. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН
ҮЙЛЕРДI ЖАЛДАУ

       23-бап. Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi басқа адамдарға
              жалға беруi

      1. Меншiк иесi өзi тұратын тұрғын үйдi, не негiзгi мақсаты жалға алушыларға тұрақты не уақытша тұру үшiн берiлу болып табылатын тұрғын үйдi жалға беруге құқылы. 
      2. Тұру шарттары (жалдау мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi, жөндеу жөнiндегi мiндеттердi бөлiсу, жалға алушыларды шығарудың негiздерi және сол сияқтылар) осы Заңмен, сондай-ақ жалға берушi мен жалға алушы арасындағы шартпен белгiленедi. 
      3. Тұрғын үйiн жалға беретiн адамдарды меншiк иесi таңдайды.
      4. Жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның 67-бабында аталған азаматтарға кейiннен беру үшiн жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдауға құқылы.
       Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       24-бап. Меншiк иесi тұрмайтын тұрғын
              үйдi жалдау шарттары

      1. Жеке тұрғын үй қорындағы меншiк иесi тұрмайтын тұрғын үйдi ол жазбаша түрде жасалған шарт бойынша басқа адамға жалға бере алады. 
      2. Жеке тұрғын үй-жай не тұруға жарамды, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы және басқа мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн жеке бөлме (бөлмелер) жалға берiлуi мүмкiн. 
      3. Егер жалға алу шартында өзгеше көзделмеген болса, жалға алушы жалға алынған үй-жайға өзiнiң отбасы мүшелерiн, қосымша жалдаушыларды және уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы.
      Тұрғын үй-жайды жергiлiктi атқарушы орган жалға алып берген адам оған қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы емес. 
      4. Егер шартта өзгеше көзделмеген болса, жалға алушы жалға алынған үй-жайды алты айға дейiнгi мерзiмге тастап кетуге құқылы. 
      Бұдан неғұрлым ұзақ уақыт бойы болмаған жағдайда шарттың күшi жалға берушiнiң келiсiмiмен ғана сақталады. 
      5. Жалға беру шартының күшi тараптар белгiлеген мерзiм бiткеннен кейiн не шартта көрсетiлген ахуал туғанда тоқтатылады. Жалға берушiнiң талап етуi бойынша шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға жалдаушы жалдау шартының ережелерiн сақтамаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 91-бабының 2 және 3-тармақтарында, 101-бабының 9-тармағында, 105-бабының 1-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларда, 106-бабының 5-тармағында, 107-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген негiздер мен ережелер бойынша жол берiледi. 
      Қолданылу мерзiмi және тоқтатудың өзге де негiздерi көзделмейтiн шартты жалға берушi жалға алушыға кемiнде үш ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта бұза алады. Шарт тоқтатылған не бұзылған жағдайда жалға алушы өзiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. 
      6. Жалға алушы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол бұл туралы жалға берушiге кемiнде бiр ай бұрын ескертуге не сол ай үшiн шартта белгiленген ақыны төлеуге мiндеттi. 
      Егер шартта көзделген мерзiмге не шарттың қолданылуын тоқтататын өзге де ахуалға бiр айға жетпейтiн уақыт қалса, аталған мерзiм тиiсiнше қысқартылады. 
      7. Егер отбасы мүшесiн қоныстандырған кезде сол мүше мен жалға алушы арасында өзгеше келiсiм болмаса, жалға алу шартының ережелерiне сәйкес жалға алушымен бiрге тұратын отбасы мүшесi, тұрғын үй-жайды жалға алушының өзi сияқты, дәл сондай пайдалану құқығына ие болады. 
      Отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес белгiленедi. 
      8. Тұрғын үй-жайға немесе жалға берiлген тұрғын үй-жай орналасқан тұрғын үйге меншiк құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда жалдау шарты, егер жалға алушының және тұрғын үй-жайды жалға берген меншiк иесiнiң арасында өзгеше көзделмесе, жаңа меншiк иесi үшiн күшiн сақтап қалады. 
       Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

       25-бап. Меншiк иесi тұрақты тұратын
             тұрғын үйдi жалдау ережелерi

      1. Меншiк иесi тұрақты тұрғын үйде жалға алушыға тұрғын үй-жайды немесе оның бiр бөлiгiн, оның iшiнде жапсарлас бөлменi немесе бөлменiң бiр бөлiгiн жалға беруге болады. Тұрғын үйде бiрнеше меншiк иесi тұрған жағдайда тұрғын үйдi жалға беру үшiн барлық меншiк иелерiнiң келiсiмi талап етiледi. 
      2. Жалға алушының басқа адамдарды, оның iшiнде өз отбасының мүшелерiн де меншiк иелерiнiң келiсiмiнсiз тұрғызуға құқығы жоқ. 
      3. Жалға алу мерзiмi аяқталғаннан кейiн жалға алушыда шартты жаңарту құқығы болмайды және ол жалға берушiнiң талап етуi бойынша басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. Жалдау шарты жалға берушiнiң талап етуi бойынша жалдаушы жалдау шартының ережелерiн сақтамаған жағдайда, сондай-ақ себептi тосын жағдайларда не осы Заңның 107-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша ғана мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн. 
      4. Мерзiмi көрсетiлмей жасалған жалдау шартын жалға берушi себебiн түсiндiрместен кез келген уақытта тоқтатуы мүмкiн. Жалға берушi жалға алушыға, жалдау шартының тоқтатылуы туралы кемiнде бiр ай бұрын ескертуге мiндеттi. 
      5. Жалға алушы жалдау шартын, егер шартта өзгеше көзделмеген болса, мерзiмiнен бұрын және ескертусiз бұзуға құқылы. 

       26-бап. Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың
              құқықтық жағдайы

      1. Қосымша жалдаушылардың тұру шарты, атап айтқанда, тұру мерзiмi, төленетiн ақының мөлшерi мен оны төлеу тәртiбi тұрғын үй-жайды жалға алушы мен қосымша жалдаушы арасындағы шарт арқылы белгiленедi. 
      2. Қосымша жалдау шарты тараптар белгiлеген мерзiм бiткенде не шартта көрсетiлген ахуал пайда болғанда тоқтатылады. 
      Шарт қосымша жалдаушы шартты бұзған жағдайда жалға алушының талап етуi бойынша, ал мерзiм не өзге де тоқтату негiздерi белгiленбеген шарттар қосымша жалдаушыны кемiнде бiр ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Қосымша жалдау шарты осы Заңның 29-бабында көзделген тұрғын үйге меншiк құқығы мәжбүр етiлiп тоқтатылған жағдайда да тоқтатылады. 
      3. Қосымша жалдаушы шартты, егер қосымша жалдау шартында өзгеше көзделмеген болса, кез келген уақытта бұзуға құқылы. 
      4. Қосымша жалдау шарты тоқтатылған не оны жалға алушы бұзған жағдайда қосымша жалдаушы басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. 
      5. Жалға алушы тұрғын үй-жайға уақытша тұрғындарды жалдау шартын жасаспай-ақ тұрғызуға құқылы. Уақытша тұрғындардың тұру шарттарын жалға алушы белгiлейдi.
      Уақытша тұрғындар жалға алушының талап етуi бойынша, басқа тұрғын үй-жай берiлместен, кез келген уақытта, кемiнде жетi күн бұрын ескерте отырып шығарылуға тиiс.

       27-бап. Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда қосымша
                жалдаушылар мен уақытша тұрғындарды шығару

      Жалдау шартының тоқтатылуымен бiрге қосымша жалдау шарты да тоқтатылады. Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындар жалдау шарты тоқтатылған жағдайда басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.

  5-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖЕКЕ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ
ТОҚТАТЫЛУЫ

       28-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығының тоқтатылуы

      1. Тұрғын үйге меншiк құқығы тұрғын үй иесi тұрғын үйдi басқа адамның иелiгiне берген кезде, меншiк иесi қайтыс болған жағдайда не тұрғын үй жойылған (қираған) жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. 
      2. Тұрғын үйге ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiреуi өз үлесiн сатқан кезде ортақ үлесi бар меншiкке басқа қатысушының сатып алуға басым құқығы болады. 
      Егер сатылатын үлестi сатып алуға ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiрнешеуi ниет бiлдiрсе, сатып алушыны таңдау құқығы сатушыға тиесiлi болады. Тұрғын үйге ортақ меншiктегi үлестi басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленедi.

       29-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату

      1. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп (меншiк иесiнiң еркiнен тыс) тоқтатуға:
      1) меншiк иесiнiң қарыздары бойынша жер учаскесiмен бiрге төлеттiрiп алуды тұрғын үйге аудару;
      2) реквизициялау;
      3) тәркiлеу;
      4) үй орналасқан жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттер үшiн алу (сатып алу) жағдайларында жол берiледi.
      2. Тұрғын үйге меншiк құқығын осы баптың 1-тармағындағы 2) және 4) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша күштеп тоқтатқан кезде меншiк иесiне оның қалауы бойынша: 
      1) тұрғын үйдiң және жер учаскесiнiң нарықтық құнын қоса, меншік иесiне құқығы тоқтатылғанға дейiн төленетiн ақшалай өтем төленуге, сондай-ақ меншiк иесiне келтiрiлген залалдардың орны толық толтырылуға; 
       2) осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiп бойынша меншiгiне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе тұрғын жай) берiлуге;
       3) реквизициялауды туғызған төтенше жағдайлар тоқтатылғаннан кейiн меншiк иесiне реквизициялаудан келтiрiлген залалдардың өтемақысын толық төлеу арқылы реквизицияланған тұрғын үй қайтарылуға тиiс. 
       3. Осы баптың 1-тармағындағы 1) және 3) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша тұрғын үйдi меншiктену құқығы тоқтатылған кезде меншiк иесi мен алынатын тұрғын үйде тұратын барлық адамдар басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.
       Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.10. N 227  Заңымен .

       30-бап. Меншiк иесiнiң отбасы мүшелерiн және
             басқа да тұрғындарды тұрғын үйден шығару

      1. Осы Заңның 29-бабының 1-тармағындағы 2) және 4) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша тұрғын үйдi меншiктену құқығы тоқтатылған жағдайда меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi (бұрынғы мүшелерi) тұрғын үйден шығарылады және бұрынғы тұрғын үйдiң өтемi ретiнде алынған тұрғын үйде тұру құқығын алады. 
      Бұрынғы тұрғын үйде тұратын басқа адамдар басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылады.
      2. Меншiк иесiнiң еркi бойынша (сату, сыйға тарту) тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) меншiктену құқығы тоқтатылған жағдайда, егер тұрғын үйдi сатып алушымен жасалған шарт бойынша өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi, меншiк иесi отбасының бұрынғы мүшелерi және уақытша тұрғындар басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылады.
      Меншiк құқығы тоқтатылуы, тұрғын үйдiң меншiк иесi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiне қатысты болса, ол осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген нормалармен реттеледi.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427  Заңымен .

   3 БӨЛIМ

   6-тарау. КОНДОМИНИУМ

       31-бап. Кондоминиумның құрылуы және тоқтатылуы

      1. Үй-жайлардың екi және одан да көп меншiк иелерiне тиесiлi тұрғын үйлерде меншiктiң ерекше нысаны - кондоминиум құрылады. 
      2. Үй-жай меншiк иелерiнiң әрқайсысы өзiне бөлек (жеке-дара) меншiк құқығы бойынша тиесiлi үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқылы. 
      Үйдiң бөлек (өзiндiк) меншiкке жатпайтын бөлiктерi (кiреберiс, баспалдақтар, лифтiлер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлiк жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесi, оның iшiнде көрiктендiру элементтерi және ортақтасып пайдаланылатын басқа да мүлiктер) үй-жай меншiк иелерiне ортақ меншiк құқығы бойынша тиесiлi болады. 
      Тұрғын үй iргесiндегi жер учаскесi де үй-жай меншiк иелерiне жердi ортақтасып пайдалану құқығы бойынша тиесiлi болуы мүмкiн. 
      3. Үй-жайдың әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi (ортақ меншiктегi) үлесi оған тиесiлi үй-жайға бөлек (өзiндiк) меншiктен бөлiнбейдi. Үлестiң мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бөлек (өзiндiк) меншiктегi тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының бүкiл үйдiң жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Мұндай үлестi заттай бөлiп беруге болмайды. 
      4. Егер үй-жай кондоминиум объектiсiне жапсарлас салынса немесе одан бөлiнсе, ортақ мүлiктегi үлес мөлшерi қайта есептеледi. 
      5. Үй-жайға (үй-жайларға) меншiк құқығының басқа адамға ауысуы ортақ мүлiктегi тиiстi үлестiң сатып алушыға ауысуына әкеп соғады. 
      6. Үй-жай меншiк иелерiнiң ортақ мүлiктегi өз үлесiн өзiне бөлек меншiк құқығымен тиесiлi үй-жайдан жеке бөлiп алуға құқығы жоқ. 
      7. Кондоминиум тұрғын үйдегi барлық үй-жайлар мен ортақ мүлiкке меншiк құқығы бiр меншiк иесiне (жеке, заңды тұлғаға, мемлекетке) ауысқан кезде немесе жер учаскесi мемлекеттiк қажеттер үшiн алынған (сатып алынған) немесе төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйдiң көп бөлiгi бүлiнген (қираған) жағдайда тоқтатылуы мүмкiн. 

       32-бап. Кондоминиум объектiсiн тiркеу

      1. Кондоминиум объектiсi жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлеге құқықты тiркеу туралы заңдарға сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркелуге тиiс. 
      2. Кондоминиум объектiсiн үй-жайлардың иелерi немесе олар уәкiлдiк берген адамдар тiркетуге тиiс. Осылай тiркелгенге дейiн кондоминиумға не кондоминиум объектiсiн басқаратын органға қатысушылардың ортақ меншiкке байланысты мәмiлелерi заң күшiне ие болмайды. 
      3. Көп пәтерлi тұрғын үйдi не мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендiру кезiнде кондоминиум объектiсiн бастапқы тiркеу iсiн жекешелендiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган жүргiзуге тиiс. 
      4. Бөлек (өзiндiк) меншiктегi үй-жайға билiк ету құқығы бойынша мәмiлелердi тiркеу кезiнде, сондай-ақ үй-жайдың шегi және бүкiл кондоминиум өзгерген жағдайда кондоминиум объектiсiн тiркеу құжаттарына тиiстi толықтырулар және (немесе) өзгерiстер енгiзiледi. 
       Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.06.07. N 391-I  Заңымен .

       33-бап. Бөлек үй-жай иелерiнiң ортақ мүлiктегi үлестерi

      1. Бiрнеше меншiк иелерiне тиесiлi бөлек үй-жайға меншiк иелерiнiң ортақ мiндеттемелерiндегi ынтымақтастық жауапкершiлiгiмен ортақ мүлiктегi бiр үлес сәйкес келедi. Мұндай меншiк иелерiнiң арасындағы өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiмiмен реттеледi. 
      2. Ауызша немесе жазбаша келiсiм болмаған жағдайда әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiкте көрсетiлген үлеске меншiгiне байланысты бөлiнбейтiн құқықтары мен мiндеттерi тең болады. 

       34-бап. Үй-жай иелерiнiң кондоминиумдағы құқықтары

      1. Үй-жайлардың барлық меншiк иелерi-кондоминиумға қатысушылар ортақ мүлiктi басқаруда тең құқыққа ие болады. 
      2. Үй-жай иесiнiң ортақ мүлiктi, сондай-ақ жер учаскесiн басқа меншiк иелерiмен қатар пайдалануға құқығы бар. 
      Аталған құқықты шектеу үй-жайлар иелерiнiң келiсiмiмен немесе кондоминиум объектiсiн басқару органының шешiмiмен белгiленуi мүмкiн. 
      3. Үй-жай иелерiнiң басқа жерде тұруы, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын басқа адамдарға беруi үй-жайды меншiктенушi құқықтарының шектелуiне әкелiп соқпайды және меншiк иесiн оған заңдармен, кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi меншiк иелерiнiң келiсiмiмен немесе меншiк иелерi бiрлестiгiнiң Жарғысымен жүктелетiн мiндеттерден босатпайды. 
      4. Үй-жайлардың иелерi ортақ мүлiктiң өздерiне бекiтiлiп берiлген пайдаланылуы шектеулi бөлiгiн үй-жайлар иелерiнiң келiсiмiнде не кондоминиум объектiсiн басқару органының шешiмiнде белгiленген ережелермен пайдалануға құқылы. 
      Үй-жай иесiнiң пайдаланылуы шектеулi қандай да болсын ортақ мүлiктi өз атынан иелiктен шығаруға құқығы жоқ. 

       35-бап. Үй-жайлар иелерiнiң мiндеттерi

      1. Үй-жайлардың иелерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердi атқарады. 
      2. Үй-жайлардың иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және бөлек (өзiндiк) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады. 
      3. Ортақ мүлiктi ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, үй-жай иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi. 

       36-бап. Үй-жайлардың иесi емес адамдардың мiндеттерi

      1. Үй-жайды жалдаушының (жалға алушының), сондай-ақ оның меншiк иесi емес басқа да адамдардың дауыс беруге құқығы жоқ және кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге де түрде қатыса алмайды, бiрақ барлық тұрғындар мен кондоминиум объектiсiнiң үй-жайларын жалдаушыларға (жалға алушыларға) ортақ ереженi сақтауға мiндеттi. 
      2. Кондоминиумдағы үй-жайдың орнында жоқ меншiк иесi ортақ мүлiктi ұстау жөнiндегi мiндеттердi орындамаған жағдайда мұндай мiндеттердi жалға алынған тұрғын үйде тұратын адамдар немесе тұрғын емес үй-жайларды жалға алушылар орындауға тиiс. 

       37-бап. Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң құқықтары
              мен мiндеттерiнiң ерекшелiктерi

      1. Тұрғын емес үй-жайдың иесi ортақ мүлiктiң тұрғын үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты ортақ шығыстарға қатысуға мiндеттi емес. 
      2. Ортақ мүлiктiң тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты шығыстарды осындай үй-жайлардың меншiк иелерi көтередi. 
      3. Тұрғын емес үй-жайдың иесi өз мүдделерiне қатысы жоқ кондоминиум мәселелерiн шешуге қатыса алмайды. 
      Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң мүдделерiне ғана қатысы бар мәселелердi шешуге басқа меншiк иелерi қатыса алмайды. 

       38-бап. Үй-жайларға кiру

      Егер меншiк иесiнiң үй-жайынан ғана жүргiзiлуi мүмкiн ортақ мүлiктiң жай-күйiн тексеру, ортақ мүлiктi жөндеу немесе алмастыру қажет болса, алдын ала жазбаша хабар алу бойынша меншiк иесi не басқа бiр тұрушы үй-жайдың басқа меншiк иелерiнiң немесе кондоминиум объектiсiнiң басқару органының өкiлiн үй-жайға кiргiзуге мiндеттi. 
      Авариялық жағдайларда немесе адамның денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн өзге де төтенше жағдайларда кiруге алдын ала хабарлаусыз рұқсат етiлуге тиiс. 

       39-бап. Ортақ мүлiкке немесе басқа үй-жайларға
              келтiрiлген залалды өтеу

      1. Егер үй-жайдың меншiк иесi ортақ мүлiктiң кез келген бөлiгiне немесе кез келген басқа үй-жайға залал келтiрсе, ол залалды өз есебiнен жоюға, не оны жою жөнiндегi шығындарды өтеуге мiндеттi. 
      2. Егер үй-жайда тұрушылар не үй-жайды пайдаланушы адамдар тiкелей залал келтiрушiлер болса, олар осындай мiндеттi меншiк иесiмен бiрлесiп көтередi. 

       40-бап. Кондоминиум объектiсiндегi үй-жайдың
              iшiн өзгерту

      Меншiк иесiнiң үй-жайды ортақ мүлiкке қауiп төндiретiн немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргiзумен байланысты өзгертуiне, соның iшiнде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады. 

       41-бап. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен
              ортақ мүлiк арасындағы шекаралардың өзгертiлуi

      1. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы шекараларды өзгертуге құрылыс нормалары мен ережелерi, сондай-ақ өзге де мiндеттi қауiпсiздiк талаптары сақталған жағдайда жол берiледi.
      2. Көршiлес (шектес) үй-жайлардың арасындағы шекараларды өзгерту осы үй-жайлар иелерiнiң өзара келiсiмi бойынша жасалуы мүмкiн.
      3. Үй-жайлар мен ортақ мүлiктiң арасындағы шекараларды өзгерту басқа меншiк иелерiнiң немесе кондоминиум объектiсiн басқару органының келiсуiмен ғана жасалуы мүмкiн.

  7-тарау. КОНДОМИНИУМ ОБЪЕКТIСIН БАСҚАРУ

       42-бап. Кондоминиум объектiсiн басқару нысандары

      1. Кондоминиум объектiсi тiркелгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей үй-жай иелерi кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы мәселенi шешуге тиiс. Осындай шешiм қабылданғанға дейiн бiртұтас кешен ретiнде кондоминиумге, сондай-ақ тұрғын үйдi коммуналдық қызметтермен бiр орталықтан қамтамасыз етуге байланысты мiндеттемелер бойынша меншiк иелерi бiрдей жауап бередi. 
      Бiртұтас инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жүйесi бар және бiртұтас тұрғын үй-коммуналдық кешендi құрайтын көп пәтерлi тұрғын үйде (немесе оның бiр бөлiгiнде) кондоминиум объектiсiн бiрлесiп басқарудың бiр нысаны ғана қолданылуы мүмкiн. 
      2. Кондоминиум объектiсiн басқару нысаны оған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленедi. Ондай нысандар: 
      1) егер барлық меншiк иелерiнiң саны төрт адамнан аспаса, олардың тiкелей бiрлесiп басқаруы; 
      2) үй-жай (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi; 
      3) кондоминиум объектiсiн үшiншi (сырт) жеке (тұрғын үйдi басқарушы) немесе заңды (тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету орны) тұлғалардың басқаруы; 
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нысандар болуы мүмкiн. 
      3. Кондоминиум объектiсiн басқару жөнiнде шарт бойынша тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету орнына не тұрғын үй басқарушысына берiлетiн құқықтар көлемi шартпен белгiленедi. 
      4. Үй-жайлар иелерi тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн ұйымдармен осындай қызмет көрсету туралы жеке шарттар жасасуға құқылы. 
      5. Меншiк иелерiнiң арасында кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы келiсiмге қол жетпеген ретте меншiк иелерiнiң кез келгенi, ал кондоминиум (объектiсi) тұрғын үй-жайларды жекешелендiру нәтижесiнде құрылған үйлерде жекешелендiрудi жүзеге асырушы мемлекеттiк орган да меншiк иелерiнiң алдына үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн құру туралы мәселе қоюға құқылы. 
      6. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi көпшiлiгiнiң шешiмi бойынша кондоминиум объектiсiн басқару нысанының өзгертiлуi мүмкiн. 
      7. Басқа үйлермен бiрге үй-жайлар иелерiнiң бiр кооперативi басқаратын тұрғын үй-жайдың иелерi көпшiлiк болып қабылданған шешiм бойынша осы кооперативтiң құрамынан шығып, өзiнiң жеке кооперативiн құруға не кондоминиум объектiсiн басқарудың өзге нысанын қолдануға құқылы. 

       43-бап. Үй-жайлар иелерiнiң кооперативiн құру

      1. Көп пәтерлi тұрғын үйдi немесе қатар орналасқан үйлер тобын басқару үшiн үй-жайлар иелерiнiң кооперативтерi, ал қоса салынған тұрғын емес үй-жайлары жоқ үйлер үшiн - пәтерлер иелерiнiң кооперативтерi құрылуы мүмкiн. Пәтерлер иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайы үй-жайлар иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайымен бiрдей. 
      2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi кондоминиумның екi немесе одан да көп қатысушыларынан тұруы мүмкiн. Кәмелетке толмаған азаматтардың мүдделерiн заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен олардың ата-аналары, қорғаншылары немесе қамқоршылары бiлдiредi. 
      3. Құрылтай жиналысының өткiзiлгенi туралы кооператив құрудың бастамашылары әрбiр үй-жайдың иелерiне жиналыс өткiзiлетiн болып белгiленген күннен кемiнде он күн бұрын хабарлауға тиiс. 
      4. Егер кооперативтiң құрылтай жиналысына кондоминиумға қатысушы үй-жай иелерiнiң немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарының кемiнде жартысы қатысса, ол өткiзiлген болып танылады. 
      5. Егер жиналысқа үй-жайлар иелерiнiң немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарының жартысынан азы қатысса, жиналыс өткiзiлмеген болып танылады. 
      Жиналыстың қайта шақырылғаны туралы әрбiр меншiк иесiне шақыру белгiленген күннен кемiнде бес күн бұрын хабарланады. Қайта өткiзiлген жиналыс оған қатысушылардың санына қарамастан өткiзiлген болып танылады. 
      Жиналысты жүргiзу үшiн төраға мен хатшы сайланады. 
      6. Әрбiр үй-жай иесiнiң құрылтай жиналысында бiр даусы болады. Бiрнеше үй-жай иесiнiң мөлшерлi дауыс саны болады. 
      Құрылтай жиналысының шешiмi жиналысқа қатысушылардың немесе олардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының бiлiктi үштен екi даусымен қабылданады. 
      7. Құрылтай жиналысы мынадай мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдайды: 
      1) үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн құру; 
      2) кооператив Жарғысын бекiту; 
      3) кооператив басқармасының төрағасын, басқарма мен тексеру комиссиясының мүшелерiн сайлау. 
      Құрылтай жиналысы кондоминиум объектiсiне қатысты басқа да мәселелердi қарауға құқылы. 
      8. Үй-жайлардың кооператив iстерiн басқаруға қатыспайтын иелерi кооперативтiң барлық мүшелерiмен қатар кондоминиум объектiсiн ұстауға қажеттi мөлшерлi ақша төлеп және (немесе) еңбекпен қатысуға, кондоминиум объектiсiн басқару органдарының ортақ мүлiктi ұстау мен пайдалануға қатысты және үйдiң берiктiгi мен пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн барлық шешiмдерiн орындауға мiндеттi. 

       44-бап. Үй-жай иелерiнiң кооперативтерiн тiркеу

      1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi оның белгiленген тәртiпке сәйкес мемлекеттiк тiркеуден өткен кезiнен бастап құрылған болып есептеледi және заңды тұлға құқығына ие болады. 
      2. Үй-жайлар иелерiнiң кооперативiн тiркеу үшiн тiркеушi органға: 
      1) өтiнiш; 
      2) кондоминиум объектiсiндегi үй-жайлар иелерiнiң құрылтай жиналысының хаттамасы; 
      3) үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң Жарғысы; 
      4) кондоминиумды тiркеу туралы мемлекеттiк акт табыс етiледi. 
      3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үй-жайлар иелерiнiң кооперативтерiн құруға жан-жақты көмек пен жәрдем көрсетуге тиiс. 
      4. Егер тiркеудi жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттардың бәрi тапсырылмаса немесе тапсырылған құжаттар талап етiлiп отырған нысанға сәйкес келмесе, тiркеушi орган жеткiлiксiз құжаттарды тапсыру мерзiмiн белгiлейдi. Барлық құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылған ретте өтiнiш құжаттарды бастапқы тапсырған күнi берiлген болып есептеледi. Олай болмаған жағдайда өтiнiш пен басқа құжаттар тапсырылмаған болып есептелiп, өтiнiш берушiге қайтарып берiледi. 
      5. Тiркеуге тапсырылған құжаттар он бес күнге дейiнгi мерзiмде қаралады. Аталған мерзiм iшiнде тiркеушi органның: 
      1) кооперативтi тiркеу туралы; 
      2) тапсырылған құжаттарды заң талаптарымен сәйкес келтiру үшiн мерзiм белгiлеу туралы; 
      3) кооперативтi тiркеуден бас тарту туралы шешiмi қабылданады. Тiркеушi органның бас тартуды негiздеген тиiстi шешiмi ол қабылданғаннан кейiн бес күн iшiнде тiркеу туралы өтiнiште көрсетiлген адамның мекен-жайына жiберiледi не сол адамға немесе ол уәкiлдiк берген адамға қолхатпен тапсырылады. 
      6. Кооперативтi құру тәртiбi мен шарттары елеулi түрде бұзылған жағдайда, кооператив Жарғысы заң талаптарына сәйкес келмеген ретте, үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн тiркеуден бас тартылуға тиiс. 
      7. Тiркелген кооперативке бес күн мерзiмде тiркеу туралы куәлiк берiледi. 
      8. Тiркеушi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн.
       Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  

       45-бап. Үй-жайлар иелерi кооперативiнiң мүлкi

      1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi өзi сатып алған, кооператив өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн мүлiк оған меншiк құқығымен тиесiлi болады. 
      2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Кооператив мүшелерi кооператив қарыздары бойынша жауап бермейдi. 

       46-бап. Үй-жайлар иелерi кооперативiнiң Жарғысы

      1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң Жарғысында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 41 және 108-баптарында көзделген мәлiметтер болуға тиiс. 
      2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативi құрылтай жиналысының шешiмi бойынша Жарғыға заңдарға қайшы келмейтiн басқа ережелер де енгiзiлуi мүмкiн. 

       47-бап. Үй-жайлар иелерi кооперативiнiң жоғары органы

      1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң жоғары органы кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Кооператив мүшелерi жиналысқа сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы қатысуға құқылы. 
      Кооператив мүшелерi жалпы жиналысының ерекше құзыретiне: 
      1) кондоминиум объектiсiн тiркеу туралы мемлекеттiк актiге, сондай-ақ Жарғыға өзгерiстер енгiзу қажеттiгiн белгiлеу, басқа ережелер мен қағидаларды өзгерту және қабылдау; 
      2) кооператив басқармасының төрағасын, басқарма мен тексеру комиссиясының мүшелерiн сайлау, оларға сыйақылар төлеудi шешу; 
      3) кооперативтiң жыл сайынғы есебiн бекiту; 
      4) кiрiстер мен шығыстардың жылдық бюджетi мен жылдық сметасын бекiту; 
      5) кооперативтiң резерв және басқа да арнаулы қорларын құру; 
      6) тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету орнымен кооперативтiң шарт жасасуы туралы мәселенi шешу; 
      7) заңды тұлғаны қоса алғанда, тұрғын үй басқарушысын шарт бойынша сырттан шақыру; 
      8) осы жылға арналған сметаның шығыс бөлiгiнiң жиырма бес процентiнен асатын сомаға несие алуға келiсiм беру; 
      9) үй-жайлар иелерiнiң кооперативiн тоқтату жатады. 
      Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативi қызметiнiң кез-келген басқа да мәселелерiн өзiнiң қарауына қабылдай алады. 
      2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кезектен тыс жиналыс басқарманың шешiмi бойынша не тексеру комиссиясының талап етуi бойынша не кооператив мүшелерiнiң кемiнде жиырма процентiнiң талап етуi бойынша шақырылады. 
      3. Алдағы жалпы жиналыс туралы кооператив мүшелерi кемiнде он күн бұрын құлақтандырылуға тиiс. 
      4. Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы не олардың сенiм бiлдiрген адамдарының кемiнде елу процентi қатысқан ретте жиналыс заңды болады. Мұндай кворум болмаған ретте осы Заңның 43-бабының 5-тармағында көзделген салдарлар туады. 
      5. Жалпы жиналысқа қатысушы кооператив мүшелерiнiң (олардың сенiм бiлдiрген адамдарының) кемiнде жиырма процентiнiң талап етуi бойынша шешiм қабылдау жасырын дауыс беру арқылы жүргiзiледi. 
      6. Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысын кооператив басқармасының төрағасы, ал ол жоқта басқарма мүшелерiнiң бiрi жүргiзедi. 
      7. Егер осы Заңмен немесе кооператив Жарғысымен өзгеше көзделмесе, жиналыс шешiмi жиналысқа қатысушы кооператив мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Кооперативтiң әрбiр мүшесiнiң бiр даусы болады. 
      Егер кооперативтiң бiр мүшесiнiң бiрнеше үй-жайы болса, оның тиiсiнше дауыс саны болады. Дауыстар тең бөлiнген жағдайда жиналыс төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады. 
      8. Осы баптың 1-тармағының 1),6),7),8),9) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша, сондай-ақ ортақ мүлiктi жақсарту немесе толықтыру мәселесi бойынша шешiм қабылдау үшiн жиналысқа қатысқан кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенiм бiлдiрген өкiлдерi даусының үштен екiсi талап етiледi. 
      9. Әрбiр қаржы жылы үшiн кооператив басқармасы жиналысқа қаржы есептерiн, сондай-ақ кондоминиум объектiсiн ұстау және оның жұмыс iстеуi жөнiнде күтiлiп отырған шығыстарды жабуға жеткiлiктi жылдық сметалардың жобаларын ұсынады. Смета кооперативтiң резерв қорын құруды және толықтырып отыруды көздеуге тиiс. 

       48-бап. Үй-жайлар иелерi кооперативiнiң басқармасы
              және басқармасының төрағасы

      1. Үй-жайлар иелерi кооперативi басқармасының сан құрамы мен өкiлеттiк мерзiмi Жарғымен белгiленедi. 
      2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативi мүшелерi жалпы жиналысының құзыретiне ғана жататындарды қоспағанда, басқарма кооперативтiң бүкiл өкiлеттiгiн жүзеге асырады. Басқарманың құзыретiне, атап айтқанда: 
      1) кооператив мүшелерiнiң белгiленген мiндеттi төлемдер мен жарналарды уақытында төлеп отыруына бақылау жасау; 
      2) кооперативтiң бюджетiн, сметалары мен есептерiн жасау, оларды кооперативтiң жалпы жиналысының бекiтуiне ұсыну;
      3) кооператив атынан шарттар жасасу;
      4) кондоминиум объектiсiн басқару немесе кондоминиум объектiсiн, басқаруға шарттар жасасу;
      5) кондоминиум объектiсiне қызмет көрсету үшiн жұмысшылар мен қызметшiлер жалдау және оларды жұмыстан шығару;
      6) кооператив мүшелерiнiң тiзiмiн, iс қағаздарын, бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi жүргiзу;
      7) жалпы жиналысты шақыру және оны өткiзудi ұйымдастыру;
      8) кооператив Жарғысынан туындайтын өзге де мiндеттердi орындау жатады.
      3. Басқарма отырысын кооператив Жарғысында белгiленген мерзiмде төраға шақырады.
      4. Басқарма отырысы оған басқарма мүшелерiнiң көпшiлiгi қатысқан жағдайда заңды болып танылады.
      5. Кооператив басқармасының төрағасы азаматтық айналымда, мемлекеттiк және сот органдарында кооперативтiң сенiмхатсыз өкiлi болуға құқылы.
      6. Егер үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн онға жетпейтiн мүше бiрiктiрсе, басқарма мiндеттерi кооператив төрағасына жүктелуi мүмкiн.
      7. Кооператив төрағасының құқықтары мен мiндеттерi Жарғымен белгiленедi.
      8. Кооператив басқармасының немесе оның төрағасының iс-әрекеттерiне кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында шағым жасалуы мүмкiн. 

       49-бап. Үй-жайлар иелерi кооперативiнiң
              тексеру комиссиясы

      1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң тексеру комиссиясы кооператив қызметiнiң кез келген учаскесiне қаржы жөнiнен тексеру жүргiзуге құқылы. Тексеру комиссиясы кооператив басқармасының жыл сайынғы есебi бойынша және басқарма табыс еткен кiрiстер мен шығыстар сметасы бойынша қорытынды бередi. 
      2. Басқарма мүшелерi мен олардың отбасы мүшелерi, не басқарма мүшесiмен бiр пәтерде тұратын меншiк иелерi бiр мезгiлде тексеру комиссиясының мүшелерi бола алмайды. 
      3. Егер кооператив онға жетпейтiн мүшенi бiрiктiрсе, тексеру комиссиясының орнына тексерушi сайлануы мүмкiн. 

       50-бап. Үй-жайлар иелерiнiң ортақ шығыстарға қатысуы

      1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi ортақ мүлiктi ұстау және пайдалану жөнiндегi ортақ шығыстарға өз үлесi мөлшерiнде қатысуға мiндеттi. Егер кооператив Жарғысында өзгеше көзделмесе, мiндеттi төлемдер ай сайын төленiп отырады. 
      Мiндеттi және жалпы үйдi қажетiнше пайдалануды қамтамасыз ететiн шығыстар қатарына жатпайтын қосымша шығыстар үй-жайлар (пәтерлер) иелерiне олардың келiсiмiнсiз жүктеле алмайды. 
      2. Тұрғын емес үй-жайлардың иелерi ортақ мүлiктi пайдалану жөнiнде, өздерi жүзеге асыратын өндiрiстiк, сауда және сол сияқты қызметке байланысты белгiленген сметадан тыс шығыстарды жабуға мiндеттi. 
      Үй-жайлар иелерiнiң өздерiне үй-жайлар иелерiнiң кооперативi берген пайдаланылуы шектеулi ортақ мүлiктi немесе жер учаскесiн жеке пайдалануына байланысты шығыстары нақ осы тәртiппен жабылады. 
      3. Ортақ мүлiктi жеке мақсаттар үшiн пайдалануға байланысты шығыстарды сол мүлiктi шектеулi пайдалануға құқығы бар меншiк иесi өтеуге тиiс. 
      4. Үй-жайлардың иелерi жалпы шығыстар шотына мiндеттi төлемдердi кешiктiрген ретте мерзiмiнен асқан әрбiр күн үшiн келесi айдың алғашқы күнiнен бастап қарыз сомасына заңдарда белгiленген мөлшерде өсiм есептеледi. 
      Үй-жайлар иелерi кооперативiнiң мүшесi берешегiн белгiленген төлем уақытынан кейiнгi үш айдың iшiнде орынды себепсiз өтемеген ретте кооператив қарызды күштеп өндiрiп алу туралы сотқа жүгiнуге құқылы. 
      Өндiрiп алуға жүгiну Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

       51-бап. Үй-жайлар иелерiнiң кооперативiн тоқтату

      1. Үй-жайлар иелерiнiң кооперативi мынадай жағдайларда: 
      1) жер учаскесi мемлекеттiк қажеттер үшiн алынған (сатып алынған) ретте; 
      2) кондоминиум объектiсiн басқарудың басқа нысанына көшу туралы үй-жайлар иелерiнiң қабылдаған шешiмi бойынша; 
      3) өрт, жер сiлкiнiсi немесе өзге де зiлзалалар салдарынан үйдiң елу проценттен астамы зақымдалған (қираған) жағдайда тұрғын жайдың зақымдалған (қираған) бөлiгiн қалпына келтiрмеу жөнiнде үй-жайлар иелерiнiң қабылданған шешiмi бойынша; 
      4) кондоминиумды тоқтатқан ретте тоқтатылуы мүмкiн. 
      2. Кооперативтi тоқтатқан ретте оның борыштарды өтегеннен кейiн қалған мүлкi, егер меншiк иелерiнiң арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, кооператив мүшелерiнiң арасында олардың ортақ мүлiктегi үлестерiне мөлшерлi бөлiнедi. 
      3. Кооперативтiң тоқтатылуы оның құрылуы сияқты тiркеледi. 

  8-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-ҚҰРЫЛЫС
КООПЕРАТИВТЕРI

       52-бап. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс
              кооперативтерiн құру

      1. Азаматтар тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiне кiруге құқылы. 
      2. Тұрғын үй кооперативтерi пәтерлерi немесе өзге де тұрғын үй-жайлары кооператив мүшелерiне берiлетiн тұрғын үйдi сатып алу үшiн құрылады. 
      3. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерi тұрғын үй салып, оны кейiннен кооператив мүшелерiнiң тұруына тұрғын үй-жайлар ретiнде пайдалану үшiн құрылады. 
      Тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейiн тұрғын үй-құрылыс кооперативi тұрғын үй кооперативiнiң мәртебесiн алады. 
      4. Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiн басқару, егер осы тараудың және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына қайшы келмесе, үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн басқару үшiн осы Заңмен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

       53-бап. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс
              кооперативтерiне мүше болу шарттары

      1. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативi мүшелерiнiң саны кәмелетке толған үш азаматтан кем болмауы керек. 
      2. Меншiктi тұрғын үйiнiң болуы, егер аталған кооперативтiң Жарғысында өзгеше көзделмесе, тұрғын үй немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiне кiруге кедергi болмайды. 
      3. Егер кооператив Жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi пайдалануға құқылы үй-жайлардың (пәтерлердiң) санына, сондай-ақ олардың мөлшерiне шек қойылмайды. 
      4. Пайдалануына кооперативтiк пәтер (тұрғын үй-жай) алған тұрғын үй немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiнiң мүшелерi сол елдi мекенде орналасқан, мемлекеттiк тұрғын үй қорының құрамына енетiн тұрғын үйден шығарылуға тиiс. 

       54-бап. Кооператив мүшесiне тұрғын үй-жай беру

      1. Тұрғын үй немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативi мүшелерiнiң арасында тұрғын үй-жайларды бөлу енгiзiлген немесе енгiзiлетiн пай жарналарының сомасына сәйкес кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмiмен жүргiзiледi. 
      Пай жарналарының мөлшерi кооператив мүшесiне берiлетiн үй-жайдың (пәтердiң) пайдалы алаңының жалпы үй алаңына қатынасымен анықталатын үлесiне сәйкес белгiленедi. 
      2. Кооперативтiң жалпы құрылтай жиналысының шешiмiмен пай жарналарын төлеу (пай қорларын құру) мерзiмдерi белгiленедi. Бастапқы жарна пай жарнасының кемiнде үштен бiрiн құрауға тиiс. 

       55-бап. Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерiн
              қаржылай (несиелей) қолдау

      1. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерi заңдармен белгiленген тәртiппен мемлекеттен, меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына негiзделген заңды тұлғалардан, азаматтардан ақшалай қарыздар және өзге де материалдық көмек алуына болады. 
      2. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiнiң де жалпы негiздерде несиелер алуына болады. 

       56-бап. Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс)
              кооперативiнiң Жарғысы

      1. Тұрғын үй және тұрғын үй құрылыс кооперативтерi кооператив мүшелерiнiң жалпы құрылтай жиналысында қабылданған Жарғы негiзiнде жұмыс iстейдi. 
      Жиналысқа кооператив мүшелiгiне кiретiн адамдардың немесе олар сенiм бiлдiрген адамдардың кемiнде үштен екiсi қатысуға тиiс.
      Жарғы жалпы құрылтай жиналысына қатысушылардың үштен екi көпшiлiк даусымен қабылдануы мүмкiн.
      2. Кооператив Жарғысында:
      1) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 41 және 108-баптарында белгiленген мәлiметтер;
      2) кiру жарналары мен өзге де жарналардың мөлшерi;
      3) тұрғын үй-жайларды жалға берудiң немесе оны тұрғын үй емес мақсатта пайдаланудың тәртiбi;
      4) тұрғын үй-жайларға уақытша тұрғындарды тұрғызу шарттары;
      5) жиналған пайды бөлген ретте тұрғын үй-жайларды пайдалану тәртiбi;
      6) кооператив мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн басқа адамдарға берудiң тәртiбi мен шарттары;
      7) үйдегi тұрғын үй-жайларды пайдаланудың өзге де шарттары көзделуге тиiс.

       57-бап. Кооперативтi және оған тиесiлi жылжымайтын
                мүлiктi тiркеу

      1. Тұрғын үй және тұрғын-үй-құрылыс кооперативтерi заңды тұлғаларды тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс. 
      2. Тiркелген кезiнен бастап кооператив заңды тұлға құқығын алады. 
      3. Меншiк құқығымен кооперативке тиесiлi жылжымайтын мүлiк, соның iшiнде тұрғын үй жылжымайтын мүлiктi тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс. 
      Бұл орайда кооперативтiң әрбiр мүшесiне пайдалануға берiлетiн әрбiр пәтер (тұрғын үй-жай) және тұрғын үйдегi адам тұрмайтын үй-жай тiркеледi. 

       58-бап. Кооператив мүшесiнiң отбасы
              мүшелерiнiң құқықтары

      1. Тұрғын үй немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативi мүшесiнiң отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес белгiленедi. 
      2. Егер жиналған пайға төлемдер ерлi-зайыптылар бiрлесiп өмiр сүрген кезеңде төленсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше белгiленбеген болса, жиналған пайдың бiр бөлiгiне кооператив мүшесi зайыбының (жұбайының) құқығы танылуы мүмкiн. 
      3. Қайтыс болған кооператив мүшесi мұрагерiнiң пай жинауға құқығы танылуы мүмкiн.
      4. Жиналған пайдың бiр бөлiгiне құқығы болатын кооператив мүшесiнiң отбасы мүшелерi пайдаланылып отырған үй-жай жөнiнде нақ кооператив мүшесi сияқты құқықтар мен мiндеттердi пайдаланады.
      Кооператив мүшесi отбасының басқа мүшелерi кооператив мүшесiнiң үй-жайында тұрақты тұру (пайдалану) құқығын пайдаланады.

       59-бап. Кооперативке мүшелiктiң тоқтатылуы

      Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiне мүшелiк:
      1) кооперативтен ерiктi түрде шыққан;
      2) табиғи зiлзала, өрт, авариялық күйге ұшырау немесе басқа да төтенше жағдайлар салдарынан үй-жай (пәтер) одан әрi пайдалануға жарамсыз болған;
      3) кооператив мүшесi қайтыс болған;
      4) кооперативтен шығарылған жағдайларда тоқтатылады.

       60-бап. Кооперативтен шығудың салдары

      1. Кооператив мүшесi оның құрамынан шыққан кезде пай жарнасының толық сомасын өзi төлегенге дейiн пәтерде тұратын жиналған пайдың бiр бөлiгiне құқығы болатын отбасы мүшесi кооперативке кiруге басым құқыққа ие болады. 
      2. Кооперативтен шыққан оның мүшесi жиналған пайдың бiр бөлiгiне құқығы болатын отбасы мүшесiнiң келiсiмiмен кооператив мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн беруге өзi тiлек бiлдiретiн басқа адамды көрсете алады. 
      Мұндай адам кооперативке кiруге басым құқық алады. 
      3. Өзге жағдайларда басым құқық пәтерде тұруға қалған отбасының басқа мүшелерiне ауысып, олардың бiреуi отбасының жалпы келiсiмi бойынша кооперативке кiредi. Келiсiмге қол жетпеген кезде мәселе кооперативтiң жалпы жиналысында шешiледi. 

       61-бап. Кооперативтен шығару

      Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiнiң мүшесi: 
      1) үй-жайды, сондай-ақ кооперативтiң басқа да мүлкiн үнемi бұзған немесе бүлдiрген; 
      2) егер жатақхана ережелерiн үнемi бұзуы басқалардың онымен бiр пәтерде (тұрғын үйде) тұруына немесе үйдiң адам тұрмайтын бөлмесiн пайдалануына мүмкiндiк бермеген, ал ескерту және қоғамдық ықпал ету шаралары нәтижесiз болған жағдайларда; 
      3) кооператив Жарғысында көзделген басқа да жағдайларда кооперативтен сот тәртiбiмен шығарылуы мүмкiн. 

       62-бап. Кооперативтен шығару салдары

      1. Осы Заңның 61-бабының 1) және 2) тармақшалары бойынша тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiнен шығарылған кезде кооперативтiң бұрынғы мүшесi кооперативтiк пәтерден басқа үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. 
      2. Көрсетiлген негiздер бойынша кооперативтен шығаруды қоспағанда, кооперативтiң бұрынғы мүшесiнiң отбасы мүшелерi және үй-жайды пайдаланушы басқа адамдар, сондай-ақ жатақхана ережелерiн бұзуға, тұрғын үйдi (үй-жайды) не кооперативтiң басқа да мүлкiн бұзуға (бүлдiруге) кiнәлi адамдар басқа үй-жай берiлместен шығарылуы керек. 
      Кооперативтен шығарылған отбасының қалған мүшелерi олардың бiреуi кооператив мүшесiне айналған жағдайда үй-жайда тұру (пайдалану) құқығын сақтап қалады. Бұл орайда жиналған пайдың бiр бөлiгiне құқығы болатын отбасы мүшелерi кооперативке кiруде басым құқықты пайдаланады. 
      3. Егер мүлiктердi қиратуға (бүлдiруге) немесе жатақхана ережелерiн бұзуға кооператив мүшесiнiң отбасы мүшелерi ғана кiнәлi болса, тек кiнәлi адамдар ғана басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. 
      4. Кооператив Жарғысында кооперативтен шығарудың қосымша негiздерi белгiленген жағдайда да онда шығарылудың тиiстi салдары көрсетiлуге тиiстi. 

       63-бап. Кооператив мүшесiнiң пәтер (үй-жай) үшiн пай
              жарнасының толық сомасын төлеуi

      1. Пай жарнасының толық сомасын төлеу кооператив мүшесiнiң кооперативтiк пәтерге (үй-жайға) меншiк құқығын алуына негiз болады. 
      2. Пәтер (үй-жай) иесi оны жылжымайтын мүлiктi тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен тiркеуге мiндеттi. 
      3. Кооператив мүшелерiнiң меншiк құқығына жататын кооперативтiк тұрғын үйде бiр немесе одан да көп пәтер (үй-жай) болған кезде тұтас алғанда бүкiл үйге меншiк кондоминиум белгiлерiн алады. 
      4. Өз пәтерiне (үй-жайына) меншiк құқығын алған тұрғын үй кооперативiнiң мүшесi кооператив мүшесiнiң барлық қалған құқықтары мен мiндеттерiн сақтап қалады. 
      5. Бұрынғы кооперативтiк пәтердiң (үй-жайдың) иесi кооперативтен шыққан кезде оның пәтер (үй-жай) шегiнен тысқары кооператив мүлкiн пайдалану құқығы, сондай-ақ мұндай мүлiктi ұстау және оның меншiк құқығын қозғамайтын кооперативтi басқару органдарының шешiмдерiн орындау жөнiндегi барлық мiндеттерi сақталып қалады. 

       64-бап. Босаған тұрғын үйдi басқа адамға беру

      1. Тұрғын үй кооперативi мүшесiнiң кооператив құрамынан шығуына немесе кооперативтен шығарылуына байланысты босаған тұрғын үй осы Заңның 60 және 62-баптарына сәйкес кооперативке кiру құқығы бар адамдар болмаған орайда кооператив жалпы жиналысының шешiмi бойынша кооператив мүшелiгiне жаңадан қабылданған адамға берiледi. 
      Кiру кезiнде тұрғын үй жағдайларын жақсартуды қалайтын сол кооперативтiң мүшелерi басымдықты пайдаланады.
      2. Кооперативтiң шығып кеткен немесе шығарылған мүшесiнiң орнына кооперативке қабылданған адам өзi кооперативке қабылдауға дейiнгi бұрынғы пайшының кооператив алдындағы мiндеттемелерiне жауап бередi.

       65-бап. Пай жарнасын қайтару

      1. Кооператив мүшелiгiнен шығып кеткен не шығарылған адамға үш айлық мерзiмнен кешiктiрмей кооператив алдындағы ақшалай мiндеттемелерi шегерiле отырып, өзi төлеген пай жарнасы қайтарылып берiледi.
      2. Пай жарналары қайтарылған барлық жағдайларда осы тарауда көзделген қайтарылатын сома инфляцияны ескере отырып белгiленедi.

       66-бап. Тұрғын үй кооперативiнiң үй-жай иелерiнiң
              кооперативi болып қайта құрылуы

      1. Егер тұрғын үй кооперативiнiң барлық мүшелерi кооперативтiк пәтерлерге (үй-жайларға) меншiк құқығын алса, мұндай кооператив үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi не кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi меншiк иелерiнiң өзге де бiрлестiгi болып қайта құрылуы мүмкiн. 
      2. Жылумен, сумен, энергиямен, газбен жабдықтаудың және канализацияның бiрыңғай жүйесi болатын тұрғын үйде кондоминиум объектiсiн басқаратын екi және одан да көп кооператив құруға болмайды.
      3. Тұрғын үй кооперативтерiнiң, сондай-ақ үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативтерiнiң қызметiне, егер осы Заңға қайшы келмесе, кооперация туралы заңдар қолданылады.

   4 БӨЛIМ

   9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН
ТҰРҒЫН ҮЙ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ЖЕРГІЛІКТІ
 АТҚАРУШЫ ОРГАН ЖАЛДАҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ

       Ескерту. Тарау тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

       67-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй
              беру шарттары

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi. 
      2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын үй, жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қоспағанда, қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi.
      3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй өздерiнiң жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңдарына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi. 
       Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N  587 , 2006.07.07.N  182  Заңдарымен.

       68-бап. Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын
              топтарына жататын азаматтар

      Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдар;
      2) I және II топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
      3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
      4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
      5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
      6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетiм балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
      7) оралмандар;
      8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
      9) көп балалы отбасылар;
      10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
      11) толық емес отбасылар жатады.
       Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.06.  N 276  Заңымен.

       69-бап. Азаматтарды тұрғын үйге мұқтаж деп тану

       Азаматтар егер:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығымен өздерiнiң тұрғын үйi болмаса;
      2) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi үйлерде, соның iшiнде тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерiнiң үйлерiнде өздерiнiң тұрақты пайдаланатын үйлерi болмаса; 
      3) отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативтiк санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе; 
      4) оқшауланбаған, шектес тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса; 
      5) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып (заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулардың тiзiмi бойынша), бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

       70-бап. Азаматтардың мемлекеттiк тұрғын үй
              қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй
              қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған
              тұрғын үй алу құқығы

      Ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы.
       Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

  10-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН
ТҰРҒЫН ҮЙ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ЖЕРГІЛІКТІ
 АТҚАРУШЫ ОРГАН ЖАЛДАҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ ТӘРТIБI

       Ескерту. Тарау тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

       71-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй 
             немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
             атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге
             болатын азаматтарды есепке алу

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. 
      Осы Заңның 67-бабында аталған азаматтар есепке қойылады. 
      2. Есепке алу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Азаматтардың қандай да болсын қосымша құжаттар беруiн талап етуге тыйым салынады. 
      3. Азаматтардың өздерiн және өздерiнiң отбасы мүшелерiн мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге мұқтаждар есебiне қою туралы арыздары тұрғылықты жерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органда бiр ай iшiнде қаралады. 
      Арыз берушiлерге қабылданған шешiм туралы аталған мерзiм аяқталғанға дейiн жазбаша түрде хабарланады. 
       Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.07.07.N  182  Заңдарымен.

       72-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй 
              немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
              атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру
              үшiн есепке қоюдан бас тарту негiздерi

      Егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны: 
      1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны; 
      2) оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi осы Заңның 98-1-бабына сәйкес сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығаруы; 
      3) тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi; 
      4) тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуiне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi; 
      5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшiн есепке қоюдан бас тартылуы мүмкiн. 
       Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N  587 , 2006.07.07.N  182  Заңдарымен.

       73-бап. Азаматтарды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
              тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан
              жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй
              беруге мұқтаждар есебiнен шығару негiздерi

      1. Азаматтар: 
      1) егер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуi үшiн негiздер жойылса; 
      2) басқа елдi мекенге тұрақты тұру үшiн кетсе; 
      3) азамат мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуiне мұқтаждығы туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берсе не есепке алу туралы мәселенi шешу кезiнде лауазымды адамдар заңсыз әрекет жасаса; 
      4) жер учаскесiн алса және өзiнiң тұрғын үйiн салуды аяқтаса немесе тұрғын үй сатып алса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуге мұқтаждар есебiнен шығарылуы мүмкiн. 
      2. Есепте тұрған азамат тұрақты тұруға басқа жаққа қоныс аударған не ол қайтыс болған жағдайда, егер бұл орайда мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуге мұқтаж деп тану үшiн негiздер жойылмаса, отбасының онымен бiрге есепке тұрған өзге мүшелерiнiң кезегi сақталады. 
      3. Мүдделi адамдарға есептен шығару туралы шешiм қабылданғаннан кейiн он күн мерзiм iшiнде есептен шығарудың негiздерi көрсетiлiп жазбаша түрде хабарланады. 
      4. Азамат мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуге мұқтаждар есебiне ол үшiн негiздер болмаса да қойылып, тәртiп бұзушылық байқалған, бiрақ кейiннен мұндай негiздер пайда болған (отбасы мүшелерi санының көбеюi, отбасының жиынтық табысының кемуi және сол сияқтылар) жағдайларда ол негiздер пайда болған күннен бастап мұқтаж деп танылады және оның кезегi соған сәйкес ауыстырылады.
       Ескерту. 73-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.   

       74-бап. Азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
              тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан
              жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын
              үй беру кезегi

      1. Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.  
      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуге мұқтаждар есебiнiң тiзiмiн былайша бөлек жүргiзедi: 
      1) әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар; 
      2) мемлекеттiк қызметшiлер, өзге де бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi мен әскери қызметшiлер. 
      Бөлек тiзiм бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берiлген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй бөлудi, егер осы Заңда немесе басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, бөлек тiзiмдердiң санына қарай ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жүргiзедi. 
      3. Аталған тiзiмге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бұл тiзiмге енгiзiлген басқалар алдында ешкiмнiң де басымдық құқығы болмайды.
       Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 587   Заңымен , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.07.07.N  182  Заңдарымен.

       75-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
              үй немесе жеке тұрғын үй қорынан
              жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын
              үй беру нормасы

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде берiледi. 
      2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй  мемлекеттiк немесе әскери қызмет атқармайтын, сондай-ақ бюджеттiк ұйымдарда (мекемелерде) жұмыс iстемейтiн әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде, бiрақ Республикада бiр адамға қолданылатын санитариялық нормадан кем емес тұрғын алаң және кемiнде бiр бөлме мөлшерiнде берiлуi мүмкiн. 
      3. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мөлшерден асатын тұрғын үй алаңы артық деп есептеледi. 
      4. Заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген мүгедектердiң жекелеген санаттарына және аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын азаматтарға бөлек қосымша бөлме берiледi. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейдi. 
      5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үй мөлшерiн анықтаған кезде отбасында жүктi болғанына жиырма аптадан асқан әйелдiң болуы ескерiледi.
      6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 98-1-бабында аталған санаттарына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды. 
       Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N  587 , 2006.07.07.N  182  Заңдарымен.

       76-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын
              үйлерiне немесе жеке тұрғын үй қорынан
              жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын
              үйлерiне қойылатын талаптар

      1. Азаматтарға тұру үшiн берiлетiн мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй сол елдi мекеннiң жағдайларына қарай тұрмысқа жайлы және мұқтаж адам есепте тұрған елдi мекеннiң шегiнде болуға тиiс. 
      Осы тармақпен белгiленген талаптарға сай келмейтiн тұрғын үй мұқтаж адамның және оның отбасының кәмелетке толған барлық мүшелерiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана берiлуi мүмкiн. Мұндай тұрғын үй беру мұқтаж адамдарды есептен шығаруға әкеп соғады. 
      2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезiнде бiр бөлмеге жетi жастан асқан әр жынысты адамдарды (ерлi-зайыптылардан басқа) олардың келiсiмiнсiз тұрғызуға жол берiлмейдi. 
      3. Мүгедектерге, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа ауыр науқастармен ауыратын адамдарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй олардың тiлегi ескерiлiп, төменгi қабаттардан немесе лифтiсi бар тұрғын үйлерден берiледi. 
      Сауықтыру жөнiндегi дербес бағдарламаға сәйкес, мүгедектерге үйдiң үлгiсiн, қолайлылық деңгейiн және тұруға қажеттi басқа да жағдайларды ескере отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.
      4. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 98-бабында аталған санаттарына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды. 
       Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N  587 , 2006.07.07.N  182  Заңдарымен.

       77-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
              үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
              атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру туралы
              шешiм

      Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй осы Заңның 100-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен берiледi.
       Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       78-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
              үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
              атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берудiң
              жариялылығы

      Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған адамдардың тiзiмi, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан соңғы жиырма төрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмi осы тiзiмдерде тұрған адамдардың талап етуi бойынша танысу үшiн берiледi. Мұндай тiзiмдердiң нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға арналған негiздер және оның көлемi, тұрғын үй берiлген уақыт туралы мәлiметтер мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.
       Ескерту. 78-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       79-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдiң
              немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
              атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдiң босаған
              бөлiгiн беру

      Егер әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз адамдар тұратын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден бөлек тұрғын бөлме (бөлмелер) босаса, ол мұқтаждар есебiнде кезекте тұрғандарға берiледi. Бұл орайда осындай тұрғын үйде тұратын және қолда бар тұрғын жағдайларын жақсартуды мұқтаж ететiн азаматтар босаған бөлменi (босаған бөлмелердi) осы Заңның 69-бабының талаптарына сәйкес пайдалануға алуда басым құқыққа ие болады.
       Ескерту. 79-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

  11-тарау. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үйлердi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған үйлердi жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) құқықтары мен мiндеттерi

       Ескерту. Тарау тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

       80-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
              үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
              атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау
              (қосымша жалдау) шарты

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның немесе мемлекеттiк кәсiпорын әкiмшiлiгi (жалға берушi) мен азаматтың (жалға алушының) арасында жазбаша түрде жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлмеуге тиiс. 
      1-1. Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы орган мен азаматтың арасында жазбаша нысанда жасалады.
      2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаудың үлгi шартын, тұрғын үйдi пайдалану, тұрғын үйдi және үй маңындағы аумақты күтiп ұстау ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
      3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын қатынастарға тиiстi реттерде азаматтық заңдардың нормалары да қолданылады.
       Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

       81-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
             үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
             атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау
             (қосымша жалдау) шартының мәнi

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартының нысанасы бөлек тұрғын үй болып табылады.
      2. Басқа тұрғын бөлмеге (бөлмелерге) шығатын (кiретiн) есiгi бар тұрғын бөлме, бөлменiң бiр бөлiгi, сондай-ақ пәтердегi қосалқы үй-жайлар мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартының дербес мәнi бола алмайды.
       Ескерту. 81-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

       82-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi
              немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
              атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау
              (қосымша жалдау) шартын жарамсыз деп тану

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты:
      1) азаматтар мұндай тұрғын үй берiлуiне мұқтаждық туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген;
      2) шартта көрсетiлген тұрғын үйге басқа азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын бұзған;
      3) лауазымды адамдар тұрғын үй беру туралы мәселенi шешу кезiнде заңсыз әрекеттер жасаған;
      4) тұрғын үйдi беру кезегi бұзылған;
      5) заңдарда белгiленген тұрғын үй берудiң тәртiбi мен шарттары бұзылған өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
      2. Шартты жарамсыз деп тану туралы талап шарт жасалған күннен бастап үш жыл iшiнде мәлiмделуi мүмкiн.
       Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

       83-бап. Жалға алушының (қосымша жалға алушының)
              отбасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
      2. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi жалға алушымен тең құқықтарды пайдаланады және мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын мiндеттердi атқарады. Отбасының кәмелетке толған мүшелерi аталған шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жалға алушымен (қосымша жалға алушымен) бiрге мүлiктiк жағынан жауапты болады. 
      3. Егер осы Заңның 21-бабында аталған азаматтар жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi болуын тоқтатса, бiрақ олар тұратын тұрғын үйде тұруды жалғастырса, олар да жалға алушы (қосымша жалға алушы) мен оның отбасы мүшелерi сияқты тұрғын үй құқықтары мен мiндеттерiн сақтап қалады.
       Ескерту. 83-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

       84-бап. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) өзi
              тұратын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы
              тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы
              жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын
              үйге өз отбасының мүшелерiн кiргiзу құқығы

      1. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы өзi тұратын тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жұбайын, балаларын, ата-анасын өз отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң жазбаша келiсiмiн алып кiргiзуге құқылы. 
      Кәмелетке толмаған балаларын ата-аналарымен бiрге тұрғызуға отбасының басқа мүшелерiнiң келiсiмi талап етiлмейдi. 
      2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге отбасының мүшелерi ретiнде кiргiзiлген адамдар осы бапқа сәйкес, егер кiргiзiлген осы азаматтардың, жалдаушының (қосымша жалдаушының) және онымен бiрге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң арасында өзгеше бiр жазбаша келiсiм болмаса, бұл тұрғын үй-жайды онда тұратын қалған адамдармен бiрдей пайдалануға құқық алады. 
      3.  алып тасталды
       Ескерту. 84-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       85-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй
             қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған
             тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң уақытша
             болмаған азаматтар үшiн сақталу мерзiмдерi

      1. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) немесе оның отбасының мүшелерi уақытша болмаған кезде оларға мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй алты ай бойы сақталады. 
      2. Егер жалға алушы (қосымша жалға алушы) немесе оның отбасының мүшелерi дәлелдi себептермен алты айдан артық уақыт болмаса, бұл мерзiм болмаған адамның өтiнiшi бойынша тиiсiнше ұзартылады. 
      3. Мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң  немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдiң уақытша болмаған азаматтарға неғұрлым ұзақ мерзiмге сақталуының шарттары мен жағдайлары осы Заңның 86-бабымен белгiленедi.
       Ескерту. 85-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.   

       86-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын
              үйдiң немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
              атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдiң азаматтар
              үшiн сақталу жағдайлары

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй азаматтар үшiн мынадай жағдайларда: 
      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде не Қазақстан Республикасының қатысуымен одан тыс жерлерде құрылған қарулы күштер құрамында әскери қызметтен өткенде - қызмет мерзiмi iшiнде; 
      2) еңбек шарты бойынша немесе сайланбалы қызметке сайлануына байланысты жұмысқа кеткенде - бүкiл жұмыс iстеген уақыты iшiнде; 
      3) заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша шетелге кеткенде - шетелде болған уақыты iшiнде; 
      4) оқуға кеткенде - оқу уақыты iшiнде; 
      5) балаларды балалар мекемесiне тәрбиелеуге орналастырғанда - олардың осы мекемеде болған бүкiл уақыты iшiнде, туысқандарының немесе қорғаншысының (қамқоршысының) қолында - балалар кәмелетке толғанға дейiн; 
      6) қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiн орындауға байланысты кеткенде - бұл мiндеттердi тоқтатқанға дейiнгi барлық уақытта; 
      7) емделуге кеткенде - емделуде болған уақыты iшiнде; 
      8) қамауда болған не бас бостандығынан айыруға сотталған немесе сол жерде тұру мүмкiндiгiнен айыратын өзге де жазалау шаралары кезiнде - қамауда болған немесе жазасын өтеген мерзiмi iшiнде сақталады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге құқығынан айыру бұл жағдайда сот үкiмiмен көзделуi мүмкiн. 
      2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану құқығы онда болмаған адамдарға осы бапта көрсетiлген мерзiмдер аяқталған күннен бастап алты ай бойы сақталады.
       Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182 , 2007.05.15. N  253  Заңдарымен.

       87-бап. Адамдарды мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы
              тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан
              жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын
              үйдi пайдалану құқығынан айырылды деп тану
              тәртiбi

      Адамдарды осы заңның 85 және 86-баптарында белгiленген мерзiмiнен артық уақыт болмауы салдарынан мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану құқығынан айырылды деп тану жалға берушiнiң немесе бұл үй-жайда тұруға қалған жалға алушының (қосымша жалға алушының) не оның отбасы мүшелерiнiң (бұрынғы мүшелерiнiң) талабы бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       88-бап. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) уақытша
              болмаған жағдайда мемлекеттiк тұрғын үй
              қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй
              қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған
              тұрғын үйдi пайдалану құқығы

      Жалға алушы (қосымша жалға алушы) уақытша болмаған мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын отбасының мүшелерi бүкiл тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi бұрынғы шарттармен пайдалануға құқылы. Бұл орайда олар осы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша құқықтарын жүзеге асырып, сол бойынша мiндеттi болады. 
      Азамат уақытша болмаған кезде мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы пайдалану құқығы сақталатын тұрғын үй алаңы артық деп есептелмейдi.
       Ескерту. 88-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.   

       89-бап. Уақытша болмаған жалға алушының (қосымша
              жалға алушының) мiндеттерi

      Жалға алушының уақытша болмауы осы Заңның 90-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша мiндеттердi атқарудан босатпайды.
      Қосымша жалға алушының уақытша болмауы оны жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалға алу шарты бойынша мiндеттердi атқарудан босатпайды.
       Ескерту. 89-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       90-бап. Уақытша болмаған азаматқа тиесiлi мемлекеттiк
              тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң пайдаланылуы

      1. Егер мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде осы Заңның 85 және 86-баптарына сәйкес тұрғын үй сақталатын уақытша болмаған жалға алушының отбасы мүшелерi тұрмайтын болса, жалға алушы сақталған тұрғын үйге қосымша жалдау шарты бойынша тұрғындарды кiргiзуге не тұрғын үйдiң сақталу мерзiмiнде уақытша тұрғындар тұрғызуға құқылы. 
      Егер жалға алушы мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы өзiне сақталатын тұрғын үйге өз қалауы бойынша үш ай мерзiм iшiнде ешкiмдi тұрғызбаса, жалға берушi бұл тұрғын үйдi жалға алушының келiсiмiмен мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жалға алушыға сақталатын мерзiмнiң шегiнде қосымша жалдау шарты бойынша басқа азаматтарға беруге құқылы. 
      Қосымша жалдау мерзiмi (уақытша қоныстандыру) жалдаушы мен оның отбасы мүшелерi мерзiмiнен бұрын қайтып келген кезде қысқартылуы мүмкiн. 
      2. Жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң қайтып оралуына қарай олар қосымша жалдаушыларды немесе уақытша тұрғындарды жалға берушi берген тұрғын үйден дереу шығаруды талап етуге құқылы. 
      Қосымша жалдаушылар (уақытша тұрғындар) тұрғын үйдi босатудан бас тартқан жағдайда жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй берiлместен шығарылуға тиiс. 

       91-бап. Тұрғын үйдi күрделi жөндеуден өткiзуге
              байланысты азаматтарға мемлекеттiк 
              тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге күрделi жөндеу жүргiзiлген кезде жөндеудi тұрғындарды (жалға алушының) көшiрмей жүргiзу мүмкiн болмаса, жалға берушi жөнделетiн үй-жайды жалдау шартын бұзбастан, күрделi жөндеу жүргiзiлетiн уақытқа жалға алушыға және оның отбасы мүшелерiне басқа тұрғын үй беруге мiндеттi. 
      2. Тараптардың келiсiмi бойынша көшiрудiң орнына жалдау шартының бұзылуы, ал жалға алушыға жаңа жалдау шарты бойынша тұрақты пайдалануға осы Заңның 75 және 76-баптарында, 106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа үй-жай берiлуi мүмкiн. 
      3. Жалға алушыға күрделi жөндеуге байланысты көшу кезiнде келтiрiлген шығындарды жалға берушi өтеуге тиiс. 
      Жалға алушы тек күрделi жөндеу кезiнде берiлген тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ бұл тұрғын үйде көрсетiлген коммуналдық қызметтер үшiн ғана ақы төлейдi. 
      4. Жалға алушы және оның отбасы мүшелерi тұратын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй күрделi жөндеудiң нәтижесiнде сақталмайтын жағдайларда жалға алушыға күрделi жөндеу басталғанға дейiн басқа тұрғын үй берiлуге тиiс. 
      Жалға алушының немесе жалға берушiнiң талап етуi бойынша басқа тұрғын үй күрделi жөндеудiң нәтижесiнде үй-жай едәуiр үлкейтiлiп және жалға алушыда артық алаң пайда болған жағдайларда да берiледi. 
      Егер күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұрғын үй тарылып кетсе, жалға алушыға оның талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан осы Заңның 75 және 76-баптарында, 106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа тұрғын үй берiледi. 

       92-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
              үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
              атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау
              (қосымша жалдау) шартын өзгерту

      Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi   жалдау   (қосымша жалдау) шарты жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң және жалға берушiнiң келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн, бұған осы Заңда көзделген реттер қосылмайды.
      Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қосымша жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң және жергiлiктi атқарушы органның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн.
       Ескерту. 92-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       93-бап. Шарттың бiр отбасына бiрiккен жалға алушылардың
              (қосымша жалға алушылардың) талап етуi
              бойынша өзгертiлуi

      Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы бiр тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын және ондағы тұрғын үй-жайларды жеке жалдау шарты бойынша пайдаланатын азаматтар бiр отбасына бiрiгуi жағдайында өздерi тұратын бүкiл тұрғын үйге өздерiнiң бiреуiмен жалдау (қосымша жалдау) шартын жасауды жалға берушiден талап етуге құқылы.
       Ескерту. 93-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.   

       94-бап. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасы
              мүшелерiнiң арасында отбасылық қатынастарды
              тоқтатқан кезде мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы
              тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан
              жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын
              үйдi пайдалану тәртiбiн белгiлеу

      Отбасылық қатынасты тоқтатқан, бiрақ тұрғын үйдi жалға алудың ортақ шарты бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы бiр тұрғын үйде  немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұрып жатқан адамдар жекелеген жалға алу (қосымша жалға алу) шартын жасамастан, тұрғын үйдi пайдалану тәртiбiн анықтауға құқылы. 
      Келiсiмге келе алмаған кезде дау пайда болғанға дейiнгi тұру жағдайы ескерiлiп дау сотпен шешiледi.
       Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       95-бап. Отбасының басқа мүшесiн жалға алушы (қосымша
              жалға алушы) деп танудың салдарынан шарттың
              өзгертiлуi

      Жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасының кәмелетке толған мүшесi жалға алушының (қосымша жалға алушының) және отбасының кәмелетке толған басқа мүшелерiнiң келiсiмiмен бұрын жасалған жалға алу шарты бойынша алғашқы жалға алушының (қосымша жалға алушының) орнына оны жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тануды талап ете алады. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның отбасының кәмелетке толған кез келген мүшесiне нақ осындай құқық берiледi. 
      Жалға алушының (қосымша жалға алушының) өзгеруi тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын қайта ресiмдеуге әкеп соғады.
       Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

      96-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын
             үйдi айырбастау

      Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастаудың тәртiбi осы Заңның 98, 99, 100, 101, 110-баптарында белгiленген тұрғын үйлердiң құқықтық режимдерiмен айқындалады.
      Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушы айырбастауды ресiмдеу үшiн уақытша болмағандарды қоса алғанда, өзiмен бiрге тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң келiсiмiн алуға тиiс.

  12-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын
үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтеріне
АҚЫ ТӨЛЕУ 

      Ескерту. 12-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.05. N  568 , 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       97-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi
             немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
             атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны,
               коммуналдық қызметтер және  қалалық
             телекоммуникация желісіне қосылған телефон   үшін
             абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс
             қызметтері үшiн ақы төлеу

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң мөлшерiн, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (коммуналдық тұрғын үй қорындағы үйлерде) немесе мемлекеттiк кәсiпорынның әкiмшiлiгi (мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорындағы үйлерде) белгiлейдi.
      1-1. Азаматтардың жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлейтiн ақысының мөлшерiн осы жергiлiктi атқарушы орган белгiлейдi.
      1-2. Жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорындағы немесе жалға берiлген тұрғын үйлердегi тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн азаматтардың белгiлi бiр санатының шығыстарын бюджет қаражаты есебiнен төлеуге құқылы.
      Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берiлген тұрғын үйлердегi тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының шығыстары жергiліктi бюджетке жүктелетiн азаматтар санатын жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi. 
      2. Меншiктiң барлық нысандарындағы тұрғын үйлерде коммуналдық қызмет үшiн ақы Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен бекiтiлген тарифтер бойынша алынады. 
      Мемлекет тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысын төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету жөнінде шаралар қолданады. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгілейді. 
      3. Тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшiн ортақ шығыстарды ортақ тұрғын үйде (бiр пәтерде) тұратын бiрнеше жалдаушы немесе меншiк иелерi арасында бөлiсу тәртiбi тараптардың келiсiмiмен, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда сот тәртiбiмен анықталады. 
      4. Тұрғын үйге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi. 
       Ескерту. 97-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.16. N 477  заңымен , 2004.07.05. N 568   Заңымен , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.07.07.N  182  Заңдарымен.  

  13-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ
БЕРУДIҢ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

       98-бап. Әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз
              азаматтардың пайдалануына берiлген мемлекеттiк
              тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердiң құқықтық
              режимi

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға берiлетiн тұрғын үйдi жалдаушының тұрғын үй иесiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ретпен және шарттармен жекешелендiруiне болады. 
      Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіру ерекшеліктері осы Заңның 13-бабына сәйкес белгіленеді. 
      2. Осы бапта аталған азаматтарға берiлген, сондай-ақ әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға берiлген тұрғын үйдi жергiлiктi атқару органының келiсiмiмен басқа тұрғын үйге ауыстыруға болады. 
      Бұл орайда ауыстыру азаматтардың тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатуға әкеп соқпауға тиiс, өйткенi бұл жағдайда ол осы Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адам болып шығады. 
      3. Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын және кейiннен мемлекеттiк немесе әскери қызметке, бюджеттiк ұйымдарға жұмысқа тұрған немесе мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқарған азаматқа пайдалануға берiлген тұрғын үй оның және отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң тiлек бiлдiруi бойынша қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлуi мүмкiн. 
       Ескерту. 98-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.06.07. N 391-I  Заңымен .

         98-1-бап. Жергiлiктi атқарушы орган сатып алған
                тұрғын үйдiң құқықтық режимi

      1. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша оған талап ету құқығын беру нәтижесiнде кепiл ұстаушы ретiнде әрекет ететiн жергiлiктi атқарушы орган жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң - Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған жағдайда, кепiл берушiнiң өтiнiшi бойынша келiсiмнiң басқаға беру туралы шарттарына сәйкес тұрғын үйдi сатып алуға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үй коммуналдық меншiкке өтедi және кепiл берушiге берiледi, ол оны кепiл ұстаушының ипотекалық талап ету құқығын беру құны бойынша жекешелендiруге құқылы.
      Ескерту. 98-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 587   Заңымен .

       99-бап. Әскери қалашықтарда, шекара заставаларында
              және өзге де жабық объектiлерде берiлетiн
              тұрғын үйлердiң құқықтық режимi

      1. Әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де жабық объектiлерде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мен оларды пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 
      2. Осы бапта аталған қызметтiк тұрғын үй сол әскери қалашықтың, шекара заставаларының немесе өзге жабық объектiлердiң шегiнде нақ сондай тұрғын үйге ауыстырылуы мүмкiн. 
      Мұндай тұрғын үйлер ауыстыру әскери қызметшi (маман) басқа әскери қалашыққа (шекара заставасына, жабық объектiге) қызмет (жұмыс) iстеу үшiн көшiрiлген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн. 

       100-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан
                берiлетiн тұрғын үйлердiң құқықтық режимi

      1. Мемлекеттiк кәсiпорындар өз қызметкерлерiне мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге құқылы. Мұндай тұрғын үй, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, басқа адамдарға да берiлуi мүмкiн. 
      Аталған тұрғын үйлердi берудiң және оларды пайдаланудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 
      2. Осы бапта аталған азаматтарға берiлген тұрғын үй мемлекеттiк кәсiпорын әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қорындағы басқа тұрғын үйге ауыстырылуы мүмкiн. 
      Мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге және керiсiнше ауыстыруға кәсiпорын әкiмшiлiгi мен жергiлiктi атқару органдарының келiсiмi болған жағдайда жол берiледi. 

       101-бап. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген
               тұрғын үйлердiң құқықтық режимi

      1. Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үйдi пайдалану жөнiндегi қатынасқа осы Заңның 93 және 95-баптарының ережелерi қолданылмайды, бұған адамдарды еңбек қатынасын тоқтатуына байланысты үйден шығаруға жол берiлмейтiн реттер қосылмайды. 
      2. Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, сондай-ақ мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттiк қызметте немесе бюджеттiк ұйымдарда (мемлекеттiк сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қосқанда) кемiнде он жыл жұмыс iстесе, сондай-ақ еңбек қатынастары осы баптың 5-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын, қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үйдi меншiк иелерiнiң келiсiмiмен заңдарда белгiленген ретпен және шарттармен жекешелендiре алады. 
      3. Сол елдi мекенде қызмет атқарған кезеңде қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берiлген әскери қызметшiлер он жыл әскери қызмет стажынан кейiн, ал еңбек сiңiрген жылдары, науқастануы немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен босаған кезде қызмет мерзiмiне қарамастан оны (әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де жабық объектiлерде орналасқан тұрғын үй-жайлардан басқасын) жекешелендiруге құқылы. 
      Мұндай тұрғын үйдi, оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында орналасуы себептi жекешелендiру мүмкiн болмаған реттерде, жекешелендiру құқығы басқа жерден тиiсiнше тұрғын үй сатып алу (салу) үшiн оның құнын төлеу арқылы өтеледi. 
      Аталған негiздер бойынша әскери қызметтен босатылған және күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл қызмет атқарған әскери қызметшiлердiң тұрғын жайды тегiн жекешелендiруге құқығы бар. 
      Осы тармақта көрсетiлген жеңiлдiктер бiр рет қана қолданылады. 
      4. Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берiлген азамат қайтыс болған жағдайда, егер оның осы тұрғын үйге құқығы болып, бiрақ оны жүзеге асырмаса, тұрғын үйдi жекешелендiру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелерiне ауысады. 
      5. Мемлекеттiк қызметте немесе бюджеттiк ұйымдарда еңбек қызметiн тоқтатқан (соған байланысты қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берiлген) мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi өзi тұратын тұрғын үйдi жекешелендiру құқығы пайда болған кезге дейiн өздерiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен сол үйден шығарылады, бұған қызметтен мына негiздер бойынша: 
      1) ұйымның (кәсiпорынның) таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша; 
      2) одан әрi қызмет iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты; 
      3) зейнет демалысына шығуына байланысты босатылған реттер кiрмейдi. 
      Қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлердiң отбасылары да тұрғын үйден шығарылмайды. 
      6. Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үйдi жекешелендiру құқығы пайда болған кезге дейiн әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлер өздерiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен сол үйден шығарылуға тиiс, бұған әскери қызметшiнiң еңбек сiңiрген жылдары, ауруы бойынша жұмыстан шығарылған немесе штат (адам саны) қысқартылған жағдайлар қосылмайды. 
      7. Егер олар өздерi тұратын тұрғын үйдi жекешелендiруге құқығы бар болса, бiрақ бұл құқығын жүзеге асырмаса, осы бапта көрсетiлген адамдарды үйден шығаруға жол берiлмейдi. 
      8. Жұмысына (қызметiне) байланысты тұрғын үй берiлген асыраушысынан айрылған отбасылар өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үйден тек қолданылып жүрген нормаларға сәйкес тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй-жай беру арқылы ғана шығарылуы мүмкiн.
      9. Бұл бапта аталған адамдарды шығаруға осы Заңның 14-тарауында көзделген басқа негiздер бойынша да жол берiледi.
      10. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлерде тұратын адамдар қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берген мемлекеттiк органның келiсiмiмен тұрғын үйдi басқасына айырбастауға құқылы.

  14-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН
ҮЙЛЕРДI ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН  ЖЕРГІЛІКТІ   АТҚАРУШЫ ОРГАН ЖАЛДАҒАН ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ
ОЛАРДАН ШЫҒАРУ

       Ескерту. 14-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       102-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы
               тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан
               жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын
               үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуы

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.
      2. Жалдаушы (қосымша жалдаушы) мен отбасы мүшелерi тұрақты тұру үшiн басқа жаққа көшiп кеткен жағдайда тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледi.
       Ескерту. 102-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

       103-бап. Жалға берушiнiң талап етуi бойынша мемлекеттiк
               тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке
               тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган
               жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау)
               шартын бұзу және жалдаушыны (қосымша
               жалдаушыны) тұрғын үйден шығару

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жалға берушiнiң талап етуiмен осы Заңда белгiленген негiздер бойынша ғана бұзылуы мүмкiн.
      2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерден және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығаруға жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған реттерде, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа негiздер бойынша жол берiледi.
      3. Мемлекеттiк тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй берместен ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды шығаруға жол берiлмейдi.
       Ескерту. 103-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

       104-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа
               тұрғын үй беру арқылы шығару

      1. Азаматтар осы Заңның 101-бабының 5 және 6-тармақтарында, 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында, 111 және 114-баптарында көзделгенiнен басқа реттерде мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп шығарылады. 
      2. Осы Заңның 91-бабының 1-тармағында, 101-бабының 8-тармағында және 103-бабының 3-тармағында көрсетiлген реттерде тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй-жай берiледi. 
      3. Үйден шығару туралы талап етушi заңды тұлға басқа тұрғын үй берiлуiн қамтамасыз етедi.
       Ескерту. 104-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       105-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке
              тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган
              жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа
              тұрғын үй беру арқылы үйден шығару негiздерi

      1. Мына реттерде: 
      1) егер тұрғын үй орналасқан тұрғын үй (тұрғын жай) жер учаскесiнiң мемлекеттiк қажеттер үшiн алынуына (сатып алынуына) байланысты бұзылуға жататын болса; 
      2) егер тұрғын үй (тұрғын жай) онда одан әрi тұруға жарамсыз болғандықтан тұрғын үй емес жай ретiнде қайта жабдықтауға жататын болса; 
      3) егер тұрғын үйге құлау (бұзылу) қаупi төнсе; 
      4) тұрғын үйдi күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұру жағдайы айтарлықтай өзгерсе (осы Заңның 91-бабының 2 және 3-тармақтары); 
      5) тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылуы, ал жалдаушы (қосымша жалдаушы) тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп шығарылуы мүмкiн.
      2. Босатылған үйдiң орнына берiлетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының, 106-бабындағы 2, 3, 4-тармақтардың талаптары мен ережелерiне сай келуге тиiс.
       Ескерту. 105-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.   

       106-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке
               тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган
               жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына
               байланысты азаматтарға берiлетiн тұрғын үй

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына байланысты азаматтарға берiлетiн басқа тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының талаптарына сай келуге және шығарылған адамдар тұрған бұрынғы тұрғын үйдiң көлемiнен кем болмауға тиiс. 
      2. Егер жалдаушы (қосымша жалдаушы) бұрын бiр бөлмеден артық алаңда тұрған болса, оған сонша бөлмелер санынан тұратын жеке тұрғын үй берiлуге тиiс. 
      3. Егер жалдаушыда (қосымша жалдаушыда) артық алаң болса, тұрғын үй осы Заңның 75-бабындағы 1-тармақта көзделген нормаларға сәйкес берiледi, ал қосымша алаңға құқығы бар жалдаушыға (қосымша жалдаушыға) немесе онымен бiрге тұратын адамға - қосымша алаңға құқығы ескерiле отырып берiледi. 
      4. Бұзылатын үйде кемiнде он бес жыл тұратын азаматтарға олардың қалауы бойынша басқа жайлы тұрғын үй бұзылған құрылыстың орнына немесе соған жақын жерден салынған тұрғын үйлерден берiледi. Бұл азаматтар осындай тұрғын үй берiлгенге дейiн осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетiн уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi. 
      5. Тұру үшiн жарамды тұрғын үй сол елдi мекеннiң шегiнде болуға, санитариялық және техникалық талаптарға сай келуге тиiс. 
      Көшiп-қону азаматтың тұрғын үй жағдайының, осы Заңның 69-бабында көрсетiлгенiндей, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждыққа әкелiп соқтырмауға тиiс. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) осы Заңның 105-бабындағы 1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда көшiп-қонуға байланысты шығындарын жалға берушi өтеуге тиiс. 
      6. Осы Заңның 105-бабында көзделген негiздер бойынша азаматтарды шығаруға байланысты даулар сот тәртiбiмен шешiледi. 
      Осы Заңның 108-бабындағы 2-тармақта көзделген жағдайдан басқа реттерде, жалға алушыны (қосымша жалдаушыны) шығару туралы сот шешiмiнде шығарылған адамға берiлетiн тұрғын үй, осы тұрғын үй орналасқан мекен-жай көрсетiле отырып жүргiзiлуге тиiс.
       Ескерту. 106-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.  

       107-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке
               тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган
               жалдаған тұрғын үйден басқа тұрғын үй
               берiлмей шығару негiздерi

      Жалдаушыны (қосымша жалдаушыны), оның отбасы мүшелерiн немесе онымен бiрге тұратын басқа адамдарды басқа тұрғын үй бермей шығаруға, егер: 
      1) олар тұрғын үйдi үнемi қиратса немесе бүлдiрсе; 
      2) олар тұрған үйдi осы Заңның 4-бабының талаптарын бұза отырып пайдаланса; 
      3) олар жатақхана ережелерiн үнемi бұзу арқылы басқалардың өздерiмен бiр бөлмеде немесе бiр тұрғын үйдi тұруына мүмкiндiк бермейтiн болса; 
      4) олар дәлелдi себептерсiз тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден қатарынан алты ай бойы жалтарса; 
      5) адамдар ата-аналық құқығынан айырылған болса және олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуына байланысты балаларымен бiрге тұруы мүмкiн емес деп танылса; 
      6) адам тұрғын үйге өз бетiмен басып кiрiп алса; 
      7) тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабындағы 1-тармақта көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылса; 
      8) олар меншiк құқығымен орналасқан жерiне қарамастан өзге тұрғын үйдi сатып алған болса; 
      9) Осы Заңның 111 (101-баптың 1), 2), 3)-тармақшаларында, сондай-ақ 5-тармақтың екiншi бөлiгiнде, 7, 8-тармақтарында көзделген реттердi қоспағанда) және 114-баптарында көзделген негiздер пайда болса, басқа тұрғын үй берiлместен шығаруға жол берiледi. 
       Ескерту. 107-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N  182  Заңымен.

       108-бап. Тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу)
               шартын жарамсыз деп танудың салдары

      1. Шарт жасасып, тұрғын үй алған адамдардың қасақана заңсыз әрекеттерiнiң салдарынан тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шарты жарамсыз деп танылған жағдайда олар басқа тұрғын үй берiлместен шығарылуға тиiс. 
      2. Егер тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шарты осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, шартта аталған азаматтар өздерiнiң бұрын тұрып келген тұрғын үйi немесе басқа жайлы тұрғын үй берiп шығарылуға тиiс. Басқа тұрғын үй беру мiндетi шартты жарамсыз деп тануға әрекетi негiз болған заңды тұлғаға жүктеледi. Бұл жағдайда соттың шешiмiнде берiлетiн тұрғын үйдiң мекен-жайы көрсетiлмеуi мүмкiн.
      3. Жалдау (қосымша жалдау) шартын жасасу кезiнде заңсыз әрекетке жол берген лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.
       Ескерту. 108-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N  182 , 2007.07.06.  N 276  (108-баптың 3-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді) Заңдарымен.

  15-тарау. ҚЫЗМЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДI ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН
БӨЛМЕЛЕРДI ПАЙДАЛАНУ

       109-бап. Қызметтiк тұрғын үйлер

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы қызметтiк тұрғын үйлер жалдау шарты бойынша өздерiнiң еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиiстi азаматтарды тұрғызуға арналады. 
      2. Өздерiнiң еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиiс және қызметтiк тұрғын үй берiлуi мүмкiн қызметкерлер санатының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 
      3. Тұрғын үй ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен қызметтiк тұрғын үйлердiң қатарына кiргiзiледi және олардың қатарынан шығарылады. 
       Ескерту. 109-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және пайдалану

      1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан қызметтiк тұрғын үйдi беру және пайдалану тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де нормаларымен белгiленедi. 
      Қызметтiк тұрғын үйдi пайдалануға осы Заңның 90, 93, 95-баптарының ережелерi қолданылмайды. 
      2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы қызметтiк тұрғын үйлердi ауыстыруға қызметтiк тұрғын үйдi берген мемлекеттiк органның келiсiмiмен жол берiледi. 

       111-бап. Қызметтiк тұрғын үйлерден шығару

      1. Осы Заңның 101-бабындағы 5-тармақтың 1), 2), 3)-тармақшаларында, сондай-ақ екiншi бөлiгiнде көзделген реттердi қоспағанда, еңбек қатынастарына байланысты тұрғын үй берiлiп, ол қатынастарды тоқтатқан қызметкерлер өзiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. 
      2. Аталған негiздер бойынша қызметтiк тұрғын үйден шығару туралы талап еңбек қатынастарын тоқтатқан күннен бастап үш жылдың iшiнде қойылуы мүмкiн.

       112-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханалардан
               тұрғын үй-жай беру тәртiбi

      Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай кәсiпорын, мекеме әкiмшiлiгiнiң шешiмi бойынша еңбек шартымен жұмыс iстейтiн кезеңiнде, сондай-ақ студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың оқуы кезеңiнде тұруы үшiн берiледi.
      Шешiмде жатақханадан тұрғын үй-жай берiлген адаммен бiрге тұрғызылатын барлық адамдар аталуға тиiс. Басқа адамдарды тұрғызуға тыйым салынады.
       Ескерту. 112-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.06.07. N 391-I, 2007.05.15. N  253  Заңдарымен.

       113-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының
               жатақханаларындағы тұрғын үй-жайларды
               пайдалану тәртiбi

      1. Жатақханалардағы тұрғын үй-жай төсектiк және бөлмелiк үлгiлерде болуы мүмкiн.
      2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын алаңның көлемi бiр тұрушыға Республикада қолданылып жүрген тұрғын алаңның санитариялық нормасынан кем болмауға тиiс. 
      Бөлмелiк үлгiдегi жатақханада тұрушыға отбасы мүшелерiнiң санына қарай екi және одан да көп бөлмелерден тұратын тұрғын үй-жай берiлуi мүмкiн. 
      3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханаларды пайдалану ережесiн, сондай-ақ бұл жатақханалардағы тұрғын үй-жайларды пайдаланғаны үшiн төленетiн ақының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 
      4. Қажет болған жағдайда жатақхана берген кәсiпорынның немесе мекеменiң әкiмшiлiгi жатақханада тұратын адамдарды (отбасы мүшелерiмен бiрге) сол немесе басқа жатақханадағы басқа тұрғын үй-жайларға көшiруге құқылы. Бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жайда тұратын адамға көшiру кезiнде басқа бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жай берiледi. 

       114-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы
               жатақханадан шығару

      1. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан адамдар, сондай-ақ оқу орындарында оқыған және олардан шығып қалған адамдар өздерiмен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiмен қоса оларға жұмысына немесе оқуына байланысты берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханасынан басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылуға тиiс. 
      Осы ереже еңбек шарты немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды. 
      2. Осы Заңның 107-бабында көзделген негiздер бойынша да жатақханадан басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуы мүмкiн. 
       Ескерту. 114-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.06.07. N 391-I  Заңымен , 2007.05.15. N  253  Заңдарымен.

   5 БӨЛIМ

   16-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ ЖӨНIНДЕГI ШАРТТЫҚ
МIНДЕТТЕМЕЛЕР

       115-бап. Шарттық мiндеттемелер ұғымы
               және олардың түрлерi

      1. Тұрғын үй Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тұрғын үйдi меншiкке немесе пайдалануға беру туралы шарт негiзiнде берiлуi мүмкiн. 
      2. Шарттар атап айтқанда: 
      1) күрделi жөндеу кезiнде тұрғын үй беру туралы; 
      2) бұзылуға тиiстi тұрғын үйдi сол жерден немесе жақын маңдағы жер учаскесiнен салынатын тұрғын үйдiң орнына тұрғын үй беру шартымен босату туралы; 
      3) құрылыс салушыға құрылыс алаңында орналасқан және бұзылуға тиiстi тұрғын үйлерде тұратын азаматтарды орнына басқа тұрғын үйлер беру шартымен шығару үшiн тұрғын үйлер беру туралы; 
      4) басқа жерге кетуiне байланысты тұрғын үйдi сол елдi мекенге қайтып келгеннен кейiн басқа тұрғын үй беру шартымен жергiлiктi атқарушы органға немесе заңды тұлғаға өткiзу туралы; 
      5) тұрғын үйдiң (үйдiң бiр бөлiгiнiң) немесе тұрғын үй кешенiнiң құрылысына еңбек етiп қатысқан адамға немесе құрылысты қаржыландыруға өз қаражатымен қатысқан адамға тұрғын үй беру туралы; 
      6) еңбек шартының ережелерi бойынша тұрғын үй беру туралы жасалуы мүмкiн. 
       Ескерту. 115-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N  253  Заңымен.

       116-бап. Орнына басқа тұрғын үй беру жағдайымен
               бұзылуға тиiстi тұрғын үйдi босату 
               туралы шарт

      1. Жер учаскесiнiң мемлекеттiк қажеттер үшiн бөлiнуiне байланысты тұрғын үйлердi бұзған жағдайда тұрғын үйдi бұзушы құрылыс салушылар мен меншiк иелерiнiң (жалдаушылардың) арасында бұзылған тұрғын үй-жайлардың орнына бұрынғы меншiк иелерiне (жалдаушыларға) нақ сол немесе басқа жер учаскесiндегi жаңадан салынған тұрғын үйлерден меншiгiне (жалға) тұрғын үй беру туралы шарт жасалуы мүмкiн. 
      Бұл жағдайда құрылыс салушы меншiк иесiне (жалдаушыға) сол Заңның 75-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй беруге мiндеттi, ал бұзылуға тиiстi тұрғын үй иелерi (жалдаушылар) өздерi орналасқан үй-жайларды шартта көрсетiлген мерзiмде босатуға мiндеттi. Тараптардың келiсiмi бойынша шартта тұрмысқа жайлы тұрғын үй берудiң өзге де жағдайлары мен мерзiмдерi, мүмкiн болатын өтемақы сомасы, тұрғын үйдiң көлемi, қабаты, бөлмелер саны, отбасының құрамы және басқа тараптардың мүддесiн қозғайтын жағдайлар көрсетiледi. 
      Тұрғын үй тиiсiнше меншiкке немесе пайдалануға берiлуi мүмкiн. 
      Көшiрiлуге тиiстi азаматтар тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiлгенге дейiн осы елдi мекенде орналасқан әрi техникалық және санитариялық нормаларға сәйкес келетiн уақытша тұрғын үйлерге (олардың келiсiмiмен) орналастырылады. Уақытша тұрғын жайға ақы төлеу жөнiндегi шығындар құрылыс салушыға жүктеледi. 
      2. Егер тұрмысқа жайлы тұрғын үй шартта көрсетiлген мерзiмде берiлмесе, құрылыс салушы соттың шешiмi бойынша өз қаражаты есебiнен тұрған үйiнен айрылған меншiк иесiне (жалға алушыға) шарттың ережелерiнде көзделген талаптарға сәйкес басқа тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ шарттық мiндеттемелердiң бұзылуы салдарынан келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi болады. 
       Ескерту. 116-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.10. N 227  Заңымен .

   6 БӨЛIМ

   17-тарау. ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

       117-бап. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын
               азаматтар кезегiнiң сақталуы

      1. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұрған азаматтар осы Заң күшiне енгiзiлген кезден бастап мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бұрынғы тәртiппен тұрғын үй алу құқығын сақтайды. 
      2. Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қоры мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына берiлген жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органға тұрғын үй қорымен бiрге жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтардың тiзiмi де берiледi. 
      Бұл орайда тұрғын үй қоры берiлген кезде жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын адамдар оларды жұмыс орны бойынша есепке қабылдау күнiн негiзге ала отырып тұрғылықты жерi бойынша жасалған тiзiмге енгiзiледi. Егер аталған адамдар тұрғылықты жерi бойынша да есепке тұрса, олар арыз берушiнiң таңдауымен жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша есепке қойылған күнiне қарай тiзiмге енгiзiледi. 
      Жергiлiктi атқарушы органдар тұрғын үйге мұқтаждар тiзiмiне өзгерiстердi осы Заңның 78-бабында белгiленген тәртiп бойынша, енгiзiлген өзгерiстер себебiн көрсету және анықтау арқылы он күн мерзiм iшiнде жария етедi. 

       118-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте
               және кезектен тыс тұрғын үй беру

      1. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үй: 
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына және белгiленген тәртiппен соларға теңестiрiлген адамдардың отбасыларына; 
      2) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистiк Еңбек Ерлерiне, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған және бұрын "Ардақты ана" атағы берiлген аналарға, сондай-ақ Даңқ, Еңбек Даңқы, "КСРО Қарулы Күштерiнде Отанға қызмет еткенi үшiн" ордендерiмен марапатталғандарға; 
      3) азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде және КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөнiндегi басқа да жауынгерлiк операциялар кезiнде ұрыс қимылдарын жүргiзген армия құрамында болған адамдарға, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандарына, жауынгер-интернационалистерге, сондай-ақ КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөнiндегi жауынгерлiк операцияларға қатысқан басқа да адамдарға; 
      4) I және II топтағы мүгедектерге (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда); 
      5) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде не өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқан адамдардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң (партизандардың) отбасыларына; 
      6) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдарға; 
      7) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша экологиялық зiлзалалардың, Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ азаматтық және әскери мақсаттағы басқа да ядролық объектiлердегi жарылыстардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарға; 
      8) заңсыз сотталу немесе саяси тұрғыда сотсыз қуғын-сүргiнге ұшырау (сот тәртiбiмен саяси қуғын-сүргiн құрбандары деп таныту немесе саяси қуғын-сүргiннен зардап шегу) фактiлерi сот тәртiбiмен анықталған азаматтарға; 
      9) 30 жасқа дейiн алғаш некеге отырған және некеге отырғаннан кейiнгi алғашқы үш жылда балалы болған жас жұбайлар отбасыларына; 
      10) мүгедек балаларды тәрбиелеушi адамдарға; 
      11) көп балалы отбасыларға; 
      12) III топтағы мүгедектерге, жасына байланысты демалысқа шыққан зейнеткерлерге, жалғызбасты аналарға (некеге тұрмаған бала тәрбиелеушi әйелдерге), егiз бала тапқан отбасыларына, егер азаматтардың бұл санаты Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген тәртiппен анықталатын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыс алатын болса; 
      13) жиырма жылдан артық қызмет атқарған және әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттың (қызметкерлер санының) қысқаруына байланысты босатылған әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери қызметке дейiнгi тұрған жерiне қайтып оралған кезде; 
      14) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң педагогикалық қызметкерлерiне; 
      15) мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде халыққа тiкелей медициналық және дәрi-дәрмек көмегiн көрсетушi медицина және фармацевтика қызметкерлерiне; 
      16) судьяларға, прокуратура органдарының, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң және iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне тең дәрежеде берiледi. 
      Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезектi тәртiппен тұрғын үй алған азаматтар жергiлiктi атқару органдарының шешiмi бойынша ғана бiрiншi кезектi тәртiппен басқа тұрғын үй алудың тiзiмiне тағы да енгiзiлуi мүмкiн. 
      2. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан кезексiз тұрғын үй: 
      1) тұрғын үйi Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғат апаттарының салдарынан тұру үшiн жарамсыз болып қалған азаматтарға; 
      2) мемлекеттiк балалар мекемесiнен, туған-туысқандарынан, қорғаншысынан немесе қамқоршысынан қайтып оралған адамдарға, бұрын тұратын тұрғын үйiне оның бұзылуы немесе тұрғын емес үй-жай етiп жабдықталуы себептi қайтып оралуы мүмкiн болмаған жағдайда; 
      3) заңсыз сотталу салдарынан тұрғын үйiнен айрылған ақталған адамдарға, бұрынғы тұрғын үйiн қайтару мүмкiн болмаған кезде, егер тұрғын үй беру туралы талап ақталғаннан кейiнгi бiр жылдың iшiнде мәлiмделсе; 
      4) кәмелетке толғанға дейiн ата-анасынан айрылған жиырма жасқа толмаған жетiм балаларға берiледi. Әскери қызметке шақырылған кезде мұндай адамдардың жасы олардың мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 
      5) еңбек шартынан туындайтын мемлекеттiк мiндеттемелер әсерiмен тұрғын үй берiлуге тиiстi не бұрынғы тұрғын үйiн пайдалану мүмкiндiгiнен заңсыз айрылған адамдарға; 
      6) бұрынғы тұрғын үйi өздерiне сақталмайтын жағдайда, егер бұл басқа жерге көшумен байланысты болса, сайланбалы мемлекеттiк қызметке сайланған адамдарға берiледi. 
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары берiлген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үй алуға құқылы. 
       Ескерту. 118-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 308  Заңымен , 2007.05.15. N  253   Заңымен.

       119-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан шарт арқылы
               тұрғын үй беру

      1. Осы Заң қабылданғанға дейiн қолданылып келген тұрғын үй заңдарына сәйкес жасалған шарттар осы Заңда мұндай шарттар жасау көзделмеген жағдайларда да орындалуға тиiс. 
      2. Тұрғын үй-жай беру туралы шарт жасасқан мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына берiлген жағдайда шартпен келiсiлген тұрғын үй беру мiндетi бұл қорды өз иелiгiне қабылдаған жергiлiктi атқарушы органдарға жүктеледi. 
      3. Мемлекеттiк тұрғын үй қоры мен аяқталмаған тұрғын үй құрылысы басқа құрылыс салушыға берiлген кезде оған бұрынғы құрылыс салушының шартпен келiсiлген тұрғын үй беру мiндеттерi жүктеледi. 

       119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында
                 мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер
                 учаскелерiн алып қоюға (сатып алуға)
                 байланысты тұрғын үйдi бұзған кезде
                 меншiкке тұрғын үй беру ерекшелiктерi

      Қазақстан Республикасының астанасында мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қойған (сатып алған) кезде алып қойылатын (сатып алынатын) жер учаскесiнде орналасқан тұрғын үйдiң меншiк иесiнің таңдауы бойынша тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтем төленедi не меншігіне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе үй) берiледi, егер азаматтарға заңмен өзге де жеңiлдiктi нормаларға кепiлдiк берiлмеген болса, оның пайдалы алаңы алып қойылатын (сатып алынатын) тұрғын үйдiң (пәтердің немесе үйдiң) пайдалы алаңынан аспауға тиiс. 
      Осы Заңның 115-бабында көзделген шарттық мiндеттемелерге орай нақ сол немесе басқа жер учаскесiнде бұзылған тұрғын жайлардың орнына жаңадан салынған тұрғын үйлерден бұрынғы меншiк иелерiнiң (жалға алушылардың) меншiгiне (жалға) басқа тұрғын үй беру құрылыс салушының келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады. 
       Ескерту. 119-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.10. N 227  Заңымен .

         119-2-бап. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету
                 құқығын беру ерекшелiктерi

      Осы Заңның 98-1-бабының күшi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығын iске асыруға байланысты туындайтын құқық қатынастарына ғана қолданылады.
      Ескерту. 119-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 587   Заңымен .

       120-бап. Қызметтiк тұрғын үйден шығару ерекшелiктерi

      Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген қызметтiк тұрғын үйден тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй берiлместен: 
      1) I және II топтағы мүгедектердi (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда); 
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдарды; 
      3) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде, өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқандардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң отбасыларын; 
      4) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ басқа да азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарды; 
      5) қызметтiк тұрғын үй берген кәсiпорында немесе мекемеде кемiнде он жыл жұмыс iстеген адамдарды; 
      6) қызметтен босатылған, өздерiне соған байланысты қызметтiк тұрғын үй берiлген, бiрақ сол кәсiпорынмен немесе мекемемен еңбек қатынастарын тоқтатпаған адамдарды;
      7) жасы бойынша немесе денсаулық жағдайы бойынша, сондай-ақ штаттардың қысқаруына, кәсiпорынның немесе мекеменiң таратылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарды;
      8) қызметтiк тұрғын үй берiлiп, қайтыс болған қызметкерлердiң отбасы мүшелерiн;
      9) көп балалы отбасыларын шығаруға болмайды.
       Ескерту. 120-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 308  Заңымен .

       121-бап. Мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген
               заңды тұлғаларға тиесiлi тұрғын үйлердi
               пайдалану

      Мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғаға тиесiлi тұрғын үйдi жалдау (жалға беру) жөнiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған шарт аталған шарттың қолданылу мерзiмiнде күшiн сақтап қалады.

      Қазақстан Республикасының
     Президентi