Әділет органдары туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 Заңы

Жаңартылған

  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет
             органдарының мәртебесi

      Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады. 

       2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi

      Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы , осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

       3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi

      Әдiлет органдарының мiндеттерi: 
      1) жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу; 
      2) Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету; 
      3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің мемлекеттiк есебiн жүргiзудi және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру; 
      4) құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; 
      5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру; 
      6) қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерiнде құқықтық тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету; 
      6-1) сотталғандардың түзелуiн ұйымдастыру;
      6-2) сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
      7) санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру; 
      8) <*> 
      9) әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу; 
      9-1) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру;
      9-2) азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру;
      10) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
       Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен. 

       4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi

      1. Әдiлет органдарының қызметi: 
      1) заңдылық; 
      2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;
      3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау;
      4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне тәуелсiз болу;
      5) гуманизм, демократия, қылмыстық жаза атқарудың жiктелуi мен дербестендiрiлуi, қылмыстық жазаны түзету ықпалымен ұштастыру;
      6) әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы принциптерiне негiзделедi.

  2-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖYЙЕСI ЖӘНЕ
ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

       5-бап. Әдiлет органдарының жүйесi

      1. Әдiлет органдарының бiртұтас жүйесi:
      1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiн;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комитеттерiн;
      аумақтық әдiлет органдарын;
      қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарын қамтитын әдiлет органдарынан;
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен (ұйымдарынан) және өзге де бағынысты ұйымдардан құралады. 
      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды Әдiлет министрлiгi, ал заңдарда көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады. 
      3. Әдiлет органдарының құрылымын, штат санын, материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу жағдайларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимиттерi және республикалық бюджетте әдiлет органдарын ұстауға көзделген қаражат шегiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi белгiлейдi. 

       6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады. 
      2. Әдiлет министрлiгiн Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республиканың Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. 

       7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет
             министрiнiң өкiлеттiктерi

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi (бұдан әрi - Министр) әдiлет органдарының жұмысына басшылық етудi жүзеге асырады және әдiлет органдарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады. 
      2. Министр: 
      1) Әділет министрлiгiнiң қызметкерлерiн, ведомство басшыларының орынбасарларын, облыстық, Астана және Алматы қалаларының әдiлет бөлiмшелерi мен Министрлiкке бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 
      2) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк тiркелуге тиiс, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерiн жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi; 
      3) әдiлет органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады; 
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Министрлiктен өкiлдiк етедi; 
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы атақтар бередi; 
      6) өзiне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

       8-бап. Аумақтық әдiлет органдары

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi аумақтық әдiлет органдары болып табылады.
      2. Аумақтық әдiлет органдарында әдiлет органдарына жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететiн тиiстi құрылымдық бөлiмшелер құрылады.
       Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен. 

       9-бап. Әдiлет жүйесiнiң ұйымдары

      Әдiлет министрлiгiне жүктелген мiндеттердi шешу және функцияларды қамтамасыз ету үшiн Министрлiк жанында мекемелер, оқу орындары және басқа да ұйымдар жұмыс iстейдi.

       10-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi

      Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi - қылмыстық-атқару жүйесi) - соттар тағайындаған қылмыстық жазаның атқарылуын қамтамасыз ету жөнiндегi атқарушы және өкiмшi функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң, сондай-ақ қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың жүйесi.
      Қылмыстық-атқару жүйесiнiң өз туы мен нышаны болады.
      Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
       Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.   

       11-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымы

      1. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:
      1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы);
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органдары;
      3) қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар:
      қылмыстық-атқару инспекциялары;
      түзеу мекемелерi;
      4) тергеу изоляторлары;
      5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактика ұйымдары мен бiлiм беру ұйымдары;
      6) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi;
      7) оңалту орталықтары - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға олар босатылғаннан кейiн алты ай iшiнде еңбекке және тұрмыстық орналастыруда жәрдемдесуге, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге арналған қылмыстық-атқару жүйесiнiң ұйымдары құрайды.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң және олардың лауазымды адамдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
       Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен. 

       12-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк органдармен,
              ұйымдармен және лауазымды адамдармен
              өзара iс-қимылы

      1. Әдiлет органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасап отырады. 
      2. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар әдiлет органдарына функционалдық мiндеттердi орындауына және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауына жәрдемдесуге мiндеттi. 
      3. Әдiлет органдарының шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, оның iшiнде әдiлет органдарымен ынтымақтастығы халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Жергiлiктi атқарушы органдар қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган құрады.
      Консультативтiк-кеңесші органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн типтiк ережемен регламенттеледi. (РҚАО-ның ескертуі:  P990247  қараңыз)
       Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен. 

