Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 465-IV Заңы

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; №  15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10,  47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5,  23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):
      636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының елу екінші абзацындағы «мәслихаттардың» деген сөз «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат):

      1) 62-бапта:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының стратегиялық жоспарын тиісті мәслихат бекітеді.»;
      6-тармақтың екінші бөлігі «атқарушы органдардың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 125-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мәслихаттың» деген сөз «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «мәслихаттың» деген сөз «облыстың» деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 129-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге:
      1) ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;
      2) ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынады.»;

      4) 130-баптың 1-тармағындағы және 2-тармағының үшінші абзацындағы «мәслихаттың тексеру комиссиясының», «мәслихаттың тексеру комиссиясы» деген сөздер тиісінше «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 131-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге:
      1) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей құрамына тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;
      2) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.»;

      6) 132-бапта:
      1-тармақтағы «мәслихаттың тексеру комиссиясының» деген сөздер «облыстың тексеру комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың үшінші абзацындағы «мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының» деген сөздер «облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 135-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы «оны жүзеге асыратын органға байланысты» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау – Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларына есеп бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдар мен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау.
      Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау – Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және тиісті мәслихаттарға есеп бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға тәуелсіз Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау.»;

      8) 136-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар болып табылады.»;

      9) 139-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мерзімде басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау;»;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) қосарлас бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары кейіннен олардың нәтижелерімен алмаса отырып, келісілген мәселелер мен жүргізу мерзімдері бойынша өз бетінше жүргізетін бақылау.»;

      10) 140-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарындағы «мәслихаттың» деген сөз «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 141-бапта:
      15) тармақшадағы «мәслихаттардың» деген сөз «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді;»;
      мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «23-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;
      23-2) мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;»;

      12) 142-бапта:
      тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Мәслихаттың» деген сөз «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша алып тасталсын;
      9) тармақша «қамтамасыз етілуін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың дұрыстығын» деген сөздермен толықтырылсын;
      21) тармақшадағы «заңдарына» деген сөз «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 145-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларынан мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты сұратуға құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне мемлекеттік бағдарламаларды бірлескен (қосарлас) бақылауды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізуі мүмкін.
      4-2. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өз қызметін үйлестіру мақсатында сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласында құқық қолдану практикасын, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы мәселелерін қарау үшін Үйлестіру кеңесін құрады.
      Үйлестіру кеңесін құру және оның қызметін ұйымдастыру тәртібін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.
      4-3. Бақылау іс-шараларын жоспарлауға бірыңғай ұстанымды қамтамасыз ету үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін әзірлейді және бекітеді, ол сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылады.»;

      14) 148-баптың 3-тармағының бірінші сөйлеміндегі «, ал мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесі тексеру комиссиясының төрағасына» деген сөздер алып тасталсын.

      3. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат):

      1) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;
      9-2) бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 3-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерін бес жылға қызметке тағайындау, сондай-ақ оларды қызметтен босату жатады.»;
      «3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.».

      2) 8-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «, тексеру комиссиясының актiлерiн бекiтедi» деген сөздер алып тасталсын;

      3) 16-бап алып тасталсын;

      4) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының хатшысы тиісті мәслихаттың қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оны қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді.»;

      5) 20-баптың 3-тармағы 9) тармақшасындағы «қатыспаса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.» деген сөздер «қатыспаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.»;

      6) 21-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «тексеру комиссиясының төрағасы,» деген сөздер алып тасталсын;

      7) 27-баптың 1-тармағының 1-3) тармақшасы «мәслихатқа» деген сөзден кейін «және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына» деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 31-баптың 1-тармағының 1-2) тармақшасы «мәслихатқа» деген сөзден кейін «және облыстың тексеру комиссиясына» деген сөздермен толықтырылсын;

      9) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
      «2-1-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларын құру және олардың қызметін ұйымдастыру

      25-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
                астананың тексеру комиссиялары. Құрылуы және құрамы

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары мемлекеттік органдар болып табылады және жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылады.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну арқылы тиісті мәслихатқа тікелей есеп береді.
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының құрылымы тексеру комиссиясының төрағасынан, тексеру комиссиясының төрт мүшесінен және тексеру комиссиясының аппаратынан құралады.
      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты бес жыл мерзімге тексеру комиссиясының төрағасын және тексеру комиссиясының төрт мүшесін тағайындайды.
      Тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық саласында жоғары білімі және көрсетілген салаларда кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.

      25-2-бап. Тексеру комиссиясы төрағасының, тексеру комиссиясы
                мүшелерінің өкілеттіктері

      1. Тексеру комиссиясының төрағасы:
      1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;
      2) тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекiтедi;
      3) тексеру комиссиясы мүшелерiнiң және тексеру комиссиясы аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
      4) бекітілген штат саны және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекiтедi;
      5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының мүшелері қызметіне кандидатураларды, сондай-ақ оларды қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді.
      Тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қоспағанда, аудан (облыстың маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа ұсыну тексеру комиссиясы мүшелерінің біреуіне жүктелуі мүмкін.
      2. Тексеру комиссиясының мүшелері:
      1) тексеру комиссиясының бақылау, сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерін қызметтен босатуды тиісті мәслихат Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырады.
      4. Тексеру комиссиясының аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын қызметкерлерден тұрады.
      Тексеру комиссиясының аппараты бақылау іс-шараларын жүргізуді, тексеру комиссиясының ақпараттық-талдамалық, құқықтық, консультациялық, ұйымдастырушылық және өзге де қызметін қамтамасыз етеді.
      5. Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлері біліктілігін арттырудан өтуге міндетті, оның нәтижелері бойынша біліктілікті растау туралы сертификат беріледі.
      Кейіннен сертификаттай отырып, біліктілігін арттыру Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын тәртіппен үш жылда бір рет жүзеге асырылады.

      25-3-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
                астананың тексеру комиссияларының қызметін
                ұйымдастыру

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы бекітетін жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бақылау қызметін жоспарлау тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде жүзеге асырылады.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту үшін:
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін;
      тиісті облысқа кіретін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін жібереді.
      3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұратуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы, сондай-ақ бекітілген жұмыс жоспарларына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат ұсынады.
      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жұмысының жылдық жоспары облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен, сондай-ақ есепті жылы олардың әкімшілік-аумақтық бөлінісінде сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті облыстың құрамына кіретін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінен қаржыландырылатын бақылау объектілерін қамтуға тиіс.
      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін қаржыландыру облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қаржылық қызметін бақылау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының келісімімен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының өкілеттіктері мен жұмыс тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында, ережеде және регламентте айқындалады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы туралы ережені тиісті мәслихат бекітеді.
      Тексеру комиссиясының регламентін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы бекітеді.».

      4. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат, № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат):
      10-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «мәслихаттардың» деген сөз «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев