Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 562-IV Заңы.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат):

      1) 112-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасынан өту үшін оқу демалыстары беріледі.";

      2) 256-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында, Республикалық ұланда, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде және әскери-тергеу органдарында, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.".

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 14, 125-құжат; № 16, 129-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңы):

      1) 54-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;";

      2) 55-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;";

      3) 56-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;".

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат):

      1) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бейбiт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бірге бiрлескен iс-қимылдар нұсқаларын жоспарлайды.";

      2) 17-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі әскерлер "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке құрамнан жасақталады.".

      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 129-құжат):

      16-баптың 1-тармағында:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауғанстанда және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерлерде бiржолғы жәрдемақы төленедi;";

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайтыс болған генералдардың, адмиралдардың және осы әскери қызметшiлер арасынан зейнеткерлердiң асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алатын әйелдерiнiң "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тиiстi жеңiлдiктерге құқығы өмір бойы сақталады.".

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат):

      22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметін қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".

      6. "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):

      18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғау "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      7. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 жылғы 18 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңы):

      1) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "99-бап. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан әскери қызметшілерге берілетін қызметтік тұрғын үйлердің құқықтық режимі

      1. Тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері – зайыбы (жұбайы); ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) балалары, жиырма үш жасқа толмаған күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейінгі мүгедек болған балалары (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; әскери қызметшінің асырауындағы ата-аналары – әскери қызметін өткеру кезеңіне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

      Әскери қызметші мен оның отбасы мүшелеріне қызметтік тұрғын үй осы заңда белгіленген мөлшерде беріледі.

      Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшіге оның баянаты бойынша Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.

      2. Әскери қызметші осы елді мекенде оның және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің жеке меншік құқығында тұрғын жай немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген өзге де тұрғын жайы болмаған жағдайда тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбелер бойынша жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы тұрғын жайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.

      4. Асыраушысынан айырылған әскери қызметшілердің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғын үй берілмейінше, тұрып жатқан тұрғын жайларынан шығарылмайды. Тұрғын жаймен қамтамасыз етілгенге дейін көрсетілген тұрғын үйге мұқтаж адамдарға Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.

      5. Шетелге әскери қызмет өткеру үшін жіберілген әскери қызметшілердің тұрып жатқан тұрғын жайлары шетелде болған барлық уақытына сақталады.";

      2) 101-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.

      8. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):

      1) заңның бүкіл мәтіні бойынша "тауарлар", "тауарларды", "тауарлардың" деген сөздер "тауарлар (өнімдер)", "тауарларды (өнімдерді)", "тауарлардың (өнімдердің)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер – қару-жарақ, әскери техника мен олардың оқ-дәрiлерi, әскери өнiмнiң өзге де түрлерi, жұмыстар (оның iшiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық), құжаттама, зияткерлiк меншiк құқығы объектiлерi және әскери-техникалық мақсаттағы ақпарат;";

      4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім), жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттiк тапсырыс берушiлерi әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер ретiнде пайдалануы не кейiннен қайта бейiмдеуi және пайдалануы мүмкiн өнiм мен технологиялар;";

      3) 7-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңы қабылданғаннан кейін екі ай мерзімде осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде үш жылдық кезеңге арналған қорғаныстық тапсырысты бекітеді;".

      9. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат):

      8-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығарылу, басқа партияға кiру, әскери қызметке қабылдану саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылады.

      Әскери қызметке кірген жағдайда саяси партияға мүшелік автоматты түрде тоқтатылады.".

      10. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарт – белгіленген және арнайы пайдалану мақсатында әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық құжат.";

      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту;";

      3) 21-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "стандарттар болып бөлінеді." деген сөздер "стандарттар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттар болып бөлінеді.".

      11. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) әскери, әскери-әуе және әскери-теңіз атташелері – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері, дипломатиялық дәрежесі бойынша 2-сыныпты кеңесшілерге теңестірілген қорғаныс мәселелері бойынша кеңесшілер;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары, Республикалық ұлан, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері және әскери тергеу органдары, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлімдері, әскери прокуратура органдары;";

      мынадай мазмұндағы 19-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасының кадастры – жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техника, олардың сапалық сипаттамалары, мақсаты, шығарушы кәсіпорын, шығарылған күні, қарулануға қабылданған және қаруланудан шығарылған күні туралы деректер негізінде кезең-кезеңмен жасалатын мәліметтердің жүйеленген жинағы;";

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары – Қазақстан Республикасының аумағынан және одан тысқары жерлерден барлау қызметі шеңберінде жүргізілетін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге уәкілетті, әскери, әскери-саяси, әскери-техникалық және әскери-экономикалық салаларда барлау ақпаратына қол жеткізу, оны өңдеу және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, міндеттерді орындау үшін жедел, ақпараттық-талдау, арнайы мақсаттағы, радиоэлектрондық күрес және радиоэлектрондық барлау бөлімшелерін пайдаланатын Қарулы Күштер бөлімшелері;";

      2) 5-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жоғары әскери атақтар береді;";

      3) 7-бапта:

      7), 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) әскери оқу орындарын, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын, әскери факультеттерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде шешімдер қабылдайды;

      8) Жоғары оқу орындарындағы және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 26-2), 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе аппараттары қызметкерлерінің қызметі мен қызмет өткеру жағдайларын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      26-3) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;";

      4) 9-бапта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жұмылдыру кезеңінде және соғыс уақытында әскери міндеттілерге бронь белгілеуді жүзеге асырады;";

      5) 15-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен:";

      6) 18-баптың 1, 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қаруланып қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілердi күзетуге және қорғауға, әуе кеңiстігін күзетуге, заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күресуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мiндеттерді орындауға арналған.

      2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президентiнің шешімдері негізінде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу, Мемлекеттік шекараны күзетуді күшейту және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн тартылуы мүмкiн.";

      7) 20-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) азаматтарды әскери қызметке шақыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес олардың әскери қызметке ерікті түрде келуi арқылы әскери қызметшiлерден;";

      8) 21-баптың 3, 4-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы Қарулы Күштердi басқаруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады.

      4. Қарулы Күштердi бейбiт уақытта басқаруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi жүзеге асырады.";

      9) 22-бапта:

      2-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, әскери даярлықты жүзеге асыратын ведомстволық әскери оқу орындары мен басқа да бiлiм беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірыңғай мемлекеттік кадрлар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;

      16-2) пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, өткізу және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдау (жалға беру) тәртібіне сәйкес пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік етеді;

      16-3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;

      16-4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағы мен әскери техникасы кадастрын бекітеді;

      16-5) әскери мақсаттағы ғарыш техникасы мен технологияларын жасау саласындағы жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруды ұйымдастырады.";

      10) 23-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы соғыс уақытында Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасының жұмыс органы болып табылады.";

      11) 26-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі нұсқауларын орындайды;";

      12) 31-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін жергілікті атқарушы органдар аумақтық қорғаныс құралымдарын құрады.".

      12. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат):

      мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      "9-1-бап. Әскери полиция органдарының құзыреті

      Әскери полиция органдары:

      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында құқық бұзушылық профилактикасы бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      2) әскери қызметшілерге құқықтық тәрбие беруге қатысады;

      3) құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      4) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілерді профилактикалық есепке алуды жүргізеді және оларға профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;

      5) әскери бөлімдер және мекемелер қолбасшылығымен құқық бұзушылық профилактикасы бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      6) өзге де құқық қорғау органдарына өздеріне белгілі болған, сол органдардың құзыретіне жататын дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлайды;

      7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық қудалауды, іс жүргізуді жүзеге асырады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".

      13. "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):

      1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сыртқы барлау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде барлау қызметін жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.";

      2) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

      әскери, әскери-саяси, әскери-экономикалық және әскери-техникалық салаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі әскери құрамдасының мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда; халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында, елдің қорғаныс мүдделерінде Қазақстан Республикасының аумағынан және одан тысқары жерлерден радиоэлектрондық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып шифрленген, құпияланған және арнайы байланыстың өзге де түрлері саласында жүзеге асырады.";

      3) 9-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) оның объектілерінде құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау, оларды кейіннен құқық қорғау органдарына тапсыру;";

      4) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      "9-1-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыреті

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыретіне осы Заңның 8-бабында көзделген ережелерден басқа, осы Заңның 9-бабының 2) – 4), 7), 10), 14), 16) және 26) тармақшаларын қоспағанда, осы Заңның 9-бабының ережелері жатады.";

      5) 13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері кадрлар есебінде, қолданыстағы резервте және запаста тұрады. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға құқығы бар.

      Сыртқы барлау органының басшысы қызметкерлердің жекелеген санаттарының сыртқы барлау органындағы қызметке алынғанға дейінгі еңбек өтілін олардың еңбек сіңірген жылдарына есептейді.".

      14. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; 2011 жылғы 15, 16 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы Заңы):

      10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құқық қорғау органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына – жиырма бес жастан аспаған, орта және аға басшы құрам лауазымдарына – отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.".

      15. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат):

      1) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-бап. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялаудың негіздері мен тәртібі

      1. Соғыс жағдайы енгізілген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе ішінара) кезде қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялау Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарында көзделмеген мүлікке қажеттілік жаңадан туындаған жағдайда жүргізіледі.

      2. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының нұсқамалары бойынша жүзеге асырылады.

      3. Қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының нұсқамасы бойынша жүзеге асырылады.

      4. Әскери басқару органдары мен әскери бөлімдердің қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялау жөніндегі қызметіне жалпы басшылық жасауды және оны үйлестіруді "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының бұйрықтары негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы жүзеге асырады.";

      2) 49-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Соғыс жағдайы енгізілген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе ішінара) кезде соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету шаралары ретінде реквизициялау қажет болған кезде реквизициялауға жататын мүліктің тізбесін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы айқындайды.";

      3) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-бап. Соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялаудың ерекшеліктері

      1. Соғыс уақытында соғыс іс-қимылдары жүріп жатқан және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істемейтін аумақта қорғаныс мұқтаждары үшін қажетті реквизициялауды, бұл туралы кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлай отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы дербес жүргізеді. Реквизициялауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы реквизициялауды жүргізетін жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімдердің командирлеріне (мекеме басшыларына) нұсқама береді.

      2. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы акт бойынша жүзеге асырылады, онда:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы нұсқамасының деректемелері көрсетілген реквизициялау жүргізудің негіздері;

      2) алып қоюды жүргізу уақыты мен орны;

      3) реквизициялауды жүргізетін лауазымды адамның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауға уәкілетті адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың деректемелері көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің иесі туралы, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтер;

      4) салмағы, мөлшері, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесі;

      5) мүлікті бағалау және өтем мөлшері туралы мәліметтер;

      6) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтер қамтылуға тиіс.

      3. Жүргізілген реквизициялау туралы есеп жасалады, ол қоса берілген реквизициялау туралы актілермен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына жіберіледі.";

      4) 51-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әскери бөлімнің командирі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына реквизициялау туралы есеп пен актілерді қоса бере отырып, жүргізілген реквизициялау туралы дереу хабарлауға міндетті.";

      5) 52-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы реквизицияланған мүліктің меншік иелеріне кейіннен өтем жасау үшін мүліктің алып қойылғаны туралы есептерді және реквизициялау туралы актілерді қоса бере отырып, қорғаныс мұқтаждары үшін жүргізілген реквизициялау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне дереу хабарлауға міндетті.";

      6) 53-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қорғаныс мұқтаждары үшін берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және оны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы ұйымдастырады.".

      16. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат):

      56-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген болса – осы қызметті өткеру аяқталғанға дейін немесе "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес одан босатылғанға дейін;".

      2-бап. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