Банкроттық туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67 Заңы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы заңға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң дәрменсiз борышкердi оңалтудың арнаулы рәсiмдерiн өткiзудiң, заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмiнiң шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Ескерту. Заңның бүкіл мәтіні бойынша "бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер", "бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерге" деген сөздер тиісінше "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер", "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге" деген сөздермен, "несие берушілердің", "несие берушілермен", "несие берушілер", "несие беруші" деген сөздер тиісінше "кредиторлардың", "кредиторлармен", "кредиторлар", "кредитор" деген сөздермен; "конкурстық жиынтық" деген сөздер "конкурстық масса" деген сөздермен; "конкурсты басқарушы" деген сөздер "конкурстық басқарушы" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 Заңымен .

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігі;

      2) ауыл шаруашылығы ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, осы өнімді, оның ішінде ұқсатылған өнімді өткізуден түсетін табысы жылдық табыстың жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;

      3) әдейі банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы;

      4) әкімшілік шығыстар - сырттан тартылатын және мамандандырылған ұйымдардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісіне ағымдағы төлемдер сомасын қоса алғанда, сырттай байқау рәсіміне, оңалту рәсіміне, конкурстық іс жүргізуге, борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату рәсіміне бастамашылық жасауға және оларды өткізуге байланысты барлық шығыстар.
      Борышкердің таратылуы барысында төлеу бойынша міндеттемелер пайда болған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әкімшілік шығыстарға теңестіріледі;

      5) банкрот - дәрменсіздігін сот белгілеген борышкер;

      6) банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі;

      7) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) борышкер - осы Заңда көзделген тәртіппен өзіне сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің, борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату рәсімдерінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      9) борышкерді мәжбүрлеп тарату - кредиторлардың, прокурордың өтініштері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкердің қызметін тоқтату;

      10) дәрменсіздік - ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз етуге борышкердің сот белгілеген қабілетсіздігі;

      11) жалған банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе ұзарту немесе борыштардан шегерім жасатқызу үшін, сол сияқты борыштарды төлемеуі үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көрінеу жалған хабарлауы;

      12) жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер;

      13) кепілді кредитор - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;

      14) конкурстық басқарушы - конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;

      15) конкурстық кредитор - өзінің мүліктік талаптарын қанағаттандыруда заңнаманың күшімен де, кепіл туралы келісімнің күшімен де артықшылығы жоқ кредитор;

      16) конкурстық масса - борышкердің конкурстық іс жүргізу процесінде шығынды өндіріп алуға болатын мүлкі, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда, өзге де тұлғалардың мүлкі;

      17) конкурстық іс жүргізу - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан босатылған деп жариялау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;

      18) кредитор - еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзінің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

      19) лауазымды адам - дәрменсіз борышкер - заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаны басқару жөніндегі өкілеттік берілген, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін өзге де адам;

      20) мониторинг - ақпаратты жинауға, өңдеуге және төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз ұйымдарға қаржы-экономикалық сауықтыру шараларын уақтылы қолдану және кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында олардың қаржы-экономикалық жай-күйіне талдау жасауға бағытталған іс-шаралар кешені;

      21) оңалтушы басқарушы - осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімінің кезеңіне дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік берілетін адам;

      22) оңалту рәсімі - сот рәсімі, оның шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез келген қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқару, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады;

      23) санация - оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады;

      24) сырттай байқау - борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау, борышкердің қаржылық жай-күйіне, төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігін немесе мүмкіндігінің жоқтығын айқындау, сондай-ақ кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару жөніндегі іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау жүргізу, кредиторлар тарапынан борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне, оларды қайта ұйымдастыруды жүргізуіне бақылау жасау, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге де мәмілелер жасалуына банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін сот енгізетін рәсім;

      25) сырттай байқау әкімшісі - сырттай байқау рәсімін жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға;

      26) төлем қабілетсіздігі - борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде оларды орындауға қабілетсіздігі.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 Заңымен, 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.08. N 542 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.01.31. N  125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      1-1-бап. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы
              заңнамасы

      Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      2-бап. Заңның қолданылу ерекшелiктерi

      1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстерге қолданылады.
      Осы Заңда көзделген банкроттық рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклы бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленуі мүмкін.
      Зейнетақы қорларына, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және басқа кейбiр заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.
      Сот банкті банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оны тарату банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда оны тарату сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасымен реттелмеген бөлiгiнде жеке кәсiпкерлердiң банкроттығына қолданылады.

      3. Банкроттық туралы iстердi осы Заңда белгiленген ерекшелiктермен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы ережелерi бойынша сот қарайды.

      4. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын, не Республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдауға құқылы.

      5. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01 N 256 , 2000.12.18 N 128 , 2001.03.02 N 162 , 2001.07.11 N 239 , 2005.07.08 N 71 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі), 2007.01.09 N 213 , 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      3-бап. Банкроттықты тану

      1. Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi.

      2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкiлдiк берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр етiп белгiленедi.

      3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi.

      4. Егер:
      кредитордың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтық берешегi бойынша талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;
      өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы жиынтығында дара кәсіпкерлерге – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын, заңды тұлғаларға – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы істерді сот қарайды.
      Осы тармақтың талаптары осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

      5. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға осы Заңда белгiленген ережелер бойынша сот тәртiбiмен таратылуға тиiс.

      6. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда борышкердiң өтiнiш бермеуi борышкердiң басшысына борышкердiң кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi қолдануға әкеп соғады.

      7. Сот тәртiбiмен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
      Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Банкроттық рәсімдерді қолданудың негіздері

      1. Кредиторлардың борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа арыз берiп өтiнiш жасауына борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.
      Егер борышкер мiндеттемесiн орындау мерзiмi жеткен кезден бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлеуге қабiлетсiз деп есептеледi.

      2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа арыз берiп өтiнiш жасауына оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      5-бап. Әдейi және жалған банкроттық

      1. Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), заңды тұлға-борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және/немесе лауазымды адамдары борышкердi әдейi төлем қабiлетсiздiгiне (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиялық жауапқа тартылады.
      Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне шығындарды өтейдi.

      2. Егер банкроттықты тану туралы өтiнiштi борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға мүмкiндiгi болған кезде берсе (жалған банкроттық), кредиторлар борышкерден осы арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы.

      3. Конкурстық басқарушы әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол  лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

      6-бап. Мүлiктi қайтару және борышкердiң мәмiлелерiн
              жарамсыз деп тану

      1. Борышкердiң өзiн банкрот деп танылғанға дейiн жасаған мәмiлелерi мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер болғанда;

      2) егер борышкердiң жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан кейiн бiр кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкілетті органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурсты басқарушылардың өтініші бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс.

      3) (алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Осы тармақтың талаптары секьюритилендіру мәмілелеріне жатпайды.

      2. Конкурстық және оңалтуды басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға дейінгі үш жыл кезең ішінде мәмілелерді жарамсыз деп тануды және борышкер берген, соның ішінде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмілелер бойынша орындауын қамтамасыз етуге берген мүлікті қайтаруды бұл мүлікті өтеусіз, нарық бағаларынан едәуір төмен бағалармен не кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып жеткілікті негіздерсіз алған адамдардан талап етуге міндетті.

      3. Конкурстық және оңалтуды, басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға дейінгі үш жылға дейінгі кезең ішінде борышкердің өздеріне берген мүлкін қайтаруды олардың алдындағы міндеттемелер басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып мерзімінен бұрын орындалған кредиторлардан талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның ережелерімен қамтамасыз етіледі.

      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген негiздер бойынша банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл iшiнде, шаруашылық серiктестiгiнiң қызметшiлерiне (қызметкерлерiне), қатысушыларына дәрменсiз борышкердiң басшысына берген мүлiк талап етiлуi мүмкiн.
      Осы тармақта белгiленген мүлiктi талап ету туралы ережелер мүлiктi жұбайына, тiкелей өзiнен тарайтын және шыққан тегi бойынша туыстарына беру жағдайларына да қолданылады.

      5. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурсты басқарушы осы бапта көзделгендерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша борышкердiң мүлкiн үшiншi тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген, борышкердiң мүлкiн қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы.

      6. Мүлiктiң жоғалуына, бүлiнуiне не оны кейiннен үшiншi тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты осы бапта көзделген жағдайларда мүлiктi талап ету мүмкiн болмаған кезде талап етiлетiн мүлiктiң бастапқы сатып алушылары борышкердiң алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлiнген не үшiншi тұлғалар адал жолмен сатып алған мүлiктiң құны шегiнде өтеу жөнiнде жауапты болады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.02.20.  N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),   2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      7-бап. Шартты орындаудан бас тарту

      1. Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде:

      1) шартты орындау борышкерге зиян келтiрсе;

      2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса;

      3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге жасалса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке есептелсе;

      4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң шартты бұзу арқылы келтiрiлген шығындарды нақты зиян мөлшерiнде өтеудi борышкерден сот тәртiбiмен талап етуiне не бас тарту негiзiне дау айтуына болады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .

      8-бап. Банкроттық туралы iстердiң сотта қарауға
              жататындығы

      Банкроттық туралы iстердi соттар борышкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленетiн тұрған жерi бойынша қарайды.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      9-бап. Оңалтуды және конкурсты басқарушылар

      РҚАО-ның ескертпесі!
      9-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Оңалту рәсімін және конкурстық (таратушылық) іс жүргізуді жүзеге асыру мақсатына қол жеткізу үшін оларды жүргізу кезеңінде дәрменсіз борышкердің барлық органдары оларды басқарудан шеттетіледі және борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттік оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) беріледі.
      Оңалтуды және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр уәкiлеттi органы ретiнде әрекет етедi.
      Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
      1-1. Оңалту рәсіміне борышкердің өзі бастамашылық жасаған жағдайда борышкер мүлкінің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген органның өтініші бойынша оңалтуды басқарушы болып кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің басшысы тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте ондай басшыға осы Заңмен белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады.

      2. Оңалтуды және конкурсты басқарушыларды тағайындаудың тәртiбi мен ережелерi, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен мiндеттерi, соның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк көлемi осы Заңмен және уәкілетті органның келісімі бойынша кредиторлардың комитетi, олармен жасасқан келiсiммен реттеледi.

      2-1. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер оңалтуды, конкурстық басқарушылар болып тағайындалады.
      Осы Заңның 2-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісім бойынша тағайындайды.
      Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      3. Оңалтуды, конкурсты басқарушы болып осындай қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган беретiн лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға тағайындалады.

      4. Мыналарды оңалтуды және конкурсты басқарушылар етiп тағайындауға болмайды:

      1) борышкер немесе кредиторлар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамы.  Осы тармақшаның ережесі борышкер әкімшілігінің басшысы болып табылатын лауазымды адамға қатысты, осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды;

      2) лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде төлем қабілеті жоқ борышкердің мүлкін және істерін басқарудан шеттетілген адам;

      3) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адам.
      Аталған шарт осындай шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл бойы қолданылады;

      4) егер шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсіз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай серіктестікке қатысушылар, акционерлік қоғамдардың акционерлері, кооператив мүшелері. Осы тармақшаның ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды;

      5) жұбайы, тiкелей өзiнен тараған және шыққан тегi бойынша туыстары, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдардың туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi;

      6) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам. 

      5. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған өкілеттіктерді жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.
      Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.10 N 277 , 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N  115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      10-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмi

      1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерiн банкроттық рәсiмдерiне сәйкес қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жасалады.

      2. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың даусыз болып табылатын, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес негiзделген деп танылған талаптары енгiзiледi.
      Борышкерден ақшаны өндiрiп алу туралы заңды күшiне енген соттың шешiмi немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады.

      3. Банкроттық рәсiмдерiн енгiзгеннен кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтуды не конкурсты басқарушылар жүзеге асырады.

      4. Кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және оңалтуды немесе конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келіспеушіліктерді тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша сот қарайды.
      Соттың шешімі талапты тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады.     
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01 N 256 , 2001.07.11 N 239 , 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банкроттық
                 саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптарды белгілейді;
      1-1) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдайды;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекітеді;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      4) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтар жүргізу тәртібін айқындайды ;
      5) заңды тұлғаларды қала негізін қалаушы ұйымдарға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды .
      Ескерту. 10-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-2-бапқа өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Уәкілетті орган:
      1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді;
      2) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім береді;
      3) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындайды;
      4) сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      5) кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырып, бекітеді және оңалту рәсімінде оның алғашқы отырысын шақырады;
      6) кредиторлар комитетінің оңалтушы немесе конкурстық басқарушылармен, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісімен жасасатын келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарайды;
      7) дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу тәртібін айқындайды ;
      8) оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық іс жүргізудің, оңалту рәсімінің әкімшілік шығыстары сметасының жобасын келіседі;
      9) оңалтушы басқарушының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы (жасалған мәмілелер туралы ақпаратты талап етеді) және конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісінің сырттай байқау рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы есептерін қарайды;
      10) оңалтушы басқарушының қорытынды есебін келіседі және оңалту рәсімін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды береді, сондай-ақ конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есептерін келіседі;
      11) оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді;
      12) сырттай байқау әкімшісінің, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қорытынды есебінің нысанын және оларды келісу тәртібін бекітеді ;
      13) конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімі кезінде, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді;
      14) кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді;
      15) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды талап етуге құқылы;
      16) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады;
      17) конкурстық массаны сату жоспарының жобасын қарайды;
      18) осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін шеттету туралы шешім қабылдайды;
      19) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      20) жалған және әдейі жасалған банкроттықтың белгілерін анықтайды;
      21) оңалтушы, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды;
      22) осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолданады;
      23) сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды білім беру ұйымы арқылы даярлау ережелерін бекітеді;
      24) сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу тәртібін белгілейді ;
      24-1) кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін белгілейді;
      25) мониторингті, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпаратты және құжаттарды талап ету арқылы жүзеге асырады;
      26) мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұратады және алады;
      27) конкурстық, оңалтушы басқарушылардың не сырттай байқау әкімшісінің өтініші бойынша конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімінің және сырттай байқау рәсімінің пайдасына, сондай-ақ кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіне алады;
      28) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
      29) заңмен белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және олар туралы істерді қарайды, өз құзыреті шегінде әкімшілік жаза қолданады;
      30) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
      Ескерту. 10-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-3-бап. Сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің,
                конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін
                мемлекеттік бақылау

      1. Уәкілетті органның сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.
      Мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 10-4-бабында реттелмеген тексерулер мәселелері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Осы баптың мақсаты үшін сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің тараптары деп кредиторлар, борышкер, мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген орган, кредиторлар комитеті, сырттай байқау әкімшісі, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсініледі.
      3. Уәкілетті орган мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары шеңберінде өз құзыретін іске асыру мақсатында сауалдар жасауды жүзеге асыруға құқылы.
      4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары мынадай:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1) төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқаруға лицензиясы бар тұлғалардың банкроттық рәсімдерде тіркелу есебі;
      2) мониторинг;
      3) камералдық бақылау;
      4) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылау нысандарында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-3-бап жаңа редакцияда - 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту  енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

       10-4-бап. Сырттай байқау әкімшілерінің, оңалтушы және
                конкурстық басқарушылардың Қазақстан
                Республикасының заңнамасында белгіленген
                сырттай байқау рәсімін, оңалту рәсімін,
                конкурстық іс жүргізуді өткізу талаптарын
                сақтауын тексеру

      1. Тексеру уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының нұсқамасы негізінде үш ай мерзімді тексерілетін кезеңде бір реттен жиі жүргізілмейді.
      2. Тексеру жүргізуге мынадай деректемелер жазылған нұсқама негіздеме болып табылады:
      1) уәкілетті органда тіркелген күні мен нөмірі;
      2) нұсқаманы берген уәкілетті органның атауы;
      3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
 
       РҚАО-ның ескертуі!
      10-4-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының 2012 жылғы 1 қаңтарда ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен күші жойылады.
      4) борышкердің - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды мекенжайы немесе борышкердің - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, сондай-ақ оның салық төлеуші ретіндегі тіркеу нөмірі;
 
       РҚАО-ның ескертуі!
      10-4-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтарда бастап ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен қолданысқа енгізіледі.
      5) борышкердің - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды мекенжайы немесе борышкердің - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірі;
      6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
      7) тексерудің басталған және аяқталған күні;
      8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге тиісті нормативтік құқықтық актілер;
      9) тексерілетін кезең.
      Нұсқамаға уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының бірінші басшысы не оны ауыстыратын адамдар қол қоюға және елтаңбалы мөрмен куәландырылуға тиіс.
      3. Бір нұсқаманың негізінде бір тексеру ғана жүргізіледі.
      4. Сырттай байқау әкімшісі, оңалтушы және конкурстық басқарушылар борышкердің аумағына немесе үй-жайына зерттеу жүргізу үшін тексеруші адамдарды жіберуге, сондай-ақ кез келген сұратылған ақпаратты беруге міндетті.
      5. Уәкілетті органның тексерулерге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуға құқығы бар.
      6. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды, оның біреуін анықталған бұзушылықтармен және басқа да іс-әрекеттермен танысып, оларды жою жөнінде шаралар қолдану үшін сырттай байқау әкімшісіне (оңалтушы немесе конкурстық басқарушыға) береді.
      7. Тексеру актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган мұндай бұзылушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, ұсыну шығарады.
      Ескерту. 10-4-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05.
N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2-тарау. КРЕДИТОРЛАР КОМИТЕТI

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .

      11-бап. Кредиторлар комитетін қалыптастыру

      1. Сырттай байқау рәсімінде, оңалту рәсімінде, конкурстық іс жүргізуде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
      Кредиторлар комитетін қалыптастыру:
      1) сырттай байқау кезінде осы Заңның 41-2-бабымен;
      2) конкурстық іс жүргізу кезінде осы Заңның 70-бабымен;
      3) оңалту рәсімі кезінде осы Заңның 43-бабымен реттеледі.
      2. Кредиторлар комитетінің құрамына еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша кредиторлардың өкілі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар, кредитордың - мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органның өкілі, сондай-ақ борышкерге қоятын талап сомасы неғұрлым көп конкурстық кредиторлар мен кепілді кредиторлар кіреді.
      3. Кредиторлар комитеті мүшелері жеті адамнан аспайтын тақ саннан тұрады.
      4. Кредитор кредиторлар комитетінің мүшесі ретінде сырттай байқау рәсіміне, оңалту рәсіміне, конкурстық іс жүргізуге қатысудан бас тартуға құқылы.
      5. Сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, кредиторлар комитетінің, борышкер кредиторларының өтініші бойынша уәкілетті орган осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын ескере отырып, қалыптастырылған және бекітілген кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізуі мүмкін.
      6. Қалыптастырылған және бекітілген кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізудің негіздемелері мыналар бола алады:
      1) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің отырыстарына екі реттен артық дәлелді себептерсіз келмей қалуы;
      2) борышкерге үлкен сомалы талабы бар кредиторлардың анықталуы;
      3) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің құрамынан өзін шығару туралы өтініші;
      4) кредиторлар комитетінің құрамына кіретін кредиторлардың алдындағы міндеттемелерді орындауы;
      5) кредитордың кредиторлар комитетінің құрамына өзін қосу туралы өтініші;
      6) кредиторға кредиторлар комитетінің құрамында болуға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар (заңды күшіне енген сот актілері, кредиторды тарату не оның қайтыс болуы және басқалар).
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2008.07.05.
N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      12-бап. Кредиторлар комитетiнiң отырыстары

      1. Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысы кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген күннен бастап он бес күннен аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс.

      2. Кредиторлар комитетi бiрiншi отырысында:

      1) дауысқа қою рәсiмiнде дауыстар тең болған жағдайда шешушi дауыс құқығы берiлетiн комитет төрағасын сайлауға;

      2) конкурстық басқарушының кредиторлар комитетінің алдында түгендеу жөнінде есеп беру мерзімін белгілеуге;

      3) сыйақының сомасын және оны конкурстық басқарушыға төлеудiң тәртiбiн белгiлеуге мiндеттi.

      3. Кредиторлар комитетiнiң бұдан кейiнгi отырыстары комитет белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмде шақырылады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiгi

      Кредиторлар комитетi:
      оңалту рәсiмiн жүргiзу, ұзарту немесе тоқтату туралы сот алдында өтiнiш жасауға;
      оңалтуды немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетi мүшелерiнiң арасынан кредиторлардың өкiлiн сайлауға;
      сырттай байқау әкімшісінен, оңалтушы немесе конкурстық басқарушыдан борышкердің қаржы жағдайы және сырттай байқау рәсімдерін, оңалту рәсімін және конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру барысы туралы ақпарат беруді талап етуге;
      оңалтуды немесе конкурстық басқарушылардың іс-әрекеттеріне уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға, сондай-ақ оларды атқаратын міндеттерінен шеттету туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну жөнінде шешім қабылдауға;
      борышкердiң өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешектерiнiң сомасын бекiтуге;
      конкурстық басқарушы ұсынған конкурстық массаны iске асыру жоспарын бекiтуге;
      оңалту рәсімін және конкурстық іс жүргізуді өткізу үшін аудиторлық тексеріс пен түгендеу нәтижелерін назарға алуға, шығыстар баптары мен сметасын бекітуге;
      орынды жағдайда конкурстық басқарушыға, егер бұл кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмесе, банкрот деп танылған кәсіпорынның өндірістік қызметін тоқтатпау жөнінде ұсыныс жасауға;
      осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05.
N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

      14-бап. Кредиторлар комитетiнiң шешiм қабылдауы

      1. Кредиторлар комитетінің отырысына комитет мүшелерінің немесе олардың сенімді адамдарының кемінде 2/3-і қатысса, ол құқылы болады.

      2. Кредиторлар комитетiнiң отырысы хаттамамен ресiмделедi.

      3. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi "бiр комитет мүшесi - бiр дауыс" деген принцип бойынша жалпы дауыс санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.

      4. Борышкердiң басқа барлық кредиторлардың кредиторлар комитетiнiң отырысына кеңесшi дауыс құқығымен қатысуға құқығы бар.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 Заңымен .

3-тарау. БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI СОТ ТӘРТIБIМЕН ҚАРАУ

      15-бап. Банкроттық туралы iс қозғау тәртiбi

      1. Банкроттық туралы iс бойынша сотта борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi, осы Заңның 4-бабында көзделген негіздер болған кезде және осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда прокурордың өтiнiшi негiзiнде iс қозғалады.

      2. Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар - азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер жөнiндегi кредиторлар ие болады.

      3. Банкроттық туралы iс бойынша сот борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi iске қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап iс қозғалды деп есептеледi.

      4. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы берген өтiнiшi соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарылып алынбайды.
      Кредитор (кредиторлар), прокурор өз өтiнiшiн борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2008.07.05.
N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

      16-бап. Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар

      Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар мыналар бола алады:

      1) борышкер;

      2) кредиторлар;

      3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;

      4) прокурор;

      5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;

      6) уәкiлеттi орган.

      7) <*>
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       17-бап. Борышкердiң өтiнiшi

      1. Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы:

      1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген органның;

      2) борышкер мүлкi иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның шешiмдерi негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы.

      2. Борышкер мүлкiнiң иесi, ол уәкiлдiк берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе құзыреттi органы, оны тарату туралы шешiм қабылдаған, ал мүлiк кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуге мiндеттi.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      18-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны

      1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы адам қол қояды.

      2. Борышкердiң өтiнiшiнде мыналар болуға тиiс:

      1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы;

      2) азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың тұрғылықты жері және борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген тізбесі;

      3) моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн борышкердiң өзi жауап беретiн азаматтардың талап етуi бойынша берешегiнiң сомасы;

      4) борышкердiң қызметкерлерiне төленуге тиiстi еңбекақы мен өтемақылар бойынша берешек сомасы; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша берешек сомасы; авторлық шарттар бойынша төлеуге есептелген сыйлықақы сомасы; <*>

      5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасы;

      6) кредиторлардың талабын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiне негiздеме;

      7) борышкерге талап-арыздарды соттардың iске қабылдап алғаны туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;

      8) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде жалдаудағы және лизингтегi кепiлге берiлген мүлiк туралы, банктiк шоттарда жатқан ақша туралы мәлiметтер; шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі туралы мәлiметтер;

      9) борышкердiң өтiнiштi берген күннен бастап бiр жыл iшiнде орындалуы керек болатын мiндеттемелерi туралы мәлiметтер;

      10) банкроттық туралы iске қатысу үшiн еңбек ұжымының өкiлi (қызметкерлердiң өкiлi) туралы мәлiметтер;

      10-1) борышкер қызметінің табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкер тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға; ие болған нарық субъектісі болып табылатыны туралы ақпарат;

      11) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi.
      Егер банкроттық туралы iстi қарауға қажет болса, борышкердiң өтiнiшiнде өзге де мәлiметтердiң, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтiнiштер көрсетiлуi мүмкiн.
      Борышкер уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2004.04.08. N 542 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      19-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар

      1. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:

      1) белгiленген мөлшер мен тәртiп бойынша мемлекеттiк бажды төлегендiгiн;

      2) (алып тасталды)

      3) берешек болуын, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын борышкердiң қанағаттандыра алмайтындығын;

      4) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге жағдайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.

      2. Борышкердiң өтiнiшiне сондай-ақ:

      1) борышкердiң оны банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш жасауына негiз болып табылатын меншiк иесiнiң немесе құрылтайшыларының (қатысушыларының), заңды тұлға органдарының шешiмi;

      2) дебиторлық және кредиторлық берешектердiң, топтар бойынша негiзгi және айналым құралдары құрамының толық ашып көрсетiлетiн соңғы есептi кезең iшiндегi қаржы есептемесi;

      3) банкроттық туралы iске қатысу үшiн жасырын дауыспен олардың өкiлi сайланған, борышкердiң еңбек ұжымы (қызметкерлерi) жиналысының (конференциясының) хаттамасы;

      4) борышкердiң құрылтай құжаттары;

      5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы борышкердiң сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның оларға он күн iшiнде беретiн қорытындысы;

      6) егер борышкер тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы борышкердiң сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап монополияға қарсы органның оларға он күн iшiнде беретiн қорытындысы;

      7) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі жүргізілсе, сырттай байқау әкімшісінің қорытындысы қоса тіркеледі.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01 N 256 , 2001.07.11 N 239 , 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07 N  174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      20-бап. <*>

     Ескерту. 20-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-бап. Борышкер өтiнiшiнiң қаралмай қайтарылуы

      1. Борышкердiң банкрот деп тану туралы осы Заңның 18 және 19-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi өтiнiштi қарамай қайтаруға негiз болып табылады.

      2. Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы Заңға сәйкес мiндеттi болып табылған және қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса тiркелмеген жағдайларда мұндай өтiнiштi сот iс жүргiзуге қабылдайды, ал жеткiлiксiз құжаттарды сот қарауына iстi дайындау тәртiбiмен сот сұратып алады.

       22-бап. Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiштi

       1. Азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитор (кредиторлар) өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн.

      2. Кредитордың өтiнiшi сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жалпы ережелер бойынша берiледi.

      3. Кредитордың өтiнiшiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:

      1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;

      2) борышкердің - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері немесе борышкердің - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері;

      3) кредитордың - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері немесе кредитордың - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері;

      4) борышкердiң кредитор алдындағы оның талабынан туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;

      5) осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;

      6) мiндеттеме бойынша берешек сомасы және орындамағаны үшiн айып-ақы (айыппұл, өсiм) және борышкерден өндiрiп алуға жататын зияндар осы сомаға есептелген сыйақы (мүдде);

      7) кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі, бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);

      8) борышкерде бар мүлiк туралы кредиторға белгiлi мәлiметтер;

      9) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi;

      10) борышкерге талаптар қою айғағы;

      11) егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер.

      4. Кредитор борышкерге және уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса тiркелетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.

      5. Кредитордың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмейтiн, сондай-ақ қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн сот қарамай қайтарады.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      23-бап. Кредитордың өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар

      Кредитордың борышкердiң банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:

      1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгенiн;

      2) кредитор өтiнiшi көшiрмесiнiң және оған қоса тiркелген құжаттардың борышкерге және уәкілетті органға жiберiлгенiн;

      3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын;

      4) кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитордың талаптарын борышкердiң жазбаша түрде мойындауы);

      5) кредитордың өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      24-бап. Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын
               бiрiктiру

      1. Кредитордың әртүрлi мiндеттемелер бойынша борышкерге қойған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқығы бар.

      2. Кредиторлардың борышкерге қойған өз талаптарын бiрiктiруге және сотқа бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар. Мұндай өтiнiшке өз талаптарын бiрiктiрген кредиторлар қол қояды.

      25-бап. <*>

      Ескерту. 25-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      26-бап. Прокурордың мәлiмдемесi

      1. Прокурор:

      1) өзi әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;

      2) кредитор Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк органдардың мүдделерiн көздеп;

      3) жоқ борышкердiң кредиторларының мүдделерiн көздеп борышкердi банкрот деп тану туралы мәлiмдеме жасауға құқылы.

      2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен туындамаса, прокурордың мәлiмдемесi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптарды сақтай отырып берiледi.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      27-бап. Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғау

      1. Борышкердi банкрот деп тану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш түскеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
      2. Сот банкроттық туралы іс қозғау жөніндегі сот ұйғарымының көшірмесін борышкерге, мәлімдеушіге, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына жібереді.
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.07.01 N 256, өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 239, 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      28-бап. Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғаудың
               салдары

      1. Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап:

      1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (оған уәкiлеттiк берiлген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), заңды тұлғаның барлық органдары борышкердiң мүлкiне билiк ету құқығынан айырылады. Егер осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетiлген ұйым борышкер болып табылған жағдайда, уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот iс жүргiзу циклын, оның iшiнде үздiксiз iс жүргiзудi қолдауға және мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi ең төменгi ағымдағы төлемдердi жүргiзуге уәкiлеттi тұлғаларды анықтауға құқылы;

      2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауап беретiн азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне қатысты оның меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе органдардың бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;

      3) кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;

      4) кредиторлардың, салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның талаптары, соның iшiнде даусыз (акцептісiз) тәртiппен қанағаттандырылуға тиiстi талаптары бойынша борышкердiң банк шотынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;

      5) акцияларды, борышкердiң мүлкiндегi үлестердi иелiктен айыруға тыйым салынады.

      2. Сот жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалғандығы жөнінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялауға міндетті.
      Хабарландыруды жариялау банкроттықты тану туралы өтiнiш берген тұлғаның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, ол осы Заңның 40-бабында белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      29-бап. Кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне
               борышкердiң жауабы

      1. Борышкер соттың банкроттық туралы iс қозғау жөнiндегi ұйғарымының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде сотқа кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне жауап қайтаруға мiндеттi.

      2. Жауапта:

      1) жауап жiберiлiп отырған соттың атауы;

      2) мәлiмдеушiнiң тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы, мәлiмдеменiң нөмiрi мен күнi;

      3) борышкердiң мәлiмдеушi талабына қарсылықтары;

      4) өзге кредиторлар алдындағы мiндеттемелер, борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу, салық және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнiндегi берешектiң жалпы сомасы; <*>

      5) борышкердiң қолында бар мүлiк, оның iшiнде кепiлге берiлген, жалдаудағы немесе лизингтегi мүлiк туралы, банктер шоттарындағы ақша туралы мәлiметтер, шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі;

      6) борышкер мойындаған жағдайда мәлiмдеушi талаптарының қанағаттандырылғанына айғақтар.

      3. Борышкердiң жауабына борышкердiң:

      1) орындау мерзiмi жеткен борыштық мiндеттемелерiн орындауға;

      2) орындау мерзiмi борышкердi банкрот деп тану туралы арыз берiлген кезден бастап үш айдың iшiнде келетiн борыштық мiндеттемелерiн орындауға қабiлеттi екенiн растайтын құжаттары қоса берiлуге тиiс.

      4. Борышкер жауабының болмауы не оның осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмдi дәлелдi себепсiз бұза отырып тапсырылуы борышкердiң өзiнiң дәрменсiздiлiгiн мойындауы деп қаралады және соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болуы мүмкін.

      5. Борышкердiң жауабында өзiн дәрменсiз деп тануды бiлдiруi соттың оны банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болады.
      Борышкер жауабында өзiнiң дәрменсiздiгiн мойындаған жағдайда осы баптың 3-тармағында аталған құжаттардың табыс етiлуi мiндеттi емес.
      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 29-бапқа өзгерту енгізілді - 2001.07.11. N 239 , 2004.04.08. N 542 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      30-бап. Кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету

      Кредитордың немесе прокурордың не iске қатысушы өзге адамның өтiнiшi бойынша сот кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнiнде мынадай шаралар қолдануға:

      1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (оның бiр бөлiгiне), соның iшiнде ақшаға тыйым салуға;

      2) борышкер мүлкiнiң азайып кетуiне не кредиторлардың мүдделерiне өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн iс-әрекеттер жасауына борышкерге тыйым салуға;

      3) өндiрiп алу даусыз (акцептсiз) тәртiппен жүргiзiлетiн орындау құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға құқылы.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 2002.08.09. N 346 Заңдарымен.

      31-бап. Iстi соттың қарауына дайындау

      1. Кредитордың немесе прокурордың сотқа осы Заңның 29-бабының ережелерiн ескере отырып табыс еткен талабына борышкердiң қарсылық бiлдiрген жауабының болуы iстi сотта қарауға дайындау үшiн негiз болып табылады.

      2. Борышкердiң банкроттығы туралы iстi сотта қарауға дайындау кезiнде Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген әрекеттермен қатар сот:

      1) iстi сот отырысында қаралатын уақыты мен орнын iске қатысатын уәкілетті органға, кредиторларға, прокурорға және өзге де тұлғаларға хабарлайды;

      2) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында және 19-бабында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды борышкерден талап етiп алады;

      3) iстi мәнi бойынша қарау үшiн соттың отырысын тағайындайды.
      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2002.08.09. N 346 , 2006.01.10. N  115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      32-бап. <*>

      33-бап. <*>

      Ескерту. 32, 33-баптар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .

      34-бап. Соттың iстi қарауы

      Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң бiр айдан кешiктiрiлмей, банкроттық туралы iс соттың қарауына тағайындалуға тиiс, ол туралы сот ұйғарым шығарады.
      Банкроттық туралы iс сотқа өтiнiш түскен күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .

      35-бап. Банкроттық туралы iс бойынша сот қаулылары

      1. Сот банкроттық туралы iстi сот отырысына қарап, мынадай сот актiлерiнiң бiрiн қабылдай алады:

      1) борышкердi банкрот деп тану және конкурс жүргiзу туралы шешiм;

      2) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм;

      3) өтiнiш жасалған жағдайда оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым;

      4) iс жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарым.

      2. Соттың осы баптың 1-тармағында көзделген шешiмдерi мен ұйғарымдары, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиiс.
      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      36-бап. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм

      1. Соттың борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiмi мынадай жағдайларда:

      1) iс қозғалған кезден бастап екi айдан аспайтын мерзiмде соттың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дәлелдей алмағанда;

      2) iс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде, оның дәрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкердiң өз жауабында дәрменсiздiгiн мойындағанда;

      3) iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде, оның дәрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкер өзiн банкрот деп тану туралы арыз бергенде;

      4) кредиторлар комитетiнiң бас тарту туралы шешiмi алынған кезден бастап бес күннен аспайтын мерзiмде, осы Заңның 14-бабы 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, кредиторлар комитетi борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолданудан бас тартқанда;

      5) банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңғыртылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмдерiнiң сәтсiз өткiзiлгенi туралы уәкілетті органның қорытындысымен сотқа жазбаша жүгiнгенде;

      6) банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңартылған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оңалту мақсаттарына қол жеткiзу мүмкiн болмауына байланысты оңалту рәсімін тоқтату туралы уәкiлеттi орган мәлiмдегенде шығарылады.

      2. Соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмiнде:

      1) борышкердi тарату туралы;

      2) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауға тапсырма беру туралы;

      3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген кредиторлардың мәлiмделген талаптарының сомасы туралы;

      4) борышкердiң лауазымды тұлғаларының құрылтай, қаржы және оның мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарын, сондай-ақ борышкердiң мөрiн конкурстық басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде беру туралы нұсқаулар болуға тиiс.

      2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей тағайындайды.

      3. Борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы хабарландыруды конкурстық басқарушы ол тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
      Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:

      1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған соттың атауы;

      2) банкроттың атауы және орналасқан жерi;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 2-1) тармақшадағы «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «тіркеу нөмірі» деген сөздер болып есептелсін (ҚР 2011.01.11 N 385-IV Заңын қараңыз).
      2-1) банкротты сәйкестендіретін мәліметтер (салық төлеушінің сәйкестендiру нөмірі, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы);

      3) жарияланым шыққан күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң борышкерге қоятын талаптарын табыс ету қажеттiгi туралы кредиторларға хабарлама болуға тиiс.
      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 , 2001.03.02. N 162 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      37-бап. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту
               туралы шешiмi

      1. Егер кредиторлардың қойған талаптарына борышкер қарсылықтарын сот дәлелдi деп таныса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      2. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртiп бойынша борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды.
      Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      38-бап. Жалған банкроттық кезiндегi сот шешiмi

      1. Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде кiнәлi лауазымды адамдардан барлық сот шығындарын өндiрiп ала отырып, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады.

      2. Сот шешiмiнде жалған банкроттықтан келтiрiлген шығындарды борышкерден өтеудi талап етуге кредиторлардың құқығы көрсетiлуге тиiс (осы Заңның 5-бабының 2-тармағы).

      39-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарым

      1. Банкроттық туралы iс бойынша iстi сот Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ мына жағдайларда:

      1) оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлгенде;

      2) <*>

      3) борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi керi қайтарып алғанда (осы Заңның 15-бабының 4-тармағы) қысқартады.

      2. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты соттың банкроттық туралы iс бойынша iстi қысқарту жөнiндегi ұйғарымында:

      1) оңалтуды басқарушының есебiн бекiту туралы;

      2) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы нұсқаулар болуға тиiс.

      3. <*>
      Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      40-бап. Әкiмшiлiк шығыстарын бөлу

      1. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданған кезде әкiмшiлiк шығыстары борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртiппен өтеледi.

      2. Борышкердiң кредиторлардың талаптарына қарсылықтарын соттың дәлелдi деп тануына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығындар сотқа өтiнiш берген кредиторларға жатқызылады және олардың арасында талаптарына қарай бөлiнедi.

      3. <*>
      Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

      41-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi.
              Шешiмдi (ұйғарымды) қайта қарау

      Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi мен оларды апелляциялық және қадағалау тәртiбiмен қайта қарау азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       3-1-тарау. Сырттай байқау

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      41-1-бап. Сырттай байқау

      РҚАО-ның ескертпесі!
      41-1-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Кредитордың не уәкілетті органның өтініші бойынша сот сырттай байқау рәсімін енгізу туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарады. Борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі:
      1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор немесе сырттай байқау рәсімін қолдануға келісім білдірген кемінде үш кредитор, оның ішінде өтініш беруші болған кезде;
      2) борышкердің төлем қабілеті болмаған кезде үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге енгізілуі мүмкін.
      Бұл ретте, өтініш берушінің ұсынысы бойынша кредиторлардың болуын борышкерден кредиторларының және олардың мүліктік талаптарының мөлшері туралы мәліметті талап ету арқылы сот белгілейді.
      Соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымында уәкілетті органға бес күндік мерзімде сырттай байқау әкімшісін тағайындау тапсырылатыны көрсетіледі.
      Сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібін уәкілетті орган белгілейді .

      2. Сырттай байқау әкiмшiсi болып банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсiпкер тағайындалады.
      Осы Заңның 9-бабының 4-тармағында көрсетiлген тұлғалар сырттай байқау әкiмшiсi болып тағайындала алмайды.

      3. Сырттай байқау әкімшісі лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған өкілеттіктерді жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.
      Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      4. Сырттай байқау енгiзiлген кезде мынадай салдарлар туындайды:

      1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары осы Заңда көзделген сырттай байқау рәсiмi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;

      2) борышкердiң лауазымды тұлғаларына өздерiне тиесiлi акцияларды, борышкер мүлкiндегi үлестерiн иелiктен айыруына тыйым салынады;

      3) борышкердің кепілге салынған мүлкінен, оның ішінде соттан тыс тәртiппен өндiрiп алуға тыйым салынады.

      5. Сотқа сырттай байқауды енгiзу туралы өтiнiш берген кезде кредитор салық қызметiнiң тиiстi органына хабарлама жiбередi.
      Ескерту. 41-1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      41-2-бап. Кредиторлар комитетiн құру

      1. Сырттай байқау кезiнде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар комитетi құрылады, оның құрамын осы баптың талаптарына сәйкес сырттай байқау әкiмшiсi құрады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.

      2. Кредиторлар комитетiнiң құрамына борышкерге ең көп талабы бар азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ  еңбекақы төлеу бойынша және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредиторлардың өкілдері кiруi мүмкiн.

      3. Өтiнiштерi бойынша сырттай байқау рәсiмi енгiзiлген кредиторлар, талаптардың мөлшерiне қарамастан, кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзiледi.

      4. Кредиторлар комитетi мүшелерi жетi адамнан аспайтын тақ саннан тұрады.
      Ескерту. 41-2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      41-3-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерi

      Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерiне:

      1) сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн үйлестiру мен бақылау;

      2) борышкердiң негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмiлелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтiруi мүмкiн, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткiлiксiз негiздер бойынша өзге мәмiлелер жасауына қатысты сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн келiсу, қайта ұйымдастыруды жүргiзу;

      3) сырттай байқау әкiмшiсiмен борышкердiң мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесiнде борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi туындаған, сырттай байқау рәсiмiн енгiзгенге дейiн жасалған оның мәмiлелерiн және iс-әрекеттерiн анықтау мен талдау, мүлiктi түгендеу актiлерi бойынша салыстыру жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар және осы Заңда белгiленген өзге де iс-шаралар туралы уәкiлеттi органмен келiсiлген келiсiм жасау;

      4) уәкiлеттi органға сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерi жөнiнде шағымдану;

      5) сырттай байқау рәсiмiн ұзарту немесе тоқтату туралы сотқа өтiнiш жасау жатады.

      41-4-бап. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң өкiлеттiктерi

      1. Сырттай байқау әкiмшiсi:

      1) сотқа борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қолдану, сондай-ақ мұндай шаралардың күшiн жою туралы өтiнiш жасауға;

      2) түгендеу актiлерi бойынша борышкердiң мүлкiне салыстыру жүргiзуге;

      3) борышкерден берешек сомасы көрсетiлген оның кредиторлары мен дебиторларының толық тiзбесiн, активтерi мен пассивтерi толық көрсетiлген балансын, борышкердiң қаржылық жағдайы туралы есептi және басқа да қажеттi ақпаратты талап етуге;

      4) сот алдында үшiншi тұлғалардан қажеттi құжаттарды, қорытындыларды табыс ету және (немесе) оларды талап ету, олардың борышкердiң алдыңғы үш жылдағы қаржы-шаруашылық қызметiне қатысты өзге мәлiметтердi табыс етуi туралы өтiнiш жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мәлiметтермен олардың тұрған жерiнде танысуға;

      5) сырттай байқау рәсiмi енгiзiлгенге дейiнгi алдыңғы үш жыл iшiнде жасалып, борышкердiң қаржылық жағдайын нашарлатқан мәмiлелердi анықтауға, борышкерден оларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген негiзде және тәртiппен бұзуды талап етуге;

      6) борышкерден осы Заңның 41-7-бабында көзделген өзiнiң мiндеттерiн орындауын талап етуге;

      7) осы Заңда көзделген тәртiппен және мөлшерде сыйақы алуға құқылы.

      2. Сырттай байқау әкiмшiсi:

      1) борышкерге қатысты өз iс-әрекеттерiн кредиторлар комитетiмен келiсуге;

      2) борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету және оны қорғау жөнiнде шаралар қолдануға;

      3) әдейi және жалған банкроттық белгiлерiнiң бар екенiн анықтауға және анықталған белгiлер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға не борышкерден оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi жарамсыз деп тануын талап етуге;

      4) борышкердiң кредиторлары мен дебиторларын анықтауға, борышкерден дебиторлық берешектi өндiрiп алу жөнiнде шаралар қолдануын талап етуге;

      4-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған сырттай байқау рәсімі бойынша қажетті ақпарат беруге;

      5) сырттай байқау кезеңі аяқталғаннан кейін кредиторлар комитетімен және уәкілетті органмен келісілген, борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі және оған қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы не борышкерді банкрот деп тану туралы қорытындысы бар өз қызметі туралы есепті сотқа табыс етуге міндетті.
      Ескерту. 41-4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      41-5-бап. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң жауапкершiлiгi

      Сырттай байқау әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      41-6-бап. Сырттай байқау шығыстары

      Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдер мөлшері кредиторлар мен сырттай байқау әкімшісі арасында жасалатын келісіммен айқындалады.
      Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдер сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айына бір рет борышкердің мүлкі есебінен төленеді.
      Ескерту. 41-6-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      41-7-бап. Борышкердiң мiндеттерi

      Борышкер:

      1) сырттай байқауды енгiзу туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында сырттай байқауды енгiзу туралы жарияланымды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастыруға;

      2) сырттай байқау әкiмшiсiнiң талабы бойынша:
      сырттай байқау енгiзiлгенге дейiн жасалған, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелерге, сондай-ақ құны борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын басқа да мәмiлелерге қатысты қаржылық-шаруашылық және ұйымдастыру қызметi туралы ақпарат ұсынуға;
      борышкердiң қаржылық жай-күйiн нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi бұзу жөнiнде шаралар қабылдауға;

      3) сырттай байқау әкiмшiсiмен шығыстардың ұлғаюын, бухгалтерлiк есеп стандарттарына сай өз капиталындағы өзгерiстi, қайта ұйымдастыру жүргiзудi, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелердiң, сондай-ақ борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын мүлiктi сатып алу немесе иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердiң жасалуын келiсуге мiндеттi.
      Ескерту. 41-7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      41-8-бап. Сырттай байқауды тоқтату

      Сырттай байқау:

      1) сырттай байқау мерзiмi бiткен;

      2) сырттай байқау мақсаттарына қол жеткiзiлген жағдайларда сот сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есебiн бекiткен кезде тоқтатылады.

4-тарау. ОҢАЛТУ РӘСIМI

      42-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану

      Оңалту рәсiмi борышкер өтiнiш жасаған кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның келiсiмi болған жағдайда сот тәртiбiмен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.
      Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 42-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 Заңдарымен.

      43-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш жасау

      1. Дәрменсiз борышкер өзiнiң төлем қабiлетiн қалпына келтiру мүмкiндiгi болған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы сотқа арыз бергенге дейiн уәкiлетттi органға өзiне қатысты оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiн мәлiмдей алады. Мұндай өтiнiштi банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн кредиторлар де немесе үшiншi тұлға да жасай алады.

      2. Өтiнiште осы Заңның 11-бабының талаптары ескерiле отырып, борышкерге қатысты аталған рәсiмнiң қолданылуы орындылығының негiздемесi мен кредиторлар комитетi құрамы жөнiндегi ұсыныс болуға тиiс.

      3. Өтiнiшке:

      1) соңғы үш жылдағы қаржы есептілігі және борышкердің оңалту жоспарын жасау сәтіндегі қаржылық жағдайы туралы мәліметтер;

      2) дәрменсiз борышкердi оңалту жоспары;

      2-1) (алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен ;

      3) кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптардың жалпы сомасының 50 проценттен астамын иеленетiн кепiлдiк кредиторлардың, сондай-ақ осы кредиторлар талаптарының жалпы сомасының 50 проценттен астам үлесi тиесiлi конкурстық кредиторлардың оңалту рәсiмдерiн өткiзуге жазбаша келiсiмi;

      3-1) борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі енгізілген жағдайда сырттай байқау әкімшісінің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қорытындысы қоса тіркеледі;

      4) <*>

      4. Уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiн құрады әрi бекiтедi және Заңда белгiленген мерзiмде кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысын шақырады, онда оңалту жоспары қаралуға тиiс.

      4-1. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар ұйымдарды оңалту жоспары тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс.

      5. Егер борышкердi оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын кредиторлар комитетi мен уәкiлеттi орган осы Заңмен белгiленген кредиторлар комитетi мен уәкiлеттi органның шешiмдер қабылдау тәртiбiн сақтай отырып, мақұлдаса, борышкердiң оңалту рәсiмiн өткiзу туралы арызына кредиторлар комитетiнiң және уәкiлеттi органның берген келiсiмi сотқа жiберiледi.

      6. Егер борышкерді оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын кредиторлар комитеті мен уәкілетті орган мақұлдаса (келіссе), ал борышкерді оңалту жоспарымен келіспеген кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келмейтін болса, сот оңалту рәсімін өткізуге кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның келісімін алған кезден бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым шығарады.
      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 43-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      44-бап. Дәрменсiз борышкердi оңалту жоспары

      1. Дәрменсіз борышкерді оңалту жоспарында борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру жөніндегі нақты іс-шаралар (оңалту шаралары) және осы Заңның 47-бабының 2-тармағында аталған кредиторлар алдындағы берешекті өтеу мерзімі қамтылуға тиіс.
      Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспарына өзгерістер тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс.
      Оңалту жоспарын өзгертуге уәкілетті органның, кредиторлар комитетінің келісімімен жол беріледі және оны сот бекітеді.

      2. Оңалту шараларына кез келген ұйымдық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн, дәрменсiз борышкердi таратуға жол бермеуге бағытталған өзге де шаралар, сондай-ақ осындай шаралар кешенi, атап айтқанда, санация, мүлiктi (активтердi) сауда-саттық жүргiзу арқылы сату, борышкердiң талап ету құқықтарына кеңшiлiк жасау, борышты акцияға айырбастау, бiтiмгершiлiк келiсiм жасау кiруi мүмкiн.
      Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      45-бап. Оңалту шараларын қолданудың негiзi

      Борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн қолдануға оның таратылуына жол бермеу мақсатында төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгiнiң болуы негiз болып табылады. Борышкердiң төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгi тиiстi шарттармен, есептермен, экономикалық негiздемелермен және басқа да құжаттармен, егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі енгізілсе, сырттай байқау әкімшісінің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қорытындысымен расталады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      46-бап. Оңалту рәсiмiн енгiзудiң салдары

      1. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде оңалтуды басқарушы тағайындалып, оған заңды тұлғаның барлық органдарының оның мүлкі мен iстерін басқару жөнiндегi өкiлеттiгi ауысады. Оңалтуды басқарушының борышкердi оңалту мақсатына жетуге бағытталған оңалту жоспарына сәйкес iс-әрекеттер жасауға (қызметкерлердi жұмыстан босату, iшкi қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру: iшкi бөлiмшелердi тарату және өзге де шараларды қолдану) құқығы бар.
      Оңалту жоспарында көзделген мүлiктi (активтердi) сату сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
      Оңалтуды басқарушы стратегиялық объектіні иеліктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті сатып алудың басым құқығына ие болады.
      Оңалтуды басқарушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуды немесе оларды иеліктен шығаруды жүзеге асырады.

      2. Оңалту рәсiмiн жүзеге асыру мерзiмiнде дәрменсiз борышкердiң кредиторларының талаптары осы Заңның 47-бабында белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.

      3. Оңалту рәсімі енгізілген кезден бастап борышкер берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу тоқтатылады.
      Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      47-бап. Кредиторлармен есеп айырысу

      1. Оңалту рәсiмiн енгiзген кезден бастап:

      1) борышкер моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;

      2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн жеткен, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқан адамдармен өтемдер және еңбекке ақы төлеу жөнiнде, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жасалады; <*>

      3) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн жеткен салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер төленедi;

      4) мiндеттемелерден, оның iшiнде оңалтуды басқарушы жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде жеткен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.

      2. Борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша басқа да барлық есеп айырысуы, соның iшiнде өтелу; атқару қағаздары бойынша немесе даусыз тәртiппен жүргiзiлетiн берешектер осы Заңның 75 және 76-баптарында белгіленген кезектілік пен есеп айырысу ережелері сақтала отырып, оңалдыртылу жоспарына сәйкес кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.

      3. Кредиторлардың өтiнiштерi және олардың борышкерге қоятын талаптарын қарау, сондай-ақ кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн бекiту осы Заңның 71-73-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      4. Оңалту рәсiмi енгiзiлгенге дейiн туындаған кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
      Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2004.04.08. N 542 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

      48-бап. Оңалтуды басқарушы

      Борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін уәкілетті орган бес күн мерзімде оңалтуды басқарушыны тағайындайды.
      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

      49-бап. Оңалтуды басқарушыға сыйақы төлеу

      1. Оңалтуды басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Сыйақының сомасын және оны төлеу тәртiбiн кредиторлар комитетi осы баптың талаптарына сәйкес белгiлейдi.

      2. Оңалтуды басқарушыға төленетiн сыйақы:

      1) оның өз мiндеттерiн атқарған барлық кезеңi үшiн төленетiн, ай сайынғы сомасы елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, ағымдағы төлемдердi;

      2) оңалту рәсімінің мақсаттарына міндетті түрде қол жеткізілген жағдайда оңалтуды басқарушыға төленетін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған қаражаттан оның қызметінің нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді қамтиды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Оңалтуды басқарушының өкілеттіктері борышкер әкімшілігінің лауазымды адамына жүктелген жағдайда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер төленбейді.
      Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)  Заңдарымен.

      50-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi

      Оңалту рәсiмiн жүзеге асырудың ұзақтығы үш жылдан аспауға тиiс. Оңалтуды басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен, уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда, сот оны жүзеге асыру мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ ол 6 айдан аспауға тиiс.
      Табиғи монополия субъектілерінің немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар үшін сот оңалту рәсімінің мерзімін екі жылға дейін ұзартуға құқылы.
      Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),   2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      51-бап. Оңалтуды басқарушының өкiлеттiгi

      1. Оңалтуды басқарушы:

      1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;

      2) борышкердiң мүлкi жөнiнде тиiстi құқықтары болады және оның барлық органдары үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мiндеттердi атқарады;

      2-1) уәкiлеттi орган оны тағайындаған күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлар талаптарын бiлдiру тәртiбi туралы жарияланымды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды;

      3) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;

      3-1) кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн кредиторлар алдындағы берешектi өтеу бөлiгiнде оңалту жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы сотқа өтiнiш жiбередi;

      3-2) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн түзедi және жүргiзедi;

      4) осы Заңда көзделген басқа да өкілеттіктері орындайды.

      2. Кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен оңалтуды басқарушы:

      1) борышкердiң мүлкiне билiк ету жөнiндегi кез келген мәмiлелердi жасайды;

      2) (алып тасталды - 2001.07.11. N 239 Заңымен)

      3) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды.
      Осы тармақпен белгіленген ережелер оңалту жоспарында көзделген борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.

      3. Оңалтуды басқарушы уәкілетті органның не кредиторлар комитеті өкілінің талап етуі бойынша борышкердің мүлкіне билік ету жөнінде өздері жасаған мәмілелер туралы оны хабардар етуге, ал ол жоқ болған кезде уәкілетті органға, кредиторлар комитетіне осындай мәмілелер туралы ай сайынғы есепті табыс етуге міндетті.

      4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн енгiзгеннен кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi несиелiк берешектiң жалпы сомасының жиырма процентiнен асса, борышкердiң ақшалай жаңа мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi, оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен ғана жасай алады.

      5. Оңалтуды басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді айқындайды және оларды заңсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талаптар қояды.

      6. (алып тасталды)
      Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      52-бап. Оңалтуды басқарушының жауапкершiлiгi

      Оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмiн дұрыс жүргiзбегендiгi үшiн қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.
      Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      53-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату

      1. Оңалтуды басқарушы борышкер жөнiндегi оңалту рәсiмiн аяқтау туралы өтiнiшпен:

      1) егер борышкер жөнiндегi оңалту рәсiмiнiң мақсаты орындалса;

      2) Бұл жағдайда оңалтуды басқарушы уәкілетті органның қорытындысымен осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
      Оңалтушы басқарушының өтiнiшiне уәкiлеттi органның қорытындысы мен оңалтушы басқарушының қорытынды есебі қоса берiледi. Қорытынды есептің нысаны мен оны келiсу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi .

      2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне нұқсан келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган) немесе кредиторлардың кез келгенi осы жоспарды қайта қарау немесе оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа өтiнiш бере алады. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды және қарау нәтижесi бойынша ұйғарым шығарады.

      3. Оңалту рәсiмiн одан әрi жүргiзу орынсыз болған жағдайда уәкiлеттi орган оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуге құқылы.
      Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      54-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтатудың салдары

      Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi аяқталған соң, ал осы Заңның 53-бабында көзделген жағдайларда осы мерзiм аяқталғанға дейiн сот:

      1) егер оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жетсе, борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн тоқтату және iстi қысқарту туралы ұйғарым шығара алады;

      2) егер оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткiзу мүмкiн болмаса, борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн тоқтату, борышкердi банкрот деп тану туралы және конкурстық iс ашу туралы шешiм қабылдай алады.
      Сот борышкердi банкрот деп таныған және конкурстық iс жүргiзу тағайындалған жағдайда оңалту кезеңiнде пайда болған берешек сомасы осы Заңның 75-бабында белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
      Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

      55-бап. Санация

      1. Егер дәрменсiз борышкердi оңалту шаралары ретiнде оңалту жоспарына санация енгiзiлсе, санацияға қатысушының борышкерге және/немесе кредиторларға оңалту жоспарына сәйкес сомасы мен мерзiмiн көрсете отырып, ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi жоспарға қоса берiлуге тиiс.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда борышкердi басқаруды санацияға қатысушы немесе ол тағайындаған адам оңалтуды басқарушы үшiн көзделген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады. Санацияға қатысушыға осы Заңның 9-бабының 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген ережелер қолданылмайды.

      3. Сот, сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi оның орындау мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.
      Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 2001.07.11. N 239 Заңдарымен.

      56-бап. Санацияға қатысушылардың келiсiмi

      Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алған екi және одан да көп тұлғалар қатысса, олар кредиторлардың алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлудi, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауапкершiлiктi, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тәртiбiн көздейтiн келiсiм жасасуға тиiс.

