Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 107 Заңы.

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат):

      1) 43-баптың 2-тармағы "жүзеге асыратын," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 328-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "328-бап. Ломбардта заттарды кепілге салу

      1. Қысқа мерзімді қарыздарды қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады, олардың қызметінің айрықша түрі:

      1) жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беру;

      2) құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алу, сақтау және сату болып табылады.

      Ломбардтар инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

      2. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілге салу билетін беруімен ресімделеді және онда кепілге қойылған мүлікті сақтандыру туралы талап болуы мүмкін. Кепілге қойылған мүлікті сақтандыру ломбардтың есебінен жүзеге асырылады.

      3. Ломбардтың кепілге қойылған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге құқығы жоқ.

      4. Ломбард, егер кепілге қойылған заттардың жоғалуы және бүлінуі еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, заттардың жоғалғаны және бүлінгені үшін жауапты болады.

      5. Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін Ломбард операцияларын жүргізу ережелері болғанда ғана жүзеге асырады және онда мынадай ақпарат:

      1) берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері;

      2) берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары;

      3) операциялар жүргізгені үшін ставкалар мен тарифтер;

      4) ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;

      5) кепілге салу билетін жоғалтқан жағдайда кепіл берушіге дубликаттар беру тәртібі;

      6) өзге де талаптар қамтылуға тиіс.

      Ломбард операцияларын жүргізу ережелері ломбардтың клиенттері көре алатындай жерге орналастырылуға тиіс.

      6. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың, осы Кодексте кепіл берушіге берілетін құқықтармен салыстырғанда, кепіл берушінің құқықтарын шектейтін талаптары шарт жасалған кезден бастап жарамсыз болады. Мұндай талаптардың орнына осы Кодекстің тиісті ережелері қолданылады.";

      3) 370-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "туралы талаптарды;" деген сөздер "туралы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) егер кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын болса, консервациялау немесе тарату процесінде тұрған банкке қойылатын талаптарды;".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат, N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат, N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 727-баптың 1-тармағы "заемшыға" деген сөзден кейін "төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 728-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 743-баптың екінші бөлігіндегі "банк қызметін реттейтін заң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж, N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат):

      1) 168-2-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "Банктердің" деген сөзден кейін ", банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы "лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде" деген сөздер "жеке тұлғаға -айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғаға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "Банктердің" деген сөзден кейін ", банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 170-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "170-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,

       ашық жинақтаушы зейнетақы қорының немесе банк

       холдингінің ірі қатысушысы белгілерін заңсыз алуға

       байланысты бұзушылықтар

      1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -

      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Банк холдингі белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -

      заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 170-1-бапта:

      тақырыбындағы "Банктердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына заңсыз қатысуына" деген сөздер "Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктегі "банктің Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуы" деген сөздер "банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "Банктің" деген сөзден кейін ", сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 171-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "171-бап. Уәкілетті органға банк заңнамасына немесе

       зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес

       табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс

       етпеуге, сол сияқты уақтылы табыс етпеуге немесе

       мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуге байланысты

       бұзушылық, не дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты)

       табыс ету

      Банктің, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың аффилиирленген тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органға банк заңнамасына немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс етпеуі, сол сияқты уақтылы табыс етпеуі немесе мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуі не олардың дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) табыс етуі -

      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 173-баптың сегізінші бөлігі "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының," деген сөздерден кейін "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 175-1, 175-2-баптармен толықтырылсын:

      "175-1-бап. Қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлері

       лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне

       қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында

       белгіленген талаптарды бұзу

      Қаржылық ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне қойылатын талаптарды қаржылық ұйымның бұзуы -

      заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      175-2-бап. Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің

       ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны

       туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау,

       сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын,

       өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасы

       заңнамасының талаптарын сақтамау

      Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру мен сақтандыру қызметі және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау -

      лауазымды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      7) 573-баптың бірінші бөлігі "175 (бірінші бөлік)" деген сөздерден кейін ", 175-1, 175-2" деген цифрлармен толықтырылсын.

      4. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 91-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      3) өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс;";

      (Ескерту. 1-баптың 4-тармағы 1) тармақшасы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Осы Заңның 2-бабын қараңыз).

      2) 122-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жиынтық жылдық кірісінің кемінде 90 процентін ауыл шаруашылығына кредит беруден алынуға тиісті (алынған) кірістер құрайтын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар салық салынатын табысты қызметтің осындай түрінен алынған табыс сомасына, сондай-ақ олардың активтерін орналастырудан алынған инвестициялық кіріс сомасына азайтады.";

      4-1-тармақ алып тасталсын;

      (Ескерту. 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Осы Заңның 2-бабын қараңыз).

      3) 124-баптың 2-тармағының 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден шегетін залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар өткізілетін күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстарды қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтеледі.";

      (Ескерту. 1-баптың 4-тармағы 3) тармақшасы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Осы Заңның 2-бабын қараңыз).

      4) 130-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттерге салық ставкасы резидент емес заңды тұлғаға қатысты мемлекет нақты қолданатын салық ставкасы осы Кодекске сәйкес айқындалатын ставканың 1/3-інен аспайтын мөлшерді құрайтын немесе мүліктің нақты иесі немесе табыстың нақты иесі туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың құпиялылығы туралы заңдары бар мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлігі жатады.";

      (Ескерту. 1-баптың 4-тармағы 4) тармақшасы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Осы Заңның 2-бабын қараңыз).

      5) 131-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "уәкілетті органның лицензиясы негізінде заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктік заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға, кредиттік серіктестіктерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      (Ескерту. 1-баптың 4-тармағы 5) тармақшасы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Осы Заңның 2-бабын қараңыз).

      6) 144-баптың 13) тармақшасындағы "өткізілер күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімінде тұратын акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі" деген сөздер "өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      (Ескерту. 1-баптың 4-тармағы 6) тармақшасы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Осы Заңның 2-бабын қараңыз).

      7) 178-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) осы Кодекстің 130-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елдердің резиденттері болып табылатын тұлғалар алған, қызметтердің нақты көрсетілген жеріне қарамастан (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы осындай тұрақты мекемелермен байланысты қызмет көрсету бойынша қызметін жүзеге асыратын резиденттерге немесе резидент еместерге) қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;";

      3) тармақшадағы "өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстар;" деген сөздер "өткізу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай сөздермен толықтырылсын: "егер резидент емес заңды тұлғаның акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен астамын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент еместер шығарған осындай акцияларды, сондай-ақ, резидент емес заңды тұлғаға қатысу үлестерін өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстар;";

      23) тармақшадағы "табыстар резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары деп танылады." деген сөздер "табыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

      "24) Қазақстан Республикасы жасасқан және ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасында салық салу құқығы көзделген, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған басқа да табыстар резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары деп танылады.";

      (Ескерту. 1-баптың 4-тармағы 7) тармақшасы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Осы Заңның 2-бабын қараңыз).

      8) 179-бапта:

      3-тармақтың 9) тармақшасындағы "2) тармақшасында" деген сөздер "2) және 2-1) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-1-тармақ алып тасталсын;

      (Ескерту. 1-баптың 4-тармағы 8) тармақшасы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Осы Заңның 2-бабын қараңыз).

      9) 183-баптың 1-тармағындағы "Қор биржасының өткізілетін күнгі "А" және "В" ресми тізіміндегі акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде" деген сөздер "Өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      (Ескерту. 1-баптың 4-тармағы 9) тармақшасы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Осы Заңның 2-бабын қараңыз).

      10) 190-баптың 1-тармағындағы "сатылатын күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімдеріндегі акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды" деген сөздер "өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған, қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізілген акцияларды және облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      (Ескерту. 1-баптың 4-тармағы 10) тармақшасы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Осы Заңның 2-бабын қараңыз).

      11) 227-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге мыналар жатады:

      1) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде лицензиясыз өзге заңды тұлғалар жүргізетін операциялар:

      депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

      жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі;

      аударым операциялары;

      банктік заем операциялары;

      банкаралық клиринг;

      кассалық операциялар;

      шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

      төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

      аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

      сенімгерлік операциялары: сенімгердің мүддесі үшін және тапсырмасы бойынша банктер жүзеге асыратын ақшаны, тазартылған бағалы металдарды басқару;

      банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;

      банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі;

      банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;

      2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызмет көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензиялар негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі ұйымдардың қызмет көрсетуі және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банктің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын бағалы қағаздармен жасалатын операциялары;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетуі;

      4) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;

      5) зейнетақы активтерін, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету;

      6) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын басқару жөнінде қызмет көрсету;

      7) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу жөнінде көрсететін қызметтері;

      8) кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесін өткізу;

      9) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;

      10) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі;

      11) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:

      аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;

      қарыз беру операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;

      кассалық операциялар;

      кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілдемелер және өзге міндеттемелер беру.".

      (Ескерту. 1-баптың 4-тармағы 11) тармақшасы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Осы Заңның 2-бабын қараңыз).

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):

      8-бапта:

      д-1) тармақшадағы "осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтік операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; чек кітапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау" деген сөздер "осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ чек кітапшаларын шығару тәртібін айқындайды;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      д-2) тармақша "банк операцияларының" деген сөздерден кейін "және банктер үшін сейф операцияларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      и-2) тармақшадағы "сейф операцияларына;" деген сөздер алып тасталсын.

      6. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат, 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар):

      7-баптың 2-тармағы "органның" деген сөзден кейін ", кредиттік серіктестіктердің, Ұлттық почта операторының" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар):

      1) 6-бапта:

      үшінші бөлікте:

      "банк және сақтандыру қызметі" деген сөздер "қаржылық қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", ал банктердің филиалдары мен өкілдіктерін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын есептік тіркеу үшін аталған органның келісімі" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;

      2) 8-баптың екінші бөлігі "филиалдың (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері" деген сөздерден кейін "(банк филиалының бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде орналасқан барлық үй-жайларының мекен-жайы)" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар):

      1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) банк акцияларын жанама иелену (дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;

      2) банк конгломераты - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін заңды тұлғалар тобы:

      банк бас ұйым болып табылады немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылады;

      банк бас ұйым болып табылмайды, бірақ топтың қызметі негізінен банк секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің, топтың жиынтық активтеріне топтың қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайды;

      банк бас ұйым болып табылмайды, бірақ топта бір банк және өзге қаржылық ұйым бар.

      Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк болатын болса, онда Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банк және оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк және оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады;

      3) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:

      банк акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;

      4) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;

      5) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:

      банк акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлға;

      6) бақылау - бір заңды тұлғаның мынадай шарттардың бірі:

      бір тұлғаның заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленуі не басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігінің болуы;

      бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлға директорлар кеңесінің немесе басқармасының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігінің болуы;

      бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есебіне қосқан кезде;

      бір заңды тұлғаның шарттың (растайтын құжаттардың) күшімен не өзгеше түрде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда басқа заңды тұлғаның шешімін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын басқа заңды тұлғаның шешімін айқындау мүмкіндігі;

      7) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша;

      8) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;

      9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;

      10) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін (осындай иеленуші мемлекет болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;

      11) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы.";

      2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

      "2-1-бап. Банктің аффилиирленген тұлғалары

      Банктің аффилиирленген тұлғалары - "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары.";

      3) 5-баптағы "негізінде" деген сөзден кейін "не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 6-баптың 2-тармағы "мемлекеттік органның" деген сөздерден кейін ", кредиттік серіктестіктердің, Ұлттық почта операторының" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Банктер үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет

      1. Банктерге банк қызметіне қатысы жоқ не осы Заңның 30-бабының 12-тармағында көзделмеген кәсіпкерлік қызмет ретіндегі операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен мәміле жасауды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.

      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу мынадай жағдайларда:

      1) қаржы ұйымдарының;

      2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғары санаты бойынша енгізілген қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғалардың;

      3) кредиттік бюролардың, ломбардтардың, бағалы қағаздарды орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес арнайы ұйымдардың, лизингтік ұйымдардың, сондай-ақ айрықша қызмет түрі банктің операциялық қызметін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікті иелену және оны басқару болып табылатын ұйымдардың, банк қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың;

      4) заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде осы ұйымдардың;

      5) осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғалардың;

      6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың;

      7) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін банк сатып алған жағдайларда қолданылмайды.

      Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың банкке тиесілі акциялар саны бір заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.

      3. Банктің осы баптың 2-тармағы 1)-3), 6) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға:

      1) 1), 3) және 7) тармақшаларда аталған ұйымдар үшін - банктің меншікті капиталының он бес процентінен;

      2) 2) және 6) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - банктің меншікті капиталының он процентінен аспауға тиіс.

      Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылдаған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктердің осындай ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуы кезінде банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен аспауға тиіс, бұл ретте акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан артық болмауға тиіс.

      Банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны:

      қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалар үшін - банктің меншікті капиталының алпыс процентінен;

      сақтандыру ұйымдары үшін - банктің меншікті капиталының қырық процентінен аспауға тиіс.

      Банктер он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен ұлғаю немесе кему фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде:

      акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына акциялар санының проценттік қатынасын;

      банкке тиесілі заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген шектеулер банктің еншілес ұйымдарының және банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың қызметіне қолданылады.

      5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу:

      бағалы қағаздары Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша енгізілген заңды тұлғалардың облигацияларымен;

      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;

      рейтинг агенттіктерінің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелер жасау жүзеге асырылғанда қолданылмайды.";

      6) 11-бап алып тасталсын;

      7) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1-бап. Банктердің еншілес ұйымдары және ұйымдардың

       жарғылық капиталдарына банктердің қомақты қатысуы

      1. Банк осы Заңның 8-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана еншілес ұйым құра алады немесе оны иелене алады.

      Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

      Акциялары және жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кепіл ретінде қабылданған жағдайда, банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар банктің еншілес ұйымына жатқызылмайды, бұл ретте осындай акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.

      2. Банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйым құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.

      Банктің еншілес ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас банктің атауын пайдалануға міндетті.

      3. Рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуге тиіс:

      1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы хаттамалар;

      2) банктің уәкілетті органының еншілес ұйым құру немесе оны сатып алу туралы шешімі;

      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат;

      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және аффилиирленген тұлғалар туралы мәліметтер.

      Банкте банк холдингі болмаған жағдайда:

      осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;

      егер аталған ұйымдардың директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;

      5) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;

      6) құрылатын еншілес ұйымның құрылтайшылары енгізетін акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;

      7) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ олар сатып алатын акциялар саны және акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;

      8) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

      9) аудиторлық ұйымның есебі және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржы есептілігі;

      10) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;

      11) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның сатып алынатын акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпарат;

      12) банк жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын иемдену арқылы еншілес ұйымын иемденген заңды тұлға туралы:

      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;

      құрылтайшысы (қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;

      акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті;

      заңды тұлғаның (оның құрылтайшысы, қатысушысы, акционері банк болып табылатын) басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;

      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялар саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер;

      13) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттар;

      14) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттар.

      4. Банк соңғы аяқталған екі қаржы жылының қорытындылары бойынша оның қызметі шығынсыз болған жағдайда және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтаған жағдайда, еншілес ұйым құруға құқылы.

      5. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:

      1) рұқсат алуға қажетті құжаттардың табыс етілмеуі;

      2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 20-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;

      3) көзделген еншілес ұйымдардың болуы нәтижесінде шоғырландырылған негізде пруденциалдық нормативтерді және банктер сақтауға міндетті уәкілетті орган белгілеген басқа да нормалар мен лимиттерді банктің сақтамауы;

      4) еншілес ұйымның қызметі немесе банк жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауы және (немесе) банк салымшыларының мүдделеріне нұқсан келтіру көзделетін қаржылық салдарларды талдау;

      5) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;

      6) банктің уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және/немесе өтінішті қарау кезеңінде белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;

      7) өтініш берілген күнгі банкке қатысты қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының және санкцияларының болуы негіз болып табылады.

      6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.

      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

      7. Банктің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзім ішінде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға не еншілес ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігінен бас тартуға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға беруге міндетті.

      9. Банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.

      Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен белгіленеді.

      10. Рұқсат алуға берілетін өтініш осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5)-8) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып табыс етіледі.

      Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі ұйымның жарғылық капиталға қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.";

      8) 16-бапта:

      3-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Банктің меншікті капиталын және инвестициясын есептеу әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.

      Егер банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншікті капиталы теріс капитал болады.";

      8-тармақта:

      бірінші бөліктегі "Банк капиталының" деген сөздер "Банктің меншікті капиталының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "оның нақты капиталының мөлшерін" деген сөздер "оның міндеттемелерінің сомасы шегеріле отырып банк активтерінің құнын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 17-баптың 6-тармағы алып тасталсын;

      10) 17-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1-бап. Банк холдингі және банктің ірі қатысушысы

      1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банк холдингі, банктің ірі қатысушысы бола алмайды.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

      Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген кіріс және мүлік туралы декларацияны табыс ету жөніндегі талаптарды ескере отырып, банктің акцияларын төлеуге құқылы.

      2. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға келісім беру, оны кері қайтарып алу ережелерін, осы келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

      3. Банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-7-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініш беруге міндетті.

      4. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:

      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға жұмсалатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, банктің акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

      2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;

      3) өзі ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

      4) білімі, еңбек қызметі туралы, сотталғандығының бар-жоғы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;

      5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент-банкінің акцияларды сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті елдің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.

      5. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:

      1) өтініш берушінің жоғары органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;

      2) осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      3) өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін, оның ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

      4) білімі туралы, еңбек қызметі туралы, сотталғандығының бар-жоғы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

      5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептілігін;

      6) өтініш берушінің және банктің мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларының талдамасын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, өтініш берушінің банк активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банк қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын, егер олар бар болса, табыс етеді.

      6. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін мына құжаттарды:

      1) осы баптың 4-тармағының 1)- 3) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 3)-6) тармақшаларында аталған мәліметтер мен құжаттарды;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.

      7. Банктің ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:

      1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржылық қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.

      8. Жиынтығында банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он және одан астам процентін иеленетін немесе банк акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:

      1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;

      3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;

      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;

      5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.

      9. Уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:

      осы Заңның 20-бабы 2-тармағының 3)-5) тармақшалары талаптарының (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты) сақталмауы;

      өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы;

      осы бапта аталған құжаттарды табыс етпеу;

      өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;

      банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болған жағдайлар;

      банктің құрылтайшылары мен акционерлеріне осы Заңда белгіленген өзге де талаптарды өтініш берушінің сақтамауы;

      өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;

      өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;

      өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғада тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы негіз болып табылады.

      10. Мына жағдайлардың бірінің болуы:

      өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;

      өтініш беруші міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған банк акцияларын сатып алуға көзделген активтерінің сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;

      аяқталған соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;

      өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жай-күйін айтарлықтай тәуекелге ұрындыратындай болса;

      өтініш берушінің банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегі болса;

      өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжаса;

      банкке және (немесе) оның депозиторларына нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің - заңды тұлғаның қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.

      11. Тұлға ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алмаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаға осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

      12. Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруі банктің ірі қатысушысы үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Банк холдингі болғысы келетін тұлға осы баптың 5-7-тармақтарында көзделген құжаттармен және мәліметтерден басқа, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды табыс етеді.

      Осы Заңның банк холдингі мәртебесін алу жөніндегі талаптары өзі орналасқан елде шоғырландырылған бақылауға жатқызылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес банкке қолданылмайды.

      Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тартуына осы баптың 9-тармағында көзделген негіздерден басқа, мыналар:

      өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатқызылмайтын жағдайлар;

      Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдер заңнамаларының олардың және банк конгломератының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы негіз болып табылады.

      13. Банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес және одан астам процентін иеленетін немесе банк акцияларының жиырма бес және одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:

      1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;

      3) олардың бірі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;

      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.

      14. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.

      15. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған немесе банктің ірі қатысушылары немесе банк холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға банк акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға немесе өзінің тікелей немесе жанама дауыс беру құқығын қолдануды қоса алғанда, банктің басшылығына немесе оның саясатына ықпал етуді (немесе ықпал етуге тырысуды) тоқтату міндеттемесін қабылдауға міндетті.

      16. Тұлға өзіне қатысты емес себептер бойынша банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келген не банктің акциялары кепіл болып табылатын борыштық міндеттемелер бойынша кепілге салынған мүліктің оған көшуі нәтижесінде банктің осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларын меншігіне алған жағдайларға осы баптың міндетті түрде уәкілетті органның келісімін алдын ала алу қажеттігі туралы талаптары қолданылмайды.

      Аталған жағдайларда банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін тұлға акцияларды сатып алған немесе оған өзінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға және осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін банктің басшылығына немесе оның саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасамауға немесе осындай жолмен сатып алған акцияларымен дауыс бермеуге міндетті.

      Тиісті мәртебені алу туралы өтініш акцияларды сатып алған кезден бастап не оған өзінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап алпыс күн ішінде, егер бұл тұлға аталған мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды сатып алған күннен бастап алпыс күн ішінде оларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылданғаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға табыс етіледі.

      17. Егер уәкілетті органға тұлғаның банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетінін немесе банктің акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, банктің осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беруге мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.

      18. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі банктің өзіне тиеселі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей не жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар акциялары санының орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасын өзгерту туралы шешім қабылданған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      19. Банк өзінің барлық ірі қатысушылары мен банк холдингтеріне тиесілі банк акциялары санының банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акциялардың санына проценттік арақатынасын көрсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.

      20. Банктер өзінің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан астам процентін иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      21. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органға осы баптың 16-20-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде бермеуі, сол сияқты әлденеше рет уақтылы бермеуі немесе дұрыс емес мәліметтерді беруі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      11) 19-бапта:

      3-тармақта:

      б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "б) құрылтайшылар туралы (уәкілетті орган белгілеген тізбе бойынша) мәліметтер, аяқталған соңғы екі қаржы жылы ішіндегі шоғырландырылған есепті қоса алғанда, қаржы есептілігі, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі;";

      мынадай мазмұндағы б-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "б-1) егер тұлға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болатын болса, онда осы Заңның 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер;";

      в) және г) тармақшалары алып тасталсын;

      д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "д) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың, соның ішінде банк басқармасының кемінде үш мүшесінің құжаттары;";

      к) тармақшасы алып тасталсын;

      12) 20 және 21-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Банктің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге де басшылар, банктің бас бухгалтері банктің басшы қызметкерлері болып танылады.

      Банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.

      2. Мыналар:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында осы бапта белгілеген жұмыс стажы жоқ;

      3) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері болып табылған тұлға банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап ету уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.

      3. Банктің ірі қатысушысы банк басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

      Банктің директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.

      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келу үшін:

      1) банктің тәуелсіз директоры, басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде үш жыл;

      2) банк басқармасының мүшелері лауазымына кандидаттар үшін - қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде екі жыл;

      3) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары лауазымына кандидаттар үшін - қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.

      Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажының болуы талап етілмейді.

      Осы тармақпен белгіленген жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттар уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда банк осы тұлғамен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.

      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      6. Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      7. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы банкте өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындала (сайлана) алады.

      8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:

      1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;

      2) банктің басшы қызметкеріне уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдану негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, банк осы адаммен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.

      10. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен банкті консервациялау немесе оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, банктің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтері болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.

      11. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс және лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады).

      21-бап. Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларының

       қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар

      Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға осы Заңның 19-бабында аталған құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай шешім талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса тіркеуге міндетті.";

      13) 22-бап алып тасталсын;

      14) 24-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы г-1) және г-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "г-1) құрылтайшының:

      экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар болса;

      уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері қызметінде болған болса, банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

      г-2) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;";

      е) тармақшасында:

      "ең төменгі" деген сөздер алып тасталсын;

      "20-бабының 3-5-тармақтарында" деген сөздер "20-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ж) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақтағы "22" деген цифр "21" деген цифрмен ауыстырылсын;

      15) 26-бапта:

      2-тармақта:

      б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "б) уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес мөлшерде жарғылық капиталы болуға;";

      мынадай мазмұндағы в) тармақшасымен толықтырылсын:

      "в) лицензиялық алым төлеуге тиіс.";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:

      1) қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;

      3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс етуге тиіс.";

      3-тармақ "құжаттарды" деген сөзден кейін "уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтағы "өтініш қабылданған күннен бастап" деген сөздер "лицензия беруге құжаттар табыс етілген күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 29 және 30-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу

      1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.

      2. Банк өзінің филиалы мен өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға:

      1) банк филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар банктің филиалы немесе өкілдігі туралы нотариат куәландырған ереженің көшірмесін;

      3) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға филиал үй-жайының сәйкестігін растайтын (филиалды ашу кезінде) Ұлттық Банктің тексеру қорытындысы мен актісінің нотариат куәландырған көшірмесін;

      4) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.

      3. Қазақстан Республикасы аумағында банктің филиалын немесе өкілдігін құруға, жабуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.

      4. Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

      Банк филиалы бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде бірнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.

      5. Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.

      6. Банктің филиалдар ашуының, сондай-ақ бірнеше мекен-жайлар бойынша орналасқан жұмыс істеп тұрған филиалдардың қосымша үй-жайларының санын арттыру үшін:

      1) банктің соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша залал шектірмеген қызметі;

      2) филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің алдындағы үш ай ішінде банктің пруденциалдық нормативтерді сақтауы;

      3) филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның банкке санкциялар қолданбауы;

      4) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға филиалдың үй-жайының сәйкестігін растайтын Ұлттық Банктің тексеру қорытындысы мен актісінің болуы міндетті шарттар болып табылады.

      Осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талап банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтаған жағдайда жаңадан құрылған банкке ол құрылған күннен бастап үш жыл ішінде қолданылмайды.

      7. Қазақстан Республикасының резидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдігін ашуға құқылы.

      8. Филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент банкі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге тиіс.

      Филиалдың орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк уәкілетті органға Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға филиалдың үй-жайының сай келетінін растайтын Ұлттық Банктің тексеру қорытындысы мен актісінің нотариат куәландырған көшірмесін қосымша табыс етеді.

      9. Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органында тіркелгендігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.

      10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.

      11. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің есептік тіркелгені туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

      3) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің банк қызметін жүргізуге қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасын;

      4) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің ашылуына қарсы емес екені туралы жазбаша хабарламасын не банктік қадағалау органының немесе тиісті мемлекеттің беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішін;

      5) банк өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.

      12. Қазақстан Республикасында резидент емес-банктің филиалдарын ашуға тыйым салынады.

      13. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, хабарлауға міндетті.

      14. Банк өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі әділет органдарында (Қазақстан Республикасынан тысқары жерде филиалдар немесе өкілдіктер қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банк филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауға тиіс.

      15. Уәкілетті орган, осы баптың 2, 6-9, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резидент-банкінің филиалын және (немесе) өкілдігін және резиденті емес-банк өкілдігін жабуды талап етуге құқылы.

      30-бап. Банк қызметі

      1. Банктердің осы бапта белгіленген банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады.

      2. Банк операцияларына:

      1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

      4) жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;

      5) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтауды қоса алғанда, осы тармақтың 1), 2), 6)-9), 12) және 13) тармақшаларында көзделген банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде оларды қабылдау және беру;

      6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;

      7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

      8) банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге және мемлекет бірден-бір акционері болып табылатын заңды тұлғаға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру;

      9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

      10) банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есебін жүргізу және клиринг қатысушылары - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;

      11) төлем карточкаларын шығару;

      12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;

      13) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

      14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

      15) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;

      16) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.

      3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі банк операцияларына жатпайды.

      4. Осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген банк операциялары Ұлттық Банк белгілеген тәртіпте электрондық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.

      5. Банктерге осы бапта көзделген банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді.

      Банктерге осы баптың 2-тармағының 5), 9)-12) тармақшаларында және 11-тармағының 9) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия беру кезінде Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі.

      6. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің лицензиясы болған жағдайда осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыра алады.

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензияны, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган береді.

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру кезінде осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі.

      Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде осы баптың 2-тармағында көзделген өзге де банк операцияларымен осы баптың 2-тармағының 9)-12) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізу мүмкіндігі көзделген болса, онда лицензияны Ұлттық Банктің оң қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган береді.

      7. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағының 10)-12) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргізуге және айрықша қызмет түрі осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген операциялар болып табылатын заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк береді.

      8. Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің осы бапта көзделген жүзеге асыратын өзге де операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      9. Лицензиялау тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

      10. Уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде банктер мен жекелеген қызмет түрлеріне лицензия алуға байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

      11. Банктер, осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

      1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

      2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

      3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;

      4) лизинг қызметін жүзеге асыру;

      5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;

      6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;

      7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;

      8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;

      9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.

      12. Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

      1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен - брокерлік;

      2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;

      3) кастодиандық;

      4) трансфер-агенттік.

      Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген рейтингтік агенттіктердің тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингін уәкілетті орган айқындайды.

      13. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын тек депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктер, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті орган берген лицензиясы негізінде Ұлттық почта операторы жүргізуге құқылы.";

      17) 32-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қаржы қызметі бойынша сыйақының шамасы туралы ақпаратты тарату, оның ішінде жариялау кезінде банктер сенімді, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкасын қосымша көрсетуге міндетті, оның тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      Аталған талапты сақтамаған жағдайда уәкілетті орган банкке осы заңның 47-бабында көзделген санкцияны қолдануға құқылы.";

      18) 34-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Банктік заем операциясы";

      1-тармақ алып тасталсын;

      1-1-тармақтағы "банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздер "ипотекалық ұйымның немесе мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банктік заем операциялары банктің, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің немесе мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның басқару органы бекітетін Банктің ішкі кредит саясаты туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.";

      4-тармақ "ережелер" деген сөзден кейін "банктік" деген сөзбен толықтырылсын;

      19) 40-бапта:

      3-тармақта:

      а) тармақшасы "басшы қызметкері" деген сөзден кейін ", филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:

      "д) банктің аффилиирленген тұлғалары.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы "басшы қызметкері" деген сөздерден кейін ", филиалдың бірінші басшысы және бас бухгалтері" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 41-баптың екінші бөлігіндегі "банк тобына" деген сөздер "банк конгломератына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21)42-бапта:

      1-тармақта:

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "Банктер тобы" деген сөздер "Банк конгломераттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлікте "лауазымды адамдарын" деген сөздерден кейін "және (немесе) банк акцияларының жиырма бес процентінен астамын иеленетін банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғаларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган банк холдингі жоқ банктерге және банк конгломераттарына жекелеген пруденциялық нормативтер мен аталған банкке және банк конгломератына тән тәуекел факторларының ықтимал ең жоғары өзгерістері кезінде туындайтын әлеуетті қомақты шығындардың орнын толтыру үшін жеткілікті деңгейдегі олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.";

      3-тармақта:

      "банк тобы" деген сөздер "банк конгломераты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "оларды сақтау әдістері мен есептеу әдістемесін," деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банк холдингтері, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды қоспағанда) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Банктің қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда банк холдингі уәкілетті органның талабы бойынша банктің қаржылық жай-күйін жақсарту үшін шаралар қолдануға, оның ішінде банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде банктің меншікті капиталын ұлғайтуға міндетті.";

      22) 46-бапта:

      6-тармақтағы "ретте" деген сөз "немесе уәкілетті орган банктің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "банктің аффилиирлендірілген тұлғаларына" деген сөздер "банктің ірі қатысушыларының, банк холдингінің, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың аффилиирленген тұлғаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 47-баптың 2-тармағында:

      д) тармақшасындағы "банк капиталы іс жүзінде болмаған" деген сөздер "банктің меншікті капиталының теріс мөлшері болған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "банктің нақты капиталының мөлшерін" деген сөздер "оның міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтерінің құнын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ж) тармақшасы алып тасталсын;

      з) тармақшасындағы "банк тобының" деген сөздер "банк конгломератының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 47-1-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-1-бап. Банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне

       және банк конгломератының құрамына кіретін заңды

       тұлғаларға қатысты қолданылатын мәжбүрлеу

       шаралары";

       1-тармақтың бірінші бөлігінде:

       бірінші абзац "банк холдингтеріне" деген сөздерден кейін "немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;

       үшінші абзацтағы "5" деген цифр "9" деген цифрмен ауыстырылсын;

       төртінші абзацтағы "орындамаса, мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы." деген сөздер "орындамаса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

       "банктің ірі қатысушылары (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдар), банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалар оның салдарынан банкке зиян келтіретін іс-әрекет жасағанда;

       банктің ірі қатысушыларының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалардың оның салдарынан банкке зиян келтіретін қаржылық жай-күйі тұрақсыз болғанда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.";

       2-тармақта:

       төртінші абзацта:

       "табылатын ұйымға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

       "ұйым" деген сөз "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

       төртінші абзацтағы "етуге құқылы." деген сөздер "етуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

       "банктен немесе банк холдингінен өз үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізуді талап етуге құқылы.";

       25) 48-бапта:

       1-тармақта:

       а) тармақшасындағы "22-бабы (б)-тармағының," деген сөздер алып тасталсын;

       з) тармақшасы "ұйғарымдарды" деген сөзден кейін "жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет)" деген сөздермен толықтырылсын;

       мынадай мазмұндағы з-1) және м-1) тармақшалармен толықтырылсын:

       "з-1 тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйесінің бар болуы бөлігінде уәкілетті органның талаптарын сақтамауы;";

       "м-1) банк холдингінің банктің меншікті капиталын ұлғайту бойынша уәкілетті орган белгілеген талаптарды сақтамауы;";

       1-1-тармақтағы "жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)" деген сөздер "депозиттерге міндетті кепілдік беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

       26)48-1-бапта:

       1-тармақтағы "ұстап тұруға арналған ағымдағы шығындарға" деген сөздер "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

       9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Банктің уақытша әкімдігінің (уақытша әкімшісінің) және тарату комиссиясының құрамына қосылған уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі жөніндегі ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының мәжбүрлеп тарату және банктің мүлкі болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайларда банкті тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды мұрағатқа өткізу бойынша банк қызметінің тоқтатылғанын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, банктерді мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және мәжбүрлеп тарату негізі бойынша банктердің қызметін тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.";

      27) 50-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жөніндегі" деген сөздер "депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Банк құпиясы бар ақпарат басқа мемлекеттің банкті қадағалау жөніндегі уәкілетті органына уәкілетті орган мен ақпарат алмасуды көздейтін басқа мемлекеттің банктер қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органы арасындағы келісіммен айқындалған тәртіппен табыс етіледі.";

      28) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру

      1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі құрылады.

      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады.

      Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері, оның қатысушыларының құқықтары, міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

      2. Депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиялары бар екінші деңгейдегі барлық банктер үшін депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады.";

      29) 54-баптың 1-тармағындағы "халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тізбесі мен нысандарын" деген сөздер "тізбесін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      30) 54-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-1-бап. Банктің ірі қатысушылары мен банк холдингтерінің

       есептілігі

      1. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күннің ішінде уәкілетті органға жыл сайын қаржылық есептілікті және оған берілетін түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.

      2. Банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күннің ішінде уәкілетті органға кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:

      1) оның басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзге де тәсілмен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал етуі туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;

      2) жарғылық капиталдарға (акцияларға) қатысудың өзіне тиесілі үлестерін көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;

      3) алынған қарыздар есебінен ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) сатып алуы туралы;

      4) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты табыс етуге тиіс.

      Есептілікті табыс етудің тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      3. Банк холдингі уәкілетті органға:

      1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;

      2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде, аудиторлық ұйым куәландырмаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.

      4. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ банк холдингінің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпараттар:

      1) ірі қатысушының (банк холдингінің) қызмет түрлерінің сипаттамасы;

      2) ірі қатысушы (банк холдингі) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (банк холдингі) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;

      3) банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыға бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, банктің ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

      Банкте банк холдингі болмаған жағдайда банктің ірі қатысушысы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей қаржылық есептілікті және осы баптың 4-тармағында аталған ақпаратты табыс етуге тиіс.";

      31) 55-баптағы "түрлер мен мерзімдерде" және "нысан бойынша және мерзімде" деген сөздер "мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 57-бапта:

      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Банк конгломераты қатысушыларының аудитін бір ғана аудиторлық ұйым жүзеге асырады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға табыс етілетін есепте баяндайды.

      Банктің немесе банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің және өзге ақпаратының аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. Өзге ақпараттар аудиті банктің уәкілетті органның пруденциялық нормативтері мен активтерді және шартты міндеттемелерді (провизияларды қалыптастыру) жіктеу бойынша талаптарын орындауын тексеруді қамтиды.

      Аудиторлық ұйымның қосымша қызмет көрсетуге арналған шарты уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

      5. Банк аудиторлық есептің көшірмесін оны алғаннан кейін он күн ішінде банк конгломераты құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға беруге міндетті.";

      6-тармақта:

      бірінші абзацтағы "банк тобының" деген сөздер "банк конгломератының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац алып тасталсын;

      33) 63-баптың 1-тармағындағы "не осы Заңның 20-бабының 3-5-тармақтарында белгіленген ең төменгі талаптарға сай келетін, оның қызметкерлері болып табылмайтын адамдар" деген сөздер ", депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері, не осы Заңның 20-бабының 2-тармағында белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін өзге адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) 65-бапта:

      1-тармақтың б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "банк органдарының өкілеттіктері тоқтатылады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;";

      2-тармақта:

      е) тармақшасындағы "шығаруға құқылы." деген сөздер "шығаруға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы ж) тармақшасымен толықтырылсын:

      "ж) кредитор мен борышкер бір адам болғандықтан, өзара талаптарды есепке алуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Консервациялау процесіндегі банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуға тыйым салынады.";

      35) 73-бапта:

      4) тармақшадағы "салық органдарының" деген сөздер "салық қызметі органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкер бір адам болатындықтан, өзара талаптарды есепке алуға жол беріледі.

      Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін осы кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиісінше кезегі келген кезде ғана өзара талаптарды есепке алу жүргізіледі.

      Таратылатын банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуды жүргізуге тыйым салынады.";

      36) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:

      "73-1-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банктің дебиторлық

       берешегі, мүлкі бойынша міндеттемелерінің бір

       бөлігін және талап ету құқығын бір мезгілде

       басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операция

      1. Соттың банкті мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешімі күшіне енген күннен бастап уәкілетті органмен келісім бойынша, банктің бір жыл және одан артық өтеу мерзімімен ұзақ мерзімдік кредиттер түріндегі дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын басқа банкке (банктерге) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берген депозиттері бойынша банк міндеттемелері бөлігімен бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізуге жол беріледі.

      2. Мәжбүрлеп таратылатын банктің аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін осы Заңның 74-2-бабымен белгіленген кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кезегі сақтала отырып, оның міндеттемелері мен мүлкін бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізуге жол беріледі.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген операцияларды жүргізу тәртібі және ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

      4. Қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) беру депозиторлардың келісімімен жүзеге асырылады. Уақытша әкімшілік депозиторлардың келісімін алу мақсатында қатысушы банктің тарату комиссиясы республикалық мерзімдік баспа басылымдарында кепілдік берілген депозиттер бойынша болғалы отырған міндеттемелерді беру туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыруларды жариялайды. Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде депозиторлардан жазбаша қарсылық болмауы депозитордың депозитті беруге келіскені деп қарастырылады.";

      37) 74-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі "тағайындау" деген сөзден кейін "және тарату" деген сөздермен толықтырылсын;

      38) 74-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-2-бап. Таратылатын банк кредиторларының талаптарын

       қанағаттандырудың кезектілігі

      1. Таратылатын банк кредиторларының, оның ішінде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.

      2. Тарату ісін жүргізумен байланысты шығыстар, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар кезектен тыс жүргізіледі.

      3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылуға тиіс:

      1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен қанағаттандырады;

      2) екінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысы мен өтемақысын төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударым бойынша берешекті, жалақыдан ұсталған алиментті және міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізіледі;

      3) үшінші кезекте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың мәжбүрлеп таратылатын банкке ұсынылатын есеп айырысуға сәйкес кепілдік берілген депозиттер бойынша төленген (төленетін) өтемақы сомалары бойынша талаптары қанағаттандырылады;

      4) төртінші кезекте депозиттер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша талаптары, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптары қанағаттандырылады;

      5) бесінші кезекте тек қана қайырымдылық қызметімен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдарымен және оған теңестірілген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің ерікті қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаржысы есебінен құрылған өндірістік ұйымдармен, олардың банктік шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаржысы бойынша басқа да мүгедектер ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады;

      6) алтыншы кезекте таратылатын банктің мүлкін кепілге алумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;

      7) жетінші кезекте салық, алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару жөніндегі берешектер өтеледі;

      8) сегізінші кезекте басқа кредиторлармен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес есеп айырысулар жүргізіледі.

      4. Әр кезектің талабы алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.

      Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.

      Таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі, бір кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде, осы кезектегі кредиторлардың арасында қанағаттандырылуға тиісті талаптар сомасына бара-бар бір мезгілде бөлінеді.";

      39) 74-4-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "жүгінуге құқылы." деген сөздер "жүгінуге;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) тарату шығыстары сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;

      7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.".

      9. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат):

      1) актінің нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы";

      2) кіріспе алып тасталсын;

      3) бүкіл мәтін бойынша "Жарлықта", "Жарлықты", "Жарлықпен", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңда", "Заңды", "Заңмен", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) ипотекалық ұйым - қызметінің айрықша түрі осы Заңда көзделген қызмет болып табылатын заңды тұлға;";

      "9) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      5) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыру үшін лицензия алуға, сондай-ақ олардың қызметін реттеуге байланысты қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      6) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:

      "1-1-тарау. Ипотекалық ұйым

       5-1-бап. Ипотекалық ұйымды құру

      1. Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес акционерлік қоғам нысанында құрылады.

      2. Ипотекалық ұйымның атауында "ипотекалық ұйым" деген сөздер болуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ипотекалық ұйым ретінде тіркелмеген заңды тұлға ипотекалық ұйым деп аталына алмайды.

      3. Ипотекалық ұйым уәкілетті орган берген лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.

      5-2-бап. Ипотекалық ұйымның қызметі

      1. Ипотекалық ұйым қызметінің негізгі түрі банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияның негізінде ипотекалық қарыз беру болып табылады.

      2. Ипотекалық ұйым мынадай қосымша операцияларды:

      1) сенімгерлік операцияларды: сенім білдірушінің мүддесіне орай және оның тапсырмасы бойынша ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқаруды;

      2) факторингтік операцияларды: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушыдан төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқығын сатып алуды;

      3) форфейтингтік операцияларды (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемелерін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеуді;

      4) лизинг қызметін жүзеге асыруға құқылы.

      3. Ипотекалық ұйымға лицензия беру, оны тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      4. Ипотекалық ұйым мынадай қызмет түрлерін:

      1) осы баптың 6-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметті;

      2) кез келген ақпарат тарату түрлерінде ипотекалық кредит беру мәселелері жөніндегі арнайы әдебиетті сатуды;

      3) өз мүлкін сатуды;

      4) кепілге салынған мүліктерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатуды;

      5) өз қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді;

      6) бағалы қағаздарды, оның ішінде облигацияларды шығару мен орналастыруды;

      7) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыруды;

      8) ипотекалық кредит беру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асыруға құқылы.

      5. Ипотекалық ұйым өз қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржыландыру көздерін пайдалануға құқылы.

      6. Ипотекалық ұйымға:

      1) қаржы ұйымдарының;

      2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілген, қаржылық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың;

      3) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.

      5-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      1. Уәкілетті орган ипотекалық ұйымдарға қатысты мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар береді;

      2) ипотекалық ұйымдардың тізілімін жүргізеді;

      3) пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді белгілейді;

      4) ипотекалық ұйымдар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығарады;

      5) ипотекалық ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдері мен тәртібін белгілейді;

      6) ипотекалық ұйымдардың қызметіне дербес не басқа ұйымдарды тарта отырып тексеру жүргізеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      2. Ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      5-4-бап. Ипотекалық ұйымдарға қолданылатын ықпал ету

       шаралары және оларды қолдану негізі

      1. Ипотекалық ұйымдар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда оларға осы бапта белгіленген ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. Ықпал ету шаралары деп ықпал етудің шектеулі шаралары мен санкциялар түсініледі.

      2. Уәкілетті орган ықпал етудің шектеулі шаралары ретінде, ипотекалық ұйымға:

      1) міндеттеме-хатты талап ету;

      2) орындауға міндетті жазбаша нұсқама беру шектеулі шараларын қолдануға құқылы.

      Ипотекалық ұйымның міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және ипотекалық ұйым басқармасы басшысының жоспарланған іс-шаралар тізбесін көрсете отырып, кемшіліктерді қатаң белгіленген мерзімде жоятындығы туралы кепілдігі болуға тиіс.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасы - бұл анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған түзету шараларын қабылдау туралы ипотекалық ұйымға нұсқау. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      Ипотекалық ұйым міндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаманың құжатта көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      3. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      4. Уәкілетті орган ипотекалық ұйымға қатысты санкция ретінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша айыппұл салу және оны өндіріп алу;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша лицензияны тоқтата тұру не кері қайтарып алу;

      3) мынадай:

      осы Заңда көзделген қызметті жүзеге асыруға байланысты міндеттемелерді тиісінше орындамау;

      уәкілетті органның міндеттеме-хатын және жазбаша нұсқамасын орындамау;

      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзу негіздері бойынша ипотекалық ұйым басқармасының бірінші басшысын қызметтік міндеттерін орындаудан ипотекалық ұйымның тиісті органы осы мәселені қарағанға дейін уақытша (үш айдан аспайтын мерзімге) шеттету шараларын қолдануға құқылы.

      5. Уәкілетті орган бұзушылықтың сипатына қарай банк операцияларының барлық не жекелеген түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияны тоқтата тұрады не оны кері қайтарып алады.

      Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы ақпаратты мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

      6. Уәкілетті органның осы бапта көзделген ықпал ету шараларын ипотекалық ұйымға қолдану туралы шешіміне сотқа шағым жасауға болады.".

      10. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-бап; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 15-2) - 15-4), 29-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-1) еншілес ұйым - өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;

      12-2) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;";

      "15-2) бақылау - бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол:

      бір тұлға басқа тұлғаның дауыс беретін акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болатын;

      бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болатын;

      бір заңды тұлғаның қаржы есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржы есептілігіне қосылатын;

      бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды;

      15-3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын жанама иелену (дауыс беру) - ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының немесе заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

      15-4) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иелене алатын (мемлекет осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:

      ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;

      ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға немесе заңды тұлға;";

      "29-1) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;";

      2) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдарын,

       өкілдіктерін құру, жабу

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры қордың басқару органының шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.

      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің филиалының және өкілдігінің әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап он төрт жұмыс күні ішінде:

      1) жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының және өкілдігінің есептік тіркелуі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) тіркеген әділет органының белгісі және мөрі қойылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

      3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.

      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалы - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан қызметін жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы қоры берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының жинақтаушы зейнетақы қорымен бірыңғай балансы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдігі - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.

      5. Қазақстан Республикасының резиденті емес жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады.

      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарын ашудың міндетті шарттары:

      1) соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының залал шекпеген қызметі;

      2) жинақтаушы зейнетақы қорының филиалды ашу туралы шешім қабылдау алдындағы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді сақтауы;

      3) филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті органның ықпал ету шараларын қолданбауы болып табылады.

      7. Жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша залал шекпеген қызметі жағдайында жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының аумағында өкілдіктер ашуға құқылы.

      8. Филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры көрсетілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етуге тиіс.

      9. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің филиалын немесе өкілдігін әділет органдарында есептік тіркеуден шығарған күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының немесе өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.

      10. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 2, 6-8-тармақтарының талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган филиалды және өкілдікті жабуды талап етуге құқылы.";

      3) мынадай мазмұндағы 36-1, 36-2-баптармен толықтырылсын:

      "36-1-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы

      1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы бола алмайды.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар негізгі рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болғанда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      2. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру, келісімді кері қайтарып алу ережелерін, аталған келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

      3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-7-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті табыс етуге міндетті.

      4. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға мынадай құжаттарды:

      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, соның ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын көздер мен қаражаттардың сипаттамасын;

      2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол болған жағдайда) берілген сенімхатты;

      3) өзі ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

      4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі туралы, еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді табыс етеді.

      5. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:

      1) өтініш берушінің жоғары органының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;

      2) осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

      4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері жөніндегі қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді;

      5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржы есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептілігін;

      6) ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарларын талдауды, оған қоса өтініш берушінің және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін сату, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне немесе оны басқаруға іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.

      6. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:

      1) осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 3)-6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.

      7. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржылық ұйым мынадай құжаттарды:

      1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржы қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат қажет еместігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.

      8. Жиынтығында ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін немесе олармен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:

      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;

      3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;

      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;

      5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін тұлғалар бірлесіп ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.

      Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.

      9. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.

      10. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін қысқартуға немесе өзінің тікелей немесе жанама дауыс беру құқығын қолдануды қоса алғанда, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығына немесе оның қызметіне ықпал етуді (немесе ықпал етуге тырысуды) тоқтату міндеттемесін қабылдауға міндетті.

      11. Тұлға өзіне қатысты емес себептер бойынша ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келген не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары кепіл болып табылатын борыштық міндеттемелер бойынша кепілге салынған мүліктің оған көшуі нәтижесінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларын меншігіне алған жағдайларға осы баптың міндетті түрде уәкілетті органның келісімін алу қажеттігі туралы талаптары қолданылмайды.

      Аталған жағдайларда ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетін тұлға акцияларды сатып алған немесе оған өзінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға және осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығына немесе оның қызметіне ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасамауға немесе осындай жолмен сатып алынған акциялармен дауыс бермеуге міндетті.

      Тиісті мәртебені алу туралы өтініш акцияларды сатып алған кезден бастап не оған өзінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап алпыс күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды сатып алған күннен бастап алпыс күн ішінде оларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылданғаны туралы ақпарат мұндай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға табыс етіледі.

      12. Егер уәкілетті органға тұлғаның ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетінін немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.

      13. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының өзі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар үлесін өзгерту туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органға хабардар етуге міндетті.

      14. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық ірі қатысушыларына тиесілі ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акциялары санына проценттік арақатынасын көрсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.

      15. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      16. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушыларының, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 11-15-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе дұрыс емес мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      36-2-бап. Уәкілетті органның ашық жинақтаушы зейнетақы

       қорының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға

       келісім беруден бас тарту негіздері

      1. Уәкілетті органның ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:

      1) осы Заңның 40-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);

      2) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;

      3) осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;

      4) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;

      5) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болатын жағдайлар;

      6) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;

      7) өтініш беруші - қаржылық ұйым өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;

      8) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;

      9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;

      10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы негіз болып табылады.

      2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:

      1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;

      2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;

      3) аяқталған екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;

      4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндірсе;

      5) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының алдында мерзімі өткен және (немесе) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының балансына жатқызылған берешегі болса;

      6) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжаса;

      7) ашық жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.

      3. Тұлға ірі қатысушы мәртебесіне келісім алмаған кезде, уәкілетті орган бұл тұлғаға осы Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.";

      4) 39-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы шешім уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.";

      5) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне

       қойылатын талаптар

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.

      2. Мыналар:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында осы бапта айқындалған жұмыс стажы жоқ;

      3) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері болып табылған тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

      Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.

      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:

      1) жинақтаушы зейнетақы қорының тәуелсіз директоры, басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде үш жыл;

      2) жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде екі жыл жұмыс стажы болуы қажет.

      Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажының болуы талап етілмейді.

      Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімін алғанша күнтізбелік жетпіс бес күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттар уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры бұл адаммен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.

      Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      7. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      8. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      9. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:

      1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;

      2) басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш не одан да көп рет) қолдану негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

      Уәкілетті орган басшы қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.

      10. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.";

      6) 41-баптың 3-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) мыналардың:

      қаржылық ұйымдардың;

      акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілген, қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың;

      жинақтаушы зейнетақы қорын автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 7) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлесі және акцияларының саны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспауға тиіс";

      7) мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:

      "41-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымдары және

       жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды

       тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуы

      1. Осы Заңның 41-бабының 3-тармағында аталған шектеулерді ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда ғана, еншілес ұйымдарды құруға, сатып алуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға құқылы.

      Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымы еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.

      Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас жинақтаушы зейнетақы қорының атауын пайдалануға міндетті.

      3. Жинақтаушы зейнетақы қоры аяқталған соңғы екі қаржы жылының қорытындылары бойынша қызметі залал шекпеген жағдайда және рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға құқылы.

      4. Жинақтаушы зейнетақы қоры еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға еркін нысанда өтініш береді және оған мынадай құжаттарды:

      1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы хаттамаларды;

      2) жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті органының еншілес ұйымды құру немесе сатып алу туралы шешімін;

      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпаратты;

      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалар туралы мәліметтерді;

      5) бизнес-жоспарды қоса ұсына отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;

      6) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе осы ұйымның акцияларының саны, сондай-ақ оларды сатып алу бағасы туралы ақпаратты;

      7) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

      8) аудиторлық ұйымның есебін және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігін;

      9) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;

      10) жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы жинақтаушы зейнетақы қоры еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректерді, оның ішінде:

      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      құрылтайшысы (қатысушысы) жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық қорына жинақтаушы зейнетақы қорының қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;

      акционері жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті;

      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметті;

      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті;

      11) еншілес ұйымды бақылау және бақылау негізін растайтын құжаттарды қоса тіркейді.

      5. Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беруден бас тарту үшін:

      1) рұқсат алуға қажетті құжаттарды табыс етпеу;

      2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 40-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;

      3) жинақтаушы зейнетақы қорының белгіленген пруденциялық нормативтерді рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қараған кезеңде сақтамауы;

      4) жинақтаушы зейнетақы қорының болжамды еншілес ұйымдардың болуы салдарынан пруденциялық нормативтерді сақтамауы;

      5) өтініш берген күнге қарай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы;

      6) еншілес ұйым қызметінің немесе жинақтаушы зейнетақы қоры жоспарлаған инвестициялардың салдарынан жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлауы және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қоры клиенттерінің мүдделеріне нұқсан келуі болжанатын қаржылық салдарлардың талдамасы негіз болып табылады.

      6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.

      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тартудың негіздері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті.

      7. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлесін) үш ай мерзімде өзімен аффилиирленбеген тұлғалардың иелігіне өткізуге не еншілес ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігінен бас тартып, оны растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

      9. Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен белгіленеді.

      Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат алу үшін, осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып, өтініш беріледі.

      Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.";

      8) 42-бапта:

      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) жинақтаушы зейнетақы қорының аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебінде аталған бұзушылықтарды осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзімде жоймауы;";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Егер уәкілетті орган ірі қатысушылардың, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатты деп белгілесе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында келтірілген шаралар, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушыларына қатысты да қолданылуы мүмкін.";

      9) мынадай мазмұндағы 42-7-баппен толықтырылсын:

      "42-7-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі

       қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

      1. Уәкілетті орган ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына:

      1) ірі қатысушы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін алмаған;

      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар пайда болған;

      3) осы Заңның 42-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;

      4) салдарынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорына залал келтірілген әрекеттерді ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жасаған;

      5) салдарынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорына залал келтірілген, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушыларының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;

      6) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры мен оның ірі қатысушысы арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:

      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорының оған тікелей немесе жанама тиесілі акцияларының санын дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беру құқығын жүзеге асырудан бас тартуды талап етуге;

      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорынан оның өзі мен ірі қатысушы арасындағы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын тәуекелге ұрындыратын операцияларды (тікелей және жанама) ірі қатысушыға қатысты жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.

      3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды уәкілетті орган белгілеген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, уәкілетті орган ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының акцияларын ашық жинақтаушы зейнетақы қорын басқаруға қатысатын сенімгерлікпен басқарушы ретіндегі құқығымен үш айға дейінгі мерзімге уәкілетті органның сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Акцияларды сенімгерлікпен басқаруға берудің негіздері осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мерзімде жойылмаған кезде, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында сату жолымен осы акцияларды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органның сенімгерлікпен басқаруына берілген тұлғаларға аударылады.

      Акционерлер акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";

      10) 45-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өз еркімен таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";

      11) 45-2-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Лицензиясы кері қайтарып алынған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті және өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.";

      6-тармақтың 4) тармақшасындағы "салық органдарының" деген сөздер "салық қызметі органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін бағалауды тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.";

      7-1-тармақ "шығыстар" деген сөзден кейін ", осы баптың 7-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:

      "7-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі болмаған не оның құны шығыстарды жабуға жетпеген жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) және тарату комиссиясының құрамына енген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату жөнінде сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау жөніндегі шығыстарды және мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуын әділет органының мемлекеттік тіркеуіне байланысты және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыру жөніндегі шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.";

      12) 45-3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "жүгінуге құқылы." деген сөздер "жүгінуге;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) тарату шығыстары сметасын түзудің және бекітудің ерекшеліктері мен тәртібін белгілеуге;

      7) тарату комиссияларының қолма-қол ақшаны кассада сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындауы, қолма-қол ақшаның, касса қалдықтары лимиттерінің жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша талаптарды, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақша тапсыру мерзімдерін айқындауға құқылы.";

      13) мынадай мазмұндағы 49-2 және 49-3-баптармен толықтырылсын:

      "49-2-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі

       қатысушысының есептілігі

      1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны уәкілетті органға табыс етуге тиіс.

      2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде кірістер және мүлік туралы мәліметтерді, сондай-ақ:

      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдерге өзінің басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзгеше түрде ықпал етуді жүзеге асыруы туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы болатын;

      2) жарғылық капиталдарға қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;

      3) ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) алынған қарыздар есебінен сатып алуы туралы;

      4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты қамтитын есептілікті уәкілетті органға табыс етуге тиіс.

      Есептілік табыс етудің тәртібі мен оның нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігінің түсіндірме жазбасында мынадай ақпарат:

      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының қызмет түрлерінің сипаттамасы;

      2) ірі қатысушы қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), ірі қатысушы ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, қаржылық есептілігі;

      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

      49-3-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі

       қатысушыларына және жинақтаушы зейнетақы қорының

       қомақты қатысуы бар заңды тұлғаларға аудит

      1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшін міндетті.

      Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.

      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.

      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы, жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетілген, жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайына ықпал ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш айдың ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:

      жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке берілген лицензияның қолданылуын осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағы 5-1) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;

      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

      Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жылдың ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:

      жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясын осы Заңның 42-бабы 1-4-тармағының негізінде кері қайтарып алуға;

      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.".

      11. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 10, 247-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат, 2004 ж., N 5, 25-құжат):

      10-баптың бірінші бөлігіндегі "Лизинг беруші ретінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда лизинг беруші ретінде банктердің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар):

      1) 3-бапта:

      мынадай мазмұндағы төртінші - он бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "еншілес ұйым - өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;

      капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;

      бақылау - бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол:

      бір тұлға басқа тұлғаның дауыс беретін акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не басқа заңды тұлғаның акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болатын;

      бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болатын;

      бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылатын;

      бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иелене алатын (мемлекет осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының он немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке тұлға немесе заңды тұлға;

      заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

      "бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;";

      2) 20-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "7. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшін міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына әсер ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясының қолданылуын осы Заңның 54-бабының 1-тармағы 8-1) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

      Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясын осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негізінде кері қайтарып алуға;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.";

      3) 25-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын меншікті оң капиталы болған ретте ғана сатып алады. Бұл шектеу жинақтаушы зейнетақы қорларына (зейнетақы активтері есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алатын) және инвестициялық қорларға қолданылмайды.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі

       қатысушысы

      1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингі болғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      2. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру, келісімді кері қайтарып алу ережелерін, аталған келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-7-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті табыс етуге міндетті.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, соның ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын;

      2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;

      3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

      4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі туралы, еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді;

      5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға мынадай құжаттарды:

      1) өтініш берушінің жоғары органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмелерін;

      2) осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

      4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді;

      5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;

      6) ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарларын талдауды, соның ішінде өтініш берушінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру жөніндегі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын (бизнес-жоспар мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда) табыс етеді.

      6. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:

      1) осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 3)-6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.

      7. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйым мынадай құжаттарды:

      1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші осы ел заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы жазбаша растауын табыс етеді.

      8. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының он немесе одан да көп процентін иеленетін немесе олармен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар және:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;

      3) олардың бірі басқа тұлғаның лауазымды тұлғасы немесе өкілі болып табылатын;

      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;

      5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін тұлғалар бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы болып табылатын тұлғалар деп танылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кіретін жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.

      10. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда, осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін қысқартуға немесе өзінің тікелей немесе жанама дауыс беру құқығын қолдануды қоса алғанда, өзіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе қызметіне ықпал етуді (немесе ықпал етуге тырысуды) тоқтату міндеттемесін қабылдауға міндетті.

      11. Тұлға өзіне қатысты емес себептер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келе бастаған не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары кепіл болып табылатын борыштық міндеттемелер бойынша кепілге салынған мүліктің оған көшуі нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларын меншігіне алған жағдайларға осы баптың міндетті түрде уәкілетті органның келісімін алу қажеттігі туралы талаптары қолданылмайды.

      Аталған жағдайларда ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келетін тұлға акцияларды сатып алған немесе оған өзінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге және осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе қызметіне ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасамауға немесе осылайша сатып алынған акциялармен дауыс бермеуге міндетті.

      Тиісті мәртебені алу туралы өтініш акцияларды сатып алған кезден бастап не оған өзінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап алпыс күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе ғана, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды сатып алған күннен бастап алпыс күн ішінде оларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылдағаны туралы ақпарат мұндай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға табыс етіледі.

      12. Егер уәкілетті органға осы тұлғаның ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетінін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғалардан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.

      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының өзі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар үлесін өзгерту туралы хабардар етуге міндетті.

      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің барлық ірі қатысушыларына тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары санына проценттік арақатынасын көрсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.

      15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін акцияларының он және одан астам процентін иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 11-15-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе жалған мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      5) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:

      "26-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі

       қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті

       органның рұқсат беруден бас тарту негіздері

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тартуына:

      1) осы Заңның 26-бабында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;

      2) осы Заңның 34-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);

      3) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;

      4) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болатын жағдайлар;

      6) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;

      7) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;

      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын көздейтін қаржылық салдарларды талдау;

      9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;

      10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз қажетті рейтингінің болмауы негіздер болып табылады.

      2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:

      1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылдан кем уақытта құрылса;

      2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;

      3) аяқталған екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;

      4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндірсе;

      5) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында мерзімі өткен және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан тыс жатқызылған берешегі болса;

      6) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын көздесе;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.

      3. Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне келісім алмаған кезде, уәкілетті орган бұл тұлғаға осы Заңның 53-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.";

      6) 27-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақшадағы "бухгалтерлік баланстар, аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы және құжаттар берілерден бұрынғы тоқсанның аяғындағы кірістері мен шығыстары туралы есептер; аяқталған соңғы қаржы жылындағы қаржылық есепті тексеру туралы аудиторлық қорытынды" деген сөздер "аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі, құжаттар табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және кірістер мен шығыстар туралы есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5)-6-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) құрылтайшылар - жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер, соның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылған ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасы, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмысы үшін белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы жоқтығы туралы анықтама;

      6) актуарий растаған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін таяу үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспар. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, соның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі көрсетілуге тиіс;

      6-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың, соның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының кемінде үш мүшесінің құжаттары;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне сәйкес келетін мөлшерде сатып алу ниеті бар тұлға осы баптың 1-тармағында тізбектеліп көрсетілген құжаттардан басқа, осы Заңның 26-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 4)-6-1) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";

      6-тармақтағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 28-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "берілу негіздері бойынша бас тартылуы мүмкін." деген сөздер "берілу;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 4)-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы залал шеккен қызметі;

      5) құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттардың осы Заңның 34-бабы 3-тармағының талаптарына сай келмеуі;

      6) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат беруден осы Заңның 26-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартуы;

      7) құрылтайшылар - жеке тұлғаларда экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмысы үшін белгіленген заң тәртібімен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы болуы негіздері бойынша бас тартылуы мүмкін.";

      8) 32-34, 37 және 38-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес

       ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру)

       ұйымының басқа заңды тұлғалардың жарғылық

       капиталдарына қомақты қатысуы

      1. Осы Заңның 48-бабының 1-тармағында аталған шектеулерді ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана, еншілес ұйымдарды құруға, сатып алуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға құқылы.

      Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде осы баптың талаптары ескеріле отырып айқындалады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.

      Еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атын пайдалануға міндетті.

      3. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы соңғы екі жыл ішіндегі залалдары (олар болғанда) уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асып кетпеген және өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға еркін нысанда өтінішті табыс етеді және оған мынадай құжаттарды:

      1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы хаттамаларды;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органының еншілес ұйымды құру немесе сатып алу туралы шешімін;

      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпаратты;

      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді;

      5) бизнес-жоспарды табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;

      6) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

      7) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпаратты;

      8) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;

      9) аудиторлық ұйымның есебін және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігін;

      10) жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректерді, оның ішінде қоса:

      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;

      акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтерді;

      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;

      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтерді;

      11) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттарды;

      12) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттарды қоса тіркейді.

      5. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тарту үшін:

      1) рұқсат алуға қажетті, осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;

      2) еншілес ұйым басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініш берген күнге дейінгі үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көзделетін еншілес ұйымдардың болуы салдарынан пруденциялық нормативтерді сақтамауы;

      5) өтініш берген күнге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы;

      6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, соның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;

      7) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы клиенттерінің мүдделеріне нұқсан келуі көзделетін қаржылық салдарлар талдауы негіздер болып табылады.

      6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.

      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тартудың негіздері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымдағы өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) өзімен аффилиирленбеген тұлғалардың иелігіне үш ай мерзімде өткізуге не еншілес ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігінен бас тартып, оны растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

      9. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-8) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып беріледі.

      Ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      10. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, соның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын, табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

      33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары

       мен өкілдіктерін құру, жабу

      1. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның келісімінсіз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесі шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдарын және өкілдіктерін ашуға құқылы.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалының немесе өкілдігінің әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап он төрт жұмыс күні ішінде:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және өкілдігінің есептік тіркелу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

      3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру қызметін жүзеге асыратын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын ашудың міндетті шарттары:

      1) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша залал шекпеген қызметі;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді сақтауы;

      3) филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына уәкілетті органның санкцияларды қолданбауы болып табылады.

      6. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының залал шекпеген қызметі жағдайында өкілдік ашуға құқылы.

      7. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға табыс етуге тиіс.

      8. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасынан тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органындағы тіркеуді растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.

      9. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз өкілдігін уәкілетті органның келісімінсіз ашуға құқылы.

      10. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкілдігінің есептік тіркелу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

      3) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне қолданылып жүрген лицензиясы бар екені туралы жазбаша растауын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растау беру Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;

      4) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;

      5) сақтандыру ұйымының өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса тіркей отырып, өзінің ашылуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.

      11. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады.

      12. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап он төрт жұмыс күні ішінде өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалын және (немесе) өкілдігін әділет органдарында (филиалдың немесе өкілдіктің қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерде тоқтаған кезде мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігін есептік тіркеуден шығарғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың қызметін тоқтатуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.

      14. Осы баптың 2, 5-8, 10, 12-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігі мен Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін жабуды талап етуге құқылы.

      34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және

       сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне

       қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқармасының бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру қызметін және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.

      Бірінші басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.

      2. Мыналар:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында осы бапта белгіленген жұмыс стажы жоқ;

      3) экономикалық қызмет саласында жасалған қылмысы үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.

      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуелсіз директоры, басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде үш жыл;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының мүшелері, сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және бірінші басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде екі жыл;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.

      Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажының болуы талап етілмейді.

      Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржылық ұйым бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органмен келіспей күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттар уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      7. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, осы сақтандыру брокеріндегі өзге лауазымға ауыстырған жағдайда бұл адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті органның осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, осы сақтандыру брокерінде тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      9. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:

      1) келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған;

      2) басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да астам рет) қолдануы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері осы адаммен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.

      10. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары және бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.";

      "37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және

       сақтандыру брокерін лицензиялау

      1. Өтініш беруші сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;

      2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;

      4) статистикалық карточканың және салық төлеуші туралы куәліктің көшірмесін;

      5) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;

      6) ең аз мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерін;

      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепті;

      9) өтініш берушінің штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;

      10) ішкі аудит қызметі туралы ережені;

      11) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға міндетті қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін табыс етеді.

      Осы тармақта жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      2. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;

      3) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға міндетті қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін;

      4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.

      3. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:

      1) мыналардың:

      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;

      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;

      сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);

      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;

      2) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;

      3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, кірістер, шығыстар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;

      4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);

      5) инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.

      4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезінде бизнес-жоспарда көрсетілген талаптарды орындау мерзімі аяқталғанға дейін сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы емес.

      5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда, лицензия сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып, қайта ресімделуге тиіс.

      6. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;

      3) осы сақтандыру сыныбы бойынша бұрын жасалған сақтандыру шарттары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалуы жөніндегі іс-шаралар жоспарын табыс етеді.

      7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөнінде таяудағы екі жылға арналған, сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған бизнес-жоспарды;

      3) сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашатын ішкі ережелерін;

      4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.

      8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың және салық төлеуші туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелерін;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;

      4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;

      5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;

      6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламентін;

      7) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;

      8) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;

      9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;

      10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада лицензиясы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес кері қайтарып алынған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензия кері қайтарып алынған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

      9. Лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      10. Уәкілетті орган лицензия беру (қайта ресімдеу) туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.

      11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-3 және 6-8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі

       қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге

       асыру құқығына лицензия беруден бас тарту

      1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден (қайта ресімдеуден):

      1) осы Заңның 37-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;

      2) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін жүгінбеуі негіздері бойынша бас тартылады.

      2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия немесе қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беруден, осы баптың 1-тармағында жазылған негіздерден басқа, мынадай:

      1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып, пруденциялық нормативтер сақталмауының болжамы;

      2) пруденциялық нормативтердің өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде сақталмауы;

      3) өтініш берген күнде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы негіздері бойынша бас тартылады.";

      9) 40-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.";

      10) 43-бапта:

      3) тармақшадағы ", оларды бақылап отыру құқығын иемденуге, олардың өз еркімен қайта құрылуына және таратылуына рұқсат, Қазақстан Республикасының аумағында да, оның аумағының шегінен тыс жерлерде де сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілеттіктерін ашуға келісім" деген сөздер "рұқсат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1)-3-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат беру және оны кері қайтарып алу тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат береді, ірі қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;

      3-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәміле жасауға келісім береді;

      3-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен қайта ұйымдастырылуына және таратылуына келісім береді;

      3-4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат береді;";

      4) тармақшада "береді" деген сөз "беру тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды және лицензиялар береді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:

      "46-1-бап. Ірі қатысушылардың міндеттері

      1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларын жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қолданады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейлерден төмен емес деңгейде ұстау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеті маржасының мөлшерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (басқаруға құқығы бар) ірі қатысушысы жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жекелеген пруденциялық нормативтерді және олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің деңгейі төмендеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеті маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерге ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      5. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғаларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы бапта келтірілген шаралар осы тұлғаларға қатысты да қолданылуы мүмкін.";

      12)48-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:

      1) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;

      2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы және ең жоғарыдан кейінгі санаты бойынша енгізілген, қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың акцияларын сатып алудан;

      3) сақтандыру қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;

      4) сақтандыру агентінің қызметін қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;

      5) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;

      6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.

      Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын сатып алу бір эмитенттің орналастырылған акциялары жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 1-1 - 1-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға:

      1) 1), 3)-5) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - активтердің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, олардың құны негізге алынып есептелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының он бес процентінен;

      2) 2) және 6) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - активтердің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, олардың құны негізге алынып есептелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының он процентінен аспауға тиіс.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының алпыс процентінен аспауға тиіс.

      1-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

      акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның акциялары санының оның дауыс беретін акцияларының жалпы санына проценттік арақатынасының;

      заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына тиесілі қатысу үлесінің он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен көбею немесе азаю фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      1-3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарының, капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымдардың қызметіне қолданылады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      13) 50-баптың 2-тармағындағы "артықшылық берілген акциялар," деген сөздер алып тасталсын;

      14) 53-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті мен әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы баптың 1-тармағында келтірілген шаралар осы тұлғаларға қатысты да қолданылуы мүмкін.";

      15) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын:

      "53-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі

       қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

      1. Уәкілетті орган:

      1) ірі қатысушы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін алмаған;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар пайда болған;

      3) осы Заңның 53-бабының 1-1-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;

      4) салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтірілген әрекеттерді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы жасаған;

      5) салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтірілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған ретте, уәкілетті орган:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тікелей немесе жанама тиесілі акцияларының санын дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беру құқығын жүзеге асырудан бас тартуды талап етуге;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан ірі қатысушы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге ұрындыратын операцияларды (тікелей және жанама операцияларды) ірі қатысушыға қатысты жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды уәкілетті орган белгілеген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруға сенімгерлік басқарушы ретінде қатысу құқығымен үш айға дейінгі мерзімге уәкілетті органның сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Акцияларды сенімгерлікпен басқаруға берудің негіздері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жойылмаған кезде, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында сату жолымен осы акцияларды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органның сенімгерлікпен басқаруына берілген тұлғаларға аударылады.

      Акционерлер акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";

      16) 54-бапта:

      1-тармақта:

      5) тармақшада:

      "басшы қызметкерлерін келісу тәртібіне" деген сөздер ", басшы қызметкерлерін, сақтандыру брокерін келісуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) аудиторлық ұйымның өткізілген аудит туралы есебінде көрсетілген бұзушылықтарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көрсетілген мерзімде қасақана жоймаған;";

      4-тармақтағы "2) және 5) тармақшаларындағы" деген сөздер "2) тармақшасындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 55-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензиялық қызметті лицензия берілген күннен бастап он екі ай бойы жүзеге асырмаған;";

      5) тармақшадағы "болмаған жағдайларда лицензияны кері қайтарып алу туралы шешім шығаруға құқылы." деген сөздер "болмаған;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру кезінде осы ұйым табыс еткен бизнес-жоспардағы не оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспардағы қорытынды болжау нәтижелері осы бизнес-жоспарды орындау кезеңі аяқталған соң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс жүзіндегі қорытынды нәтижелеріне сәйкес келмеген жағдайларда лицензияны кері қайтарып алу туралы шешім шығаруға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Сақтандыру ұйымының лицензиясы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша да, жекелеген сыныптары бойынша да кері қайтарып алынуы мүмкін.";

      18) 59-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған, актуарий қызметін сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманың талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;";

      19) 73-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "жүгінуге құқылы." деген сөздер "жүгінуге;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;

      7) тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.";

      20) мынадай мазмұндағы 74-1-баппен толықтырылсын:

      "74-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі

      қатысушысының есептілігі

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға жыл сайын қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде қаржылық есептілік пен оның түсіндірме жазбасын табыс етуге тиіс.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, сондай-ақ:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге өзінің басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзгеше түрде ықпал етуді жүзеге асыруы туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы болатын;

      2) жарғылық капиталдарға қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;

      3) ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) алынған қарыздар есебінен сатып алу туралы;

      4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты қамтитын есептілікті табыс етуге тиіс.

      Есептілік табыс етудің тәртібі мен оның нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы уәкілетті органға:

      1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны;

      2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде, аудиторлық ұйым растамаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілікке түсіндірме жазбасында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаларында мынадай ақпарат:

      1) ірі қатысушының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерінің сипаттамасы;

      2) ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымның қаржылық есептілігі;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушы болмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қаржылық есептілік пен ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етуге тиіс.".

      13. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат; N 6, 73-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 21-22, 160-құжат):

      2-баптың 1-тармағында:

      он үшінші абзацтағы "34-бабының 1-тармағының 7) тармақшасы," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "2007 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын мынадай редакциядағы 34-бабының 1-тармағының 7) тармақшасы:

      "7) жеке мұқтаждары үшін тұрғын үйлерді сатып алу мен салуға арнап үш жылдан астам мерзімге жеке тұлғаларға берілген ипотекалық қарыздар бойынша алынған (алынуға тиіс) сыйақы бойынша банктер мен банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;".

      14. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат, N 15, 139-құжат, 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):

      1) 4-баптың 3-тармағының 14) тармақшасындағы "өткізу жатады." деген сөздер "өткізу;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16) төлем карточкаларын шығару;

      17) өзінің бағалы қағаздарының (акцияларды қоспағанда) эмиссиясы жатады.";

      2) 6-баптың 2-тармағында:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, олардың банк шоттарын ашуды және жүргізуді қоспағанда, осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензиясыз жүзеге асырады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық почта операторының жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, олардың банк шоттарын ашу және жүргізу жөніндегі қызметін қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган реттейді, соның ішінде жекелеген пруденциялық нормативтерді белгілеу және лицензиялар беру арқылы реттейді.".

      15. "Кредиттік серіктестіктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат, 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):

      1) 1-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 3-бапта:

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "Кредиттік" деген сөз "Егер кредиттік серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, кредиттік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта "уәкілетті орган берген лицензия негізінде банктік және өзге де операциялардың" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясынсыз банк операцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ алып тасталсын;

      3) 4-бапта:

      2-тармақтың 3) тармақшасы "кірісін" деген сөзден кейін ", қатысушылар салған міндетті салымдар мен қосымша жарналарды ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "салу тәртібі мен шарттары" деген сөздер "салуы мен алып қоюының тәртібі, шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кредиттік серіктестік қатысушылары жалпы жиналысының айрықша құзыретіне, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде көзделген мәселелерден басқа:

      1) серіктестіктің, нәтижесінде құны серіктестік активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мүлікті серіктестік сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мәміле немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жасауы туралы;

      2) серіктестіктің міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан астам процентін құрайтын сомаға ұлғайту туралы;

      3) кредиттік серіктестік қызметінің бағыты туралы;

      4) кредиттік серіктестіктің кредиттік және инвестициялық саясатын айқындау туралы;

      5) кредиттік серіктестіктің басқарма мүшесінің, тексеру комиссиясы мүшелерінің (ревизордың) және басқа да қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы;

      6) қатысушылардың қосымша жарна салу және алып қою тәртібін белгілеу туралы;

      7) кредиттік серіктестіктің активтерін есептен шығару тәртібі туралы;

      8) қатысушылардың кредиттік серіктестікке қабылдану және одан шығу тәртібі туралы;

      9) шығыстар мен кірістердің жылдық сметасын және оның атқарылуы туралы есепті бекіту туралы;

      10) есеп жүргізу саясатын қалыптастыру туралы;

      11) жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы;

      12) өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады.";

      5) 9-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      6) 12-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      7) 16-бап "Жарғыда көзделген жағдайларда" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Кредиттік серіктестіктердің қызметі

      1. Кредиттік серіктестіктердің, осы Заңның 18-бабында көзделген, өз қатысушыларына қызметтер көрсетуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

      2. Кредиттік серіктестіктер өз қызметін операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелердің, кредиттік серіктестіктің кредиттік комитеті туралы ереженің және кредиттік серіктестіктің жоғары органы - кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы бекітетін ішкі ережелері негізінде жүзеге асырады.

      3. Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелерде:

      1) берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері;

      2) кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары;

      3) қатысушыларға операциялар жүргізу үшін шекті ставкалар мен тарифтер;

      4) кредиттік серіктестіктің және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;

      5) кредиттік серіктестік қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      6) өзге де шарттар болуға тиіс.

      4. Кредиттік серіктестіктің ішкі ережелерінде:

      1) құрылымдық бөлімшелердің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;

      2) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері;

      3) кредиттік серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің кредиттік серіктестіктің атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс.

      5. Кредиттік серіктестіктің кредиттік комитеті туралы ережеде:

      1) кредиттік комитеттің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;

      2) кредиттік комитет мүшелерінің жауапкершілігі;

      3) кредиттік шарттарды бекіту рәсімі;

      4) кредиттік серіктестіктің жоғары және атқарушы органдарының, сондай-ақ оның лауазымды тұлғаларының қарыз мөлшеріне қарай оны беру туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс.

      18-бап. Кредиттік серіктестік жүзеге асыратын операциялар

      1. Кредиттік серіктестік өзінің қатысушылары үшін ұлттық валютамен мынадай операцияларды:

      1) аудару операцияларын: төлемдер және ақша аударымы жөніндегі тапсырмаларды орындау;

      2) қарыз операцияларын: ақы төлеу, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарына сәйкес ақшалай нысанда кредиттер беру;

      3) кредиттік серіктестік қатысушыларының төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

      4) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

      5) сейфтік операцияларды: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, құжаттар мен құндылықтарды сақтау жөніндегі қызметтерді;

      6) лизинг қызметін жүзеге асыру;

      7) кредиттік серіктестік қатысушыларының банк шоттарын ашу және жүргізу;

      8) кредиттік серіктестіктің қатысушылары үшін Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары жөніндегі ережелерде көзделген сомалар шегінде ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктер, кепілгерлік және өзге де міндеттемелер беру;

      9) факторингтік операцияларды: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) кредиттік серіктестік қатысушысынан, сатып алушыдан төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқығын сатып алуды;

      10) кассалық операцияларды: осы тармақта көзделген операцияларды жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны қабылдау және беруді жүзеге асыруға құқылы.

      2. Кредиттік серіктестік өз мүлкін пайдаланумен байланысты кіріс алуға құқылы.

      3. Кредиттік серіктестік инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.";

      9) 7-тарау алып тасталсын.

      16. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат):

      1) 1-баптың 69) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 45-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Лицензиат бағалы қағаздар нарығындағы қызметті:

      бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін;

      операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын;

      лицензиат пен оның клиентінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін;

      лицензиаттың директорлар кеңесі ішкі құжаттарға қосу қажет деп есептейтін өзге де шарттарды, талаптар мен шектеулерді белгілейтін ішкі құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.

      Ішкі құжаттарды лицензиаттың директорлар кеңесі бекітуге тиіс.";

      3) 48-бапта:

      1-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұйымдық құрылымның болуы;";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) өтініш берушінің ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.";

      4) 51-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "асырған жағдайларда лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы." деген сөздер "асырған;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) бағалы қағаздар нарығы лицензиаттарының басшы қызметкерлерін келісумен байланысты талаптар бұзылған жағдайларда лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.";

      5) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-бап. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы

       қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Оқшауланған бөлімшелердің бірінші басшыларын және бас бухгалтерлерін қоспағанда, өтініш берушінің (лицензиаттың) директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқармасының бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, өтініш берушінің (лицензиаттың) құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып табылады.

      2. Мыналар:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тізбеге сәйкес басшы қызметкерлерге арналған біліктілік куәліктері жоқ;

      3) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында осы бапта белгіленген жұмыс стажы жоқ;

      4) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстары үшін заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      5) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері болған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

      6) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде осы адамды басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарылып алынған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

      3. Өтініш берушінің (лицензиаттың) директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.

      4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:

      1) өтініш берушінің (лицензиаттың) тәуелсіз директоры, басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде үш жыл;

      2) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде екі жыл;

      3) өтініш берушінің (лицензиаттың) құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге басшылар лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.

      Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажының болуы талап етілмейді.

      Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттар уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) осы адаммен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.

      6. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      7. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы өтініш берушідегі (лицензиаттағы) өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, бұл адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      8. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті органның осы өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындала (сайлана) алады.

      9. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:

      1) келісім беруге негіз болған дәйектемесіз мәліметтер анықталған;

      2) басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан астам рет) қолдануы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

      Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) ол адаммен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.".

      17. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):

      1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) қаржылық ұйымдар акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;";

      2) 10-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде өз өкілінің болуына құқылы.".

      18. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат):

      18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлғалар (бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) және банктер;".

2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2), 4), 5), 7), 8) 11) тармақшаларын;

      2) 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1), 3), 6), 9), 10) тармақшаларын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңға сәйкес лицензиялауға жатпайтын қызмет түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтарып беруге міндетті және мұндай лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды деп есептеледі.

      3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есеп айырысу-касса бөлімдерін құрған банктер оларды осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он екі ай ішінде банктің филиалдары ретінде әділет органдарында тіркеуге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын орындамаған банктер өздерінің есеп айырысу-касса бөлімдерінің қызметін осы тармақта белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тоқтатуға міндетті.

      4. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін еншілес ұйымдары болған еншілес ұйымдары өз еншілес ұйымдарының жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесін немесе акцияларын осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өткізуге міндетті.

      Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының еншілес ұйымдары осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын орындамаған жағдайда банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары аталған еншілес ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесін немесе акцияларын осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім біткен күннен бастап үш ай ішінде өткізуге міндетті.

Қазақстан Республикасының


Президенті