Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 156-VII ҚРЗ

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Конституциялық заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Конституциялық заңмен реттелетін қатынастар

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің, мәслихаттардың депутаттарын, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға дайындық және оны өткiзу кезінде, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.";

      2) 3-бапта:

      1-тармақтағы "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін" деген сөздер "аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі осы Конституциялық заңның мәтіні бойынша – әкімдерді)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Сайлауға дайындық және оны өткізу кезінде шетелдің араласуына жол берілмейді.";

      3) 4-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бәсең сайлау құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының Президент, Парламент, мәслихат депутаты, әкім немесе өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесі болып сайлану құқығы.";

      4-тармақтың 2) тармақшасындағы ", оның ішінде партиялық тізімдер бойынша" деген сөздер алып тасталсын және "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне" деген сөздер "әкім болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 5-баптың 1-тармағындағы "партиялық тізімдер бойынша сайланатын" деген сөздер алып тасталсын және "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін" деген сөздер "әкімдерді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 6-баптағы "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін" деген сөздер "әкімдерді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 8-баптағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Сайлау жүйелері

      1. Президентті, Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезінде мынадай:

      дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) дауысының елу пайызынан астамын жинаған;

      қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.

      2. Парламент Мәжілісінің депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

      Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі басқа кандидаттарға қарағанда оның кандидатурасын жақтап дауыс берсе, кандидат сайланды деп есептеледі.

      3. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады: біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша – депутаттардың жартысы, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша екінші жартысы сайланады.

      Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі басқа кандидаттарға қарағанда оның кандидатурасын жақтап дауыс берсе, кандидат сайланды деп есептеледі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттары мандаттарының саны тақ болған жағдайда, жартысынан асатын мандат бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланады.

      4. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

      Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының көпшілігін жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.

      5. Әкімді сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының көпшілігін жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.

      6. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі дауыс берген кандидаттар сайланды деп есептеледі.";

      8) 10-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) округтік сайлау комиссиялары;";

      3-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық және округтік сайлау комиссияларын – Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын және учаскелік сайлау комиссияларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен тұспа-тұс келсе, округтік сайлау комиссиялары құрылмайды, олардың өкілеттіктерін аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.";

      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аумақтық сайлау комиссияларының мәслихаттар сайлайтын мүшелері Орталық сайлау комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.";

      9) 11-баптың 4-1-тармағындағы "сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету" деген сөздер "материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету, сайлауды ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды үйрету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 12-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құрады және олардың шекараларын белгілейді, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімін және олардың шекаралары туралы мәліметтерді жариялайды;";

      5) тармақша "сайлау жөніндегі" деген сөздерден кейін ", бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарын кері шақырып алу жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақшада:

      "Президентті және" деген сөздерден кейін "партиялық тізімдер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Парламент Сенатының," деген сөздер "Парламент Сенатының депутаттарын, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін", "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне" деген сөздер тиісінше "әкімді", "әкім болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақшадағы "шығарады" деген сөз "жариялайды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) тармақшадағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) тармақша "әкімшілік-аумақтық" деген сөздердің алдынан "жаңа сайланымды қалыптастыру кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-6) тармақшадағы "бұқаралық ақпарат құралдары арқылы" деген сөздер алып тасталсын және "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің" деген сөздер "әкімнің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16-10), 16-11), 16-12) және 16-13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-10) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      16-11) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;

      16-12) сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      16-13) аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;";

      11) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы және 4-тармағындағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің", "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер тиісінше "әкімнің", "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 14-бапта:

      2) тармақшадағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-2) бастамашының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған депутаттарды кері шақырып алу жөніндегі өтінішін тіркейді;

      2-3) шығып қалғандардың орнына сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлауды тағайындайды;";

      3) тармақша:

      "төмен тұрған аумақтық" деген сөздерден кейін ", округтік" деген сөзбен толықтырылсын;

      "ұсынады;" деген сөзден кейін "округтік және" деген сөздермен толықтырылсын;

      "бақылайды;" деген сөзден кейін "округтік және" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) округтік сайлау комиссияларынан тиісті мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттамалар алады және округтік сайлау комиссияларының тіркелген кандидаттардың тізімдерін жариялауын қамтамасыз етеді;";

      6) тармақшадағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) партиялық тізімдер бойынша мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің мәтінін белгілейді және мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің дайындалуын, сондай-ақ сайлау бюллетеньдерінің округтік, учаскелік сайлау комиссияларына жеткізілуін қамтамасыз етеді;";

      8) тармақша "партиялардың" деген сөзден кейін "және кандидаттардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-1) тармақшадағы "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін", "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне" деген сөздер тиісінше "әкімдерді", "әкім болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақшадағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) тармақшада:

      "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Сенаттың" деген сөз "Парламент Сенатының және мәслихаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-2) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын өңірлік және жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;

      11-3) егер бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен тұспа-тұс келсе, округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін жүзеге асырады;";

      13) мынадай мазмұндағы 15-1 және 16-1-баптармен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Округтік сайлау комиссиялары

      1. Округтік сайлау комиссиялары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

      2. Округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады.

      3. Округтік сайлау комиссияларының құрамы осы Конституциялық заңның 13-2-тарауына сәйкес кері шақырып алу рәсіміне бастама жасалған жағдайда, сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін не дауыс беру тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.";

      "16-1-бап. Округтік сайлау комиссиясының өкілеттіктері

      Округтік сайлау комиссиясы:

      1) тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды өткізуді ұйымдастырады;

      3) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын қайта сайлауды және шығып қалғандардың орнына сайлауды өткізеді;

      4) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньнің мәтінін белгілейді;

      5) учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды;

      6) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, кандидаттарды тіркеу туралы хабарларды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      7) сайлау округінің аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сайлауға дайындыққа және оны өткізуге байланысты мәселелер бойынша есептерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер органдарының сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға құқылы;

      8) учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар алады;

      9) жоғары тұрған сайлау комиссиясына сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелерін беруді қамтамасыз етеді;

      10) осы Конституциялық заңның 13-2-тарауына сәйкес кері шақырып алу рәсіміне бастама жасалған жағдайда дауыс берудің өткізілуін ұйымдастырады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      14) 17-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің 2) тармақшасындағы "он бір" деген сөздер "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 18-баптың 1) тармақшасындағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 19-бапта:

      2-1-тармақ үшінші абзацындағы "адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды." деген сөздер "адам;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландырылатын саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің ұсынысы негізінде ұсынылған және (немесе) сайланған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, мүшелері, оның аппаратының қызметкерлері, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары, хатшылары, мүшелері, сондай-ақ өзге де аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады.

      Өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес белгіленеді.

      Өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға құқылы емес.";

      8-тармақтағы "шығып қалған комиссия мүшесінің орнына" деген сөздер ", қажет болған жағдайда," деген сөздермен ауыстырылып, "сайлағанға дейін" сөздерден кейін "бос орынға" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 20-бапта:

      2-тармақ 3) тармақшасындағы "отырыстарын тиісті", "кешіктірмей шақырады." деген сөздер тиісінше "отырыстарын – тиісті", "кешіктірмей;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) округтік сайлау комиссияларының отырыстарын аумағында сайлау округі орналасқан аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары олардың құрамы қалыптастырылғаннан кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей шақырады.";

      8-тармақта:

      "бір-бір өкілден" деген сөздерден кейін ", әрбір телеарнадан үшеуден аспайтын өкіл" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан" деген сөздер "аккредиттелген қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақтың бірінші бөлігі "Аумақтық," деген сөзден кейін "округтік," деген сөзбен толықтырылсын;

      12-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшадағы "аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері" деген сөздер "әкімдер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне" деген сөздер "әкім болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 20-1-бапта:

      тақырып "өзге де" деген сөздерден кейін "аккредиттелген" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Саяси партиялардан, сондай-ақ өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан Қазақстан Республикасының азаматтары байқаушылар ретінде жіберіледі.

      Байқаушының өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылады және байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар байқаушы туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы оны тіркеу үшін сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу тәртібін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

      Егер осы Конституциялық заңда өзгеше белгіленбесе, аккредиттеудің қолданылу мерзімі бір жыл болады.

      Қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуді алу үшін тиісті сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды жіберуге тиіс:

      1) Орталық сайлау комиссиясы белгілеген нысан бойынша өтініш;

      2) сайлауға байқауды жүзеге асыру құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме.

      Аккредиттеуге өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.

      Аккредиттеуден бас тартуға немесе аккредиттеудің күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:

      1) құжаттардың толық тізбесінің ұсынылмауы;

      2) жарғының осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес ұйым қызметінің тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы.

      Сайлау комиссияларының сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан аккредиттеуден бас тарту немесе аккредиттеудің күшін жою үшін негіздердің бар-жоғын анықтауға қажетті ақпарат сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде беріледі.";

      2-тармақтың бірінші абзацы "өзге де" деген сөздерден кейін "аккредиттелген" деген сөзбен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзац "өзге де" деген сөздерден кейін "аккредиттелген" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) тармақшадағы "бермеуге міндетті." деген сөздер "бермеуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру және тарату кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.";

      4-тармақ "өзге де" деген сөздерден кейін "аккредиттелген" деген сөзбен толықтырылсын;

      19) 21-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде аумақтық сайлау округтері жүйесі құрылады және пайдаланылады.

      Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде сайлау округтері Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың саны ескеріле отырып құрылады.";

      "4. Мәслихаттардың депутаттарын, әкімді сайлау кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аумақтық сайлау округі құрылады.

      Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде сайлау округтері өңірлердің әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың саны ескеріле отырып құрылады.";

      20) 22-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін Орталық сайлау комиссиясы құрады.

      Мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау бойынша сайлау округтерін аумақтық сайлау комиссиялары құрады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Сайлау округінің шекараларын және округтік сайлау комиссияларының тұрған жерлерін айқындауды тиісті сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

      Тиісті сайлау комиссиялары сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін он күннен кешіктірмей, шекаралары және округтік сайлау комиссияларының тұрған жері көрсетілген сайлау округтерінің тізімін тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";

      21) 24-бапта:

      1-тармақтағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "хатшысының" деген сөз "төрағасының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 26-1-баптың 1-тармағындағы "аумақтық комиссияға" деген сөздер "аумақтық және округтік комиссияларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 27-бапта:

      3-тармақ 3) тармақшасындағы "жолымен жүзеге асырылады." деген сөздер "жолымен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) онлайн-платформалар арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Телерадио хабарларын тарату субъектілерінің жаңалықтар, талдау бағдарламаларында кез келген үгіт материалдарын таратуына тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Онлайн-платформаларды пайдаланушылар кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға; аталған тұлғаларға өздерінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін беруге міндетті.";

      24) 28-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздер алып тасталсын;

      3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді. Кандидаттарға қаражат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

      Президенттікке кандидаттар, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы.

      Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, әкім болуға кандидаттар сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады, оларды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы.

      Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі мен шарттары бірдей болуға және қайсыбір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық бермеуге тиiс.

      Бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді.

      Онлайн-платформаларды пайдаланушылар тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде ақпарат көлемін береді.

      Үгіт материалдарын жариялау үшін шарттың талаптары қайсыбір кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге тиіс.

      Шарттық негізде ұсынылған үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ олар Президентті және партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде – Орталық сайлау комиссиясына, Парламент Сенаты, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылуға тиіс.

      Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар ұсынған мәліметтер орналастырылады. Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беретін бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды жүзеге асыра алмайды.

      Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде кандидаттардың, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспасөз басылымының таралымы барлық кандидаттар, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар үшін бірдей болуға тиіс.

      Кандидаттардың, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның біріне бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыруға берген келісім басқа кандидаттарға, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын орналастыруға келісім беру болып табылады

      Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларға шығу кезектілігі жазбаша жолданымдардың келіп түсу ретімен не егер жолданымдар бір мезгілде келіп түссе, жеребе бойынша белгіленеді.

      Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар өкілдерінің телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiнен кейін iле-шала, сондай-ақ баспасөз басылымдарындағы сөздерiнен кейін сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынады.";

      "5. Тиісті сайлау комиссиялары партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттарға плакаттар, үнпарақтар, ұрандар мен өзге де үгіт материалдарын басып шығару үшiн бiрдей сомада ақша бөледi. Барлық үгіт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйым (баспа материалдары бойынша – олардың басылған жері және таралымы), тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан ақысы төленгені туралы мәліметтер болуға тиіс. Үгіт материалдарын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде дайындауға, анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.

      Егер онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын шарттық негізде дайындаса, онлайн-платформаларға қатысты осы тармақтың талаптары қолданылады.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі "құралдарына" деген сөзден кейін ", онлайн-платформаларға" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақта:

      бірінші бөліктегі "Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Интернет желісінде" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 29-баптың бірінші бөлігіндегі "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне" деген сөздер "әкім болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 33-бапта:

      1-1-тармақтағы "Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін" деген сөздер "Әкімдерді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 5) тармақшасындағы "Парламент Сенатының" деген сөздер "Парламенттің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-1-тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларындағы және екінші бөлігіндегі "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне", "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне", "Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне" деген сөздер тиісінше "әкім болуға", "әкім болуға", Әкім болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауға, референдумға дайындыққа және оны өткізуге арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты сатып алуға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.

      Сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауға, референдумға дайындыққа және оны өткізуге арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты сатып алу Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      27) 34-бапта:

      1-тармақтағы "Президенттi және Парламент" деген сөздер "Президентті, Парламент депутаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана жұмсалуы мүмкін. Қорға түскен жалпы ақша сомасы мен ерікті қайырмалдықтардың сомасы, оның көзі және сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстар туралы ақпаратты сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күн ішінде:

      Президент, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы кезiнде – Орталық сайлау комиссиясы;

      Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы кезiнде – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары;

      мәслихаттар депутаттарының сайлауы кезінде аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";

      "9. Сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған сайлау қорының ақшалай қаражатының үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады.";

      28) 38 және 39-баптардың 1-тармақтарындағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      29) 40-бапта:

      1-тармақтағы "партиялық тізім бойынша сайланатын" деген сөздер алып тасталсын және "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөнiнде" деген сөздер "сайлау бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 43-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттары" деген сөздер "Парламент Мәжілісі" деген сөздермен ауыстырылсын және "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын," деген сөздер алып тасталсын;

      7-1-тармақтағы және 9-тармақтың бірінші бөлігіндегі "және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын" және ", Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын" деген сөздер алып тасталсын;

      31) 44-бапта:

      2-тармақтағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 3) тармақшасында:

      "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "төрт" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Орталық (аумақтық) сайлау комиссиясының хабарында мыналар көрсетіледі: сайлау датасы, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне енгiзілген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; сайлау округтерiнiң жалпы саны; дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны; есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылардың саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктер (сайлау округтері) саны; Президенттiкке, Парламент Сенаты депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына әрбiр кандидат үшiн, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша әрбiр саяси партия үшiн берiлген дауыстар саны; "Бәріне қарсымын" деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны; сайланған Президент, Парламент Сенатының депутаттары, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттары, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, олардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (жұмыс түрі), тұрғылықты жерi, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға қатыстылығы, қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтер көрсетiледi.

      Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының хабарларындағы деректер сайлау округтері бойынша ұсынылады.";

      32) 45-бапта:

      тақырыптағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін", "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің" деген сөздер тиісінше "әкімдерді", "әкімнің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      33) 46-бапта:

      тақырыптағы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің" деген сөздер "әкімнің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші абзацындағы "Бұқаралық ақпарат құралдарында тiзiмдер жарияланғаннан кейiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы" деген сөздер "Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен, 1) тармақшасындағы "мәслихаттар депутаттарына" деген сөздер "мәслихаттар депутаттарының тізімі жарияланғаннан кейін" деген сөздермен ауыстырылсын және 2) тармақшадағы "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне", "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің" деген сөздер тиісінше "әкімдердің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің тізімі жарияланғаннан кейін", "әкімнің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) 47-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар тiркелген күнiнен бастап сайлау", "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне" деген сөздер тиісінше "әкім болуға кандидаттар тiркелген күнiнен бастап және сайлау", "әкім болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 50-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы "құралдары" деген сөзден кейін ", сондай-ақ онлайн-платформалар" деген сөздермен толықтырылсын;

      36) 50-5-баптың 5-тармағының екінші және үшінші бөліктері "аты-жөнiн", "атауын" деген сөздерден кейін "немесе "Бәріне қарсымын" деген жолды" деген сөздермен толықтырылсын;

      37) 51-баптағы және 51-1-баптың 2-тармағындағы "бес" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      38) 53-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      39) 54-баптың 1-тармағындағы "белсендi" деген сөз алып тасталсын;

      40) 56-баптың 7-тармағындағы "паспорт қызметі қызметкерлерiн" деген сөздер "құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) 58-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшері жиынтығында бес жүз еседен аспауға тиіс.";

      42) 59-баптың 7-тармағы бірінші бөлігі 3) тармақшасының бесінші абзацындағы ", сайлау күні не соның алдындағы күнi" деген сөздер алып тасталсын;

      43) 60-баптың 2-тармағындағы "тiркеуге дейiн және тiркеуден" деген сөздер "дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейін және одан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44) 68-бапта:

      тақырыптағы "Кеңесiнiң" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1 және 2-тармақтардағы "Кеңес", "Кеңеске" деген сөздер тиісінше "Сот", "Сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Кеңес" деген сөз "Сот" деген сөзбен ауыстырылсын;

      45) 69-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөліктегі "Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдай отырып әрi Парламент өкiлеттiгiн тоқтатқан күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды" деген сөздер "Парламенттің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда депутаттарды сайлауды Республика Президенті Парламенттің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаумен бір мезгілде тағайындайды және ол Парламенттің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Парламент Сенатында өкілдігі жоқ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған жағдайда, депутаттарды сайлауды Президент әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей тағайындайды және ол сайлау тағайындалған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.";

      46) 70-баптағы "белсендi" деген сөз алып тасталсын;

      47) 72-баптың 6-тармағындағы "паспорт қызметiнiң қызметкерлерiн" деген сөздер "құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) 73-баптың 6-тармағы бірінші бөлігі 3) тармақшасының бесінші абзацындағы ", сайлау күнi не соның алдындағы күнi" деген сөздер алып тасталсын;

      49) 74-баптың 2-тармағы "(мәслихаттар)" деген сөзден кейін "дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      50) 75-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайрымдылықтарының шекті мөлшері жиынтығында елу еседен аспауға тиіс.";

      51) 77-бапта:

      4-тармақтағы "мәслихатының хатшысы" деген сөз "мәслихаттың төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "хатшысының" деген сөз "төрағасының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      52) 84-бапта:

      тақырыптағы "Кеңестiң" деген сөз "Соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1 және 2-тармақтардағы "Кеңес", "Кеңеске" деген сөздер тиісінше "Сот", "Сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Кеңес" деген сөз "Сот" деген сөзбен ауыстырылсын;

      53) 85-баптың 3-1-тармағы алып тасталсын;

      54) 86-баптағы "белсендi" деген сөз алып тасталсын;

      55) 87-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Парламент Мәжілісінің депутаттығына:

      1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

      2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну және өзін-өзі ұсыну дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсынуын азаматтар тиісті округтік сайлау комиссиясына осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы жүргізеді.

      Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) кандидатты ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына азаматтың ұсынуға келісімі туралы өтінішімен бірге, жоғары басшы орган хаттамасынан үзінді көшірмені, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені жіберу арқылы жүргізіледі.

      Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлестіктің мүшелері болып табылмайтын адамдарды кандидаттар ретінде ұсынуға құқылы. Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы шешім қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді. Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:

      1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;

      2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен және құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмемен бірге тиісті округтік сайлау комиссиясына жіберіледі.

      Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаттыққа екеуден аз кандидат ұсынылған болса, онда тиісті округтік сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады.";

      56) 88-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына әрбір кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен өзіне қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясының шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Барлық басқа жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.";

      57) 89-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді – Орталық сайлау комиссиясы, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.";

      2-тармақта:

      екінші бөлікте:

      "Саяси партия ұсынған кандидат" деген сөздер "Кандидат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "тізім" деген сөзден кейін "және кандидат" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктегі "Саяси партия ұсынған кандидат" деген сөздер "Кандидат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдарың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

      1) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірмелер;

      2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

      3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

      5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

      Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

      1) азаматтың осы сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;

      2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

      4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

      Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың кез келген санын тіркеуге жол беріледі.

      4-2. Округтік сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды, ол бес күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады.

      4-3. Округтік сайлау комиссиясы:

      1) кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға, қоғамдық бірлестікке қатыстылығы және қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, кандидаттарды тіркеу туралы хабар жариялайды;

      2) тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәлік береді;

      3) мынадай жағдайларда:

      саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаған;

      саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), олар ұсынған кандидаттар, өзін-өзі ұсынған кандидаттар, сондай-ақ сенім білдірілген адамдар тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізген;

      сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), кандидаттың және (немесе) сенім білдірілген адамдардың басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін анықтаған;

      сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), олар ұсынған кандидаттардың, өзін-өзі ұсынған кандидаттардың, сондай-ақ сенім білдірілген адамдардың сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

      кандидат Конституциямен және осы Конституциялық заңмен өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

      кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;

      осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда, кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      Саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартылған немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда, мұндай шешімге кандидаттың өзі де, кандидатты ұсынған саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) де шағым жасай алады.

      Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақтың 2) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Партиялық тізімді, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бұл ретте, Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.";

      8-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "тізімдерді" деген сөзден кейін "және кандидаттарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      "сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған" деген сөздер "дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір ай" деген сөздер "отыз күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      58) 90-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат тиісті округтік сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгіне отырып, өз кандидатурасын кері қайтарып ала алады.

      Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат дауыс беретін күнге екі күн қалғанда өз кандидатурасын ала алмайды.

      Саяси партияның және қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беретін күнге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркелгенге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта округтік сайлау комиссиясына тиісті ұсынумен жүгіне отырып, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады.

      Мұндай жағдайларда округтік сайлау комиссиясы кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      59) 92-1-бапта:

      тақырыптағы "Саяси партиялардың" деген сөздер "Саяси партияның, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен жүз еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында бес жүз еседен аспауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Кандидаттың сайлау қоры:

      1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен екі жүз еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бес жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.

      Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында елу еседен аспауға тиіс.";

      60) 93-1-бап алып тасталсын;

      61) мынадай мазмұндағы 93-2-баппен толықтырылсын:

      "93-2-бап. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну

      1. Тиісті сайлау округі бойынша тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін барлық кандидаттар шығып қалған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз қаулысымен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс.

      2. Бұл жағдайда Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      62) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "94-бап. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда дауыстарды санау

      1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық немесе округтік сайлау комиссиясына жіберіледі.

      2. Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тиісті аумақтық немесе округтік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды және ол дауыс берілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

      3. Сайлау нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті аумақтық және округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықталады.

      4. Дауыстарды санаудың нәтижесі мен сайлау нәтижесін айқындауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.";

      63) 94-1-бап алып тасталсын;

      64) 95-бапта:

      1-тармақта:

      "аумақтық сайлау" деген сөздер "аумақтық немесе округтік сайлау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бірліктегі", "бірлікте" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе сайлау округіндегі", "немесе сайлау округінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:

      "мерзімде" деген сөзден кейін ", бірақ бір айдан аспайтын мерзімде" деген сөздермен толықтырылсын;

      "партиялық тізімдер" деген сөздерден кейін "және сол кандидаттар" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Егер сайлау бюллетеніне Парламент Мәжілісінің депутаттығына екеуден көп кандидат енгізілсе және олардың бірде-біреуі сайланбаса, округтік сайлау комиссиясы ең көп бірдей дауыс санын алған кандидаттар бойынша депутатты сайлау жөнінде қайта дауыс беруді тағайындайды. Егер кандидатуралардың шығып қалуы нәтижесінде бір кандидат қалса, оның кандидатурасы бойынша қайта дауыс беру өткізілмейді және ол сайланды деп есептеледі.";

      65) 96-бапта:

      1-тармақта:

      "партиялық тізімдер бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      "жарамсыз деп танылған болса" деген сөздерден кейін "не екі кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      66) 97-баптың 1-тармағындағы "жеті" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      67) 97-1-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Депутаттық мандаттарды бөлген кезде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдардың саны жиынтығында, партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.";

      68) 100-бапта:

      тақырыптағы "Кеңестiң" деген сөз "Соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1 және 2-тармақтардағы "Кеңес", "Кеңеске" деген сөздер тиісінше "Сот", "Сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Конституциялық Сот Конституцияны бұзу анықталған әкімшілік-аумақтық бірліктердің немесе сайлау округтерінің аумақтарындағы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауды Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің немесе сайлау округтерінің аумағындағы сайлауды жарамсыз деп тану және қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      69) 101-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "сайлауды тағайындау үшін негіз болатын табылады." деген сөздер "сайлауды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) депутат өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы не мандаттан айырылу шығып қалғандардың орнына депутаттарды сайлауды тағайындауға негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы тағайындайды.

      Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау наурыздың соңғы жексенбісінде және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізіледі.

      Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясымен келісу бойынша басқа күнге тағайындауы мүмкін.";

      70) 103-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мәслихаттар депутаттығына:

      1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

      2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Саяси партиядан мәслихат депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.";

      "5-1. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсынуын азаматтар тиісті округтік сайлау комиссиясына осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы жүргізеді.

      Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) кандидатты ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына азаматтың ұсынуға келісімі туралы өтінішімен бірге, жоғары басшы органның хаттамасынан үзінді көшірмені, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені жіберу арқылы жүргізіледі.

      Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлестіктің мүшелері болып табылмайтын адамдарды кандидаттар ретінде ұсынуға құқылы. Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады.

      Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешім қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді. Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:

      1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;

      2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен және құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмемен бірге тиісті округтік сайлау комиссиясына жіберіледі.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

      8. Егер тиісті сайлау округі бойынша партиялық тізімдерді немесе кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз партиялық тізім немесе кандидат тіркелген болса, тиісті сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін жиырма күннен аспайтын мерзімге ұзартады.";

      71) 104-бапта;

      тақырыптағы "кандидаттардың партиялық тізімдерін" деген сөздер "кандидаттарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

      Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.";

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "Партиялық тізімге енгізілген кандидат" деген сөздер "Кандидат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "кірістер мен мүлік" деген сөздер "активтер мен міндеттемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші бөліктердегі "кірістер мен мүлік", "кірістері мен мүлкі" деген сөздер тиісінше "активтер мен міндеттемелер", "активтері мен міндеттемелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "кірістер мен мүлік" деген сөздер "активтер мен міндеттемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

      1) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;

      2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

      3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

      5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

      Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

      1) осы сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш;

      2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

      4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

      Мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген санын тіркеуге жол беріледі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

      5. Тиісті сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына партиялық тiзiмдерді және кандидаттарды тiркеу туралы хаттама жасайды, ол бес күн мерзімде жоғары тұрған немесе аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады.";

      6-тармақта:

      1) тармақшада:

      "бұқаралық" деген сөз "жергілікті бұқаралық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әкесінің атын" деген сөздерден кейін "(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "(жұмысын)" деген сөз "(жұмыс түрін)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның үшінші абзацындағы ", сайлау күні не оның алдындағы күні" деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақшада:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған;";

      бесінші абзацтағы ", сайлау күні не оның алдындағы күні" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Округтік сайлау комиссиясы:

      1) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға, қоғамдық бірлестікке қатыстылығы мен қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, кандидатты тіркеу туралы хабар жариялайды;

      2) тіркеу кезінде бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарға тиісті куәлік береді;

      3) мынадай жағдайларда:

      саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаған;

      саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), олар ұсынған кандидаттар, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидаттар, сондай-ақ сенім білдірілген адамдар тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізген;

      сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), кандидаттың және (немесе) сенiм бiлдiрілген адамдардың басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсіретін жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған;

      сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), олар ұсынған кандидаттардың, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидаттардың, сондай-ақ сенім білдірілген адамдардың сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

      кандидат Конституциямен және осы Конституциялық заңмен өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

      кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;

      осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды;

      4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Партиялық тізімді, кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша саяси партия, қоғамдық бірлестік олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартылған немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда, мұндай шешімге кандидаттың өзі де, кандидатты ұсынған саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) де шағым жасай алады. Бұл ретте жоғары тұрған сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.";

      8-тармақта:

      "тізімдерді" деген сөзден кейін ", кандидаттарды" деген сөзбен толықтырылсын;

      "сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және оған" деген сөздер "дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      72) 105-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат өз кандидатурасын кері қайтарып ала алады, бұл туралы тиісті округтік сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді.";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта тиісті сайлау комиссиясына мәслихат депутаттығына кандидатты партиялық тізімнен шығару не кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жою туралы тиісті ұсынумен жүгіне алады.

      Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта округтік сайлау комиссиясына тиісті ұсынумен жүгіне отырып, мәслихат депутаттығына кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, тиісті сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамдарды шығарып тастайды, кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат дауыс беретін күнге екі күн қалғанда өз кандидатурасын алып тастай алмайды.";

      73) 106-бапта:

      тақырыптағы "Мәслихат" деген сөз "Саяси партияның, мәслихат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын;

      "Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында екі жүз елу еседен аспауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:

      1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен екі жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.

      Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен он еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында жиырма бес еседен аспауға тиіс.

      4. Аудандар мен қалалар мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:

      1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.

      Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында он бес еседен аспауға тиіс.";

      74) 107-бапта:

      тақырып "тізімдерін" деген сөзден кейін ", кандидаттарды" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн партиялық тізімдердің, кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың екеуден аз партиялық тізімі не екеуден аз кандидат қалса, тиісті сайлау комиссиясы өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиіс.";

      2-тармақ "тізімдерін" деген сөзден кейін ", кандидаттарды" деген сөзбен толықтырылсын;

      75) 108-бапта:

      1-тармақ:

      "қаладағы аудандық" деген сөздерден кейін ", округтік" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Округтік сайлау комиссиялары сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелері жөніндегі хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жібереді.";

      2-тармақтағы "учаскелiк" деген сөз "округтік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігі "қаладағы аудандық" деген сөздерден кейін ", округтік" деген сөзбен толықтырылсын;

      76) мынадай мазмұндағы 109-1-баппен толықтырылсын:

      "109-1-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру

      1. Егер сайлау бюллетенiне мәслихат депутаттығына екеуден көп кандидат енгiзiлген болса және олардың бiрде-бiрi сайланбаса, округтiк сайлау комиссиясы ең көп дауыс санын алған екi кандидат бойынша депутатты сайлау жөніндегі қайта дауыс беруді тағайындайды. Егер кандидатуралардың шығып қалуы нәтижесiнде бiр кандидат қалса, онда оның кандидатурасы бойынша қайта дауыс беру өткiзiлмейді және ол сайланды деп есептеледі.

      2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткізіледі. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.";

      77) 112-бапта:

      1-тармақтағы "аумақтық" деген сөз алып тасталсын;

      2-тармақта:

      "(қалалық)" деген сөзден кейін ", округтік" деген сөзбен толықтырылсын;

      "саяси партия" деген сөздерден кейін ", бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттарды ұсынған саяси партия, қоғамдық бірлестік және кандидаттың өзі" деген сөздермен толықтырылсын;

      78) 113-бапта:

      тақырыптағы "депутаттарын кезектен тыс сайлауды" деген сөздер "депутаттарын кезектен тыс сайлауды және шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау" деген сөздер "Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды және шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мәслихат өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына бір жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткізілмейді.";

      79) 13-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1-тарау. Әкімді сайлау

      113-1-бап. Әкім сайлауды тағайындау

      1. Сайлау тағайындауға мыналар негіз болып табылады:

      1) әкімнің заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімінің аяқталуы;

      2) заңда белгіленген жағдайларда, әкім өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы, шекараларының өзгеруі (қосылуы, бөлініп шығуы немесе бөлінуі).

      Әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекарасы өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) кезде сайлау жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікте ғана тағайындалады.

      2. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алпыс күн бұрын тағайындайды. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды.

      Әкімді сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.

      3. Әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекаралары өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды және тағайындалған күнінен бастап аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі үшін – елу күн ішінде, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі үшін қырық күн ішінде өткізіледі.

      4. Сайлау болатын күн туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      113-2-бап. Әкімге қойылатын талаптар

      Қазақстан Республикасының азаматы әкім болып сайлану үшін осы Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тиісті аумақтық сайлау комиссиясы ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

      Әкім болуға кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін тиісті аумақтық сайлау комиссиясына қажетті құжаттарды ұсынады, оның тізбесін Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

      113-3-бап. Әкім болуға кандидатты ұсыну

      1. Әкім болуға кандидатты ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар – өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім жүргізеді.

      Саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидат ұсынуға құқылы.

      2. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының әкім болуға кандидатты ұсыну туралы шешімі хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.

      3. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:

      1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;

      2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге тиісті аумақтық сайлау комиссиясына әкім болуға кандидатты ұсыну туралы хаттамадан үзінді көшірмемен бір мезгілде жіберіледі.

      4. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

      5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

      6. Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге әкім болуға екеуден аз кандидат ұсынылса, онда тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

      Бұл ретте, ұсынылған кандидаттар болмаған не ұсыну мерзімі аяқталатын күнге бір кандидат ұсынылған жағдайда, жоғары тұрған әкім тиісінше екі не бір кандидатты ұсынуға құқылы.

      113-4-бап. Әкім болуға кандидатты қолдап қол жинау

      1. Әкім болуға кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, тиісті сайлау округінің дауыс беруге құқығы бар сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз даусымен қолдау табуға тиіс.

      2. Сайлаушылардың қолдауы олардың қолын жинаумен куәландырылады.

      3. Кандидатты қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың осы Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен ресімделеді.

      4. Қол қою парақтары тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тіркеу кезеңі аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.

      5. Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға және онда кандидат пен қол жинайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолын қоятын сайлаушылар туралы мынадай мәліметтер қамтылған бағандар болуға тиіс:

      1) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);

      2) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы;

      3) туған күні, айы және жылы;

      4) тұрғылықты жерінің мекенжайы;

      5) жеке қолы.

      6. Қол жинайтын адам қол жинау кезінде тиісті қол қою парағында жеке қолы тұратын кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы куәліктің көшірмесін көрсетуге тиіс.

      7. Қол қою парағының үлгісін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.

      8. Толтырылған қол қою парақтары тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол үш күн мерзімде құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, жиналған қолдардың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және тиісті хаттаманы ресімдейді.

      9. Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру осы баптың 1-тармағына сәйкес әкім болуға кандидатқа қажеттi көлемдегі қолдардың дұрыстығы анықталғанға дейiн жүргізiледi.

      113-5-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу

      1. Кандидаттарды тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

      2. Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын:

      аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болуға кандидаттар үшін – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді.

      Кандидатты ұсынған саяси партия өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына әрбір ұсынылған кандидат үшін сайлау жарнасын:

      аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болуға кандидаттар үшін – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді.

      Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және жергілікті бюджет кірісіне айналдырылады.

      3. Тіркелгенге дейін кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда, ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.

      Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын мемлекеттік кірістер органдары кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде тексереді.

      Бұл ретте, кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді ұсынуы туралы мемлекеттік кірістер органдарының талабын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап үш күн ішінде беруге міндетті.

      4. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы құжаттар тіркеуге келіп түскен кезден бастап кандидаттың құжаттарын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеру жүргізу үшін жібереді.

      Арнайы тексерудің нәтижелерін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан құжаттарды алған кезден бастап отыз күн ішінде аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынады.

      Бұл ретте, арнайы тексеру барысында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының мәліметтерді ұсыну туралы талабын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап үш күн ішінде беруге міндетті.

      5. Саяси партия ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

      1) саяси партияны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, осы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;

      2) азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

      3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары;

      5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

      6) адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.

      6. Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

      1) азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік сайлаушыларының кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы;

      3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары;

      5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.

      7. Жоғары тұрған әкім осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

      1) жоғары тұрған әкімнің ұсынуы;

      2) азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

      3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары;

      5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.

      8. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды.

      9. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің мекенжайын, ұсынылу тәсілін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға қатыстылығы мен қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркеу туралы хабар жариялайды.

      10. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәлік береді.

      11. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы:

      1) кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаған;

      2) кандидат осы Конституциялық заңмен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

      3) кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;

      4) кандидат, сондай-ақ кандидатты ұсынатын саяси партия тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізген;

      5) сот кандидаттың және (немесе) оның сенім білдірген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін анықтаған;

      6) сот кандидаттың және оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

      7) арнайы тексерудің теріс нәтижелері алынған жағдайларда;

      8) осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда, кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      12. Дауыс беру күніне екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.

      13. Кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға кандидаттарды ұсынған саяси партия, жоғары тұрған әкім немесе кандидат үш күн мерзімде тиісті облыстық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасай алады. Шағым бойынша шешімді сот немесе жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясы шағым берілген күннен бастап үш күн мерзімде шығарады.

      14. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидатты тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

      113-6-бап. Әкім болуға кандидатураны алып тастау, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

      1. Әкім болуға кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, тіркелген күннен бастап және дауыс беру күніне екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Саяси партия немесе жоғары тұрған әкім ұсынған әкім болуға кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беру күніне екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді және кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалын (өкілдігін) немесе жоғары тұрған әкімді хабардар етеді.

      2. Кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы немесе жоғары тұрған әкім тіркеуге екі күн қалғанда кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады, бұл туралы кандидатқа хабарлайды және кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жібереді, ол осының негізінде кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      113-7-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін ұсыну

      1. Егер кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күнге әкім болуға екеуден аз кандидат тіркелген жағдайда, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспауға тиіс.

      2. Егер тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиісті сайлау округі бойынша әкім болуға екеуден аз кандидат қалған жағдайда, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспауға тиіс.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген жағдайларда, кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      113-8-бап. Әкімді сайлау кезінде дауыстарды санау

      1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жеткізіледі.

      2. Дауыстарды санау нәтижесін айқындауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.

      113-9-бап. Әкімді қайталама сайлау

      1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса, аумақтық сайлау комиссиясы қайталама сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

      2. Егер кандидаттар ең көп бірдей дауыс санын жинаса, аумақтық сайлау комиссиясы қайталама сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

      3. Қайталама сайлау бастапқы сайлаудан кейін бір ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Дауыс беру сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сайлаушылардың сол тізімі бойынша жүргізіледі.

      Қайталама сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы айқындайтын мерзімдерде өткізіледі.

      113-10-бап. Әкімді сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау

      1. Сайлау қорытындылары учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясының отырысында сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей анықталады.

      Сайлау қорытындылары туралы хаттама жасалады, оған тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың басқа кандидаттармен салыстырғанда ең көп дауыс санын жинаған кандидат әкім болып сайланды деп есептеледі.

      3. Сайлау қорытындыларын анықтау мен жариялаудың өзге де мәселелері осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.

      113-11-бап. Әкімді тіркеу

      1. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімдерді учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде тіркейді.

      2. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау кезінде не сайлау нәтижелерін айқындау кезінде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, учаскелік сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың жолданымдары бойынша әкімді сайлауды жарамсыз деп тани алады және әкімді тіркеуден бас тарта алады. Бұл ретте, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының осы шешіміне кандидаттар шешім қабылданған күнінен бастап бес күн ішінде сотқа не жоғары тұрған сайлау комиссиясына шағым жасай алады, олар бес күн мерзімде шешім қабылдайды.";

      80) мынадай мазмұндағы 13-2-тараумен толықтырылсын:

      "13-2-тарау. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу

      113-12-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау

      1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу үшін бастама жасауға сайлаушылардың сенімін жоғалту, оның ішінде сайлау алдындағы бағдарламаны орындамауға байланысты сенімін жоғалту негіз болып табылады.

      2. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау депутат жұмыс істеген бірінші жыл және соңғы жыл ішінде қолданыла алмайды.

      Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға қайта бастама жасауды депутаттың мандаты сақталатын, дауыс беру қорытындылары жарияланған кезден бастап бір жыл өткенге дейін қолдануға болмайды.

      3. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау құқығы тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушыларына тиесілі.

      113-13-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау және бастамашы топты қалыптастыру тәртібі

      1. Тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушысы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу туралы өтінішпен тиісті аумақтық сайлау комиссиясына осындай кері шақырып алуға бастама жасау негіздерін баяндай отырып, жүгінеді.

      2. Сайлау комиссиясы өтінішті осы Конституциялық заңның 113-14-бабының және осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарап шығып, бастамашыны және жоғары тұрған комиссияны өтінішті тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы үш күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      Өтінішті тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде бас тарту бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      3. Аумақтық сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша қол жинау үшін қол қою парақтарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, олардың нысанын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

      113-14-бап. Қол жинау тәртібі мен мерзімдері

      1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу үшін азаматтардың қолын жинауды бастамашы тиісті аумақтық сайлау комиссиясында өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұйымдастырады.

      2. Қол жинау мерзімі аяқталғаннан кейін:

      1) қойылған қолдар саны тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының он пайызынан астам болған кезде бастамашы қол қою парақтарын тиісті сайлау комиссиясына ұсынады;

      2) қойылған қолдар саны тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының он пайызына жетпеген не тиісті сайлау комиссияларына қол қою парақтары ұсынылмаған кезде тиісті сайлау комиссиясы қол қою парақтарын жарамсыз деп тану, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу жөніндегі қызметті тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Тиісті сайлау комиссиялары құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтарындағы осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі азаматтары қолының және тұрғылықты жерінің дұрыстығын он күн ішінде тексереді.

      3. Әрбір азамат қол қою парағына тек бір рет қана қол қоюға құқылы. Азаматтың қолы оның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тіркеу орны, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері және параққа қол қою күні толық көрсетіле отырып толықтырылады.

      4. Белгіленбеген үлгідегі қол қою парақтары жарамсыз болып табылады.

      Осы баптың талаптары бұзыла отырып толтырылған қол қою парақтары дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды.

      113-15-бап. Дауыс беруді өткізу тәртібі мен мерзімдері

      1. Тиісті сайлау комиссиясы ұсынылған қол қою парақтары осы Конституциялық заңның 113-14-бабының талаптарына сәйкес келген кезде дұрыстығын тексеру мерзімі өткен соң бір күннен кешіктірмей, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

      2. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатқа оны кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы хабарлама жібереді.

      3. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру – дауыс беруді тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.

      4. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатқа және оны кері шақырып алу бастамашысына:

      бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутатын кері шақырып алуға қатысты үгіт жүргізу құқығын – күнтізбелік бес күн ішінде;

      бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алуға қатысты үгіт жүргізу құқығын күнтізбелік үш күн ішінде береді.

      113-16-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру тәртібі

      1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу дауыс беруді өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      2. Дауыс беру осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, депутаттарды сайлау сияқты тәртіппен өткізіледі.

      3. Егер дауыс беруге тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының кемінде үштен бірі қатысса, дауыс беру өткізілді деп есептеледі.

      4. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамы оны кері шақырып алуға дауыс берсе, кері шақырып алынған болып есептеледі.

      5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің немесе мәслихаттың депутатын кері шақырып алу бойынша дауыс беру қорытындылары тиісінше Орталық немесе аумақтық сайлау комиссиясының отырысында шығарылады, хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелері қол қояды.

      Сайлау комиссиясының бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу туралы ресми хабары дауыс беру өткізілген күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      6. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат кері шақырылып алынған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңның ережелеріне сәйкес депутаттарды сайлауды тағайындайды.";

      81) 133-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Конституциялық заңның 113-1-бабы 1 және 2-тармақтарының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "1. Сайлау тағайындауға мыналар негіз болып табылады:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің заңда белгіленген өкілеттіктер мерзімінің аяқталуы;

      2) пилоттық өңірлердің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәслихаттың шешімі;

      3) заңда белгіленген жағдайларда, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы, шекараларының өзгеруі (қосылуы, бөлініп шығуы немесе бөлінуі).

      Әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекарасы өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) кезде сайлау жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікте ғана тағайындалады.

      2. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттың шешімімен белгіленген, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізетін күнге дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды.

      Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мәслихаттың шешімімен белгіленген күні өткізілуге тиіс.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.".

      2. "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) 4-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды.

      4. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады.

      Алпыс тоғыз депутат – біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер бойынша саяси партиялардан, жиырма тоғызы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде сайланады.";

      2) 8-баптың 2-тармағындағы "Хатшысы" деген сөз "кеңесші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 9-баптың 5-тармағының 6) тармақшасында:

      "Кеңестің екі мүшесінің" деген сөздер "Соттың үш судьясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің" деген сөздер "Жоғары аудиторлық палатаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 10-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "заңдардың жобаларын және Парламент пен оның Палаталарының өзге де шешiмдерiн" деген сөздер "Парламент пен оның Палаталарының отырыстарында мәселелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 15-бапта:

      3-тармақтағы "заң актiлерiнiң жобалары" деген сөздер "заңнамалық актiлердiң жобалары осы баптың 3-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Парламент Палаталарының бірлескен отырысында заң жобаларын қарау тәртібі Парламент Регламентінде айқындалады.";

      6) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген заң жобалары Парламентке енгізілген жағдайда, Республика Үкіметі осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілерді өз жауапкершілігімен қабылдауға құқылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданылады.";

      7) 17-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "Парламент Палаталарының регламенттерінде" деген сөздер "Парламенттің және оның Палаталарының регламенттерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады.";

      8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Заңдарды қабылдау

      1. Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған заң Сенатқа беріледі, ол онда алпыс күннен асырмай қаралады.

      Мәжіліс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай қабылдамауға құқылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.

      Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мәжіліске қайтарылады. Бұл ретте Сенат Мәжіліске заңның жекелеген баптарының жаңа редакциясын ұсынуға құқылы.

      Егер Сенат алпыс күннің ішінде тиісті шешім қабылдамаса, заң Президенттің қол қоюына беріледі.

      2. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мәжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.

      Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай-ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаса, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.

      Заңның келісу комиссиясы тұжырымдаған редакциясы осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен Мәжілістің және Сенаттың қарауына жатады.

      Мәжіліс келісу комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мәжіліс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді.

      Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мәжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растаса, заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.

      Егер заң Мәжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.

      3. Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға құқылы. Бұл мәселе бойынша дауысқа салу сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған кезден бастап кемінде қырық сегiз сағаттан соң өткiзiледi. Егер сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс әр Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкiмет бұл құқықты жылына екi реттен артық пайдалана алмайды.

      "Жыл" деген уақыт кезеңі деп осы тармаққа қатысты алғанда ағымдағы жылды (1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығы) түсінген жөн.

      4. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар, конституциялық заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен енгізілген заңдардың жобалары Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында қаралады.";

      9) 19-баптың 2-тармағындағы "Сенаты" деген сөз алып тасталсын;

      10) 20-бапта:

      2-тармақтағы "заң бойынша Парламент бұрын қабылдаған шешімді растамайтын болса", "заң бойынша бұрын қабылданған шешімді растайтын болса" деген сөздер тиісінше "Президенттің қарсылығын еңсермесе", "Президенттің қарсылығын еңсерсе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер Республика Президентінің қарсылығы Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға енгізілген болса, онда Парламент қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде Палаталардың бірлескен отырысында Республика Президентінің қарсылығын туғызған конституциялық заңдар немесе конституциялық заңның баптары бойынша қайта талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттары жалпы санының төрттен үш көпшілік даусымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.";

      11) 22-баптың 1 және 2-1-тармақтарындағы "Ұлттық Банк Төрағасын", "Ұлттық Банкі Төрағасын" деген сөздер тиісінше "Конституциялық Соты Төрағасын, Ұлттық Банкі Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын", "Конституциялық Соты Төрағасын, Ұлттық Банкі Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 23-1-баптың 1-тармағында:

      "Конституциялық Кеңестің екі мүшесін" деген сөздер "Конституциялық Соттың үш судьясын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің" деген сөздер "Жоғары аудиторлық палатаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 24-баптың 4 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Партиялық тізім бойынша сайланған Парламент Мәжілісі депутаты саяси партияның басшы органының шешімімен кері шақырылып алынған жағдайда, оның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.";

      "7. Парламент Мәжілісінің депутаты өз мандатынан:

      1) конституциялық заңға сәйкес өзі партиялық тізім негізінде сайланған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;

      2) конституциялық заңға сәйкес өзі партиялық тізім негізінде сайланған саяси партия қызметін тоқтатқан;

      3) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты сайлаушылар конституциялық заңда айқындалған тәртіппен кері шақырып алған кезде айырылады.";

      14) 27-бапта:

      2-тармақтағы "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы мен мүшелерiне" деген сөздер "Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен мүшелеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң" деген сөздер "Жоғары аудиторлық палатаның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) 3-баптың 2) тармақшасы "қағидаттарын" деген сөзден кейін ", Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды деген ережені" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 14-баптың 7-тармағындағы "паспорт қызметінің қызметшілерін" деген сөздер "құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 28-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      4) белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, оларда сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн болмаған бюллетеньдер жарамсыз бюллетеньдер деп танылады.";

      4) 32-бапта:

      тақырыптағы "Кеңесiнiң" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1, 2 және 3-тармақтардағы "Кеңес", "Кеңеске" деген сөздер тиісінше "Сот", "Сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) 10-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында заң жобалары Парламентке енгізілген жағдайда, Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларын Республика Үкіметі өз жауапкершілігімен қабылдауға құқылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданыста болады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулылары Үкімет мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен қабылданады.";

      4-тармақ "қабылданған" деген сөзден кейін "Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларының," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулылары "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Республика Үкіметінің актілерінде айқындалатын тәртіппен әзірленеді және қабылданады.";

      2) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "Кеңеспен" деген сөз "Сотпен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 22-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. Ведомстволар, департаменттер және басқармалар министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

      Үкімет құрамына кіретін құқық қорғау органдары үшін, мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ескеріле отырып, қызметтер құруға жол беріледі.

      Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді министр бекітеді.

      Министрлік қызметтерінің, департаменттері мен басқармаларының жиынтығы оның аппараты болып табылады.".

      5. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) 3-бапта:

      2-тармақтың үшінші бөлігінде:

      "Конституциялық Кеңес мүшелерінің" деген сөздер "Конституциялық Сот судьяларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бұрынғы Президенттерінің" деген сөздер "экс-Президенттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      2) 4-бапта:

      1 және 1-1-тармақтардағы "бес" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      3) 5-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.

      Президент ант берген кезден бастап он күн ішінде саяси партиядан шығуға тиіс.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқылы емес.

      Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаратын жақын туыстары Қазақстан Республикасының Президенті ант берген кезден бастап бір ай ішінде отставкаға беруге не атқаратын лауазымын босатуға тиіс.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары деп: ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, сондай-ақ жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары, балаларының жұбайы (зайыбы), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) балалары түсініледі.";

      4) 9-бапта:

      2) тармақшадағы "Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды" деген сөздер "Сенаттың он депутатын тағайындайды, олардың бесеуі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақшада:

      "Сенаты" деген сөз алып тасталсын;

      "Конституцияның" деген сөзден кейін "53-бабының 1-2) тармақшасында және" деген сөздермен толықтырылсын;

      "бұрын қабылданған шешімді растайтын болса" деген сөздер "Президенттің қарсылығын еңсерсе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 11-бапта:

      тақырыптағы "Кеңеске" деген сөз "Сотқа" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен екi мүшесiн" деген сөздер "Парламент Сенатының келісімімен Конституциялық Соттың Төрағасын және Конституциялық Соттың төрт судьясын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Конституциялық Сот судьяларының арасынан Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын тағайындайды;";

      2) тармақшадағы "Кеңеске" деген сөз "Сотқа" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Республика Президентiнiң Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қатысты өкілеттіктері

      Республика Президентi:

      1) Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзiмге лауазымға тағайындайды, оларды лауазымынан мерзiмiнен бұрын босатуға құқылы;

      2) Жоғары аудиторлық палата туралы ереженi бекiтедi;

      3) тоқсанына кемiнде бiр рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының жұмысы туралы ақпаратын тыңдайды.";

      7) 17-бапта:

      1) тармақшадағы "тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының" деген сөздер "тиісінше облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өз қалауы бойынша, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне тиісті мәслихаттар өз депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сенімсіздік білдірген жағдайда, оларды лауазымынан босатуға құқылы.";

      8) 19-бапта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақшадағы "Республика Мемлекеттiк хатшысын" деген сөздер "Республиканың Мемлекеттiк кеңесшісін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Парламент Сенатының келісімімен Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын тағайындайды;";

      9) 33-бапта:

      1-тармақтағы "Жоғары Сот Кеңесі," деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақта:

      1) және 2) тармақшадағы ", Жоғары Сот Кеңесінің" деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақшадағы ", сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының есептерін" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 34-бапта:

      тақырыптағы "бұрынғы Президенттерiнiң" деген сөздер "экс-Президенттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ алып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-бап. Жоғары Сот Кеңесі

      Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі, құрамын қалыптастыру тәртібі және жұмысын ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.".

      7. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) 4-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      "Кеңестің" деген сөз "Соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жергілікті соттарының," деген сөздерден кейін "Жоғары Сот Кеңесінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшада:

      "хатшының" деген сөз "кеңесшінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Кеңес" деген сөз "Сот" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жергілікті соттары төрағаларының," деген сөздерден кейін "Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшада:

      "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында," деген сөздерден кейін "Жоғары Сот Кеңесінің отырыс залдарында," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:

      "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жергілікті соттарының," деген сөздерден кейін "Жоғары Сот Кеңесінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 6-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жергілікті соттарының," деген сөздерден кейін "Жоғары Сот Кеңесінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшада:

      "хатшының" деген сөз "кеңесшінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Кеңес" деген сөз "Сот" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жергілікті соттары төрағаларының," деген сөздерден кейін "Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшада:

      "Кеңестің" деген сөз "Соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында," деген сөздерден кейін "Жоғары Сот Кеңесінің отырыс залдарында," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жергілікті соттарының," деген сөздерден кейін "Жоғары Сот Кеңесінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшадағы "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) тармақшада:

      "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жергілікті соттарының," деген сөздерден кейін "Жоғары Сот Кеңесінің," деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1-баптың 1) тармақшасындағы "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын.

2-бап.

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары қызметтерін осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін атқаратын жақын туыстары осы Конституциялық Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде отставкаға беруге не атқаратын қызметін босатуға тиіс.

      2. Осы Конституциялық заңның Парламент Палаталары мен мәслихаттарды қалыптастыру мәселелерін реттейтін ережелері келесі сайланымдар сайлауынан бастап қолданылады.

3-бап.

      Осы Конституциялық заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларын, 29) тармақшасының үшінші абзацын, 30) тармақшасының үшіншібесінші абзацтарын, 37), 38) және 53) тармақшаларын, 55) тармақшасының сегізінші абзацын, 57) тармақшасының тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші және қырық тоғызыншы абзацтарын, 58) тармақшасының жетінші абзацын, 60) және 63) тармақшаларын, 65) тармақшасының бесінші абзацын, 68) тармақшасының алтыншы абзацын, 80) тармақшасын, 2-тармағының 1), 2), 3), 11) және 12) тармақшаларын, 13) тармақшасының үшіншіалтыншы абзацтарын, 14) тармақшасын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 5) тармақшасының біріншібесінші абзацтарын, 6) және 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының үшіншібесінші абзацтарын, 9) және 10) тармақшаларын, 6, 7 және 8-тармақтарын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 10) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарын, 12) тармақшасының жиырма екінші абзацын, 17) тармақшасының алтыншы абзацын, 18) тармақшасын, 23) тармақшасының төртіншіжетінші абзацтарын, 24) тармақшасының жиырмасыншыжиырма екінші абзацтарын және 35) тармақшасын;

      3) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 14) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