       12-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде
                ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды
                мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық
                бақылау

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылауды (бұдан әрi - қоғамдық бақылау) қоғамдық байқау комиссияларының мүшелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырады.
      2. Қоғамдық байқау комиссиялары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi әкiмшіліктерiнің қызметiне:
      1) сезiктiлердiң, айыпталушылар мен сотталғандардың ұсталу жағдайын және оларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудi жақсарту;  (РҚАО-ның ескертуі:  V011755  ;  V011713  қараңыз)
      2) сотталғандардың еңбегiн, бос уақытын, оларды оқытуды ұйымдастыруға қатысу;
      3) сотталғандарға оларды босатуға дайындауда, тұрғын үй-тұрмыстық жайластыру, жұмысқа орналастыру, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтiк қамсыздандыру, әлеуметтiк-психологиялық оңалту және бейiмдеу мәселелерiн шешуде көмек көрсету мақсатында жәрдемдесуге құқылы.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнің әкiмшiлiктерi қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қоғамдық бақылау iс-шараларын жүзеге асырған кезде оларға жәрдемдеседi.
      4. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi қоғамдық бақылау нәтижелерi бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiне не қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органына аталған мекемелердiң қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар жiберуге құқылы.
      Ескерту. 12-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.  

       13-бап. Әдiлет органдарының актiлерi

      1. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген жағдайларда Әдiлет министрi өз құзыретi шегiнде әдiлет органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге тиiстi бұйрықтар шығарады, сондай-ақ ұсыныстар енгiзедi. 
      2. Әдiлет министрлiгi ведомстволарының және аумақтық органдарының басшылары өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады және ұсыныстар енгiзедi. 
      3. Әдiлет органдарының өз құзыретi шегiнде қабылдаған және заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеуден өткен актiлерiн Қазақстан Республикасы ұйымдары, лауазымды адамдары мен азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар орындауға мiндеттi. 

       14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы

      1. Әдiлет органдары: 
      1) мемлекеттiк органдардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты; 
      2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың олар қолданатын, Қазақстан Республикасы  Конституциясының  4-бабына сәйкес жариялануы мiндеттi, бiрақ белгiленген тәртiппен жарияланбаған, нормативтiк құқықтық актілерiне қатысты; 
      3) мемлекеттiк органдардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты; 
      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.
      2. Ұсыныс тиiстi мемлекеттiк органға (лауазымды адамға) не жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) енгiзiледi. 
      3. Ұсынысты мемлекеттiк орган не жоғары тұрған органның лауазымды адамы бiр ай мерзiмде қарауға тиiс.
      Әдiлет органдары ұсыныстың қаралуына қатысуға құқылы. 
      4. Мемлекеттiк орган не лауазымды адам жолсыздықты жоюға және қолданылған шаралар туралы әдiлет органдарына хабарлауға мiндеттi.

  3-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI
ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

       15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу,
              заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) заң жобасы жұмысы, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
      2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жасау; 
      3) заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшiн, осы мақсаттарға бюджеттiк және өзге де қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту; 
      4) Республика Үкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсыруымен және өз бастамасы бойынша Үкiметтiң нормативтiк құқықтық актiлерiне ресми түсiндiрме беру; 
      5) құқықтық ақпараттандыру, заңдарды жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн жүргiзу; 
      6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру. 

       16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды
              құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық
              көмектi үйлестiру саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру;
      2) Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын заем шарттарына заң сараптамасын жасау;
      3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң сот тапсырмалары мен өтiнiштерiн орындау;
      4) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң заңдарын үйлестiру, бiр iзге түсiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргiзу;
      5) санаткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға белгiленген тәртiппен қатысу;
      6) халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жасау.

       17-бап. Әдiлет органдарының сот-сараптама қызметi,
              анықтау және әкiмшiлiк iс жүргiзу
                саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары сот-сараптама қызметi, анықтау және әкiмшiлiк iс жүргiзу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру; 
      2) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және сот сарапшыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензиялар беру; (РҚАО-ның ескертуі:  қараңыз .)
      3) мемлекеттiк сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      4) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру;
      5) әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру;
      6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру;
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi заңға сәйкес жүзеге асыру.

