Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
 
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпарат - кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары беретін, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын, электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер;
      2) ақпарат беру туралы шарт- осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт;
      3) ақпарат беруші - кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      4) ақпарат берушінің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі - ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроларға беру жөніндегі іс-әрекеттері;
      5) жазбаша ұйғарым - анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы кредиттік бюроға нұсқама;
      6) кредиттік бюро - кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым;
      7) кредиттік есеп - кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;
      8) кредиттік есептерді алу туралы шарт - осы Заңмен көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен кредиттік есептерді алушы арасында жасалатын шарт;
      9) кредиттік есепті алушы - кредиттік есепті алуға құқығы бар тұлға;
      10) кредиттік есепті беру - кредиттік бюроның кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты беру жөніндегі қызметі;
      11) кредиттік тарих - кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы;
      12) кредиттік тарих субъектісі - өздеріне қатысты кредиттік тарих қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға;
      13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі - кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге не кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін басқа тұлғаларға беруге жазбаша рұқсаты;
      13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат – заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;
      14) кредиттік тарихты қалыптастыру - кредиттік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, құпиялылығын қамтамасыз ету, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы;
      15) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары - кредиттік тарих субъектілері, ақпарат берушілер, кредиттік бюролар, кредиттік есептерді алушылар;
      16) кредиттік тарихтың деректер базасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпараттық процестерге негізделген кредиттік бюроның ақпараттық ресурстары;
      16-1) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар табыс еткен заңды тұлға;
      17) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      18) шартты және ықтимал міндеттемелер - өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер, вексельдер және кепілдемелер.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және
              кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Осы Заң кредиттiк тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру, кредиттiк бюроларды құру, олардың жұмыс iстеуi және қызметiн тоқтатуы, ақпарат берушiлердiң кредиттiк тарихтың деректер базасын құру мен қорғауға қатысу жөнiндегi қызметін жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерi қолданылатын салаға жататын қатынастар осы Заңда реттелмеген қатынастар бөлігінде сол актілермен реттеледi.
      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты
              пайдалану принциптері

      Кредиттiк тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану мына принциптер ескерiле отырып жүзеге асырылады:
      1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өзі туралы ақпарат беруді, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсi келiсiмiнiң болуы;
      2) барлық кредиттiк тарих субъектілерiнiң теңдігі;
      3) ақпаратты, кредиттiк тарихтың деректер базасын және ақпараттық жүйенi мақсатты пайдалану;
      4) ақпараттың құпиялылығы;
      5) кредиттiк тарихтың деректер базасын және тиiстi ақпараттық жүйелердi қорғауды қамтамасыз ету;
      6) азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмауы, азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
      7) кредиттік тарихтың деректер базасын қалыптастырудың дұрыстығы мен өзектілігі.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Кредиттік бюролардың қызметі және
кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау

      4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды
              және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік
              есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге
              асыратын мемлекеттік органдар

      1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Осы мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте алынған мәліметтер жариялауға жатпайды.
      Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) осы Заңға сәйкес кредиттiк бюролардың қызметi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;
      2) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру;
      3) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының сақталу мәселелерi бойынша кредиттік бюролар қызметiне тексерулер жүргiзу;
      4) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы кредиттiк бюроларға, банктерге, банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға (бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар), сондай-ақ белгіленген мерзімдерде ақпарат берілмеген жағдайда жазбаша ұйғарымдар жiберу;
      5) кредиттiк бюроларға және олардың лауазымды адамдарына санкциялар қолдану;
      6) кредиттiк бюролардың қызметiне, соның iшiнде кредиттiк тарихты қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;
      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
      3. Ақпараттандыру саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды және мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкілеттi мемлекеттiк орган осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, ақпараттық қызметтер көрсету рыногында ақпарат берушілердiң, кредиттiк бюролардың және кредиттiк есептердi алушылардың (кредиттік тарих субъектiлерiн қоспағанда) қызметiн ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды және олардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      5-бап. Мемлекеттiк органдардың кредиттік бюролар,
              ақпарат берушілер қызметі, кредиттік тарихты
              қалыптастыру және оны пайдалану мәселелері
              бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау
              жөнiндегi өкiлеттiктерi

      1. Уәкiлеттi орган кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану мәселелерi бойынша:
      1) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер үшiн);
      2) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу тәртiбi туралы;
      3) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртiбi туралы;
      4) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк бюроларды лицензиялаудың шарттары мен тәртiбi туралы;
      5) кредиттік бюроның уәкілетті органға ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну тәртіптері, мерзімдері және көлемдері туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
      2. Уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен келісе отырып, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарих деректері базасының және үй-жайының сақталуына ең төменгі талаптарды белгілеу, сондай-ақ кредиттік бюролардың тізіп көрсетілген талаптарды орындауына бақылау жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату

      6-бап. Кредиттiк бюролар

      1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, кредиттік бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады.
      Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жетпіс бес немесе одан да көп пайызы уәкілетті органға тиесілі бір ғана мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 317 Заңымен.
      3. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияны уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.
      Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның лицензиялауына жатпайды.
      4. Кредиттік бюроның атауында "кредиттік бюро" деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.
       Ескерту. 6-баптың тақырыбы мен мәтінге өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi

      1. Кредиттiк бюролар қызметiнiң негiзгi түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады.
      2. Кредиттік бюро қызметінің қосымша түрлеріне:
      1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi өткiзу;
      2) кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды өткiзу;
      3) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету;
      4) кредиттік тарих субъектiлерiнің кредит қабілеттілiгiн олар әзiрлеген әдiстеме негiзiнде жүзеге асырылатын бағалау;
      5) маркетингтік және статистикалық зерттеулер  жатады.
      6) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Кредиттiк бюролар осы бапта көзделмеген кәсіпкерлік қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Кредиттiк бюроларға кредиттік тарихтың деректер
              базасын және пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді
              қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету
              жөнінде қойылатын талаптар

      Кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптардың:
      1) ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
      2) кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;
      3) ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
      4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
       Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
 
      1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:
      1) лицензиялаудан;
      2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беруден тұрады.
      Осы тармақтың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
      2. Лицензиялау осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      3.  Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4. Кредиттік бюро кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін іске қосу үшін мынадай іс-шараларды:
      1) осы Заңының 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің біреуімен ақпарат беру туралы шарт жасасуды;
      2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруды;
      3) өздерімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат  берушілермен осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуді жүзеге асыруға тиіс.
      Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қажетті іс-шараларды кредиттік бюроның орындауын тексеруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат пен мемлекеттік реттеуді іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп құрылған уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетіледі.
      Осы тармақтың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
      5. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы мен кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісі болған кезде ғана жол беріледі.
      Кредиттік тарих деректерінің базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және сақталуын қамтамасыз ету және үй-жайлар жөнінде кредиттік бюроға қойылатын талаптарға оның сәйкестігі туралы осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған акт болған кезде мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға жол беріледі.
       Ескерту. Заң 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-бап. Лицензия алуға қажетті құжаттар және оларды
              қарау мерзімдерi

      1. Өтініш беруші кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға:
      1) лицензия беру туралы өтiнiш;
      1-1) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      2-1) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
      3) белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тiркеуден өткен құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерiн;
      4) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат беруге мiндеттi.
      2. Кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.
      3. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарға:
      1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;
      2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастырудың тәртібі мен мерзімдері;
      3) баға саясаты және кредиттік есептерге тарифтер есеп-қисабының тәртібі;
      4) кірістер мен шығыстар туралы жуырдағы үш жылға арналған болжам;
      5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары кіруге тиіс.
      4. Кредиттік бюро лицензия алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап он күн ішінде табыс етеді.
      5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
       Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бaп Кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына
              лицензия беруден бас тарту

      Кредиттiк бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беруден:
      1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес субъектiлердiң осы санаты үшiн тыйым салынған белгілi бір қызмет түрі жүзеге асырылған;
      2) осы Заңның 8-бабында және 9-бабының 1-тармағында көзделген талаптар сақталмаған;
      3) өтiніш берушіге қатысты оның қызметтің осы түрiмен шұғылдануына соттың тыйым салған шешімі болған жағдайларда бас тартылады.
       Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар

      1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдары бұзылған жағдайда уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарымдар жiберуге құқылы.
      2. Уәкiлетті орган санкция ретінде:
      1) әкiмшілік айыппұл салу;
      2) кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы.
      3) Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 317 Заңымен.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Кредиттiк бюро лицензиясының қолданылуын
               тоқтата тұру

      1. Кредиттiк бюро лицензиясының қолданылуы:
      1) осы Заңның 8-бабында белгiленген талаптардың сақталмауы;
      2) лицензия беруге негіздеме болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуiнің анықталуы;
      3) уәкілеттi органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiндегi жазбаша ұйғарымын орындамау сияқты негіздемелердiң бiрi бойынша алты айға дейiнгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      2. Кредиттік бюро лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, оның қызметiн жүзеге асыруға тыйым салуға әкеп соғады.
      3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
      Мұндай шешiм кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткiзілген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрды деп саналады.

      13-бап. Кредиттік бюроны лицензиясынан айыру

      Уәкiлеттi орган мынадай негіздемелердiң бiрi бойынша:
      1) лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұруына негiз болған себеп жойылмаса;
      1-1) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      2) лицензияның қолданылуы соңғы он екі айдың iшiнде бiрнеше рет (екі және одан көп) тоқтатыла тұрса;
      3) лицензиаттың жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салса;
      4) лицензиаттың кәсіпкерлік қызметi тоқтатылса;
      5) лицензиат лицензия aлу кезiнде көрінеу жалған ақпарат берсе, кредиттiк бюроны лицензиясынан айыру туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
      Соттың кредиттік бюроны лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдауы кредиттік бюроны таратуға әкеп соғады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Кредиттiк бюроның құжаттары мен ақпаратын сақтау

      1. Кредиттік бюроның құжаттары мен ақпаратын, соның ішінде, кредиттік тарихтың деректер базасына енгiзiлетiн құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртiбiн кредиттiк бюро айқындайды.
      2. Кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ол туралы соңғы ақпаратты алған күннен кейін он жыл бойы ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-бап. Кредиттiк бюроларды қайта ұйымдастыру және
               тарату

      Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге тиіс. Кредиттік бюроны бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге тиіс.
      Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтемді негізде берілуге тиіс.
      Кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға жауаптылықты қайта ұйымдастыру кезінде - кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде - сот немесе оның мүлкінің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы атқарады.
      Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасын иеленуге құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюролардың мүдделілігі болмаған жағдайда, ол мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде берілуі тиіс.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

      16-бап. Кредиттiк бюроның құқықтары

      Кредиттiк бюро:
      1) ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттік есептерді алушылармен кредиттік есептерді алу туралы шарттар жасасуға;
      2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ақпарат берушiлерден кредиттiк тарих субъектiсін өзі туралы мәліметтердi кредиттік бюроларға беруге келiсімін алғаны туралы растауды, сондай-ақ кредиттiк тарихты қалыптастыратын толық әрi анық ақпарат берудi талап етуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
      3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік бюродан ақпаратты алуға құқығы бар тұлғаларға кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты немесе кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты жария етпестен, кредиттік бюроның деректер базасында субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты ұсынуға;
      3-2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға осы Заңның 17-бабының 8-2) тармақшасында көзделген жағдайда, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасында қамтылатын ақпаратты кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруге;
      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтары болуға құқылы.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Кредиттiк бюроның міндеттері

      Кредиттік бюро:
      1) кредиттiк тарихты қалыптастыруды жүзеге асыруға;
      2) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсiмiн алғаны туралы растау болған кезде кредиттiк есептердi беруге;
      3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттiк тарихта қамтылған ақпаратты, оның ішінде банк құпиясын құрайтын ақпаратты ашуға жол бермеуге;
      4) егер алушыға берілген кредиттік есепте, кредиттік бюро қызметкерлерінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан, ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат қамтылған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне аталған сәйкессіздіктер анықталған сәттен бастап бес күн ішінде түзетілген кредиттік есепті беруге міндетті.
      Ақпарат берушінің кредиттік бюро берген кредиттік есептің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсыну мерзімін есептеу кредиттік бюро берушіден тиісті ақпаратты алған сәттен бастап жүзеге асырылады;
      5) кредиттiк тарих субъектісінің өтiнiшi бойынша оған кредиттiк тарих субъектiсi даулап отырған ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтердi табыс етуге;
      6) кредиттiк есептi беру туралы сауал Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар бұзыла отырып жасалған болса, кредиттік есептi беруден бас тартуға;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметi туралы есеп жүргізуге және есептiлiк табыс етуге;
      8) тиiстi негіздемелер болған кезде қайта ресiмделуге немесе нақтылануға тиiс, келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға;
      8-1) ақпарат жеткізушіден ақпарат алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті субъектінің кредиттік тарихына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
      8-2) кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасында сақталатын ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін мемлекет қатысатын қредиттік бюроға өтініш жасауға, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасында сақталатын мәліметтерге сәйкес келмейтін ақпаратқа қатысты түзетулер енгізуге міндетті. Мемлекет қатысатын қредиттік бюроға өтініш жасаудың, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасына түзетулер енгізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді;
      9) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;
      10) барлық ақпарат берушілер мен қызметінің негізгі түрі бойынша топты құрайтын кредиттік есептерді алушылардың теңдігін қамтамасыз етуге;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарда белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндетті.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      18-бап. Ақпарат берушілер

      1. Мыналар:
      1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
      2) жүйелендiрiлген белгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, тауарларды және көрсетілетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
      3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
      4) ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар ақпарат берушiлер болып табылады.
      2. Уәкілеттi органның кредиттiк бюролардың қызметi және кредиттік тарихты қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілерi ақпарат берушілер ретiнде олардың кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысуы жөнiндегi қызметіне қатысты бөлiгiне ақпарат берушілердiң орындауы үшiн міндетті.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 N 311, 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері

      1. Ақпарат берушi:
      1) берiлетiн ақпараттың осы Заңға сәйкес пайдаланылуын кредиттік бюролардан талап етуге;
      2) Қазақстан Республикасының заң актілерiне және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарға сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.
      2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушілер:
      1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектiсiнiң өзi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроға табыс етуге келісiмін алуға;
      2) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға;
      3) осы Заңда және ақпарат беру туралы шартта айқындалған талаптарда, көлемде және тәртіппен кредиттік бюроларға ақпарат беруге;
      4) кредиттік бюроларға берiлген ақпаратты кредиттiк тарих субъектісінің талап ету бойынша түзетуге;
      5) ақпарат беру туралы шарт жасалған кредиттік бюроларға кредиттік тарих субъектісі туралы бар мәлiметтермен дәлме-дәл сәйкес ақпарат беруге;
      6) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;
      7) кредиттiк ақпаратты алу мен өңдеудiң тиiсiнше шарттарын өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;
      8) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға хабарлауға міндетті.
      3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ақпарат берушілер:
      1) өздерi кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан жағдайда осы Заңда белгiленген, өзге де ақпарат берушiлерге қойылатын талаптарды сақтауға тиiс;
      2) кредиттік тарих субъектiлерi туралы өздерiнде бар ақпаратты кредиттiк бюроларға тегін бередi.
      4. Кредиттік бюроларға кредиттік бюролар жүйесіне өздерінің бұған дейін қатысуына әкеп соққан қызметті жүзеге асырмайтын ақпарат берушілер кредиттік бюролардың деректер базаларына бұрын берілген барлық субъектілер бойынша ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартып отыруға міндетті.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      20-бап. Кредиттік есептерді алушылар
 
      1. Мыналар:
      1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
      2) жүйелендірілген белгілерін Қазақстан Республикасының  Үкіметі айқындайтын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке еткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      3) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар;
      4) кредиттік тарих субъектісі;
      4-1) пайдасына банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген тұлға;
      4-2) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитентінің кредиттік есебіне қатысты облигацияларды ұстаушылардың өкілі;
      5) уәкілетті орган кредиттік есептерді алушылар болып табылады.
      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар тек өздері туралы кредиттік есеп алуға құқылы.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған кредиттiк есептi алушылар өздерiнің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы ғана кредиттiк есепті алуға құқылы.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитенті туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.
      Кредиттік есептерді осы тармақта көрсетілмеген тұлғаларға беруге жол берілмейді.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік есептерді алу туралы шарт жасасқаннан кейін кредиттік есептерді алушылар ретінде кредиттік бюрода тіркелуге тиіс.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      21-бап. Кредиттік есептi алушының құқықтары мен
               міндеттері

      1. Кредиттiк есептi алушы:
      1) кредиттiк есептi алуға;
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.
      2. Кредиттік тарих субъектісі, осы Заңның 17-бабының 4) тармақшасында көзделген, субъектіге түзетілген кредиттік есеп берілетін жағдайды қоспағанда, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.
      3. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетiлген кредиттiк есептi алушылар:
      1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсi туралы кредиттiк есептi алуға оның келiсiмiн алғандығы туралы растауды кредиттік бюроға табыс етуге;
      2) кредиттiк есептi алушы ретiнде тiркелген кезде оларға табыс етiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлауға;
      3) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға және ондағы ақпаратты үшiншi тұлғаларға жария етпеуге;
      4) кредиттiк есептегi ақпаратты осы Заңның 26-бабында көзделген мақсаттар үшiн ғана пайдалануға;
      5) кредиттiк тарих субъектiсiнің талабы бойынша оны кредиттiк есептiң мазмұнымен таныстыруға не оған кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес кредиттiк есептiң көшiрмесiн беруге;
      6) кредиттiк бюроның кредиттiк есептi беру жөнiнде көрсететiн қызметiне ақы төлеуге;
      7) Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      22-бап. Кредиттiк тарих субъектiсiнің құқықтары

      Кредиттiк тарих субъектiсi:
      1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроларға ақпарат берушiге кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн өзi жайында мәлiметтер табыс ету туралы келiсiм беруге;
      2) кредиттiк есептi алушыға өзi туралы кредиттiк есептi алуына келiсiм беруге;
      3) кредиттiк бюроға өзi туралы ақпарат түскен кезден бастап, осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы кредиттiк есептi алуға;
      4) кредиттiк есептi алушыдан кредит алуға оның өтінiмiн қараған кезде кредиттiк есеппен таныстыруды не алушы кредиттiк бюродан алған кредиттiк есептiң көшiрмесiн кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес берудi талап етуге;
      5) кредиттiк есептегi ақпаратпен, беруші туралы ақпарат алу мүмкiндiгiмен келiспеушілiктi мәлiмдеуге;
      6) алушыға берiлген кредиттiк есепте кредиттiк бюро қызметкерлерінің әрекетi немесе әрекетсiздiгі салдарынан ақпарат берушiлер кредиттiк бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, кредиттiк бюролардан түзетiлген кредиттiк есептi сұратуға;
      7) дәйектемесiз ақпаратты түзету туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға құқылы.
      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру

      23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы
               шарттары

      1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде, осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беруінің және кредиттік есептерді алудың талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептер алу туралы шарттармен айқындалады.
      2. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар кредиттік бюролармен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда кредиттiк бюроларға ақпарат бередi.
      4. Берушiлер кредиттiк бюроға ақпаратты электрондық жеткiзушімен береді. Ақпаратты қағаз түрiндегі жеткізушімен беру жағдайлары кредиттік бюроның ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.
      5. Ақпарат берушілер кредиттiк тарих субъектілерінің өздері туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) табыс етуге алған келiсiмдерін есепке алуды жүргізедi.
      6. Кредиттiк тарих субъектілерiнің өздерi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға қағаз түрiндегi жеткiзушiмен табыс етуге келiсiмiн ақпарат берушi кредиттiк бюроларға олар туралы сoңғы ақпарат берiлген күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиiс.
      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.26 N 311, 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      24-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      24-бап. Кредиттік бюроларға берiлетін ақпарат

      1. Кредиттiк бюроларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар беретiн ақпаратта:
      1) тұлға осы банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан алған кредит бойынша борыш сомасы, сондай-ақ ол алған барлық кредиттер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша борыштың жалпы сомасы;
      2) кредиттердi (өтеу көзін көрсете отырып), сондай-ақ шартты және ықтимал мiндеттемелердi беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
      3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң (сейф жәшіктерiнде, шкафтарда және банктің үй-жайында сақтаулы тұрған қамтамасыз етудi қоспағанда) құрамы мен тәсілдерi туралы ақпарат;
      3-1) ол болған кезде кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;
      4) тараптардың келiсiмi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
      Осы тармақтың мақсаттары үшiн кредит деп банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары, сондай-ақ вексельдердi есепке алу түсiніледi.
      2. Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға кредиттiк бюроларға беретiн ақпаратта мынадай мәлiметтер:
      1) кредит бойынша, сондай-ақ кредитке алынған барлық тауарлар және көрсетілетiн қызметтер бойынша борыш сомасы;
      2) кредиттерді беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
      3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң құрамы мен тәсiлдерi туралы ақпарат;
      4) тараптардың келiсiмi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы берiлген ақпаратта тегi, аты, әкесінiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi болуға тиiс.
      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттiк тарих субъектiсi - заңды тұлға туралы берiлетін ақпаратта атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу нөмiрi және күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, бiрiншi басшыларының тегi, аты, әкесiнің аты және олардың салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрлерi болуға тиiс.
      5. Кредиттiк бюроларға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар беретін ақпаратта мынадай мәлiметтер:
      1) жеке тұлғалар үшін - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, меншiк құқығын және басқа құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер;
      2) заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны орналасқан жерi, заңды тұлға ретіндe мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, банк деректемелерi, меншiк құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер болуға тиіс.
      6. Осы бапта көзделген ақпарат тiзбесi кредиттiк бюро мен ақпарат берушi арасындағы келісім бойынша, олар жасасатын ақпарат беру туралы шарт негiзiнде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, толықтырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2007.07.26 N 311, 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      25-бап. Кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруге
               және кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу

      1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік бюродан кредиттiк есептi алушыға кредиттік есептi беруге келiсiмi жазбаша түрде ресiмделедi.
      2. Ақпарат субъектiсiнiң - жеке тұлғаның келiсiмiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде әрекет ететін сенiм білдiрiлген тұлға да ресiмдеуi мүмкiн.
      3. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге, келiсiмiнiң болмағаны, сондай-ақ оның дұрыс ресiмделмегенi үшiн кредиттiк есептi беру туралы сауал салған ақпарат берушi, кредиттiк есептi алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының әкiмшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      4. Кредиттік тарих субъектісінің бұл субъект туралы теріс ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне және кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты құрайтын кредиттік есептерді беруіне келісім беруі талап етілмейді.
      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану
               негiздемелерi мен мақсаттары

      1. Кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) ақпарат беру, кредиттік бюродан кредиттiк есептер беру үшін кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсімi негiздеме болып табылады.
      2. Кредиттiк есептi алушылар кредиттiк бюролар жүйесiндегi ақпаратты:
      1) кредиттер беру, мониторинг жасау және кредиттердiң мерзiмiн ұзарту кезiнде тәуекелдердi бағалау;
      2) кредиттiк шарттардың талаптары өзгерген кезде тәуекелдердi  бағалау;
      3) мерзiмi ұзартылған төлемдермен жасалатын өзге де мәмiлелер бойынша тәуекелдердi бағалау;
      4) кредиттік есептегi ақпараттың дұрыстығын растау мақсатында пайдалануы мүмкiн.
      3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мәлiметтердi маркетингтiк және статистикалық зерттеулердi жүзеге асыру үшiн пайдалануға құқылы.
      4. Уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде, кредиттік бюро шет мемлекеттердің кредиттік бюроларына субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат беруге және олардан ақпарат алуға құқылы.
      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жөніндегі қатынастар

      27-бап. Ақпарат берушiлермен және кредиттік
               есептерді алушылармен жасалатын шарттар

      1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ол мемлекеттік тіркелген және (немесе) ақпарат берушілер осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған белгілерге сәйкес келген күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті.
      Осы Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру туралы шартта айқындалған мерзімдерде өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға құқылы.
      2. Ақпарат беру туралы шартта мынадай талаптар:
      1) жеке кәсiпкердің деректерi немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелерi туралы ақпарат;
      2) шарттың қолданылу мерзiмi, оны өзгерту, тоқтату және бiржақты тәртiппен бұзу негiздемелерi мен тәртiбi, сондай-ақ шарт бойынша мiндеттемелердi бұзғаны үшiн айыппұлдардың мөлшерi;
      3) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнің өзi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн мiндеттi түрде алу;
      4) кредиттiк тарихты қалыптастыратын ақпараттың түрлерi, көлемi, мерзiмi (кезеңдiлiгi), беру тәртiбi, шарт тараптары көрсететін қызметтерге ақы төлеу талаптары, сондай-ақ кредиттiк тарихтың деректер базасын және пайдаланылатын ақпараттық жүйелердi қорғау жөнiндегi ұйымдастырушылық, техникалық шаралар мен технологиялық талаптарды бiрлесіп iске асыру талаптары;
      5) кредиттiк бюроның берiлетiн ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалану туралы мiндеттемесi;
      6) кредиттiк бюроның барлық алынатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау және оны тек осы Заңда көзделген негіздемелерде, шарттарда және тәртіппен ашу туралы мiндеттемесi;
      7) ақпарат берушінің кредиттік бюроға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты құпиялылық режимін сақтауы туралы міндеттемесі;
      8) алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 317 Заңымен;
      9) ақпарат берушiнiң кредиттік бюроға дәйектемесiз ақпарат берген жағдайдағы жауапкершiлiгiн қоса алғанда, тараптардың жауапкершiлiгi болуға тиiс.
      3. Кредиттік есептерді алу туралы шартта мынадай талаптар:
      1) жеке тұлғаның деректері немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелері туралы ақпарат;
      2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен бұзу негіздері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;
      3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімін міндетті түрде алу;
      4) кредиттік есептерде қамтылған ақпараттың көлемі және кредиттік есептерді алу тәртібі;
      5) кредиттік есептерді алушының кредиттік есептерде қамтылған ақпаратты таратпау туралы міндеттемесі;
      6) кредиттік есепті алушының берілетін ақпаратты тек осы Заңмен көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалануы туралы міндеттемесі;
      7) тараптардың жауапкершілігі қамтылуға тиіс.
      4. Уәкілетті органның кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесі қатысушыларының қызметін қамтамасыз етуге қоятын талаптарына ақпарат берушінің сәйкес келуін растайтын құжаттың болуы ақпарат беру туралы шартты жасасудың міндетті талабы болып табылады.
      5. Егер кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шартта өзгеше көзделмеген болса, көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға жол берілмейді.
      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк
               бюрода тiркеу

      Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар кредиттік бюрода тiркелу үшiн мынадай құжаттар:
      1) кредиттiк бюрода тiркеу туралы өтiнiш;
      2) уәкілеттi органның лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге жасыруға беретiн лицензияларының нотариат куәландырған көшiрмелерiн (лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн);
      3) заңды тұлға (жеке кәсіпкер) ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
      4) сауал жолдауға уәкiлеттi тұлғалардың тегi, аты, әкесiнің аты және лауазымы туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға табыс етедi. Қажет болған жағдайда көрсетiлген ақпарат осы тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      29-бап. Кредиттік есептi беру

      1. Кредиттiк есептi беруге:
      1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы;
      2) кредиттiк есептi алушының осы Заңда қойылатын талаптарға сәйкестiгi;
      3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк есептi алушының кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы туралы растаған сауалы негiздеме болып табылады.
      Осы тармақтың талаптары кредиттік есептің уәкілетті органның сауал салуы бойынша табыс етілу жағдайларына қолданылмайды.
      2. Кредиттiк бюро кредиттiк есептер беру туралы сауалдарды және табыс етiлген кредиттiк есептердi есепке алып отырады.
      3. Сауалды алушының атынан, кредиттiк бюроға сауал беруге жауапты оның арнайы уәкiлеттi тұлғасы бередi, ол туралы ақпарат кредиттiк бюроның алушылары тiзiлiмiнде болады.
      3.1. Кредиттік тарих субъектілерінің өздері жөніндегі кредиттік есепті қағаз жеткізгіште беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.
      4. Кредиттiк бюро кредиттiк тарих субъектiсiне қатысты кредиттiк есептi оған берудi кредиттiк тарих субъектiсiнiң жазбаша сауалы негiзiнде жүзеге асырады.
      5. Кредиттiк тарих субъектісi үшiн кредиттiк есепте осы субъектiнiң кредиттiк тарихы бойынша кредиттiк есептердi берудiң бұрын орын алған барлық фактiлерi туралы, берiлген күнi, алушылардың атаулары мен деректемелерi көрсетілген ақпарат болуға тиiс.
      6. Кредиттiк бюро кредиттiк есептi беру кезiнде барлық ақпарат берушiлердi және кредиттiк бюроның осы ақпаратты алған күнiн көрсетуге мiндеттi.
      7. Кредиттiк есептi беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелерде, жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
      8. Кредиттiк бюро ақпаратты берушіден алынған ақпаратты бұрмалағаны үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
      Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      30-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi беру
               жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу

      Ақпарат берушiлер және кредиттiк бюролар көрсететiн қызмет үшiн ақы белгiленедi, оның мөлшерi және өндiрiп алу тәртiбi шартқа сәйкес айқындалады.
      Кредиттік бюро ақпарат берушілердің кредиттік бюроға ақпарат бергендері үшін, уәкілетті органның ақпаратты және кредиттік есептерді алғаны үшін ақы алмайды.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

6-1-тарау. Банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат берудің және кредиттік есепті алудың ерекшеліктері

      Ескерту. Заң 6-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен
                 кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру

      1. Банктер тізбесі осы баптың 3-тармағында белгіленген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпаратты мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзі туралы және өзінің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің беруіне борышкер тұлғаның келісімі болған кезде ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де кредиттік бюроларға береді.
      2. Борышкер тұлғаның өзі туралы және өзінің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісім нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      3. Банк шығарған кепілдіктер мен кепілгерліктер жөнінде кредиттік бюроға берілетін ақпаратта:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) - 4) тармақшалар 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2013.01.01 бастап күшін жояды.
      1) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      3) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған кредитор жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      30-1-бапты 4-1) - 4-2) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5) кепілдік немесе кепілгерлік берген банктің атауы;
      6) банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартының нөмірі мен күні, айы, жылы;
      7) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шарты бойынша төлеуге жататын ең көп ақша сомасы;
      8) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шығарылған мерзім немесе осы жағдай басталған кезінде банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген банктің міндеттемесі (банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің қолдану мерзімі) тоқтатылатын жағдай (оқиға);
      9) банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің шығарылым нөмірі және күні, айы, жылы, қамтылуға тиіс.
      Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, осы тармақта көзделген ақпарат тізбесі кредиттік бюро мен банк жасасқан ақпарат беру туралы шарт негізінде олардың арасындағы келісім бойынша толықтырылуы мүмкін.
      4. Банктердің шығарылған банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде кредиттік бюроға ақпарат беру талаптары осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шартта айқындалады.
      5. Банктер кредиттiк бюроларға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөніндегі ақпаратты электронды жеткізгіште бередi. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттiк бюролардың iшкi құжаттарында және олардың ақпарат берушiлермен жасалатын шарттарында айқындалады.
      6. Банктер борышкер тұлғалардың өздері туралы және шығарылған банк кепілдігі немесе шығарылған кепілгерлік туралы мәлiметтердi банктің кредиттiк бюроға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруіне өздері алған келiсiмдерді есепке алуды жүргiзедi.
      Ескерту. 30-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік
                 есепті қалыптастыру

      1. Кредиттік бюро осы Заңның 30-1-бабының 3-тармағына сәйкес банк берген ақпараттың негізінде банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыруға міндетті.
      2. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есеп банк шығарған әрбір кепілдік немесе әрбір кепілгерлік бойынша жеке қалыптастырылады.

      30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік
                 есепті беру тәртібі

      1. Пайдасына банк кепілдігін немесе кепілгерлігін банк шығарған тұлғаға банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті кредиттік бюроның беруіне борышкер тұлғаның келісімі бұл есепті беруге негіз болып табылады.
      2. Банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      31-бап. Дауларды шешу ерекшелiктерi

      1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептегi ақпаратқа дауласу туралы кредиттiк бюроға немесе ақпарат берушiге беретін өтiнiшiнде жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ дауласатын ақпаратқа нұсқау және дұрыс ақпарат беру туралы талап болуға тиiс. Өтiнiш берушi немесе оның уәкiлеттi адамы өтiнiшке қол қояды. Өтiнiш берушi сiлтеме жасаған құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берілуi мүмкiн.
      2. Ақпарат берушi немесе кредиттiк бюро өтiнiштi алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны қарап, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген екi iс-әрекеттiң бiрiн жүзеге асыруға мiндеттi.
      3. Кредиттiк бюро алған ақпараттағы бұрмалау ақпарат берушiнің немесе кредиттiк бюроның техникалық қателерiнiң салдарынан, олардың қызметкерлерiнiң өзге де iс-әрекеттерiнiң немесе әрекетсіздiгiнiң салдарынан орын алған жағдайда, ақпарат берушi жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті. Кредиттiк бюро алушыға түзетілген кредиттiк есепті беруге мiндеттi.
      4. Егер дау тудырған ақпарат кредиттiк бюроның, ақпарат берушiнiң мәлiметтерiне сәйкес келсе, онда ақпарат берушi және (немесе) кредиттiк бюро даулы ақпаратты алу көздерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қанағаттандырудан жазбаша түрде бас тартады.
      5. Өтiнiшi қанағаттандырылудан бас тартылған өтiнiш беруші қайтадан жүгiнген жағдайда оны беруге, қарауға және дәлелдi жауап жiберуге байланысты шығындар өтiнiш берушiге жүктеледi.
      Шығындарды бөлу жөнiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда даулар сот тәртiбiмен қаралады.
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      32-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және
               кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын
               бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті