Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 66-IV Заңы

Қолданыстағы

      Қолданушылар назарына! Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 жылғы 9 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 10-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасы "жылжымайтын мүлік" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ концессия шарты шеңберінде концессионер (құқық мирасқоры) өндірген және (немесе) алған активтер" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 105-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Салық салу мақсатында концессия шарты шеңберінде концессионер (құқық мирасқоры) өндірген және (немесе) алған активтер концессионердің негізгі құралдары болып табылады және концеденттің негізгі құралдары болып табылмайды.";

      3) 109-баптың 2-тармағының алтыншы абзацындағы "бойынша кемітеді." деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      "концедент концессионерге берген кезде - уәкілетті орган айқындаған құн бойынша;
      концессия шарты тоқтатылғанда концессионер концедентке берген кезде - уәкілетті орган айқындаған құн бойынша кемітеді.";

      4) 139-баптың 2-тармағында:
      екінші абзац "активтер" деген сөзден кейін ", оның ішінде концессия шарты шеңберінде құрылғандары бойынша," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац "активтерді" деген сөзден кейін ", оның ішінде концессия шарты шеңберінде құрылғандары бойынша," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 211-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы "айналым, өткізу бойынша айналым болып табылмайды." деген сөздер "айналым;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концеденттің концессия объектісін пайдалану үшін концессионерге кейіннен беруі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.";

      6) 423-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "отандық" деген сөздің алдынан "концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 425-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "жүргенге дейін" деген сөздер "жүру фактісі бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 448-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Инвестициялық салық преференцияларын алуға уәкілетті органмен келісімшарт жасасқан концессионер осы Кодекстің 139-бабында айқындалған инвестициялық салық преференциялары қолданыла бастаған кезден бастап бес жыл ішінде есептелген төлем сомасын жүз процентке кемітеді.".

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 36-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "концессия шартының қолданылу мерзіміне;";

      2-тармақтың бірінші бөлігі "қоспағанда," деген сөзден кейін "сондай-ақ концессиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін беру жағдайларында" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 114-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "аймақтарына бөліп берілген жер жатады." деген сөздер "аймақтарына;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) концессия шарттары бойынша темір жолдар мен темір жол көлігінің объектілеріне бөліп берілген жер жатады.".

      3. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат; N 13, 98-құжат; N 16, 129-құжат; N 20, 152-құжат; N 23, 176-құжат; 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары - Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат;
      2) басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі - республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына қосымша;
      3) бекітілген бюджет - тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;
      4) бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
      5) бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;
      6) бюджет қаражаты - мемлекеттік меншікке түсуі мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттің ақша және өзге де активтері;
      7) бюджет қаражатын алушылар - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлігінде бюджет қаражатын пайдаланатын, жеке және заңды тұлғалар, шаруа немесе фермер қожалықтары, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсететін, оның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде қаржылық қызметтер көрсететін тұлғалар;
      8) бюджет процесі - бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджет есебі мен есептілігін жүргізу, мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген қызмет;
      9) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
      10) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      11) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орта мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
      12) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      13) бюджеттік инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатында мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға, адам ресурстарын дамытуға және табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру;
      14) бюджеттік инвестициялық бағдарлама - бірыңғай инвестициялық мақсатты көздейтін, сипаты техникалық-экономикалық негіздеу сатысында қол жеткізу мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтін іс-шаралар жиынтығы;
      15) бюджеттік инвестициялық жоба - шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
      16) бюджеттік қамтамасыз етілу - мемлекеттік басқару органдары тиісті бюджеттер қаражаты есебінен ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушылардың бірлігіне шаққандағы заттай нормалар есепке алынған мемлекеттік қызметтер көрсету құны;
      17) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
      18) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;
      19) жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;
      20) индикаторлар - алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бағдарламаны іске асыру нәтижелерін көрсететін сандық көрсеткіштер;
      21) кепілдік берілген трансферт - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін қайтарылмайтын түсімдер;
      22) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін құру (салу) және реконструкциялау үшін белгілі бір шығындар көлемін қаржыландыруға арналған бюджеттік қаржыны бөлу;
      23) кірістерді бөлу нормативі - кірістерді әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында бөлудің проценттік арақатынасы;
      24) қаржы жылы - күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын, соның ішінде бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын уақыт кезеңі;
      25) қаржыландыру - бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;
      26) мемлекеттік бағдарлама - салааралық сипаты бар, әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық және неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге және мемлекеттің қорғаныс қабілетін, құқық тәртібін, заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін бағдарлама;
      27) мемлекеттік бюджет - республикалық және жергілікті бюджеттерді араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
      28) мемлекеттік инвестициялық саясат - инвестициялық процестерді ұлттық экономиканың мүдделері үшін мемлекеттік реттеудің экономикалық және қаржылық негізделген шараларын көрсететін әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі;
      29) мемлекеттің активтері - бұрынғы операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құндық бағасы бар құқықтар;
      30) нақтыланған бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат атқарылуы барысында қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, тиісті қаржылына бекітілген бюджет;
      31) облыс бюджеті - облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
      32) өңірлік бағдарлама - өңірді (аумақты) әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған мәслихаттар бекітетін бағдарлама;
      33) салалық (секторлық) бағдарлама - экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) стратегиялық және неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталған Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бағдарлама;
      34) түзетілген бюджет - тиісінше Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қаржы жылы ішінде бөлуді ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған республикалық немесе жергілікті бюджет;
      35) шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджеттен, облыс бюджетінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударылатын, бюджетке түсімдерден тұратын, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджет;
      36) ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган - ішкі мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      37) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын атқарушы орган;
      38) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
      2. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының осы бапта көрсетілмеген басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады.
      Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы ұғымдарының анықтамалары бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының ұғымдары пайдаланылады.
      3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы заңнамасының осы салаларында пайдаланылып жүрген мәнінде қолданылады.";

      2) 50-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерін орындау.";

      3) 51-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін орындау.";

      4) 52-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін орындау.";

      5) 58-бап мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15-1) қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
      15-2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібін айқындайды;
      15-3) концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындар өтемақысын беру тәртібін айқындайды;";

      6) 60-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) орташа мерзімдік кезеңге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады;";

      7) 61-баптың 16) тармақшасы "міндеттемелердің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелерінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 74-баптың 2-тармағының сегізінші абзацындағы "нәтижелері негізінде жасалады;" деген сөздер "нәтижелері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесі негізінде жасалады.";

      9) 76-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы "жобаларды (бағдарламаларды)" деген сөздерден кейін ", қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 77-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы "жобаларды (бағдарламаларды)" деген сөздерден кейін ", қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 147-баптың 1-тармағындағы "жобалар (бағдарламалар)" деген сөздер "жобаларды (бағдарламаларды), концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 148-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөлікте:
      "жобаларды (бағдарламаларды)" деген сөздерден кейін "және концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды" деген сөздермен толықтырылсын;

      "149-152-баптарына" деген сөздер "149, 150, 150-1, 150-2, 150-3, 152 және 152-1-баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:
      бірінші абзац "жобаларды (бағдарламаларды)" деген сөздерден кейін "және концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) және 3) тармақшаларда:
      "жобалардың (бағдарламалардың)" деген сөздерден кейін "және қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      "тізбесін" деген сөз "тізбелерін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) мынадай мазмұндағы 150-1, 150-2, 150-3 және 152-1-баптармен толықтырылсын:

      "150-1-бап. Қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық
                  жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібі

      1. Мыналар:
      1) техникалық-экономикалық негіздеменің болуы;
      2) техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы;
      3) концессиялық жобаны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және республикалық меншіктің бар объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
      4) бюджет комиссиясының оң шешімі қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалар тізбесін қалыптастыруға негіз болып табылады.
      2. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыруды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.

      150-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық
                 негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы

      Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы тиісінше экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың бөлінетін бюджеттік бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.
      Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және оның сараптамасына қойылатын талаптарды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      150-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бөлінетін экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың тиісінше бюджеттік бағдарламалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      152-1-бап. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы
                 бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

      1. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар концессия шартының негізінде іске асырылады.
      2. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концедент тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүргізеді.
      3. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      14) 191-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "191-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар

      Осы бөлімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аваль - вексельдік кепілдік, бұл жағдайда оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті басқа тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе бір бөлігінде) өзіне міндеттеме алады;
      2) ақша нарығы - қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) өтімді қаржы құралдары нарығы;
      3) бағдарламалық қарыздар - халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту және реформалау жөніндегі өздерімен келісілген іс-шараларын орындау шарттарымен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беретін қарыздары;
      4) банк кепілдігі - қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімде қарыз шарты бойынша өзінен алынуға тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда, банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның алдындағы мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесі;
      5) борыш мониторингі - мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі;
      6) борышқа қызмет көрсету - белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының (мүдденің), комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері;
      7) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы, концессиялық міндеттемелерге төлеуі;
      8) жергілікті атқарушы орган борышының лимиті - тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте бекітілетін жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (қаржы жылының аяғына) жергілікті атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуге тиіс алынған және өтелмеген қарыздарының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерінің тіркелген сомасы;
      9) Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
      10) қарыз алу - қарыз қаражаттарын тарту, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау қажеттігі туралы шешім қабылдау рәсімдерін, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және оларға қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдерін қамтитын процесс;
      11) қарыз беруші - мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі;
      12) қарызды қайта құрылымдау - тараптардың келісімі бойынша қарыз шарты жөніндегі өздерінің міндеттемелерін орындау мерзімдерін, қаржылық және өзге де шарттарды өзгертуі;
      13) қарызға қызмет көрсету - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе банктің қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөніндегі қызметі және қарыз алушының сыйақы (мүдде) төлемдерін, комиссиялық алымдарды және қарыз шарттарына сәйкес басқа да төлемдерді жүзеге асыруы;
      14) қарыз шарты - қарыз алушы қарыз қаражатын соған байланысты алатын және қарыз берушінің алдында оны қайтару және сыйақыны (мүддені), сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемені мойнына алатын келісім;
      15) концессиялық міндеттемелер - концеденттің жасалған концессия шарттары бойынша инвестициялық шығындарды белгілі бір күнге өтеу жөнінде қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелерінің сомасы;
      16) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;
      17) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш - мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыз сомаларының сомасы;
      18) мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін тіркелген сома;
      19) мемлекет кепілдік берген борыш - мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;
      20) мемлекет кепілдік берген қарыз - мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз;
      21) мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру - жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебінен мемлекеттік борышты өтеу;
      22) мемлекеттік емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен жергілікті атқарушы органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыз қатынастары;
      23) мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін тіркелген сома;
      24) мемлекеттік қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары;
      25) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын қарыз қатынастарында оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
      26) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын бірінші иеленушілерге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау арқылы иеліктен шығаруы;
      27) негізгі борыш сомасы - қарыз берушіден алынған және оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық төлемінің (айыппұлдың, өсімпұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома;
      28) сақтандыру шарты - қарыз алушы қарыз шарттары бойынша өзінен алынуға тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, сақтандыру ұйымының қарыз берушінің алдындағы мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;
      29) сыйақының (мүдденің) тіркелмеген (құбылмалы) ставкасы - нарық конъюнктурасына байланысты өзгерістерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы (мүдде) ставкасы немесе сыйақымен (мүддемен) қоса бағалы қағаздар бойынша кіріс;
      30) сыртқы қарыз - қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары;
      31) үкіметтік борыш - Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген мемлекеттік қарыздарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы;
      32) үкіметтік борыш лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің тіркелген сомасы, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген күнге (қаржы жылының аяғына) нақты борышынан асып кетпеуге тиіс;
      33) ішкі қарыз - қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.";

      15) 194-бапта:
      1-тармақтағы "қарыздардың" деген сөзден кейін ", концессиялық міндеттемелердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      3 және 4-тармақтардағы "қарыз беруші" деген сөздер алып тасталсын;

      16) 195-баптың 4-тармағы "төленген" деген сөзден кейін ", концессиялық міндеттемелер ақысы төленген" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 196-бапта:
      1) тармақшаның бірінші сөйлемі "ұсынудың" деген сөзден кейін ", концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақша:
      "мемлекеттік қарыздарды" деген сөздерден кейін ", концессиялық міндеттемелерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қызмет көрсету" деген сөздерден кейін ", концессиялық міндеттемелерді орындау" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) мынадай мазмұндағы 45-1 және 45-2-тараулармен толықтырылсын:

"45-1-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелері

      204-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық
                 міндеттемелер қабылдауы

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауы:
      1) орта мерзімді кезеңге концессияға ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру;
      2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шекарасын және басымдықтарын бекіту негізінде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жекелеген концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде жүзеге асырады.

      204-3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық
                 міндеттемелерді орындауы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

45-2-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері

      204-4-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық
                 міндеттемелер қабылдауы

      1. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы:
      1) орта мерзімді кезеңге концессияға ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру;
      2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шекарасын және басымдықтарын белгілеу негізінде жүзеге асырылады.
      2. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әрбір жекелеген концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты шешімінің негізінде жүзеге асырады.

      204-5-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық
                 міндеттемелер қабылдауын шектеу

      Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталған жергілікті бюджет қаражаты көлемімен шектеледі.";

      19) 218-1-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөліктегі "мемлекетке берілетін концессия объектісінің құнынан аспайтын" деген сөздер "кепілгерлік шартына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны қамтиды.";

      20) 218-9-бап мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Кепілгерге міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптар қарызды өтеу күнінен кейінгі күнтізбелік жүз сексен күн өткен соң болатын күнге дейін қойылуы мүмкін.".

      4. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., N 2, 17-құжат; 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 87-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 19, 148-құжат):

      4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің;";

      15-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

      5. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 246-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 14, 89-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 16, 129-құжат):

      1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) ақылы автомобиль жолдары - өздеріне қатысты ақылы негізде пайдаланылу туралы шешім қабылданған және онымен жүргені үшін ақы алынатын автомобиль жолдары;";

      2) 5-баптың 2-тармағындағы "сапасы нормативтік актілерде белгіленген мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай келетін баламалы тегін жол жүрудің болуы," және "ақылы" деген сөздер алып тасталсын;

      3) мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 және 5-3-баптармен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану
                туралы шешім қабылдау

      1. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қатысты автомобиль жолдарын ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:
      1) І санатты автомобиль жолдары салынған;
      2) қазіргі бар автомобиль жолдарының негізгі параметрлерін I санатқа дейін жеткізу арқылы реконструкцияланған жағдайда қабылдануы мүмкін.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған жолдарды елді мекендердің шекарасында салу немесе реконструкциялау, олар көше желісінің үстінен немесе оны сыртынан айналдыра жүргізілгенде ғана мүмкін болады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша, жол салудың немесе реконструкциялаудың балама нұсқаларын қоса бере отырып, автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдайды.
      3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде:
      1) қазіргі бар басқа баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен қоса бастапқы және соңғы пункттер;
      2) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;
      3) техникалық сыныптама мен негізгі параметрлер;
      4) ұзындығы;
      5) жүргені үшін ақының ең жоғары ставкасы;
      6) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;
      7) ақылы негізде пайдаланылу мерзімі көрсетілуге тиіс.
      4. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.

      5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға
               берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін
               ақы төлеу бойынша жеңілдіктер

      1. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
      1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
      жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
      өртке қарсы қызметтің;
      авариялық-құтқару қызметтерінің;
      жол-патруль қызметінің арнаулы автокөлік құралдары босатылады;
      2) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүру болмаған кезде:
      қала маңындағы бағыттарда және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен қосатын бағыттарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
      ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
      жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
      ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.