       18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiркеудi
              жүзеге асыру саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары мемлекеттiк тiркеу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, мәслихаттардың, әкiмияттардың және әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу; 
      2) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiн және филиалдар мен өкiлдiктердiң тiзiлiмiн жүргiзу; 
      3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау, әзiрлеу және беру, азаматтарды есепке алу және тiркеу;
      4) мемлекеттiк органдардың тiркелген нормативтiк құқықтық актiлерiнің тiзбесiн жалпы жұрттың назарына жеткiзу үшiн жариялау; 
      5) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiктiң құқықтық кадастрын жүргiзу, оның кепілiн тiркеу және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу. 
       Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.  

       19-бап. Әдiлет органдарының құқықтық көмек және
              заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру,
              құқықтық насихат салаларындағы функциялары

      1. Әдiлет органдары құқықтық көмектi ұйымдастыру және заң қызметiн көрсету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды қайтарып алу, тоқтата тұру және тоқтату; (РҚАО-ның ескертуі:  қараңыз P971262_ V970423_ Р011235_ V042881 )
      2) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жеке нотариустардың iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылау; 
      3) нотариаттық және адвокаттық қызметтi лицензиялау, адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау, мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау; 
      4) азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарының қызметiн, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi қамтамасыз ету; 
      5) орталық атқарушы органдардың заң қызметiнiң жұмысын үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аппараттарының заң қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау; 
      6) нотариат кеңселерiнiң, азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарының, адвокатураның жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметiнiң сапасын бақылау; 
      7) азаматтық хал актiлерiн жазу, құжаттамалау органдарының кадрларын аттестаттау, iрiктеу және орналастыру, осы органдарға ұйымдастырушылық, әдiстемелiк басшылық жасау, олардың қызметiнде бiрыңғай құқық қолдану iс-тәжiрибесiн қамтамасыз ету;
      8) әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
      2. Әдiлет органдары құқықтық насихат саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу;
      2) эталондық заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды шарт негiзiнде, оның iшiнде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiн пайдалана отырып беру;
      3) заң әдебиетi, құқықтық насихат проблемалары жөнiндегi әдебиет тапсырысшысы.
       Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.  

       20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi
              саласындағы функциялары

      Қылмыстық-атқару қызметi саласында әдiлет органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) соттардың сотталғандарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      2) сезiктiлер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
      3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
      4) сотталғандарға түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      5) сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
      6) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiн күзету, олардағы шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердiң, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетпен алып жүру;
      7) сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiн атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталғандардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      8) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      9) сотталғандардың жалпы бiлiм алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
      10) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
      11) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      12) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту, нығайту мен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
      13) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
      14) қызметкерлердiң кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
      15) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру.
       Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 20-бап жаңа редакцияда - 2004.12.29.  N 25  Заңымен.  

       21-бап. Әдiлет органдарының санаткерлiк меншiк
              құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы
              функциялары

      Әдiлет органдары санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) санаткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңдардың қолданылу практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
      2) санаткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргiзудi қамтамасыз ету; 
      3) санаткерлiк меншiк объектiлерiн қорғау және пайдалану мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық; 
      4) туындыларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтар нормаларын сақтауына және авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттардың орындалуына байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу; 
      5) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың қызметiн бақылау; 
      6) ресми тiзiлiмдерде авторлық құқықты тiркеу; 
      7) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың және туындылар мен сабақтас құқық объектiлерiн пайдаланудың тиiстi әдiстерiн пайдаланушылардың арасында жасалған лицензиялық шарттарды тiркеу, мемлекеттiк тiркеу куәлiктерiн беру; 
      8) туындыларды пайдалану құқықтарының импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу; 
      9) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдердiң тiркелуiн қамтамасыз ету; 
      10) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру; 
      11) патенттiк iс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың қызметiн бақылау; 
      12) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттардың, ашық лицензиялардың және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарының тiркелуiн қамтамасыз ету. 
      13) <*>
       Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).  

       22-бап. <*>

       Ескерту. 22-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

       23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары

      1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
      2) өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
      3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;
      4) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы заңдарын қолданылу практикасын талдау және қорыту және оларды жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзу;
      5) стратегиялар мен бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз eту;
      6) қылмыстық жазаны атқару органдары мен мекемелерiнде заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;
      7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету;
      8) зияткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру.
      2. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.
       Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).  

       24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды 
              адамдарының құқықтары

      Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде: 
      1) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға; 
      2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға; 
      3) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға; 
      4) орталық мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмияттарда мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыруға; 
      5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу  кодексiнiң   56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге; 
      6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға; 
      7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөнiндегi қызметiне бақылауды жүзеге асыруға; 
      8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;
      10) <*>
      11) <*>
      12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
      13) <*>
      14) Қазақстан Республикасының заң актілерiмен берiлген өзге де өкілеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
       Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

         24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
                қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi:
      1) сотталғанның жеке басының өзіндiк-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстер қолданып жасауға;
      2) сотталғандарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда, еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке ақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
      3) режимдiк талаптар белгiленген мекемелер аумағында және оған iргелес аумақтарда тұратын адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
      4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде азаматтарды мекеме аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
      5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнде тұрған адамдардың жұмыс орны мен оқу орны бойынша оларға байқау мен бақылау жасау мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстiк және өзге де үй-жайларына кiруге;
      6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
      7) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн жария ету және бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашып шыққан адамдарды iздестiру үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
      8) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға өтiнiш жасауға құқылы.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi өз құзыретi шегiнде:
      1) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдар мен олардың аумағында, сондай-ақ оған iргелес аумақта тұратын азаматтардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңдарында және сот үкiмiнде оларға жүктелген мiндеттердi орындауын талап етуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды тiркеудi, сондай-ақ оларды дактилоскопиялауды, суретке түсiрудi, олардың бейне түсiрiлiмiн, дыбыс жазбасын жүзеге асыруға;
      4) жүргiзiлетiн тәрбиелеу iс-шараларына сотталғандарды мiндеттi түрде қатыстыруға;
      5) алкогольдi ішімдiктердi, уытты, есiрткi және өзге де психотроптық құралдарды пайдалану фактiлерiн анықтау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландыру жүргiзуге;
      6) әкiмшiлiк немесе қылмыстық заңнаманың күшi қолданылуға жататын iс-әрекет жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына апаруға, олардың жеке басына тексеру жүргiзуге;
      7) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
      8) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiнде төтенше оқиға жағдайларына қызметтік тексерiс жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықтауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      Ескерту. 24-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

   4-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛАРЫ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

       25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары

      Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттік қызметшiлерi болып табылатын қызметкерлерi, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) осы Заңға сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерi, сондай-ақ еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.
       Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

         25-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналы

      Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналын:
      1) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) белгіленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi;
      2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарында (мекемелерiнде) қызмет атқаратын мемлекеттiк қызметшілер;
      3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынастарында тұратын қылмыстық атқару жүйесiнiң қызметкерлерi құрайды.
       Ескерту. 25-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

       25-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына
                (мекемелерiне) қызметке қабылдау

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi бойынша өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымдарына оқуға орта бiлiмi бар, денсаулық жағдайы бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызмет өткеруге жарамды адамдар қабылданады. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiндегi оқу уақыты әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен шарт жасалады, онда бiлiм беру ұйымын бiтiргеннен кейiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызметті одан әрi өткеру шарттары мен мерзiмдерi көзделедi.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына - отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамдағы лауазымдарына қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Жекелеген жағдайларда осы жас шегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің шешiмiмен өзгертiлуi мүмкiн.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi бiлiм беру ұйымдарының тыңдаушыларын қоса алғанда, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарына тағайындалған немесе кадрларына қабылданған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және қылмыстық-атқару жүйесiнiң арнайы есебiнде тұрады.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке алғаш қабылданған адамдар мiндеттi түрде бастапқы арнайы оқудан және тағлымдамадан өтедi, олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Сынақ мерзiмiнен және тағлымдамадан өту тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      6. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      7. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке денсаулық жағдайына байланысты жарамсыз, бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздемелер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.
       Ескерту. 25-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

       25-3-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы
                (мекемелерiндегi) қызметтiң шектi жасы

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген  әскери қызметте болу жасының шегiне дейiн қызметте бола алады . Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына қызмет мерзiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
      2. Қызметтi ұзарту қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеде көзделген негiздемелер бойынша жұмыстан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
       Ескерту. 25-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

       25-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы
                (мекемелерiндегi) қызметтен босату

      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi мына негіздемелер бойынша:
      1) зейнеткерлiкке құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) немесе әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
      2) әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде денсаулық жағдайы бойынша;
      3) штаттың қысқаруына немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының қайта құрылуына байланысты басқа лауазымға пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
      4) өз тiлегi бойынша;
      5) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыз болған жағдайда;
      6) аттестаттау қорытындылары бойынша қызметке сай келмейтiндiгi анықталуына байланысты;
      7) қызмет тәртiбiн ұдайы бұзғаны үшiн;
      8) беделiн түсiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;
      9) соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде немесе ақталуға болмайтын негiздемелер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған кезде;
      10) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайда қызметтен босатылады.
      Ескерту. 25-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

       26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
              қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мемлекеттiк билiктiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң заңды талаптары лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң заңды талаптарын орындамау, оны балағаттау, қарсылық көрсету, күшпен қорқыту немесе оның қызметтік борышын орындауына байланысты қызметкердiң немесе жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне өзге де қол сұғу заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiн қызметке қабылдау, қызмет өткеруi мен қызметтен босату тәртiбi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен реттеледi.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне олардың жеке басы мен өкiлеттiктерiн растау үшiн қызметтік куәлiк пен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi.
      6. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi жемiстi еңбек қызметi мен ерлiгi үшiн сiңiрген еңбегiн тану белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградаларға ұсынылуы мүмкiн.
      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi қол жеткен жетiстiктерi үшiн ведомстволық наградалармен марапатталуы мүмкiн. Қылмыстық-атқару жүйесiнің ведомстволық наградаларының сипаттамасы және оларды беру тәртiбi нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
       Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

       26-1-бап. Адамның қылмыстық-атқару жүйесi органдарында
               (мекемелерiнде) қызметте болуына байланысты
                шектеулер

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандатпен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кiрумен, өзге де ақы төленетiн қызметтi атқарумен сыйыспайды.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерінің) қызметкерлерiне ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға тыйым салынады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қандай да болсын саяси партияда болуға және оны жақтауға тиiс емес.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң қызметтік парызын орындау барысында өзiне белгілi болған жеке өмiрi, отбасы және жеке құпиялар немесе заңмен қорғалатын коммерциялық, банктiк немесе өзге де құпиялар туралы мәлiметтердi пайдалануға, таратуға құқылы емес.
      Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.  

       27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
              қызметкерлерінің арнаулы атақтары

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерiне атқаратын қызметiне, бiлiктiлiгiне және еңбек сiңiрген жылдарына сәйкес белгiленген тәртiппен мынадай арнаулы атақтар берiледi:
      1) қатардағы құрам:
      қатардағы әдiлет қызметкерi;
      2) кiшi басшылық құрам:
      әдiлет кiшi сержанты,
      әдiлет сержанты,
      әдiлет аға сержанты,
      әдiлет старшинасы,
      әдiлет прапорщигi,
      әдiлет аға прапорщигi;
      3) орта басшылық құрам:
      әдiлет кiшi лейтенанты,
      әдiлет лейтенанты,
      әдiлет аға лейтенанты,
      әдiлет капитаны;
      4) аға басшылық құрам:
      әдiлет майоры,
      әдiлет подполковнигi,
      әдiлет полковнигi;
      5) жоғары басшылық құрам:
      әдiлет генерал-майоры.
      Қылмыстық атқару жүйесi қызметкерлерiне арнаулы атақтар беру тәртiбi заңдармен белгiленедi. 
      2. <*>
      3. <*>
       Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

       28-бап. Еңбектi құқықтық реттеу  

      Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен, ал осы Заңмен және "Мемлекеттiк қызмет туралы"  Қазақстан Республикасы  Заңымен  реттелмеген бөлiгiнде еңбек туралы заң актiлерiмен реттеледi.
      Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерінің жүктеме нормативтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
       Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

         28-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының
                (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне еңбекақы
                төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей
                қамсыздандыру

      1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық жалақыдан және арнаулы атағы үшiн төленетiн қосымша ақыдан тұрады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi нысанды киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi, олардың үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. (РҚАО-ның ескертуі:  P021380  қараңыз)
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.  (РҚАО-ның ескертуі: Z970126 ( 11-бап 12-бап ); Z970136 ( 8-бап 4-бөлім );  P980803 P030634  қараңыз)
       Ескерту. 28-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

       28-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет
                атқарудың ерекше жағдайлары

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше немесе әскери жағдай режимi енгiзiлген, сезiктiнің, айыпталушының және сотталғанның қашуы, адамдарды кепiлдiкте ұстауы, жаппай тәртiпсiздiк, топтасып бағынбау не осылардың туындау қаупі кезiнде мекеме қызметкерлерiнiң оларды жою үшiн қажеттi мерзiмдегi жұмысы түсініледi.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысы үш айдан аспауы керек және демалыс күндерiмен өтеледi. Қызметкерлердi қызметтiң ерекше жағдайларында қызмет атқару жұмысына тартудың тәртiбi мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
       Ескерту. 28-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

       29-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық
              және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру

      1. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен бiрыңғай еңбекке ақы төлеу жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады. 
      2. Әдiлет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын жыл сайынғы демалыс берiледi. 
      3. Әдiлет органдарының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  көзделген мемлекеттiк қызметшiлер мәртебесiнен ерекшеленетiн құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiнiң материалдық қамтамасыз етiлуi мен әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

       29-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi)
                қызметкерлерiнiң демалыстары

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне демалысын өткiзу орнына бару және қайту жолына кететiн уақыты есептелмей, ұзақтығы отыз тәулiк демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де демалыстар берiледi.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне ақы төленетiн қосымша демалыс еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен):
      1) он жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы бес тәулiк;
      2) он бес жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он тәулiк;
      3) жиырма жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он бес тәулiк, бiрақ қырық бес тәулiктен аспайтын мерзiмге берiледi.
      3. Биiк таулы мекендерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткеретiн қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң), тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан ұзақтығы қырық бес тәулiк кезектi демалыс берiледi.
       Ескерту. 29-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.  

       29-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының
                (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қаза тапқан
                (қайтыс болған), мертiккен немесе ауырған
                 жағдайда берiлетiн кепiлдiктер

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiр жолғы өтем, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төлеу жүргiзiледi.
      2. Бiр жолғы өтем төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.  (РҚАО-ның ескертуі:  P980803  13-тармақ қараңыз)
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қайтыс болған адамның отбасына соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiндегi жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, ауыруы салдарынан болған мүгедектiк белгіленген кезде, оларға:
      1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;
      2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
      3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, орташа мертiккен жағдайда - бiр айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл мертiккен немесе ауырған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
      6. Егер қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi), ауыруы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiр жолғы өтемақы төленбейдi.
       Ескерту. 29-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.  

       29-3-бап. Жерлеу шығындарын өтеу

      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн үш айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
       Ескерту. 29-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.  

       29-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының
               (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен
               зейнеткерлерiнің тұрғын үйге құқықтары

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) күнтiзбелiк он жылдан астам қызметте болған қызметкерлер қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген өздерi тұратын тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жекешелендiрiп ала алады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесiнiң қайтыс болған қызметкерiнің отбасы басқа тұрғын үй ұсынылмайынша, қызметтiк тұрғын үйiнен немесе қызметтік тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үйден шығарылуға тиiс емес.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерi Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк кәсiпорындарының тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.  (РҚАО-ның ескертуі:  Z970094  ( 4-бөлім 100-бап );  P000483  (9 т.))
      5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте белгiленетiн мөлшерде ақшалай өтем алуға құқығы бар.
       Ескерту. 29-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.  

       29-5-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының
               (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен
               зейнеткерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн
               әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары

      1. Шалғай жерлерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде шоғырланған қылмыстық-атқару жүйесiнің органдарында (мекемелерiнде) қызмет өткерiп жүрген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туберкулез мекемелерiнде және басқа да мамандандырылған учаскелерi мен мекемелерiнде қызмет атқаратын қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне медицина қызметкерлерiнiң осы санаттары үшiн заңнамада белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) зейнеткерлерi iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен медициналық қызмет көрсетудi пайдаланады.  (РҚАО-ның ескертуі:  P020053  қараңыз )
      Ескерту. 29-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.  

       30-бап. Мәжбүрлеу шараларын қолдану

      1. Осы Заңда көзделген жағдайлар мен тәртiпте жүктелген мiндеттердi орындау үшiн әдiлет органдары лауазымды адамдарының жекелеген санаттарының мәжбүрлеу шараларын, оның iшiнде арнаулы құралдарды, күш және атыс қаруын қолдануға құқығы бар. 
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң арнаулы құралдарды, атыс қаруын және оқ-дәрiлердi алып жүруге және сақтауға құқығы бар.
       Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.  

       31-бап. Арнаулы құралдар мен күш қолдану

      1. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi күш және арнаулы құралдарды, оның iшiнде күрестің жауынгерлік тәсілдерiн, қолкісендерді, резина таяқтарды, көзден жас ағызатын заттарды, алдандырғыш әсерi бар жарық-дыбыстық құрылғыларды, үй-жайларды ашуға, көлiктi ерiксiз тоқтатуға арналған құрылғыларды, су атқылағыштарды, қызметтiк жануарларды, брондалған машиналар мен тiзбесiн Үкiмет анықтайтын басқа да арнаулы және көлiк құралдарын: 
      1) қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң, ұйымдарының және органдарының аумағындағы азаматтарға, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi мен қылмыстық-атқару жүйесiнде жұмыс iстейтiн өзге де адамдарға жасалған шабуылдарды тойтару; 
      2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктiң, түзеу мекемелерiнде жаза өтеудiң белгiленген тәртiбiн топтасып бұзушылықтың жолын кесу; 
      3) қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiне, ұйымдары мен органдарына тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару, сондай-ақ оларды басып алудан босату үшiн; 
      4) егер сотталғандар қашып кетуi мүмкiн деп санауға жеткiлiктi негiздер болса, оларды айдап апару және күзету; 
      5) егер сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, олардың заңды талаптарына қасақана бағынбаса, елiре қарсылық көрсетсе, жаппай тәртiпсiздiкке, кепiлге адам алуға қатысса, азаматтарға шабуыл жасаса немесе өзге де осы секiлдi iс әрекеттер жасаса, оларды ұстау; 
      6) түзеу мекемелерiнен сотталғандардың қашуы немесе қашқындарын ұстау кезiнде құқыққа қарсы iс-әрекеттердiң жолын кесу; 
      7) ұсталған және сотталған адамдардың айналасындағыларға немесе өзiне-өзi залал келтiруiн болдырмау; 
      8) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiнiң заңмен жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына қасақана кедергі келтiретiн адамдардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерiнің жолын кесу үшiн қолдануға құқығы бар. 
      2. Айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiндей шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, арнаулы құралдар мен тәсiлдердi әйелдерге, мүгедектiктiң белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қолдануға тыйым салынады. 

       32-бап. Атыс қаруын қолдану

      1. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметтерiнiң қызметкерлерi атыс қаруын: 
      1) азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, нақ сондай кепiлге алынған адамдарды босату; 
      2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, қылмыстық-атқару жүйесiнде жұмыс iстейтiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару; 
      3) қызметтiк жасаққа, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң үй-жайларына, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi күзететiн объектiлерге шабуылды тойтару; 
      4) қарсылық көрсеткен не қылмыс жасау кезiнде қолға түсiп қалған, түзеу мекемелерiнен қашқан адамдарды, сотталғандарды ұстау; 
      5) егер жүргiзушi қылмыстық-атқару жүйесiнiң жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырушы қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса, көлiк құралдарын оларға зиян келтiре отырып тоқтату; 
      6) жануарлардың шабуылынан қорғану; 
      7) аттандап немесе көмекке шақырып дабыл қағу; 
      8) сондай-ақ барлық өзге де қажеттi қорғаныс пен аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар. 
      2. Қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адамдар алған, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемесiн басып алған, не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады. 
      3. Әдiлет органының қызметкерi қару мен арнаулы құралдар қолданған жағдайларда, айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және жоғары тұрған әділет органдары мен прокурорға хабарлау үшін қажетті шараларды қолдануға міндетті.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерi арнаулы құралдар мен тәсiлдер, қару қолдану арқылы зақым келтiргенi үшiн, егер олардың әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылса, жауапты болмайды.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қарумен, оқ-дәрiлермен, әскери техникамен және арнаулы құралдармен қамтамасыз етiледi, олардың тiзбесi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.  (РҚАО-ның ескертуі:  P001006  қараңыз )
       Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.        

  5-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

       33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру,
              материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты есепке аудару және оны нысаналы жұмсау үшiн ақылы қызметтер көрсету бойынша шоттары;
      2) сотталғандардың өз ақшаларын есепке аудару және оларды пайдалану үшiн депозиттiк шоттары;
      3) демеушiлiк және қайырымдылық көмек, оның iшiнде халықаралық көмектер бойынша шоттары болуы мүмкiн.
       Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

       34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер

      1. Осы Заңның Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi жүзеге асыру бөлiгiне қатысты ережелерi 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Осы Заңның қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiн күзету, сондай-ақ оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi мiндеттердi орындау бөлiгiне қатысты ережелерi қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 2007 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiледi.
       Ескерту. 34-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 25  Заңымен.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті