Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474 Заңы.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Заңға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 2011.12.28 № 524-IV Заңына сәйкес Заңның бүкіл мәтіні бойынша "бірыңғай тіркеуші", "бірыңғай тіркеушінің" деген сөздер "тіркеуші", "тіркеушінің" деген сөздер деп есептелсін.

      Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушы - қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;

      2) қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

      3) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;

      4) қаржылық ұйым – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) қаржы рыногы - қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;

      6) қаржылық көрсетілетін қызметтер – сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушылардың қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының;

      орталық депозитарийдің;

      мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың;

      өзара сақтандыру қоғамдарының лицензиялауға жатпайтын қызметі;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7) қаржы өнімі – бұл қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсыну үшін қаржы ұйымы әзірлеген көрсетілетін қызмет.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.07 N 577, 2006.07.05 N 164, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары, қағидаттары мен мiндеттерi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары:

      1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;

      2) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

      2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары:

      1) реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) қаржы ұйымдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3) қаржы ұйымдарының жауапкершілігі болып табылады.

      3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың міндеттері:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1) қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) қаржы жүйесiндегi тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi;

      3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген тиiстi лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi.

      2. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясынсыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады.

5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Уәкiлеттi органның қаржылық ұйымдар үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер болып табылады.

      Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда уәкiлеттi орган пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi шоғырландырылған негiзде белгiлеуге құқылы.

6-бап. Қаржы рыногын монополияға қарсы реттеу

      Ескерту. 6-бап алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Заңды 1-1-тараумен толықтыру көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-5-баптың екінші бөлігі 16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен.

2-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері

7-бап. Уәкiлеттi органның мәртебесi

      Ескерту. 7-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi

      1. Уәкiлеттi органның мiндеттерi:

      1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөнiндегi шараларды iске асыру;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) қаржылық ұйымдардың тиiстi түрлерiнiң адал бәсекелестiк принциптерiнде жұмыс iстеуi үшiн тең жағдай жасау;

      3) қаржы ұйымдарының қызметiн peттeу, бақылау және қадағалау стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану болып табылады.

      2. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi iске асыруды қамтамасыз етедi.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарының қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында:

      1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдарды ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, сондай-ақ аталған рұқсаттар мен келiсiмдердi беру тәртiбiн айқындайды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен

      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi не келiсiм беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келiсiмдi берудiң не мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, беруден бас тартудың тәртiбiн айқындайды;

      3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда қаржы нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру тәртiбiн белгiлейдi, көрсетілген лицензияларды бередi, олардың қолданысын тоқтата тұрады және олардан айырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақты 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4) қаржылық ұйымдар, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5) қаржылық ұйымдар үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;

      5-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың уәкілетті органның талаптарын орындауын айқындауға арналған ішкі рәсімдерді бекітеді;

      6) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің (қаржылық есептiлiктi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақты 6-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).
      7) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-1) қаржы ұйымдары, банк және сақтандыру холдингтері акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;

      8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және шектерде, оның iшiнде аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметiн тексередi;

      8-1) қаржы рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде тексереді;

      8-2) қаржы ұйымдарының, олардың ірі қатысушыларының, банк және сақтандыру холдингтерінің, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалауды, оның ішінде шоғырландырылған негізде жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).

      9) ерте ден қою шараларын, шектеулi ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын қолдануды көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулi ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды, оның ішінде тәуекелді азайту мақсатында қолданады;

      9-1) банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, сақтандыру холдингтерінің, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолданады;

      10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, қаржылық ұйымдардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      11) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      12) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      12) қаржылық ұйымдар туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.;

      12-1) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      12-2) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).

      РҚАО-ның ескертпесі!

      13) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      13) тармақшаның қолданысы 16.12.2020 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде мына редакция қолданыста болады - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ Заңымен.

      13) банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады, оның ішінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 62-6-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдаланады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақты 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      16) және 17) тармақшалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).

      2. Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдарға және олардың аффилиирленген тұлғаларына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық жай-күйiн айқындау;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) қаржылық ұйымдармен олардың аффилиирленген тұлғаларының басқарма құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн айқындау;

      3) қаржылық ұйымдардың аффилиирленген тұлғаларын айқындау;

      4) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау және оның алдын алу;

      5) қаржылық қызмет көрсету немесе қаржы құралдарын шығару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның алдын алу мақсатында тексеру жүргiзуге құқылы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2-1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының және Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операциялар жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде орындауын, сондай-ақ ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын және іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында банктерде, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде өз өкілінің (бұдан әрі - өкіл) болуына құқылы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген функциялар мен өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржы ұйымдарын, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттарын және сақтандыру топтарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржылық ұйымдардың қызметiне араласуға құқылы емес.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.06.11 N 562, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 N 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      1. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында уәкілетті органның қызметкерлері арасынан өзі тағайындайтын өз өкілін банктерге, банк холдингтеріне, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы өкілдер санын уәкілетті орган айқындайды.

      2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.

      3. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы.

      4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

      5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсаттарында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) өзі өкілі болып табылатын ұйымның қаржылық жай-күйін талдайды;

      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сұрау салуларының, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды;

      3) өзі өкілі болып табылатын ұйымда тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) өзі өкілі болып табылатын ұйым басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;

      5) өзі өкілі болып табылатын ұйым акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде қатысады.

      6. Өкілдің:

      1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсаттарында өзі өкілі болып табылатын ұйымнан және (немесе) олардың лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша нысанда мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және органдар отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға;

      2) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қол жеткізуге құқығы бар.

      7. Өкіл:

      1) өзі өкіл болып табылатын ұйымның өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіру, осы осы ұйымдар тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабар беруге;

      2) уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымға өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.

      8. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар:

      1) өкілге өз функцияларын орындауына жәрдем көрсетуге;

      2) өкілге осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      3) өкілден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген және өздерімен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге;

      4) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      5) өкілдерді өзіне жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті.

      9. Өкіл өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтары, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл бойы жауаптылықта болады.

      Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды.

      Өкіл өзі өкілі болып табылатын немесе болған ұйым органдарының отырыстары барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.

      10. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      11-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 N 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-2-бап. Қашықтықтан қадағалау

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың қолданысы 16.12.2020 дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңде мына редакция қолданыста болады - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ Заңымен.

      1. Қашықтықтан қадағалау өзге де бақылау және қадағалау нысандарының бірі болып табылады және уәкілетті орган қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға (бұдан әрі – қашықтықтан қадағалау субъектілері) қатысты жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті орган қашықтықтан қадағалауды қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдау және қашықтықтан қадағалау субъектілерінің органдарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы тұрақты негізде:

      1) Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік, пошта, Қазақстан Даму Банкі туралы, инвестициялық қорлар туралы, мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау;

      2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау, орын алған және ықтимал тәуекелдерді, олардың қашықтықтан қадағалау субъектілерінің орнықты қызметіне ықпал ету дәрежесін анықтау және бағалау мақсатында жүзеге асырады.

      3. Қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдауды уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері ұсынатын есептіліктің және басқа да ақпараттың, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпараттың негізінде жүзеге асырады.

      4. Қашықтықтан қадағалауды жүргізу шеңберінде уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері мен олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қашықтықтан қадағалау субъектілері органдарының қаржылық есептілігін және отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

      Қашықтықтан қадағалау субъектілері уәкілетті органның сұрау салуында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті.

      Ескерту. Заң 9-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-3-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл

      РҚАО-ның ескертпесі!

      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың бірінші абзацының қолданысы 16.12.2020 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде мына редакция қолданыста болады - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ Заңымен.

      1. Уәкілетті орган банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады.

      Тәуекелге бағдарланған тәсілдің негізі міндеті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және олардың қызметіндегі тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу үшін ерте араласу және уақтылы қадағалау әрекеттерін қабылдау мақсатында олардың қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтау және болғызбау болып табылады.

      Тәуекелге бағдарланған тәсіл, оның ішінде бизнес-модельдерді, корпоративтік басқаруды, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, тәуекелдерді жабуға арналған капитал мен өтімділік деңгейін талдау мен бағалауды, меншікті капитал мен өтімділіктің қажетті деңгейін айқындаудың ішкі рәсімдерін бағалауды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қызметінің сипаты мен ауқымын ескере отырып талдау мен бағалауды қоса алғанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін сандық және сапалық талдау, олардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін талдау негізінде қалыптасатын уәжді пайымдауға негізделеді.

      2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл пропорционалдық қағидатын ескереді, ол:

      олардың қызметінің мөлшерін, маңыздылығын, сипатын, ауқымы мен күрделілігін есепке алуды;

      олардың қаржы нарығындағы маңыздылығына сәйкес санатқа бөлуді;

      бақылаудың және қадағалаудың жиілігін, тереңдігі мен қарқындылығын айқындауды болжайды.

      3. Тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың назарына анықталған тәуекелдер мен кемшіліктерді жеткізеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қадағалап ден қою шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.

      4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану тәртібі уәкілетті органның құқықтық актісінде айқындалады, құпия ақпарат болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатпайды.

      Ескерту. Заң 9-3-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Уәкiлеттi орган банк қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

      1) жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің және банк холдингтерінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;

      2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;

      3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөнiндегi талаптарды белгiлейдi;

      4) банк конгломераттары үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;

      5) алып тасталды;

      6) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртiбiн белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртiбiн мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7) банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      8) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8) банктiң аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды;

      9) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды;

      9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      10) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 № 139, 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-1-бап. Уәкілетті органның банктердегі өкілінің міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. 10-1-бап алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Уәкiлеттi орган сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

      1) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не оларды беруден бас тартады;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруына, сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілейді;

      3) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерiн орналастыру және инвестициялау тәртiбiн айқындайды;

      5) сақтандыру полистерiнiң мазмұнына және оларды ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлейдi;

      6) актуарийлiк қорытынды және оның мазмұнына талаптар негiзiнде аннуитет шарттарын қолдану кезеңiнде тұрақты сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн көбейту тәртiбi мен талаптарын айқындайды;

      7) жинақтаушы сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына заемдарды беру тәртiбi мен талаптарын айқындайды;

      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын, оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгiленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында) мерзiмдердi бұза отырып орындаған шарттарды есепке алу тәртібін айқындайды;

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;

      10) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленген жағдайларда сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;

      11) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру төлемдерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру тәртiбiн айқындайды;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.05.05 № 139, 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

      1) қаржы рыногының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды;

      1-1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүзеге асырады;

      2) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеудi, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар (облигациялық бағдарламалардың проспектілері), исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектілеріне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуді жүзеге асырады;

      акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаларды қарайды және бекітеді;

      акциялар мен облигациялар шығарылымдарының күшін жоюды жүргізеді;

      3) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу шарттары мен тәртiбiн айқындайды;

      4) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттiк тiркеудiң, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қараудың талаптары мен тәртiбiн белгiлейдi;

      5) алып тасталды;
      6) алып тасталды;
      7) алып тасталды;

      8) бағалы қағаздардың және туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы мен айналысын тоқтату және қайта бастау талаптары мен тәртiбiн айқындайды;

      9) Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

      9-1) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне келісімді беру және оны беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, мұндай келісімді береді не беруден бас тартады;

      9-2) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және оның құрамын белгілейді;

      9-3) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;

      10) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн, оның iшiнде бағалы қағаздармен операциялар жасау шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;

      11) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi;

      11-1) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді;

      11-2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат береді;

      12) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және кәсіптік ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;

      13) бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының, оның iшiнде туынды бағалы қағаздар мен шетел валюталарының бағаларымен (бағамдарымен) айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар нарығында инсайдер ақпаратын немесе қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдаланып, мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады;

      14) инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;

      14-1) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-2) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;

      14-3) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.07 № 577, 2006.02.20 № 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 391-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

12-1-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі

      1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан:

      1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту кезінде;

      2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің өз қызметі туралы ақпаратты ашуы бойынша жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері ұсынатын ақпарат және өзге де ақпарат, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүргізу шеңберінде уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінен және олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері органдарының қаржылық есептілігін және отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

      Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері уәкілетті орган сұратып отырған мәліметтер мен құжаттарды ол белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.

      Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi

      Уәкiлеттi орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсаттарында:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;

      2) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      13-бапты 2-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиядан айырылған жағдайда, салымшылардың ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін белгілейді;

      4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-1-бап. Қаржылық ұйымдарды және олардың аффилиирленген тұлғаларын, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiжүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар эмитенттерiн, кредиттік бюроларды, банктердiң тарату комиссияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiнiң ерекшелiктерi

      Ескерту. 13-1-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-2-бап. Қаржы нарығы саласындағы өзге ақпарат аудиті саласындағы өкілеттіктер

      1. Уәкілетті орган:

      РҚАО-ның ескертпесі!

      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның қолданысы 01.01.2019 бастап 16.12.2020 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде мына редакция қолданыста болады - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ Заңымен.

      1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудитін жүргізуді талап етеді;

      2) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсынуы мерзімдеріне қойылатын талаптарды, аудиторлық ұйымның құрамындағы өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторларға қойылатын талаптарды белгілейді.

      Ескерту. Заң 13-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тарауды 13-3, 13-4, 13-5-баптармен толықтыру көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-5-баптың 7-тармағы 16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тарауды 13-6-баппен толықтыру көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

14-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-баптың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).

      Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан өзiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.

      Уәкiлеттi органның қызметкерлерi өздерiнің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-баптың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi

      1. Уәкiлеттi орган өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен өзiне берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ешкiмге тәуелсiз. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар уәкiлеттi органның заң тұрғысында бекiтiлген өкiлеттiктерiн iске асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқылы емес.

      2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдармен үйлестiредi.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға осы бапта көзделген шарттармен береді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.

      3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Заң 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Заңды 2-1 және 2-2-тараулармен толықтыру көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-1-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-6-баптың 1-тармағының 2), 4), 6), 8) 14) тармақшалары жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-7-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-8-баптың 1-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап 16.12.2020 дейін қолданыста болады).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-9-баптың 10-тармағы 16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен.

3-тарау. Қорытынды ережелер

16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     

17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi

      Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.


      Қазақстан Республикасының
      Президентi