Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 9 маусымдағы N 56 Заңы

Қолданыстағы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 жылғы 28 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 23 сәуiрде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мәтiнде "тарау" деген сөздердiң алдындағы "I-V" деген цифрлар тиiсiнше "1-5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға
                 байланысты қызметті лицензиялау және валюталық
                 операцияларды лицензиялау

      Лицензиялауға:
      1) бөлшек сауда-саттықты жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасын алып қызмет көрсету;
      2) валюталық операцияларды жүзеге асыру жатады.  V011561   V032436   V032469 ";
      3) 15-баптың жетiншi бөлiгіндегi "операцияларды жүзеге асыру" деген сөздер "қызметті жүзеге асыру және валюталық операцияларды жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 19-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты жасалатын операцияларды" деген сөздер ", валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті және валюталық операцияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 26-бап мынадай редакциядағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы Заңның 11-1-бабының 2) тармақшасы 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған мерзім бойынша қолданылады.".

      2. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 83-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 15, 85-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар):

      7-баптың бiрiншi абзацындағы "жүзеге асырады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асырады.".

       2-бап.  Осы Заң жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi