Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 2 тамыздағы № 343-V ҚРЗ

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар):
      328-бапта:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ломбардтар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органды өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Ломбардтар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.».
      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат):
      218-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту, егер мұндай мүлік қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық ету, егер бұл іс-әрекеттер айтарлықтай мөлшерде жасалса, –».
      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 214-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерді орындамауы не ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі –»;
      2) 462-баптың ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпе.
      1. Қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, жеке тұлға қажеттi құжаттарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердiң материалдарын, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      2. Қаржы мониторингі субъектілерін, мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қажеттi құжаттарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердiң материалдарын, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемдері туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін, егер мұндай тұлға энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз тоннасынан аз көлемге барабар көлемде тұтынатын болса, осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
      3) 477-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жедел штаб басшысының рұқсатынсыз терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында болуы және олардың дыбысжазуды, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруы;»;
      4) 804-бапта:
      бірінші бөліктің 14), 27), 40) және 59) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның (214, 444 (бірінші бөлігі), 445, 462-баптар);»;
      «27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының (185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 214 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 216, 219, 233 (үшінші бөлігі), 235, 236, 237, 245, 246, 462-баптар);»;
      «40) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлерi жасаған кезде), 214, 462-баптар);»;
      «59) пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (214, 462-баптар);»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (86 (төртінші бөлігі), 185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 245, 251, 252 (екінші бөлігі), 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467-баптар).».
      4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
      11-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген болса;».
      5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беруі;».
      6. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;».
      7. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
      24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) адвокаттардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;».
      8. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат, № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
      9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы белгілейді және төлейді.».
      9. «Қаржы лизингi туралы» 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      1) 10-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өзге заңды тұлғалар және дара кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қызметінің басталғандығы туралы хабарлама жібергеннен кейін лизинг берушi ретiнде лизинг қызметiн лицензиясыз жүзеге асырады.»;
      2) 11-баптың 2-тармағы 3) тармақшадағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтер мен ақпаратты хабарлауға міндетті.».
      10. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      20-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары)»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға коммерциялық емес ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.».
      11. «Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат):
      5-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215237238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға немесе құрылтайшысы немесе қатысушысы осындай жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын заңды тұлға не бенефициарлық меншік иесі осындай жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын заңды тұлға пошта операторы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) оларды басқара алмайды).».
      12. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) егер өтініш беруші терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілсе;».
      13. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – қаржы мониторингінің субъектілері мен мемлекеттік органдар терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымға және (немесе) жеке тұлғаға не бенефициарлық меншік иесі көрсетілген тізбеге енгізілген жеке тұлға болып табылатын ұйымға тиесілі ақшаның және (немесе) өзге мүліктің берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар;
      2-2) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар – бағалы металдарды, олардың химиялық қосылыстарын, асыл тастарды медициналық мақсаттарда, ғылыми-зерттеу мақсаттарында не құралдардың, аспаптардың, жабдықтардың және өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдардың құрамында пайдаланатын діни ұйымдарды, музейлерді және ұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алуды-сатуды жүзеге асыратын тұлғалар;»;
      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) қылмыстық жолмен алынған кірістер – қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша және (немесе) өзге мүлік;
      11) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) – қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе ауыстыру түрінде мәмiлелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңды айналымға тарту, егер мұндай мүліктің қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыруға делдалдық ету;»;
      мынадай мазмұндағы 11-1) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;»;
      «12-1) төлемдер қабылдау бойынша операторлар – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен және төлемдер қабылдау бойынша төлем қызметтерін ұсынатын төлемдік ұйымдар;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) шетелдiк жария лауазымды адам – шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк, сот органына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам;
      шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын кез келген адам;
      халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құратын ұйымдарда басшы лауазым атқаратын адам;»;
      2) 3-бапта:
      1-тармақ 12) тармақшадағы «операторлары жатады.» деген сөздер «операторлары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13) лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
      14) ломбардтар;
      15) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
      16) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
      17) төлемдер қабылдау бойынша операторлар жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Адвокаттарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
      Осы баптың 1-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері туралы тиісті мәліметтерді уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынады.»;
      3) 4-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы баптың 2-тармағының 6)7)9)11)18)19) 20) және 21) тармақшаларында көзделген операцияларды қоспағанда, егер ол өзінің сипаты бойынша осы баптың 2-тармағында көзделген операция түрлерінің біреуіне жататын болса және қолма-қол нысанда жасалса, ал оның сомасы:
      осы баптың 2-тармағының 1) және 21) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін – 3 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 3 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
      осы баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін – 5 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 5 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
      осы баптың 2-тармағының 9) және 20) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін – 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 7 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
      осы баптың 2-тармағының 2)3)5)11)12)13)14)16) және 17) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін – 10 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 10 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
      осы баптың 2-тармағының 10)15) және 19) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн – 45 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 45 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
      осы баптың 2-тармағының 18) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн – 200 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 200 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қаржы мониторингіне жатады.
      Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция шетел валютасымен жүзеге асырылатын болса, оның теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.»;
      2-тармақта:
      3)5)6)7)17) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) чек немесе вексель бойынша ақша алу;»;
      «5) клиенттің банктік шотынан ақша алу немесе банктік шотына ақшаны есепке жатқызу, сол сияқты, осы тармақтың 13) және 14) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттен қолма-қол ақша қабылдау не клиентке қолма-қол ақша беру;
      6) оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тіркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттің банктік шотына есепке жатқызуды немесе аударуды жүзеге асыруы не клиенттің көрсетілген санаттағы тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасайтын операциялары;
      7) анонимді иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттарға (салымдарға) ақшаны аудару, анонимді иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттан (салымнан) ақшаның түсуі;»;
      «17) бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алу-сату;»;
      «19) ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер;»;
      мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20) ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен мәмілелер;
      21) ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) ломбард операцияларын жасау жатады.»;
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қатысушысы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлға болып табылатын операциялар жасау, сол сияқты осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып операциялар жасау міндетті негіздер болып табылады.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін уәкілетті орган Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) басып шығаратын құжаттарды ескере отырып жасайды, тізбе уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      4) 5-бапта:
      6-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5)11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты қаржы мониторингінің басқа субъектілері, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдары қолданған шараларға мынадай талаптар сақталған кезде сүйене алады:
      1) қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда және тәртіппен, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің дәрежесіне қарай қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген және жеңілдетілген шараларын қолданады.
      Клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолдану қаржы мониторингі субъектісінің мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруын қамтиды:
      1) клиент бойынша сәйкестендіру деректерін жаңарту жиілігін қысқарту;
      2) іскерлік қатынастарды тексерудің және клиент осы қаржы мониторингі субъектісі арқылы жүзеге асыратын операцияларды зерделеудің жиілігін қысқарту;
      3) операциялар сипаты негізінде іскерлік қатынастардың мақсаттары мен сипатын айқындау.
      Қаржы мониторингі субъектісінде іскерлік қатынастардың не клиент жасайтын операцияның мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру болып табылатындығы туралы пайымдауға негіз болған кезде клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылмайды.
      Клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану кезінде қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады:
      1) жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау;
      2) одан әрі тексеруді талап ететін операцияларды тексерудің және олардың сипатын анықтаудың саны мен жиілігін арттыру;
      3) ұйымның басшы қызметкерінен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнатуға, жалғастыруға рұқсат алу.»;
      5) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзілгенге дейiн, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1)2)2-1)4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар іскерлік қатынастар орнату кезінде қолданылған жағдайларды қоспағанда, осындай шараларды қолданады.»;
      6) 9-баптың бірінші бөлігінде:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызмет сипаты, оның ішінде оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілгені және оған санкция қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттық тiркеуге;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының корреспондент банктің шоттарына тікелей қолжетімділігі бар клиентке тиісінше тексеру жүргізгені және оның корреспондент банктің сұратуы бойынша клиентті тиісінше тексеру жөнінде қажетті ақпарат бере алу мүмкіндігінің бар екені жөнінде растау алуға;»;
      7) 10-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігінде:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 6)8) – 17) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері – операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен;»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері – операция жасалған және (немесе) анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.»;
      3-1-тармақта:
      бірінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде уәкілетті орган қажет болған жағдайда қаржы мониторингі субъектісіне оның қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі жөнінде сұрау салу жібереді.»;
      «Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тиісті сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
      Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органның күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт талап етілетін жағдайларда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісінің жазбаша өтініші бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімді он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы емес.».
      8) 11-баптың 3-256 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7)8)12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша қойылатын талаптар уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
      «5. Қаржы мониторингі субъектілері мен олардың жұмыскерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларға осы Заңға сәйкес осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарлауға құқылы емес.
      6. Қаржы мониторингі субъектілерінің уәкілетті органға ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды осы Заңда көзделген мақсаттарда және тәртіппен беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны жария ету болып табылмайды.
      7. Ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға осы Заңға сәйкес берген жағдайда қаржы мониторингі субъектілері, олардың лауазымды адамдары хабарлау нәтижелеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылықта болмайды.»;
      9) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
      «11-1-бап. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау
      1. Кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қазақстан Республикасында кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың қатерлері мен мүмкіндіктерін айқындау, кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды іске асырудағы кемшіліктерді анықтау мақсатында жүргізіледі.
      2. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректер жинау жөніндегі әдіснаманы уәкілетті орган бекітеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі тәуекелдерге бағалау жүргізу қорытындылары бойынша кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекітеді.»;
      10) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі
      1. Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды, ол уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жібереді.
      2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау үшін:
      1) өз құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы баптың 4-тармағының 1)2)3) және 4) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін;
      2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 4-тармағының 5) және 7) тармақшаларында және 5-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін уәкілетті органға жібереді.
      Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу тәртібі уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар уәкілетті органға беретін ақпаратқа сәйкес жаңартылып отырады.
      4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу үшін:
      1) ұйымның террористік әрекетті және (немесе) экстремизмді жүзеге асыруына байланысты оны тарату туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
      2) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік ұйым деп тану туралы, оның ішінде осы ұйымның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
      3) жеке тұлғаны экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасалуына кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген үкімі;
      4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын, террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шет мемлекеттер соттарының үкімдері (шешімдері) және өзге де құзыретті органдарының шешімдері;
      5) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын, террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде ұйымның немесе жеке тұлғаның болуы;
      6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары деректерінің негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын, террористік және экстремистік әрекетке қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізімдері;
      7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға санкцияларды қолдану не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және болдырмауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерге ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу негіз болып табылады.
      5. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды және жеке тұлғаны алып тастау үшін:
      1) ұйымның террористік әрекетті және (немесе) экстремизмді жүзеге асыруына байланысты осы ұйым бойынша тарату ісін жүргізу аяқталмаған жағдайда оны тарату туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік ұйым деп тану туралы Қазақстан Республикасы соты шешімінің күшін жою;
      2) жеке тұлғаны экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасалуына кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы соты үкімінің күшін жою;
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылған, террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шет мемлекеттер соттары үкімдерінің (шешімдерінің) және өзге де құзыретті органдары шешімдерінің күшін жою;
      4) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның қайтыс болғандығы туралы құжатпен расталған деректердің болуы;
      5) экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасағаны үшін сотталған жеке тұлғаның сотталғандығының жойылғаны немесе алынғаны туралы құжатпен расталған деректердің болуы;
      6) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын, террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау;
      7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға қолданылған санкциялардың күшін жою не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерден ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау;
      8) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын, террористік және экстремистік әрекетті қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне оларды енгізуге негіз болған мән-жайлар әрекетінің тоқтатылуы негіз болып табылады.
      6. Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес түзілетін тізімдерде мынадай мәліметтер болуға тиіс:
      1) жеке тұлғаға қатысты:
      оның жеке басын куәландыратын құжат деректері;
      жеке сәйкестендіру нөмірі;
      тұрғылықты жері;
      жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы туралы мәліметтер;
      заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы мәліметтер;
      2) заңды тұлғаға қатысты:
      атауы;
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      мемлекеттік тіркелген орны және орналасқан жері туралы мәліметтер;
      лауазымды адамдар туралы мәліметтер, құрылтайшылар туралы деректер.
      7. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне қате енгізілген, өздерінің террористік және экстремистік әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер бар не көрсетілген тізбеден алып тасталуға жататын, бірақ көрсетілген тізбеден алып тасталмаған ұйымдар мен жеке тұлғалар өздерін көрсетілген тізбеден алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.
      Уәкілетті орган ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы өтінішті «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қарайды және мынадай:
      1) ұйымды немесе жеке тұлғаны көрсетілген тізбеден алып тастау туралы;
      2) бас тартудың уәжді негізін бере отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді шешімдердің бірін қабылдайды.
      Өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасай алады.
      8. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің тыныс-тіршілігін, сондай-ақ өзімен бірге тұратын, дербес кіріс көздері жоқ өз отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында осы баптың 4-тармағының 3)4)5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша:
      1) күнтізбелік ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде жалақы түрінде алынған;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде алынған ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы мониторингі субъектісіне жүгінуге, сондай-ақ салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеуді жүргізуге құқылы.
      Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен ұйымды және жеке тұлғаны алып тастау терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген ұйымдарға және жеке тұлғаларға тиесілі ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қолданудың күшін жою үшін негіз болып табылады.
      9. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғаның мүлкі, оның ішінде заңды тұлғалардағы оқшауланған мүлкі анықталған жағдайда уәкілетті орган мұндай мүлікке қамақ салу туралы мәселені шешу үшін мұндай мәліметтерді дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді.»;
      11) 13-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1)2)2-1)4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.»;
      1-1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Қаржы мониторингі субъектілері, осы Заңның 12-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне ұйымның немесе жеке тұлғаның енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде мынадай шараларды дереу қолдануға:»;
      «осындай тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызуды қоспағанда, осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартуға міндетті.»;
      2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.»;
      5-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Уәкілетті орган, осы Заңның 12-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны қоспағанда, күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді, ол уәкілетті органнан күдікті операцияны тоқтата тұру туралы хабарды алған кезден бастап сегіз сағаттың iшiнде ақпаратты құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде операцияны жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізеді.»;
      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды тоқтата тұру және оларды тоқтатып қою мұндай тоқтата тұру және тоқтатып қою салдарынан туындаған залал, оның ішінде қолдан шығарып алған пайда үшін мемлекеттік органдардың азаматтық-құқықтық немесе өзге де жауаптылығының туындауына негіз болып табылмайды.»;
      12) 16-бап мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, адвокаттарды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7)12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асырады;
      13-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, адвокаттарды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7)12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
      13-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
      13-4) Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;»;
      13) 17-бапта:
      1-тармақтың 1)2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратып алуға;
      2) күдікті операцияның белгілері анықталған жағдайда ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығаруға;»;
      «4) сұрау салу бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат, мәліметтер мен құжаттар алмасуға;»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;»;
      14) 18-бапта:
      1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қаржы мониторингін және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге;»;
      «3) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;»;
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) ұйымның немесе жеке тұлғаның терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қолдануға;
      1-2) осындай ақпаратты уәкілетті органға ұсына отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысында коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізуге;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
      15) 19-бапта:
      2-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша, олар сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда пайдаланылмайтын не уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін шартпен жүзеге асырылады.
      Шет мемлекеттің құзыретті органдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру, егер олар адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғамаса және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтірмесе, жүзеге асырылады.»;
      3-тармақтың біріншіекінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.
      Уәкілетті орган сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ғана пайдалануға құқылы.
      Уәкілетті орган шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер пен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.»;
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) егер уәкілетті орган сұрау салуда келтірілген ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру қажеттілігінің фактілері мен мән-жайлары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға күдік тудыруға жеткіліксіз деп есептесе;
      2) егер ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу барысына ықпал ететін болса, шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салуын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарына берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды пайдалануға қосымша шарттар мен шектеулер белгілеуге құқылы.»;
      16) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға орай қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға қол жеткізе алатын адамдар, оларды жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.».
      14. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      68-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлғаның көлік құралдарын тіркеу органына өтініш жасауы;».
      15. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
      6-баптың 1-тармағының 48) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «48) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынуға;».
      16. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      3-қосымша мынадай мазмұндағы 35-тармақпен толықтырылсын:
      «35. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама».
      2-бап.
      Осы Заң:
      1) оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2)4) тармақшаларын, 4101112-тармақтарын, 13-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 3) тармақшасының екінші – жиырма бірінші абзацтарын, 4)5)6)10)11) тармақшаларын14) тармақшасының бесінші – сегізінші абзацтарын және 14-тармағын;
      2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 8, 9-тармақтарын, 13-тармағы 1) тармақшасының төртінші және оныншы абзацтарын, 2) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші – жетінші абзацтарын, 9) тармақшасын, 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 16-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев