Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423 Заңы.

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету принциптерін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) агент-банк – Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      2) жәбірленуші – көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адам;

      3) зиянды өтеу резерві – зиянды өтеу резервi – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры бастапқы бiржолғы жарналар мен қосымша жарналар, сондай-ақ комиссиялық сыйақы шегеріле отырып, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебiнен қалыптастыратын, осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшiн ғана пайдаланылатын ақша сомасы;

      4) консультативтік комитет – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган;

      5) кредитор – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік беретін, сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша, таратылатын сақтандыру ұйымының аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша кепілдік төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не сақтандыру шарты мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде келтірілген зиянды жәбірленушіге (зиянның өтелуіне құқығы бар адамға) өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға;

      6) қосымша жарна – осы Заңға сәйкес зиянды өтеу резервін қалыптастыру үшін, сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы;

      7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы – өзіне қатысты соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген қатысушы-сақтандыру ұйымы;

      8) меншікті капитал – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өзінің міндеттемелеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервіне азайтылған активтері;

      9) міндетті жарналар – қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша төлейтін ақша сомасы;

      10) өтініш беруші – сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы;

      11) сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлем – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) және (немесе) сақтандырылушының пайдасына төлейтін ақша сомасы;

      12) сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері;

      13) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша кепілдік төлем – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарты бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;

      14) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі – сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыруының міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыруының аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді алуға байланысты сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;

      15) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы;

      16) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері – осы Заңда көзделген жағдайларда, өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушіге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдарға төленетін ақша сомасы;

      17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры міндетті жарналар, комиссиялық сыйақы шегеріле отырып, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (залалдар), сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан алған және осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебiнен қалыптастыратын ақша сомасы;

      18) сақтандыру шарты – сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтанушы сақтандыру ұйымымен жасасқан шарт;

      19) таратылатын сақтандыру ұйымы – уәкілетті орган өзіне қатысты лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған қатысушы – сақтандыру ұйымы;

      20) төтенше жарналар – осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы;

      21) үлгілік қатысу шарты (бұдан әрі – қатысу шарты) – осы Заңда белгіленген тәртіппен және талаптармен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен қатысушы-сақтандыру ұйымының арасында жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты;

      22) шартты міндеттемелер – қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төтенше жарналарды төлеу үшін қалыптастыратын, қор алдындағы міндеттемелері.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

3-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау

      Ескерту. 3-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      2. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары

      1. Уәкілетті орган Қордың, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын, Қордың, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің Қордың қаржылық жағдайын нашарлатқан құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы.

      2. Уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында осы Заңның 4-1-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету түрінде қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) Қордың тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды Қордың басшы қызметкерiнiң лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімдi мынадай негiздердiң бiрi бойынша керi қайтарып ала отырып бiр мезгiлде қолданады:

      1) Қор активтерiн, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан көп рет) бұзу;

      2) кепілдік төлемдерін, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу;

      3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзуының өзіне белгiлi болған фактілері туралы уәкiлеттi органды бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан көп рет) хабардар етпеу;

      4) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде алынған қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметi туралы мәлiметтердi үшiншi тұлғаларға (уәкiлеттi органды қоспағанда) жария ету немесе беру;

      5) Қордың аудиторлық есепте көрсетiлген кемшіліктерді Қор аудиторлық есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймауы;

      6) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде қоятын талаптарын орындамау.

      Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-2-бап. Санкциялар

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті

      Ескерту. 4-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Уәкілетті орган:

      1) Қордың және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін, оның ішінде кепілдік төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      2) талаптары барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшiн стандартты болып табылатын қатысу шартын бекітеді;

      3) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейді;

      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
      5) алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) Қор акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібі мен талаптарын белгілейді;

      6-1) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекітеді;

      7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қорға төлеуіне жататын, Қордың директорлар кеңесі белгілеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналарының ставкаларын, сондай-ақ шартты міндеттемелерін келіседі;

      8) Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажет құжаттардың тізбесін белгілейді;

      9) Қорға, қатысушы-сақтандыру ұйымдарына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде қадағалап ден қою шараларын қолданады;

      10) Қор жарғысына енгізілетін өзгерістерді және толықтыруларды келіседі;

      10-1) Қордың қызметін тексеруді жүргізеді;

      10-2) корпоративтік стратегияны, тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты, ішкі аудит жөніндегі саясатты, есепке алу саясатын, сондай-ақ енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келіседі;

      10-3) Қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың есептiлiгінің (қаржылық есептілігін қоспағанда) тізбесін, нысандарын, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртібін айқындайды.

      2. Уәкілетті органның мынадай:

      1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру;

      2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне Қорға тиесілі барлық активтердің он және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы қатысуы;

      3) Қор міндеттемелерін оның өз капиталы мөлшерінің он және одан да көп процентін құрайтын сомаға ұлғайту;

      4) Қордың өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;

      5) ірі мәмілелерді және Қордың жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасасу мәселелері бойынша акционерлердің жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесінің шешімдеріне вето қою құқығы болады.

      3. Акционерлердің жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесінде қабылданатын шешімдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгіленген мәселелер бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органмен келісуге жатады.

      4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмілелерді жарамсыз деп тануға әкеп соғады.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Мыналар Қордың басшы қызметкерлері болып табылады:

      1) Қордың басқару органының басшысы мен мүшелері;

      2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері;

      3) Қордың бас бухгалтері.

      2. Мыналар:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі және (немесе) қаржылық қызметтерді көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында және (немесе) қаржы ұйымдарына аудитті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек өтілі жоқ;

      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;

      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы-заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.

      3. Қордың басшы қызметкері тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап тиісті функцияларды уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жүзеге асыруға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, Қор осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Уәкілетті органның келісімінсіз Қордың басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен асырып атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.

      Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қор құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган оларды қарамастан Қорға қайтарып береді.

      Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.

      4. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) басшы қызметкерлерінің осы бапта, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;

      2) тестің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:

      кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;

      кандидаттың не аудармашының (егер бұл аудармашыны кандидат өзі ұсынған болса) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;

      кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі;

      3) Қордың уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе Қордың уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықтаған құжаттарды осы баптың 3-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;

      4) басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз атқаратын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы;

      5) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы бойынша бас тартады.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы бойынша бас тартады.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.

      5. Уәкілетті органның тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуына немесе осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде құжаттар уәкілетті органға келісуге ұсынылмауына байланысты Қордың басшы қызметкерімен еңбек шарты бұзылған немесе оның өкілеттігі тоқтатылған немесе Қордағы өзге лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам Қордың басшы қызметкері лауазымына өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуды алған не өзімен еңбек шарты бұзылған немесе өкілеттігі тоқтатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған соң күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      Қор уәкілетті органды Қордың тиісті органының шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттігін тоқтатуды қоса алғанда, басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

      Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, Қор уәкілетті органды осы ақпарат Қорға белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      6. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті орган оны осы Қорда басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күнінен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      7. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді:

      1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;

      2) уәкілетті органның осы Заңның 3-1-бабының 2-тармағында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;

      3) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

      4) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болады.

      Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, Қор осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

      Ескерту. 2-тарау 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

3-тарау. Қорды құру және оның қызметі

5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары

      1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.

      Қор сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.

      2. Сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қордың акционері болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі де Қордың акционері бола алады.

      Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      3. Қордың акциялары тек қана ақшамен төленеді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қордың әрбір акционері акцияларының саны кемінде бір мың акцияны құрайды және Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан аспайды.

      4. Қордың директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілдері дауыс беру құқығымен тұрақты негізде кіреді.

      Уәкілетті орган өкілдерінің саны Қордың директорлар кеңесі құрамының кемінде жиырма пайызын құрауға тиіс.

      Қордың директорлар кеңесінің құрамына қатысушы-сақтандыру ұйымдарының өкілдері дауыс беру құқығымен тұрақты негізде кіреді. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдерінің саны Қордың директорлар кеңесі құрамының кемінде елу пайызын құрауға тиіс. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдерінің қатарына "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын, қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдері санының кемінде елу пайызын құрайтын қатысушы-сақтандыру ұйымдарының өкілдері кіруге тиіс.

      5. Қор мыналарды:

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

      зиянды өтеу резервінің қаражатын;

      Қордың қаржылық-шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге арналған меншікті қаражатты есепке алу үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде бөлек банктік шоттар ашады.

      Қордың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған банктік шоттарда орналастырылған ақшаны осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына тыйым салынады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті

      Қордың жарғысында белгіленген шекте Қордың директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады:

      1) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналардың ставкаларын, сондай-ақ осы Заңда көзделген міндетті шартты міндеттемелерді, қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қорға төлеуге тиісті төтенше жарналардың мөлшерін белгілеу;

      1-1) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұруды немесе одан айыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қатысушы-сақтандыру ұйымына инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған қадағалап ден қою шараларын және санкциялар шараларын қолдану туралы уәкілетті орган алдында өтініш жасау жөнінде шешім қабылдау;

      3) кредиторларға өтем төлеу туралы шешім қабылдау;

      4) агент-банкті таңдау;

      4-1) тартылатын заемдардың және Қордың қарызға алуларының шекті мөлшерлерін белгілеу;

      5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер.

      Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-1-бап. Консультативтік комитет

      1. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қорда консультативтік комитет құрылуға тиіс.

      2. Консультативтік комитет өзі туралы ереже негізінде әрекет етеді.

      Консультативтік комитеттің негізгі міндеттері, өкілеттіктерінің мерзімі және мүшелерін сайлау тәртібі, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ консультативтік комитеттің қатысумен және сырттай өтетін отырыстарын шақыру, дайындау және оларды өткізу тәртібін қоса алғанда, оның қызметін ұйымдастыру тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекітетін консультативтік комитет туралы ережеде айқындалады.

      3. Консультативтік комитеттің құзыретіне консультативтік комитет туралы ережеде айқындалған Қор қызметінің мәселелерін алдын ала қарау жатады.

      4. Консультативтік комитеттің шешімдері жазбаша түрде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

      Ескерту. 3-тарау 6-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-бап. Қор кепілдіктері

      1. Соттың "жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Қор:

      1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу;

      2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не толық көлемде оны жүзеге асырмаған жағдайда, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейін сақтандыру шарттары бойынша туындаған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.

      2. Сақтандыру шарттары (сақтандыру полистері) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ресімделген және аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушының және (немесе) сақтандыру агентінің қолы болған жағдайда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарының тізіліміне және (немесе) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға енгізілмеген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру шарттары Қордың кепілдіктерімен жабылады.

      Осы жағдайда кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына жүгінеді.

      2-1. Осы Заңда Қорға міндетті қатысу көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлеріне:

      1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

      2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

      3) туристі міндетті сақтандыру;

      4) "Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру жатады.

      2-2. Қор аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде:

      уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін берген кезге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үзіліссіздігі мен уақтылығын;

      уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруі мүмкін болмаған кезде және заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеген не ұзартқан (қайта куәландырған) жағдайда жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

      Қордың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдікті төлемдерді және өзге де төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      3. Қор осы Заңның 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары

      1. Қордың негізгі міндеттері:

      1) кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

      2) осы Заңда көзделген жағдайларда көлік оқиғасы нәтижесінде өзге тұлға өміріне, денсаулығына зиян келтірген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      3) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Қор негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды:

      1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемдерін жүзеге асыруды;

      1-1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуді;

      2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды;

      3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қосымша жарналарын тартуды;

      4) осы Заңға сәйкес жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруды;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен инвестициялық қызметті жүзеге асырады.

      3. Өз функцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.

      Алынған мәліметтер одан әрі жариялауға жатпайды.

      4. Қор қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Қорға қатысу тәртібі

9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары

      1. Өтініш берушi кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн осы Заңда көзделген тәртiппен қатысу шартын жасасуға мiндеттi.

      2. Өтiнiш берушi қатысу шартын жасасу, Қордың акцияларын сатып алу үшiн Қорға мынадай құжаттардың:

      1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін;

      2) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      3. Қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн тоқтатқан және сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымы өзіне тиесілі акцияларды Қордың акционерлеріне сату арқылы оларды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға міндетті. Акционерлер Қордың акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда, Қор акциялардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалатын бағамен акцияларды сатып алуға міндетті.

      4. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және шарттары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары

      Қатысу шартында:

      1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жері және банктік деректемелері туралы мәліметтер;

      2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқама;

      3) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттері;

      4) міндетті және төтенше жарналарды төлеу, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру тәртібі;

      5) кредиторға кепілдік төлемінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру талаптары мен тәртібі;

      6) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) алып тасталды;

      8) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) қатысу шартын тоқтату талаптары;

      10) тараптардың қатысу шартын бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы талаптар болуға тиіс.

      Қатысушы-сақтандыру ұйымында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензия болғанда, қатысу шартына мынадай талаптар:

      1) қосымша жарналарды төлеу тәртібі;

      2) тараптардың жауапкершілігі міндетті түрде енгізілуге тиіс.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Қатысу шартын тоқтату

      Қатысу шарты:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген жалпы негіздерде;

      2) Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін тоқтатқан және осы сақтандыру түрлері бойынша жасалған сақтандыру шарттарының қолданылуын тоқтатқан жағдайда тоқтатылады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі. Қордың қарыз алуы

      1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы қатысу шартына сәйкес міндетті және төтенше жарналарды төлеуге міндетті.

      Міндетті жарналардың ставкасын Қор жыл сайын айқындайды.

      Міндетті жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

      2. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемі негізге алына отырып есептеледі.

      Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру ұйымы есепке жазған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі негізге алына отырып есептеледі.

      2-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді қатысушы-сақтандыру ұйымы бұзған жағдайда, мұндай сақтандыру ұйымы үшін міндетті жарна ставкасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ұлғайтылуға тиіс.

      2-2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резерв:

      1) осы Заңның 7-бабында көзделген Қордың кепілдіктері бойынша міндеттемелерін;

      2) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды Қордың жүзеге асыруына байланысты шығыстарды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді өтеу үшін пайдаланылады.

      3. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын тартады.

      Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналары есебінен қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор өзінің меншікті капиталын "жалпы сақтандыру" саласы не "өмірді сақтандыру" саласы бойынша, сақтандырудың қай саласы бойынша кепілдік берілетініне қарай, сақтандыру ұйымдарына тиесілі акциялардың саны шегінде пайдаланады. Бұл ретте Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарының есебінен қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінен асатын, осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру бойынша шығыстары қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен олардың шартты міндеттемелері шегінде өтелуге жатады.

      Осы Заңда көзделген, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор ағымдағы тоқсанның соңына дейін Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде төтенше жарналар тартады.

      4. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері соңғы есепті күнге сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға қатысушы-барлық сақтандыру ұйымдарының қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы көлеміндегі сақтандыру ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.

      Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға қатысушы-барлық сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі өзі жасасқан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.

      Төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және өз капиталы жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де ұйымдар Қорға қарыз беруге құқылы, бұл қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жатады.

      6. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатпайды.

      7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айрылған күннен бастап қатысушы - сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарын төлеу міндеттемесі қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      Қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарын төлеу міндеттемесі оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

      Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген міндетті және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру

      1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелерді қалыптастыруға және есепке алуға міндетті.

      Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемін негізге ала отырып есептейді.

      Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша оның сақтандыру сыйлықақыларының көлемін және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.

      2. Шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау

      1. Міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      2. Уәкiлеттi орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарды төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн тиiсiнше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген санкцияларды және қадағалап ден қою шараларын қолданады.

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары

15-бап. Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі

      Ескерту. 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кредитордың Қордан кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде талап ету құқығы туындайды.

      Кепілдік төлемін алуға кредиторлар:

      1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмағанда, сақтандыру шарттары бойынша оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;

      2) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейінгі кезеңде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша құқылы.

      2. Кредитордың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздерде Қордан талап ету құқығы туындаған жағдайда, кредитор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы.

      Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде өтініш (шағым) беруге құқылы.

      3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру жөніндегі талаппен тікелей Қорға не Қордың қатысушысы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.

      Кредитордың талабын алғаннан кейін қатысушы-сақтандыру ұйымы не Қор Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша жұмыс жүргізеді.

      4. Кредитор не қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы не кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      5. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды, бүлінген мүлікті бағалау жүргізуге арналған шығыстарды қоса алғанда, жүзеге асыруға байланысты шығыстарын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.

      6. Кепілдік төлемінің, оның ішінде сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша ерекшеліктері, тәртібі және мөлшерлері осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.

      7. Кредитордың моральдық залалы, алынбаған пайдасы, сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық төлемі және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сот тәртібімен бұрын өндіріп алынған өзге де шығыстар кепілдік төлемімен жабылмайды.

      8. Кредиторларға кепілдік төлем тараптардың келісімі бойынша тікелей Қордан немесе агент банк арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол емес нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.

      9. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырылған күннен бастап кредитордың сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлемі көлемінде Қорға ауысады.

      Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі - тарату комиссиясы) ұсынады.

      10. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген көшірмені алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларына туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерінің жүзеге асырылуы туралы хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-1-бап. Сақтандырудың кепілдік берілетін аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі

      1. Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап қою құқығы кредиторда уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол тағайындаған уақытша әкімшілік Қорға "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кепілдіктер берілетін аннуитеттік сақтандыру шарттарының тізілімін берген күннен бастап екі жұмыс күні өткен соң туындайды.

      2. Кредиторлардың:

      1) осы Заңның 7-бабы 2-1-тармағының 4) тармақшасында көзделген, уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған кезде қолданыста болатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша;

      2) уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беруі мүмкін болмаған кезде және заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеуге немесе ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.

      Кредиторлардың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді алу құқықтары "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қатысушы-таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелі "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына берілген күнге дейін қолданылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап қою құқығының туындауына байланысты жеке тұлға Қорға өтініш жасаған жағдайда, Қор сақтандыру төлемін осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігінен алынған құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      3. Қор уақытша әкімшіліктен аннуитеттік сақтандыру шарттарының тізілімін алғаннан кейін екі жұмыс күні өткен соң осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша кепілдік төлемдердің үзіліссіздігі мен уақтылылығын қамтамасыз етеді.

      Кредитор осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдай басталған кезде "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

      Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді Қор уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырады.

      Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жасалған аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы өткен соң қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеу немесе ұзарту (қайта куәландыру) салдарынан кейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымымен жасалуға жатады.

      4. Қор осы Заңның 7-бабының 2-2-тармағында көзделген кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға құқылы емес.

      5. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кредиторларға кепілдік төлемді Қор тікелей осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерде кредитордың банктік шотына қолма-қол ақшасыз нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырады.

      6. Таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлем жүзеге асырылған күннен бастап Қорға жүзеге асырылған кепілдік төлем көлемінде сақтандыру шарты бойынша кредитордың талап ету құқығы ауысады.

      Кредитордың ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талапты Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату қомиссиясына қояды.

      7. Қор уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кредиторларға кепілдік төлемдерді жүзеге асыру күні туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және Қордың интернет-ресурсында жариялайды.

      Ескерту. 15-тарау 15-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-бап. Сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тәсілдері

      Ескерту. 16-бап алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

17-бап. Қор кепілдіктерінің тоқтатылуы

      Қор кепілдіктері:

      1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемі жүзеге асырылған;

      2) кредитордың осы Заңның 15-бабында белгіленген өтініш жасау мерзімдері өткен (сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемдер үшін);

      3) сақтандыру шартының қолданыс мерзімі аяқталған;

      4) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеген жағдайларда тоқтатылады.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-1-тарау. Қордың жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері

      Ескерту. 5-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

17-1-бап. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді алу құқығы

      1. Қор көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіруге жауапты адам анықталмаған жағдайда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді (бұдан әрі - зиянды

      өтеу бойынша төлем) төлейді.

      Қор жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді денсаулыққа ауыр зиян келтірілгенде ғана жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді алуға құқығы бар.

      Осы құқық қолдарында жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      3. Жәбірленушінің не осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабы, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген адамдардың жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі талабы Қорға осы

      баптың 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл ішінде қойылады.

      4. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамға (адамдарға)

      көшеді.

      5. Қор жәбірленушіні жерлеуді жүзеге асырған адамға осы Заңның 17-2-бабы 2-тармағының 1), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініштің негізінде осы Заңның 17-2-бабының 6-тармағында белгіленген мөлшерден аспайтын, жерлеуге жұмсалған нақты шығыстарды өтейді.

      Ескерту. 17-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

17-2-бап. Қордың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруы

      1. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тікелей Қорға өтініш береді.

      2. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайдың басталу фактісін растайтын құжат;

      2) жәбірленуші алған жарақат пен мертігулердің сипаты, диагнозы, уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңі көрсетіле отырып, жәбірленушіге көлік оқиғасы нәтижесінде денсаулығына келтірілген зиянға байланысты медициналық көмек көрсетілген денсаулық сақтау ұйымы қорытындысының көшірмесі;

      3) медициналық-әлеуметтік немесе сот-медициналық сараптама мекемелері қорытындысының көшірмесі;

      4) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету (жәбірленуші қайтыс болған жағдайда) құқығына ие адамның құқығын растайтын құжат;

      6) жерлеуге нақты жұмсалған шығындарды растайтын құжаттар не олардың көшірмелері;

      7) жеке куәліктің көшірмесі.

      3. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру туралы не оларды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      4. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған

      шығыстарды өтеу бойынша төлемді зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      5. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      6. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мынадай мөлшерлерде (айлық есептік көрсеткіштермен) жүзеге асырылады:

      1) өміріне зиян келтірілген кезде – 1000;

      2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген кезде – 500;

      3) жерлеуге жұмсалған шығыстар – 100.

      7. Зиянды өтеу бойынша төлем моральдық зиянның, сондай-ақ мүлікке келтірілген зиянның, жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағында көзделген адамдардың жіберіп алған пайдасының, қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтырмайды.

      8. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу бойынша төлемдер тікелей Қор немесе агент-банк арқылы жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

      9. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерден мынадай жағдайларда:

      1) жәбірленушінің әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен көлік оқиғасымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылса;

      2) Қорға немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл өткеннен кейін жүгінгенде;

      3) көлік оқиғасы еңсерілмейтін күштің салдарынан, яғни ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивті улану, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс, жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер сияқты төтенше және осындай алдын алуға болмайтын жағдайлар кезінде басталған болса;

      4) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін табыс етпеген не дұрыс емес құжаттарды берген болса, бас тартуға құқылы.

      Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде, Қор құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі бар жазбаша нысандағы хабарлама жіберуге міндетті.

      10. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында көзделген функцияны жүзеге асыру үшін Қор Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан ақпарат сұратады.

      Ақпаратты берудің тәртібі, көлемі және мерзімдері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің актісімен және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен белгіленеді.

      Қор алған мәліметтер жария етуге жатпайды.

      Ескерту. 17-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы

      Қордың жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабын қарауға байланысты Қордың шеккен шығыстарын ескере отырып, зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер шегінде жәбірленушіге зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы бар.

17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру

      1. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін осы Заңда көзделген тәртіппен пайдаланады.

      2. Уәкілетті орган белгілеген мөлшердегі бастапқы біржолғы жарналар және Қормен жасалатын қатысу шартына сәйкес сақтандырушылар төлейтін қосымша жарналар зиянды өтеу резервін қалыптастыру көздері болып табылады.

      Қосымша жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      3. Қосымша жарналардың мөлшері қатысушы-сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептеген сақтандыру сыйлықақылары мен қосымша жарналар ставкаларының көлемін негізге ала отырып

      есептеледі.

      4. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын қосымша жарналарды төлеуден босатпайды.

      5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу міндеттемелері қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      Қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемесі оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

      Қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес төлеген қосымша жарналары қайтаруға жатпайды.

      Ескерту. 17-4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
     

17-5-бап. Қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау

      1. Қосымша жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемде төлемеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      2. Уәкілетті орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген санкцияларды және қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы.

      Ескерту. 17-5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері

18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері

      1. Қор:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті, төтенше және қосымша жарналар төлеуді талап етуге;

      2) тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы уәкілетті органның алдында өтініш жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату ісін жүргізуге қатысуға;

      3) тарату комиссиясынан және кредитордан Қордың міндеттерін іске асыруға қажетті ақпарат пен құжаттар беруді талап етуге;

      4) уәкілетті органнан қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қаржылық жай-күйі, қатысушы-сақтандыру ұйымы жасасқан сақтандыру шарттарының саны туралы мәліметті және сақтандыру құпиясын және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, өзге де қажетті ақпаратты сұратуға;

      5) осы Заңда, сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда кредиторға кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға;

      6) осы Заңның 15-1-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген оқиға басталған жағдайда, кредитор мен "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы арасында жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеудің барабарлығын тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартуға;

      7) жыл сайынғы аудит нәтижелері бойынша, шекті шамасы "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялаудан алынған инвестициялық кірістің жеті жарым пайызынан аспауға тиіс комиссиялық сыйақы алуға құқылы.

      2. Қор:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандыру ұйымымен қатысу шартын жасасуға;

      1-1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерін, зиянды өтеу резервін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың жарналарын инвестициялаудан түскен кірістерді (залалдарды) есепке алуды "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша бөлек жүргізуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен активтерді қаржы құралдарына инвестициялауға;

      3) тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін есептілікті (қаржылық есептілікті қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынуға;

      4) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына олардың сұрау салулары бойынша қатысу шартына сәйкес айқындалатын көлемде өзінің қаржылық есептілігін беруге;

      5) қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және интернет-ресурстарда аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті жариялауға;

      6) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті, төтенше және қосымша жарналар төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелер қалыптастыруын бақылауды жүзеге асыруға;

      7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша кредиторларға осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға;

      8) аудит өткізуге;

      9) сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын бұзуының өзіне мәлім болған фактілері жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге;

      10) кредиторға кепілдік төлемінің жүзеге асырылғаны туралы тарату комиссиясына хабарлауға;

      11) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);

      12) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы өздеріне мәлім болған бүкіл ақпаратты тек қана қызмет мақсаттарында пайдалануға;

      13) осы Заңның 15-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шығыстарын өтеуге міндетті.

      2-1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес өздері жүргізетін операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.

      2-2. Сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға), сақтандыру шартын жасасуға ниеті бар адамдарға өзінің қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында Қор өзінің интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:

      1) өзінің, оның ішінде өз филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауын, мекенжайын (тұрған жерін), телефон нөмірлерін, жұмыс режимін;

      2) акционерлер туралы мәліметтерді;

      3) басшы қызметкерлер туралы мәліметтерді;

      4) мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді;

      5) қызметтің жүзеге асырылатын түрлері туралы мәліметтерді;

      6) аудиторлық ұйым растаған алдыңғы есепті үш жыл үшін жылдық қаржылық есептілікті;

      7) алдыңғы есепті үш жыл үшін қызмет қорытындылары туралы есептерді;

      8) қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестіктеріне қатысу туралы мәліметтерді (болған кезде);

      9) қатысушы-сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтерді орналастыруға міндетті.

      3. Қордың Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері

      1. Қатысу шартына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымы:

      1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы ақпаратты жариялауға;

      2) Қордан кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға қатысты ақпарат алуға;

      3) Қордың қаржылық есептілігін Қордан талап етуге құқылы.

      2. Қатысу шартына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымы:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті және төтенше жарналарды төлеуге, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыруға;

      2) міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлерін есептеу, олардың мөлшерлемелерін бекіту, төтенше жарналардың мөлшерін есептеу үшін қажетті ақпаратты Қорға беруге;

      3) өзінің төлем қабілетсіздігі басталғаны және уәкілетті органның санкциялар қолдану фактілері туралы Қорға хабарлауға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылғаны туралы Қорды хабардар етуге;

      4-1) осы Заңда көзделген жағдайларда өзіне тиесілі Қор акцияларын иеліктен шығаруды жүргізуге;

      5) сотқа мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз берілгендігі туралы, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаны туралы Қорды хабардар етуге;

      6) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);

      7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.

      Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қосымша жарналарды төлеуге міндетті.

      3. Қатысушы-сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері

      1. Тарату комиссиясы:

      1) Қордан мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асырылғаны туралы хабарлама алуға құқылы.

      2) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);

      2. Тарату комиссиясы:

      1) құжаттардың көшірмелерін және үзінділерін алу құқығын бере отырып, Қордың уәкілетті өкілдерінің тарату процесіне қатысты ақпарат пен құжаттамаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      2) өзінің кредитор алдындағы міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы Қорға шұғыл түрде хабарлауға;

      3) сақтандыру шарттарын жасасуға қатысты Қор сұратқан ақпаратты және құжаттарды беруге міндетті.

      3. Тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері

      1. Кредитордың:

      1) Қордан осы Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемін жүзеге асыруды талап етуге;

      2) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);

      3) тарату комиссиясынан талаптарды Қордан алынған кепілдік төлемінен асатын мөлшерде қанағаттандыруды талап етуге құқығы бар.

      2. Кредитор:

      1) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде немесе сақтандыру шартында көзделген, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандыру шарты бойынша шығындардың мөлшерін растайтын құжаттарды ұсынуға;

      2) Қордың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредитордың өзіне ауысқан құқықтарын іске асыруына қажетті барлық құжаттарды беруге міндетті.

      3. Кредитордың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру

      1. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, сақтандыру ұйымдарының Қорға міндетті қатысуы жөніндегі талаптар алып тасталған жағдайда Қор таратылуы мүмкін.

      3. Қордың таратылуы кезінде қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражаты Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының арасында олардың Қордың осы резервтеріне қатысу үлесіне барабар мөлшерде бөліп беріледі.

      4. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      8. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік

      Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады.

24-бап. Өтпелі ережелер

      Ескерту. 24-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
Президенті