Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 227-IV Заңы

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж, № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат;  № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар):
      1) 11-бапта:
      екінші бөлік алып тасталсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.";

      2) 58-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Егер қылмыстардың жиынтығына кіретін қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалатын болса, онда түпкілікті жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе тиісінше өлім жазасы түрінде тағайындалады.";

      3) 59-баптың үшінші бөлігіндегі "Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында (бабының бөлігінде) айқындаушы белгі ретінде қылмыс жасаған адамның соттылығына сілтеме болса, сондай-ақ осы" деген сөздер "Осы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 63-баптың үшінші бөлігі:
      "дейінгі" деген сөзден кейін ", ал кәмелетке толмағандарға алты айдан бір жылға дейінгі" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Шартты түрде сотталғандағы сынақ мерзімі кезеңінде ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты қайталап жасаған кезде де кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау қолданылуы мүмкін.";

      5) 64-бапта:
      төртінші бөліктегі "кішігірім ауырлықты қасақана қылмыс" деген сөздер "ауыр емес қасақана қылмыс, ал шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адам ауыр емес, орташа ауыр қылмыс" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөліктегі "орташа ауырлықтағы" деген сөздер "– орташа ауыр" деген сөздермен ауыстырылып, "жасаған" деген сөздің алдынан ", ал кәмелетке толмаған адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 72-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдердің жазасын орындауды сот бала он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.";

      7) 77-бапта:
      бірінші бөліктегі "әлденеше рет қайталануы, қылмысты қайталау" деген сөздер "қайталануын айқындау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-бөліктермен толықтырылсын:
      "4-1. Егер соттың үкімі бойынша адамға негізгі жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда соттылықтың жойылу мерзімі негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеу кезінен бастап есептеледі.
      4-2. Адам әртүрлі ауырлық дәрежесіне жататын қылмыстар үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша сотталған кезде соттылық әрбір қылмыс үшін жеке жойылады, бұл ретте жойылу мерзімі қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша жазаны өтеу кезінен бастап есептеледі.";

       8) 96-баптың екінші бөлігінің н) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "н) бірнеше рет жасалған адам өлтіру –";

      9) 103-баптың екінші бөлігінің к) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "к) бірнеше рет жасалса, –";

      10) 104-баптың екінші бөлігінің ж) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ж) бірнеше рет жасалса, –";

      11) 117-баптың үшінші бөлігіндегі "Заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адам жасаған" деген сөздер "Бірнеше рет жасалған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 120-баптың екінші бөлігінің г) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "г) бірнеше рет жасаса, –";

      13) 121-баптың екінші бөлігінің г) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "г) бірнеше рет жасаса, –";

      14) 170-баптың екінші бөлігіндегі "немесе ұйымдасқан топпен жасалған, сол сияқты бұрын осы бап бойынша сотталған адам" деген сөздер "жасалған немесе ұйымдасқан топ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 175-бапта:
      үшінші бөлікте:
      а) тармақ "жасаған" деген сөзбен толықтырылсын;
      б) тармақ "жасалған ұрлық –" деген сөздермен толықтырылып, в) тармақ алып тасталсын;
      ескертудің үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын;

      16) 176-баптың үшінші бөлігінің б) тармағы "жасаған болса –" деген сөздермен толықтырылып, в) тармақ алып тасталсын;

      17) 177-баптың үшінші бөлігінде:
      а) тармақ "жасаған" деген сөзбен толықтырылсын;
      б) тармақ "жасалған алаяқтық –" деген сөздермен толықтырылып, в) тармақ алып тасталсын;

      18) 178-баптың үшінші бөлігінде:
      а) тармақ "жасаған" деген сөзбен толықтырылсын;
      б) тармақ "жасалған тонау –" деген сөздермен толықтырылып, в) тармақ алып тасталсын;

      19) 179-баптың үшінші бөлігінде:
      б) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып;";
      в) тармақ "жасаған қарақшылық –" деген сөздермен толықтырылып, г) тармағы алып тасталсын;

      20) 181-баптың үшінші бөлігінде:
      б) тармақтағы "зардап келтіру" деген сөздер "зиян келтіре отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) тармақ "жасаған қорқытып алу –" деген сөздермен толықтырылып, г) тармақ алып тасталсын;

      21) 183-баптың екінші бөлігінде:
      а) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) автомобильге немесе ірі мөлшердегі өзге мүлікке қатысты;";
      в) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) бірнеше рет жасалса, –";

      22) 190-баптың екінші бөлігінің в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) бірнеше рет жасаса, –";

      23) 191-баптың екінші бөлігінің в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) бірнеше рет жасаса, –";

      24) 221-баптың екінші бөлігіндегі "Бұрын салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталған адам жасаған" деген сөздер "Бірнеше рет жасалған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 223-баптың екінші бөлігінің а) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) бірнеше рет;";

      26) 227-1-баптың үшінші бөлігінің в) тармағы алып тасталсын;

      27) 248-баптағы ескерту алып тасталсын;

      28) 257-баптың екінші бөлігінің в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) бірнеше рет жасаса, -";

      29) 270-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ұйымдасқан топ жасаған не бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет –
      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      30) 271-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ұйымдасқан топ жасаған не бірнеше рет жасалған нақ сол әрекеттер –
      бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж.,  № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар):

      1) бүкіл мәтін бойынша "өтінімдер", "өтінімі", "өтінімдерді", "өтінім", "өтінімдердің", "өтінімдерінің" деген сөздер тиісінше "өтініштер", "өтініші", "өтініштерді", "өтініш", "өтініштердің", "өтініштерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақпен толықтырылсын:
      "4-1) "кассациялық саты" – бірінші сатыдағы соттың істі алқабилердің қатысуымен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне берілген кассациялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қарайтын екінші сатыдағы сот;";
      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "39) "өтініш жасау" – тараптың немесе арыз берушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға жолданған іс-жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу немесе іс жүргізу шешімін қабылдау туралы өтініші, ал қадағалау сатысында – қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым;";

      3) 24-бапта:
      үшінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "3-1. Осы Кодекстің 361-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот істегі бар және сот отырысында тараптар табыс еткен дәлелдемелерді зерттеудің қажеттілігі мен жеткіліктілігі мәселелері бойынша тараптардың пікірімен байланысты емес.";
      төртінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қылмыстық процесті жүргізуші орган күдіктінің, айыпталушының кінәсіздігі немесе кінәлілік дәрежесінің аздығы туралы, сондай-ақ оларды ақтайтын не жауаптылығын жеңілдететін дәлелдемелердің бар екендігі туралы барлық мәлімдемелерді, сондай-ақ іс материалдарын дәлелдемелер ретінде жинақтау және бекіту кезінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістерінің қолданылғаны туралы мәлімдемелерді тексеруге тиіс.";

      4) 30-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе өзге тілдерде жүргізу қажет болған жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы дәлелді қаулы шығарады.";

      5) 42-баптағы "бірге", "бес күннен" деген сөздер тиісінше "бір мезгілде", "бес тәуліктен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 57-бапта:
      "әділ сотты" деген сөздер "сот төрелігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлігінің екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" деген сөздер "Жоғарғы Сот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацындағы "соттар жүзеге асырады." деген сөздер "соттар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары жүзеге асырады.";

       7) 58 және 59-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "58-бап. Соттың құрамы

      1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 165, 166, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар бойынша істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша бір судьяның және он алқабидің құрамында қарайды.
      2. Қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады.
      3. Кассациялық сатыда кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарауды кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады.
      4. Істі қадағалау тәртібімен қарауды құрамында кемінде үш судья болатын сот жүзеге асырады.
      5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы баптың қағидаларына сәйкес айқындалады.
      6. Үкімді орындау кезінде туындайтын мәселелерді және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.

      59-бап. Соттың өкілеттігі

      1. Сот билігінің органы ретіндегі соттың өкілеттігі заңда айқындалады.
      2. Тек сот қана:
      1) адамды қылмыстың жасалуына кінәлі деп тануға және оған жаза тағайындауға;
      2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға;
      3) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге;
      4) тергеушінің, анықтау органының, прокурордың айыпталушыға, күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына санкция беруге және олардың мерзімін ұзартуға;
      5) сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға;
      6) күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру туралы шешім қабылдауға құқықты.
      3. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен:
      1) қылмыстық қудалау органының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды;
      2) әкімшілік жаза қолданады;
      3) іс бойынша жаңадан анықталған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы прокурордың қаулысына шағымдарды қарайды;
      4) үкімнің орындалуына байланысты мәселелерді қарайды.
      4. Егер істі сотта қарау кезінде қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу барысында немесе істі төменгі тұрған сотта қарау кезінде жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жеке қаулы шығарып, онда тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын заңды бұзудың қажетті шаралар қабылдауды талап ететін мән-жайлары мен фактілеріне аударады. Егер сот қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жеке қаулы шығаруға құқылы.
      5. Қылмыстар құрамын құрайтын әрекеттердің жасалу фактілері анықталған кезде сот заңда көзделген шараларды қабылдау үшін тиісті прокурордың атына жеке қаулы шығарады.";

      8) 69-баптың бірінші бөлігінде:
      бірінші сөйлемдегі "не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам," деген сөздер алып тасталсын;
      екінші сөйлемдегі "Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған" деген сөздер "Сотқа берілген, ал жеке айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 71-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасындағы "мемлекеттік айыптаушы" деген сөздер "прокурор (мемлекеттік айыптаушы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 90-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қараған болса;";

      11) 109-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "109-бап. Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының
                іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне
                жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі

      1. Жеке басының құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға, егер мұндай іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) және шешімдердің заңдылығын тексеруді сот талқылауы кезеңіне дейін кейінге қалдыру адам мен азаматтың нұқсан келтірілген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді қиындатса немесе оның мүмкіндігін жоққа шығарса, қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартылуына, сондай-ақ қылмыстық істі қозғаудан бас тарту, қылмыстық істі қозғау, тоқтата тұру және тоқтату, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, тінтуді және (немесе) алуды жүргізу, мүлікке тыйым салуды қолдану, кепілді қолдану, өзге де іс-әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасау және шешімдерді қабылдау кезіндегі заң бұзушылыққа шағымданып сотқа жүгіне алады. Шағым тиісті шешіммен танысқаннан кейін не осыған ұқсас шағымды прокурор қанағаттандырмай тастаған жағдайда тікелей сотқа беріледі.
      2. Қылмыстық қудалау органының қаулысына жасалған шағымды тексерген кезде сот осы Кодекске сәйкес қылмыстық істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қарау нысанасы болып табылатын мәселелерді алдын ала шешпеуге тиіс.
      3. Сот тексеруінің шектері осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасау және шешімдерді қабылдау кезінде заң нормаларының сақталуын анықтаумен шектелген.
      4. Шағым түсіру шағым жасалып отырған іс-әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
      5. Шағым тұлғаның келіспейтін шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өзінің атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаса, ол берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа берілуі мүмкін.
      6. Шағымды судья ол келіп түскен кезден бастап он тәуліктің ішінде прокурордың, арыз берушінің және оның қорғаушысының, егер олар қылмыстық іске қатысса, заңды өкілінің немесе өкілінің, мүдделерін шағым жасалатын іс-әрекет (әрекетсіздік) және шешім тікелей қозғайтын өзге де адамдардың қатысуымен, жабық отырыста жеке-дара қарайды. Егер судья аталған адамдардың келуін міндетті деп таппаса, олардың сот отырысына келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды. Іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалған лауазымды адамдар мұндай іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа үш тәулік ішінде табыс етуге міндетті.
      7. Сот отырысы басталғанда судья қандай шағымның қаралуға жататынын хабарлайды, келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан соң, егер сот отырысына қатысып отырған болса, арыз беруші шағымды негіздейді, содан кейін келген басқа да адамдар тыңдалады.
      8. Шағымды қарау нәтижелері бойынша судья мынадай:
      1) заңсыз деп танылған іс жүргізу шешімін бұзу туралы;
      2) тиісті лауазымды адамның іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз немесе негізсіз деп тану туралы және оның жол берілген бұзушылықты жоюға міндетті екені туралы;
      3) прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзылуын жою міндетін жүктеу туралы;
      4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулылардың бірін шығарады.
      9. Судьяның осы баптың қағидаларына сәйкес шығарған қаулысына ол жария етілген кезден бастап үш тәуліктің ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар шағымдануы, сондай-ақ прокурор осы қаулы шығарған судьяның соты арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа наразылық беруі мүмкін. Шағымдану мерзімі өткеннен кейін іс бұл туралы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар мен прокурорға хабарлай отырып, шағыммен, наразылықпен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіледі. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағымды, наразылықты қарайды және мынадай: шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру және аудандық немесе оған теңестірілген сот судьясының қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы; шағымды, наразылықты қанағаттандыру және аудандық немесе оған теңестірілген сот қаулысының  күшін жою туралы шешімдердің бірін шығарады.
      10. Қылмыстық іс бойынша прокурордың, тергеу және анықтау органдарының осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілмеген іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдардың заңдылығын тексеруді сот істі мәні бойынша одан әрі қарау кезінде жүзеге асырады.";

      12) 121-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "4. Соттың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";

      13) 142-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Күдіктіге айып тағу кезінде сот оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы мәселені осы Кодекстің 150-бабында көзделген тәртіппен қайтадан қарайды. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейінгі жиырма төрт сағат ішінде күзетпен ұстау орнының бастығына соттың айыпталушыны қамауға алуға санкция беру туралы қаулысы келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы ол туралы қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органды немесе тұлғаны, сондай-ақ прокурорды хабардар етуге міндетті. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін бұлтартпау шарасын тоқтату немесе айыпталушыны қамауға алуға соттың санкция бергені туралы тиісті шешімдер келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы оны өзінің қаулысымен босатып, қаулының көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органға немесе тұлғаға және прокурорға жолдайды.";

      14) 150-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Судья айыпталушыны, күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішті қарап, айыпталушыны, күдіктіні қамауға алуға санкция беру туралы не қамауға алуға санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарады. Судья күдіктіні немесе айыпталушыны қамауға алуға санкция беруден бас тартқан кезде сот отырысының барысында прокурордың өтініші бойынша күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
      Күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті прокурор қажет болған жағдайда, судья күдіктіні, айыпталушыны қамауға алуға санкция беруден бас тарту туралы қаулыны жария еткеннен кейін, өзі оған осы Кодекстің 150-бабында көзделген тәртіппен наразылық беруді орынсыз деп санаған жағдайда тікелей мәлімдей алады. Судья үйде қамауда ұстауға санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарған жағдайда прокурор оған осы Кодекстің 110-бабында белгіленген қағидалар бойынша наразылық беруге құқылы.";

      15) 153-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға алудың мерзімі, осы Кодексте көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, екі айдан аспауға тиіс.
      Күдіктіні қамауға алу мерзімі оған бұлтартпау шарасын қолданған кезден бастап, ал егер күдікті ұсталып, содан соң күзетпен қамауға алынған болса, ұсталған кезінен бастап он тәуліктен аспауға тиіс.";

       16) 174-бапта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы "куәгердің" деген сөзден кейін ", сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік "куәгердің" деген сөзден кейін ", сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 290-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "290-бап. Аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына
                жататын қылмыстық істер

      1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
      2. Мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылған қылмыстық істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады.
      3. Аудандық және оларға теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды, тергеушінің, анықтау органының күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына, олардың мерзімдерін ұзартуға санкция береді.
      4. Үкімді орындау сатысында аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
      5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына жасалған шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.";

      18) 290-1-бапта:
      бірінші абзацтағы "1." деген цифр алып тасталсын;
      1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизонның әскери сотының соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы;";
      2) тармақта:
      "және үшінші бөлігінің в) тармағында" деген сөздер алып тасталсын;
      "133" деген цифрлардан кейін "(бірінші – үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) мынадай мазмұндағы 290-2 және 290-3-баптармен толықтырылсын:
      "290-2-бап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
                  ауданаралық соттың соттауына жататын қылмыстық
                  істер

      1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
      2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
      3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар үкімді орындау сатысында өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
      4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.

      290-3-бап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
                 ауданаралық әскери соттардың және гарнизондардың
                 әскери соттарының соттауына жататын қылмыстық істер

      1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
      2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына:
      1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген аса ауыр әскери қылмыстар туралы;
      2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар; өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
      3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың соттауына жататын істерді қоспағанда, гарнизондардың әскери соттарының соттауына:
      1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген әскери қылмыстар туралы;
      2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар; өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
      4. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары үкімдерді орындау сатысында өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
      5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша, прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.";

      20) 291-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "291-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттың
                соттауына жататын қылмыстық істер

      1. Облыстық және оған теңестірілген сот апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
      2. Облыстық және оған теңестірілген сот аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьясы істі жеке-дара қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына берілген апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.
      3. Облыстық және оған теңестірілген сот қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың істі алқабилердің қатысуымен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына, сондай-ақ, осы Кодекстің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қаулыларды қоспағанда, облыстық және оған теңестірілген соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына берілген кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.
      4. Облыстық және оларға теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында аудандық және оған теңестірілген соттардың қылмыстық қудалау органының әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды апелляциялық тәртіппен қараған кезде, тергеушінің, анықтау органының күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына, олардың мерзімін ұзартуға санкция беру туралы мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына берілген жеке шағымдарды, наразылықтарды қарайды.
      5. Үкімді орындау сатысында облыстық және оған теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттардың осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына берілген жеке шағымдарды, наразылықтарды апелляциялық тәртіппен қарайды.
      6. Осы Кодексте көзделген жағдайларда облыстық және оған теңестірілген соттар прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.";

       21) мынадай мазмұндағы 291-1-баппен толықтырылсын:
      "291-1-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
                  қолдану туралы істерді қарау

      Қылмыстық заңда тыйым салынған әрекетті есі дұрыс емес күйінде жасаған не оны жасағаннан кейін жүйке ауруына шалдыққан адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді осы Кодекстің 290, 290-1, 290-2, 290-3-баптарында белгіленген соттылыққа сәйкес бірінші сатыдағы сот қарайды.";

      22) 292 және 293-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "292-бап. Жоғарғы Соттың соттауына жататын қылмыстық істер

      1. Жоғарғы Сот қадағалау сатысындағы сот ретінде әрекет етіп, мыналарға:
      1) аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына;
      2) облыстық және оларға теңестірілген соттардың істерді апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына;
      3) облыстық және оларға теңестірілген соттардың істерді кассациялық тәртіппен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енген қаулыларына тараптардың өтініштері мен прокурордың наразылықтары бойынша істерді қарайды.
      2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Жоғарғы Сот алқасының қаулыларына Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы немесе Бас Прокурордың наразылығы бойынша істерді қарайды.
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Жоғарғы Сот прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына шағымдарды қарайды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.

      293-бап. Әскери соттың соттауына жататын істер

      1. Әскери сот апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
      2. Әскери сот гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың судьясы істерді жеке-дара қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді аппеляциялық тәртіппен қарайды.
      3. Әскери сот қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың істерді алқабилердің қатысуымен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына, сондай-ақ осы Кодекстің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қаулыларды қоспағанда, Әскери соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына берілген кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.
      4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Әскери сот өзінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.";

      23) 295-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "295-бап. Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттылықты
                белгілеу

      Бір адамды немесе адамдар тобын бірнеше қылмыстар жасағаны үшін айыптау кезінде, олардың ең болмағанда біреуі аса ауыр қылмыс санатына жататын болса, істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды, ал осы Кодекстің 290-3-бабында көрсетілген қылмыстар туралы істерді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарайды.
      Аса ауыр қылмыстар санатына жатпайтын қылмыс бірге қатысумен жасалған жағдайда және істі жеке іс жүргізуге бөліп шығару мүмкін болмаған кезде істерді:
      егер бірге қатысушылар арасында әскери қызметші болмаса, бірге қатысушылардың ең болмағанда біреуі кәмелетке толмаған болып табылатын істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот;
      бірге қатысушылардың ең болмағанда біреуі әскери қызметші немесе осы Кодекстің 290-3-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген басқа тұлға болып табылатын істерді гарнизонның әскери соты қарайды.";

      24) 296-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Егер іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың немесе гарнизонның әскери сотының соттауына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда соттылығы бойынша жіберілуге жатады.";

      25) 301-бапта:
      бірінші бөлік "тараптардың қатысуымен" деген сөздердің алдынан "аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ басқа да істер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "3-1. Алдын ала тыңдау барысында судья Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 165, 166, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішінің бар-жоғын анықтайды.";

      26) 312-бапта:
      бірінші бөліктегі "немесе судьялардың сол бір құрамы" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктегі "Судьялардың бірінің" деген сөздер "Судьяның" деген сөзбен ауыстырылсын;

      27) 313-бапта:
      бірінші бөліктегі "алқалы" деген сөз алып тасталсын;
      екінші бөлікте:
      бірінші сөйлемдегі "судьялардың бірі" деген сөздер "судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші сөйлемдегі "судьялардың бірі шығып қалған жағдайда соттың құрамына кірген" деген сөздер "алдыңғы судья шығып қалған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 314-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Басты сот талқылауында істі қарау тапсырылған судья төрағалық етеді.";
      екінші бөлік алып тасталсын;

      29) 328-бапта:
      екінші бөлікте:
      "стенография" деген сөзден кейін "және (немесе) аудио, бейнежазба" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы бөліктегі "дыбыс" деген сөз "аудио" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетінші бөлік "онымен" деген сөзден кейін "және аудио-, бейнежазба материалдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      сегізінші бөлік "хаттамадағы" деген сөзден кейін "және аудио-, бейнежазба материалдарындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      30) 331-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сот отырысында аудио-, бейнежазбалар, киноға түсіру пайдаланылатын кезде төрағалық етуші ол жөнінде хабарлайды.";

      31) 338-баптың бірінші бөлігіндегі "немесе судьялардың бірінен" деген сөздер алып тасталсын;

      32) 351-баптың үшінші бөлігіндегі "Судьялар", "сұрақ" деген сөздер тиісінше "Төрағалық етуші", "сұрақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 370-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "370-бап. Үкім шығару құпиясы

      1. Істі қараған судья үкімді оған қандай да болсын ықпал ету мүмкіндігін болғызбайтын жағдайда шығарады. Үкім шығару кезінде өзге тұлғалардың, оның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.
      2. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде судья кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жасауға құқылы.
      3. Үкім жарияланғанға дейін судья іс бойынша шешімді айқындайтын өз пікірі мен пайымдауын жария етуге құқылы емес.";

      34) 372-бапта:
      екінші бөліктегі "және іс құрамында үш судья бар сотта қаралса" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, қорғаушы айып тағылған кезден бастап іске қатыспаса, сот қылмыстық істі осы Кодекстің 515-бабында белгіленген тәртіппен қарауға беру туралы қаулы шығарады.";

      35) 373-бап алып тасталсын;

      36) 377-баптың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Үкімді судья қолдан жазуы, машинкаға басу тәсілімен не компьютерлік тәсілмен дайындауы мүмкін және ол оған қол қояды.
      5. Үкімдегі түзетулер ескертілуге және ол жарияланғанға дейін үкімнің тиісті бетінде судьяның қол қоюымен куәландырылуға тиіс.";

      37) 378-баптың 2) тармағындағы "күн" деген сөз "тәулік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      38) 384-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Төрағалық етуші үкімге қол қойғаннан кейін сот отырысының залына оралып, үкімді жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі, төрағалық етушінің өзін қоса алғанда, үкімді түрегеп тұрып тыңдайды.";

      39) 396-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "396-бап. Үкімге (қаулыға) апелляциялық шағымдану, наразылық
                беру құқығы

      1. Үкімге, қаулыға апелляциялық шағымдану құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, өкілдеріне және заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жеке айыптаушыға), олардың өкілдері мен заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері мен заңды өкілдері үкімнің азаматтық талап қоюға қатысты бөлігіне шағымдануға құқылы.
      2. Сот актісін апелляциялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты мемлекеттік айыптаушы ретінде істі қарауға қатысқан прокурор бере алады. Бас Прокурор және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан өз құзыреті шегінде үкімді қайта қарау туралы наразылық енгізуі мүмкін.
      3. Егер қаулы осы істің тараптары болып табылмайтын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты болса, олар да сот қаулысына шағымдануға құқылы.";

      40) мынадай мазмұндағы 396-1-баппен толықтырылсын:
      "396-1-бап. Апелляциялық тәртіппен қаралуға жататын сот
                  актілері

      1. Аудандық және оған теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың судья істі жеке-дара қараған кезде шығарған, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енбеген үкімдері апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.
      2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртіппен жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
      3. Әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулылардан басқа, осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтініштерін зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысы залында тәртіп сақтауға қатысты қаулылар осы Кодекстің 46-тарауының қағидалары бойынша қайта қаралуға жатпайды. Жоғарыда көрсетілген қаулыларға қарсылықтар үкімге берілген апелляциялық шағымдарда, наразылықтарда баяндалуы мүмкін.";

      41) 397-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "397-бап. Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға берілген
                апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды
                қарайтын соттар

      1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьясы істерді жеке-дара қараған кезде шығарған, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына берілген апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.
      2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың судьясы істерді жеке-дара қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды Әскери сот қарайды.
      3. Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, наразылықтар және қаулыға жеке шағымдар, наразылықтар облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.";

      42) 398-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "398-бап. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар беру
                тәртібі";
      бірінші бөліктегі "Шағымдар", "шағымдар" деген сөздер тиісінше "Апелляциялық (жеке) шағымдар", "апелляциялық (жеке) шағымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "жалпы тәртіпте" деген сөздер "дәл осындай тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43) 399-бапта:
      тақырыбындағы "Үкімге" деген сөз "Үкімдерге (қаулыларға) апелляциялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөлікте:
      "Бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағымдар, наразылықтар апелляциялық тәртіпте" деген сөздер "Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үкім" деген сөз "үкім (қаулы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өзіне үкім" деген сөздер "өзіне үкімнің (қаулының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      "Үкімге" деген сөз "Сот актісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "соттан" деген сөздің алдынан "бірінші сатыдағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөліктегі "шағым, қарсылық" деген сөздер "апелляциялық (жеке) шағым, наразылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44) 400-бапта:
      тақырыбындағы "Шағым" деген сөз "Апелляциялық (жеке) шағым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктегі "Шағым" деген сөз "Апелляциялық (жеке) шағым" деген сөздермен ауыстырылсын; "үкімді" деген сөзден кейін "(қаулыны)" деген сөзбен; "істі" деген сөзден кейін "басты" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі "жоғары тұрған" деген сөздер "тиісті облыстық және оған теңестірілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 401 және 402-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "401-бап. Апелляциялық (жеке) шағым және наразылық беру
                туралы хабардар ету

      1. Үкімді қабылдаған сот апелляциялық (жеке) шағым немесе наразылық беру туралы сотталған адамды немесе ақталған адамды, қорғаушыны, айыптаушыны, жәбірленушіні және оның өкілін, сондай-ақ, егер шағым, наразылық олардың мүдделерін қозғайтын болса, азаматтық талап қоюшыны, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін хабардар етеді.
      2. Шағымның, наразылықтың көшірмесі осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға оларға жазбаша түрде қарсылық беру құқығы түсіндіріліп, ұсыну мерзімі көрсетіле отырып жіберіледі. Шағымға, наразылыққа келіп түскен қарсылық іске тігіледі.
      3. Тараптар жаңа материалдарды апелляциялық (жеке) шағымға, наразылыққа қарсылықпен бірге немесе жеке түрде апелляциялық сатыға табыс етуге немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтініш жасауға, сондай-ақ өздері атаған жәбірленушілерді, куәларды, сарапшыларды сотқа шақырту және олардан жауап алу туралы өтініш жасауға құқылы.

      402-бап. Апелляциялық (жеке) шағым берудің және наразылық
               берудің салдарлары

       1. Апелляциялық (жеке) шағым беру және наразылық беру үкімнің (қаулының) заңды күшіне енуін және оның орындалуын тоқтата тұрады.
      2. Бірінші сатыдағы сот үкімге (қаулыға) шағымдану, наразылық беру үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін бір тәуліктен кешіктірмей, осы Кодекстің 401-бабының талаптарын орындайды, содан кейін істі келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса апелляциялық сатыға жібереді және процеске қатысушыларға істің апелляциялық сатыда қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сот талқылауы барысында шығарылған, үкім шығарумен аяқталған қаулыға шағым, наразылық берілген жағдайда іс үкімге шағымдану үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.
      3. Үкімге (қаулыға) шағымданған, наразылық берген тұлға өзінің шағымын, наразылығын апелляциялық сатыда сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы. Прокурордың наразылығын да жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін.";

      46) 403-баптың бірінші және екінші бөліктері алып тасталсын;

      47) 404-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "404-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері

      1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің (қаулының) заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек олардың шағымға немесе наразылыққа қатысты бөлігінде және шағымға немесе наразылыққа қатысы бар сотталушыларға қатысты ғана тексереді.
      2. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің (қаулының) шығарылуына алып келген басқа сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған болса, сот осы Кодексте көзделген қағидаларды сақтай отырып, оның шағымдалмаған, наразылық берілмеген бөлігінде де және өздері туралы шағым, наразылық берілмеген тұлғаларға қатысты да күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы.
      3. Сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым, наразылық бойынша істі қарай отырып, жеке шағымдар, наразылықтар болмаған кезде де іс бойынша шығарылған жеке және өзге де сот қаулыларының заңдылығын тексеруге құқылы.";

      48) 405-бапта:
      "наразылықтар бойынша" деген сөздерден кейін "істе бар және қосымша табыс етілген, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      "істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      49) 406-бапта:
      "қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен" деген сөздер "тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, істі қарау мерзімін ұзарту әр ретте бір айдан аспауға тиіс.";

      50) 407 және 408-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "407-бап. Апелляциялық (жеке) шағым, наразылық

      1. Апелляциялық (жеке) шағымда, наразылықта:
      1) шағым, наразылық жіберіліп отырған соттың атауы;
      2) шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға туралы оның іс жүргізудегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері көрсетілген деректер;
      3) шағым, наразылық беріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;
      4) оларға үкімнің, қаулының қай бөлігіне немесе толық көлемінде шағым, наразылық беріліп отырғанын көрсету;
      5) шағым, наразылық берген тұлғаның өз пікірі бойынша сот үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі туралы дәлелдері және оның өтінішінің мәні;
      6) шағымның, наразылықтың авторы өз талаптарына негіз ететін, оның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
      7) шағымға, наразылыққа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі;
      8) шағым, наразылық берілген күн және шағым, наразылық авторының қолы болуға тиіс.
      2. Егер келтірілген шағым, наразылық осы талаптарға сәйкес келмесе, олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін ресімдеу үшін мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер апелляциялық (жеке) шағым, наразылық қайта жасалғаннан кейін көрсетілген мерзімнің ішінде сотқа ұсынылмаса, олар берілмеген болып есептеледі.
      3. Тараптар апелляциялық (жеке) шағымның, наразылықтың негіздерін растау үшін шағыммен бірге немесе оны бергеннен кейін апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа материалдарды табыс етуге немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтініш жасауға, сондай-ақ өздері көрсеткен куәларды, жәбірленушілерді, сарапшыларды, мамандарды сот отырысына шақырту және олардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де іс-әрекеттер жасау туралы өтініш жасауға құқылы.
      4. Апелляциялық (жеке) шағым, наразылық берген тұлға сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте, прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы өтінішінде, сол сияқты жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің үкімге шағымдану мерзімі аяқталғаннан кейін берген қосымша шағымында, егер бастапқы наразылықта немесе шағымда осындай талап болмаса, сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселенің қойылуы мүмкін емес.

      408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын тағайындау

       1. Бірінші сатыдағы сот апелляциялық (жеке) шағымдар мен наразылық беруге арналған мерзім өткен соң және осы Кодекстің 401-бабының талаптарын орындағаннан кейін істі қараудың облыстық немесе оған теңестірілген соттың келісімімен белгіленетін уақыты мен орнын көрсете отырып, істі тиісті апелляциялық сатыға жібереді.
      2. Бірінші сатыдағы сот істің қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлайды. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде апелляциялық сатының сот отырысына қатысу туралы өтініш түскен кезде, бірінші сатыдағы сот істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып қарау туралы қаулы шығарып, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.
      3. Өзге жағдайларда күзетпен ұсталып отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот шешеді. Бірінші сатыдағы сотта қаралмаған жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезде сотталған (ақталған) адамның апелляциялық сатының отырысына қатысуы міндетті болып табылады. Мұндай жағдайларда осы Кодекстің 315-бабында көрсетілген мән-жайлар бар болған кезде істі сотталған (ақталған) адамның қатысуынсыз қарауға жол беріледі.
      4. Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы осы Кодекстің 71-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты іс қаралған кезде, не сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған, жәбірленушінің (азаматтық талап қоюшының), олардың өкілдерінің апелляциялық шағымы, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу және бірінші сатыда істі қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда не апелляциялық сатының жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезінде қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
      5. Жеке айыптау істерін қоспағанда, прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
      Апелляциялық сатыда прокурор осы Кодекстің 317-бабында көзделген өкілеттіктерге ие болады.
      Қорғаушыны қоспағанда, апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген процестің басқа қатысушыларының келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
      6. Осы Кодекстің 396-бабына сәйкес үкімге шағымдану құқығы берілген тұлғалар, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша берілген шағымдарды немесе наразылықты не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.";

      51) мынадай мазмұндағы 408-1-баппен толықтырылсын:
      "408-1-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысын дайындау

      1. Егер шағымдардағы, наразылықтағы дәлелдерді тексеру үшін тиісті іс жүргізу іс-әрекеттерін орындау қажет болса, судья іс келіп түскен күннен бастап он тәуліктің ішінде сараптамаларды тағайындау, сотталған (ақталған) адамды, жәбірленушіні, куәларды, сарапшыларды, мамандарды шақырту және олардан жауап алу туралы, материалдарды талап етіп алу және істі дұрыс шешу үшін өзге де қажетті іс-әрекеттер жасау туралы шешім қабылдайды. Көрсетілген іс-әрекеттерді орындау қажеттілігіне байланысты судья осы Кодекстің 406-бабына сәйкес істің апелляциялық сатыда қаралу күнін басқа мерзімге ауыстыруы мүмкін, ол жөнінде тараптарға хабарланады.
      2. Судья сотталушыға немесе сотталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау, таңдау, оның күшін жою немесе өзгерту туралы мәселені шешеді, ол туралы қаулыда көрсетеді.
      3. Судья істі апелляциялық сатыда қарауға дайындау туралы қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша өзі қабылдаған шешімдер көрсетіледі. Қаулының көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш тәуліктің ішінде процеске қатысушыларға жіберіледі.";

      52) 409, 410 және 411-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "409-бап. Апелляциялық сатыда істі қарау тәртібі

      1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс және кімнің апелляциялық (жеке) шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған тұлғалардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін жариялайды.
      2. Төрағалық етуші отырысқа қатысушы тұлғаларға олардың апелляциялық сатыда істі қараған кездегі іс жүргізу құқықтарын түсіндіреді және тараптардан бас тартуы мен өтініштерінің бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлімделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот осы Кодекстің 325-бабында көзделген тәртіпті сақтай отырып, оларды қарау нәтижелері бойынша қаулы шығарады.
      3. Сотқа қосымша материалдарды табыс еткен тұлға олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттігі неге байланысты туындағанын көрсетуге, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот жүргізген сот тергеуін толықтыру қажеттілігін негіздеуге міндетті. Қосымша материалдарды тергеу әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды.
      4. Тараптар іске жаңа материалдарды қосу немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтініштерді, сондай-ақ олар көрсеткен куәларды, жәбірленушілерді, сарапшыларды, мамандарды сот отырысына шақыру және олардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толықтыруға бағытталған өзге де іс-әрекеттер жасау туралы өтініштерді мәлімдеген жағдайда сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды, содан кейін оларды қанағаттандыру немесе қабылдамау туралы қаулы шығарады. Өтініштер осы Кодекстің 102-бабы бесінші бөлігінің талаптары сақтала отырып шешіледі. Тараптардың өз бастамасы бойынша келген куәлардан жауап алу туралы өтініштері қанағаттандырылуға жатады. Егер өтініштерді қанағаттандыруға байланысты тағайындалған сараптамаларды жүргізу үшін немесе басқа да іс-әрекеттер жасау үшін уақыт талап етілетін болса, сот үзіліс жариялайды және қажет болған жағдайда апелляциялық сатыда істі қарау мерзімін ұзартады.
      5. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар, тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіп алынған қосымша материалдарды, алынған сараптама қорытындыларын зерттейді, отырысқа шақырылған тұлғалардан жауап алады.
      6. Сот тергеуін жүргізгеннен кейін сот жарыссөзін жүргізу қағидалары бойынша сот процеске қатысушылардың сөздерін тыңдайды, олар өз шағымдарындағы, наразылықтарындағы дәлелдері мен дәйектерін не оларға қарсылықтарын баяндайды. Тараптар өздерінің сөздерінде бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарға да, апелляциялық саты зерттеген қосымша материалдарға да сілтеме жасауға құқылы. Шағым, наразылық берген процеске қатысушы бірінші болып сөз сөйлейді, егер олар бірнешеу болса, сот олардың пікірлерін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөз сөйлейді.
      7. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезде, сотталған (ақталған) адамнан, куәдан, жәбірленушіден, сарапшыдан, маманнан және басқа да тұлғалардан жауап алған кезде осы Кодекстің 328-бабының талаптарына сәйкес ресімделетін сот отырысының хаттамасы жүргізіледі. Апелляциялық сатының отырысында жауап алынған тараптар мен тұлғалар сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған осы Кодекстің 329-бабында көзделген тәртіппен өздерінің ескертулерін беруге құқылы. Хаттамаға берілген ескертулер осы Кодекстің 330-бабында көзделген тәртіппен қаралады.
      8. Сот отырысының тәртіптемесі және оны бұзушыларға қатысты қабылданатын шаралар осы Кодекстің 326, 327-баптарының қағидаларымен айқындалады. Кеңесу бөлмесінде шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 370-бабының қағидаларымен айқындалады.

      410-бап. Апелляциялық сатының өкілеттігі

       Апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен бірге келіп түскен істі қарау кезінде сот үкімнің заңдылығын тексеру және істі дұрыс шешу мақсатында тараптардың өтініш жасауы бойынша немесе өз бастамасы бойынша:
      1) сотталған адамның, жәбірленушінің және іске қатысушы басқа да тұлғалардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы сотталғандығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етіп алуға, тараптардың өтініштері бойынша басқа да құжаттарды талап етіп алуға;
      2) сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындауға;
      3) сот отырысына қосымша куәларды, сарапшыларды, мамандарды шақыртып, олардан жауап алуға, тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіп алынған жазбаша, заттай немесе өзге де дәлелдемелерді зерттеуге;
      4) бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарды дәлелдеме ретінде пайдалануға жол берілмейді деп тануға және оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастауға;
      5) бірінші сатыдағы сот дәлелдемелер қатарынан алып тастаған материалдарды дәлелдеме ретінде пайдалануға жол беріледі деп тануға және оларды зерттеуге;
      6) азаматтық талап қоюға қатысты мән-жайларды зерттеуге және азаматтық талап қою бойынша шешім қабылдауға;
      7) істің барлық материалдарын толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеуді қамтамасыз ету және іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді орындауға құқылы.
      2. Бірінші сатыдағы сот жауап алған, сот отырысының хаттамасында баяндалған сотталған (ақталған) адамның, жәбірленушілердің, куәлардың, басқа да тұлғалардың жауаптарында әртүрлі түсінуге мүмкіндік беретін түсініксіз жайлар болған кезде сот өз бастамасы бойынша немесе тараптардың өтініш жасауы бойынша осы мән-жайлар бойынша жауап алу арқылы олардың жауаптарын нақтылауға құқылы.

      411-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешімдер

       1. Сот істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде мынадай:
      1) бірінші сатыдағы соттың үкімін (қаулысын) – өзгеріссіз, ал апелляциялық (жеке) шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
      2) үкімді өзгерту туралы;
      3) үкімнің күшін жою және істі қысқарту туралы;
      4) айыптау үкімінің күшін жою және ақтау үкімін шығару туралы;
      5) айыптау үкімінің күшін жою және жаңа айыптау үкімін шығару туралы;
      6) ақтау үкімінің күшін жою және айыптау үкімін шығару туралы;
      7) үкімнің күшін жою және істі соттың жаңадан қарауына жіберу туралы;
      8) үкімнің күшін жою және істі осы Кодекстің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қосымша тергеуге жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот айыптау тарапының шағымдарында, наразылығында көрсетілген шектерде және негіздер бойынша ғана сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға құқылы.
      3. Осы Кодекстің 387-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде апелляциялық сатыдағы сот жеке қаулы шығарады.";

      53) мынадай мазмұндағы 411-1-баппен толықтырылсын:
      "411-1-бап. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте азаматтық
                  талап қоюды қарауы

      1. Апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде үкімнің азаматтық талап қою бөлігінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін де тексереді және осы Кодекстің 169-бабының талаптарын сақтай отырып шешім қабылдайды.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот сондай-ақ:
      1) үкімнің азаматтық талап қою бөлігінің күшін жоюға және осы бөлікте жаңа үкім шығаруға;
      2) үкімнің азаматтық талап қою бөлігінің күшін жоюға және істің осы бөлігін жаңадан қарауға жіберуге;
      3) үкімнің азаматтық талап қою бөлігін өзгертуге құқылы.
      3. Азаматтық талап қою бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға айыптау тараптарының шағымдарында немесе прокурордың наразылығында тиісті дәйектер болған кезде ғана жол беріледі.
      4. Апелляциялық сатының осы баптың екінші бөлігі 1) тармағының негізінде шығарған азаматтық талап қою бөлігіндегі үкіміне прокурордың кассациялық наразылығы немесе осы Кодекстің 396-бабында көрсетілген тұлғалардың кассациялық шағымы берілуі мүмкін.
      5. Апелляциялық сатының азаматтық талап қою бойынша осы баптың екінші бөлігі 2) және 3) тармақтарының негізінде шығарған шешімі үкімнің өзгертілуі деп танылады және оған кассациялық тәртіппен шағымдануға болмайды.";

      54) 413-бапта:
      екінші бөліктің 3) тармағындағы "апелляциялық саты анықтай алмайтын" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "3. Сот тергеуі олқылықтарының орнын толықтырғаннан кейін апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 411-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды.
      4. Осы Кодекстің талаптары сақтала отырып, қысқартылған тәртіппен жүргізілген сот тергеуі толық емес немесе біржақты деп қарастырылмайды және ол осы негіздер бойынша сот үкімінің (қаулысының) күшін жоюға әкеп соқпайды.";

      55) 414-бапта:
      бірінші абзацтағы "Егер" деген сөз "1. Егер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Іс материалдарын, тараптар табыс еткен және істі апелляциялық қарау барысында алынған дәлелдемелерді қарап шығып, сот істі жаңадан сот қарауына жіберместен, оларды қайтадан бағалауға және осы Кодекстің 411-бабының бірінші бөлігінде көзделген жаңа шешім қабылдауға құқылы.";

      56) 415-бапта:
      бірінші бөліктегі "Істі сот қарауы кезінде" деген сөздер "Алдын ала тергеу барысында немесе істі сотта қарау кезінде жол берілген" деген сөздермен; "ережелері бұзылып, олар" деген сөздер "ережелерін бұзушылықтар, сондай-ақ" деген сөздермен; "жасаса, соттың қаулысына, әділ үкіміне немесе өзге де шешіміне ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, бұл" деген сөздер "жасаған, сот төрелігінің үкімін немесе соттың өзге де шешімдерін шығаруға ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін заңды өзге де бұзушылықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бірінші сатыдағы сот міндетті түрде зерттелуге тиіс дәлелдемелердің зерттелмеуі салдарынан жол берген сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі жол берілетін дәлелдемелерді талқылаудан қателесіп алып тастаудың немесе тарапқа іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді зерттеуден негізсіз бас тартудың не жол берілмейтін дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесі болып табылса, үкімнің күші жойылуға немесе ол өзгертілуге жатады.";
      үшінші бөлікте:
      4) тармақта:
      "болғанда," деген сөзден кейін "сотта" деген сөзбен толықтырылсын;
      "қорғаушыға ие болу" деген сөздер "қорғалу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) үкім шығару құпиясы бұзылса;";
      9) тармақтағы "судьялардың бірі" деген сөздер "судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) тармақтағы "үкімнің" деген сөзден кейін "(қаулының)" деген сөзбен толықтырылсын;

      57) 417 және 418-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "417-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және
                сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі

      1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектен шықпағанымен, өзінің түрі мен мөлшері бойынша шектен тыс жеңілдігі немесе шектен тыс қатаңдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот жазаны жеңілдетуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға байланысты, сондай-ақ сотталған адамның іс-әрекетін қайта сараламастан неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы. Айыптау тарапының шағымдарында немесе прокурордың наразылығында тиісті дәйектер бар болған кезде және солардың шегінде ғана сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға жол беріледі. Неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану сотталушыға тағылған және бірінші сатыдағы сотта айыптау тарапынан қолдау тапқан айыптау шегінен шықпауға тиіс.
      3. Бірінші сатыдағы сот қылмысты мемлекеттік және жеке айыптаушылардың айыпты неғұрлым ауыр емес айыпқа өзгертуіне байланысты осы Кодекстің 317-бабы жетінші бөлігінің негізінде саралау туралы шешім қабылдаған жағдайларда, апелляциялық сатының неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ, алайда ол жазаның мерзімін немесе мөлшерін шағымдардағы, наразылықтағы дәйектер шегінде арттыруға не сотталған адамға үкімде көрсетілгеннен гөрі жазаның неғұрлым қатаң түрін тағайындауға құқылы.

      418-бап. Істі қысқарта отырып айыптау үкімінің күшін жою

       1. Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 3) – 10) тармақтарында және 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған жағдайда үкімнің күшін жойып, істі қысқартады.
      2. Іс осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген негіздер бойынша қысқартылған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 516-бабында көрсетілген мәселелерді шешеді және осы Кодекстің 517-бабына сәйкес қаулы шығарады.";

      58) 419-бапта:
      екінші бөлік "дау айтылмаса," деген сөздерден кейін "осы Кодекстің 415-бабында көрсетілген" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Істі аппеляциялық тәртіппен қарау кезінде мемлекеттік айыптаушының және жәбірленушілердің айыптаудан бас тартуына байланысты істі қысқарту туралы сот қаулысының күші жойылмайды.";

      59) 420-бапта:
      бірінші абзацтағы "Егер" деген сөз "1. Егер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 415-бабы үшінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 10) тармақтарында көзделген қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуына жол бергенін;";
      2) тармақ алып тасталсын;
      3) тармақтағы "немесе дұрыс шешілмегенін" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгендігі немесе дәлелденбегендігі туралы, қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін тұжырымдарды алдын ала шешуге құқылы емес.";

      60) мынадай мазмұндағы 420-1 және 420-2-баптармен толықтырылсын:
      "420-1-бап. Жаңа үкім шығара отырып үкімнің күшін жою

      1. Апелляциялық сатыдағы сот істі жаңадан сот қарауына жіберместен және осы Кодекстің 44-тарауының талаптарын сақтай отырып:
      1) осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және ақтау үкімін шығаруға;
      2) айыптау тарабының шағымы немесе наразылығы бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға;
      3) айыптау тарабының неғұрлым ауыр қылмыс немесе неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы заңды қолдану, қосымша жаза қолдану қажеттігі жөніндегі шағымын, наразылығын қанағаттандыруға негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және жаңа айыптау үкімін шығаруға құқылы.
      2. Жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегінен және басты сот талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптау шегінен шығуға құқылы емес.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары бойынша шығарылған апелляциялық сатының үкімдеріне ол жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде прокурор кассациялық наразылық немесе осы Кодекстің 396-бабында аталған тұлғалар кассациялық шағым беруі мүмкін, ал күзетпен ұсталып отырған сотталған адамдар оған үкімнің көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сондай мерзімде бере алады.
      4. Апелляциялық сатының үкімі оған кассациялық шағымдану мерзімі аяқталғаннан кейін заңды күшіне енеді, ал кассациялық шағым немесе наразылық келтірілген жағдайда, егер оның күші жойылмаса, кассациялық қаулы шығарылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

      420-2-бап. Істі қосымша тергеуге жібере отырып
                 үкімнің күшін жою

      Апелляциялық сатыдағы сот тараптардың өтініш жасауы бойынша үкімнің күшін жоюға және істі осы Кодекстің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қосымша тергеуге жіберуге құқылы.";

      61) 421-бапта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді өзгертуге:";
      3) және 5) тармақтар алып тасталсын;
      7) тармақ "тануға" деген сөзден кейін "және түзеу колониясы режимінің неғұрлым қатаң түрін тағайындауға" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 70-бабы жетінші бөлігінің б) және в) тармақтарында көзделген жағдайларда шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;";
      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақтармен толықтырылсын:
      "10) үкімге азаматтық талап қою бөлігінде, іс жүргізу шығындарын өндіріп алу мәселелері бойынша өзгерістерді, заттай дәлелдемелер туралы шешімді енгізуге;
      11) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 95-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.";
      екінші бөліктегі "осы баптың бірінші бөлігінің 3) – 9) тармақтарында көрсетілген шешімді" деген сөздер "сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      62) 422-бапта:
      екінші бөліктің 2) тармағындағы "апелляциялық алқаның" деген сөздер "соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші бөлікте:
      "бөлігінде" деген сөзден кейін "сот актісінің мәні," деген сөздермен толықтырылсын;
      "берілген" деген сөзден кейінгі "апелляциялық" деген сөз алып тасталып, "дәлелдері" деген сөз "дәйектері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші бөлікте:
      "шағымдардың, наразылықтың дәлелдері негізсіз немесе елеулі емес деп танылған негіздеме" деген сөздер "оларда баяндалған дәйектерді негізсіз деп танудың негіздері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "7-1. Жаңа үкім шығару қажеттілігіне байланысты бірінші сатыдағы сот үкімінің күші жойылған кезде апелляциялық қаулыда бірінші сатыдағы соттың үкімін заңсыз деп танудың негіздері көрсетілуге тиіс. Мұндай жағдайларда үкімнің күшін жою туралы қаулымен қатар жаңа үкім шығарылады.";
      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық үкімнің немесе қаулының мәнін өзгертпей, жіберілген айқын қате жазуларды түзету туралы және олардағы түсініксіз жағдайларды түсіндіру туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.";

      63) 423-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "423-бап. Апелляциялық қаулы шығару және оның заңды күшіне енуі

      1. Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған судья қол қояды және судья кеңесу бөлмесінен қайта оралғаннан кейін отырыс залында оқылады.
      2. Судья осы баптың бірінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, қаулының қарар бөлімін шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтіні іс қаралған күннен бастап он күн мерзімде жасалып, оған судья қол қояды.
      3. Осы Кодекстің 411-бабы бірінші бөлігінің 1) – 3), 7) және 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша шығарылған апелляциялық қаулы (бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы, үкімді өзгерту, істі қысқарта отырып, істі қосымша тергеу үшін немесе соттың жаңадан қарауына жібере отырып үкімнің күшін жою туралы) жарияланған кезден бастап заңды күшіне енеді.";

      64) 423-1-бапта:
      тақырыбы "соттың" деген сөзден кейін "үкімін," деген сөзбен толықтырылсын;
      бірінші бөліктегі "үкім шығарған" деген сөздер "бірінші сатыдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      "4. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа үкім шығарған кезде, егер оған шағымданбаса немесе наразылық берілмесе, іс кассациялық шағымдану мерзімі өткеннен кейін үкімді орындауға кірісу үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберіледі.
      5. Үкімге кассациялық шағым немесе кассациялық наразылық келтірілген жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 401-бабында, 402-бабының екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді орындайды және істі қарау үшін сол облыстық немесе оған теңестірілген соттың кассациялық сатысына жібереді.";

      65) 423-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "423-2-бап. Істі апелляциялық сатыда қайтадан қарау

      1. Егер:
      1) белгіленген мерзімде берілген, кейбір сотталған адамдарға қатысты апелляциялық шағымдар, наразылық, үкімге (қаулыға) апелляциялық шағымдану құқығы берілген процестің басқа қатысушыларының шағымдары апелляциялық сатыдағы сотқа істерді процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша қарағаннан кейін келіп түссе;
      2) шағымданудың, наразылық берудің өтіп кеткен мерзімін сот істі апелляциялық сатыда процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша қарағаннан кейін осы Кодексте көзделген тәртіппен қалпына келтірсе, осы үкімнің заңдылығын тексеру кезінде шығарылған бірінші апелляциялық қаулының күші жойылмастан істі апелляциялық сатыда қайтадан қарауға жол беріледі.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс процеске қатысушы басқа да адамдардың апелляциялық шағымдары, наразылығы бойынша қаралған жағдайда да қарауға міндетті.
      3. Егер қайтадан шығарылған қаулы апелляциялық сатыда бұрын шығарылған қаулыға қайшы келсе, тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың төрағасы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыну енгізеді.";

      66) 423-3-бапта:
      төртінші бөлікте:
      бірінші сөйлем алып тасталсын;
      "Бұл ретте, егер" деген сөздер "Егер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "5. Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы соттың шығарған үкіміне жалпы тәртіппен шағымдануға болады.";

      67) мынадай мазмұндағы 48-1-тараумен толықтырылсын:
      "48-1-тарау. Кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша
                   істерді қарау
      446-1-бап. Соттың үкімдеріне (қаулыларына) кассациялық
                 тәртіппен шағымданудың жалпы шарттары

      1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың істерді алқабилердің қатысуымен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдері (қаулылары), сондай-ақ, облыстық және оған теңестірілген соттың осы Кодекстің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қаулыларды қоспағанда, істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулылары осы тараудың қағидалары бойынша қайта қаралуға жатады.
      2. Кассациялық шағымдар, наразылықтар келтіру құқығына ие тұлғалар тобы, шағымдар, наразылықтар келтіру тәртібі және оған байланысты салдарлар осы Кодекстің 396-400, 401-402, 518-баптарында көрсетілген қағидалар бойынша айқындалады.

      446-2-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

      Кассациялық сатыдағы сот үкімді (қаулыны) шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын сақтауын тексереді және соның негізінде үкімнің (қаулының) заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексереді.

      446-3-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық

       1. Кассациялық шағымда немесе наразылықта:
      1) шағым немесе наразылық жолданған соттың атауы;
      2) шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға туралы, оның іс жүргізудегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері көрсетілген деректер;
      3) шағымдалып немесе наразылық беріліп отырған үкім немесе өзге де шешім және осы шешімді шығарған соттың атауы;
      4) қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңын дұрыс қолданбаудың неге байланысты екені және ол сот шешімінің мәніне қалай әсер еткені, өтініштің неден тұратыны көрсетіліп, шағым немесе наразылық берген тұлғаның дәйектері;
      5) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелетін материалдардың тізбесі;
      6) шағым немесе наразылық авторының қолы болуға тиіс.
      2. Егер келтірілген шағым, наразылық осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін ресімдеу үшін мерзімі көрсетіліп кері қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейін кассациялық шағым, наразылық аталған мерзім ішінде сотқа табыс етілмесе, олар берілмеген болып есептеледі.
      3. Соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкіміне шағым жасалған жағдайда, кассациялық шағымда (наразылықта) апелляциялық сатының бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойған қаулысымен келісетіні немесе келіспейтіні туралы дәлелдер көрсетілуге тиіс.

      446-4-бап. Істі кассациялық сатыда қарау мерзімдері

      Іс кассациялық сатыға келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. Бұл мерзім істің қиындығына немесе көлемінің үлкендігіне байланысты, сондай-ақ өзге де дәлелді себептер болған кезде істі қарайтын соттың қаулысымен, бірақ әр ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      446-5-бап. Кассациялық сатыдағы сот отырысын белгілеу

       1. Іс кассациялық шағыммен немесе наразылықпен бірге келіп түскен кезде сот төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша алқа төрағасы істерді бөлу тәртібіне сәйкес істің қаралатын күнін белгілеп, оны судьяға зерделеу үшін береді.
      2. Тараптарға істің кассациялық сатыда қаралатын уақыты мен орны туралы хабарланады. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамды шақырту туралы мәселені кассациялық сатыдағы сот шешеді. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде кассациялық сатының сот отырысына қатысу туралы өтініш түскен кезде, кассациялық сатыдағы сот істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып қарау туралы қаулы шығарады, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.
      3. Кассациялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген тұлғалардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Кассациялық сатыдағы соттың отырысына прокурордың қатысуы міндетті.
      4. Кассациялық шағымдар, наразылықтар келтіру құқығы бар тұлғалар, сондай-ақ үкім (қаулы) шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі кассациялық сатыдағы соттың отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша берілген шағымдарды немесе наразылықтарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.

      446-6-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі

      Судья істі тыңдауға дайындау кезінде немесе сот кассациялық шағыммен немесе наразылықпен бірге келіп түскен істі қарау кезінде өз бастамасы немесе тараптардың өтініш жасауы бойынша:
      1) сотталған адамның денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы сотталғандығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етіп алуға;
      2) заңның қолданылатын уақыт кеңістіктігін айқындау үшін және бірінші сатыдағы сот істі шешкен кезде қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын дұрыс қолданғанын айқындау үшін қажетті мәліметтерді талап етіп алуға құқылы.

      446-7-бап. Кассациялық сатының істерді қарау тәртібі

       1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кассациялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды.
      2. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс және кімнің кассациялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын тұлғалардың және сот отырысына қатысып отырған тұлғалардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін хабарлайды және отырысқа қатысып отырған тұлғаларға істі кассациялық сатыда қарау кезіндегі құқықтарын түсіндіреді.
      3. Төрағалық етуші іс бойынша процеске қатысушылардан бас тартуы мен жасайтын өтініштерінің бар-жоғы туралы сұрайды және сот оларды қарау нәтижелері бойынша осы Кодекстің 325-бабында көзделген тәртіппен қаулы шығарады.
      4. Істі қарау кассациялық шағым немесе наразылық берген процеске қатысушының сөйлейтін сөзінен басталады. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, төрағалық етуші тараптардың пікірін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Процеске қатысушылар сөйлеген сөздерінде бірінші сатыдағы немесе апелляциялық сатыдағы соттың заңды қолданудағы бұзушылықтарға байланысты кассациялық қарау нысанасына жататын қандай мән-жайларға жол бергенін, оның неден көрінгенін және іс бойынша қабылданған шешімнің мәніне қалай әсер еткенін көрсетеді.
      5. Кассациялық шағымда немесе наразылықта келтірілген дәйектерді растау немесе теріске шығару үшін сөз сөйлеушілер кассациялық сатыға қосымша материалдар беруге, бұл ретте олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттігі неге байланысты туындағанын хабарлауға құқылы. Қосымша материалдарды тергеу іс-әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды. Сот тараптардың пікірін тыңдап, қосымша материалдарды қабылдау немесе қабылдамау туралы қаулы шығарады. Істің шешілуі үшін маңызы бар қосымша материалдар, егер мұндай материалдардағы деректер немесе мәліметтер қосымша тексеруді талап етпесе, үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болуы мүмкін. Өзге жағдайларда қосымша материалдар сот үкімінің (қаулысының) күшін жойып, істі бірінші саты бойынша жаңадан соттың қарауына жіберу үшін негіз болуы мүмкін.
      6. Сот отырысының тәртіптемесі және оны бұзушыларға қатысты қабылданатын шаралар осы Кодекстің 326 және 327-баптарының қағидаларында айқындалады. Судьялардың кеңесу және шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 370-бабының қағидаларында айқындалады. Қаулыны қабылдаудан бұрын судьялардың кеңесуі болады.

      446-8-бап. Кассациялық саты қабылдайтын шешімдер

      Істі кассациялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот өз қаулысымен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) үкімді (қаулыны) өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
      2) үкімнің күшін жойып, істі қысқартады;
      3) үкімді өзгертеді;
      4) үкімнің (қаулының) күшін жойып, істі алдын ала тыңдау немесе басты сот отырысы сатысынан бірінші сатыдағы сотқа не апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарау бойынша талқылау сатысынан апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот талқылауына жібереді;
      5) үкімнің күшін жояды және істі осы Кодекстің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қосымша тергеуге жібереді;
      6) осы Кодекстің 387-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде жеке қаулы шығарады.

      446-9-бап. Кассациялық сатының үкімнің (қаулының) күшін жою
                 немесе оны өзгерту негіздері

      Үкімнің (қаулының) күшін кассациялық тәртіппен жоюға немесе оны өзгертуге:
      1) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
      2) қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы;
      3) үкімнің әділетсіздігі негіз болып табылады.

      446-10-бап. Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы

      Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы:
      1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінің талаптарын бұзу;
      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің қолданылуға жататын бабынан немесе бабының бөлігінен (тармағынан) басқасын қолдану;
      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің осы бабының санкциясында көзделгеннен гөрі неғұрлым қатаң жаза тағайындау болып табылады.

      446-11-бап. Қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы

       1. Істі сотта қарау кезінде осы Кодекстің принциптері мен өзге де жалпы ережелерін іске қатысушы тұлғаларды заңда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым жасау, сот ісін жүргізу рәсімдерін сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге кедергі келтіретін, сот төрелігі үкімін шығаруға ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін бұзушылықтар қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзу деп танылады.
      2. Егер сот осы Кодекстің 415-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берсе, онда үкімнің күші барлық жағдайда да жойылуға жатады.

      446-12-бап. Үкімнің әділетсіздігі

       1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 52-бабының талаптарына сәйкес келмейтін жаза тағайындалған үкім әділетсіз деп танылады.
      2. Кассациялық сатыдағы сот неғұрлым жеңіл қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдана отырып немесе қылмыстың саралануын өзгертпестен үкімді жазаны жеңілдету жағына қарай өзгерте алады.
      3. Егер үкім негізсіз ақтау, неғұрлым жеңіл қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану немесе жазаның шамадан тыс жеңілдігі салдарынан әділетсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот осы негіздер бойынша келтірілген прокурордың наразылығы немесе жәбірленушінің, оның өкілінің шағымы болған кезде үкімнің күшін жоюға және істі тиісінше бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жіберуге құқылы.

      446-13-бап. Істі қысқарта отырып айыптау үкімінің күшін жою

      Сот істі кассациялық тәртіппен қарай отырып, осы Кодекстің 37-бабының бірінші бөлігінде және 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жояды және істі қысқартады.

      446-14-бап. Ақтау үкімінің күшін жою

       1. Кассациялық сатыда ақтау үкімінің күші тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбірленушінің немесе оның өкілінің шағымы бойынша, сондай-ақ сот арқылы ақталған адамның ақталу негіздерімен келіспеген шағымы бойынша ғана жойылуы мүмкін.
      2. Егер ақталған адамның кінәсіздігі немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің мәні күмән туғызбаса, ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін қылмыстық іс жүргізу заңы елеулі бұзылды деген себеппен жоюға болмайды.

      446-15-бап. Істі жаңадан соттың талқылауына жібере отырып
                  үкімнің күшін жою

       1. Кассациялық саты үкімнің заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылғанын анықтаған жағдайда, үкімнің күші жойылып, іс үкім шығарған соттың жаңадан, бірақ судьялардың өзге құрамымен талқылауына жіберілуге жатады.
      2. Осы Кодекстің 446-12-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша да істі жаңадан сот қарауына жібере отырып, үкімнің күші жойылуы мүмкін.
      3. Бұл ретте кассациялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін тұжырымдарды алдын ала шешуге құқылы емес.

      446-16-бап. Істі қосымша тергеуге жібере отырып күшін жою

      Кассациялық сатыдағы сот негіздер болған кезде тараптардың өтініштер жасауы бойынша үкімнің күшін жоюға және осы Кодекстің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша істі қосымша тергеуге жіберуге құқылы.

      446-17-бап. Yкімді өзгерту

       1. Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық заңды дұрыс қолданбаған жағдайда кассациялық сатыдағы сот сотталған адамға неғұрлым жеңіл қылмыс туралы заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы, бірақ ол неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдана алмайды және тағайындалған жазаны күшейте алмайды.
      2. Кассациялық сатыдағы сот, егер шамадан тыс қатаңдығы салдарынан жазаны әділетсіз деп таныса, сотталған адамға тағайындалған жазаны саралануын өзгертпестен төмендетуге құқылы.
      3. Кассациялық сатыдағы сот, егер жаза мөлшерін ұлғайту арифметикалық қателерді немесе алдын ала күзетпен ұстау мерзімін есептеу кезіндегі қателерді жоюға байланысты болса, қылмыстар мен үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындауды реттейтін қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерін ұлғайтуға  құқылы. Кассациялық сатыдағы сот, сотталған адамға түзеу мекемесінің заңда көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл түрінің үкімде дәлелденбей тағайындалуының күшін жоюға және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес түзеу мекемесінің түрін тағайындауға құқылы.
      4. Кассациялық сатыдағы сот осы баптың үшінші бөлігінде көзделген өзгерістерді, егер осы негіздер бойынша прокурордың наразылығы енгізілсе немесе жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің шағымдары берілген жағдайда ғана енгізуге құқылы.

      446-18-бап. Кассациялық қаулының мазмұны

       1. Кассациялық қаулы кіріспе, сипаттамалық-дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.
      2. Қаулының кіріспе бөлігінде:
      1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
      2) қаулыны шығарған соттың атауы және кассациялық алқаның құрамы;
      3) кассациялық шағым берген немесе кассациялық наразылық келтірген тұлғалар;
      4) істі кассациялық сатыда қарауға қатысқан тұлғалар көрсетілуге тиіс.
      3. Қаулының сипаттамалық-дәлелдеу бөлігінде шағым берген немесе наразылық келтірген тұлғалардың дәйектері, кассациялық сатыдағы сотқа қатысқан басқа тұлғалардың қарсылықтары, сондай-ақ қабылданған шешімнің себептері қысқаша баяндалуға тиіс. Егер шағым немесе наразылық қанағаттандырылмай қалдырылса, шағымдардың немесе наразылықтың дәйектерін негізсіз немесе елеулі емес деп танудың негіздері көрсетіледі.
      Yкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда, қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны және бұл бұзушылықтың неден тұратыны; бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот тағайындаған жазаны әділетсіз деп танудың негіздері көрсетіледі. Іс жаңадан сот талқылауына жіберілген жағдайда қандай заң бұзушылықтар жойылуға тиіс екені көрсетіледі. Бұл ретте кассациялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы және бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші, апелляциялық сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын шешуге құқылы емес.
      4. Қаулының қарар бөлігінде кассациялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі.

      446-19-бап. Кассациялық қаулы шығару

      Кассациялық қаулы осы Кодекстің 423-бабында көзделген талаптар сақтала отырып, кеңесу бөлмесінде шығарылады.

      446-20-бап. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысын орындауға
                  кірісу

       1. Кассациялық сатының қаулысы ол шығарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей, іспен бірге үкім шығарған сотқа орындау үшін жіберіледі. Іс қосымша тергеуге жіберілген жағдайда кассациялық сатының қаулысы іспен бірге тиісті прокурорға жіберіледі. Бұл жағдайда үкім шығарған сотқа кассациялық саты қаулысының көшірмесі жіберіледі.
      2. Сотталған адам күзетпен ұстаудан босатылуға жататын қаулы, егер сотталған адам кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысып отырса, осы бөлігінде дереу орындалады. Өзге жағдайларда кассациялық қаулының көшірмесі немесе кассациялық қаулының қарар бөлігінің үзінді-көшірмесі сотталған адамды күзетпен ұстаудан босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне дереу жіберіледі.

      446-21-бап. Істі кассациялық сатыда қайтадан қарау

       1. Егер қандай да бір себептер бойынша кейбір сотталған адамдарға қатысты белгіленген мерзімде немесе шағымданудың өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіргеннен кейін берілген шағым немесе наразылық кассациялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты іс қаралып кеткеннен кейін келіп түссе, сондай-ақ егер сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе заңды өкілінің  кассациялық шағымы, осы сотталған адамға қатысты іс процеске басқа қатысушының кассациялық шағымы немесе прокурордың наразылығы бойынша қаралып кеткеннен кейін келіп түскен болса, кассациялық сатыдағы сот мұндай шағымды немесе наразылықты қарауға және ол бойынша қаулы шығаруға міндетті.
      2. Егер қайта шығарылған қаулы бұрын шығарылған қаулыға қайшы келсе, кассациялық сатыдағы сот істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.

      446-22-бап. Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін істі
                  бірінші саты бойынша қарау

       1. Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады.
      2. Егер айыптау тарабының кассациялық шағымында, наразылығында осындай өтініш болса және оны кассациялық сатыдағы сот бастапқы үкімнің күшін жою негіздерінің бірі ретінде көрсетсе, бірінші сатыдағы соттың істі жаңадан қараған кезінде жазаны күшейтуіне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануына жол беріледі.
      3. Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы сот:
      1) егер айыптау тарабының шағымы, наразылығы бойынша үкімнің осы бөлігінің күші жойылмаса, сотталған адамды айыптаудың бастапқы үкімде алып тасталған бөлігінде кінәлі деп тануға;
      2) егер бастапқы үкімнің күші айыптау тарабының шағымы, наразылығы бойынша жойылғанымен, ол осы негіздерге байланысты болмаса, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеуді немесе неғұрлым қатаң режимдегі колонияда жазаны өтеуді тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы емес.

      446-23-бап. Істі жаңадан қарау кезіндегі жаза тағайындаудың
                  шектері

      Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы сот шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағымдануға болады. Бұл ретте, егер бірінші үкімнің күші сотталған адамды қорғаған шағым, наразылық бойынша жойылса, ал екінші үкімнің күші айыптау тарабының жазаның жеңілдігіне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттілігіне байланысты берілген шағымы, наразылығы бойынша жойылса, істі үшінші рет қарап жатқан сот екінші үкімге қарағанда неғұрлым қатаң жаза тағайындауы немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ ол бірінші үкімге қарағанда жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы емес.";

      68) 447-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "447-бап. Үкімнің заңды күшіне енуі және оны орындауға кірісу

       1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты, облыстық соттың апелляциялық сатысы шығарған бірінші сатыдағы сот үкімдері, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық берілмесе, тиісінше апелляциялық немесе кассациялық шағымдану немесе наразылық беру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындалуға жатады.
      2. Іс апелляциялық, кассациялық сатыда қайта қаралған жағдайда егер үкім бұзылмаса, ол апелляциялық немесе тиісінше кассациялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық, кассациялық шағымдар, наразылық апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, үкім көрсетілген сатылардың шағымның, наразылықтың кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізудің қысқартылғаны туралы қаулылары шығарылған күні заңды күшіне енеді.
      3. Бірінші сатыдағы сот үкім заңды күшіне енген немесе іс апелляциялық сатыдағы соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға кіріседі.
      4. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабында белгіленген мерзімде орындалмаса, жазаны өтеуден босатылады.
      5. Егер сот ақтау үкімін шығарса не сотталушы адам жаза тағайындалмай сотталса немесе жазадан босатылса не бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесілсе, ал үкім шығарылғанға дейін ол күзетпен ұсталған болса, мұндай шешім шығарған сот оны дереу күзетпен ұстаудан босатады.";

      69) 448-бапта:
      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Апелляциялық сатыдағы соттың осы Кодекстің 411-бабы бірінші бөлігінің 1) – 3), 7) және 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша шығарған қаулысы, сондай-ақ кассациялық сатының қаулысы жария етілген кезден бастап күшіне енеді.
      5. Апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттың қаулылары осы Кодекстің 423-1-бабында көзделген тәртіппен орындалады.";
      алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Соттың жеке қаулысы заңды күшіне енген кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзім өткен соң басқару функцияларын орындайтын тиісті лауазымды адамға жіберіледі.";

      70) 449-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Апелляциялық сатының үкімін орындау туралы хабарлама бірінші сатыдағы тиісті сотқа жіберіледі.";

      71) 454-бапта:
      екінші бөліктегі "атаулас сот" деген сөздер "сол деңгейдегі сот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші және төртінші бөліктер "бойынша" деген сөздерден кейін "аудандық және оған теңестірілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      72) 50-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "50-тарау. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау";

      73) 458 және 459-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      458-бап. Заңды күшіне енгеннен кейін қайта қаралуы мүмкін сот
               актілері

      1. Заңды күшіне енгеннен кейін:
      1) бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары;
      2) кассациялық сатыдағы соттың қаулылары сот қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
      2. Мемлекеттік айыптаушының және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына және оның мерзімін ұзартуға санкция беру мәселелері бойынша, анықтауды немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыратын тұлғалардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне немесе прокурордың істі алдын ала тергеу сатысындағы іс-әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымдарды шешу жөнінде шығарылған, заңды күшіне енген сот қаулылары қадағалау тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.
      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты алқасының қаулылары түпкілікті болып табылады. Олар қабылданған қаулының адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.

      459-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта
               қарау негіздері

       1. Тергеу немесе істі сотта қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілуі не заңның:
      1) кінәсізді соттауға;
      2) ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз қысқартуға;
      3) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
      4) сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сай келмеуіне;
      5) үкімді орындау тәртібімен заңсыз немесе негізсіз қаулы шығаруға;
      6) қылмыстың қайталану түрі мен түзеу колониясы режимінің түрін дұрыс айқындамауға;
      7) азаматтық талап-арызды қоюды дұрыс шешпеуге;
      8) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыларды заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға әкеп соққан дұрыс қолданылмауы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарауға негіз болып табылады.
      2. Заңды күшіне енген сот актілері, егер:
      1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекет қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болса;
      2) адамды өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға соттау жөніндегі үкім кассациялық қарау нысанасы болмаса;
      3) осы Кодекстің 423-2-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыну бар болса, қайта қаралады.
      3. Өлім жазасы туралы заңды күшіне енген үкімдер де өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін қайта қаралуы мүмкін.";

      74) 460-бапта:
      тақырып, бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "460-бап. Соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын
                қайта қарау туралы өтініш жасауға, соттардың заңды
                күшіне енген үкімдері мен қаулыларына наразылық
                беруге құқығы бар тұлғалар

      1. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау туралы жолданымдар өтініш жасау деп аталады және оларды апелляциялық және кассациялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар бере алады.
      2. Бас Прокурор заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау туралы наразылық келтіруге құқылы.
      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар қылмыстық істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алуы мүмкін.";
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      төртінші бөлікте:
      "Шағымды" деген сөз "Өтінішті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "алуы, наразылықты сондай-ақ жоғары тұрған прокурор кері қайтарып" деген сөздер алып тасталсын;

      75) 461 және 462-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "461-бап. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдану
                мерзімдері

      1. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталушының кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ неғұрлым жеңіл қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты, жазаның қатаң болғаны үшін немесе сотталушының жағдайын жақсартуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша қайта қарау туралы өтініш, наразылық беру мерзіммен шектелмейді.
      2. Заңды күшіне енген ақтау үкімі, айыптау үкімі не соттың істі қысқарту туралы қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін алты ай ішінде оларды неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігі себептері бойынша, жазаның жеңіл болғаны үшін немесе сотталушының жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша қайта қарау туралы өтініш, наразылық беруге жол беріледі.
      3. Соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы заңды күшіне енген қаулысына өтініш, наразылық олар заңды күшіне енген күннен бастап он бес тәуліктің ішінде берілуі мүмкін.

      462-бап. Заңды күшіне енген соттың үкімін, қаулысын қайта қарау
               туралы өтінішті, наразылықты беру тәртібі

      1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш, наразылық Жоғарғы Сотқа жазбаша түрде беріледі. Өтініште, наразылықта осы Кодекстің 407-бабында тізбеленген мән-жайлардан басқа, іс бойынша іс жүргізу кезінде заңды қандай бұзушылықтарға жол берілгені және ол бұзушылықтардың шығарылған сот шешімдерінде қалай көрініс тапқаны және шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау үшін осы Кодекстің 459-бабында атап тізбеленген қандай негіздердің бар екені көрсетілуге тиіс.
      2. Өтінішке, наразылыққа шағым жасалып отырған сот шешімдерінің көшірмелері және өтініш, наразылық дәйектерінің негізділігін растайтын өзге де материалдар қоса тіркелуге тиіс.
      3. Соттардың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына берілген, өзге де мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық ұйымдарға жолданған өтініштер Жоғарғы Соттың іс жүргізуіне қабылданбайды.
      4. Осы Кодекстің 466-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштің, наразылықтың берілуі олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      76) 462-1-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "462-1-бап. Өтініштерді, наразылықты қарамай қайтару";
      бірінші абзацтағы "Қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы" деген сөздер "1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш, наразылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) – 4) тармақтардағы "қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы", "қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын" деген сөздер тиісінше "өтініш, наразылық", "өтінішті, наразылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақ алып тасталсын;
      6) тармақтағы "қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 458-бабына" деген сөздер "өтініш, наразылық осы Кодекстің 458-бабының екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші абзац алып тасталсын.
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Өтінішті, наразылықты қайтару үшін негіз болған осы баптың бірінші бөлігінің 1) – 2) тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде жаңадан берілуі мүмкін.";

      77) 463-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "463-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы
                өтінішті алдын ала қарау

      1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішті Жоғарғы Сот Төрағасының немесе алқа төрағасының тапсырмасы бойынша құрамы үш судьядан тұратын сот алдын ала зерделейді және қарайды. Қажет болған жағдайда қылмыстық іс талап етіліп алынуы мүмкін.
      Егер істі талап етіп алу кезінде сот істі қабылдап алған болса және ол бойынша сот талқылауы басталса немесе қосымша тергеу жүргізіліп жатқан болса, соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулысына өтініштің, наразылықтың дәйектерін тексеру үшін істі талап етіп алуға болмайды.
      2. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс талап етіліп алынған жағдайда – іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.
      3. Өтініштің алдын ала қаралатын күні туралы прокурорға, сондай-ақ өтінішті берген тұлғаға хабарланады, алайда олардың келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғаудың негізі бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.";

      78) 464-бапта:
      тақырыбындағы, бірінші және екінші бөліктеріндегі "Қадағалау шағымын", "қадағалау шағымын", "қадағалау шағымында" деген сөздер тиісінше "Өтінішті", "өтінішті", "өтініште" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Өтініштің алдын ала қаралу нәтижелері жөнінде оны берген тұлғаға хабарланады.";

      79) 465-баптың бірінші бөлігіндегі "қадағалау шағымының" деген сөздер "заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      80) 467-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "467-бап. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі, қадағалау
                сатысы сотының шешімдері

