Стандарттау және сертификаттау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 18 қаңтар. Күші жойылды - ҚР 1999.07.16. N 435 Заңымен. ~Z990435

Күшін жойған

      Осы Заң арқылы стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiн қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерi белгiленiп, стандарттау мен сертификаттау саласындағы қатынастар реттеледi.
 
                           I ТАРАУ
                       ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
             1-бап. Стандарттау мен сертификаттау туралы заңдар
                    және Заңның қолданылу аясы
      1. Стандарттау мен сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнен тұрады.
      2. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан басқару органдары, заңды ұйымдар мен жеке адамдар арасындағы, сондай-ақ олар мен басқа мемлекеттердiң заңды ұйымдары мен және адамдары арасындағы стандарттау мен сертификаттау саласындағы қатынастар:
      Қазақстан Республикасы аумағында өнiм жасау, өндiру мен өткiзу, пайдалану, жұмыстар атқару және қызмет көрсету кезiнде, сондай-ақ оның аумағына өнiм жеткiзу кезiнде;
      басқа мемлекеттерге өнiм беру, солардың аумағында жұмыстар атқару және қызмет көрсету кезiнде реттеледi.
      3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
 
             2-бап. Стандарттау мен сертификаттаудың мақсаттары
      Стандарттау мен сертификаттаудың негiзгi мақсаттары:
      өнiмдердi, процестер мен қызметтердi нормативтiк-техникалық қамтамасыз ету;
      өнiмдер, процестер мен қызметтер сапасының мәселелерiнде тұтынушылардың мүдделерiн қорғау;
      адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн өнiмдердiң қауiпсiздiгiн, айналадағы ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;
      саудадағы техникалық кедергiлердi жою, әлемдiк нарықта өнiмдердiң бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету;
      өнiмдердiң үйлесiмдiлiгi мен өзара алмастырылуын қамтамасыз ету;
      ресурстарды үнемдеу;
      өнiм сапасын арттыру, ғылымның, техниканың дамуына, халықтың және халық шаруашылығының сұранымына сәйкес өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жандандыру және үйлестiру.
 
             3-бап. Стандарттау мен сертификаттау объектiлерi
      Стандарттау мен сертификаттау объектiлерi мыналар:
      көп мәрте қайталап өндiрiлу және (немесе) пайдаланылу келешегi бар өнiм, қызметтер және процестер (бұдан былай - өнiм).
 
             4-бап. Стандарттау мен сертификаттау жөнiндегi
                    жұмыстарды басқару
      1. Қазақстан Республикасында стандарттау мен сертификаттау жөнiнде бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органға жүктеледi.
      2. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiн құрады, стандарттау мен сертификаттау саласындағы қызметтi ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады, стандарттау мен сертификаттау мәселелерi жөнiндегi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк өтедi.
 
                         II ТАРАУ
                    СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ
 
             5-бап. Стандарттаудың мемлекеттiк жүйесi
      Стандарттаудың мемлекеттiк жүйесi стандарттау саласында

 

бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi

және нормативтiк құжаттардың әр алуан категорияларының жасалуын,

қолданылуын, олардың әзiрлену, келiсiлу, бекiтiлу тәртiбiн,

мемлекеттiк тiркелуiн, стандарттар талаптары мен техникалық

шарттардың сақталуын мемлекеттiк қадағалауды көздейдi.


            6-бап. Нормативтiк құжаттардың категориялары

     Стандарттаудың мемлекеттiк жүйесi нормативтiк құжаттардың

мынадай категорияларының жасалуын және қолданылуын көздейдi:

     мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ);

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары (ҚРСТ);

     техникалық шарттар.


            7-бап. Мемлекетаралық стандарттарды жасау, бекiту

                   және тiркеу

     Мемлекетаралық стандартты Стандарттау, метрология және

сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық кеңес қабылдайды.

     Мемлекетаралық стандарттарды (ГОСТ) жасау, бекiту және

тiркеу үкiметаралық келiсiмдерде белгiленген тәртiпке сәйкес

жүзеге асырылады.


            8-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк

                   стандарттары мен техникалық шарттарын

                   жасау


 
       1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын отандық, шетелдiк ғылым мен техника жетiстiктерi, озық тәжiрибе негiзiнде өнiмдердiң бекiтiлген номенклатурасы (қызмет аясы) бойынша техникалық комитеттер және (немесе) басқару органдары әзiрлейдi.
      Өнiмдердiң бекiтiлген номенклатурасы (қызмет аясы) бойынша техникалық комитеттер мен басқару органдарын стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтедi.
      Техникалық комитеттердiң құрамына өнiм әзiрлеушiлердiң, дайындаушылардың, тұтынушылардың (тапсырыс берушiлердiң), тұтынушылар қоғамдарының, ғылыми-техникалық және инженерлiк қоғамдардың өкiлдерi, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган мен оның ұйымдарының мамандары енуге тиiс.
      Техникалық комитеттердiң жұмысына Қазақстан Республикасының жетекшi ғалымдары мен мамандары тартылуға тиiс.
      2. Мемлекеттiк стандарттар бiртектес өнiм топтарына және қажет болған реттерде нақты бiр өнiмге, өнiмдi әзiрлеу, өндiру, пайдалану, қолдану кезiнде техникалық бiрыңғайлылықты қамтамасыз ететiн ережелерге және басқа да жалпы техникалық ережелер мен нормаларға талаптар белгiлейдi.
      3. Мемлекеттiк стандарттарда мiндеттi және ұсыныс ретiндегi талаптар белгiленедi.
      Мiндеттi талаптарға:
      адамдардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн;
      айналадағы ортаны қорғауды;
      үйлесiмдiлiк пен өзара алмастырушылықты;
      қаптау, таңбалау ережелерiн және мiндеттi талаптарға сәйкестiктi бақылау әдiстерiн қамтамасыз ететiн талаптар жатады.
      Ұсыныс ретiндегi талаптарға өнiм сапасының тұтынымдық сипаттамаларын қамтамасыз ететiн талаптар жатады.
      Тапсырыс берушiнiң қалауы бойынша оның мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ететiн мiндеттi талаптардың номенклатурасы кеңейтiлуi мүмкiн.
      4. Техникалық шарттарды кәсiпорындар, ұйымдар жасайды да нақты өнiмге (үлгiлерге, маркаларға) талаптар белгiлейдi, бұл орайда техникалық шарттардың талаптары мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сай келуге тиiс.
      5. Мемлекеттiк стандарттардың талаптары мен техникалық шарттар өнiмдi (бұйымды) жасаушы, дайындаушы берушi (өткiзушi), сақтаушы, тасымалдаушы, пайдаланушы (қолданушы), жөндеушi және қызмет орындаушы барлық заңды ұйымдар мен жеке адамдар үшiн мiндеттi.
 
             9-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
                    стандарттары мен техникалық шарттарын
                    бекiту және тiркеу
      1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган өз қаулысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын бекiтедi.
      Техникалық шарттарды бекiтудi басқару органдары, өнiмдi дайындаушы және тұтынушы Заңды ұйымдар мен жеке адамдар жүзеге асырады.
      2. Стандарттар, техникалық шарттар мен оларға өзгерiстер, сондай-ақ оларды жою жөнiндегi шешiмдер стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органға мiндеттi түрде тiркеуге жатады.
      Мемлекеттiк тiркеуден өтпеген стандарттар мен техникалық шарттар және оларға енген өзгерiстер жарамсыз болып табылады.
 
             10-бап. Қазақстан Республикасының стандарттары мен
                     техникалық шарттарын қолдану
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шарттары олар күшiне енген кезден бастап қолданылады.
      2. Өнiм дайындаушыларға, егер олардың талаптары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген стандарттарына қайшы келмесе және тұтынушылардың мүдделерiне сай келсе, шет елдердiң халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарын тiкелей қолдану құқы берiледi.
      3. Тiркелген стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарын бұзып өнiм (бұйым) жасауға, дайындауға, беруге (өткiзуге), сақтауға, тасымалдауға, пайдалануға (қолдануға) және жөндеуге, сондай-ақ адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, айналадағы ортаны қорғауға әсер ететiн өнiмдердi тиiстi нормативтiк құжаттарсыз шығаруға тыйым салынады.
 
             11-бап. Стандарттарды басып шығару және қайта басып
                     шығару
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын, сондай-ақ шет елдердiң мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық стандарттарын, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсыныстарын, ұлттық стандарттарын басып шығару және қайта басып шығару құқы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органға берiледi.
 
             12-бап. Нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк қоры
      Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган нормативтiк құжаттар қорын қалыптастырады және мыналарды жүзеге асырады:
      мемлекеттiк тiркеуден өткен стандарттарды, техникалық шарттарды мемлекеттiк сақтау;
      шет елдердiң халықаралық және аймақтық стандарттарын, стандарттау, сертификаттау және метрология жөнiндегi ережелерi мен ұсыныстарын, ұлттық стандарттарын алу және сақтау;
      ақпаратпен қамтамасыз ету.
 
             13-бап. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды орындау
      1. Стандарттау жөнiндегi жұмыс тәртiбi осы Заңмен,

 

стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк

орган қабылдайтын мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң стандарттар

кешенiмен, сондай-ақ басқа да нормативтiк актiлермен белгiленедi.

     2. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды мыналар жүзеге асырады:

     стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi

мемлекеттiк орган;

     басқару органдары;

     стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер;

     заңды ұйымдар.


            14-бап. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау

     1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi

мемлекеттiк орган республикадағы стандарттау жөнiндегi жұмыстарды

жоспарлауға ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады.

     2. Мемлекетаралық стандарттау жөнiндегi жұмыстарды

жоспарлаудың тәртiбi мен түрлерi үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес

жүзеге асырылады.


            15-бап. Стандарттар мен техникалық шарттар

                    талаптарының сақталуына мемлекеттiк

                    қадағалау

     1. Өнiм сапасы мәселелерiнде тұтынушылардың мүдделерi мен

құқыларын қорғау мақсатында стандарттар мен техникалық шарттардың

сақталуына мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының

Министрлер Кабинетi бекiтетiн Ережеге сәйкес стандарттау,

метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган жүзеге

асырады.


            16-бап. Мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырушы

                    стандарттау, метрология және сертификаттау

                    жөнiндегi мемлекеттiк органның құқықтары


 
       Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органның өнiмдi жасау, өндiру, жөндеу, тасымалдау, сақтау және пайдалану кезiнде стандарттардың талаптары мен техникалық шарттарының бұзылғаны үшiн;

 

     бұзушылықтарды жою туралы нұсқау беруге;

     өнiмдi өткiзу мен қолдануға (пайдалануға), жұмыстар мен

қызметтердi орындауға тыйым салуға;

     өнiм өндiру мен қызмет көрсетудi тоқтата тұруға;

     сәйкестiлiк сертификатының күшiн және сәйкестiк Белгiсiн

қолдану құқын тоқтата тұруға немесе жоюға;

     айыппұл салуға құқығы бар.


                       III ТАРАУ

                   СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ


            17-бап. Сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесi


 
       Сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесi сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi және сертификаттаудың негiзгi қағидалары мен ережелерiн, жүйенiң принциптерi мен құрылымын, сертификаттау жөнiндегi органдарға, лабораторияларға (орталықтарға) талаптарды және оларды аккредиттеу тәртiбiн, сертификатталатын өнiм өндiрiсiн аттестаттау әдiстемесiн, сертификатталған өнiмге және сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген органдардың,

 

лабораториялардың (орталықтардың) қызметiне инспекциялық

бақылауды, сертификаттау мақсаттарын жүзеге асыруға қажеттi басқа

да ережелер мен талаптарды белгiлейдi.


            18-бап. Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң ұйымдық

                    құрылымы

     Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң ұйымдық құрылымын

мыналар құрайды:

     стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi

мемлекеттiк орган;

     бiртектес өнiмдi сертификаттау жөнiндегi органдар;

     сынақ лабораториялары (орталықтары).


            19-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау

                    жөнiндегi мемлекеттiк органның сертификаттау

                    саласындағы құқықтары

     Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi

мемлекеттiк органның мынадай құқықтары бар:


 
       бiртектес өнiмдердi сертификаттау жүйесiнiң басты органдарын тағайындайды және оларға белгiлi бiр жұмыс түрлерiн жүргiзу құқына рұқсат бередi;
      сәйкестiк Белгiсiн қолдану құқына сәйкестiк сертификаттарын бередi;
      аккредиттеудi және сертификаттау жөнiндегi органдардың, аккредиттелген сынақ лабораторияларының (орталықтарының) сертификация ережелерiн сақтауы жөнiндегi қызметiне инспекциялық бақылауды жүзеге асырады;
      сертификаттау жөнiндегi органдар негiзсiз берген сәйкестiк сертификаттарының күшiн жояды немесе тоқтата тұрады;
      сертификаттау жөнiндегi басқа да органдар басып шығарған құжаттар мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң талаптарына қайшы келсе, олардың күшiн жою жөнiнде нұсқау бередi.
 
             20-бап. Бiртектес өнiмдердi сертификаттау жөнiндегi
                     органдар
      1. Басқару органдары, заңды ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органдардың аккредиттелуiне жататын бiртектес өнiмдер жөнiндегi органдар құруға құқылы.
      2. Егер бiртектес өнiмдердi сертификаттау жүйесiнде бiрнеше орган аккредиттелген болса, онда олардың қызметiн үйлестiру үшiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган бас органды тағайындауы мүмкiн.
      3. Бiртектес өнiмдердi сертификаттау жүйесiн құрған кезде:
      сертификаттау объектiлерi, сондай-ақ осы жүйеде соның талаптарына сәйкес сертификаттау жүргiзiлетiн нормативтiк құжаттардың категориялары мен түрлерi айқындалуға;
      осы жүйеде сертификаттау жүргiзу ережелерi мен рәсiмi белгiленуге;
      белгiленген тәртiп бойынша сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк реестрде сертификаттау жүйесiнiң органдары, сондай-ақ сертификат түрi, сәйкестiк Белгiлерi және оларды қолдану ережелерi тiркелуге тиiс.
 
             21-бап. Сынақ лабораториялары (орталықтары)
      Сынақ лабораториялары (орталықтары) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге, заңды ұйым мәртебесiне ие болуға, өтiнiм иесiнен немесе басқа да мүдделi тараптардан тәуелсiз болуға тиiс.
 
             22-бап. Өнiмдердi сертификаттау түрлерi және
                     сәйкестiк Белгiлерi
      1. Өнiмдердi сертификаттаудың екi түрi - мiндеттi және ерiктi түрлерi белгiленедi.
      Мiндеттi сертификаттау - өнiмдердi стандарттың немесе оның адам өмiрiне, денсаулығына, азаматтардың мүлкiне және айналадағы ортаға қауiпсiздiгiн қамтамасыз өтетiн өзге де нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн сертификаттау.
      Мiндеттi сертификатталуға тиiс өнiмдер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.
      Өнiмдi ерiктi сертификаттау оның стандартқа сәйкестiгiн немесе өтiнiш иесi мен сертификаттау жөнiндегi органның арасындағы келiсiм шарттарындағы тұтынушылық қасиеттерi ескерiлiп, өзге де нормативтiк құжатқа сәйкестiгiн анықтау үшiн дайындаушының (орындаушының), сатушының (берушiнiң) немесе тұтынушының инициативасы бойынша жүргiзiледi.
      Мiндеттi және ерiктi сертификаттауды сертификаттау жөнiндегi органдар өз құзыретiне сәйкес жүргiзедi.
      2. Өнiмдi мiндеттi және ерiктi сертификаттауды жүргiзу кезiнде, сертификаттау жөнiндегi орган он шешiм қабылдаған жағдайда, өтiнiш иесiне тиiстi сертификаттау жүйесi белгiлеген тәртiппен осы өнiмдi сәйкестiк Белгiсiмен таңбалауға құқық беретiн сәйкестiк сертификаты берiледi.
      3. Сертификаттау жүйелерiнде пайдаланылатын сәйкестiк Белгiлерi сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк реестрде тiркеледi.
 
             23-бап. Өнiмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн
                     талаптар
      1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды ұйымдар мен жеке адамдар шығаратын және мiндеттi сертификатталуға жататын өнiмдердi сәйкестiк сертификатынсыз өткiзуге тыйым салынады.
      2. Мiндеттi сертификатталуға жататын өнiмдi импортқа өткiзуге жасалатын контрактылардағы (келiсiмдердегi) шарттардың бiрi - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган таныған сәйкестiк сертификатының болуы.
 
                            IV ТАРАУ
                 СТАНДАРТТАУ МЕН СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ
                 ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНДЫҚ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
 
             24-бап. Кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын лауазымды
                     және жеке адамдардың стандарттау мен
                     сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшiн
                     жауапкершiлiгi
      Кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын лауазымды және жеке адамдар стандарттау мен сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшiн заңмен белгiленген тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
 
             25-бап. Заңды ұйымдардың стандарттау мен сертификаттау
                     туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi
      Стандарттау мен сертификаттау туралы заңдарды бұзушы заңды ұйымдардан стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органның ұйғарымы бойынша бюджет кiрiсiне мынадай мөлшерде ақша өндiрiледi:
      1) стандартсыз өнiм өткiзуден, бiрақ әрi кеткенде 12 ай iшiнде алынған нақты пайда;
      2) стандарттар талаптарына сай келмейтiн, пайдаланылуы мен сақтаулы азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нұқсан келтiретiн немесе нұқсан келтiруi мүмкiн өнiмдi өткiзу фактiсi анықталған жағдайда, өткiзiлген өнiмнiң құны;
      3) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi

 

мемлекеттiк органның тыйым салуына қарамастан өткiзiлген

стандартсыз өнiм құнының 50 процентi;

     4) өткiзуге арналған өнiм стандарттар талаптары мен

сертификаттау ережелерiне сау келмеу фактiсi анықталған жағдайда,

тексерiлген сол өнiмнiң құны.

     ЕСКЕРТУ. 25-бап екiншi бөлiкпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң

              1995.05.22. N 2297 жарлығымен.

     ЕСКЕРТУ. 25-баптан екiншi бөлiгi алынып тасталсын - ҚР

              Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен. 


U952703_




                              V ТАРАУ

                           ДАУЛАРДЫ ШЕШУ


            26-бап. Стандарттау мен сертификаттау саласындағы

                    дауларды шешетiн органдар

     Стандарттау мен сертификаттау саласындағы дауларды соттар

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен

қарайды.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi