2009 жылғы 21 мамырда Астанада жасалған 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі,
ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен
олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
хаттама
(2010 жылғы 29 шілдеде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 3, 20-құжат)
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, бұдан әрі Тараптар деп аталады,
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 24-бабына сәйкес,
"Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты бұдан әрі нығайтуға ұмтылысты растай отырып,
екі мемлекеттің мүдделерін өзара құрметтеу қағидатына сүйене отырып,
мына төмендегілер жайында келісімге келді:
1-бап
Келісімнің 13-бабына мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
1) 1-тармақта "басқа да банктері" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-тармақта:
бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Байқоңыр қаласының аумағында жұмыс істейтін шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.";
үшінші абзац алынып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Байқоңыр қаласының аумағында Қазақстан Республикасы банктерінің және шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаларының қызметін қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары жүзеге асырады.".
2-бап
Осы Хаттама, Тараптардың хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді және Келісіммен бір мезгілде қолданылуын тоқтатады.
Астана қаласында 2009 жылғы 21 мамырда әрқайсысы екі дана етіп қазақ және орыс тілдерінде жасалды, екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасы | Ресей Федерациясы |
үшін | үшін |