      1. Қадағалау сатысының сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтініші (наразылығы) бойынша қайта қаралатынын, сот құрамына кімдердің енетінін және сот отырысы залында процеске қатысушылардың қайсысы келіп отырғанын хабарлауымен ашылады. Істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген өтініш (наразылық) берген тұлғаның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Прокурордың қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы міндетті.
      2. Мәлімделген бас тартулар мен өтініштер шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда төрағалық етуші өтініш (наразылық) берген процеске қатысушыға сөз береді. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, онда олар өздері ұсынған сөз сөйлеу кезектілігін соттың назарына жеткізеді. Егер олар өзара келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.
      3. Өтінішті (наразылықты) берген тұлға, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің неге байланысты заңсыз, негізсіз, әділетсіз болып табылатыны туралы дәлелдері мен дәйектерін айтып береді. Содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
      4. Егер өтінішті қорғау тарабы берген болса, онда алғашқы сөзді оның өкілдері болып табылатын процеске қатысушылар алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздері қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес не ондай уағдаластық болмаған жағдайда, соттың шешімімен белгіленеді.
      5. Егер өтінішті (наразылықты) айыптау тарабы берген болса, онда оның өкілдері бірінші болып сөз алады, содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
      6. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот осы Кодекстің 370-бабының талаптарын сақтай отырып, кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) соттың үкімін, қаулысын – өзгеріссіз, ал оларды қайта қарау туралы өтінішті, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
      2) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардың қаулысын өзгертеді;
      3) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі қысқартады;
      4) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі жаңадан сот қарауына жібереді;
      5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық және кассациялық тәртіппен шығарылған қаулылардың күшін жояды.
      Егер сот істі қабылдап алған болса және ол бойынша сот  талқылауы басталса немесе қосымша тергеу жүргізіліп жатқан болса, соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулысының күшін жою туралы шешім қабылдана алмайды.
      7. Үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге осы Кодекстің 412-бабында көрсетілген мән-жайлар негіз болып табылады.
      8. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың қаулылары, егер осы қаулы арқылы бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған не жоғары тұрған сот іс бойынша осының алдындағы қаулылардың немесе үкімнің күшін заңсыз және негізсіз жойған немесе оларды өзгерткен деп танылған болса, не егер істі жоғары тұрған сотта қарау кезінде қабылданатын шешімнің дұрыстығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін заңды елеулі түрде бұзуға жол берілсе, күші жойылуға немесе өзгертілуге жатады.
      9. Егер істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде істі заңсыз қысқартуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық қаулының күшін жоюға және бірінші сатыдағы соттың үкімін, апелляциялық қаулыны өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.
      10. Сот сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдетуі немесе неғұрлым жеңіл қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ ол жазаны күшейтуге не неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы емес, сондай-ақ сот талқылауының нысанасы болмаған фактілерді анықтауға немесе оларды дәлелденген деп есептеуге құқылы емес.
      11. Іс жаңадан қарауға жіберілген жағдайда сот: айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін тұжырымдарды алдын ала шешуге құқылы емес.
      12. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемінде тексереді. Сот актісіне өтініште (наразылықта) көрсетілмеген негіздер бойынша, сондай-ақ өздері жөнінде өтініш (наразылық) берілмеген басқа сотталған адамдарға қатысты өзгерістер енгізуге, егер бұл ретте сотталған адамдардың жағдайы нашарламайтын болса, өзі жөнінде өтініш берілген сотталған адаммен бірге қатысып жасалған қылмыстың саралануын өзгерткен кезде жол беріледі. Сот жағдайды нашарлататын шешімді тек прокурордың наразылығында немесе өтініште көрсетілген сотталған адамдарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның өтініші немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің өтініші бойынша нашарлатуға құқылы емес.";

      81) 469-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Төмен тұрған сатыдағы сот істі қайтадан қараған кезде қадағалау сатысындағы соттың нұсқаулары міндетті.";
      екінші бөліктегі ", қадағалау сатысындағы" деген сөздер "сатыдағы" деген сөзбен ауыстырылып, ", сондай-ақ егер үкімнің күші жойылған соң істі жаңадан тексеру кезінде айыпталушының басқа да неғұрлым ауыр қылмыстар жасағандығын айғақтайтын жағдаяттар анықталатын" деген сөздер алып тасталсын;

      82) 470-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "470-бап. Соттың істі жаңадан қараған кезде шығарған үкімін
                және қаулысын қайта қарау туралы өтініш (наразылық)
                келтіру

      Бұрынғы үкімнің немесе қаулының күшінің жойылуына байланысты шығарылған жаңа үкімді немесе қаулыны қайта қарау туралы өтініш (наразылық) соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою себептеріне қарамастан жалпы негіздерде берілуі мүмкін.";

      83) мынадай мазмұндағы 470-1 және 470-2-баптармен толықтырылсын:
      "470-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы
                  отырысын тағайындау

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскеннен кейін Жоғарғы Соттың Төрағасы жалпы отырысты шақырады. Жалпы отырыстың хатшысы жалпы отырыстың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жалпы отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды.

      470-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы
                 отырысының ұсынуды немесе наразылықты қарау тәртібі

       1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ұсынуды немесе наразылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы немесе Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ұсынуды не наразылықты енгізудің осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндайды.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер болған кезде істі мәні бойынша қарау үшін сот отырысын тағайындайды.
      4. Істі мәні бойынша қарау судьяның ұсынудың мән-жайлары және негіздері туралы баяндамасымен не прокурордың наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен басталады. Істі одан әрі қарау осы Кодекстің 467-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.";

      84) 476-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "476-бап. Соттың іс бойынша іс жүргізуді жаңғырту туралы
                мәселені шешуі

      1. Сот шешімдерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы сот жүзеге асырады. Егер іс бойынша апелляциялық немесе кассациялық сатылардың қаулысы шығарылған болса, сот шешімдерін қайта қарауды тиісінше көрсетілген сатылар жүзеге асырады. Егер іс қадағалау тәртібімен қаралған болса, сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау Жоғарғы Сотта қаралады. Тиісінше көрсетілген сот сатылары прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды қарайды.
      2. Сот отырысында және апелляциялық сатыда прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғырту туралы қорытындысын судьялар жеке-дара, ал кассациялық және қадағалау сатыларында көрсетілген сатыларда іс қарау үшін белгіленген қағидалар бойынша алқалы түрде қарайды.";

      85) 515-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "515-бап. Сотта іс жүргізу

      1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді бірінші сатыдағы соттар қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне, қаулысына берілген апелляциялық шағымдар немесе наразылық бойынша қылмыстық істі қараған кезде қарауы мүмкін.
      2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс сотқа келіп түскеннен кейін судья оны осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша сот отырысында қарауға тағайындайды.
      3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде соттың құрамы осы Кодекстің 58-бабына сәйкес айқындалады.";

      86) 518-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "518-бап. Соттың қаулысына шағымдану және наразылық беру

      1. Аудандық және оған теңестірілген соттың қаулысына – осы Кодекстің 47-тарауында көзделген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен, ал апелляциялық сатыдағы соттың осы Кодекстің 418-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда шығарған қаулысына кассациялық сатыға қорғаушы, жәбірленуші мен оның өкілі, ісі қаралған тұлғаның заңды өкілі немесе жақын туысы шағымдануы, сондай-ақ прокурор наразылық беруі мүмкін. Осы Кодекстің 511-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам істі сотта талқылауға қатысқан жағдайда ол, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ауруының сипаты мен ауыртпалығы бұған кедергі жасамаса, сот қаулысына шағымдануға құқылы.
      2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы осы Кодекстің 49-тарауында көзделген тәртіппен орындауға беріледі.";

      87) 519-баптың бірінші бөлігіндегі "немесе осы шараны қолдану орны бойынша үш судьядан тұратын алқа құрамындағы сот" деген сөздер "қарайды, ал егер медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану осы соттың қызмет ету аумағынан тыс жерде жүзеге асырылса – осы шараны қолдану орны бойынша тиісті сот" деген сөздермен ауыстырылсын;

      88) 543-бапта бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 165, 166, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар бойынша істерді, сондай-ақ көрсетілген әрекеттерді есі дұрыс емес күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жүйке ауруына ұшыраған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.
      2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған болса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 165, 166, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда, аса ауыр қылмыстардың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісінің сотта алқабилердің қатысуымен қаралуына құқығы бар.";

      89) 544-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "544-бап. Алқабилер қатысатын сот құрамы

      Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта алқабилердің қатысуымен сот бір судьяның және он алқабидің құрамында әрекет етеді.";

      90) 546-бапта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Айыпталушыға алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарлаған және істің барлық материалдарын танысу үшін ұсынған кезде, сондай-ақ келесі кезеңде, оның ішінде сотта істі алдын ала тыңдауда, бірақ соттың басты сот талқылауын тағайындауына дейін оның істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш мәлімдеуге құқығы бар.";
      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Кейіннен мәлімделген өтінішті айыпталушы жазбаша түрде береді және ол соттауына осы іс жататын сотқа дереу жіберіледі.";
      бесінші бөліктегі "Бұдан әрі" деген сөздер "Сот басты сот талқылауын тағайындағаннан кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      91) 552-баптың екінші бөлігінде:
      2) тармақтағы "сотта ілеспе аударма қамтамасыз етілмеген кезде," деген сөздер алып тасталып, "білмейтін адамды" деген сөзден кейін ", мылқау, саңырау, зағип адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақтағы "мылқау, саңырау, зағип және" деген сөздер алып тасталсын;

      92) 555-баптағы "он алтыдан", "он алты", "он бір", "он бірі" деген сөздер тиісінше "он жетіден", "он жеті", "он екі", "он екісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      93) 556-баптағы "тоғыз", "он бір" деген сөздер тиісінше "он", "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      94) 562-баптың төртінші бөлігі "Төрағалық етуші" деген сөздерден кейін "сұрақ қойған алқабиге өзінің бас тарту себебін жариялай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      95) 564-баптың бірінші бөлігіндегі "сөз" деген сөз "жарыссөздің әрбір бөлігінде сөздер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      96) 568-баптағы "судьялар", "Судьялар" деген сөздер тиісінше "судья", "Судья" деген сөздермен ауыстырылсын;

      97) 569-бапта:
      бірінші бөліктегі "судьялар мен" деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші, төртінші және алтыншы бөліктердегі "Судьялар", "судьялардың" деген сөздер тиісінше "Судья", "судьяның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші бөліктегі "судья" деген сөз алып тасталсын;
      оныншы бөліктегі "судьялар" деген сөз "судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он бірінші бөлікте:
      "Судьялар" деген сөз "Судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Кодекстің 371-бабы бірінші бөлігінің 9) – 13), 15) – 18) тармақтарында және бесінші бөлігінде көзделген мәселелерді судья дербес қарайды.";
      он үшінші бөліктегі "судьялар" деген сөз "судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он төртінші бөлікте:
      "Судьялар", "судьялар" деген сөздер тиісінше "Судья", "судья" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және ол іс материалдарына қоса тігіледі" деген сөздермен толықтырылсын;

      98) 61-тараудың тақырыбындағы "Апелляциялық" деген сөз "Кассациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      99) 574-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "574-бап. Алқабилердің қатысуымен сот шығарған, заңды күшіне
                енбеген үкімдер мен қаулыларға шағымдану және
                наразылық беру

      Алқабилер қатысуымен соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық беру тәртібі, осы тарауда белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, осы Кодекстің 48-1-тарауында көзделген қағидалармен айқындалады.";

      100) 575-бапта:
      баптың тақырыбындағы және мәтіні бойынша "апелляциялық", "Апелляциялық" деген сөздер тиісінше "кассациялық", "Кассациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) осы Кодексте көзделген қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзу;";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
      "5) төрағалық етуші:
      алқабилер алқасын қалыптастырған кезде;
      алқабилердің қатысуымен талқылануға жатпайтын мәселелерді талқылаған кезде;
      алқабилердің шешуіне жататын мәселелерді тұжырымдаған кезде;
      сот жарыссөздерін жүргізген кезде;
      төрағалық етушінің алқабилерге арнаған сөзінде жіберген, сот төрелігі үкімінің шығарылуына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін бұзушылықтар негіз болып табылады.";
      үшінші бөлігіндегі "жағдайларын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      101) 576-баптағы "4), 6) тармақтарында және екінші бөлігінде" деген сөздер "6) және 7) тармақтарында және екінші бөлігінің 1), 2) тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж. № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат, № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат;  № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж.,  № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "өтінім", "өтінімдері", "өтінімімен", "өтінімі", "өтінімде", "өтінімін", "өтінімді", "өтінімдерін", "өтінімімен", "өтінімнің", "өтінімдерді", "Өтінім", "өтініммен", "өтініміне", "өтінімге", "өтінімдер" деген сөздер тиісінше "өтініш", "өтініштері", "өтінішімен", "өтініші", "өтінішінде", "өтінішін", "өтінішті", "өтініштерін", "өтінішімен", "өтініштің", "өтініштерді", "Өтініш", "өтінішпен", "өтінішіне", "өтінішке", "өтініштер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-бап. Аудандық (қалалық) соттың және оған теңестірілген
               соттардың соттауына жататын азаматтық істер

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі.";

      3) 28 және 29-баптар алып тасталсын;

      4) 30-бапта:
      бірінші бөліктегі ", осы Кодекстің 28-бабының бірінші бөлігінің 3), 4) тармақшаларында, екінші және үшінші бөліктерінде, 29-бапта көзделген істерді қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-4-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-4. Мамандандырылған қаржылық сот Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы лауазымды адамдарының және органдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының шағымдануы туралы азаматтық істерді, егер тараптардың бірі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болса, басқа да азаматтық істерді қарайды.";

      5) 37-бапта:
      бірінші бөліктегі "Соттың бірінші сатысындағы" деген сөздер "Бірінші, апелляциялық сатыдағы соттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      бірінші сөйлемде:
      "апелляциялық сотта" деген сөздер "кассациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "соттарда" деген сөз "сотта" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші сөйлем ", оның міндетін алқа төрағасы не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірі атқарады" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 38-баптың үшінші бөлігінде:
      "апелляциялық және" деген сөздер алып тасталсын;
      "сатыларындағы" деген сөз "сатысындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "тиісті сатыда" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 39-бапта:
      бірінші бөлік "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөлік "бірінші" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      үшінші бөліктегі "Апелляциялық" деген сөз "Кассациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктегі "апелляциялық" деген сөзден кейін "немесе кассациялық" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 41-баптың тақырыбындағы, бірінші және үшінші бөліктеріндегі ", сот приставына", ", сот приставының", ", сот приставы" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 42-бапта:
      бірінші бөліктегі ", сот орындаушысы, сот приставы" деген сөздер алып тасталсын;
      бесінші бөліктегі "немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге" деген сөздер ", кассациялық шағымдарына немесе сот актісін сот қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтініштерге, наразылыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөліктегі ", сот орындаушысының, сот приставының" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 43-баптың бірінші бөлігінде:
      "Аудандық немесе оған теңестірілген сотта істі" деген сөздер "Істі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қаралатын" деген сөздер "жүргізуінде жатқан" деген сөздермен, "аудандық немесе оған теңестірілген" деген сөздер "бірінші сатыдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      11) 55-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "6. Сот қарайтын дауда талап қоюшы немесе жауапкер ретінде прокуратура органдарының мүддесін білдіретін прокурор тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.";

      12) 89-баптың бірінші бөлігіндегі "Заттай" деген сөз "Осы Кодекстің 88-бабының бірінші бөлігінде көзделгендерден басқа, заттай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 9-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-тарау. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және
                жауаптылық шаралары
      118-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу
               шаралары

      1. Соттың іске қатысушы тұлғаларға, процестің басқа да қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануының мақсаты сот төрелігі міндеттерін іске асыру болып табылады.
      2. Сот мәжбүрлеу шаралары ретінде еріксіз келтіруді, сот залынан шығарып жіберуді қолданады.

      119-бап. Еріксіз келтіру

       1. Еріксіз келтіру – бұл жауапкерді, куәні, сарапшыны, маманды және аудармашыны олар сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтарған жағдайда, сотқа мәжбүрлеп әкелу.
      2. Еріксіз келтіруді сот ұйғарымы бойынша сот приставтары немесе ішкі істер органдары жүзеге асырады.

      120-бап. Сот залынан шығарып жіберу

      Сот отырысында тәртіп бұзушыларға сот осы Кодекстің 179-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен сот залынан шығарып жіберуді қолданады.

      121-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық
               шаралары

       1. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот барлық адамдардың сот алдында теңдігінің конституциялық принципін және сот төрелігі міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.
      2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513-бабында көзделген іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасағаны үшін бұған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 648-бабының 1-1-бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
      3. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін материалдарды прокурорға жібереді.

      122-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және
               жауаптылық шараларын қолдану. Оларға шағымдану және
               наразылық беру тәртібі

      1. Заңға қарсы жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы және (немесе) бір ғана жауаптылық түрі қолданылады.
      2. Соттың мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұйғарымына (қаулысына) жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.";

      14) 128-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер заңмен белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін. Егер мерзімді қалпына келтіру туралы арыз шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей берілсе, сот апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіруі мүмкін.";

      15) 148-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Егер борышкер болмаған жағдайда, құқықтары мен міндеттері сот бұйрығымен қозғалған тұлғадан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес келмейтіндігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.";

      16) 150-баптың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, ал егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, онда оның атауы, орналасқан жері, сондай-ақ егер талап қоюшыға бұл деректер белгілі болса, қосымша тіркелген салық нөмірі;";

      17) 169-баптың бірінші бөлігіндегі "ұсынады" деген сөз "міндеттейді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18) мынадай мазмұндағы 169-1-баппен толықтырылсын:
      "169-1-бап. Талап арызға пікір

      1. Жауапкер сотқа талап қоюға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса тіркелген құжаттардың талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға жіберілгенін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, талап арызға пікірді табыс етеді.
      2. Пікір – сотқа, көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға олардың сот отырысы басталғанға дейін танысуына мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде ұсынылады.
      3. Талап арызға жазбаша пікірді іске қатысатын өзге тұғалар да ұсынуға құқылы.
      4. Пікірде:
      1) талап қоюшының атауы, оның тұрған немесе тұрғылықты жері;
      2) жауапкердің атауы, оның тұрған жері; егер жауапкер азамат болып табылса, оның тұрғылықты жері;
      3) заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ қарсылықты негіздейтін дәлелдемелерге сілтеме жасай отырып, мәлімделген талаптардың мәні бойынша қарсылықтар;
      4) пікірге қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
      Пікірде істі дұрыс және уақтылы шешу үшін қажетті телефондардың, факстердің нөмірлері, электрондық почтаның мекен-жайлары және өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
      5. Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркеледі.";

      19) 179-баптың төртінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;

      20) 180-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "180-бап. Сот отырысын ашу

      1. Істі талқылау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етеді.
      2. Сот аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланған жағдайда төрағалық етуші ол туралы хабарлайды.";

      21) 184-баптың бірінші бөлігіндегі ", сот приставы" деген сөздер алып тасталсын;

      22) 221-баптың үшінші бөлігінде:
      "шешім шығарылған уақыт пен орын" деген сөздер "шешімнің шығарылған күні мен орны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сот приставы;" деген сөздер алып тасталсын;

      23) 235-бапта:
      бірінші бөліктегі "Аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттардың бірінші сатыда қаралған істер бойынша шығарған" деген сөздер "Бірінші сатыдағы соттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      үшінші бөлікте:
      "Аппеляциялық немесе" деген сөз "Аппеляциялық және" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "апелляциялық сатыдағы" деген сөз "кассациялық сатыдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      24) 240-3-бап "Апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;

      25) 252-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "шығарылу уақыты" деген сөздер "шығарылған күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 256-баптың екінші бөлігінде:
      3) тармақшадағы "және сот приставының" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын және (немесе) стенографиялауды қолдануы туралы мәліметтер;";

      27) 257-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Хаттама қолмен жазу немесе машинкамен (компьютермен) басу тәсілімен дайындалуы мүмкін. Сот отырысында осы құралдарды кезде пайдаланған алынған стенограмма, аудио-, бейнежазба материалдары cот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі және іспен бірге сақталады.";

      28) 258-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "258-бап. Хаттамаға ескертпелер

      Іске қатысушы тұлғалар хаттама дайындалған және оған қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде онымен танысуға, хаттамада жіберілген қателіктерді немесе жасалған іс-әрекеттердің және олардың нәтижелерін тіркеудің (көрсетудің) толық еместігін көрсете отырып, бес күн ішінде оған жазбаша түрде ескертпелер беруге құқылы.";

      29) 274-баптың екінші бөлігі "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;

      30) 289-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану туралы;";

      31) 317-6-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік ұйым деп тану туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану туралы өтінішті прокурор осындай талапты мәлімдеген прокурордың тұрған жеріндегі немесе осындай материалдар табылған жердегі сотқа береді.";
      Екінші бөліктегі "Бас прокурор Астана қаласының сотына" деген сөздер тиісінше "прокурор осындай талапты мәлімдеген прокурордың тұрған жеріндегі сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      32) 332-бапта:
      бірінші бөлікте:
      ", Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы" деген сөздер алып тасталсын;
      "шағым жасалуы" деген сөздерден кейін ", наразылық берілуі" деген сөздермен толықтырылсын:

      33) 333-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "333-бап. Заңды күшіне енбеген шешімдерге апелляциялық
                шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар

      Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара қарайды.";

      34) 334-баптың үшінші бөлігіндегі "түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін" деген сөздер "шығарған шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 335-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасының екінші сөйлемі алып тасталсын;

      36) 338-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағы "міндетті." деген сөзбен толықтырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;

      37) 340-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "340-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікір

      1. Іске қатысушы тұлға шағымға немесе наразылыққа қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысушы басқа тұлғаларға жібереді.
      Апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Пікір сот белгілеген, онымен сот отырысы басталғанға дейін танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мерзімде жіберіледі.
      3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркеледі.";

      38) 344-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы алып тасталсын;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық шағым жасалып отырған ұйғарым шығарылған күннен бастап он күн ішінде жоғары тұрған сотқа беріледі. Қарау нәтижелері бойынша:
      1) ұйғарымды (қаулыны) – өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;
      2) ұйғарымның (қаулының) күшін толықтай немесе бір бөлігінде жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу;
      3) ұйғарымның (қаулының) күшін толықтай немесе бір бөлігінде жою және мәселені мәні бойынша шешу;
      4) ұйғарымды (қаулыны) өзгерту туралы ұйғарым шығарылады.";
      бесінші бөліктегі "Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық" деген сөздер "Апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлік алып тасталсын;

      39) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "346-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы

      Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 253-бабында белгіленген жағдайда және тәртіппен, сондай-ақ істі қараған кезде соттың тарапынан заңдылықтың бұзылғанын анықтаған жағдайда жеке ұйғарым шығаруы мүмкін. Апелляциялық сатыдағы сот жеке ұйғарымда бірінші сатыдағы сот жол берген, шешімнің күшін жоюға негіз болған құқық нормаларының өрескел бұзылуы мен қателерді де көрсете алады.";

      40) 348, 349, 350 және 351-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "348-бап. Істі талқылауға дайындау

      1. Апелляциялық шағымы немесе наразылығы бар істі алған апелляциялық сатыдағы судья бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 338-бабының талаптарын орындағанын тексереді және апелляциялық шағымда немесе наразылықта баяндалған талаптар мен өтініштерді ескере отырып, он күн мерзімде осы Кодекстің 170-бабында көзделген іс-әрекеттерді жүргізіп, істі қарауға тағайындайды.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын тұлғаларға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарлайды.

      349-бап. Істі қарау мерзімдері

      Апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қаралуға тиіс.

      350-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу

       1. Апелляциялық сатыдағы сотта істер бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 41-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор қатысады.
      Апелляциялық сатыдағы сот прокурорға:
      1) апелляциялық сатыда қаралуға жататын істер туралы;
      2) істер бойынша қабылданған, апелляциялық сатыда қаралған шешімдер туралы хабарлайды.
      3. Апелляциялық сатыдағы сот тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіліп алынған, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша зерделеп, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алады.

      351-бап. Істі талқылаудың басталуы

      Төрағалық етуші сот отырысын ашып: қандай іс, кімнің шағымы және (немесе) наразылығы бойынша және қай соттың шешіміне орай қаралуға жататынын хабарлайды. Төрағалық етуші іске қатысатын тұлғалардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келген тұлғалардың жеке басын анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттігін тексереді.";

      41) 356-баптың үшінші бөлігінде:
      "сот" деген сөз "судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "бөлмеге" деген сөз "кеңесу бөлмесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42) мынадай мазмұндағы 356-1-баппен толықтырылсын:
      "356-1-бап. Сот отырысының хаттамалары

      1. Апелляциялық сатыдағы сот істі бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша қарай келіп, істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерттеу, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алу қажет болған жағдайларда сот отырысының хаттамасын жүргізеді.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот сондай-ақ өз бастамасы немесе тараптардың өтініші бойынша сот отырысының хаттамасын жүргізуге құқылы.";

      43) 357-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "357-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау

      1. Апелляциялық сатының сот актісін шығаруы және оны жариялауы осы Кодекстің 216, 217, 218-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.";

      44) 358-баптың 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) осы Кодекстің 366-бабында көзделген іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге құқылы. Апелляциялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуға тиіс екенін алдын ала шешуге құқылы емес.";

      45) 359 және 360-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "359-бап. Апелляциялық сатыдағы сот актілері

      1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 358-бабында көзделген жағдайларда – қаулы, қалған жағдайларда ұйғарым шығарады.
      2. Апелляциялық сатыдағы соттың дәлелді актісі ол қабылданған күннен бастап бес күн ішінде шығарылуға тиіс.

      360-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны

      1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында: апелляциялық қаулының шығарылған күні мен орны; апелляциялық қаулыны шығарған соттың атауы; сот құрамы; тараптар; іске қатысушы басқа тұлғалар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап; талап қоюлардың және оларға қарсылықтардың мәні; бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайы; бірінші сатыдағы сот қаулы шығарған кезде басшылыққа алған себептер көрсетілуге тиіс.
      2. Бұдан басқа, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:
      1) апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлғаның атауы;
      2) шағым немесе наразылық берген тұлғаның талаптары, олардың негіздемелері;
      3) апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруының, күшін жоюының не өзгертуінің негіздері;
      4) апелляциялық сатыдағы соттың өз тұжырымдарын жасауына алып келген дәлелдер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
      5) апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдары және оның шешімі көрсетіледі.
      3. Осы Кодекстің 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазбалар және анық арифметикалық қателерді түзету туралы мәселені қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе шығарылған қаулының мәнін өзгертпей оны түсіндіруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер жөніндегі қаулысы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді.";

      46) 363-бап алып тасталсын;

      47) 368-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "368-бап. Апелляциялық сатыдағы сот қаулыларының заңды күшіне
                енуі

      Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық берілмесе, оларға кассациялық шағымдану, наразылық беру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.";

      48) мынадай мазмұндағы 42-1 және 42-2-тараулармен толықтырылсын:
      "42-1-тарау. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен
                   ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағымдану және
                   наразылық беру
      383-1-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен
                 ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық
                 беру құқығы

      1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық беру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа тұлғаларға тиесілі.
      2. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты қаулы немесе ұйғарым шығарған тұлғалар да кассациялық шағымдануға құқылы.
      3. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық наразылық беру құқығы істі апелляциялық тәртіппен қарауға қатысатын прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына наразылық беруге құқылы.

      383-2-бап. Кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын
                 соттар

      Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген сот кемінде үш судья құрамында қарайды.

      383-3-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру тәртібі

      Кассациялық шағымдар мен наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына сәйкес көшірмелерімен бірге тікелей кассациялық сатыдағы сотқа жолданады және беріледі. Қажетті жағдайларда сот кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлғаны, шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысушы тұлғалардың санына сәйкес ұсынуды міндеттей алады.

      383-4-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру мерзімі

      1. Кассациялық шағым немесе наразылық сот апелляциялық қаулыны және ұйғарымды түпкілікті нысанда шығарғаннан кейін он бес күн ішінде берілуі мүмкін. Мерзім апелляциялық сатының сот актілерінің көшірмелері берілген күннен бастап есептеледі.
      2. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілген шағым немесе наразылық қараусыз қалдырылады және шағымды немесе наразылықты берген тұлғаға кері қайтарылады.

      383-5-бап. Кассациялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

      1. Кассациялық шағымда немесе наразылықта:
      1) шағым немесе наразылық жолданған соттың атауын;
      2) шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның атауын;
      3) шағым жасалып немесе наразылық беріліп отырған қаулының және ұйғарымның көрсетілуін;
      4) қаулының, ұйғарымның дұрыс еместігі неде екенінің және шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның өтінішінің көрсетілуін;
      5) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша материалдардың тізбесін қамтуға тиіс. Кассациялық шағымға шағым берген тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Кассациялық наразылыққа прокурор қол қояды.
      2. Егер кассациялық шағымданған өкілдің істі жүргізуге берілген сенімхатында кассациялық шағым беру құқығы арнайы айтылмаса немесе ол бірінші сатыдағы сотта істі талқылау уақытында процеске қатыспаса, кассациялық шағымға өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.

      383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз
                 қалдыру

      1. Кассациялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғалардың қолы қойылмаған, шағым жасалған немесе наразылық берілген қаулы және ұйғарым көрсетілмеген немесе барлық қажетті көшірмелері қоса тіркелмеген кассациялық шағым немесе наразылық берілген кезде облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады және шағым немесе наразылық берген тұлғаға кемшіліктерді жою үшін мерзім тағайындайды.
      2. Егер шағымды немесе наразылықты берген тұлға ұйғарымдағы нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғаш тапсырылған күні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда шағым немесе наразылық берілмеген деп есептеледі және соттың ұйғарымымен шағым немесе наразылық берген тұлғаға қайтарылады.

       383-7-бап. Судьяның кассациялық шағымды немесе наразылықты
                 алғаннан кейінгі іс-әрекеті

      Облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы кассациялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін:
      1) азаматтық істің материалдарын талап етіп алдыруға;
      2) пікір беру мерзімін бере отырып, іске қатысушы тұлғаларға шағымның немесе наразылықтың және оларға қоса тіркелген жазбаша материалдардың көшірмелерін жіберуге;
      3) іске қатысушы тұлғаларға кассациялық шағымның немесе наразылықтың қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлауға міндетті.

      383-8-бап. Кассациялық шағымға қосылу

      Процесте кассациялық шағым берген тұлғаның жағында әркет еткен тараптар және үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру арқылы қосыла алады.

      383-9-бап. Кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір

      1. Іске қатысушы тұлға кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікірді, шағымдарға қатысты қарсылықтарды растайтын құжаттарды қоса тіркеп, іске қатысушы басқа тұлғаларға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді. Кассациялық сатыға жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.
      2. Пікір сот отырысы басталғанға дейін онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жіберіледі.
      3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

      383-10-бап. Кассациялық шағымнан бас тарту және кассациялық
                  наразылықты кері қайтарып алу

      1. Кассациялық шағым берген тұлға одан бас тартуға құқылы. Алайда сот осы Кодекстің 8-бабының төртінші бөлігінде белгіленген негіздер бойынша бас тартуды қабылдамай тастауға және істі кассациялық тәртіппен қарауға құқылы.
      2. Кассациялық наразылық келтірген прокурор, сондай-ақ жоғары тұрған прокурор сот отырысы басталғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы тұлғаларға хабарлайды.
      3. Егер шешімге басқа тұлғалар шағымданбаса немесе наразылық бермесе, сот шағымнан бас тартуды қабылдау туралы және наразылықты кері қайтарып алған кезде кассациялық іс жүргізуді қысқартатын ұйғарым шығарады.

      383-11-бап. Талап қоюдан бас тарту және тараптардың
                  бітімгершілік келісімі

      1. Кассациялық шағым немесе наразылық берілгеннен кейін жасалған талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы немесе тараптардың бітімгершілік келісімі кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс. Сот талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін немесе бітімгершілік келісім бекітілгенге дейін талап қоюшыға немесе тараптарға олардың іс жүргізу іс-әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.
      2. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту кезінде кассациялық саты шығарылған шешімнің күшін жойып, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады. Егер сот осы Кодекстің 49-бабы екінші бөлігінің негізінде талап қоюдан бас тартуды немесе бітімгершілік келісімді қабылдамаса, ол істі кассациялық тәртіппен қарайды.

      42-2-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
      383-12-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

      Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы мен ұйғарымының заңдылығы мен негізділігін тексереді.

      383-13-бап. Істі қараудың шектері

      1. Істі кассациялық тәртіппен қараған кезде сот істе бар материалдар бойынша шағымның, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші және апелляциялық сатының сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді.
      2. Кассациялық сатыдағы сот мәлімделген талап қоюдың шегінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға дәлелді себептермен табыс етілмеген жаңа дәлелдемелерді зерттейді.

      383-14-бап. Кассациялық сатыда істі қарау мерзімдері

      Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым немесе наразылық бойынша істі ол келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қарауға тиіс.

      383-15-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау
                  тәртібі

      1. Төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай істің, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қандай соттың қаулысына, ұйғарымына орай қаралуға жататынын хабарлайды. Істі сот талқылауына дайындау бөлігінде сот осы Кодекстің 180, 189-баптарын басшылыққа алады.
      2. Кассациялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор міндетті түрде қатысады.

      383-16-бап. Іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына
                  келмеуінің салдарлары

      Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болып табылмайды.

      383-17-бап. Істі баяндау

      Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау судьялардың біреуінің баяндамасымен басталады. Баяндамашы істің мән-жайын, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының және ұйғарымының мазмұнын, кассациялық шағымның немесе наразылықтың дәлелдерін және оларға келіп түскен пікірлерді баяндайды, сондай-ақ шешімнің дұрыстығын тексеру үшін соттың қарауы қажет болатын өзге де деректерді хабарлайды.

      383-18-бап. Іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелері

      Сот баяндамадан кейін сот отырысына келген, іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін тыңдайды. Кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап шағымданған жағдайда талап қоюшы бірінші болып сөйлейді.

      383-19-бап. Соттың іске қатысушы тұлғалардың арыздарын шешуі

      Іске қатысушы тұлғалардың кассациялық сатыда істі талқылауға байланысты барлық мәселелер жөніндегі арыздары мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді.

      383-20-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі

      Сот істі кассациялық тәртіппен қарап:
      1) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымын – өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
      2) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және егер кассациялық саты апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзете алмаса, істі бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауына жіберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуға тиіс екені туралы алдын ала шешуге құқылы емес;
      3) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және осы Кодекстің 247, 249-баптарында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қараусыз қалдыруға;
      4) бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшін жоюға;
      5) егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жіберместен, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, қаулыны өзгертуге немесе жаңа қаулы шығаруға құқылы.

       383-21-бап. Сот қаулысы мен ұйғарымының күшін кассациялық
                  тәртіппен жоюдың негіздері

      Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың осы Кодекстің 365, 366-баптарында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығының нормаларын бұзуы немесе дұрыс қолданбауы сот қаулысы мен ұйғарымының күшін кассациялық тәртіппен жоюдың негіздері болып табылады.

      383-22-бап. Кассациялық сатының сот актілері

      1. Кассациялық сатының сот актілері қаулы нысанында шығарылады.
      2. Кассациялық сатының қаулысында:
      1) қаулының шығарылған күні мен орны;
      2) қаулы шығарған соттың атауы мен құрамы;
      3) кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға;
      4) шағым жасалған апелляциялық қаулының, кассациялық шағымның немесе наразылықтың және оларға берілген жазбаша пікірлердің, кассациялық сатыда істі қараған кездегі қатысушы тұлғалар түсініктемелерінің қысқаша мазмұны;
      5) соттың тұжырымдар жасауына алып келген дәйектер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
      6) кассациялық шағымды немесе наразылықты қараудың нәтижелері бойынша тұжырымдар көрсетілуге тиіс.
      3. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған кезде сот өзінің қаулысында шағымның дәйектерін негізсіз деп танудың және оларды қабылдамаудың дәлелдерін көрсетуге міндетті.
      4. Кассациялық сатының қаулысы бес күннің ішінде түпкілікті нысанда дайын болуға тиіс. Іске қоса тігілетін қаулының қарар бөлігін жария етуге жол беріледі.

      383-23-бап. Кассациялық сатыдағы сот қаулысының заңды күші

      Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы шығарылған кезден бастап заңды күшіне енеді.

      383-24-бап. Іс кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп
                  түскен кассациялық шағымды қарау тәртібі

      1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген кассациялық шағым кассациялық сатыдағы сотқа істі басқа шағымдар бойынша қарағаннан кейін келіп түскен жағдайда, сот мұндай шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.
      2. Егер мұндай шағымды қараудың нәтижесінде кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарылған кассациялық актінің заңсыздығы немесе негізсіздігі туралы тұжырымға келсе, онда оның күші жойылып, жаңа сот актісі шығарылады.";

      49) 384-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "384-бап. Сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуға жататын сот
                актілері

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін іске қатысушы тұлғалардың өтініштері және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін.
      2. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың істің одан әрі жылжуына кедергі келтіретін ұйғарымдарын қоспағанда, көрсетілген соттардың заңды күшіне енген сот бұйрықтары, ұйғарымдары сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау тәртібімен шығарылған қаулылары қабылданған қаулының адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты айрықша жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.";

      50) 385-бапта:
      тақырып, бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "385-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтініш беруге,
                наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар

      1. Жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілеріне тараптар және апелляциялық, кассациялық шағымдарды тікелей Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына беруге құқығы бар, іске қатысқан басқа да тұлғалар дау айтуы мүмкін.
      2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актісіне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына наразылық келтіруге құқылы.";
      үшінші бөліктегі "осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өз бастамалары бойынша да," деген сөздер алып тасталып, бөлік "адамдардың" деген сөзден кейін "өз бастамалары бойынша да," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлікте:
      бірінші сөйлемдегі:
      "Шағымды" деген сөз "Өтінішті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қадағалау тәртібімен істі қараушы" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші сөйлем алып тасталсын;
      төртінші сөйлемдегі "Қадағалау шағым мен наразылығын" деген сөздер "Өтініш пен наразылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөліктегі "Бұл ретте қадағалау алқасы", "қадағалау алқасы" деген сөздер тиісінше "Сот кеңесу бөлмесінде", "сот" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51) 386-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "386-бап. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттар

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енбеген сот актілеріне өтініштер, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша істерді кемінде бес судья құрамында қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстің 384-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды.";

      52) 387-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары азаматтық істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.";
      екінші бөліктегі "шағымдары," деген сөз алып тасталсын;
      төртінші бөлік "ұйғарымдарын," деген сөзден кейін "кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;

      53) 388-баптың бірінші бөлігіндегі "қадағалау шағымын, наразылығын" деген сөздер "өтініш, наразылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      54) 389-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "389-бап. Наразылық келтіру

      1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры себебі мен негіздері болған ретте наразылық келтіріп, оны іспен және өтінішпен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.
      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы наразылықтың көшірмелерін іске қатысушы тұлғаларға жібереді.";

      55) 390-баптың 4) тармақшасындағы "материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмауы немесе дұрыс түсіндірілмеуі, немесе" деген сөздер алып тасталып, "соққан," деген сөзден кейін "материалдық не" деген сөздермен толықтырылсын;

      56) 391-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "391-бап. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілетін
                қадағалау наразылығын келтіру туралы және сот
                актісіне дау айту (шағымдану) туралы өтініштердің
                мазмұны

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілетін қадағалау наразылығын келтіру туралы және сот актісіне дау айту (шағымдану) туралы өтініштер:
      1) өтініш жолданатын соттың атауын, өтініш жолданатын лауазымды адамның аты-жөнін;
      2) өтініш беруші тұлғаның атауын; оның тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін және істегі іс жүргізу жағдайын;
      3) сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының мазмұнын көрсетуді, сондай-ақ іске қатысушы тұлғалардың тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін көрсете отырып атап тізбеленуін;
      4) істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қарайтын соттардың көрсетілуін және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын;
      5) соттың дау айтылатын, наразылық беру ұсынылатын шешімінің, ұйғарымының, қаулысының көрсетілуін;
      6) материалдық не іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі түрде бұзылуы неде екенінің және өтініш берген тұлғаның өтінуі неден тұратынын көрсетуді қамтуға тиіс.
      2. Егер өтінішті іске қатыспаған тұлға берсе, дау айтылатын шешім, ұйғарым, қаулы арқылы осы тұлғаның қандай құқықтарының бұзылғаны көрсетілуге тиіс.
      3. Егер дау айтылған сот актісіне тиісті сот сатысына шағым жасалмаған болса, өтініш беруші апелляциялық не кассациялық шағым бермеу себептерін көрсетуге міндетті.
      4. Егер өтініш бұрын қадағалау сатысына берілген болса, онда өтініште бұл туралы және шағым бойынша қабылданған сот шешімі туралы көрсетілуге тиіс.
      5. Өтінішке оны берген тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішке сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса тіркелуге тиіс.
      6. Өтінішке іс бойынша шығарылған шешімнің, ұйғарымның, қаулының сот растаған көшірмелері қоса тіркелуге тиіс.";

      57) 392-бапта:
      тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша "Қадағалау шағымын (өтінімін)", "Қадағалау шағымы (өтінім)", "қадағалау шағымы (өтінім)", "Қадағалау шағымын (өтінімді)" деген сөздер тиісінше "Өтінішті", "Өтініш", "өтініш", "Өтінішті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) процестің осы қатысушысының арызы бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы қаулы болса, олар берген тұлғаларға қайтарылуға тиіс.";

      58) 393-бапта:
      тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша "Қадағалау шағымын", "қадағалау шағымы", "Қадағалау шағымы", "шағым" деген сөздер тиісінше "Өтінішті", "өтініш", "Өтініш", "Өтініштің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сот актісін сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтінішті үш судья алдын ала зерделейді және қарайды, олардың біреуі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы тағайындаған баяндамашы болып табылады. Қажет болған жағдайда азаматтық іс талап етіліп алынуы мүмкін.";

      59) 394-бапта:
      тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша "Қадағалау шағымын", "Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша сот", "шағым берілген", "қадағалау шағымын", "қадағалау шағымының", "қадағалау шағымында" деген сөздер тиісінше "Өтінішті", "Өтінішті алдын ала қараудың нәтижелері бойынша судьялар", "дау айтылған", "өтінішті", "өтініштің", "өтініште" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) өтініш жасаған тұлғаның атауы;";

      60) 395-баптың бірінші бөлігіндегі "шағым жасалған сот актісін", "қадағалау шағымының" деген сөздер тиісінше "дау айтылған сот актісін, наразылықты", "өтініштің, қадағалау ісін жүргізуді қозғау туралы қаулының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      61) мынадай мазмұндағы 395-1-баппен толықтырылсын:
      "395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішке немесе
                  наразылыққа пікір

      1. Іске қатысушы тұлға қайта қарауға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркеп, сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішке немесе наразылыққа пікірді іске қатысушы басқа тұлғаларға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жіберуге құқылы.
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің көшірмесі жіберілгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.
      2. Пікір Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өтінішті немесе наразылықты қарауды бастағанға дейін пікірмен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жіберіледі.
      3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкілдің қолы қойылған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге құжат қоса тіркеледі.";

      62) 397-бапта:
      бірінші бөлікте:
      "шағым, наразылық" деген сөздер "өтініштің, наразылықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "апелляциялық" деген сөзден кейін "және кассациялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қаулыларының" деген сөз "актілерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      "қадағалау шағымы немесе наразылық" деген сөздер "өтініштің немесе наразылықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "апелляциялық" деген сөзден кейін "және кассациялық" деген сөздермен толықтырылсын;

      63) 398-бапта:
      бірінші бөлікте:
      "кімнің шағымы", "шағым" деген сөздер тиісінше "кімнің өтініші", "өтініш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "қадағалау шағымын (наразылығын)" деген сөздер "өтінішті (наразылықты)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі "Шағым" деген сөз "Өтініш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші бөлікте:
      1) тармақшадағы "қадағалау сатысындағы", "шағымды" деген сөздер тиісінше "кассациялық сатылардағы", "өтінішті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сот шешімінің күшін толық немесе бір бөлігінде жояды және істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді. Қадағалау сатысындағы сот қаулыда көрсетілмеген не онда жоққа шығарылған мән-жайларды белгілеуге немесе оларды дәлелденген деп есептеуге, қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, істі жаңадан қарау кезінде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиіс екенін және қандай қаулының қабылдануға тиіс екенін алдын ала шешуге құқылы емес;";
      3) тармақшадағы "сатыдағы" деген сөз "және кассациялық сатылардағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшадағы "қадағалау сатысындағы" деген сөздер "кассациялық сатылардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      64) 401-бап алып тасталсын;

      65) 403-баптың екінші бөлігіндегі "шағым", "мәлімделуі" деген сөздер тиісінше "өтініш", "берілуі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      66) мынадай мазмұндағы 403-1, 403-2-баптармен толықтырылсын:
      "403-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы
                  отырысын тағайындау

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскеннен кейін Жоғарғы Соттың Төрағасы жалпы отырысты шақырады. Жалпы отырыстың хатшысы жалпы отырыстың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жалпы отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды.

      403-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының
                 ұсынуды немесе наразылықты қарауының тәртібі

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ұсынуды немесе наразылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы немесе Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ұсынуды немесе наразылықты енгізудің осы Кодекстің 384-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндайды.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер болған кезде істі мәні бойынша қарау үшін сот отырысын тағайындайды.
      4. Істі мәні бойынша қарау судьяның ұсынудың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен не прокурордың наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен басталады. Істі одан әрі қарау осы Кодекстің 398-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.";

      67) 405-баптың екінші бөлігіндегі "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;

      68) 406-баптың бірінші бөлігіндегі "адамдар" деген сөзден кейін ", құқықтары мен заңды мүдделерін шығарылған сот актісі қозғаған өзге де мүдделі тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;

      69) мынадай мазмұндағы 406-1, 406-2, 406-3-баптармен толықтырылсын:
      "406-1-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны

      1. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арыз берген тұлға немесе оның уәкілетті өкілі арызға қол қояды.
      2. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда:
      1) арыз берілген соттың атауы;
      2) арыз берген тұлғаның және іске қатысатын басқа тұлғалардың атауы, олардың тұрған жері немесе тұрғылықты жері;
      3) арыз беруші жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтініш жасап отырған сот актісін қабылдаған соттың атауы; сот актісінің қабылданған күні; даудың нысанасы;
      4) арыз берген тұлғаның талаптары; осы Кодекстің 404-бабында көзделген және осы мән-жайлардың ашылуын немесе анықталуын растайтын құжаттарға сілтеме жасала отырып, арызданушының пікірі бойынша жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы мәселені қою үшін негіз болған жаңадан анықталған мән-жайлар;
      5) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
      Арызда іске қатысатын тұлғалардың телефон, факс нөмірлері, электронды почтаның мекенжайлары және өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
      3. Арыз берген тұлға іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жіберуге міндетті.
      4. Арызға:
      1) жаңадан анықталған мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері;
      2) арызданушы қайта қарау туралы өтініш жасаған сот актісінің көшірмесі;
      3) іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері жіберілгенін растайтын құжат;
      4) тұлғаның арызға қол қою өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.

      406-2-бап. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау

      1. Арыздың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды сақтай отырып берілген сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз тиісті соттың іс жүргізуіне қабылданады.
      2. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені ол сотқа келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде тиісті соттың судьясы жеке-дара шешеді.
      3. Тиісті соттың судьясы арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады.
      4. Ұйғарымда арызды қарау жөніндегі сот отырысын өткізудің күні мен орны көрсетіледі.
      5. Ұйғарымның көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жіберіледі.

       406-3-бап. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша
                 қайта қарау туралы арызды қайтару

      1. Егер тиісті соттың судьясы арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:
      1) арыздың осы Кодекстің 405-бабында белгіленген қағидалар бұзыла отырып берілгенін;
      2) арыздың белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және оны қалпына келтіру туралы өтініштің жоқ екенін немесе арыз берудің өткен мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;
      3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз беруші берген сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды оған қайтарады.
      2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады.
      Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса тіркелген құжаттармен бірге ұйғарым шыққан күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.
      3. Арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына шағым жасалуы, наразылық берілуі мүмкін.";

      70) 409-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "409-бап. Соттың істі қайта қарау туралы ұйғарымы

      1. Сот шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарай келіп, не арызды қанағаттандырады және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жояды, не оны қайта қараудан бас тартады.
      2. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актісінің күшін жою туралы және сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағымдануға және наразылық беруге болады.
      3. Шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күші жойылған жағдайда сот істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.".

      2-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін іс жүргізуге қабылданған, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда жатқан істерді қарау осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылып келген іс жүргізу заңнамасының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының
      Презтденті                             Н.Назарбаев