Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 5 наурыз N 78

Қолданыстағы
      Осы заң бағалы қағаздар иелерiнiң мүлiктiк құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асырушы бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн реттейдi.

                  I тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi
                   тiркеу туралы заңдар

      Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және бағалы қағаздар шығару және олардың айналысы саласындағы қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органның (бұдан былай - уәкiлеттi органның) нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу
                     орнының бiрлiгi принципi

      1. Уақыттың нақты бiр сәтiнде бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi оларды тiркеу орны бойынша эмитент немесе бағалы қағаздар рыногына мына кәсiпқой қатысушылардың бiрi: делдал-дилер, кастодиан, орталық депозитарий немесе тiркеушi жүзеге асырады.
      Бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу - бағалы қағаздарға деген құқықтардың бiр тұлғадан екiншiсiне өтуiне байланысты нақтылы ұстаушының немесе тiркеушiнiң мәмiленiң орындалуы фактiсiн бекiту.
      Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен мiндеттi тiркеуге жатады. <*>
      2. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды осы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеушi адам жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 2-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10.
               N 282 Заңымен. Z980282_

           II тарау. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау

      3-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау

      1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауға беру осы бағалы қағаздарға меншiк құқықтарының нақтылы ұстаушыға берiлуiне әкелiп соқпайды. Нақтылы ұстаушының клиенттерiне тиесiлi немесе олардың нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздар осы нақтылы ұстаушының несие берушiлерiнiң пайдасына өндiрiп алуға жатпайды.
      2. Нақтылы ұстаушы меншiк иесiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн оның бағалы қағаздарымен жасалған мәмiлелердi тiркейдi.
      3. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылардың бiрiнiң бағалы қағаздар ұстаушылары арасындағы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер тiркеушiде немесе нақтылы ұстаушы өз клиентi болып табылатын орталық депозитарийде көрсетiлмейдi.
      4. Тiркеушiнiң талап етуi бойынша меншiк иелерiнiң бағалы қағаздарға байланысты құқықтарын жүзеге асыру үшiн нақтылы ұстаушы өз белгiлi бiр күнге дейiн нақтылы ұстаушысы болып табылатын бағалы қағаздардың тiркелген ұстаушыларының тiзiмiн беруге мiндеттi. Нақтылы ұстаушыға аталған ақпаратты ашу құқығын бермеген бағалы қағаздар ұстаушылары тiзiмге енгiзiлмейдi.
      Заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етуімен оның бақылау және қадағалау қызметін іске асыру мақсатында акцияның нақтылы ұстаушысы өзі белгілі бір күнге дейін акцияның нақтылы ұстаушысы болып табылатын барлық тіркелген акция ұстаушылардың тізімін беруге міндетті. <*>
      Аталған тiзiмдердi тiркеушiге, эмитентке немесе орталық депозитарийге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруден негiзсiз бас тартқан жағдайда бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. <*>
      5. Заңда белгiленген тәртiппен эмитенттiң шешiмi бойынша

нақтылы ұстаушы осы эмитенттiң бағалы қағаздарымен кең ауқымды
операцияларды жүзеге асыруға мiндеттi.
     6. Нақтылы ұстаушы өзiнiң бағалы қағаздары мен клиенттердiң
бағалы қағаздарына оқшау есеп жүргiзедi. Бағалы қағаздар бойынша
есеп жүргiзудiң әдiстемесi мен ережелерi заңдарда белгiленген
тәртiппен айқындалады.
     ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. 
              N 162 Заңымен.  

Z010162_

  

     4-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар

     1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар мыналар бола алады:
     а) орталық депозитарий;
     б) кастодиандар;


      в) уәкiлеттi органның бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi

тiркеудi жүзеге асыруға берген лицензиясы бар делдал-дилерлер.
     2. Орталық депозитарийдiң клиенттерi делдал-дилерлер мен
кастодиандар болып табылады.
     Нақтылы ұстаушылар ретiнде делдал-дилерлер мен кастодиандардың
клиенттерi инвесторлар болып табылады.
     3. Тiркеушiлер орталық депозитарий мен басқа да нақтылы
ұстаушылардың нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздарға құқықты растайды.

     5-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының мiндеттерi

     Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының негiзгi мiндеттерi мыналар:
     а) клиенттердiң бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi және
олардың қиындау фактiлерiн тiркеу;
     б) клиенттердiң бағалы қағаздарына құқықтарды растау;
     в) клиенттердiң бағалы қағаздарының болуын және аталған бағалы
қағаздармен мәмiлелердi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;
     г) төлем агентiнiң мiндеттерiн орындау;
     д) клиенттердiң нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға
қатысты ақпарат алуын қамтамасыз ету;
     е) бағалы қағаздарды нақтылы ұстауға жасалған шартқа сәйкес
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де
мiндеттер.

          III тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың
                     тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет

     6-бап. Тiркеушiнiң қызметi

     Тiркеушiнiң қызметi бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн
жүргiзу жөнiнде қызмет көрсету мен бағалы қағаздармен жасалған
мәмiлелердi тiркеу болып табылады және бағалы қағаздарды
ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiн құрайтын деректердi жинау,
тiркеу, өңдеу, сақтау және беру арқылы шарт негiзiнде жүзеге
асырылады.

     7-бап. Тiркеушi



      1. Тiркеушi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылатын және жұмыс iстейтiн заңды тұлға.
      2. Тiркеушiнiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтен басқа бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      3. Тiркеушiнiң көрсететiн қызметiне ақының ең жоғары мөлшерiн, оны төлеудiң тәртiбi мен принциптерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      ЕСКЕРТУ. 7-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1998.07.10. N 282 Заңымен. Z980282_

      8-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi

      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi - тiзiлiм жүргiзу жүйесiнiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың ресми тiзiмi болып табылатын, белгiлi бiр күнге жасалған және осы ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесiлi бағалы қағаздардың түрiн, нақтылы құнын және санын теңестiруге мүмкiндiк беретiн бiр бөлiгi.
      Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жүйесi - бағалы қағаздардың тiркелген ұстаушылары мен бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудiң толық сәйкес келуiн қамтамасыз ететiн эмитент, бағалы қағаздар эмиссиясы және бағалы қағаздардың ұстаушылары туралы мәлiметтердiң жиынтығы.
      2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың әрбiр тiзiлiмiнде меншiк иелерi мен эмитенттiң бiрдей құқықтары мен мiндеттерiн куәландыратын бағалы қағаздардың бiр түрi бойынша есеп жүргiзiледi. Бағалы қағаздардың бiр түрiне есеп жүргiзудi әртүрлi тiзiлiмдерде жүзеге асыруға болмайды.
      3. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi қағаздағы немесе электронды жазба түрiнде жүзеге асырылуы мүмкiн және Қазақстан Республикасының заңдарында тiзiлiмдi жүргiзу мен сақтауға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
      4. Эмитенттер бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiнiң жасалуын бағалы қағаздар эмиссиясы уәкiлеттi органда мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап бiр айдан кешiктiрмей қамтамасыз етуге тиiс және ақпараттың тiзiлiмде дәл көрсетiлуi үшiн жауапты болады.
      5. Тiзiлiмдi жасау және сақтау шарттары мен тәртiбiн уәкiлеттi

орган белгiлейдi.

     9-бап. Тiркеушiнiң мiндеттерi

     1. Тiркеушiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
     а) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi және бағалы
қағаздардың қиындау фактiлерiн тiркеу;
     б) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарға құқықтарын
растау;


      в) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жинауды, жүргiзудi және сақтауды белгiлi бiр күнге нақтылау;
      г) тiзiлiмде тiркелген бағалы қағаз ұстаушыларға эмитенттiң тапсыруы бойынша құлақтандыру мен ақпараттық хабарлар жiберу;
      д) айналыстағы бағалы қағаздар көлемi мен эмиссияның тiркелген параметрлерiнiң сәйкестiгiне бақылау жасау және заңдарда белгiленген тәртiппен эмитенттiң шешiмi бойынша бағалы қағаздармен кең ауқымды операциялар жасау;
      е) эмитентпен жасалған шартта көзделген және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн қызметтер көрсету;
      ж) банк қызметі туралы заң актілеріне сәйкес банктің дауыс беруші акцияларымен жасалатын барлық мәмілелер жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлау. <*>
      2. Эмитенттiң талап етуi бойынша тiркеушi тiзiлiм жасауға және оны эмитентке талап етiлгеннен кейiн жиырма күн iшiнде жiберуге мiндеттi.
      Заң актілерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етуімен оның бақылау және қадағалау қызметін іске асыру мақсатында, тіркеуші акция меншігі иелерінің тізімін жасайды және талап етілгеннен кейін жиырма күн ішінде оны Ұлттық Банкке жібереді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02.
               N 162 Заңымен. Z010162_

      10-бап. Тiзiлiм жүргiзуге арналған шарт

      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге эмитент пен тiркеушi арасында жасалған шарт негiзiнде эмитент тiркеушiге бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тапсыратын шарт болып табылады.
      2. Эмитенттер тiркеушiлердi таңдауға ерiктi, ал тiркеушiлер өздерi қызмет көрсетуге қабылдайтын эмитенттердi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайлардан басқа таңдауға ерiктi. Эмитент тек бiр тiркеушiмен ғана шарт жасасуға құқылы. <*>
      3. Уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес эмитент тiркеушiге тiзiлiм жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты беруге мiндеттi және тiзiлiмде көрсетiлген ақпараттың дұрыстығына бақылау жасаудан басқа жағдайларда, оның қызметiне араласуға құқылы емес.
      4. Тiркеушi тiзiлiм жүргiзу жөнiндегi өз мiндеттерiн басқа бiреуге беруге құқылы емес.
      5. Тiркеушiге сыйақы тараптар өздерi арасында жасалған шартта белгiлеген тәртiп, мерзiмдер және шарттар бойынша төленедi.
      6. Тiзiлiм жүргiзу туралы шарттың күшi:
      а) тараптардың өзара келiсiмi бойынша;
      б) тiркеушi шартты тиiсiнше орындамаған не мүлдем орындамаған жағдайда эмитент бiр жақты тәртiппен тоқтатуы мүмкiн.
      Шарттың күшi эмитенттiң бастамасы бойынша, тiркеушi шарт бұзылар сәттен кемiнде 30 күнтiзбелiк күн бұрын себептi көрсете отырып жазбаша хабардар ету және тiзiлiмдi одан әрi жүргiзу үшiн эмитент тағайындаған тұлғаның реквизиттерiн беру негiзiнде тоқтатылуы мүмкiн;
      в) эмитент шарттық мiндеттемелердi орындамаған жағдайда тiркеушi бiр жақты тәртiппен тоқтатуы мүмкiн. Шарттың күшi, тiркеушiнiң бастамасы бойынша, эмитенттi шарт бұзылар сәттен кемiнде 30 күнтiзбелiк күн бұрын жазбаша хабардар ету негiзiнде тоқтатылуы мүмкiн. Хабарламада тiркеушi шарттың күшiн тоқтатудың негiзiн көрсетедi;
      г) тiркеушiнiң тiзiлiм жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиясы күшiнiң тоқтатылуына немесе оның керi қайтарып алынуына байланысты тоқтатылуы мүмкiн.
      7. Шарт бұзылғаннан кейiн тiркеушi он бес күн iшiнде эмитентке немесе жаңа тiркеушiге тiзiлiмде бар ақпаратты түгел тапсыруға мiндеттi.
      8. Эмитент жаңа тiркеушiнiң тағайындалғаны туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және ол туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10.
               N 282 Заңымен. Z980282_

      11-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн
                жүргiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау

      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн тiкелей жүргiзудi тiркеушiлерден тиiстi қызмет түрлерiне уәкiлеттi орган берген бiлiктiлiк куәлiгi бар тұлғалар жүзеге асырады.
      3. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртiбi және керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтiң жүзеге асырылуын бақылауды

уәкiлеттi орган жүргiзедi.
     4. Тiркеушiлердiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн бағалы
қағаздар рыногындағы қызметке қатысты барлық өзгерiстер мен
толықтырулар аталған құжаттардың лицензия мазмұнына сәйкес келуi
үшiн уәкiлеттi органға берiлуге тиiс.

                  IV тарау. Кастодиандық қызмет

     12-бап. Кастодиандардың бағалы қағаздармен жасалған
                мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметi

     Кастодиандардың бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу
жөнiндегi қызметi олардың нақтылы ұстаушылар мiндеттерiн атқару
болып табылады.

     13-бап. Кастодиандардың мiндеттерi

     Кастодиан мынадай мiндеттердi жүзеге асырады:
     а) клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелердiң
орындалуын бақылау;
     б) клиенттердiң бағалы қағаздар бумасының және мәмiлелер
жасасуға арналған ақша қаражатының сақталуын және есепке алынуын
қамтамасыз ету;
     в) бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретiндегi қызметтi;
     г) клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелер
жөнiндегi төлем агентi мiндеттерiн орындау;


      д) клиентпен жасалған шартта көзделген және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де қызметтер көрсету.

      14-бап. Кастодиандық шарт

      1. Кастодиандық шарт жасасу жөнiндегi ұсынысты клиент бағалы қағаздар және бағалы қағаздармен мәмiле жасауға арналған ақша қаражаты бойынша кастодианда шоттар ашу жөнiндегi жазбаша өтiнiш түрiнде жасайды. Кастодиан клиенттi оның бағалы қағаздары мен мәмiле жасасуға арналған ақша қаражатын сақтау мен оған есеп жүргiзу жөнiндегi қызмет тәртiптерiмен шарт жасалғанға дейiн таныстыруға мiндеттi.
      2. Кастодиан клиенттiң сенiм бiлдiрген өкiлi болмауға тиiс.
      3. Кастодиандық шарт жасасу кезiнде клиенттен шотқа қандай да болсын бағалы қағаздарды немесе ақшаны дереу салу талап етiлмейдi. <*>
      4. Кастодиан мен оның клиентi арасында жасалған кастодиандық шарттар мыналар болуға тиiс:
      а) кастодиан мен клиенттiң реквизиттерi;
      б) шарттың пәнi: клиенттiң бағалы қағаздары мен мәмiле жасасуға

арналған ақшаны сақтау мен оларға есеп жүргiзу жөнiнде
қызметтер көрсету;
<*>

     в) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды 
қоспағанда, клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау
жөнiндегi кастодиан мiндеттемелерiн қоса, тараптардың құқықтары мен
мiндеттерi;
<*>

     г) кастодианның нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi орындауы
туралы деректер;
     д) кастодианның қызметiне ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртiбi;
     е) кастодианның клиент алдында есеп беруінiң нысаны мен
мерзiмдiлiгi;
     ж) шарттың талаптарын бұзғандығы үшiн тараптардың
жауапкершiлiгi;
     з) бағалы қағаздар бойынша кiрiстер алудың және оларды
клиенттердiң шоттарына қосудың, сондай-ақ клиенттердiң бұйрықтары
бойынша ақшаны төлеудiң шарттары мен тәртiбi.
<*>

     Кастодиандық шартта жоғарыда аталған ережелерге қоса Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа шарттардың да болуы
мүмкiн.
     5. Кастодиандық шарт жазбаша түрде жасалады.
     ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. 
              N 154 Заңымен. 

Z970154_

  
     ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. 
              N 162 Заңымен.  

Z010162_

  

     15-бап. Кастодиандық қызметтi лицензиялау



      1. Кастодиан өз қызметiн бағалы қағаздар мен ақша қаражатын сақтауға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берген арнаулы лицензиялар мен кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензия бар болған жағдайда жүзеге асыруға құқылы.
      2. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртiбi және оны керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Кастодиандық қызметтiң жүзеге асырылуын бақылауды уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
      Кастодианның құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар аталған құжаттардың лицензия мазмұнына сәйкес келуi үшiн лицензиялаушы органға берiлуге тиiс.

            V тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi
                    тiркеу жөнiндегi делдал-дилерлердiң қызметi

      16-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу
                 жөнiндегi делдал-дилерлердiң қызметi

      Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi делдал-дилерлердiң қызметi нақтылы ұстаушының мiндеттерiн олардың атқаруы болып табылады.

      17-бап. Делдалдық шарт

      1. Клиент бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарт жасасу жөнiндегi ұсынысты делдал-дилерде бағалы қағаздар бойынша шоттар ашу жөнiндегi жазбаша өтiнiш түрiнде жасайды. Делдал-дилер клиентi нақтылы ұстаушы ретiндегi өз қызметiнiң қалай орындалатынымен таныстыруға мiндеттi.
      Шарт жасасу кезiнде клиенттен шотқа қандай да болсын бағалы қағаздарды дереу қосу талап етiлмейдi.
      Делдал-дилер мен оның клиентi арасында жасалған шартта мыналар болуы керек:
      а) шарт пәнi: клиенттiң тапсыруы бойынша делдал-дилердiң нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi жүзеге асыруы;
      б) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау жөнiндегi делдал-дилердiң мiндеттемелерiн қоса, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi; <*>
      в) делдал-дилер қызметiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртiбi;
      г) делдал-дилердiң клиент алдында есеп беруiнiң нысаны мен

мерзiмдiлiгi;
     д) шарт талаптарын бұзғандығы үшiн тараптардың жауапкершiлiгi;
     е) бағалы қағаздар бойынша кiрiстер алудың және оларды
клиенттердiң шоттарына қосудың, сондай-ақ клиенттердiң бұйрықтары
бойынша ақшаны төлеудiң шарттары мен тәртiбi.
<*>

     Шартта жоғарыда көрсетiлген ережелерге қоса, Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа шарттардың да болуы
мүмкiн.
     2. Делдал-дилердiң шарты жазбаша түрде жасалады.
     ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. 
              N 154 Заңымен. 

Z970154_

  
     ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. 
              N 162 Заңымен.  

Z010162_

 

     18-бап. Делдал-дилерлердiң бағалы қағаздармен жасалған
             мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметiн лицензиялау



      1. Делдал-дилерлер бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу құқығымен делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар болған жағдайда нақтылы ұстаушы бола алады.
      2. Делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарты мен тәртiбi және керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Делдал-дилердiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар аталған құжаттарды лицензия мазмұнына сәйкестендiру үшiн уәкiлеттi органға берiлуге тиiс.
      3. Делдал-дилерлер қызметiнiң жүзеге асырылуын уәкiлеттi орган бақылайды.

                   VI тарау. Орталық депозитарий

      19-бап. Орталық депозитарий
      1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылары мен халықаралық қаржы ұйымдары жабық акционерлiк қоғам нысанында құратын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий алатын табыс оның қатысушыларының арасында бөлiнбейдi және оны техникалық дамытуға жұмсалады. <*>
      2. Депоненттер-бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылар - бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушылары болып табылатын кастодиандар мен делдал-дилерлер орталық депозитарийдiң клиенттерi болып табылады. Нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар кастодиандарға немесе делдал-брокерлерге қызмет көрсетуден бас тартуға орталық депозитарийдiң құқығы жоқ.
      3. Депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру,

сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртiбi, және оны керi
қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және
уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
     4. Орталық депозитарийдiң қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi
орган жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгертiлдi  - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. 
              N 282 Заңымен.  

Z980282_

 

     20-бап. Орталық депозитарийдiң мiндеттерi

     Орталық депозитарий мынадай мiндеттердi жүзеге асырады:
     а) депоненттердiң - кастодиандар мен делдал-дилерлердiң бағалы
қағаздарын нақтылы ұстаушы мiндеттерi;


      б) депоненттердiң бағалы қағаздарымен жасалған мәмiлелердi тiркеу, оның iшiнде бағалы қағаздарды төлеу мен оларға деген құқықтарды растау кепiлдiгi болады;
      в) бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылармен өзара iс-қимыл жасау;
      г) бағалы қағаздарды өз клиенттерi арасында, соның iшiнде тiркеушiлерге және тiркеушiлерде ашылған өз есеп-шоттары арқылы тiркеушiлерден өз клиенттерiне ойыстыру;
      д) бағалы қағаздарды материалсыздандыру;
      е) клирингтiк қызмет;
      ж) трансфер-агенттер құру және олардың қызметтерiнiң процедуралары мен ережелерiн бекiту;
      з) төлем агентiнiң мiндеттерiн атқару;
      и) депонентпен келiсiм бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн консультациялық, ақпараттық және басқа да қызмет түрлерi.
      Орталық депозитарийдiң ашық халықтық акционерлiк қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға құқығы бар. <*>
      ЕСКЕРТУ. 20-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10.
               N 282 Заңымен. Z980282_

       21-бап. Орталық депозитарийдің клирингтiк қызметi

      1. Клирингтiк қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес және Қазақстан Республикасының банктер туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Ақшалай есеп айырысу депоненттердiң шоттарынан ақшаны есептен шығару және қосу туралы есеп айырысу ұйымына депозитарийдiң тапсырмасы негiзiнде жүзеге асырылады. <*>
      3. Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды орталық депозитарий дербес жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11.
               N 154 Заңымен. Z970154_

      22-бап. Орталық депозитарийдiң трансфер-агенттерi

      1. Депоненттердiң бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыру жөнiнде депозитарийге берiлген бұйрықтарын қабылдау мен беру және басқа ақпараттар беру жөнiндегi мiндеттердi атқару үшiн орталық депозитарий өзiнiң филиалдары болып табылатын трансфер-агенттер құра алады, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногына басқа кәсiпқой қатысушылармен трансфер-агенттер қызметтерiн орындауға шарттар жасай

алады.
     2. Трансфер-агенттер орталық депозитарий берген өкiлеттiктер
шегiнде iс-әрекеттер жасайды және мынадай мiндеттер орындайды:
     а) депозитарийге депоненттердiң бұйрықтарын қабылдау, тiркеу
және беру;
     б) орталық депозитарийдiң мәмiлелердi орындауын растауды
депонентке беру;
     в) тiркеушiден депонентке ақпарат беру;
     г) орталық депозитарийдiң Ережелер жинағына сәйкес өзге де
мiндеттер.

     23-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу

     1. Орталық депозитарийдiң:


      а) Қазақстан Республикасының заңдарына және орталық депозитарийдiң Ережелер жинағына сәйкес өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауды басқа тұлғаларға жүктеуге;
      б) операцияларды депоненттiң тиiстi бұйрығынсыз жүзеге асыруға;
      в) депонент туралы және оған тиесiлi бағалы қағаздардың қозғалысы туралы коммерциялық ақпаратты, сондай-ақ қызметтiк ақпаратты жария етуге;
      г) ең жақсы орындау принциптерiн бұзатын қандай да болсын iс-қимылдар жасауға құқығы жоқ.
      2. Орталық депозитарийдiң материалдық өндiрiс саласындағы қызметтi, жылжитын және жылжымайтын мүлiкпен сауданы жүзеге асыруына, сақтандыру қызметтерiнiң барлық түрлерiн жүзеге асыруына, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық қорларына қатысуына тыйым салынады.

      24-бап. Орталық депозитарийдiң Ережелер жинағы

      1. Орталық депозитарийдiң Ережелер жинағы - орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылармен өзара қарым-қатынасын айқындайтын және бағалы қағаздармен мәмiлелердi орындау принциптерiн, тәртiбiн және технологиясын белгiлейтiн құжат.
      Аталған Ережелердi сақтау депозитарий арқылы мәмiлелердi жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады.
      2. Орталық депозитарийдің ережелер жинағы, сондай-ақ осы жинаққа

өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен ол айқындаған тәртіпте 
келісіледі және орталық депозитарий акционерлерінің жалпы жиналысында 
бекітіледі.
<*>

     3. Ережелер жинағында мыналар болады:
     а) орталық депозитарийдiң және оның депоненттерiнiң құқықтары,
мiндеттерi және жауапкершiлiгi;
     б) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге
асырудың ережелерi, қалыптары және технологиялары;
     в) орталық депозитарийдiң өз мiндеттерiн атқару тәртiбi;
     г) орталық депозитарийдiң қызметiне ақы төлеу мөлшерi мен
тәртiбi;
     д) орталық депозитарийдiң есеп беру нысаны мен мерзiмi;
     е) орталық депозитарий мен депоненттер арасындағы дауларды шешу
тәртiбi;
     ж) трансфер-агенттердi құрудың, таратудың, олардың қызметi мен
мiндеттерiнiң тәртiбi, трансфер-агенттердiң қызмет көрсетуiне
арналған үлгi шарт;
     з) орталық депозитарий депоненттерiнiң әдеп ережелерi;
     и) орталық депозитарийдiң, бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой
қатысушылардың қызметiн реттейтiн және Қазақстан Республикасының
заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер.
     Ескерту. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 237 
              Заңымен.  

Z010237_

 

           VII тарау. Бағалы қағаздармен жасалған
                      мәмiлелердi тiркеу тәртiбi

     25-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге
                       қабылдаудың негiзi


      1. Бағалы қағаздармен екi жақты немесе көпжақты жасалған мәмiлелердi тiркеу мәмiлелерге қатысушылардың үстеме бұйрықтары болғанда, жүзеге асырылады. Мәмiлеге қатысушылардың мiндеттемелерi олардың арасында жасалған жазбаша шарттың ережелерiмен айқындалады. <*>
      Бұйрық орындауға тiркелген сәттен бастап қабылдануға тиiс. Бұйрық бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушы немесе бұйрықты қабылдау мен тiркеуге уәкiлеттi тұлға тiркейдi.
      Бұйрық жазбаша түрде жасалып, оған уәкiлеттi адамдар қол қоюға тиiс және почта, телекс пен электронды байланыс арқылы берiлуi мүмкiн.
      2. Бұйрықтың нысанын, оны ресiмдеу тәртiбiн бағалы қағаздар рыногына қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiлейдi.
      Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге берiлген бұйрықтарда бағалы қағаздардың нақты саны мен түрi бойынша белгiлi бiр жағдайларда белгiлi бiр iс-қимылдарды орындауға бұйрық берген адамның тiкелей нұсқауы болады.
      ЕСКЕРТУ. 25-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10.
               N 282 Заңымен. Z980282_

      26-бап. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды
                  жүзеге асырушы тұлға

      1. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды осы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркейтiн тұлға жүзеге асырады. <*>
      2. Бағалы қағаздарға меншiк құқығын немесе өзге мүлiктiк құқықты растайтын жазбаша құжаттың негiзгi түрi тiзiлiм/шот көшiрмесi болып табылады.
      Бағалы қағаз болып табылмайтын, тiркеушi немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы берген және онда көрсетiлген бағалы қағаздардың бiр тұлғадан екiншiсiне ауысуы мәмiле жасалғанын бiлдiрмейтiн және бағалы қағаздарға қатысты құқықтардың ауысуына әкелiп соқтырмайтын құжат тiзiлiм/шот көшiрмесi деп аталады.
      ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10.
               N 282 Заңымен. Z980282_

      27-бап. Ұйымдастырылған рыноктарда бағалы қағаздармен
                      жасалған мәмiлелердi тiркеу

      Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүзеге асыратын, бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртiбiнiң ерекшелiктерi - Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ бағалы қағаздармен сауда-саттықты тиiстi ұйымдастырушының iшкi ережелерiмен және тәртiптерiмен белгiленуi мүмкiн.

      28-бап. Мүдделi тұлғаларға ақпарат беру

      1. Клиенттер және тiркеушiлер мен нақтылы ұстаушылардағы бағалы қағаздар жайындағы жазбалар коммерциялық құпия болып табылады және жариялауға жатпайды.
      2. Коммерциялық құпия шот иеленушiге немесе бағалы қағаздарды ұстаушы өзi жөнiнде қарыз берушi, кепiлшi, кепiлдiк берушi немесе кепiл ұстаушы болып табылатын тұлғаға, шот иеленушiнiң жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi тұлғаға ғана ашылуы мүмкiн.
      3. Коммерциялық құпия сондай-ақ шот иеленушi аманат өкiмiнде аталған тұлғаларға, мұрагерлiк iстермен айналысатын соттар мен нотариат кеңселерiне, бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайларда уәкiлеттi органға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға ашылуы мүмкiн. <*>
      4. Клиенттердiң және нақтылы ұстаушылардың шоттары бойынша

операцияларды тоқтату сот шешiмдерiнiң, анықтау және алдын ала
тергеу органдарының, уәкiлеттi органның қаулыларының негiзiнде
жүзеге асырылады.
     ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. 
              N 162 Заңымен.  

Z010162_

 

     Қазақстан Республикасының
             Президентi