Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 217-IV Заңы

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж.,  N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; N 9-10, 47, 48-құжаттар; N 13-14, 62, 63-құжаттар; N 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; N 17, 79, 80, 82-құжаттар; N 18, 84, 86-құжаттар; N 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 13 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 398-бап алып тасталсын;

      2) 552-баптың бірінші бөлігіндегі "осы Кодекстің 398, 399 (өз құзыреті шегінде) - баптарында" деген сөздер "(өз құзыреті шегінде) осы Кодекстің 399-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат, N 21-22, 285-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 6, 76-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж, N 3, 23-құжат; N 15, 106-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат):

      1) 1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 4-бапта:
      бірінші бөліктегі ", босқындар" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайы "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.";

      3) 34-бапта:
      6) тармақшадағы "және босқын мәртебелерін" деген сөздер "мәртебесін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы "оралмандар мен босқындарды" деген сөздер "оралмандарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) тармақшадағы "босқын, оралман мәртебелерін" деген сөздер "оралман мәртебесін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 247-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат; 2009 ж., N 1, 4-құжат):

      2-баптың 1-тармағындағы "босқын деп танылған адамдардың" деген сөздер "босқындардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президент                              H. Назарбаев