      57-бап. Санацияға қатысушылардың жауапкершiлiгi

      1. Осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өз мойнына алған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер ықтиярсыз күштiң салдарынан немесе кредиторлардың, не борышкердiң (борышкер мүлкi иесiнiң) iс-әрекеттерi салдарынан санация мақсатына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдей алмаса, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жағынан жауап бередi.
      Егер келiсiмде басқаша көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда, мұндай жауапкершiлiктi олар бiрiгiп көтередi.

      2. Дәрменсiз борышкердiң кредиторлары талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндетiн өз мойнына алмаған санацияға қатысушының жауапкершiлiгi қатысушының оңалтуды басқарушымен уәкiлеттi орган және кредиторлар комитетi бекiткен келiсiмiмен белгiленедi.
      Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      58-бап. Санацияға қатысушының құқықтары

      1. Санацияның мақсатына жетуге байланысты банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған кезде өзіне осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген міндеттеме алған және борышкер мүлкінің меншік иесі болып табылмайтын қатысушы өзі инвестициялаған қаражат сомасында санация басталғанға дейін шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешімнің негізінде шаруашылық серіктестігі қатысушысының, акционерлік қоғам акционерінің құқығына ие болады, ал егер борышкер мемлекеттік кәсіпорын болып табылса, мемлекеттік орган мүлкінің уәкілетті меншік иесі шешімінің негізінде борышкер алдын ала шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылғаннан кейін шаруашылық серіктестігінің, акционерлік қоғам акционерінің қатысушы құқығына ие болады. Егер өндірістік кооператив борышкер болып табылса, санацияға қатысушы кооператив мүшелері жалпы жиналысының шешімі негізінде шаруашылық серіктестігі борышкер болып, алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін шаруашылық серіктестігінің қатысушысы құқығына ие болады.
      Аталған шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiрге ұсынылуға тиiс.
      Бұл жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгi жарғылық капиталының мөлшерi, жарғылық капитал екi жыл бойы белгiленген мөлшерге дейiн толықтырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ең төменгi мөлшерден аз болуы мүмкiн.

      2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайда борышкердiң мүлкiндегi үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына қарай белгiленедi.
      Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      59-бап. Борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк
               жасау

      1. Оңалту жоспарында бұл талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн ашық сауда-саттықта сату жолымен борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк берiлуiнiң көзделуi мүмкiн.

      2. <*>
      Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

5-тарау

      Ескерту. 5-тарау алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .

6-тарау. ДӘРМЕНСIЗ БОРЫШКЕРДI ТАРАТУ (КОНКУРС ЖҮРГIЗУ)

      65-бап. Жалпы ережелер

      1. Конкурстық іс жүргізудің, тарату рәсімінің өткізілу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Конкурстық басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен бұл мерзімді уәкілетті орган әрі кеткенде 3 айға ұзартуы мүмкін.
      Конкурстық іс жүргізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
      Бұл ретте, конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтініші уәкілетті органға конкурстық іс жүргізудің белгіленген мерзімі өткенге дейін кем дегенде күнтізбелік он бес күн бұрын жіберіледі.
      2. Көлемі үлкен мүлкі бар борышкерді тарату, дебиторлық берешекті өндіріп алудың нақты мүмкіндігінің, сот талқылауларының болуы, конкурстық басқарушының осы Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын орындауы кезінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібін белгілеген жағдайларда, табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының өтініші бойынша конкурстық іс жүргізу мерзімін уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, бір жылға дейін ұзартуы мүмкін.
      Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      66-бап. Конкурс жүргiзуге қатысушылар

      Сот, кредиторлар комитетi, банкрот, конкурсты басқарушы уәкiлеттi орган және басқа да мүдделi адамдар конкурс жүргiзуге қатысушылар болып табылады.
      Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .

      67-бап. Конкурс жүргiзудегi соттың өкiлеттiгi

      Соттың конкурс жүргiзуде мынадай өкiлеттiгi бар:
      1) конкурс жүргiзудi қозғайды және оны тоқтатады;
      2) заңды тұлғалардың тiркелуiн жүзеге асыратын әдiлет органына, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының алқасына және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;
      3) борышкер мүлiктiк сипаттағы жауапкер ретiнде болатын даулар бойынша iстердi өзiнiң жүргiзуiне қабылдайды;
      4) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауды тапсырады.
      4-1) Алынып тасталды - ҚР 2001.07.11 N 239 Заңымен.
      5) конкурс жүргiзуге қатысушылардың арасындағы дауларды шешедi;
      6) Алынып тасталды - ҚР 2001.07.11 N 239 Заңымен.
      Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1998.07.01 N 256, 2000.12.18 N 128, 2001.03.02 N 162, 2001.07.11 N 239, 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      68-бап. Банкрот үшiн конкурс жүргiзудi қозғаудың салдары

      1. Борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiмi қабылданған кезден бастап мынадай салдары болады:

      1) банкроттың мүлiктi иелiктен айыруына және уақытша беруiне тыйым салынады;

      2) банкроттың барлық қарыз мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп есептеледi;

      3) банкрот берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша айып ақылар мен сыйақылар (мүдделер) есептеу тоқтатылады;

      4) егер банкроттың қатысумен сотта қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, олар қысқартылады;

      5) банкротқа мүлiктiк талаптар тек конкурс жүргiзу шеңберiнде ғана қойылуы мүмкiн;

      6) дәрменсіз борышкердің мүлкінен өндіріп алуға қойылған барлық заңнамалық шектеулер алып тасталады.      

      2. <*>

      3. Егер конкурстық масса құрамында жылжымайтын мүлiк болса, банкроттың жылжымайтын мүлкiн иелiктен айыру және оны өзге тұлғаларға пайдалануға беру жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу органдарында тiркелуге тиiс.
      Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       69-бап. Конкурстық басқарушы-таратушы

      1. Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде конкурстық басқарушыны тағайындайды.
      Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тiркеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді .

      2. Конкурстық басқарушыға (таратушыға) төленетiн сыйақыға:

      1) өз мiндеттемелерiн орындайтын бүкiл кезең үшiн ай сайынғы мөлшерi елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кредиторлармен есеп айырысқанға дейін конкурстық массадан төленетін ағымдағы төлемақылар;

      2) оның қызметінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын және әкімшілік шығыстар шегеріліп кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жұмсалған қаражаттың жеті процентінен аспайтын мөлшерінде кредиторлар комитеті айқындайтын қосымша төлемдер жатады.
      Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 69-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05.   N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      70-бап. Конкурсты басқарушы-таратушының өкiлеттiгi

      Конкурсты басқарушы:

      1) осы Заңның талаптарына сәйкес ол тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде кредиторлар комитетiнiң құрамын қалыптастырады, оны уәкілетті органға бекітуге табыс етеді.

      1-1) кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiне осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде өтетін комитеттiң бiрiншi отырысы өткiзiлетiн орын мен күн туралы хабарлайды;

      1-2) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;

      1-3) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап бір апта мерзімде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін табыс етеді;

      2) борышкердiң мүлкiн қорғауға және бақылауға алады;

      3) борышкер алдында берешегi бар тұлғаларға осы берешектi заңда белгiленген тәртiппен өндiрiп алу туралы талаптар қояды;

      4) осы Заңның 6-бабында аталған мән-жайлар кезiнде борышкер жасаған мәмiлелердi анықтайды және оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртiбiмен мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды;

      5) банкроттың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес алдағы уақытта еңбек шартының тоқтатылатыны туралы хабарлайды;

      6) уәкілетті органмен келіскеннен кейін кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында кредиторлар комитетіне банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бекітуге ұсынады және оның сатылуын жүзеге асырады;

      6-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған конкурстық іс жүргізу жөнінде қажетті ақпаратты табыс етеді;

      7) кредиторлармен есеп айырысады;

      8) борышкердi банкроттыққа жеткiзгенi үшiн жауапты адамдарды (борышкердiң лауазымды адамдарын, қатысушыларын (құрылтайшыларын) анықтап, сотқа жүгiнедi;

      9) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жүргiзедi;

      9-1) түгендеудi жүргiзедi;

      9-2) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін банкрот деп танылған кәсіпорынның банктік шоттарын жабуға, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің (олар бар болса) бланкілерін тапсыруға міндетті;

      10) осы Заңға сәйкес өзге де өкiлеттiгi болады.
      Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.07.01 N 256, 2001.07.11 N 239, 2003.03.13 N 395, 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.05.15 N 253, 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      71-бап. Кредиторлардың талаптары

      1. Кредиторлардың борышкерге талаптары борышкердi банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мәлiмделуге тиiс.
      Кредиторлардың талаптарында талаптар сомасы туралы мәлiметтер болуға тиiс (негiзгi қарыздардың, сыйақылардың (мүдденiң), айыптың және өзге де айыппұлдар санкцияларының, залалдардың мөлшерi туралы жеке-жеке, талаптардың негiздемесi мен сомасын растайтын құжаттар (соттың күшiне енген шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң қарызын тануы қоса берiледi).
      Кредиторлардың шетелдiк валютамен көрсетiлген талаптары борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiм қабылдаған кездегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде кредиторлардың мәлiмдеген талаптарын конкурсты басқарушы оларды алған кезден бастап бiр ай мерзiм iшiнде қарауға тиiс және ол мойындаған талаптар тiзiлiмге енгiзiледi.
      Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 1-тармағының екiншi абзацында аталған талаптарға сәйкес келсе, тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
      Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және мынадай мүлiктiң кепiлiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық облигацияларды: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын ұстаушылардың талаптары енгiзiлмейдi.
      Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары енгiзiлмейдi.

      3. Кредиторлардың өзiне берешек сомасын және осы сомаға есептелетiн сыйақыны (мүдденi), борышкер тарапынан мiндеттемелердiң орындалмауынан немесе тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген зиянды, айыптарды (айыппұл, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды борышкерге қоюға құқығы бар.

      4. Сыйақылардың (мүдденiң) сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданған кезде айқындалады.

      5. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм қабылданған кезде, ал оңалту рәсiмi қолданылған жағдайларда - оңалту рәсiмi енгiзiлген кезде айқындалады.
      Кредиторлардың банкроттық рәсiмдерге қатысуына байланысты шығындары өтелмеуге тиiс.
      Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2003.06.03. N 427 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі), 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       71-1-бап. Конкурстық басқарушы-таратушының
                 жауапкершiлiгi

      Өз өкiлеттiктерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда конкурстық басқарушы-таратушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      Ескерту. 71-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      72-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау

      1. Конкурсты басқарушы кредиторлардың талаптарын қараудың нәтижелерi туралы (талаптарды толық көлемiнде немесе iшiнара тану немесе танымау туралы) әрбiр кредиторға шешiм қабылданған күннен кейiнгi келесi күнi жазбаша түрде (танымаудың себептерiн көрсете отырып) хабарлауға мiндеттi.

      2. алып тасталды - 2006.01.10. N 115 Заңдарымен.

      3. Конкурстық басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны бір ай мерзімде дау тудырған талап бойынша шешімі күшіне енген банкроттық туралы істі қараған сотқа шағымдануға құқылы.

      4. Борышкердiң кредиторы кредиторлар тiзiлiмiнiң мазмұнымен танысуға құқылы.
      Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      73-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту

      1. Конкурстық басқарушы кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қараудың нәтижелерін борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап төрт айдан кешіктірілмей уәкілетті органға бекіту үшін беруге міндетті.

      2. Кредиторлар талаптарының конкурстық басқарушысы табыс еткен тізілімін және оларды қарау нәтижелерін кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болмаған жағдайда уәкілетті орган бір апта мерзімде бекітеді. Кредитордың (кредиторлардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болған жағдайда туындаған дау осы Заңның 72-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қаралады.
      Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

      74-бап. Конкурстық масса

      1. Конкурстық массаның құрамына:

      1) борышкердің мүлкі, соның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, талап құқығын (дебиторлық берешекті) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;

      2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен көзделген жағдайда, борышкердің тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы кіреді.

      2. Конкурстық массаға толық серiктестердiң жеке мүлкi, толық және коммандиттiк серiктестердiң бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершiлiктi серiктестер қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкi жетпеген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн болатын өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң өз мүлкi кiредi және жеке есептеледi.

      3. Өзге тұлғалардың борышкердi банкроттыққа дейiн жеткiзгенi үшiн субсидиялық жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бұл жауапкершiлiк мөлшерi кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен борышкер мүлкiнiң конкурстық массасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Конкурсты басқарушы мұндай тұлғаларға борышкердiң барлық кредиторларының мүдделерiнде талаптар қоюға мiндеттi. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерiн көздеп мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.

      4. Конкурстық массаға:

      1) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары;

      2) ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларға меншiк құқығы оларды ұстаушыларда туындаса немесе мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша оларға көшкен жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы аталған мүлiктi және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне бередi;

      3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;

      4) концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк енгiзiлмейдi.
      Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2003.06.03. N 427 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      75-бап. Конкурстық массаны бөлу кезегi

      1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары борышкер мүлкiнiң есебiнен кезектен тыс өтеледi.
      Әкiмшiлiк шығыстарының сомасын, кредиторлар комитетiнiң оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен келiсiмi арқылы айқындалған сметаның шектерінде, олардың туындауына қарай оңалтуды немесе конкурстық басқарушы төлеуi мүмкiн.

      2. Таратылатын банкрот өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың  жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді, сондай-ақ талаптарды төлеу бойынша талаптары тиiстi уақтылы төленетiн капиталға айналдыру арқылы бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.

      3. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі есеп айырысулар, осы Заңның 78-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, екінші кезекте жүргізіледі.

      4. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады.

      5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнiндегi берешек төртiншi кезекте өтеледi.

      6. Басқа кредиторлармен есеп айырысу осы Заңға және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бесiншi кезекте жүргiзiледi.
      Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2004.04.08. N 542 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      76-бап. Кредиторлармен есеп айырысу ережелерi

      1. Әрбiр кезектiң талаптары алдыңғы кезектегi талаптар толық қанағаттандырылған соң қанағаттандырылады.
      Кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн әдiстермен, соның iшiнде ақша түрiнде және (немесе) мүлiктi заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары бойынша кредитордан басқа кредитор мүлікті он конкурстық басқарушы ұсынған күннен бастап он бес күн мерзімде талапты өтеу есебіне заттай қабылдау туралы өзінің жазбаша келісімін (келіспеуін) білдіруге тиіс. Кредитордың белгiленген мерзiмде жазбаша келiсiмiн ұсынбауы мүлiктi заттай алудан бас тартуы деп танылады.

      2. Банкроттың мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда ол тиiстi кезектегi кредиторлар арасында олардың қанағаттандыруға тиiстi талаптарының сомаларына сәйкес бөлiнедi.

      3. Конкурсты басқарушы кредитордың талаптарын қанағаттандырудан не оны қараудан бас тартылған жағдайда кредитор тарату балансын бекiткенге дейiн конкурсты басқарушыға талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.

      4. Кредиторлардың осы Заңның 71-бабының 1-тармағында көзделген мерзiм бiткеннен кейiнгi, бiрақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiнгi талаптары, кредиторлардың белгiленген мерзiмде мәлiмделген талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң мүлкiнен қанағаттандырылады.

      5. Бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлардың барлық кредиторлармен есеп айырысқанша қойған талаптары конкурстық мүлiктiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс. Мұндай талаптар тiзiлiмге енгiзiлгенге дейiн тиiстi кезекте тұрған кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады. Белгiленген мерзiмде бiлдiрiлген, бiрақ конкурстық басқарушының тарапынан мойындалмаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешiмi бар, басқа кезектердегi кредиторлардың талаптары да осындай тәртiппен қанағаттандырылуға тиiс.

      6. Банкроттың мүлкi жетпегендiктен қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiн мәлiмделмеген кредиторлардың талаптары өтелген деп есептеледi.
      Көрсетiлген сомаларды конкурстық iс жүргiзудiң аяқталғандығы туралы сот ұйғарымының негiзiнде кредиторлар дебиторлық берешектен шығаруға тиiс.
      Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      77-бап. Бiрiншi кезектегi кредиторлар талаптарын
               қанағаттандырудың сомасы мен тәртiбi

      1. Борышкер өмiрiне және денсаулығына залал келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа жетпіс жасқа жеткенге дейiн, бiрақ он жылдан кем емес уақытта төленуге тиiстi мерзiмдi төлемдердi (борышкердi банкрот деп таныған күнгi мөлшерде) капиталға айналдыру жолымен жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпiстен асса, онда тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру кезеңi он жыл болады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес айқындалған сомаларды төлеу борышкердiң тиiстi мiндеттемесiн тоқтатады.

      3. Банкроттың мүлкi жетiспеуiне байланысты бiрiншi кезектегi кредиторлардың қанағаттандырылмай қалған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен өтеледi. P080678
      Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

      78-бап. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының
              сомасы мен оларды қанағаттандыру тәртібі

      1. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасын белгілеу кезінде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы іс қозғалған кездегі жинақталып қалған өтелмеген берешек ескеріледі.

      2. Қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде пайда болған, бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезеңде есептелген еңбегіне ақы мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлар талаптарының ұлғайған сомасы кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.

      3. Еңбекақы мен өтем төлеу бойынша бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезең ішінде олармен еңбек қатынастары туындаған кредиторлардың талаптары банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жылдың алдындағы он екі күнтізбелік айда борышкерде құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен кредиторлар талаптарының тізілімінде екінші кезек құрамында ескеріледі. Талаптардың қалған сомалары (айыппұлдар, өсiмпұлдар, индекстеу және басқа) кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.

      4. Егер борышкер банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейінгі кезеңде еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемдер, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу жөніндегі міндеттерін толық көлемде орындамаған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы шешім күшіне енгенге дейін төленбеген сомалар, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, борышкердің екінші кезектегі кредиторлар алдындағы берешегінің жалпы сомасына енгізіледі. <*>
      Ескерту. 78-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2004.04.08. N 542 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      79-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының
               сомасы мен оларды қанағаттандыру тәртібі

      1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптар сомасы айқындалған кезде, кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.

      2. Кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген  талаптары кепілге салынған мүлік құны есебінен қанағаттандырылады.

      3. Кепілмен қамтамасыз етілмеген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезектегі талаптар құрамында ескеріледі.
      Ескерту. 79-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 Заңымен .

      80-бап. Төртiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын
               қанағаттандырудың сомасы мен тәртiбi

      1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптардың сомасын айқындау жағдайында банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалған кезде пайда болған берешек (толық төленбеген төлем) ескерiледi.

      2. Егер борышкердiң тарапынан банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалғаннан кейiнгi кезеңде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер толық мөлшерде аударылмаса, борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм күшiне енгенге дейiн төленбеген сомалар борышкердiң төртiншi кезектегi кредиторлар алдындағы берешектерiнiң жалпы сомасына енгiзiледi.

      3. Қаржы санкцияларының сомалары бесiншi кезектегi талаптардың құрамында ескерiледi.
      Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 Заңымен .

      81-бап. Бесiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын
               қанағаттандырудың сомасы мен тәртiбi

      1. Бесінші кезектегі талаптардың құрамына енетін талаптардың сомасын айқындау кезінде кредиторлардың азаматтық-құқықтық міндеттемелері бойынша талаптары, оның ішінде кредиторларға тиесілі сыйақы (мүдде), кредиторлардың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптарын қоспағанда, осы Заңның 78-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлардың және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары ескеріледі.

      2. Бесiншi кезектегi кредиторлардың зияндарды өтеу және айыпты (айыппұл, өсiм) өндiрiп алу жөнiндегi талаптары жеке есепке алынады және қарыздар мен есептелетiн сыйақы (мүдде) өтелгеннен кейiн қанағаттандырылуға тиiс.
      Ескерту. 81-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 2001.07.11. N 239 Заңдарымен.

      82-бап. Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі
               мүдделерiнiң өкiлдiгi

      1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнінде талап қоятын адамдар жиналыста (конференцияда) жасырын дауыс беру арқылы өздерінің мүдделерін борышкердің, оның кредиторларының алдында қорғауға уәкілеттік берілген өкілді сайлайды.
      Кредитордың еңбекақы төлеу жөніндегі өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді және бір дауысқа ие болады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiппен сайланған өкiл конкурс жүргiзу кезеңiнде өзiне осы Заңмен берiлген кредитордың барлық құқықтарын пайдаланады. Өкiл өзiн сайлаған жиналыстың (конференцияның) алдында кредиторлардың тiзiлiмiндегi еңбекке ақы төлеу мен оларды қараудың нәтижелерi бойынша бекiтiлген талаптардың нәтижелерi жөнiнде есеп бередi.
      Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      83-бап. Борышкер мүлкiнiң құнын бағалау

      1. Конкурсты басқарушы тарату барысында тиiстi мамандарды конкурстық негізде тарту арқылы борышкердiң мүлкiне (активтерiне), дебиторлық берешегiн қоса алғанда, бағалау жүргiзедi. Бағалаушыны тарту үшiн қаражат жетiспеген жағдайда, конкурстық басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен мүлiктi баланс құны бойынша сауда-саттыққа қоюға құқылы.

      2. Кредиторлардың талаптары борышкердiң осы баптың 1-тармағына сәйкес бағаланған:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымнан алынған мүлкiнен:

      2) борышкерге меншiк құқығында тиесiлi емес, соның iшiнде сенiмгерлiк басқарудағы немесе сақтаудағы тиесiлi емес мүлiктен басқа барлық мүлкiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс.
      Ескерту. 83-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      84-бап. Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату

      1. Талап ету құқығын қоса алғанда, борышкердiң мүлкiн сатуды уәкiлеттi органмен келiсiлген және кредиторлар комитетi бекiткен мүлiктi сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргiзу арқылы конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
      Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiндегi сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      2. Конкурстық басқарушы стратегиялық объектіні сату кезінде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті сатып алудың басым құқығына ие болады.
      Конкурстық басқарушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін оны сатуды жүзеге асырады.

      3. Борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ мүлiктi сату жоспарына сәйкес сатылмай қалған мүлкi өз талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған тиiстi кезектегi кредиторларға сату жоспарында көрсетiлген ең төменгi баға бойынша олардың келiсiмiмен ортақ үлестiк меншiкке берiлуге тиiс.
      Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      85-бап. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан
               кейiн қалған мүлiк

      1. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған ақша конкурсты басқарушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе борышкердiң басқа құрылтай құжаттарына сәйкес борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне не оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) бередi.

      2. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ сатылмай қалған, сондай-ақ кредитор талаптарды қанағаттандырудың есебiне қабылдамаған заттай мүлкi, меншiк иесiне немесе борышкер - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды ұйымның қатысушыларына (құрылтайшыларына) берiледi.
      Ескерту. 85-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05.  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      86-бап. Банкротты қарыздан босату

      1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталған соң банкрот атқаруға қойылған және заңды ұйымды банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелерi мен өзге талаптарды орындаудан босатылады.

      2. Егер банкрот деп тану туралы өтiнiш берiлген кезге дейiнгi үш жыл iшiнде өз мүлкiнiң бiр бөлiгiн жасырса немесе жасыру мақсатында басқа тұлғаға берсе, бухгалтерлiк кiтаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажеттi есептiк ақпаратты жасырып қалса немесе бұрмаласа, банкрот қарыздардан босатылмайды.
      Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

      87-бап. Конкурсты басқарушының қорытынды есебi

      1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін конкурстық басқарушы уәкілетті органмен келісілген өз қызметі туралы қорытынды есепті, тарату балансы мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану туралы есепті қоса сотқа ұсынады.
      Қорытынды есептің нысаны мен оны келісу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
      2. Сот конкурсты басқарушының қорытынды есебiн және тарату балансын бекiтедi және олар табыс етiлген кезден бастап он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
      Конкурстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін сот бір апта мерзімде уәкілетті органға конкурстық басқарушының бірінші кезектегі кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары туралы мәліметі бар бекітілген қорытынды есебінен үзінді көшірме жібереді.
      Конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарымда конкурстық басқарушыға сыйақы төлеуге және борышкердiң сатылмай қалған мүлкiне байланысты реттелмеген мәселелер де шешiлуi тиiс. Сот ұйғарымның көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкілетті органға, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына, сондай-ақ банкроттың талаптары қанағаттандырылмаған кредиторларына жiбередi.
      Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.07.01 N 256, 2001.07.11 N 239, 2003.03.13 N 395, 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      88-бап. Борышкердi таратуды аяқтау

      1. <*>

      2. <*>

      3. Бұл туралы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелімдеріне жазба енгiзiлген соң, борышкердiң таратылуы аяқталды, ал борышкер жұмыс iстеуiн тоқтатты деп есептеледi.

      4. Борышкерді заңды тұлғалардың тіркелімінен алып тастау туралы бұйрықтарды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар сотқа және уәкілетті органға, сондай-ақ борышкердің тұрған жері бойынша салық органына жібереді.
      Ескерту. 88-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01 N 256 , 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. БАНКРОТТЫҚТЫҢ ОҢАЙЛАТЫЛҒАН РӘСIМДЕРI

      89-бап. Таратылатын борышкердiң банкроттығы

      1. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталған кезде заңды тұлғаның органы немесе тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. Тарату комиссиясы аталған мән-жайларды анықтаған кезде ол туралы заңды тұлға-борышкердiң басқарушы органына хабарлауға мiндеттi.

      2. Сот iс қозғаған кезден бастап борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне және оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) осы Заңның 28-бабында көзделген салдарлар қолданылады.
      Ескерту. 89-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      90-бап. Соттың iстi қарауы

      1. Таратылатын заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы iс қозғаған сот бiр айлық мерзiмде борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм шығарады.

      2. Егер iстi қарау кезiнде борышкердегi бар мүлiк (активтер) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратыны анықталса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Соттың шешiмi борышкердi әдеттегi тәртiппен таратуды жалғастыруға негiз болып табылады.

      91-бап. Борышкердi тарату тәртiбi

      Осы Заңның 65-88-баптарында көзделген тәртiппен борышкердi таратуды конкурсты басқарушысы жүзеге асырады.
      Ескерту. 91-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .

      92-бап. Борышкердiң банкроттық тәртiппен таратудан бас
               тартуының салдары

      1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртiбiмен таратылуға тиiстi болатын мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандырмау заңды тұлғаның тоқтатылуы туралы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тіркеліміне жазба енгiзуден бас тартуға негiз болып табылады.

      2. Кредиторлар осы Заңға немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес борышкердiң өтелмеген мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса, борышкер мүлкiнiң иесiне, құрылтайшыларға (қатысушыларға), тарату комиссиясына (таратушыға) қанағаттандырылмай қалған талаптарын ұсынуға құқылы.
      Ескерту. 92-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      93-бап. Таратылатын борышкердiң кредиторының өтiнiшi
               бойынша банкроттығы

      1. Меншiк иесi, заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) тарапынан оны тарату туралы шешiм қабылдануы кредитордың мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуiне кедергi болмайды.

      2. Борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда осы тараудың ережелерi қолданылмайды, ал борышкердiң таратылуы осы Заңның 65-88-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      94-бап. Жоқ борышкердiң банкроттығы

      1. Сот жоқ борышкерге қатысты банкроттық туралы істі кредитордың, прокурордың мәлімдемесі бойынша қозғауы мүмкін.
      Осы Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген ережелер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды.
      2. Iс қозғалған күннен бастап бес күн мерзiм iшiнде келмеген борышкердi сот банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.
      3. Жоқ борышкерді таратуды, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган тағайындайтын конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
      4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енгiзiлген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген ережелер бойынша кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланым шығарады, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына жібереді.
      5. Жоқ борышкердің мүлкі болмаған жағдайда не егер оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткілікті болмаса, сот уәкілетті органның келісімімен және мәлімдеуші табыс еткен растаушы құжаттар негізінде жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізуді қозғамай банкрот деп тану туралы шешім шығарады.
      Жоқ борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды мәлімдеуші он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
      Жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінде мынадай нұсқаулар болуға тиіс:
      1) борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату туралы;
      2) уәкілетті органға жоқ борышкердің таратылуын ұйымдастыруды тапсыру туралы;
      3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы туралы.
      Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.07.01 N 256, 2001.07.11 N 239, 2003.03.13 N 395, 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      95-бап. Жоқ борышкердiң таратылуы

      1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 75-бабында көзделген кезек ретiмен жүзеге асырылады. Кредиторлар тарату балансы бекiтiлген кезге дейiн өз талаптарын конкурсты басқарушының қарауы нәтижелерi жөнiнде сотқа шағым жасауға құқылы.

      2. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін конкурстық басқарушы тарату балансын және кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалануы туралы есепті қоса өзінің қызметі туралы қорытынды есепті сотқа табыс етеді.
      Конкурстық басқарушының қорытынды есебі ол сотқа табыс етілгенге дейін уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

      3. Борышкер конкурстық басқарушының қорытынды есебін бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде борышкер қызметінің тоқтатылғандығы туралы заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелімдеріне жазба енгізілген кезден бастап таратылды деп есептеледі, бұл таратылған борышкердің кредиторлар алдындағы берешегін есептен шығару үшін негіз болып табылады.

      4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi тұлғалар болмаған кезде конкурстық iс қозғалмай жүргiзiлген жағдайда, уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредитор талаптарының тiзiлiмi мен қорытынды есептiң жасалуын ұйымдастырады.
      Жоқ борышкердің мүлкі болған жағдайда уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатуды ұйымдастырады. Мұндай мүлікті сатудан түскен ақша жоқ борышкерді таратуға байланысты шыққан шығыстарды жабуға жұмсалады. Егер алынған ақша жоқ борышкерді таратуға шыққан шығынның құнынан асып кетсе, ол осы Заңда белгіленген кезектілікке сәйкес тиісті кезектегі кредиторлар арасында бөлінеді.
      Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11 N 239 , 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-тарау. СОТТАН ТЫС ТАРАТУ РӘСIМДЕРI

      Ескерту. 8-тарау алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

9-тарау. ҚАЛА САЛУШЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКРОТҚА ҰШЫРАУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      100-бап. Қала салушы борышкерлер - заңды тұлғалардың
                банкроттығы

      1. Қала салушы ұйым болып табылатын борышкер - заңды тұлғаның осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша банкрот деп танылуы мүмкiн.

      2. Заңды тұлғаларды қала салушы ұйымдарға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      101-бап. Банкроттық туралы iстi қарау

      1. Қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы істі қараған кезде әкімнің уәкілеттік берген өкілі арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік іске қатысушы тұлға деп танылады. Сот қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы іс қозғалғаннан кейін бұл туралы әкімнің өкіліне және уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне, сондай-ақ борышкердiң пiкiрiне өзге де тұлғалардың оны банкрот деп тану туралы өтiнiшiне борышкердiң қала салушы ұйымға жататындығын растайтын құжаттар қоса тiркеледi.

      3. Борышкер - қала салушы ұйымның банкроттық туралы iсiн қарауға дайындаған кезде судья қала салушы ұйымдар тiзбесiнен көшiрме сұратып алады.
      Ескерту. 101-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 Заңдарымен.

      102-бап. <*>

      Ескерту. 102-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастапкүшіне енеді) Заңымен.

      103-бап. Кредиторлардың талаптарын өтеу

      1. Қазақстан Республикасы, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс соттың тиiстi шешiмi шыққанға дейiнгi кез-келген уақытта борышкер - қала салушы ұйымның барлық кепiлдiк және конкурстық кредиторлардың алдындағы талаптарын бiр мезгiлде өтеудi жүзеге асыруға құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiп бойынша кредиторлардың талаптарын өтеген ретте банкроттық туралы iс қысқартылуға тиiс.

      3. Борышкердiң қала салушы ұйымның кредиторлар алдындағы талаптарын Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өтеуi борышкердiң мүлкiн алып қоюмен немесе олардың өзгеше жолмен сатып алуымен жүргiзiлмеуге тиiс.

9-1-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ БАНКРОТТЫҒЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      103-1-бап. Ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттығы

      1. Ауыл шаруашылық ұйымы болып табылатын борышкер осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып банкрот деп танылуы мүмкін.

      2. Ауыл шаруашылық ұйымдарының дәрменсіздігі анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзімі оның алдындағы жылдан ерте басталмаған міндеттемелер ескеріледі. Бұл ретте, осы мерзімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не міндеттемелердің уақтылы орындалмауының себептері болып табылған ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды.

      103-2-бап. Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің
                  пікіріне қосымша тіркелетін құжаттар

      Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне осы Заңмен көзделген құжаттардан басқа мыналар қосымша тіркеледі:

      1) жердің кадастрлық сипаттамасы;

      2) банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туралы деректер.
      Борышкер кредитордың, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органның немесе прокурордың мәлімдемесіне берген пікірінде өзінің дәрменсіздігін таныған жағдайда қосымша құжаттарды табыс ету міндетті болмайды.
      Борышкерді банкрот деп таныған немесе оған оңалту рәсімдерін қолданған жағдайда қосымша құжаттар алуға байланысты шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.

      103-3-бап. Оңалту рәсімінің мерзімін ұзарту

      Егер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың не ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан оңалту рәсімінің мақсатына жету мүмкін болмаған ретте, сот уәкілетті органның қорытындысы бар болған жағдайда оңалтуды басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен оңалту рәсімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

      103-4-бап. Конкурстық іс жүргізу

      1. Конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен уәкілетті орган осы Заңның 65-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген конкурстық іс жүргізу мерзімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

      2. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің конкурстық массасының құнын ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, оларға мыналар жатады:

      1) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жерді қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      2) егіс және егін жинау жұмыстары, жануарларды, құстарды, бал арасын ұдайы молайту және өсіру, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдерін ұқсату;

      3) борышкер мүлкін сату үшін қалыпты жағдайда ұстауға байланысты шаралар.
      Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөніндегі шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.

      103-5-бап. Конкурстық массаны қалыптастыру және сату

      1. Конкурстық басқарушы борышкердің жер пайдалану құқығының тиісінше ресімделуін қамтамасыз етуге міндетті, бұл ретте шыққан шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.

      2. Борышкердің мүлкін сату осы Заңның 84-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, борышкердің мүлкін сату жоспарына, қызметтің негізгі түрін міндетті сақтай отырып, конкурстық массаны бірыңғай лотпен аукцион нысанындағы конкурстық сауда-саттыққа бастапқы қою жөніндегі қосымша шарт енгізіледі.

      3. Егер аукцион болмай қалған не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты алмаған жағдайда, оны одан әрі сату уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің келісімімен бөлектенген лот бойынша жүзеге асырылады.

      4. Конкурстық массаны бөлектенген лот бойынша сатып алушы болмаса, кредиторлар өз талаптарын банкрот мүлкі есебінен, өз талаптарының сомасына барабар осы Заңның 75-бабында белгіленген конкурстық массаны бөлу кезектілігіне сәйкес заттай қанағаттандыруға құқылы.

      5. Конкурстық массаны сату жөніндегі аукцион өткізудің уақыты мен орнын кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық басқарушы анықтайды.

      6. Борышкердің - ауылшаруашылық ұйымының конкурстық массасын сату жөніндегі аукционды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
      Ескерту. 9-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 Заңымен .

10-тарау.

      Ескерту. 10-тарау алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .

11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      106-бап. Осы Заңның қолданылу тәртiбi

      Ескерту. 106-бап алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      107-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік

      Осы заңды бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 107-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

     Қазақстан Республикасының
     Президентi