1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309, 321-құжаттар; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша "почтаны", "почтаның" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiлiмдерiн", "почта жөнелтiлiмдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың бесiншi бөлiгi алып тасталсын;
3) 3-бапта:
үшiншi бөлiктегi "темiр жолдар" деген сөздер "темiр жол желiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктегi "темiр жолдардың қызметi аз учаскелерi" деген сөздер "кiрме жолдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 6-баптың екiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеуге қатысу;";
5) 9-баптың алтыншы бөлiгi "пайдаланғаны" деген сөздiң алдынан "магистралдық темiр жол желiсiн" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Teмip жол көлiгi туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
1) мәтiнiндегi "почта", "почтаны" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiлiмдерiн", "почта жөнелтiлiмдерi" деген сөздермен; "темiр жол көлiгi ұйымдарымен", "темiр жол көлiгi ұйымы", "темiр жол көлiгi ұйымдарын", "темiр жол көлiгi ұйымдары" деген сөздер тиiсiнше "тасымал процесiне қатысушылармен", "тасымал процесiне қатысушы", "тасымал процесiне қатысушыларды", "тасымал процесiне қатысушылар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) вагон - темiр жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы;";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) темiр жол станциясы - поездар қозғалысын реттеудi, өткiзу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жолдық дамуы бар, магистралдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт;";
8) тармақшаның үшiншi және төртiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"облысаралық - Қазақстан Республикасының әртүрлi облыстарындағы жөнелту және межелi пункттерi арасындағы тасымалдау;
ауданаралық (қалааралық) - бiр облыс шегiндегi елдi мекендер арасындағы тасымалдау;";
мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"iшкi - қала (аудан) iшiнде және қала маңында тасымалдау;";
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) контейнер - жүктердi тасымалдауға арналған бiрнеше мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы;
12-2) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығында немесе өзге заңды негiздерде иелiк ететiн тұлға;";
13) - 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"13) магистралдық темiр жол желiсi - магистралдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiн, құрылғыларды, жабдықты, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс iстеуi үшiн технологиялық жағынан қажеттi өзге де объектiлердi қамтитын магистралдық темiр жол инфрақұрылымы;
14) магистралдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпы пайдаланудағы темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiне және басқа мемлекеттермен темiр жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темiр жол станцияларын қосатын темiр жолдар;
15) Ұлттық темiр жол компаниясы - құрылтайшысы (бiрден-бiр қатысушысы) мемлекет болып табылатын магистралдық темiр жол желiсiн күтiп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсететiн ұйым;";
мынадай мазмұндағы 15-1), 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-1) Ұлттық тасымалдаушы - мәртебесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, арнайы және әскери тасымалдарды орындайтын және жылжымалы құраммен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушы;";
"16-1) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде осы вагондарды (контейнерлердi) пайдалана отырып, тасымал процесiн жүзеге асыруға қатысатын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;
16-2) локомотивтiк тартқыш операторы - локомотивтi күтiп ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ететiн және локомотивтiк тартқыш қызметiн көрсетуге сертификаты бар тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы - мемлекет магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсету және тасымалдау процесiн басқару үшiн құрған ұйым;";
18) тармақша алып тасталсын;
22), 25) және 26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"22) темiр жол көлiгiндегi тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тасымалдаушы;";
"25) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн темiр жолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары;
26) кiрме жолдар - жүк жөнелтушiлер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистралдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темiр жолдар;";
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
"26-1) ортақ пайдаланылатын кiрме жолдар - тасымалдау ережелерiне сәйкес, тасымалдау процесiне қатысушыларға тиесiлi және багажды, жүктердi, жүк-багажды тиеу (түсiру), сұрыптау, сақтау жөнiндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын темiр жол станциясы аумағында да, одан тысқары жерлерде де арнайы бөлiнген темiр жолдар;";
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"28) тасымалдау ережелерi - тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;";
мынадай мазмұндағы 30-1) және 33-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"30-1) әлеуметтiк мәнi бар қатынастар - әлеуметтiк мәнiн:
облысаралық қатынастарда - Қазақстан Республикасының Үкiметi;
ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар;";
"33-1) тасымалдау - багажды, жүктердi, жүк-багажды жөнелту пунктiнен межелi пунктiне апару мақсатында орындалатын тасымалдаушының, магистралдық темiр жол желiсi операторының, локомотивтiк тартқыш операторының өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы;";
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"34) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасында көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын орталық атқарушы орган;";
мынадай мазмұндағы 35) - 39) тармақшалармен толықтырылсын:
"35) локомотивтiк тартқыштың қызметтерi - темiр жолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
36) магистралдық темiр жол желiсiнiң қызметтерi - магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер;
37) кiрме жолдардың қызметтерi - кiрме жолдарды пайдалануға беру бойынша көрсетiлетiн қызметтер;
38) тасымал процесiнiң қатысушысы - темiр жол көлiгi саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға, соның iшiнде тармақ иеленушi, контрагент және клиент;
39) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымал төлеушісі ретінде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға.";
3) 2-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы "тасымалдаушылар мен темiр жол көлiгi ұйымдарының" деген сөздер алып тасталсын;
4) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Өзiнiң тартқыш көлiгi (локомотивi) жоқ тасымалдау процесiне қатысушы локомотивтiк тартқыштың операторымен жасалған шарт негiзiнде локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi пайдаланады.";
5) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Магистралдық темiр жол желiсi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темiр жол көлiгiнiң объектiсi болып табылады, жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен Ұлттық темiр жол компаниясына берiледi.";
6) 6-бапта:
2-тармақтағы "магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланғаны" деген сөздер "магистралдық темiр жол желiсi көрсеткен қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы магистралдық темiр жол желiсi көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистралдық темір жол желiсiн пайдалануға бiрдей құқық беруге мiндеттi.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өткiзу қабiлетiнiң шектелуiне байланысты тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру мүмкiндiгi болмаған кезде, тасымалдау тасымалдаушылардың магистралдық темiр жол желiсi көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзу ережелерiнде көзделген тәртiппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.";
7) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану
кезiнде туындайтын мiндеттемелердi
бұзғаны үшiн жауаптылық
Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады.";
8) 8-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi.
Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi бiрiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн Ұлттық тасымалдаушыға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi.";
9) 12-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы көрсететiн қызметтердiң бағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi жолаушылардың халықаралық және облысаралық қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жолаушылардың ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушының залалдары Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады.";
10) 14-бапта:
1-тармақта:
6), 10) - 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) магистралдық темiр жол желiсiне кiретiн магистралдық жолдардың тiзбесiн бекiту;";
"10) темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету тәртiбiн айқындау;
11) тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережелерiн бекiту;
12) әлеуметтiк мәнi бар облысаралық қатынастарды айқындау;";
13) және 16) тармақшалар алып тасталсын;
2-тармақта:
3), 9) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) магистралдық темiр жол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;";
"9) темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекiту;";
"15) темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк ережелерiн бекiту;";
мынадай мазмұндағы 16) - 27) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) экспедиторлар қызметiнiң тәртiбiн айқындау;
17) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметiнiң тәртiбiн айқындау;
18) локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетудi ұсыну тәртiбiн айқындау;
19) ортақ пайдаланылатын кiрме жолдарға қойылатын талаптарды айқындау;
20) магистралдық темiр жол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
22) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн шикiзатты, материалдарды, отынды, энергияны жұмсау нормативтерiн бекiту;
23) тасымалдаушылардың магистралдық темiр жол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзу ережелерiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
24) бәсекелес кiрме жолы жоқ тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушiлердiң, контрагенттердiң және басқа тұлғалардың кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзу ережелерiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
25) кiрме жолдардағы жұмыс ережелерiн бекiту;
26) қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оны пайдалану режимiн айқындау және жердi бөлiнген белдеуде темiр жол көлiгiнiң қажетi үшiн пайдалану жөнiндегi ережелердi бекiту;
27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындау жатады.";
3-тармақтың 1) тармақшасындағы "қала маңында" деген сөздер "ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда" деген сөздермен ауыстырылсын; "немесе өзге де мүдделi тұлға" деген сөздер алып тасталсын;
11) 15-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұлттық темiр жол компаниясы магистралдық темiр жол желiсi операторының функциясын орындайды.";
3-тармақ алып тасталсын;
12) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
"15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушы
1. Ұлттық тасымалдаушы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi; соның iшiнде арнайы және әскери жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетедi.";
13) 17-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темiр жол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады.
2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темiр жол станциялары жұмыс режимiнiң талаптарын, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртiбiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Темiр жол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.";
14) 31-бапта:
5-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"5. Тасымалдау процесiне қатысушылар қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзғаны және олардың зардаптары үшiн (қоршаған ортаның ластануы, поездар жүрiсiндегi үзiлiстер және басқалары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi локомотивтiк тартқыш қызметiн көрсету кезiнде оның жарамды жай-күйiн, соның iшiнде пайдалануға технологиялық дайындығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.";
15) 32-баптың 2-тармағы "кәсiби даярлық деңгейiн" деген сөздерден кейiн ", лауазымға (кәсiпке) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетiн қамтамасыз етуге мiндеттi.";
17) 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi 10-шараларды жүргiзуге, төтенше немесе соғыс жағдайы режимiн енгiзуге байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.";
18) 40-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жүк тасымалдау ережелерi жалпы ережелердi қамтиды, сондай-ақ мыналарды:";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) вагондарды беруге-алып кетуге шарттар жасасу және осындай шарттардың мiндетті талаптары;";
2-тармақта "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын; "Тасымалдаушылардың" деген сөз алып тасталып, "жүк" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
19) 41-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Кедендiк тексерiп қарау мақсатында орналасуы кеден органдарымен келiсiлген ортақ пайдаланылатын кiрме жолдарда жүктi, жүк-багажды вагондарға, контейнерлерге тиеудi, сондай-ақ олардан түсiрудi тасымал процесiне қатысушылар жүзеге асыруы мүмкiн.
Бұл қызмет Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген кедендiк тексерiп қарау актiсi көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылады.
Тасымалдау процесiне қатысушылардың тауарларды тиеуге (түcipугe), зақымдалған буманы жөндеуге, буманы ашуға, буып-түюге немесе қайта буып-түюге, сондай-ақ вагондарды, контейнерлердi беруге және алып кетуге, санитарлық паспорттар беруге, жүктердi, контейнерлердi сақтауға байланысты шығыстары және кеден органдарының не өзге де мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының бастамасы немесе нұсқауы бойынша осы жұмыстарды орындауға байланысты туындаған басқа да шығыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде жүк жөнелтушілер, жүк алушылар есебiнен өтеледi.";
5-тармақ "жүк алушыға" деген сөздерден кейiн "немесе экспедиторға" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 44-баптың 1-тармағында:
2) тармақша "экспедитордың" деген сөзден кейiн "және вагондардың (контейнерлердiң) операторынан" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "жүк алушы" деген сөздерден кейiн ", экспедитор және вагондардың (контейнерлердiң) операторы" деген сөздермен толықтырылсын;
21) 45-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"45-бап. Вагондарды, контейнерлердi беру және алып кету
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiге вагондарды, контейнерлердi қабылданған өтiнiмде және (немесе) шартта белгiленген мерзiмдерде жүк тиеуге беруге және оларды алып кетуге мiндеттi. Берiлген вагондар, контейнерлер мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн тасымалдау ережелерiне сәйкес (жарамды, iшi мен сырты тазаланған) болуға тиiс.
Вагондарды, контейнерлердi тиеуге дайындау вагондар мен (немесе) контейнерлер меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi болатын тұлғаның есебiнен және тасымалдау ережелерiне сәйкес айқындалатын мерзiмдерде жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.";
22) 47-баптың 5-тармағындағы "жүктiң келуi туралы хабарлама жiберiлген" деген сөздер "жүк берiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"49-бап. Темiр жолдарда вагондарды, контейнерлердi
пайдаланғаны және олардың бос тұрғаны
(кiдiртiлгенi) үшiн төлем
1. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, тармақ иеленушi вагондардың, контейнерлердiң өздерiнде болған уақыты үшiн, тиеу (түсiру) және маневрлiк жұмыстар үшiн қажеттi уақытты қоса алғанда, тасымалдаушыға вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн тасымалдау ережелерiнде белгiленген төлем жасайды.
Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
2. Жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың, тармақ иеленушiлердiң кiнәсiнен магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда тиеуге (түсiруге) қажеттi уақыттан артық вагондардың бос тұрғаны және контейнерлердiң кiдiртiлгенi үшiн олар аталған темiр жолдарды босатпаған уақыты үшiн тасымалдаушының магистралдық темiр жол желiсiнiң операторына төлеген шығыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi.";
24) 55-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "оларды," деген сөз "жүк жөнелтушінi немесе экспедиторды" деген сөздермен ауыстырылсын; "осындай кедергiлер туындаған кезден бастап бiр тәулiк iшiнде" деген сөздер "жасалған шартқа сәйкес, дереу телеграф арқылы немесе өзге тәсiлмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ "жүк жөнелтуші" деген сөздерден кейiн "немесе жүк алушы" деген сөздермен толықтырылсын;
25) 56-бапта:
2-тармақтағы "тасымал көлемiне" деген сөздер "жүк айналымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ "салу" деген сөзден кейiн "немесе шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
26) 57-бапта:
2-тармақтағы "оны иеленушiлердiң" деген сөз "тармақ иеленушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жаңа салынып жатқан кiрме жолдар жалғасқан немесе пайдаланылып жүрген кiрме жолда тасымалдау көлемi ұлғайған жағдайда, кiрме жолдар, темiр жол станцияларын салу, магистралдық темiр жол желiсiнiң бұрыннан бар темiр жол станцияларын дамыту құрылыс бастамашысының қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.";
27) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:
"57-1-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсету
1. Тармақ иеленушiлер жылжымалы құрамды өткiзу, оның тұруы, вагондарды, контейнерлердi беру-алып кету және кiргiзу-шығару үшiн, жүктердi қабылдау, тиеу (түсiру), беру жөнiндегi операцияларды, маневрлiк жұмыстарды және өзге де операцияларды жүзеге асыру үшiн тасымалдау процесiне қатысушыларға кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөнiндегi шарттың негiзiнде кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге құқылы.
2. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлем алады.
3. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсетудi тасымал процесiне қатысушылардың тең құқықпен пайдалануын қамтамасыз етуге мiндеттi.";
28) 58-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы кiрме жолдар бойынша қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын, сондай-ақ тиеу (түсiру) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру және маневрлiк жұмыс кезiнде қауiпсiздiк талаптарының сақталуын тексеруге құқылы.
2. Мемлекеттiк көлiк бақылау органы, магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы кiрме жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгiне, жылжымалы құрамның, контейнерлердiң, жүктiң сақталуына қатер төндiретiн ақаулар тапқан жағдайда, анықталған бұзушылықтар туралы акт жасайды.
Тармақ иеленушi аталған актiнiң негiзiнде кiрме жолдар қызметiн көрсетуді тоқтата тұруға мiндеттi.
Тармақ иеленушi анықталған бұзушылықтарды актiде көрсетiлген мерзiмдерде жоймаған жағдайда, магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы кiрме жолдарға жылжымалы құрамды берудi және оны алып кетудi тоқтатуға құқылы.";
29) 60 және 64-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"60-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шарттар
1. Тасымалдау процесiне қатысушылардың кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөнiндегi өзара қатынастары шартпен айқындалады.
2. Тармақ иеленушi бiр жақты тәртiппен:
1) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шарт талаптарын өзгертуге;
2) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шартты бұзуға;
3) тасымалдау процесiне қатысушылар кiрме жолдар қызметтерiн көрсету шартын өздерi бұзған жағдайларды қоспағанда, олардың тең қол жеткiзу принципiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.";
"64-бап. Жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру
Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындайды.
Ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаудың ұйымдастырылуын жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар немесе тасымалдаушы айқындайды.";
30) 66-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тасымалдаушылардың жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
31) 67-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының бiрiншi абзацы "салмағы отыз бес" деген сөздердiң алдынан "бiр толық жол жүру құжатына немесе баланың жол жүру құжатына" деген сөздермен толықтырылсын;
32) 68-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жолаушы (жөнелтушi) багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға құқылы, ал жүк-багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға мiндеттi.";
34) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"72-бап. Почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау
Почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгiленген тәртiппен почта вагондарымен жүзеге асырылады.";
35) 73-баптың 1-тармағы "осы Заңда" деген сөздерден кейiн "және темiр жол көлiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде" деген сөздермен толықтырылсын;
36) 77-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Тасымалдаушының қабылданған өтiнiмге сәйкес жылжымалы құрамның берiлмегенi үшiн айыппұл төлеуi оны жылжымалы құрамды беру жөнiндегi одан әрi атқаратын мiндеттемелерден босатпайды. Жылжымалы құрам жүк жөнелтушiмен келiсiлген ұзартылған мерзiмде берiлмеген жағдайда, егер тасымалдаушы жылжымалы құрамның берiлмеуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, тасымалдаушы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 5 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.";
38) 89-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өтiнiш берушiнiң кiнә қоюға құқығы бар екендiгiн куәландыратын құжаттар жүк тасымалдау ережелерiне сәйкес, кінә қоюға қоса тiркелуге тиiс.";