Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 389-IV Заңы

Жаңартылған

      2010 жылғы 5 шілдеде Астанада жасалған Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шарт ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы
қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын
өткізу тәртібі туралы
ШАРТ

      Ескерту. Шарт ҚР 13.12.2017 № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатты (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).