      5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату
               және тоқтата тұру

      1. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
      2. Ақылы автомобиль жолын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соғыс жағдайы, төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде пайдалануды тоқтата тұру белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.
      3. Автомобиль жолының иесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.".

      6. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 87-құжат; N 14, 89-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 19, 148-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17-1) концессия шарттары бойынша темір жолдар - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын және магистралдық темір жол желісіне енгізілмеген темір жолдар;
      17-2) концессия шарты бойынша темір жол көлігінің объектілері - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын және магистралдық темір жол желісіне енгізілмеген объектілер;
      17-3) концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жол қызметтері - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;";

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Концессионерге концессия шарттары бойынша темір жолдарға және темір жол көлігі объектілеріне концессия шартының мерзіміне иелену мен пайдалану құқығы беріледі.
      Концессия шарттары бойынша темір жолдар және темір жол көлігінің объектілері концессия шартының мерзімі аяқталғанға дейін магистралдық темір жол желісінің құрамына енгізілмейді.";

      3) 12-баптың 1-тармағындағы "қызметтердің бағасы Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "қызметтердің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Магистралдық темір жол желісінің операторы концессионермен концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қарым-қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.";

      5) 18-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "станцияларына бөлінген жерлер жатады." деген сөздер "станцияларына;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жаңа 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) темір жолдардың бөлінген белдеулері мен қорғалатын аймақтарына;
      5) концессия шарттары бойынша темір жолдар мен темір жол көлігінің объектілеріне бөлінген жерлер жатады.".

      7. "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 4-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат):

      1-бапта:
      1) тармақша "ұлғайту" деген сөзден кейін ", сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша "ұлғайту жөніндегі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақша "инвестициялық жоба -" деген сөздерден кейін "концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған өндірісін қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат):

      1-баптың 27-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-1) инфрақұрылымдық облигация - эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында орналастырылған облигация;".

      9. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 17, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 7, 38-құжат; N 13, 87-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 19, 148-құжат):

      9-баптың 3-тармағындағы "концессиялық келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық электр желісі құрамына" деген сөздер "олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 14, 88-құжат):

      1) кіріспеде:
      "жағдайларын" деген сөзден кейін ", концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "және орындау" деген сөздер ", орындау және тоқтату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) концессия - концессия шарты бойынша мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ мұндай объектілерді одан әрі пайдалануы үшін концессионерге оны иелену, пайдалану құқықтарын беру арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды ұсыну арқылы не онсыз кейіннен мұндай объектілерді мемлекетке бере отырып, концессионердің қаражаты есебінен немесе концеденттің қоса қаржыландыруы шартымен жаңа объектілер құру (салу) құқықтарын беру;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі концессия мәселелері бойынша қызметтер көрсету үшін құрған ұйым;";

      6) тармақша "жұмыс" деген сөздің алдынан "тізбеге енгізілген," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін құруға (салуға) және реконструкциялауға арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;";
      "10-1) тізбе - концессияға ұсынылатын объектілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, орташа мерзімдік кезеңге арналған тізбесі;";

      3) 3-бапта:
      бірінші абзацтағы "Концессия объектілерін беруге" деген сөздер "Концессияға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "қамтамасыз етуге негізделеді." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) еркін бәсекелестікке;
      5) барлық ықтимал концессионерлердің теңдігіне және кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.";

      4) 5-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Шарт талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектісі концессионердің осы объектілерді кейіннен пайдалануы арқылы концессия объектісін құрған кезден бастап мемлекеттік меншікке беріледі.";

      4-тармақтағы "концеденттің алдын ала жазбаша келісімінсіз" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионер өзіне концессия шарты бойынша иелік етуге және пайдалануға берілген мемлекеттік мүліктің, сондай-ақ концессия шартын орындау нәтижелері бойынша пайда болған мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін көтереді.";

      5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Концессионердің шығындарын өтеу және кірістерін
              алу көздері

      1. Концессионердің концессия шартын орындауға байланысты шығындары өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату және концессия объектісін пайдалану процесінде кірістер алу арқылы өтелуі мүмкін.
      2. Концессионер өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) пайдалануға жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы органдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген, көлемі мен ұсынылу талаптары концессия шартында айқындалатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тұтынушылары бола алады.
      4. Мемлекет Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарына өтемақы беруі мүмкін.";

      6) 8-бапта:
      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тізбені бекітеді;";
      "3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережелерін бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды құрады;
      8) концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімін бекітеді.";

       7) 9, 10 және 11-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті
              мемлекеттік органның өкілеттіктері

      Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
      1) мыналарды:
      ұсыныстарды талдау мен сараптауды;
      техникалық-экономикалық негіздемені бағалау мен экономикалық сараптауды;
      конкурстық құжаттаманы сараптауды;
      концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық жобаларды талдау мен сараптауды;
      концессия шарттарының жобаларын сараптауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;
      2) техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып, тізбені қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
      3) конкурстық құжаттаманы және концессия шартын келіседі;
      4) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен басымдықтарын белгілейді.

      10-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
              мемлекеттік органның өкілеттіліктері

      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
      1) тізбені келіседі;
      2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы келіседі;
      3) концессия шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады, сондай-ақ концессия шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді;
      4) жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;
      5) концессиялық міндеттемелерді тіркейді;
      6) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келіседі.

      11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның республикалық меншікке
              билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері

      Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
      1) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары табыс ететін ұсыныстарды олар ұсынылған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келіседі;
      2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
      3) өз құзыреті шегінде республикалық меншікте болатын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалу мониторингін жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келіседі;
      5) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;
      6) концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.";

      8) 12-бапта:
      1) тармақшада:
      "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздердің алдынан "осы Заңның 15-1-бабына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      "концессия объектілері" деген сөздер "объектілер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "2), 3) және 4) тармақшалардағы "16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында" деген сөздер "16-бабының 2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;
      7) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады;
      8) қажет болған жағдайда концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады.";

      9) 13-бапта:
      1) тармақшада:
      "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздердің алдынан "осы Заңның 15-1-бабына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      "концессия объектілері" деген сөздер "объектілер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) концессия шартын жасасу кезінде тиісті өңірдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін конкурсты ұйымдастырушыға республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты ұсыныстар енгізеді;";

      4) тармақшадағы "объектілерге" деген сөз "концессия объектілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;
      9) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады.";

      10) 14-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
      6) егер концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болса, мемлекеттің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну кепілдігі;
      7) концессия шартында белгіленген мерзімде және концессия шартының қолданылуы кезеңінде сонда айқындалған көлемде концессионердің инвестициялық шығындардың белгілі бір көлеміне өтемақы төлеу.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде концессионер сатуға ұсынылатын концессиялық жобаның құнына қатысты кемінде жиырма процент көлемінде инфрақұрылымдық облигациялар шығаруға міндетті.
      Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару көлемі, орналастыру талаптары тараптардың келісімімен концессия шартында айқындалады.";

      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі "концессиялық жобаның өз" деген сөздер "концессия шарты шеңберінде концессионер қаражаты есебінен құрылған (салынып жатқан) объектінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      11) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібі

      1. Объектілерді концессияға беру төрт кезеңде жүзеге асырылады:
      іріктелген ұсыныстардың тізілімін дайындау;
      тізбені қалыптастыру;
      концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;
      концессионерді анықтау және концессия шартын жасасу.
      2. Концессионерге мемлекет кепілгерліктерін берудің міндетті шарты Қазақстан Республикасының қор биржасында инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру болып табылады.";

      12) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Ұсыныстар дайындау және іріктелген
                 ұсыныстардың тізілімін қалыптастыру

      1. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мыналарды:
      1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
      2) концессиялық жоба мақсаттарының стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларда, республиканың немесе өңірдің даму жоспарларында белгіленген саланың даму басымдықтарына сәйкестігін, сондай-ақ салада орын алған проблемаларды шешуді;
      3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілуін қамтамасыз ету принципін негізге ала отырып, балама нұсқаларды;
      4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;
      5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді бағалауды қоса алғанда, салалық сараптаманы негізге ала отырып, жеке бастама тәртібімен жеке немесе заңды тұлғалар енгізген ұсыныстарды ескеріп қалыптастырады.
      2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс.
      3. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
      4. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсыныстарға сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
      5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін іріктеліп алынған ұсыныстардың тізілімін қалыптастырады.
      6. Тізбеге енгізілмеген концессия объектілері бойынша тиісті хабарламалар тиісті ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға оларды қабылдамаудың дәлелді негіздемесімен бірге жіберіледі.
      Тізбеге енгізілген және концессияға берілмеген концессия объектілерін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган келесі орта мерзімді кезеңге арналып қалыптастырылатын тиісті тізбеге енгізеді.";

      13) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Тізбені қалыптастыру

      1. Тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Тізбе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.
      2. Тізбе мынадай екі бөлімнен тұрады:
      1) жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері;
      2) салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер.
      3. Тізбені экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып және стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларға, республиканың даму жоспарларына, орта мерзімді фискалдық саясатқа, республикалық бюджеттің инвестициялық мүмкіндіктеріне сәйкес жылжымалы негізде жыл сайын үш жыл мерзімге қалыптастырады.";

      14) 17-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "сипаттамасы мен" деген сөздер "техникалық-экономикалық негіздемесін, сипаттамасы мен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) осы концессия жобасы үшін мемлекеттік қолдаудың ықтимал түрлерін және жол берілетін көлемдерін;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) үлгілік шарт негізінде әзірленген концессия шартының жобасын;";

      14) тармақшадағы "қамтитын" деген сөзден кейін ", осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қайта конкурс өткізу кезінде ықтимал концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмеуге тиіс.";

      4-тармақта:
      бірінші бөліктегі "жиырма күннен кешіктірмей" деген сөздерден кейін ", ал қайта конкурс өткізу кезінде күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "отыз күнге" деген сөздерден кейін ", ал қайта конкурс кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 18-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "болуға тиіс" деген сөздер "болуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) іске асыруға ұсынылатын концессиялық жобаның құнына қатысты кемінде жиырма процентті құрайтын өз капиталы болуға;
      5) өткен екі толық қаржы жылындағы аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі болуға;
      6) егер концессионер бірнеше жеке немесе заңды тұлға концессиялық жобаны іске асыру мақсатында құрған жаңа заңды тұлға болса, онда заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Егер концессионердің мемлекеттік кепілдікті және (немесе) мемлекет кепілгерлігін алуы көзделетін болса, ықтимал концессионердің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылында немесе соңғы аяқталған үш қаржы жылының кез келген екеуінде таза кірісі болуға тиіс.";

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "әлеуетті" деген сөз "ықтимал" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 19-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші бөлік алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында" деген сөздер "16-бабының 2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:
      "талаптарды" деген сөзден кейін ", конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралы мәліметті" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы ақпаратты конкурсты өткізу күніне дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын, ал қайта конкурс өткізу кезінде - күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде міндетті түрде жариялайды.";

      6-тармақтағы "Объектілерді концессияға беру жөнінде конкурс" деген сөздер "Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 20-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәуелсіз сарапшыларды" деген сөздер "концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігі "ұйымдастырушы" деген сөзден кейін "концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның қорытындысын ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтағы "табыс етілген конкурстық өтінімдердің арасынан" деген сөздер "концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "отыз" деген сөз "тоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18) 21-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны (тарифтерді) және бағаларды белгілеу тәртібін;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақшадағы "мерзімдері" деген сөзден кейін ", көздері" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) концессионердің қабылданған міндеттемелерді орындауын бағалаудың өлшемін және олар орындалмаған жағдайда айыппұлдар салу тәртібін;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) осы Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау ұсынылған жағдайда, оның түрлерін, көлемін, мерзімдері мен ұсыну шарттарын қамтуға тиіс.";

      19) 24-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      20) 26-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "сақтауға міндетті." деген сөздер "сақтауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      7) осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
      8) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылған қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.".

      2-бап. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев