Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылы 4 мамырдағы N 157-IV Заңы

Қолданыстағы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 12, 88-құжат; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      914-бап "немесе оларға қатысуға байланысты талаптары" деген сөздерден кейін ", ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді өткізудің шарттарын сақтаған кезде," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 жылғы 11 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 12 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 27 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 26 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 338-1-бапта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ойын мекемелерін, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассаларын тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда орналастыру туралы талаптарды сақтамау және оларды өнеркәсіп орындары мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыру - ";
      екінші абзац "дара кәсіпкерлерге" деген сөздердің алдынан "лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацы "жеке тұлғаларға" деген сөздердің алдынан "ойын жабдықтары, заңдастырылған белгілері, ақшалары мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркілене отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөліктің екінші абзацы "жеке тұлғаларға" деген сөздердің алдынан "әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып және лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып не онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөліктің екінші абзацы "дара кәсіпкерлерге" деген сөздердің алдынан "лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші бөліктің екінші абзацы "дара кәсіпкерлерге" деген сөздердің алдынан "лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы бөлікте:
      бірінші абзац "не ақшадан басқа, өзге мүлік түрінде ставкалар қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруы" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац "жеке тұлғаларға" деген сөздердің алдынан "ойын жабдықтары, заңдастырылған белгілері, ақшалары мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркілене отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейне жазба жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы не жазылған ақпаратты сақтау мерзімдерін немесе тіркеу шарттарын бұзуы -";
      екінші абзац "дара кәсіпкерлерге" деген сөздердің алдынан "лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      сегізінші бөліктің екінші абзацы "дара кәсіпкерлерге" деген сөздердің алдынан "лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      тоғызыншы бөлікте:
      бірінші абзацтағы "заңнамасына сәйкес тестілеу және сертификаттау туралы талаптарды" деген сөздер "заңнамасының талаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац "дара кәсіпкерлерге" деген сөздердің алдынан "лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "9-1. Жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды, бәске қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және ұтысты төлеуді аппараттық-бағдарламалық кешен мен ойын жабдығы арқылы жүзеге асыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау не бәс тігуге қатысушылардың нәтижесіне өздері ставкалар жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын бақылауына мүмкіндік беретін ойын жабдығын орнату міндетін орындамау, -
      лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып не онсыз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      оныншы бөлікте:
      бірінші абзацтағы "бірінші - тоғызыншы" деген сөздер "бірінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, 9-1-" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац "дара кәсіпкерлерге" деген сөздердің алдынан "лицензиясынан айыра отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын:
      "11. Осы баптың екінші және алтыншы бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
      ойын жабдықтары, заңдастырылған белгілері, ақшалары мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарды тәркілене отырып және лицензиясынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) мынадай мазмұндағы 576-7-баппен толықтырылсын:
      "576-7-бап. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган
      1. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган 357-2-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.";
      3) 636-бапта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасында:
      екінші абзац "338 (бірінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "338-1 (бірінші, екінші, оныншы және он бірінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;
      отыз жетінші абзац "161 (төртінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "543 - 576-6" деген цифрлар "543 - 576-7" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      3. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат;
2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; 2008 ж., N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 27 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 26 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      көрсетілген Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 31-тармақпен толықтырылсын:
      "31. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік орган:
      Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуын бақылау.".

      4. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 15-құжат):
      1) мәтінде "ойын мекемесін ұйымдастырушы", "ойын мекемесін ұйымдастырушыға", "ойын мекемесін ұйымдастырушының", "ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың" деген сөздер тиісінше "ойын бизнесін ұйымдастырушы", "ойын бизнесін ұйымдастырушыға", "ойын бизнесін ұйымдастырушының", "ойын бизнесін ұйымдастырушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      2) және 7) тармақшалардағы "ойын мекемесінің өкілімен" деген сөздер "ойын бизнесін ұйымдастырушымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;";
      8) тармақшада:
      "ойын мекемесін ұйымдастырушыға" деген сөздер "ойын бизнесін ұйымдастырушыға немесе өтінім берушіге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салымды (депозитті) беру", "банктік салым шарты (депозиті)" деген сөздер "салымды беру", "банктік салым шарты" деген сөздермен ауыстырылсын;";
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) ойын автоматы - ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің қатысуынсыз, ұтысы ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғымен кездейсоқ жағдайда айқындалатын, құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді өткізу үшін пайдаланылатын ойын жабдығы (механикалық, электрлі, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық);";
      12) тармақша "жүзеге асыратын" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) тармақшада:
      "нақты уақыт ауқымында" деген сөздер "нақты уақыт режимінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "төлемдер мен ұтыстардың болуын" деген сөздер "ұтыстарды алуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17-1) өтінім беруші - Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш жасаған тұлға;
      17-2) ставка - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерге сәйкес құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысудың негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы;";
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы - аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы ставкалар қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін орын;";
      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "19-1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассасы - ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, ставкалар қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін ақпараттық жүйе;";
      20) тармақша алып тасталсын;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "21) ұтыс - құмар ойынының және (немесе) бәс тігудің нәтижесі шыққан кезде құмар ойынының және (немесе) бәс тігудің қатысушысына міндетті түрде төленуге немесе берілуге тиіс, ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерде көзделген, ақша немесе өзге де мүлік түріндегі мүліктік пайда, соның ішінде мүліктік құқықтар.";
      3) 3-баптың 2-тармағындағы "ақшалай ұтыстарсыз" деген сөздер "ұтыссыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 6-баптың 2-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) ақшадан басқа, өзге де мүлік түрінде ставкаларды қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға;";
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген орындарды қоспағанда, ойын автоматтарын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға тыйым салынады.";
      5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.";
      6) 9-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ойын бизнесі саласындағы қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге берілетін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Лицензиялар туралы деректер ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізіліміне енгізіледі.";
      7) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ойын мекемелері, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассалары тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда ғана орналастырылуға тиіс. Оларды өнеркәсіп орындары мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады.";
      8) 12-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Әрбір ойын автоматы тиісті ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.";
      4-тармақта:
      "және (немесе) беруді" деген сөздер алып тасталсын;
      "он" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      "Казиноның" деген сөз "Ойын мекемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "құмар ойынға" деген сөздер "құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы "беру" деген сөз "төлеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен мен ойын жабдықтары арқылы жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті.
      10. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы нәтижесіне бәс тігілетін оқиғаны өз бетінше айқындайды.";
      11-тармақтағы "орнатады" деген сөз "орнатуға міндетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      "12. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ставкаларды тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің тиісті кассалары және (немесе) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассалары арқылы қабылдайды.";
      9) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-бап. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары
      1. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы;
      2) меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы;
      4) ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген ережелерінің болуы;
      5) қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
      6) өтінім берушіде осы Заңда айқындалатын әрбір ойын мекемесі үшін міндетті резервтер түрінде (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткішпен) ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін:
      казино және ойын автоматтары залдарын - 25000 мөлшерінде;
      букмекер кеңселерін - 20000 мөлшерінде;
      тотализаторларды - 5000 мөлшерінде қамтамасыз етудің болуы.
      2. Өтінім беруші Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған әрбір лицензияны алу үшін уәкілетті органға (лицензиарға) өзінің осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды береді.";
      10) 14-бапта:
      тақырыптағы "және банк кепілдігі" деген сөздер алып тасталсын;
      1-тармақта:
      "қызмет түрі үшін" деген сөздерден кейін "әрбір ойын мекемесіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "салымды (депозитті) беру", "салым (депозит) шарттарында" деген сөздер тиісінше "салымды беру", "салым шарттарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "және Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақта:
      "және банк кепілдігі" деген сөздер алып тасталсын;
      "беру" деген сөз "төлеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "салымдардағы (депозиттердегі)" деген сөздер "банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 15-бапта:
      2-тармақтағы "Ойын бизнесін ұйымдастырушының құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді өткізу ережелері" деген сөздер "Ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ережелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің ережелерін бұзған адамдарды құмар ойындарына жібермеуге құқылы.";
      12) мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2 және 16-3-баптармен толықтырылсын:
      "16-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуын бақылау
      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды тексерулер және (немесе) құжаттарды сұрату арқылы жүзеге асырады.
      2. Тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Тексеру уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешімінің негізінде жүргізіледі.
      4. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.
      5. Жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген талаптары ескеріле отырып, уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам бекіткен тексерулер жүргізудің алдын ала жоспарланған жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі.
      6. Жоспарлы тексерулердің кезеңділігі жылына бір рет болады.
      7. Жоспардан тыс тексерулер жеке, заңды тұлғалардың өтініштеріне, арыздарына және (немесе) басқа да мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдарға дереу ден қоюды талап ететін жағдайдың қалыптасуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында жүргізіледі.

      16-2-бап. Тексеру жүргізуді ұйымдастыру
      1. Уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам тексеру
жүргізу үшін тексеруді тағайындау туралы акт шығарады, онда мынадай
мәліметтер қамтылуға тиіс:
      1) бақылаушы органның атауы, тексеруді тағайындау жөніндегі өкілеттікке ие адамның тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын қызметі және оның қолы;
      2) бақылаушы органның журналы бойынша тексеруді тағайындау туралы актінің күні және тіркеу нөмірі;
      3) тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      4) ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы, орналасқан жері және бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      5) тексеру түрі;
      6) тағайындалған тексеру нысанасы;
      7) тексеруді жүргізу мерзімі;
      8) тексеруді тағайындау негіздемесі;
      9) егер ойын бизнесін ұйымдастырушының құжаттарын белгілі бір уақыт кезеңінде зерттеу талап етілген болса, тексерілетін кезең.
      Тексеру тағайындау туралы актінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      2. Тексеруді тағайындау туралы акті өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде тіркеледі.
      3. Тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеруді тағайындау туралы акті тіркелгеннен кейін жүргізіледі.
      4. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілетін тексеру жүргізу мерзімі қойылған міндеттер мен алдағы жұмыстардың көлемі есепке алына отырып белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
      Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер (сынақтар) және сараптама жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің едәуір көлемді болуына байланысты уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам тексеруді жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, бұл ретте тексеру жүргізетін уәкілетті органның лауазымды адамы жиырма төрт сағаттың ішінде бұл туралы ойын бизнесін ұйымдастырушыны хабардар етеді.
      Тексерудің мерзімдері ұзартылған жағдайда, уәкілетті орган міндетті түрде құқықтық статистика органында тіркеу арқылы тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.
      Тексеру тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру жүргізілуі мүмкін.
      5. Уәкілетті органның тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адамы (лауазымды адамдары) ғана тексеру жүргізе алады.

      16-3-бап. Тексерулерді жүргізу тәртібі
      1. Ойын бизнесін ұйымдастырушыға тексеру тағайындау туралы актіні тапсырған кез тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
      2. Тексеру тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда немесе уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу үшін қажет материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға уәкілетті органның лауазымды адамы және ойын бизнесін ұйымдастырушы немесе оның өкілі қол қояды.
      Тексеру тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеуге негіз бола алмайды.
      3. Тексеру мынадай кезеңдерден:
      1) тексеруді жүргізуден;
      2) тексеруді жүргізу кезінде алынған нәтижелерді талдаудан және қорытудан, қорытындыларды тұжырымдаудан, тиісті құжаттарды ресімдеуден;
      3) ойын бизнесін ұйымдастырушыны тексерудің нәтижелері туралы хабардар етуден;
      4) жұмыстың қорытындыларын шығарудан;
      5) бұзушылықтар анықталған болса, осы фактілер бойынша шаралар  қабылдаудан тұрады.
      4. Тексеруді жүзеге асыру кезінде лауазымды адамдар:
      1) ойын бизнесін ұйымдастырушыға қызметтік куәліктері мен тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетуге;
      2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының талаптарын бұзуға ықпал ететін себептер мен мән-жайлар анықталған жағдайда, оларды анықтауға міндетті.
      5. Лауазымды адамдардың тексеру жүргізу кезінде қажетті ақпаратты сұратуға және тексеру нысанасына қатысты құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.
      Ойын бизнесін ұйымдастырушы тексерулерді жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды адамдарының талап етуі бойынша лицензиялардың түпнұсқаларын, сондай-ақ жүзеге асырылатын қызметтің Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды көрсетеді.
      6. Тексерудің нәтижелері бойынша:
      1) актінің жасалған орны мен күні;
      2) тексеру жүргізген мемлекеттік органның атауы;
      3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің реквизиттері;
      4) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты;
      5) тексерілетін ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы, тексеру жүргізу кезінде қатысқан ойын бизнесін ұйымдастырушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы;
      6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
      7) тексерудің түрі;
      8) тексерудің объектісі;
      9) тексерудің нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаттары туралы мәліметтер;
      10) алдыңғы тексерулер және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы мәліметтер;
      11) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар;
      12) ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы;
      13) тексеруді жүргізген лауазымды адамдардың қолдары көрсетіле отырып, тексерудің нәтижелері туралы акт жасалады.
      Тексерулер жүргізу нәтижесі актісінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      7. Уәкілетті органның лауазымды адамы тексерудің нәтижелері туралы актіні жасаған кезде Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне сілтеме жасай отырып, анықталған бұзушылықтар туралы тек қана нақты, негізделген және құжаттамамен расталған деректерді көрсетуге міндетті.
      8. Тексерудің нәтижелері туралы актіге тексеруді жүргізген лауазымды адам және ойын бизнесін ұйымдастырушының осы тексеруді жүргізуге қатысқан өкілі тексеру аяқталысымен қол қояды.
      Тексерудің нәтижелері туралы акті бойынша ойын бизнесін ұйымдастырушының өкілі тарапынан қарсылықтар немесе ескертулер болған жағдайда, ол бұл туралы өзі қол қояр алдында ескертпе жасайды және жазбаша түсініктемені қоса береді. Ойын бизнесін ұйымдастырушының өкілі тексерудің нәтижелері туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда актіде тиісті жазба жүргізіледі.
      9. Тексерудің нәтижелері туралы акті екі дана етіп жасалады. Актінің бірінші данасы, ойын бизнесін ұйымдастырушыдағы түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге ойын бизнесін ұйымдастырушыға не ойын бизнесін ұйымдастырушының тексеруді жүргізуге қатысқан өкіліне тапсырылады, екінші данасы тексеруді жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамында қалады.
      10. Тексеруді жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының
ойын бизнесі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамы:
      1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;
      2) тексерілуші адамға анықталған бұзушылықтарды жою туралы, оларды жою мерзімдерін белгілей отырып нұсқама беруге;
      3) уәкілетті орган басшысының алдында Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы сотқа талап-арыз беру туралы өтініш жасауға міндетті.
      11. Тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы тексеру жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамы екі дана етіп жасайды. Бірінші данасы ойын бизнесін ұйымдастырушының тексеруге қатысқан өкіліне беріледі, нұсқаманың екінші данасы уәкілетті органда қалады.
      12. Ойын бизнесін ұйымдастырушы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзім ішінде бұзушылықтарды жоюға және бұл туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.
      13. Бұзушылықтарды жою туралы жазбаша жауап алғаннан кейін немесе оны нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның лауазымды адамы ойын мекемесін ұйымдастырушыны анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалу нысанасына тексеруді жүзеге асырады.
      14. Ойын бизнесін ұйымдастырушыға не ойын бизнесін ұйымдастырушының осы тексеруге қатысқан өкіліне тексерудің нәтижелері туралы актіні тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей тапсырған күн тексерудің аяқталған күні болып есептеледі.
      Ойын бизнесін ұйымдастырушының өкілі тексерудің нәтижелері туралы актіні алудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті органның лауазымды адамы пошта байланысы арқылы ойын бизнесін ұйымдастырушыға тексерудің нәтижелері туралы актіні хабарламасы бар тапсырыс хатпен жібереді. Бұл жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушыға тексерудің нәтижелері туралы акті тапсырысты поштамен жіберілген күн тексерудің аяқталған күні болып есептеледі.
      15. Егер ойын бизнесін ұйымдастырушы тексеру нәтижелері туралы актімен келіспесе, сот тәртібімен осы әрекеттерге шағым жасауға құқылы.".
       2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті                              Н.НАЗАРБАЕВ