Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 149-бабына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 22 қараша N 47-I

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ Заң күшi бар Жарлығының 149-бабы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13, N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат) мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген,

 

бюджеттiк ұйымдардың өз мұқтаждары үшiн мемлекет бюджетiнiң қаражаты

есебiнен сатып алған тауарлары, сондай-ақ мемлекет кепiлдiгiмен

қамтамасыз етiлген шетелдiк несие желiлерi бойынша сатып алынған

тауарлар;

     13) Қазақстан Республикасында шығарылмайтын, Қазақстан

Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша жаңа өндiрiстердi

құру және бұрын бар өндiрiстердi жаңғырту (қайта құру) жөнiндегi жеке

бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн қажеттi технологиялық жабдықтар мен

жұмыс машиналары".


     Қазақстан Республикасының

          Президентi