Өлшем бiрлiгi туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 18 қаңтар N 1894-XII. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2000.06.23. N 56 Заңымен. ~Z000056

Күшін жойған

      Осы Заң метрологияның құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi және республикадағы өлшем бiрлiгi мен талап етiлетiн өлшем дәлдiгiн қамтамасыз етуге, азаматтардың, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң мүдделерiн өлшем нәтижесi жалғандығының терiс салдарынан қорғауға бағытталады.
 
                     I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
      1-бап. Өлшем бiрлiгi туралы заңдар
             және Заңның қолданылу аясы
      1. Өлшем бiрлiгi туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнен тұрады.
      2. Республика аумағында орналасқан басқару органдары, жеке адамдар мен заңды ұйымдар арасындағы, сондай-ақ олар мен басқа мемлекеттердiң жеке адамдары мен заңды ұйымдары арасындағы өлшем бiрлiгi саласындағы құқықтық қатынастар:
      өлшем бiрлiгiн жасау, дайындау, өткiзу, пайдалану және қызмет көрсету кезiнде;
      жеке ауқым бiрлiктерiнiң мөлшерiн мемлекеттiк (ұлттық) эталоннан өлшемнiң үлгi және жұмыс құралдарына беру кезiнде реттеледi.
      3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
 
      2-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары
      Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары:
      өндiрiс тиiмдiлiгiн, өнiмдердiң, процестер мен қызмет көрсетудiң тиiмдiлiгiн арттыру;
      ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарының, эксперименттер мен сынықтардың тиiмдiлiгiн арттыру;
      өнiмдердiң үйлесiмдiгi мен өзара алмастырылуын қамтамасыз ету;
      материалдық игiлiктер мен энергия ресурстарының сенiмдi есебiн қамтамасыз ету;
      аурудың алдын алу, диагноз қою және емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, айналадағы ортаны қорғау, табиғат ресурстарын бағалау және ұтымды пайдалану жөнiндегi шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру.
 

 

     3-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету

     1. Қазақстан Республикасы аумағында өлшем бiрлiгiн

қамтамасыз етудi стандарттау, метрология және сертификаттау

жөнiндегi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық органдары жүзеге

асырады.

     2. Басқару органдары, заңды ұйымдар мен жеке адамдар өлшем

бiрлiгi мен талап етiлетiн дәлдiктi қамтамасыз етедi және осы

мақсатпен ведомстволық метрологиялық қызметтер құруға құқылы.


            II ТАРАУ. ӨЛШЕМ БIРЛIГIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЖҮЙЕСI


     4-бап. Өлшем бiрлiгiнiң мемлекеттiк жүйесi

     Өлшем бiрлiгiнiң мемлекеттiк жүйесi өлшем бiрлiгi  мен

талап етiлетiн дәлдiктi бағалау және қамтамасыз ету жөнiндегi

жұмысты ұйымдастыру мен оны өткiзу тәртiбiн реттейтiн бiрыңғай

ережелердi, қағидалар мен нормаларды белгiлейдi.


     5-бап. Өлшем бiрлiгi мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi

     Өлшем бiрлiгi мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi мыналар:

     жеке ауқым бiрлiктерi;

     мемлекеттiк эталондар;

     өлшем құралдары;

     өлшем құралдарына, әдiстерi мен нәтижелерiне қойылатын

талаптар;

     өлшемдi орындаудың әдiстемелерi;

     өлшем құралдарының түрлерiн мемлекеттiк сынау және бекiту,

салыстыру және метрологиялық аттестаттау.


     6-бап. Жеке ауқым бiрлiктерi


 
       Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға Халықаралық бiрлiк жүйесiнiң жеке ауқым бiрлiктерiне, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган рұқсат еткен басқа да бiрлiктерге, сондай-ақ өнiмдi экспорттау мен импорттау кезiнде контракт шарттарымен көзделген жеке ауқым бiрлiктерiне жол берiледi.
 
      7-бап. Мемлекеттiк эталондар
      1. Жеке ауқым бiрлiктерi ұдайы қалпына келтiрiлiп, жеке ауқым бiрлiктерi мемлекеттiк (ұлттық) эталондарының көмегiмен сақталады.
      2. Мемлекеттiк (ұлттық) эталондарды сақтауды, жеке ауқым бiрлiктерiнiң мөлшерiн ұдайы қалпына келтiрудi және мемлекеттiк эталондардан өлшемнiң үлгi және жұмыс құралдарына берудi, эталондық базаны дамыту мен жетiлдiрудi, сондай-ақ эталондарды жеке ауқым бiрлiктерiнiң халықаралық эталондарымен салыстыруды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган қамтамасыз етедi.
 
      8-бап. Өлшем құралдары
      1. Жеке ауқымдарды, олардың арақатынасын немесе мiндеттi қызметiн айқындауға арналған өлшем құралдары нақты қолдану жағдайында өлшемнiң қажеттi дәлдiгiн қамтамасыз етуге, оларға нормативтi-техникалық қажеттi дәлдiгiн қамтамасыз етуге, оларға нормативтi-техникалық және пайдалану құжаттамаларында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
      2. Өлшем құралдары олардың қолдануға жарамдылығын белгiлеу

 

мақсатында мiндеттi түрде мемлекеттiк немесе ведомстволық

салыстырылуға тиiс.

     Саудада, денсаулық сақтауда, ғылымда, өнеркәсiпте,

құрылыста, көлiкте, ауыл шаруашылығында, гидрометериологияда,

байланыста, коммуналдық шаруашылықта және спортта қолданылатын

өлшем құралдары:

     сауда-коммерциялық, кедендiк, почта және салық операцияларын

жүргiзу кезiнде;

     материалдық игiлiктер мен энергия ресурстарын есептеу

кезiнде;

     адамның ауруына диагноз қою және емдеу кезiнде;

     дәрi-дәрмектердi бақылау кезiнде;

     ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде;

     айналадағы ортаның ахуалын бақылау кезiнде;

     улы, тез жанатын, жарылғыш және радиоактивтiк заттарды

сақтау, тасымалдау және жою кезiнде;

     көлiктегi еңбек жағдайы мен қозғалыс қауiпсiздiгiн бақылау

кезiнде;

     сертификатталатын өнiмнiң қауiпсiздiгi мен сапасын айқындау

кезiнде;

     өлшем құралдарына мемлекеттiк сынақ, тексеру және

метрологиялық аттестаттау жүргiзу кезiнде;

     пайдалы қазбалар өндiру кезiнде;

     ұлттық және халықаралық спорттық рекордтарды тiркеу кезiнде

мемлекеттiк салыстыруға жатады.


 
       Жоғарыдағы абзацта айтылған өлшем құралдарының тiзбесi мен оларды салыстыру кезеңiн, оны жүргiзу тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган айқындайды.
      3. Заңның осы бабының 2-бөлiгiнiң күшi жүрмейтiн өлшем құралдары ведомстволық салыстыруға жатады.
      Жекелеген реттерде, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органның келiсiмiмен мiндеттi мемлекеттiк салыстыруға жататын өлшем құралдарын ведомстволық салыстыруға жол берiледi.
      4. Салыстырудың оң нәтижелерi мемлекеттiк немесе ведомстволық салыстыру таңбасының көшiрмесiн өлшем құралдарына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басумен және (немесе) салыстыру туралы сертификатпен куәландырады.
      5. Нормаланған дәлдiктегi жеке ауқым бiрлiктерiнiң мәнiн бағалаусыз жеке ауқымдағы өзгерiстердi қадағалау үшiн қолданылатын өлшем құралдары салыстырылуға жатпайды.
      Мұндай өлшем құралдарының дұрыстығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.
 
      9-бап. Өлшем құралдарын дайындау, салыстыру, жөндеу,
             сату және прокатқа беру
      Өлшем құралдарын дайындау, салыстыру, жөндеу, сату және прокатқа беру, сондай-ақ заттар мен материалдар құрамының стандарттық үлгiлерiн өндiру және ерекшелiктерiн метрологиялық аттестаттау стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган беретiн тиiстi рұқсаты болған жағдайда ғана орындалуға тиiс.
 
      10-бап. Өлшем құралдарының түрлерiн
              мемлекеттiк сынау және бекiту
      1. Өндiруге немесе шетелден әкелуге жататын өлшем құралдары кейiннен түрi немесе мемлекеттiк аттестатталуы бекiтiлетiн мемлекеттiк сынақтан өткiзiлуге тиiс.
      2. Өлшем құралдарын мемлекеттiк сынақтан өткiзудi, түрiн бекiту мен мемлекеттiк тiзiмге енгiзудi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      3. Өлшем құралдарының бекiтiлген түрiне немесе оларды пайдалану құжаттамасына дайындаушы мемлекеттiк тiзiм белгiсiн қоюға мiндеттi.
      4. Жасалған халықаралық шарттарға сәйкес өлшем құралдарына

 

шетелде жүргiзiлген мемлекеттiк сынау, салыстыру, метрологиялық

аттестаттау нәтижелерi танылады.


     11-бап. Өлшемдi орындау әдiстемелерiне қойылатын талаптар

     Осы Заңның 8-бабында аталған салаларда қолданылатын өлшемдi

орындау әдiстемелерi мiндеттi метрологиялық аттестаттауға жатады.

Өлшемдi орындау әдiстемелерiне метрологиялық аттестаттау жүргiзу

тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi

мемлекеттiк орган белгiлейдi.


          III ТАРАУ. СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ

                     ЖӨНIНДЕГI МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАННЫҢ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ

                     ҚАДАҒАЛАУ МЕН ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ

                     АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ҚҰҚЫҚТАРЫ


     12-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау


 
       1. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау өлшем бiрлiгi мәселелерi жөнiндегi заңдар мен өзге де нормативтiк актiлердiң сақталуын тексеру мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органның инспекторлары жүзеге асыратын техникалық және заң қызметi болып табылады.
      2. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалаудың түрлерi:
      өлшем құралдарын мемлекеттiк сынау және оның түрiн бекiту;
      өлшем құралдарын мемлекеттiк метрологиялық аттестаттау;
      өлшем құралдарын мемлекеттiк салыстыру;
      өлшем құралдарын дайындау, салыстыру, жөндеу, сату және прокатқа беру жөнiндегi қызметке лицензиялар беру;
      сату және өлшем-орау кезiнде кез келген түрдегi бумаға бөлшектеп өлшеп салынған товарлар санын мемлекеттiк қадағалау;
      өлшем құралдарының айналымға шығарылуын, жай-күйi мен қолданылуын, өлшемдi орындау әдiстемелерiн, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк қадағалау.
      3. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауға осы Заңның 8-бабында аталған салада қолданылатын өлшем құралдары мен нәтижелерi, сондай-ақ ведомстволық метрологиялық қызметтiң жұмысы жатады.
 
      13-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау
              жөнiндегi мемлекеттiк органның өлшем бiрлiгiн
              қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
      1. Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны, жарамсыз өлшем құралдарын қолданғаны үшiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган заңды ұйымдар мен жеке адамдарға мынадай шаралар қолдануға:
      тәртiптiң бұзылуын жою жөнiнде орындалуы мiндеттi ұйғарым шығаруға, қолдануға жарамсыз өлшем құралдары мен стандартты үлгiлердi пайдаланудан алып тастауға;
      мемлекеттiк сынақтан өтпеген өлшем құралдарын қолдануға және бекiтiлген түрге сай келмейтiн өлшем құралдарының түрiн бекiтуге, салыстыруға немесе метрологиялық аттестаттауға тыйым салуға;
      егер өлшем құралдары жұмысқа қабiлетсiз болса, белгiленген мерзiмде салыстырылмаса немесе көрсету ақауы рұқсат етiлген нормадан асып кетсе таңбаны өшiруге және салыстыру туралы сертификатты жоюға;
      өлшем құралдары мен стандартты үлгiлердi өткiзуге тыйым салуға, оларды өндiрудi тоқтата тұруға;
      өлшем құралдары мен стандартты үлгiлердi дайындау, салыстыру, жөндеу, сату, прокатқа беру құқығының лицензиясынан айыруға;
      өлшем бiрлiгi туралы заңдарды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы хаттамалар түзуге;
      экономикалық жазалар қолдану туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
      2. Осы баптың 1-бөлiгiнде аталған шараларды қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
 
      14-бап. Ведомстволық метрологиялық бақылау
      Ведомстволық метрологиялық бақылауды ведомстволық метрологиялық қызметтер:
      кәсiпорындардағы, ұйымдар мен мекемелердегi барлық құрылымдық бөлiмшелердiң өлшем бiрлiгi мәселелерi жөнiндегi заңдар мен өзге де нормативтiк актiлердi сақтауын тексерiп, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуы қанағаттанғысыз болған, метрологиялық ережелер сақталмаған жағдайда мiндеттi ұйғарым

 

шығару;

     өлшем құралдарының салыстыру мен мемлекеттiк сынаққа дер

кезiнде әкелiнуiн тексеру;

     өлшем құралдарын ведомстволық салыстыру;

     стандартталмаған өлшем құралдары мен сынақтарды

метрологиялық аттестаттау;

     бақылау-өлшем жабдықтарын тексеру арқылы жүзеге асырады.


          IV ТАРАУ. ӨЛШЕМ БIРЛIГI ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ

                    БҰЗҒАНДЫҚ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ


     15-бап. Өлшем бiрлiгi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауаптылық

     Заңды ұйымдар мен жеке адамдар өлшем бiрлiгi туралы заңдарды

бұзғаны үшiн заңда белгiленген тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк

немесе қылмыстық жауапқа тартылады.


     16-бап. Мемлекеттiк инспектордың жауаптылығы

     Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын

инспектор өз мiндетiн тиiстi дәрежеде атқармағаны үшiн Қазақстан

Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.


          V ТАРАУ. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ


     17-бап. Өлшем бiрлiгi саласындағы

             дауларды шешетiн органдар

     Өлшем бiрлiгi саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының

заңдарында белгiленген тәртiппен соттар қарайды.


     Қазақстан Республикасының

            Президентi