Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатты бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 маусымдағы N 559 Заңы

Қолданыстағы

      Астанада 2003 жылғы 27 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хат бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Ресми емес аударма  

Дүниежүзiлiк Банк        1818 H Street N.W. (202)477-1234
Халықаралық Қайта        Washington,         Кабельдiк мекен-жайы:
Жаңарту және Даму Банкi  D.C.20433 USA       INTBAFRAD
Халықаралық Даму                             Кабельдiк мекен-жайы:
Қауымдастығы                                 INDEVAS

2003 жылғы 16 қыркүйек  

Қазақстан Республикасы
Астана 473000
Абай көшесi, 49
Премьер-Министрдiң
орынбасары - Ауыл
шаруашылығы министрi
А.С. Есiмов мырзаға

      Құрметтi Есiмов мырза

      Тақырыбы: Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау жобасының екiншi кезеңiн дайындауға Қазақстан Республикасы үшiн Жапония Үкiметiнiң гранты
                         TF051894 гранты

      Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң (Банк) атынан және Жапония Үкiметi беретiн гранттардың әкiмшiсi ретiнде осымен Қазақстан Республикасына (Алушы) алты жүз сексен мың елу АҚШ долларынан (680050) аспайтын мөлшерде грант (Грант) бөлуге бiздiң келiсетiндiгiмiздi бiлдiремiз.
      Грант қаржылай көмек беру туралы Алушының сұрауына жауап ретiнде, сондай-ақ осы Келiсiм-Хатқа Қосымшаның ережелерi мен шарттарының мақсаттары үшiн және соларға сәйкес берiледi. Өзiнiң келiсiмiн одан әрi растай отырып, Алушы келiсiм жасасуға және Грант қаражатын жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға және шарттарда алуға өзiнiң уәкiлеттi екендiгiн мәлiмдейдi.
      Банктiң саясатына сәйкес осы Келiсiм-Хат және осы мәселе жөнiндегi кез келген ақпарат осы Келiсiм-Хат күшiне енгеннен және ақпаратты ашуға Алушының тарапынан келiсiм алынғаннан кейiн жариялануға тиiс екендiгiне Сiздiң назар аударуыңызды сұраймыз. Осы Келiсiм-хатқа қол қоя отырып, Алушы мұндай жариялауға өзiнiң келiсiмiн бередi.
      Келiсiм-Хаттың қоса берiлiп отырған данасын өзiңiздiң қолыңызды қойып, күнiн көрсетiп және Банкке қайтара отырып, Алушының атынан жоғарыда айтылғанмен Өзiңiздiң келiсiмiңiздi растауыңызды сұраймын. Осы Келiсiм-Хат Банк (1) Сiздiң қолыңыз қойылған Келiсiм-Хаттың көшiрмесiн алғаны және (2) Банктi қанағаттандыратын, Келiсiм-Хат тиiстi түрде санкцияланғаны немесе бекiтiлгенi, Алушының атынан қол қойылғаны және жеткiзiлгенi және Келiсiм-Хаттың шарттарына сәйкес Алушыға заң жүзiнде мiндеттi болып табылатыны туралы дәлелдейтiн растамаларды қабылданғаны туралы Банк Алушыға хабарлама жолдаған күннен бастап күшiне енедi.

Шынайы құрметпен,
Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкі
атынан
___________________________
Деннис де Трей
Директор
Орталық Азиядағы Өңiрлiк өкiлдiгi,
Еуропа және Орталық Азия өңiрi

Келісілген
Қазақстан Республикасы

Қолы _________________
Аты __________________
Лауазымы _____________
Күні _________________

  Қосымша   

Грантты берудiң мақсаттары, мерзiмдерi мен шарттары

      1.  Мақсаттары және iс-шаралар

      1.1. Гранттың мақсаты ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау жобасының екiншi кезеңiн (АШЖҚ II) дайындауда көмек көрсету болып табылады, оның негiзгi мiндеттерi: (а) ауылдағы қаржылық рыноктарды одан әрi дамыту және ауылдағы шағын және орта бизнестiң коммерциялық қаржылық қызметтер көрсетуге қол жеткiзу мүмкiндiгiн кеңейту; (ә) банктiк қызметтер көрсетуге қол жеткiзе алмайтын ауылдағы халықтың ең кедей топтарына қаржылық қызметтер көрсетудi ұсынатын шағын қаржыландырудың ауылдағы тұрақты схемаларын қолдау; (б) ауылға кредит беруге арналған заңнамалық және институционалдық базаны жақсарту; және (в) ауылда консультациялық қызметтер көрсетудi дамыту үшiн институционалдық мүмкiндiктер жасау (Жоба). Грант берiлетiн iс-шаралар (Iс-шаралар) төменде келтiрiлген:
      (а) (1) I кезең уақытында белгiленген ауылдық кредиттердi мақұлдау рәсiмдерiн жеңiлдету және қарыздарды мақұлдау жөнiндегi қайта қаралған басшылықты дайындау, (2) жобаның фокусы шағын кәсiпорындарға қайта бағытталғанын назарға ала отырып Қатысушы Қаржы Мекемелерi (ҚҚМ) үшiн ауылдық кредит беру жөнiндегi қайта қаралған басшылықты дайындау, (3) ауылдық кәсiпорындарға кредит берудi және бар кредиттердi сәйкес фермерлерге, сәттi жұмыс iстеуге бағыттауды бағалау мен мониторинг бойынша коммерциялық банктерде жасалған мүмкiндiктердi күшейту, (4) Үкiмет пен донорлар қолдау көрсетiп отырған елдегi бар қарыз/кредиттiк операцияларды қайта қарау және қарыздарды өңдеу мен мақұлдау процесiн жетiлдiру бойынша ұсынымдар беру, және (5) ҚҚМ кредиттiк штатты оқыту үшiн мөлшерлi құны 128 500 АҚШ доллары болатын техникалық көмек беру;
      (ә) мөлшерлi құны 223 300 АҚШ доллары болатын: (1) АШЖҚ II жобасының шеңберiнде құрылатын кiшiгiрiм Ауылдық Шағын қаржыландыру Орталығының (Орталық) дизайнын дайындау, (2) таңдап алынған шағын қаржыландыру мекемелерiне сенiмдi нығайту және олардың тұрақтылығын арттыру, (3) Орталықтың функциялары мен мiндеттерiн анықтау, жарғысын, операциялық басшылығын жазу және персоналды оқыту, (4) қаржылық менеджменттi, бухгалтерлiк және есеп беру дағдыларын күшейту, (5) ауылдық шағын қаржы мекемелерiнiң мүмкiндiктерiн олардың қаржылық тұрақтылығына жету үшiн күшейту арқылы шағын қаржыландыру жөнiндегi мекемелердi қолдау;
      (б) мөлшерлi құны 57 750 АҚШ доллары болатын жобаның ақпараттық және консультациялық құрауышын iске асыру жоспарымен әзiрлеу үшiн техникалық көмек беру, мүдделi тараптар үшiн семинарлар өткiзу жолымен халықтың қажеттiлiгiн анықтау, сондай-ақ консультанттар, донорлар және бенефициарлар арасында жақсартылған келiсiм-шарттық келiсiмдер жасасу;
      (в) мөлшерлi құны 133 800 АҚШ доллары болатын ауылдық кредит берудi жетiлдiру және тәуекелдi басқару жүйесiн енгiзу үшiн институционалдық және құқықтық реформаларды қоса алғанда, ауылдағы тұрақты қаржы схемасына арналған базаны дамыту;
      (г) мыналарды: (1) жобаның әлеуметтiк талдауын, (2) экологиялық талдауды, (3) жобалық құжаттар мен iске асыру жоспарларын дайындауды, (4) гранттың аудитiн орындау үшiн мөлшерлi құны 126 700 AҚШ доллары болатын техникалық көмек беру.

      2.  Iске асырудың жалпы мәселелерi

      2.1. Алушы Ауыл шаруашылығы министрлiгi арқылы: (а) Іс-шараларды тиiстi қажырлылықпен және тиiмдiлiкпен жүзеге асыруы; (ә) осы мақсат үшiн талап етiлетiн қаржыландыруды, жабдықтарды, қызметтер көрсетудi және басқа ресурстарды уақтылы беруi; (б) Банктiң негiзделген өтiнiштерiне жауап ретiнде Іс-шараларға және Гранттың қаражатын пайдалануға қатысты барлық ақпаратты беруi; (в) Іс-шаралардың прогресi мен нәтижелерi туралы Банктiң өкiлдерiмен мезгiл-мезгіл пiкiр алмасып тұруы; (г) Грантқа қатысы бар мақсатта Қазақстанның аумағына келiп тұруға Банкке мүмкiндiктер беру үшiн қажеттi шаралар қабылдауы; және д) Гранттың қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды және қызметтер көрсетудiң тек Жобаның мақсатына ғана пайдаланылуын қамтамасыз етуi тиiс. Алушы, жоғарыда жазылғандармен шектелмей, Банктiң өтiнiшi бойынша Іс-шаралар аяқталғаннан кейiн қысқа мерзiмде Іс-шаралардың нәтижелерi мен ықпалдары туралы Банктiң талаптарын нысаны мен мазмұны бойынша қанағаттандыратын есептi дайындайтын және Банкке беретiн болады.

      3.  Сатып алу

      3.1. Банкпен келiсiлген айрықша жағдайларды қоспағанда, iс-шараларды орындау үшiн талап етiлетiн Гранттың қаражатынан қаржыландырылатын консультанттардың қызметтер көрсетуiн сатып алу осы Қосымшаға 1-толықтырудың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
      3.2. Алушы Гранттың қаражатынан қаржыландыруға жататын импортталатын барлық тауарлар оларды сатып алуға, тасымалдауға және пайдаланылатын орынға жеткiзуге немесе орнатуға байланысты қатерлерден сақтандырылуы және мұндай тауарларды ауыстыруды немесе жөндеудi қамтамасыз ету мақсатында тиiстi сақтандыру өтемiнiң еркiн айырбасталатын валютамен төленуi үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. Алушы Қызметтi орындауға байланысты кез келген объектiнi пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету әрқашан тиiстi әдiстердi пайдаланып жүзеге асырылуы және мұндай объектiлердi кез келген жөндеу немесе жаңарту қажеттiгiне қарай жедел жүргiзiлiп тұруы үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.

      4.  Гранттың қаражатын шоттан алу

      4.1. Гранттың қаражаты Банк өз есебiнен Алушының атына ашқан шотқа (Грант шоты) енгiзiлетiн болады, және Гранттың қаражатынан қаржыландырылатын iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi қызметтер көрсетуге арналған шығыстар үшiн, орынды баға бойынша, Алушы осы 4-бөлiмнiң шарттарына сәйкес одан алуы мүмкiн.
      4.2. Төмендегi кесте Грант қаражатынан қаржыландыруға арналған шығыстардың Санатын, әрбiр санат бойынша Грант қаражатын бөлудi, сондай-ақ әрбiр Санатта қаржыландырылатын түрлер бойынша шығыстар пайызын белгiлейдi:

Шығыстардың            Бөлiнетiн Грант           қаржыландырылатын
санаты                 қаражатының мөлшерi      шығыстардан %
                        (АҚШ долларымен)

Аудиттi қоса алғанда,
консультанттардың
қызметтер көрсетуi        630 800               100%

Семинарлар                 12 750               100%

Тауарлар                   12 500               100 % шетел
                                                валютасымен
                                                шығыстар, 100 %
                                                жергiлiктi
                                                валютамен шығыстар
                                                (франко-зауыт құны)
                                                және 85% iшкi
                                                рыноктағы сатып
                                                алу шеңберiндегi
                                                басқа баптарға
                                                жергiлiктi
                                                валютамен шығыстар

Операциялық шығыстар      24 000                85%

Барлығы                   680 050

      Осы тармақтың мақсатына арналған терминдер:

      а) "Шетел валютасымен шығыстар" Қазақстан Республикасын қоспағанда, кез келген елдiң аумағынан жеткiзiлетiн тауарларға немесе қызметтер көрсетуге ақы төлеуге арналған Қазақстан Республикасын қоспағанда, кез келген елдiң валютасымен шығыстарды бiлдiредi, ал "жергiлiктi валютамен шығыстар" деген термин шетел валютасымен шығыстар болып табылмайтын кез келген шығыстарды бiлдiредi, алайда, егер Қазақстан Республикасының валютасы аумағынан тауарлар мен қызметтер көрсету жеткiзiлетiн басқа елдiң валютасы болып табылса, осы тауарлар мен қызметтер көрсетуге мұндай валютамен шығыстар шетел валютасымен шығыстар ретiнде қаралатын болады;
      ә) "Семинарлар" жобаның шеңберiнде көрсетiлетiн консультациялық қызметтер көрсетуге ауыл халқының қажеттiлiгiн анықтау үшiн жергiлiкті атқарушы органдардың, фермерлердiң және жергiлiктi бизнесмендердiң қатысуымен мүдделi адамдар өткiзетiн семинарларды бiлдiредi;
      б) "Операциялық шығыстар" офис құралдары мен байланысты қоса алғанда, грантты iске асыру және басқару нәтижесiнде келтiрiлген үстеме шығыстарды бiлдiредi; сондай-ақ офис керек-жарақтарын қоса алғанда, өз операцияларының алғашқы кезеңiнде Орталық шеккен операциялық шығыстар, техникалық көмек пен ақпараттық материалдарды тарату және Банктiң келiсiмiн алуға болатын Жобаны дайындауға, басқаруға және мониторингiне тiкелей қатысты және басқа мағыналы және қажеттi iс-шаралар, дайындау, аудару, жариялау.
      4.3. Жоғарыда келтiрiлген 4.2-тармақтың шарттарына қарамастан:
      (а) мыналарға арнап Гранттың шотынан қаражат алуға рұқсат етiлмейдi: (1) осы Келiсiм-Хатқа Банк қол қойған күнге дейiн жүргiзiлген шығыстар бойынша төлемдерге; (2) Алушы өндiрiп алатын немесе Алушының аумағындағы кез келген салықты төлеуге; (3) Банктiң мүшесi болып табылмайтын кез келген елдiң аумағында келтiрiлген шығыстарға, немесе осы аумақтарда өндiрiлген тауарларға, немесе олар көрсеткен қызметтерге; немесе (4) жеке немесе заңды тұлғаларға төлеу мақсатымен, Банктiң пiкiрi бойынша егер мұндай төлемдерге Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынған болса;
      (ә) Қаражат 2004 жылдың 30 наурызынан немесе Банктiң Алушыға жазбаша хабарлап белгiлеген анағұрлым кешiрек күнiнен (Жабылу күнi) кейiн, Жабылу күнi Банк Жобаны қаржыландыруды мақұлдаған кезде көзделген күннiң шегiнен шығатын мерзiмге ұзартыла алмайтын айрықша жағдайларды қоспағанда, шоттан алынбайды. Солай бола тұра, Жабылу күнiнен кейiн төрт айдың iшiнде Банк тиiстi өтiнiштi алған жағдайда, Жабылу күнiнен кейiн қаражатты алуға рұқсат етiледi, одан кейiн гранттың шотында Грант қаражатының пайдаланылмаған кез-келген сомасы жойылады;
      (б) егер Банктiң пiкiрi бойынша, 4.2-тармақтың кестесiнде көрсетiлген қандай да болмасын бiр баптың шеңберiнде бөлiнген Грант сомасы осы бап бойынша шығыстарды қаржыландыру үшiн жеткiлiксiз болып шықса, Банк, Алушыға жазбаша хабар жолдап, Банктiң пiкiрi бойынша басқа шығыстарды қаржыландыру үшiн қажет етiлмейтiн басқа бапқа бөлiнген Грант қаражатының сомасын осы бапқа аударуы мүмкiн.
      4.4. Алушы Грант шотынан белгiлi бiр сомада қаражат алуды қалағанда, ол осы соманы алу жөнiнде Банк белгiлеген нысанда Банкке жазбаша өтiнiш жiберуге тиiс. Соманы алу жөнiндегi өтiнiмдер: (а) Алушы атынан Қаржы министрi немесе жазбаша түрде ол уәкiлеттi еткен тұлғаның қолы қойылған; және (ә) Банктiң негiзделген өтiнiшi бойынша өтiнiмдердi қолдауды растауға тиiс. Қаржы алуға берiлетiн өтiнiмге қол қоятын уәкiлеттi тұлғаның қолының куәландырылған үлгiлерi оның қолы бар бiрiншi өтiнiмде берiлуге тиiс. Грант қаражатын алуға берiлген әрбiр өтiнiш пен оны қолдауды растау Алушы қаражаттың осы сомасын алуға құқылы екендiгiне, оның Іс-шаралар өткiзуге пайдаланылатындығына Банктi сендiру үшiн тиiстi нысан бойынша жеткiлiктi болуға тиiс. Алушы алатын қаражатты Банк Гранттың шотынан тек Алушыға немесе оның өтiнiмi бойынша төлейдi.
      4.5. Грант Шотынан қаражат алу мыналарға арналған шығыстарды өтеу үшiн шығыстар тiзiмдерiнiң негiзiнде жүргiзiлуiн Банк талап ете алады: (а) құны 50 000 АҚШ долларынан арзан кеңесшi фирмалар көрсететiн қызметтер; (ә) құны 20 000 АҚШ долларынан арзан жеке кеңесшiлер көрсететiн қызметтер; және (б) тауарлар жеткiзу; (в) оқыту және семинарлар; (г) операциялық шығыстар; сонымен бiрге Алушыға Банктiң жазбаша хабарында анықтаған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      4.6. Гранттың қаражатын алу Грант валютасымен жүргiзiледi. Банк Алушының өтiнiшi бойынша және Алушының өкiлi ретiнде әрекет жасап, Гранттың Шотынан алынған валютаға Гранттың қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарды өтеу үшiн қажет валюталарды сатып алады. Егер осы Келiсiм-Хаттың мақсаттары үшiн бiр валютаның екiншi валютаға қатысты құнын анықтау қажет болғанда, мұндай құнды Банк дәлелдеп айқындайды.
      4.7. Iс-шаралардың орындалуын жеңiлдету үшiн Алушы коммерциялық банкте Банктi қанағаттандыратын шарттар мен ереже негiзiнде, күйзелуден, тәркiлеуден немесе тыйым салудан тиiстi қорғауды қоса алғанда АҚШ долларымен арнайы депозит шотын (Арнайы шот) аша алады және ұстай алады. Арнайы Шотқа салымдар салу және төлеу осы Қосымшаға II-толықтырудың ережелерiне сәйкес жүргiзiлуi тиiс.

      5.  Есептер және аудит

      5.1. (а) Алушы жазулар мен есептердi қоса алғанда қаржылық басқару жүйесiн жүргiзетiн немесе жүргiзiлуiн уәждейтiн болады және Банк үшiн жарамды нысанда, бухгалтерлiк есепке сәйкес Іс-шаралармен байланысты операцияларды, ресурстарды және шығыстарды барабар бейнелейтiн ресми қаржылық есептi дайындайды.
      (ә) Алушы: (1) әрбiр қаржы жылында Банк үшiн жарамды және тұрақты қолданылатын аудиторлық стандарттарға сәйкес жоғарыда (а) тармақшасында айтылған жазуларын, шоттары мен қаржылық есептерiн, сондай-ақ Арнайы Шот бойынша жазулары мен есептерiн аудиттен өткiзуге тиiс. Аудиттi Банк үшiн жарамды тәуелсiз аудиторлар өткiзуге тиiс; (2) мүмкiндiгi бойынша ең қысқа мерзiм iшiнде, алайда осындай әрбiр жыл аяқталғаннан кейiн 6 айдан кешiктiрмей осы бөлiмнiң (а) тармағында көрсетiлген, аудит өткiзiлетiн (А) ресми қаржылық есептердiң куәландырылған көшiрмелерiн жыл сайын және (Ә) осы есептер, жазулар мен шоттар бойынша қорытынды мен аталған аудиторлар өткiзген осы аудит туралы есептi Банк талап еткен көлемде және толығымен; және (3) аталған жазулар мен есептерге және олардың аудитiне, сондай-ақ Банктiң негiзделген өтiнiшiне жауап ретiнде, көрсетiлген аудиторларға қатысты басқа ақпаратты уақыт өткен сайын Банкке берiп тұруға тиiс.
      (б) Шығыс тiзiмдерiнiң негiзiнде Грант шотынан қаражат алу жүргiзiлген барлық шығыстар үшiн Алушы: (1) жоғарыдағы (а) тармақшасына сәйкес мұндай шығыстарды көрсететiн жазулар мен есептердi жүргiзуге немесе жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге; (2) Гранттың шотынан соңғы қаражат алу жүргiзiлген қаржы жылының аудиторлық есебiн, осы шығыстарды растайтын барлық жазуларды (келiсiм шарттарды, бұйрықтарды, шоттарды, чектер мен басқа құжаттарды) Банк алғаннан кейiн ең кемiнде бiр жыл сақтауға; (3) Банк өкiлдерiне осы жазуларды тексеруге мүмкiндiк беруге; және (4) осы жазулар мен есептер жоғарыдағы (б) тармақшасында айтылған жыл сайынғы аудитке енгiзiлуiн және мұндай аудиторлық есепте қаржы жылы iшiнде ұсынылған шығыстар тiзiмiндегi мәлiметтердiң қаншалықты сенiмдi екендiгiне қатысты аталған аудиторлардың жеке пiкiрi болуын, сондай-ақ оларды дайындау кезiнде қаражатты алудың дұрыстығын растау үшiн тәртiп пен iшкi бақылауды қамтамасыз етуге тиiс.

      6.  Тоқтата тұру және тоқтату

      6.1. Егер мынадай оқиғалар болса және одан әрi жалғасатын болса: (а) Алушы осында жазылған кез келген мiндеттемелердiң бiрiн орындамаса; немесе (ә) Алушының немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен Банк қарыз берген кез келген басқа ұйымның қарыз туралы кез келген Банктiк келiсiм немесе дамытуға арналған кредит туралы Халықаралық Даму қауымдастығымен кез-келген келiсiм бойынша қаражат алуға берiлген құқығы тоқтатыла тұрса, Банк кез-келген уақытта Алушыны хабардар ете отырып, Гранттың шотынан Алушының ақша алу құқығын тоқтата алады.
      6.2. (а) жоғарыдағы 6.1.параграфта жазылған себептер бойынша Алушының Гранттың Шотынан қаражат алу құқығы кез келген уақытта тоқтатылғанда; немесе (ә) Іс-шараларды орындау бойынша Банктi қанағаттандыратын әрекеттердi Алушы олардың нақты басталған күнiнен кейiн алты ай iшiнде жасамағанда; немесе (б) егер Банкi Алушымен кеңескеннен кейiн осы Жобаны қолдауды тоқтатқанда; немесе (в) егер Алушы Жобаны қаржыландыруда Банктен көмек сұрағаны туралы өз өтiнiшiн қайтарып алса, Банк Алушыны жазбаша хабардар ете отырып, Гранттың Шотынан одан әрi қаражат алу құқығынан Алушыны айыра алады.

  І-толықтыру  

Сатып алу

       I-бөлiм.     Консультанттардың қызметтер көрсетуi

       А-бөлiгi Жалпы ережелер

      Консультанттардың қызметтер көрсетуi 1997 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1997 жылғы қыркүйекте, 1999 жылғы қаңтарда және 2002 жылғы мамырда қайта қаралған "Дүниежүзiлiк Банкi қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеуi мен жалдауы" Басшылықтың (Консультанттар жөнiндегi басшылық) I және IҮ-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес, сондай-ақ Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшаның 1-тармағына, Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 2-қосымшаның және осы бөлiмнiң келесi ережелерiне сәйкес сатып алынады.

       Ә-бөлiгi Сапасы және құны бойынша iрiктеу

      Осы бөлiмнiң Б-бөлiгiндегi өзге ережелердi қоспағанда, консультанттардың қызметтер көрсетуi сапа және құн бойынша консультанттарды iрiктеу жағдайында қолданылатын Консультанттар жөнiндегi басшылықтың II-Бөлiмiнiң ережелерiне және Консультанттар жөнiндегi Басшылықтың 3.13-3.18-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынады.

       Б-бөлiгi Консультанттарды iрiктеудiң басқа рәсiмдерi

      1.  Сапа бойынша iрiктеу

      Қосымшаның 1.1 (в)-тармағының шеңберiнде институционалдық даму жөнiндегi құрауышты дайындау бойынша қызметтер көрсету Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 3.1-3.4-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынатын болады.

      2.  Құнның ең төмен мөлшер принципi бойынша iрiктеу

      Бағдарлы құны 200 000 АҚШ долларын құрайтын, Қосымшаның 1.1 (г)-тармағының шеңберiнде қаржылық аудит бойынша қызметтер көрсету Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 3.1 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынатын болады.

      3.  Консультанттарды бiлiктiлiк негiзiнде iрiктеу

      Бiр келiсiм-шартқа есептелiнетiн бағдарлы құны 100 000 АҚШ долларын құрайтын, Қосымшаның 1.1 (а)-тармағының шеңберiнде ауылдық кредиттiк желiлер жөнiнде құрауышты, 1.1 (ә)-тармағының шеңберiнде шағын қаржыландыру жөнiнде құрауышты және 1.1 (б)-тармағының шеңберiнде консультация жөнiндегi құрауышты дайындау бойынша қызметтер көрсету Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 3.1 және 3.7-тармақтарындағы ережелерге сәйкес берiлетiн келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынатын болады.

      4.  Жеке консультанттар

      Жеке консультанттардың қызметтер көрсетуi: (а) Қосымшаның 1.1 (б)-тармағының шеңберiнде қаржылық басқару, 1.1 (г)-тармағының шеңберiнде жобаны басқару, әлеуметтiк бағалау және қоршаған ортаны бағалау, жобаны дайындауда және аударуда көмек көрсету бойынша Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 5.1-5.3-тармақтарындағы ережелерге сәйкес берiлетiн келiсiм-шарт бойынша сатып алынады; және (ә) Қосымшаның 1.1 (г)-тармағының шеңберiнде жобаның үйлестiрушiсi бойынша Банк тарапынан мақұлданған Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 5.3-5.4-тармақтарындағы ережелерге сәйкес жалғыз талапкер-фирмада таңдап алынуы мүмкiн.

       В-бөлiгi :  Консультанттарды iрiктеудi Банк тарапынан қарау

      1.  Ірiктеудi жоспарлау

      Консультанттарға торгқа қатысуға қандай да бiр шақыруларды жiбергенге дейiн Банктiң қарауына және бекiтуiне келiсiм-шарттың бағдарлы құнын, келiсiм-шарт пакеттерiн және қолданылатын критерийдi және iрiктеудiң рәсiмдерiн қосып iрiктеудiң жоспары ұсынылуы керек. Бұл жоспар Іс-шараларды жүзеге асырудың барлық мерзiмдiк бойына 6 айда бiр рет нақтылануға тиiс және әр нақтыланған варианты Банкке қарауға және бекiтуге жiберiлуге тиіс. Барлық консультациялық қызметтер көрсетудi iрiктеу Банк бекiтетiн осы жоспарға (мерзiмдi анықтауды ескерiп) сәйкес өтуге тиiс.

      2.  Алдын ала қарау

      (а) Бағдарлы құны 50 000 АҚШ долларын немесе одан жоғарыны құрайтын консультациялық фирмаларды жалдауды көздейтiн әрбiр келiсiм-шартқа Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшадағы 2, 3 және 5-тармақтарында жазылған рәсiмдер қолданылады.
      (ә) Қызметтер көрсетудiң бағдарлы құны 20 000 АҚШ долларын немесе одан жоғарыны құрайтын жеке консультанттарды жалдауды көздейтiн және бiр талапкер-фирманың таңдап алған консультантын әрбiр келiсiм-шартқа Банкке алдын ала қарауға және бекiтуге кандидаттың бiлiктiлiгiн және тәжiрибесiн салыстыру нәтижесi туралы, сондай-ақ техникалық тапсырма және консультанттарды жалдау шарттары туралы есеп берiледi. Келiсiм-шарт тек Банктiң келiсiмiн алғаннан кейiн ғана берiледi. Мұндай келiсiм-шарттарға Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшадағы 3-тармақтың ережесi таратылады.

      3.  Келесi қарау

      Осы бөлiмнiң 2-тармағында ережелермен реттелмейтiн әрбiр келiсiм-шарттарға Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында жазылған рәсiмдер таратылады.

       II-бөлiм.   Тауарларды сатып алу

      Тауарлар: (а) 1995 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1996 жылғы қаңтарда және тамызда, 1997 жылғы қыркүйекте және 1999 жылғы қаңтарда қайта қаралған "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттерi бойынша сатып алу" Басшылықтың (Басшылық) I-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес; және (ә) Басшылықтың 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес еркiн саудада сатып алу рәсiмдерiн пайдаланып берiлген келiсiм-шарт бойынша сатып алынады. Мұндай келiсiм-шарттарға Басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында жазылған қарау рәсiмдерi осы тармақтағы "ұсыныстардың" деген сөз "бағалардың" деп оқылатын шартпен таратылады.

  II-толықтыру    

Арнайы шот

      1. Осы толықтырулардағы мақсаттар үшiн:
      (а) "жарамды баптар" деген термин осы Келiсiм-Хатқа Қосымшаның 4.2-тармағындағы кестесiнде көрсетiлген баптарды бiлдiредi;
      (ә) "жарамды шығыстар" деген термин iс-шаралар өткiзу үшiн қажеттi және Гранттың қаражатынан қаржыландыруға жататын тауарлардың және қызметтер көрсетудiң құнына негiзделген төлемдердiң шығыстарын бiлдiредi;
      (б) "мақұлданған ақша аудару" деген термин Гранттың Шотынан алынып және осы Толықтырудың 3 (а)-тармағына сәйкес Арнайы шотқа салынуға тиiс 50 000 АҚШ долларына баламалы соманы бiлдiредi.
      2. Төлемдер Арнайы шоттан осы Толықтырудың ережелерiне сәйкес жарамды шығыстарды қаржыландыру үшiн жүргiзiледi.
      3. Банк Арнайы шоттың тиiстi түрде ашылғандығы жөнiнде растау құжаттарын алғаннан кейiн, мақұлданған сомалар қаражатын алу және Арнайы шотты толықтыру үшiн кейiннен алу мынадай түрде жүргiзiледi:
      (а) Алушы Банкке өтiнiм немесе мақұлданған сомалардың тұтас, бүтiндей мөлшерiнен аспайтын сомаға немесе сомаларға Арнайы шотқа салуға өтiнiмдер жiбередi. Осы өтiнiмнiң немесе өтiнiмдердiң негiзiнде Банк Алушының атынан Алушы сұрау салған соманы немесе сомаларды Гранттың Шотынан алып Арнайы шотқа салады.
      (ә) (1) Арнайы шотты толықтыру үшiн Алушы Банк анықтайтын мерзiмдiкпен Банкке Арнайы шотқа қаражатты салуға өтiнiмдер жiбередi.
      (2) Осындай өтiнiмдердi беруге дейiн немесе берумен бiрге Алушы Арнайы шотты толықтыруға қаражат сұрауға байланысты төлем немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн осы Толықтырудың 4-тармағына сәйкес қажеттi құжаттамаларды және басқа да растаушы құжаттарды Банкке жiбередi. Банк әрбiр алынған өтiнiмдер негiзiнде Алушының атынан Алушы сұраған және жарамды шығыстарды төлеу үшiн Арнайы шоттан төленген, аталған құжаттармен және басқа да расталған соманы Гранттың Шотынан алады және Арнайы шотқа салады. Осындай түрде салынған барлық қаражаттар жарамды баптар және жоғарыда көрсетiлгендермен және өзге де құжаттармен расталған, тиiстi баламалы сомалар аясында Банкпен Гранттың Шотынан алынады.
      4. Арнайы шоттан Алушы жүргiзген әрбiр төлем жөнiнде, Алушы Банк талаптарының негiздемесi бойынша Банкке жарамды шығыстарды жабу үшiн жүргiзiлген осы төлемдi растайтын құжаттарды немесе басқа да дәлелдердi бередi.
      5. Осы Толықтырудың 3-тармағының ережелерiне қарамастан Банк Арнайы шотқа қосымша қаражаттар салуға мiндеттi емес:
      (а) егер қандай-да бiр кезеңде Банк алдағы уақытта Алушы барлық қаражатты тiкелей Гранттың Шотынан алуға тиiс деп шешсе;
      (ә) егер Алушы осы Келiсiм-Хатқа Қосымшаның 5.1 (ә)-тармағының (2) тармақшасында белгiленген мерзiм iшiнде Арнайы шотқа қатысты есептiк құжаттар мен бухгалтерлiк есептердi аудиторлық тексерiске байланысты көрсетiлген тармаққа сәйкес Банкке ұсынылуға тиiс қандай да бiр аудиторлық есептi Банкке ұсынбағанда;
      (б) егер қандай да бiр кезеңде Банк Алушыға осы Келiсiм-Хатқа Қосымшаның 6.1-тармағының ережелерiне сәйкес Алушының Грант Шотынан қаражатты алу құқығын толық немесе iшiнара тоқтата түру туралы өзiнiң ниетiн хабардар еткенде; немесе
      (в) Гранттың қаражатынан алынған жалпы сома аударулар екi еселенген мақұлданған ақша аударудың баламасымен теңескенде.
      Бұдан кейiн Гранттың жұмсалмай қалған сомаларын Гранттың Шотынан алу Банк Алушыға тиiстi хабарламасымен анықтайтын рәсiмдердi пайдаланумен жүргiзiледi. Алдағы уақытта қаражатты мұндай алу мұндай хабарлама кезiнде Арнайы шотта қалған барлық қаражаттар жарамды шығыстарды төлеу үшiн пайдаланатындығына Банк қалай және қандай да бiр дәрежеде нанғанда ғана жүргiзiледi.
      6. (а) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шоттан қандай да бiр төлем: (1) осы Толықтырудың 2-тармағына сәйкес жарамды болып табылмайтын шығыстарды немесе сомаларды жабу үшiн жүргiзiлген деп шешсе; немесе (2) Банкке ұсынылған құжаттармен бекiтiлмесе, Алушы Банктен тиiстi хабарламаны алғаннан кейiн кешiктiрмей: (А) Банк сұратқан қосымша растайтын құжаттарды беруге; немесе (Ә) Арнайы шотқа (немесе, Банктiң өтiнiшi бойынша Банкке қайтаруға) жарамды немесе расталмаған төлемнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң сомасына тең соманы енгiзуi тиiс. Банкпен басқа шарттардың жоқтығынан Банк Алушы осындай растайтын құжаттарды ұсынуын немесе қаражатты енгiзуiн, немесе оның қайтаруын жүргiзгенге дейiн Арнайы шотқа ешқандай қосымша қаражат енгiзбейдi.
      (ә) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шотта қалған қандай да бiр сома жарамды шығыстарды қаржыландыру есебiнен одан әрi төлеудi жүзеге асыру үшiн қажет етiлмейдi деп шешсе, Алушы Банктiң тиiстi хабарламасын алып, қалған соманы кешiктiрмей Банкке қайтаруы тиiс.

      Берiлген мәтiннiң ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне аудармасы түпнұсқамен бiрдей екенiн куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы вице-министрi