Прокуратура туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы

Жаңартылған

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. ҚР 1997.06.19 № 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi, Нысаны мен тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды - 2002.08.09 № 346 Заңымен.

1 ТАРАУ
Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы

      1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-iздестiру қызметiнiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
      2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi

      Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346 Заңымен.

      3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың
              және олардың қызметiнiң принциптерi

      1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Республиканың Бас Прокурорына бағынатын органдардың, ведомстволардың, мекемелердiң және білім беру ұйымының бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.
      2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді.
      3. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.
      4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
      5. Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары
              мен мазмұны

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:
      1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентiнің жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
      2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
      3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
      4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
      5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      6) сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысады;
      10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
      11) заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
      12) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
      13) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
      14-1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрғандардың кәсіби деңгейін арттыруды жүзеге асырады;
      14-2) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіреді және жүргізеді;
      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      5-бап. Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды
              жүзеге асыру жөнiндегi қызметi

      1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерулер және (немесе) заңдылықтың жай-күйін талдау жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
      2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруына;
      2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;
      3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;
      3-1) реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесіне;
      4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.
      3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
      4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.
      5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi мен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп саяды.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң
              құқықтық кепiлдiгi

      1. Прокурордың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
      2. Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:
      1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып беруге;
      2) тексерiске қатысу және қорытынды беру үшiн мамандар бөлуге;
      3) прокурорлардың қадағалау қызметiн қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар қолдануға мiндетті.
      3. Прокурордың өз құзыретi шегiнде берген талаптары (сұрау салулары, тапсырмалары, нұсқаулары) мемлекеттік органдардың, лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін мiндеттi.
      4. Талап етiлген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде берiледi.
      5. Прокурорлардың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бар.
      6. Лауазымды адамдар мен азаматтар прокурордың талап етуi бойынша айғақтар беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып та жiберiлуi мүмкiн.
      7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы.
      8. Прокурор, заңда көзделген басқа жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.02 № 266, 2000.03.29 № 42, 2002.08.09 № 346, 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Арыздарды қарау

      1. Прокуратура органдары заңдарда белгiленген тәртiппен заң бұзушылық туралы арыздарды қарай келiп, адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуын жою, бұзылған құқықты қалпына келтiру шараларын қолданады.
      2. Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзге де кемiстiктерi салдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
      3. Прокуратура органдары заңда белгiленген тәртiппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту шараларын қолданады.
      4. Прокуратура органдарына қол қойылмай жасалған арыздар тексерiлмейдi, бiрақ прокурор азаматтың мүддесi тұрғысында ақпарат көзiн жария етпеуге хақылы.

      8-бап. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне
              шағымдану

      1. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады. Прокурордың талаптары мен актiлерiне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
      2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.
      3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346 Заңымен.

      8-1-бап. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы
                күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті
                үйлестіру 

      1. Прокуратура органдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді осы органдардың өзара іс-қимылына қол жеткізу, өзара ақпарат алмасу және ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін олардың іс-әрекеттерін үйлестіру арқылы жүзеге асырады. Прокуратура органдары көрсетілген қызметті Бас прокуратураның, областардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру кеңестерінің шеңберінде жүзеге асырады.
      2. Үйлестіру кеңестері өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      Ескерту. Заң 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2 ТАРАУ
Прокуратура органдарының жүйесi және
оларды ұйымдастыру

      9-бап. Прокуратура органдарының жүйесi

      Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
      Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін ведомстволар, мекемелер, білім беру ұйымы құрылуы мүмкін.
      Прокуратура органдарының өз нышандары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Республиканың Бас прокуроры және оның
               орынбасарлары

      1. Республиканың Бас Прокурорын:
      1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республика Президентi бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды;
      2) қызметтен Республика Президентi босатады;
      3) ол Республика Президентiне есеп бередi;
      4) қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа, Сенаттың келiсiмiнсiз өз өкiлеттiктерi мерзiмi iшiнде ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
      2. Республика Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      3. Республика Бас Прокурорының орынбасарлары сонымен бiрге Бас прокуратураның тиiстi департаменттерiнiң бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.02 № 266, 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi

      Республиканың Бас Прокуроры:
      1) Республика аумағында заңдар мен Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады, төменгi прокуратуралардың қызметiне басшылық етедi;
      2) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
      3) Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады;
      4) Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының, ведомстволарының, мекемелерiнiң және білім беру ұйымының барлық қызметкерлерi және жұмыскерлері орындауға мiндеттi, Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру және оның қызметiнiң мәселелерi мен материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларын іске асыру тәртiбiн реттейтiн бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады;
      4-1) өз құзыретi шегiнде:
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс жүргiзу кодексi мен жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарының анықтау мен тергеу органдарының, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi нормаларын қолдану мәселелерi бойынша; 
      құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер; 
      осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
      4-2) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдар шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер бойынша келiсу туралы шешiм қабылдайды;
      5) прокуратураларды, прокуратура органдарының мекемелерiн құрады, қайта құрады және таратады, олардың құрылымын, құрылымдық бөлiмшелердiң құқықтары мен мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимитi шегiнде прокуратура органдарындағы штат санын және еңбекақы төлеу қорын белгiлейдi;
      5-1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволарды, мекемелерді және білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату туралы ұсыну енгізеді;
      6) Республика Президентiне жоғары сыныпты шендер мен әскери атақтар беру үшiн кандидатуралар ұсынады;
      7) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      7-1) ведомстволар, мекемелер және білім беру ұйымы басшыларының орынбасарларын, облыстар прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ, аудандар, қалалар прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      8) елдегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдарының қызметi туралы Республика Президентi алдында есеп бередi;
      9) белгiленген тәртiппен прокуратура органдарының қызметкерлерiне сыныптық шендер мен әскери атақтар бередi;
      10) прокуратура органдарының қызметкерлерiн және жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға және құрметтi атақтар беруге ұсынады, ведомстволық наградалармен наградтайды;
      10-1) "Прокуратураның құрметтi қызметкерi" атағын бередi, осы атақты беру тәртiбi туралы Ереженi бекiтедi;
      11) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қару мен оқ-дәрi алу, сақтау, алып жүру және тасымалдау тәртiбiн айқындайды;
      11-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
      11-2) прокуратураның білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың тәртібін айқындайды;
      12) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді- ҚР 2001.10.10 № 247 (2001.01.01 бастап күшіне енеді), 2002.08.09 № 346, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енеді), 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Бас прокуратура

      1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Республиканың Бас Прокуроры басшылық етедi.
      2. Республиканың Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары болады.
      3. Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлері мен жұмыскерлерінің өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгілейдi.
      4. <*>
      5. Бас прокуратура:
      1) Республика прокуратура органдарының iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын қамтамасыз етедi;
      2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау жасайды;
      3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөнiндегi жұмысын бақылайды;
      5) жедел-iздестiру қызметiн, жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
      5-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;
      6) кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi;
      7) норма шығарушылық қызметiне қатысады;
      8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi.
      6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.07.02 № 266, 2002.08.09 № 346, 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Облыстардың прокурорлары

      Облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар:
      1) облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық жасайды;
      2) бағынысындағы барлық қызметкерлерi мен жұмыскерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      14-бап. Облыстардың прокуратуралары

      1. Облыстардың прокуратураларына және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республика Президентiнiң келiсiмiмен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.
      2. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi болады. Облыстардың прокурорларының орынбасарлары облыстық прокуратуралардың тиiстi басқармаларының бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн.
      3. Облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда басқармалар мен бөлiмдер болады. Басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтары тиiсiнше облыстар прокурорларының аға көмекшiлерi және көмекшiлерi болып табылады. Басқармалар мен бөлiмдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгiленедi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346 Заңымен.

      15-бап. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген
               өзге де прокурорлар мен прокуратуралар

      1. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.
      2. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлар:
      1) қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне басшылық жасайды;
      2) бағынысындағы барлық қызметкерлер мен жұмыскерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.
      3. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қарамағында қадағалау салалары бойынша орынбасарлар, аға прокурорлар және прокурорлар болады.
      4. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларда бөлiмдер құрылуы мүмкiн.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-бап. Төменгi прокурорлардың жоғары тұрған
               прокурорларға бағыныстылығы

      1. Прокурорлардың бағыныстылығы:
      1) жоғары тұрған прокурорлардың ұйымдастыру және қызмет мәселелерi жөнiндегi нұсқауларының төменгi прокуратуралар үшiн мiндеттiлiгiн;
      2) төменгi прокурорлардың жоғары тұрған прокурорлар алдында қызмет мiндеттерiн орындауы үшiн жауапкершiлiгiн;
      3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төменгi прокурорлардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруын;
      4) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюын, қайтарып алуын, өзгертуiн;
      5) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлардың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жасалған шағымдарды шешуiн қамтиды.
      2. Республиканың Бас Прокуроры төменгi прокурорлардың бағыныстылығының өзге де нысандарын белгiлеуi мүмкiн.

      17-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар

      1. Бас прокуратурада, ведомстволарда, облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда алқалар құрылады.
      2. Алқа отырыстарында прокуратура органдары қызметiнiң мәселелерi, сондай-ақ заңдардың бұзылуының анықталуына байланысты Бас Прокурордың, ведомство басшысының, облыс прокурорының немесе оған теңестiрiлген прокурордың ұйғарымы бойынша заңды бұзған лауазымды адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды қажет ететiн өзге де мәселелер қаралады.
      3. Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
      4. Алқаның шешiмдерi тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен iске асырылады және прокуратура органдарының қызметкерлерi мен жұмыскерлері үшiн мiндеттi. Заңның бұзылуының анықталуына қарай прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданады.
      5. Алқа жұмысының регламентiн және алқа мүшелерiнiң мәртебесiн Республиканың Бас Прокуроры айқындайды.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3 ТАРАУ
Прокуратураның құқықтық актiлерi

      18-бап. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесi

      1. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесiн:
      1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыныс, үндеу, алдын ала ескерту, заңға түсiндiрме;
      2) Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.
      1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актiлерi жариялануға тиiс.
      2. Прокуратураның ережелерi мен нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен бекiтiледi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346, 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-бап. Наразылық

      1. Прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық жасайды.
      2. Заңсыз актіні, шешімді қабылдаған органға немесе лауазымды адамға немесе жоғары тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды адамға наразылық келтіріледі. Органның немесе лауазымды адамның заңсыз iс-әрекеттерiне наразылық нақ осындай тәртiппен жасалады.
      3. Прокурордың наразылығын тиiстi орган немесе лауазымды адам күнтізбелік он күн ішінде қарауға тиiс.
      Наразылық бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттілігіне байланысты прокурор оны қараудың өзге де мерзімін белгілеуге құқылы, бірақ бұл кемінде күнтізбелік он күн болуға тиіс.
      Наразылықты сотта қарау мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
      Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күнi туралы прокурорға хабарлауға мiндеттi.
      4. Наразылықта прокурор заңсыз актiнiң күшiн жоюды не оны Конституцияға және заңдарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекеттерiн тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтiрудi талап етедi.
      5. Прокурор наразылық жасалған актiнiң не iс-әрекеттiң орындалуын наразылық бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтата тұруға хақылы. Заңдарға жасалған наразылық олардың қолданылуын тоқтатпайды.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      20-бап. Қаулы

      1. Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық іс бойынша, тәртіптік іс жүргізуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қозғау туралы қаулылар шығарады.
      2. Прокурор заңның қолданылуына тексерiс жүргiзу туралы, заңсыз құқықтық актiнi алдырып тастау, қарау, тұмшалау салу туралы, тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды жою немесе алып тастау туралы, күшiн тоқтата тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (күштеп әкелу) туралы, сондай-ақ заңда көзделген басқа да реттерде қаулы шығарады.
      3. Прокурордың қаулысын уәкiлеттi орган немесе лауазымды адам заңмен белгiленген мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмаған жағдайда, прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      21-бап. Санкция

      1. Прокурор:
      1) алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 № 65-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2) қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайларда тiнтуге және (немесе) алуға;
      3) алып тасталды - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4) азаматтардың Конституциямен және заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қозғайтын жедел-iздестiру іс-шаралары мен тергеу әрекетiн, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзуге;
      5) шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу үшiн ұстауға;
      5-1) алып тасталды - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5-2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдарын қоспағанда) банк құпиясын құрайтын құжаттарға қол жеткiзуіне;
      5-3) (алып тасталды - ҚР 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен);
      5-4) алып тасталды - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6) тiкелей заңмен көзделген өзге жағдайларда санкция (келiсiм) бередi.
      2. Көрсетiлген әрекеттердi жасауға санкцияны (келісімді) не оны беруден бас тартуды прокурор санкцияны сұрауға негiз болған материалдарды зерделегеннен кейiн жиырма төрт сағат iшiнде лауазымды адамның қаулысына бұрыштама және қол қою арқылы ресiмдейдi.
      3. Адамның және азаматтың бостандық құқықтарын шектеуi мүмкiн жедел-iздестiру және өзге қызмет мәселелерi жөнiндегi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына келiсiм бередi.
      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346, 2003.07.10 № 483 (2004.01.01 бастап күшіне енеді), 2008.07.05 № 65-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 № 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      22-бап. Нұсқау

      1. Прокурор:
      1) қылмыстық iстердi тергеп-тексеруге байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына;
      2) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдарға;
      3) заңнамада белгiленген өзге де жағдайларда нұсқау бередi.
      2. Республика Бас Прокурорының жедел-iздестiру қызметi, жасырын тергеу әрекеттері және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк сипаттағы нұсқауы барлық тергеу және анықтау органдарының, жедел iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың орындауы үшін мiндеттi.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      23-бап. Өтiнiш

      1. Прокурор заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптық өтiнiш жасауға хақылы.
      2. Прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданбаған немесе олар заңда белгiленген мерзiмде қаралмаған жағдайларда прокурор органдар мен лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi мен актiлерiн жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ заңды бұзушылықты болдырмау туралы сотқа өтiнiш беруге құқылы. Прокурор наразылық келтiрiлген актiнiң күшiн арызды сот қарағанға дейiн өз қаулысымен тоқтата тұруға құқылы.
      3. Сотқа берiлген прокурорлық қадағалау актiлерiнiң қабылданбауына немесе қараусыз қалдырылуына байланысты өтiнiштi сот заңда белгiленген тәртiппен қарайды.
      4. Прокурордың өтiнiшiне мемлекеттiк баж бен өзге де алымдар салынбайды.
      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346 Заңымен.

      24-бап. Ұйғарым

      1. Заңды бұзушылықты жою туралы жазбаша ұйғарымды прокурор енгiзедi және оны заңды бұзуға жол берген органға немесе лауазымды адамға, не жiберiлген заң бұзушылықты жоюға өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға жiбередi. Егер заңды бұзу ашық сипатта болып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн болған және ол дереу жойылмайтын болған жағдайда, ұйғарым енгiзiледi. Ұйғарымды нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзуге болмайды.
      2. Ұйғарымда Конституцияның, заңдар мен Республика Президентi актiлерiнiң бұзылған нормалары көрсетiлiп, құқық бұзушылықтың сипаты мен заң бұзушылықты жою жөнiндегi шаралар туралы нақты ұсыныстар болуға тиiс.
      3. Ұйғарым прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындалуға тиiс. Ұйғарымның орындалуы туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың ұйғарымын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      4. Ұйғарымға жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Ұйғарымға шағымның берiлуi оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      5. Жоғары тұрған прокурор немесе сот шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн ұйғарымның орындалуын тоқтата тұра алады.
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346 Заңымен.

      25-бап. Ұсыныс

      1. Прокурор өз құзыретi шегiнде:
      1) заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы;
      2) қылмыс жасауға және басқа да құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы;
      3) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қол сұғылмаушылық құқығы бар адамдарды одан айыру мәселелерi бойынша;
      4) заңда белгiленген өзге жағдайларда ұсыныс енгiзедi.
      2. Ұсынысты лауазымды адам немесе орган заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шараларды мiндеттi түрде қабылдай отырып, прокурор белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қарауға тиiс.
      Прокурор ұсынысты қарау кезінде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ұсыныс қаралатын күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, ұсынысты қарау орны мен уақыты туралы прокурорға хабарлауға тиіс.
      Ұсынысты қараудың нәтижелерi және қолданылған шаралар туралы ұсыныс қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде прокуратураға хабарланады.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      25-1-бап. Алдын ала ескерту

      Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында немесе дайындалып жатқан құқыққа қарсы әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде прокурор жазбаша нысанда жеке және заңды тұлғаларға заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерту жасайды және оларға заңда белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.
      Ескерту. Заң 25-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      25-2-бап. Үндеу

      Прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды адамдарға, мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға үндеу жасауға құқылы.
      Бұл ретте үндеу бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланыла отырып немесе өзге де жария ету тәсілімен таратылады.
      Ескерту. Заң 25-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      26-бап. Заңды түсiндiру

      1. Жеке не заңды тұлғалардың заңдарды бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi заңдардың не азаматтың немесе шектелмеген адамдар тобының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін деп санауға жеткiлiктi негiздер болған кезде прокурор заңның мазмұнын түсiндiредi.
      2. Құқықтық актiнiң жобасы заңға сәйкес келмеген жағдайда, прокурор актiнi қабылдайтын органға немесе лауазымды адамға заңның талабын түсiндiредi.
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      26-1-бап. Прокурордың құқықтық актiлерiн мәжбүрлеп
                орындату шаралары

      1. Прокурордың қаулылары мен ұйғарымдарын өз еркiмен орындамаған жағдайда, ол мүлкiнен мәжбүрлеп айыруды көздейтiндерiн қоспағанда, прокурордың талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығаруға және оны орындау үшiн уәкiлеттi мемлекеттік органдарға жiберуге құқылы.

      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар прокурордың тиiстi қаулысын алған бойда оны орындауға дереу шаралар қолдануға мiндеттi.

      3. Лауазымды адамдар, азаматтар айғақтар беру үшiн прокуратура органдарына келуден бас тартқан жағдайда, прокурор ондай адамды прокуратура органдарына жеткiзу (күштеп әкелу) туралы қаулы шығаруға құқылы, оны жиырма төрт сағат iшiнде iшкi iстер органдары орындайды.
      Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.08.09 № 346 Заңымен.

      27-бап. Прокурорлық қадағалау актiлерiн жариялау

      Өз қызметiнiң жариялылығын қамтамасыз ету үшiн прокуратура органдары адамның және азаматтың конституциялық және заңмен қорғалатын өзге де құқықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн бұзған органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне прокурорлық қадағалау актiлерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай алады.
      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. № 346 Заңымен.

4 ТАРАУ
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды
тұлғалардың және мемлекеттiң мүдделерiнiң сақталуын қадағалау

      28-бап. Қадағалаудың мiндеттерi

      1. Қадағалаудың мiндеттерi:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкес келуiн қамтамасыз ету;

      2) заңдылықтың кез келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру шараларын қолдану болып табылады.

      2. Прокуратура басқа мемлекеттiк органдарды алмастырмайды және ұйымдардың қызметi мен азаматтардың жеке өмiрiне араласпайды.

      29-бап. Прокурордың өкiлеттiгi

      1. Қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:
      1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыруға және олардан айғақтар алуға;
      2) қызметтiк куәлiгiн көрсетiп, мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың аумағы мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
      2-1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi жөнiнде банктерден жеке және заңды тұлғалардың операциялары мен шоттары бойынша коммерциялықбанктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып саналатын мәлiметтердiң жариялануға болмайтын талаптарын сақтай отырып, мәлiметтер алуға;
      2-2) жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында құзыреттi органдардан жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырып, олардың нәтижелерi туралы хабар берiп отыруды талап етуге;
      3) басшылардан және басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жай-күйi және оны қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық ақпаратты алуға;
      4) тексерiске қатысу және қорытынды беруi үшiн мамандарды тартуға;
      5) прокуратураға түскен материалдарға, арыздарға өзiнiң құзыретiне сәйкес тексерiс жүргiзудi талап етуге және бұлардың нәтижелерi туралы хабарлауды мiндеттеуге;
      6) қауiпсiздiктi және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн тексерiстi жүзеге асыруға басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн тартуға;
      6-1) сараптамалар тағайындауға;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да тексерiс әрекеттерiн жасауға құқылы.
      2. Қадағалауды жүзеге асыру процесінде, оның ішінде тексеру нәтижелері бойынша прокурор:
      1) наразылық енгiзедi;
      2) заң бұзушылықты болдырмау жөнiнде ұйғарым бередi;
      2-1) сотқа дейінгі тергеуді бастайды не қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізу үшін қылмыстық қудалау органына береді;
      3) тәртіптік іс жүргізуді немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қозғау туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындау, жеткізу (күштеп әкелу) жөнiнде қаулы шығарады, материалдық залалдың өтелу шараларын қолданады;
      4) адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда заңдардан басқа заңсыз актiнiң күшiн тоқтата тұрады;
      5) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары енгiзген тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе алып тастайды;
      6) мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауды соттан өтiнедi;
      7) органға немесе лауазымды адамға заңдылықты бұзуды болдырмау туралы ұсыныс енгiзедi;
      «8) заң бұзушылыққа жол берілмейтіні туралы алдын ала ескертеді;
      9) осы Заңда көзделген өзге де прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді.
      Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енеді), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5 ТАРАУ
Сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру

      30-бап. Прокурордың сотта iс қараудағы құзыретi

      1. Қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот iсiн жүргiзу барысында сотта мемлекет мүддесiн бiлдiре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық iстер жүргiзуазаматтық iстер жүргiзу және өзге де заңдарына сәйкес шағым, кассация және қадағалау тәртiбiмен өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.

      2. Соттың (судьяның) iс бойынша шешiмiмен, үкiмiмен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессiздiгi немесе негiзсiздiгi себептi келiспеген жағдайда, прокурор iстi қайта қарау немесе құқықтық актiнiң күшiн жою не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346, 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      31-бап. Соттың заңды күшiне енбеген қаулыларына
              наразылық жасау

      Прокурор өзiнiң iстiң сотта қаралуына қатысу-қатыспауына қарамастан, соттың (судьяның) заңды күшiне енбеген заңға сәйкес келмейтiн немесе негiзсiз шешiмiне, үкiмi мен өзге де қаулысына жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы.

      32-бап. Соттың заңды күшiне енген қаулыларына
               наразылық жасау

      1. Прокурор соттың заңды күшiне енген шешiмдерi, үкiмдерi және өзге қаулылары бойынша iстердi өз құзыретiнiң шегiнде соттан талап етiп алдыруға хақылы.

      2. Соттың заңды күшiне енген шешiмi, үкiмi мен өзге қаулысы заңға сәйкес келмейтiн немесе негiзсiз болған жағдайда, прокурор қадағалау тәртiбiмен наразылық жасайды. Егер наразылық жасау оның құзыретiнiң шегiнен асып кететiн болса, онда тиiстi прокурор наразылық жасау жөнiнде жоғары тұрған прокурорға ұсыныс айтып, өтiнiш жасайды.

      3. Прокурордың соттың заңды күшiне енген шешiмiне, үкiмi мен өзге де қаулыларына наразылық жасау және орындалуын тоқтата тұру жөнiндегi өкiлеттiгi заңмен айқындалады.

      33-бап. Республика Жоғарғы Сотының нормативтiк
              қаулысына наразылық жасау

      Республиканың Бас Прокуроры Республика Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулысының Конституцияға және заңдарға сәйкес келмеу негiздерi бойынша Республика Жоғарғы Сотының жалпы отырысына наразылық енгiзедi.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346 Заңымен.

6 ТАРАУ
Жедел-iздестiру қызметінің заңдылығын қадағалау

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      34-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi

      Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру, жедел-iздестiру шараларын жүргiзу барысында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға өкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардың актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңдылығы қадағалаудың мәнi болып табылады.

      35-бап. Прокурордың жедел-iздестiру қызметі мен жасырын
               тергеу әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз ету
               жөнiндегi өкiлеттiгi

      Жедел-iздестiру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
      1) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдармен жасырын негiзде ынтымақтасатын немесе ынтымақтасқан құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәлiметтерден басқа, жедел-iздестiру қызметiнiң тоқтатылған және іс жүргiзуінде жатқан iстерiн, қылмыстық істерді, жедел-iздестiру қызметiнiң және жасырын тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелері туралы материалдарды, құжаттарды және басқа да қажеттi мәлiметтердi алады;
      2) арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін, оның ішінде байланыс желісінде жүзеге асырудың заңдылығын тексеруді жүргізеді;
      3) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;
      4) Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметін және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыруды және өткiзу тактикасын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге наразылық білдіреді;
      5) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде заңның, адам және азамат құқықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда, өзiнiң қаулысымен жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатады;
      6) жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды немесе тәртiптiк iс жүргізуді қозғайды;
      7) жедел-iздестiру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша осы Заңда көзделген прокурорлық қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады;
      8) заңсыз ұстап алынған адамдарды босатады;
      9) қажет болған кезде заң бұзушылықты жою мақсатында жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынысты органдарда тексеру жүргiзудi талап етедi;
      10) заңнамада белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзуге санкция бередi.
      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      36-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына
              қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлар

      Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры және өзге прокурорлар заңдарда белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

7 ТАРАУ
Тергеу мен анықтама заңдылығына қадағалау

      37-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi

      Прокурор анықтама мен тергеу органдарының актiлерi мен қызметiнiң заңдылығына, жасалған қылмыстар және тергеу жүргiзу туралы өтiнiштер мен хабарларды шешудiң заңдарда белгiленген тәртiбiнiң сақталуына қадағалауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      38-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің
               заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
      1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарынан қылмыстық істерді, қылмыстық құқық бұзушылықтар, жедел-іздестіру қызметі, жасырын тергеу әрекеттері, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы құжаттарды, материалдарды және өзге де мәліметтерді тексеру үшін алады;
      2) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңдылықтың сақталуын тексереді;
      3) қылмыстық қудалау органының күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды немесе үйқамаққа алуды санкциялау туралы өтінішхатын тергеу судьясы алдында қолдайды не қолдаудан бас тартады, кепілді қолдануды санкциялайды;
      4) қажет болған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды және жүргізеді, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу туралы нұсқаулар береді;
      5) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың заңсыз қаулыларының күшін жояды;
      6) егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеп-тексерудің заңсыз әдістеріне жол берілсе, кінәлі адамдардың жауаптылығы туралы мәселе қояды;
      7) сотқа дейінгі тергеп-тексеру толық болмаған, сондай-ақ заңдылықтың бұзылуына жол берілгені белгілі болған жағдайларда, қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеруге қайтарады не оны толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады;
      8) айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді, қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;
      9) қажет болған жағдайда заңның бұзылуын жою, қылмыстық құқық бұзушылықтардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тергеу бөлімшелері мен анықтау органдарының басшыларынан өздеріне бағынысты органдарда тексеру жүргізуді талап етеді;
      10) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары басшыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымдарды қарайды;
      11) бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдарды күзетпен ұстаудың заңнамада белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;
      12) заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
      2. Прокурордың өз құзыреті шегіндегі нұсқаулары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үшін міндетті.
      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      39-бап. Қамауға санкция беру

      Ескерту. 39-бап алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 № 65-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

8 ТАРАУ
Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалау

      40-бап. Қадағалаудың мақсаты

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды прокуратура:

      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде, сондай-ақ iстердi қарау мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жазалау шараларын белгiлеген кезде заңдардың дәл әрi бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз ету;

      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде адамның және азаматтың, лауазымды адамдар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру;

      3) азаматтардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде жүргiзiлген iстерге байланысты кез келген актiге шағымдану құқығын қамтамасыз ету;

      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде заңдарды бұзуға кiнәлi адамдарға шара қолдану мақсатында жүзеге асырады.
      Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      41-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзу заңдылығын
               қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi

      Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
      1) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдардан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәлiметтердi, құжаттар мен iстердi талап етуге;
      2) құзыретiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мен жаза қолдану кiретiн лауазымды адамдар мен органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарауға;
      3) әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын қолданудың заңдылығы мен негізділігін тексеруге;
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға қатысуға, өтiнiштер жасауға, iстi қарау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
      5) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдануға;
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiнде iс жүргiзудi қозғауға;
      8) заңда көзделген басқа да iс-әрекеттердi жасауға хақылы.
      Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346, 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      42-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзуде заңдылықты
              қамтамасыз ету жөнiндегi актiлерi

      Тексерiс нәтижелерi бойынша прокурор:

      1) сотқа, өзге өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулыға наразылық енгiзуге;

      2) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) iске қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;

      3) уәкiлдi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе қарауындағы ұйымдарға тексеру жүргiзудi талап етуге;

      4) заңмен белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тоқтатуға;

      5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;

      6) әкiмшiлiк жолмен заңсыз ұсталған адамды босату туралы қаулы шығаруға;

      7) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда өз мiндеттерiн орындауға байланысты өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шараларды алып тастау туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;

      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға хақылы.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346 Заңымен.

9 ТАРАУ
Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалау

      43-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi

      Прокурор:

      1) сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезiнде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығын;

      2) аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгiленген тәртiбі мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын;

      3) бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығын;

      4) азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін атқару заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 № 346, 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      44-бап. Прокурордың атқарушылық iс жүргiзудiң
               заңдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерi

      Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзыретi шегiнде:
      1) адамның құқықтары, күзетпен ұсталатындар мен сотталғандарға ізгілікпен қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен халықаралық шарттарының дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын талап етуге;
      2) азаматтың, мемлекеттiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы мен өтiнiштерi бойынша атқарушылық iстер жүргiзiлуiн талап етуге және тексеруге;
      3) сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерiнде тексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға;
      4) ұстап алынғандардан, күзетпен ұсталатындардан, сотталғандардан және мәжбүрлеу сипатындағы шаралар қолданылатын адамдардан жауап алуға;
      5) адамдарды ұстап алуға, күзетпен ұстауға, олардың жазасын өтеуіне, сондай-ақ мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шаралар қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге;
      6) мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерiнде заңсыз отырған әрбiр адамды өз қаулысымен дереу босатуға;
      7) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға заңды бұза отырып, қолданылған тәртiптiк шаралардың күшiн жоюға, оларды өз қаулысымен айыптық изолятордан, камералық үлгiдегi орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға;
      8) заңда белгiленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкiмшiлiгiнiң актiлерiн санкциялауға хақылы.
      8-1) (алып тасталды - ҚР 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен). 
      Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.03.29 № 42, 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10 ТАРАУ
Қылмыстық қудалау

      45-бап. Қылмыстық қудалау шегi

      Прокуратура Конституцияға сәйкес осы Заңмен және қылмыстық-iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

      46-бап. Қылмыстық қудалау жөніндегі өкілеттіктер

      Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
      1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға, оны анықтау немесе тергеу органына тергеп-тексеру жүргізу үшін беруге не оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы;
      2) тергеу, тергеу-жедел тобын басқарады, қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді;
      3) тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысады;
      4) заңда көзделген жағдайларда жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттері мен шешімдерін санкциялайды не оларға санкция беруден бас тартады;
      5) қылмыстық қудалаудан иммунитеті мен артықшылықтары бар адамдарды ешкімнің тиіспеуінен айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыну енгізеді;
      6) процестік келісімге бастамашылық етеді және оны жасасады, жасалған процестік келісімнің нысанасы болып табылатын қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеруді ұйымдастыруға шаралар қолданады;
      7) заңда көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды тоқтатады;
      8) қылмыстық істі сотқа жібереді;
      9) заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
      Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      47-бап. Істі сотқа жіберу

      1. Прокурор айыптау актісімен не қылмыстық теріс қылық туралы хаттамамен келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде, анықтау мен тергеу органдарының заңнама талаптарын сақтауын және істі сотқа жіберу үшін негіздердің жеткілікті екендігін тексеруге міндетті.
      2. Қылмыстық істің сотта қаралуына жеткілікті негіздер болған кезде прокурор айыптау актісін не қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және істі сотқа жібереді.
      3. Істі сотқа жіберген кезде прокурор:
      1) заңда көзделген негіздер бойынша, қылмыстық істің бір бөлігін, оның ішінде адамға қатысты тоқтатуға;
      2) айыптау актісінен жекелеген айыптау тармақтарын алып тастауға, сондай-ақ онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға;
      3) бұлтартпау шарасын таңдауға, өзгертуге немесе оның күшін жоюға;
      4) заңда белгіленген өзге де әрекеттерді орындауға құқылы.
      Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

10-1-тарау. Шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау

      Ескерту. Заң 10-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      47-1-бап. Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге
                 асыру кезінде заңдардың қолданылуын қадағалау

      1. Республиканың Бас Прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік берген прокурорлар құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың, Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңдарының қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
      2. Халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен Республиканың Бас Прокуроры немесе ол уәкілеттік берген прокурорлар мемлекет атынан:
      адамдарды ұстап беру туралы;
      қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы;
      бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін ауыстыру туралы;
      қылмыстық істер бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен өтініштерді жіберу және орындау туралы шешім қабылдайды.
      3. Прокуратура органдары халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      47-2-бап. Прокуратураның халықаралық құқықтық
                 ынтымақтастық бойынша өкілеттіктері

      Республиканың Бас Прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік берген прокурорлар халықаралық құқықтық ынтымақтастық шеңберінде:
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ қолданыстағы шарттарды өзгерту және толықтыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің прокуратура органдарымен құқықтық көмек, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы шарттар жасасуға және оларға қол қоюға;
      3) прокуратура органдарының құзыреті шегінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тиісті мекемелерімен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
      4) прокурорлардың халықаралық ұйымдарының қызметіне қатысуға;
      5) ынтымақтастық жасаушы мемлекеттердің аумағында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бірлескен шаралардың мемлекетаралық бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге, оларды орындауға қатысуға;
      6) шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарының қатысуымен ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды, мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды ауыстыру мәселелері, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаларды орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау бойынша құқықтық көмек көрсетуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің құзыретті мекемелеріне Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды, мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды ауыстыру мәселелері бойынша, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаларды орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларын, өтінішхаттарын, өтініштерін жіберуге;
      8) Қазақстан Республикасының мүдделерін қозғайтын қылмыстық істерді қарау кезінде шет мемлекеттердің соттарында және халықаралық соттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге;
      9) халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 47-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-2-тарау. Прокуратура органдары қызметінің өзге де бағыттары

      Ескерту. Заң 10-2-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      47-3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы
                 есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау

      Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалауды Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті прокурорлар жүзеге асырады.

      47-4-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерін кәсіптік
                 даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін
                 арттыру

      Ескерту. 47-4-бап алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11 ТАРАУ
Прокуратура органдарындағы қызмет

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      48-бап. Прокурорлар, прокуратура органдарының
               қызметкерлері

      1. Прокурор - өз құзыреті шегінде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерін білдіруді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
      Мыналар прокурорлар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері, прокуратура органдары департаменттерінің, басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының басқармалары мен бөлімдерінің аға прокурорлары және прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкілетті және арнаулы прокурорлар.
      Әскери, табиғат қорғау, көлік, сондай-ақ арнайы объектілердің прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.

      2. Прокуратура органдарының негiзгi мiндеттерi мен функцияларын атқаратын прокуратура органдарының лауазымды адамдарына сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi.
      Прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ оларға сәйкес шектi сыныптық шендердi немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      3. Әскери міндетті прокуратура қызметкерлері прокуратура органдарында арнаулы есепте тұрады.
      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      49-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң
              сыныптық шендерi, әскери атақтары және
              нысанды киiмi

      Ескерту. 49-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      50-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiн
              құқықтық қорғау

      1. Прокурор жасаған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламаны кез келген тексеру прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
      2. Қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурорды әкімшілік ұстауға, жеке тексеріп қарауға, оның заттары мен пайдалануындағы көлігін тексеріп қарауға жол берілмейді.
      Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      51-бап. Атыс қаруын қолдану және арнайы
               құралдарды пайдалану

      Ескерту. 51-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      52-бап. Еңбектi құқықтық реттеу

      Мыналардың:

      1) прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі;

      2) прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
      Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.07.23 № 454 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 1998.07.02 N 266, 2001.10.10 № 247, 2007.05.15 № 253, 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      53-бап. Прокуратура қызметкерлерiн материалдық
              және әлеуметтiк қамсыздандыру

      1. Прокуратура органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді.
      2. Прокуратура органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру, оларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      54-бап. Еңбек атқарған жылдары үшiн үстеме ақы

      Ескерту. 54-бап алынып тасталды - ҚР 2001.10.10 № 247 Заңымен.

      55-бап. Арнаулы қызмет стажы

      1. Прокуратура органдарындағы қызмет (жұмыс) мемлекеттiк қызметтiң арнаулы түрi болып табылады. Арнаулы қызмет (жұмыс) стажына прокуратура органдарындағы қызметтен (жұмыстан) басқа:

      1) Қарулы Күштердегi, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы және басқа да құқық қорғау органдарындағы;

      2) сот органдарындағы;

      3) мемлекеттiк қызметте болған қызмет (жұмыс);

      4) заң мамандығы бойынша ғылыми және педагогтiк жұмыс;

      5) өкiлдi билiктiң мемлекеттiк органдарындағы сайланбалы лауазымдағы жұмыс уақыты есептеледi.
      Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.10.10 № 247 Заңымен.

12 ТАРАУ
Прокуратураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң өзге де
мәселелерi

      56-бап. Прокуратура органдарын қаржыландыру

      Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді) Заңымен.

       57-бап. Мөр мен куәлiктер

      1. Республиканың Бас Прокурорына, оның орынбасарларына белгiленген үлгiдегi куәлiктi Республика Президентi бередi.

      2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшылары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар бағынысындағы қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi куәлiктердi бередi.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, оған бағынысты прокуратуралардың және прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрлерi, қазынашылық органдарында тиiстi шоттары болады.
      Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      58-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

      Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      59-бап. Осы Заңды iске асыру жөнiндегi шаралар

      1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мыналарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына:
      1) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртiбi туралы Ереженi;
      2) прокуратура органдарының қызметкерлерi Антының мәтiнiн ұсынсын.
      2. "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1992 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 5, 104-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1994 ж., N 9-10, 148-құжат, 158-құжат; 1995 ж., N 3-4, 34-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi