Темір жол көлігі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы

Жаңартылған

      Осы Заң темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiр жол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

       Ескерту. Мәтiнiндегi "почта", "почтаны" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiлiмдерiн", "почта жөнелтiлiмдерi" деген сөздермен; "темiр жол көлiгi ұйымдарымен", "темiр жол көлiгi ұйымы", "темiр жол көлiгi ұйымдарын", "темiр жол көлiгi ұйымдары" деген сөздер тиiсiнше "тасымал процесiне қатысушылармен", "тасымал процесiне қатысушы", "тасымал процесiне қатысушыларды", "тасымал процесiне қатысушылар" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .  

       1-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк;
      1-1) вагон - темiр жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы; 
      2) тармақ иеленушi - меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде темiр жолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға;
      2-1) мемлекеттiк көлiктiк бақылау (бұдан әрi - көлiктiк бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргiзетiн iс-шаралар жиынтығы;
      3) жүк - жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлiк;
      4) жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поездарында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк;
      5) жүк жөнелтiлiмi - бiр темiр жол көлiгi жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;
      6) жүк жөнелтушi - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi жөнелтушi тұлға;
      7) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi алушы тұлға;
      7-1) темiр жол станциясы - поездар қозғалысын реттеудi, өткiзу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жолдық дамуы бар, магистралдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт;
      8) темiр жол қатынасы - жөнелтетiн және баратын бекеттер арасында темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және  почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, оның мына түрлерi:
      халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында және (немесе) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдау;
      облысаралық - Қазақстан Республикасының әртүрлi облыстарындағы жөнелту және межелi пункттерi арасындағы тасымалдау;
      ауданаралық (қалааралық) - бiр облыс шегiндегi елдi мекендер арасындағы тасымалдау; 
      iшкi - қала (аудан) iшiнде және қала маңында тасымалдау; 
      9) темiр жолдар - жылжымалы құрамның жүруi iске асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (тар және кең табан магистралдық, станциялық, кiрме жолдар);
      10) темiр жол көлiгi - темiр жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi;
      11) темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер - темiр жолдар, құрылыстар, жол желiсiндегi және басқа ғимараттар, темiр жол станциялары, қорғаныш екпе ағаштар және жол құрылғылары алып жатқан жер учаскелерi;
      12) клиент - жасалған шартқа сәйкес тасымалдаушының қызметiн пайдаланатын тұлға;
      12-1) контейнер - жүктердi тасымалдауға арналған бiрнеше мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы; <*>
      12-2) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығында немесе өзге заңды негiздерде иелiк ететiн тұлға; 
      13) магистралдық темiр жол желiсi - магистралдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiн, құрылғыларды, жабдықты, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс iстеуi үшiн технологиялық жағынан қажеттi өзге де объектiлердi қамтитын магистралдық темiр жол инфрақұрылымы; 
      14) магистралдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпы пайдаланудағы темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiне және басқа мемлекеттермен темiр жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темiр жол станцияларын қосатын темiр жолдар; <*>
      15) Ұлттық темiр жол компаниясы - құрылтайшысы (бiрден-бiр қатысушысы) мемлекет болып табылатын магистралдық темiр жол желiсiн күтiп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсететiн ұйым; 
      15-1) Ұлттық тасымалдаушы - мәртебесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, арнайы және әскери тасымалдарды орындайтын және жылжымалы құраммен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушы; 
      16) қауiптi жүктер - өздерiне тән қасиеттерiне қарай адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына; жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға зиян келтiрiлуiне себеп болуы мүмкiн жүктер;
      16-1) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде осы вагондарды (контейнерлердi) пайдалана отырып, тасымал процесiн жүзеге асыруға қатысатын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға; 
      16-2) локомотивтiк тартқыш операторы - локомотивтi күтiп ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ететiн және локомотивтiк тартқыш қызметiн көрсетуге сертификаты бар тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi;
      17) магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы - мемлекет магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсету және тасымалдау процесiн басқару үшiн құрған ұйым; 
      18)  алып тасталды
      19) жөнелтушi - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтiлiмдерiн жөнелтетiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;
      20) темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауiпсiздiгiн, темiр жол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi;
      21) жолаушы - жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға;
      22) темiр жол көлiгiндегi тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тасымалдаушы; <*>
      23) тасымалдау құжаттары - ресiмделуi арқылы тасымалдау шарттары жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж квитанциясы, темiр жол көлiгi жүкқұжаты);
      24) тасымалдау процесi - тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты iс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы;
      25) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн темiр жолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары; 
      26) кiрме жолдар - жүк жөнелтушiлер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистралдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темiр жолдар; 
      26-1) ортақ пайдаланылатын кiрме жолдар - тасымалдау ережелерiне сәйкес, тасымалдау процесiне қатысушыларға тиесiлi және багажды, жүктердi, жүк-багажды тиеу (түсiру), сұрыптау, сақтау жөнiндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын темiр жол станциясы аумағында да, одан тысқары жерлерде де арнайы бөлiнген темiр жолдар; 
      27) алушы - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтiлiмдерiн алатын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;
      28) тасымалдау ережелерi - тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер; 
      28-1) тексеру - кәсiпкерлiк субъектiлерінің Қазақстан Республикасының темiр жол саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың iс-әрекетi;
      29) қол жүгi - жолаушының вагонда өзiмен бiрге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен көлемi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын жеке заттары;
      30) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж;
      30-1) әлеуметтiк мәнi бар қатынастар - әлеуметтiк мәнiн:
      облысаралық қатынастарда - Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар; <*>
      31) арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс қажеттерiне арналған арнаулы жүктердi тасымалдау;
      32) тасымалдануға болатын мерзiм - тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының барынша шектi мерзiмi;
      33) станциялық жолдар - кiрме жолдарды қоспағанда, темiр жол станциясының шекарасындағы темiр жолдар;
      33-1) тасымалдау - багажды, жүктердi, жүк-багажды жөнелту пунктiнен межелi пунктiне апару мақсатында орындалатын тасымалдаушының, магистралдық темiр жол желiсi операторының, локомотивтiк тартқыш операторының өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы; 
      34) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасында көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын орталық атқарушы орган; <*>
      35) локомотивтiк тартқыштың қызметтерi - темiр жолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер; 
      36) магистралдық темiр жол желiсiнiң қызметтерi - магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер;
      37) кiрме жолдардың қызметтерi - кiрме жолдарды пайдалануға беру бойынша көрсетiлетiн қызметтер;
      38) тасымал процесiнiң қатысушысы - темiр жол көлiгi саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға, соның iшiнде тармақ иеленушi, контрагент және клиент; 
      39) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымал төлеушісі ретінде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға. 
       Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N  596 , 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       2-бап. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясат

      1. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясат:
      1) көлiк рыногының барлық субъектiлерiнiң темiр жол көлiгi қызметiне еркiн қол жеткiзуi;
      2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау;
      3) тасымалдардың барлық қатысушылары үшiн құқықтық және экономикалық кепiлдiктердiң бiрыңғай стандартын қолдану принциптерiн негiзге алып, халықтың, экономиканың және мемлекеттiң тасымалдарға қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасауға бағытталған.
      2. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаты:
      1) темiр жол көлiгiнiң магистралдық темiр жол желiсiн дамыту;
      2) тасымалдарды дамыту;
      3) тасымалдардың қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темiр жол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру;
      5) темiр жол көлiгiнде еркiн кәсiпкерлiкке жағдай жасау және шаруашылық қызметiне мемлекеттiк органдардың заңсыз араласуына жол бермеу; <*>
      6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту;
      7) магистралдық темiр жол желiсiнiң бiрыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау;
      8) қоршаған ортаны қорғау;
      9) темiр жол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру;
      10) темiр жол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
      3. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру уәкiлеттi органға және құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдарға жүктеледi.
       Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       3-бап. Темiр жол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк,
             жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалын
             ұйымдастыру негiздерi

      1. Темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және  почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.
      2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.
      3. Өзiнiң тартқыш көлiгi (локомотивi) жоқ тасымалдау процесiне қатысушы локомотивтiк тартқыштың операторымен жасалған шарт негiзiнде локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi пайдаланады. <*>
       Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       4-бап. Темiр жол көлiгi туралы заңдар

      1. Темiр жол көлiгi туралы заңдар Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

       5-бап. Темiр жол көлiгiнiң ортақ және жеке
             пайдаланылатын объектiлерi

      1. Магистралдық темiр жол желiсi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темiр жол көлiгiнiң объектiсi болып табылады, жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен Ұлттық темiр жол компаниясына берiледi. <*>
      2. Магистралдық темiр жол желiсiне жатпайтын темiр жолдар жеке пайдалану объектiсi болып табылуы және жеке меншiкте болуы мүмкiн.
       Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       6-бап. Магистралдық темiр жол желiсi

      1. Тасымалдаушылар магистралдық темiр жол желiсi бойынша тасымалдарды магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану ережелерiне сәйкес жүргiзедi.
      2. Тасымалдаушы магистралдық темiр жол желiсi көрсеткен қызметтер үшiн магистралдық темiр жол желiсiнiң операторына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi. <*>
      3. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы магистралдық темiр жол желiсi көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистралдық темір жол желiсiн пайдалануға бiрдей құқық беруге мiндеттi.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өткiзу қабiлетiнiң шектелуiне байланысты тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру мүмкiндiгi болмаған кезде, тасымалдау тасымалдаушылардың магистралдық темiр жол желiсi көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзу ережелерiнде көзделген  тәртiппен  конкурстық негiзде жүзеге асырылады. <*>
      4. Ұлттық темiр жол компаниясы магистралдық темiр жол желiсiн салуды, күтiп ұстауды және жаңғыртуды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады.
      Жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады. <*>
       Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

         6-1-бап. Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану
               кезiнде туындайтын мiндеттемелердi
               бұзғаны үшiн жауаптылық

      Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады.
      Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       7-бап. Темiр жол қатынасын тоқтату

      Мемлекеттiк меншiк болып табылатын темiр жол бойынша темiр жол қатынасын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

       8-бап. Темiр жол көлiгiндегi шарттар

      1.  Тасымалдау шарттарының  мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнде , осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерiнде белгiленедi. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгiлеуге ерiктi.
      2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттық темiр жол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттiк басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады.
      3. Тасымалдаушы өздерiнiң құзыретiне сәйкес мәлiмделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттiк органдардың жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) орындауға мiндеттi. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы мәлiметтер болуға тиiс. 
      4. Темiр жол көлiгiмен халықаралық қатынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүктi және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi.
      Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi бiрiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн Ұлттық тасымалдаушыға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi. <*>
       Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       9-бап. Жылжымалы құрамды тiркеу

      Жылжымалы құрам уәкiлеттi орган белгiлеген  тәртiппен  мiндеттi мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

       10-бап. Лицензиялау

      Темiр жол көлiгiндегi қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.  Z952200  (IV тарау);  P980714  (2 тарау);  V042720  

         11-бап. Сертификаттау

      1. Темiр жол көлiгiнiң қызметiне жататын өнiмдердi, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мiндеттi сертификаттау Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  P050367  ("Мiндетті түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызметтердiң тiзбесiнде" (22. Темiр жол саласының өнімдері) тарауын қараңыз) 
      2. Шет мемлекет берген сертификатты Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес мемлекеттiк сертификаттау жүйесi таныған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледi.

       12-бап. Тарифтер және ақы төлеу

      1. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы көрсететiн қызметтердiң бағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. <*>
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi жолаушылардың халықаралық және облысаралық қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. Жергiлiктi өкiлдi органдар жолаушылардың ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. <*>
      2-1. Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушының залалдары Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен  субсидияланады . <*>
      3. Халықаралық қатынаста тарифтi (тасымалдау ақысын) қолдану ережесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленедi.  Z990386  (2 қосымша);  Р971114  (2 қосымша);   Р950203 P940474  (2 қосымша).
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен  (күшіне ену тәртібін Заңның 2-бабынан қараңыз), 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).  

         13-бап. Тасымалдауға талап қою құқығын беру

      Жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша жүзеге асырылмаған (толық көлемiнде жүзеге асырылмаған) тасымалға алдын ала ақы төленген жағдайда, жүк жөнелтушi ақша қаражатын қайтарып алуға немесе тасымалдаушының келiсiмiмен осы тасымалға талап ету құқығын басқаға беруге құқылы.

  2-тарау. ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГIНДЕГI БАСҚАРУ 

       14-бап. Темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк басқару

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң темiр жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
      1) темiр жол көлiгiн дамыту тұжырымдамалары мен бағдарламаларын бекiту;
      2) Ұлттық темiр жол компаниясының мәртебесiн белгiлеу;  P020310   P020479   P041228
      3) Ұлттық темiр жол компаниясы мен тасымалдаушылардың тасымалды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн белгiлеу;  V042874  
      4) магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану  ережелерiн  бекiту;
      5) магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру  ережелерiн  бекiту;
      6) магистралдық темiр жол желiсiне кiретiн магистралдық жолдардың  тiзбесiн  бекiту; 
      7) темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарда жолаушылардың, азаматтардың болу және объектiлер орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiр жолдар арқылы жүру және өту  ережелерiн  бекiту;
      8) әскери және арнаулы тасымалдарды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
      9) темiр жол көлiгiнiң мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмiнiң, жұмыстарының, көрсетiлетiн қызметтерiнiң тiзбесiн бекiту;
      10) темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету  тәртiбiн  айқындау; <*>
      11) тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау  ережелерiн  бекiту; 
      12)  әлеуметтiк  мәнi бар облысаралық қатынастарды айқындау;<*>
      13)  алып тасталды
      14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiм қабылдау;
      15) тасымалдауды шектеу туралы, Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багаж, жүк және жүк-багаж әкелуге, әкетуге, транзиттiк тасымалдауға тыйым салу туралы шешiм қабылдау;
      16)  алып тасталды
      2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) темiр жол желiсiн және темiр жол көлiгiн дамыту жөнiндегi тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзiрлеу;
      2) темiр жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;  V011587   V032645  
      3) магистралдық темiр жол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту; 
      4) жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау ережелерiн, техникалық пайдалану ережелерiн бекiту;  V042810   V043294  
      5)  алып тасталды
      6) жылжымалы құрамды тiркеу тәртiбiн белгiлеу;  V021948  
      7) тасымалдауды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға жасалған шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету  тәртiбi  мен шараларын белгiлеу;
      8) жүру қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистралдық темiр жол желiсiнiң, темiр жолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату;
      9) темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң  тiзбесiн  бекiту; 
      10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      11)  алып тасталды
      12) темiр жол көлiгi қызметкерлерiн кәсiби ерекшелiк белгiсiмен марапаттау тәртiбiн бекiту;
      13) жүру қауiпсiздiгi талаптары бұзылуының мемлекеттiк статистикалық есептiлiгiн жүргiзу;
      14) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарау;  V010155  
      15) темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк  ережелерiн  бекiту; 
      16) экспедиторлар қызметiнiң  тәртiбiн  айқындау;
      17) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметiнiң  тәртiбiн  айқындау;
      18) локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетудi ұсыну  тәртiбiн  айқындау;
      19) ортақ пайдаланылатын кiрме жолдарға қойылатын  талаптарды  айқындау;
      20) магистралдық темiр жол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
      21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
      22) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн шикiзатты, материалдарды, отынды, энергияны жұмсау нормативтерiн бекiту;
      23) тасымалдаушылардың магистралдық темiр жол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзу  ережелерiн  табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
      24) бәсекелес кiрме жолы жоқ тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушiлердiң, контрагенттердiң және басқа тұлғалардың кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзу  ережелерiн  табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
      25) кiрме жолдардағы жұмыс  ережелерiн  бекiту;
      26) қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оны пайдалану режимiн айқындау және жердi бөлiнген белдеуде темiр жол көлiгiнiң қажетi үшiн пайдалану жөнiндегi  ережелердi  бекiту;
      26-1) жеке және заңды тұлғалардың темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттiк бақылау және оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөнiндегi шараларды қолдану;
      26-2) көлiк қызметтерiн көрсету саласындағы лицензиялық ережелердiң сақталуын мемлекеттiк бақылау;
      27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындау жатады. 
      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының темiр жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
      1) ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешiмдi тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешiм қабылдау; 
      2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешiм қабылдау жатады.
       Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.  

       15-бап. Ұлттық темiр жол компаниясы

      1. Ұлттық темiр жол компаниясы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.  P020310   P041389  
      2. Ұлттық темiр жол компаниясы магистралдық темiр жол желiсi операторының функциясын орындайды. 
      3.  алып тасталды
       Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

         15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушы

      1. Ұлттық тасымалдаушы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.  V042810   V043294  
      2. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi; соның iшiнде арнайы және әскери жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетедi.
      Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       16-бап. Тасымалдау процесiн басқару

      1. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы тасымалдау процесiн орталықтандырылған басқаруды және ұйымдастыруды жүзеге асырады, магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану ережелерiне сәйкес тасымалдаушылармен шарттар жасасады.  P040424  
      2. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы техникалық пайдалану ережелеріне сай келмейтін жылжымалы құрамды магистралдық темiр жол желiсiне жiбермеуге мiндеттi.  V032292   V032463  

       17-бап. Темiр жол станциясы

      1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темiр жол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады. <*>
      2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темiр жол станциялары жұмыс режимiнiң  талаптарын , сондай-ақ оларды  ашу және жабу  тәртiбiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елдi мекендердiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайды. <*>
      3. Шекара, кеден, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа органдар темiр жол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн темiр жол станциясының  жұмыс режимiнде  жүзеге асырады.
      4. Темiр жол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткiзуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
      5. Темiр жол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi. <*>
       Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен , 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  3-тарау. ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГIНІҢ ҚАЖЕТIНЕ АРНАЛҒАН ЖЕР
ЖӘНЕ ҚОРҒАЛАТЫН АЙМАҚТАР

       18-бап. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер

      1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушыларға өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.
      2. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге мынадай темiр жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға:  K030442   Z947000  
      1) магистралдық жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен құрылыстарға (темiр жол төсемi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);
      2) кiрме жолдарға;
      3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация ғимараттарымен, құрылыстарымен, қорғаныш және бекiткiш екпе ағаштарымен, арнаулы темiр жол көлiгiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк және басқа да объектiлерiмен бiрге темiр жол станцияларына бөлiнген жерлер жатады.
      3. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.  Z947000  
      4. Тасымал процесiне қатысушы өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.

       19-бап. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi
              бөлу мен пайдалану тәртiбi

      1. Жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  K030442  
      2. Жер учаскелерi темiр жолдар мен темiр жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн нормативтер бойынша берiледi.
      3. Бөлiнген белдеудегi темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.  V042989  

       20-бап. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары

      1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге бөлiнген белдеуге жанасатын жер учаскелерiндегi объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлерiне шек қойылады немесе тыйым салынады.
      2. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темiр жол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады.
      3. Темiр жол көлiгi қорғалатын аймақтарының жерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар бұл жердi белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.  K030442 ( 114-бап  4-п.;  121-бап 123-бап )  K030477 ( 44-бап 87-бап )

       21-бап. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi пайдалануды
              шектеу

      1. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында:
      1) темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келiсiмiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;
      2) көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады.  K030477 ( 92-бап 93-бап )
      2. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықта болады.

  4-тарау. ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГI ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

       22-бап. Темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек
              қатынастарын реттеу ерекшелiктерi

      1. Темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының  еңбек туралы  заңдарымен, осы Заңмен, бас келiсiммен, салалық (тарифтiк) келiсiмдермен, жеке еңбек және  ұжымдық шарттармен  реттеледi.
      2. Темiр жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi кәсiби даярлығы мен денсаулығы жөнiнен уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сай болуға тиiс.  V053506  
      3. Темiр жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi жұмыс режимiнiң ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

       23-бап. Темiр жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан
              шеттетудiң қосымша негiздерi

      1. Қазақстан Республикасының  еңбек туралы  заңдарында көзделген негiздемелерден басқа уәкiлеттi органның, магистралдық темiр жол желiсi операторының талап етуi бойынша жұмыс берушi мынадай жағдайларда:
      1) магистралдық темiр жол желiсi диспетчерлiк қызметiнiң, операторының тасымалдау процесi мен поездар жүрiсiн басқаруға байланысты нұсқауларын орындамағаны үшiн;
      2) жұмыс уақытының режимiн бұзғаны үшiн темiр жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
      2. Жұмыстан шеттетiлген кезеңге жалақы сақталмайды.
      Қызметкердi жұмыстан шеттету осыған негiз болған себеп анықталғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн.

       24-бап. Нысанды киiм және айырым белгiлерi

      Темiр жол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiсi бар нысанды киiм берiлуге тиiс.

   5-тарау. <*>

       ЕСКЕРТУ. 5-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.05.08. N 414  Заңымен.

  6-тарау. ЖҮРУ ҚАУIПСIЗДIГI, ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГIНIҢ
ЖҮКТЕРI МЕН ОБЪЕКТIЛЕРIН КҮЗЕТУ, ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА
ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

       30-бап. Жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, темiр жол
              көлiгiнiң көлiк және өзге де техникалық
              құралдарын пайдалануды ұйымдастыру

      Темiр жол көлiгiнiң ұйымдары азаматтардың өмiрi мен денсаулығына, жолаушылардың жол жүруіне қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ магистралдық, станциялық және кiрме жолдармен жүру қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға мiндеттi.  P031248   V043069  
      Жүру қауiпсiздiгi азаматтардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымал процесiне қатысушыларға авариясыз жұмыс iстеуiне жағдайлар туғызуға, магистралдық темiр жол желiсiн, темiр жолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен тетiктердi ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал авариялардың зардаптарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.

       31-бап. Жүру қауiпсiздiгi жөнiндегi негiзгi талаптар

      1. Темiр жолдар, темiр жол станцияларының, вокзалдардың және темiр жол көлiгi ұйымдарының тасымалдау процесiне байланысты өзге де объектiлерiнiң аумақтары аса қауiптi аймақтар болып табылады және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес олардың белгi беретiн қоршауы болуға тиiс.  P031248   P031249   V043069  
      2. Темiр жол көлiгiнiң объектiлерi, сондай-ақ қауiптi жүктердi өндiру, тиеу, түсiру (жүктен босату), сақтау және тасымалдау жүзеге асырылатын объектiлер елдi мекендерден, өнеркәсiп, ауылшаруашылық кәсiпорындары мен басқа да кәсiпорындардан, жекелеген ғимараттар мен құрылыстардан уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес қажеттi қашықтықта болуға тиiс.
      3. Темiр жолмен қиылысатын немесе оларға жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын жүргiзу және басқа құрылыстар салу мен пайдалану кезiнде белгiленген нормативтердiң сақталмағаны үшiн, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауiпсiздiгi үшiн олардың меншiк иелерi мен иеленушiлерi ортақ жауаптылықта болады.
      Аталған құрылыстардың иеленушiлерi тасымал процесiне қатысушыларды және мемлекеттiк көлiк бақылау органдарын жүру қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн аварияның немесе авариялық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.
      4. Қауiптi жүктердi жөнелтiп және алып отыратын жөнелтушi (жүк жөнелтушi), алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауiпсiз тасымалдануын қамтамасыз етуге мiндеттi, оларда авариялық жағдайларды және олардың зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жұмылдыру бөлiмшелерi (соның iшiнде шарт бойынша) болуға тиiс.
      Қауiптi жүктердi тасымалдау процесiнде туындаған авариялық жағдайлар кезiнде жөнелтушiлер (жүк жөнелтушiлер), алушылар (жүк алушылар), тасымал процесiне қатысушылары аталған бөлiмшелердiң оқиға орнына жедел түрде жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.  P031248   P031249  
      5. Тасымалдау процесiне қатысушылар қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзғаны және олардың зардаптары үшiн (қоршаған ортаның ластануы, поездар жүрiсiндегi үзiлiстер және басқалары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. <*>
      6. Жүру қауiпсiздiгi мен жылжымалы құрамды және темiр жол көлiгiн және тасымалдау процесiмен байланысты басқа да техникалық құралдарды пайдалану ережелерiн бұзғаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылықта болады.  K010155 ( 439 441 481-баптар ) К970167 ( 295-бап )
      7. Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi локомотивтiк тартқыш қызметiн көрсету кезiнде оның жарамды жай-күйiн, соның iшiнде пайдалануға технологиялық дайындығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.  V032463  <*>
       Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

         32-бап. Жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын
              тексеру

      1. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдардағы жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.  P031249   V043069  
      2. Лауазымдар (кәсiптер) тiзбесiн, лауазымдарға (кәсiптерге) қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби даярлық деңгейiн, лауазымға (кәсiпке) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.  V053506  <*>
      3. Тасымалдаушының және магистралдық темiр жол желiсi операторының кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктi және жүк-багажды тиеу, түсiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырған кездегi тексеруге қатысу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
       Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       33-бап. Жүктердi және объектiлердi күзету

      1. Тасымалдаушы және магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы:
      1) тасымалдау кезiнде жүктердiң сақталуын;
      2) уәкiлеттi орган бекiтетiн  тiзбеге  сәйкес өздерiнiң қарауындағы темiр жол көлiгi объектiлерiнiң күзетiлуiн;
      3) темiр жол көлiгiнде өртке қарсы алдын алу жұмыстарының жүргiзiлуiн және өрт сөндіруді қамтамасыз етуге мiндетті.  V990866   (14-тарау)   V032613  
      2. Темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген  тәртiппен  әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетiн қамтамасыз етуге мiндеттi. <*>
      3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы тасымалдау ережелерiнде  белгiленген тiзбе мен тәртiпке  сәйкес жүктердiң жекелеген түрлерiн өз өкiлдерiнiң (жолсерiктердiң) жолбасшылығы арқылы тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      4. Жүк жөнелтушi, жүк алушы осы бапта көзделген тiзбеге енбейтiн жүктердi күзетудi және оларға жолбасшылық жасауды тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асыра алады.
      5. Темiр жол көлiгiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын және қылмысқа қарсы күрестi iшкi iстер органдары қамтамасыз етедi.  P050291   V001340   V021938  
       Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       34-бап. Ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру

      1. Тасымалдаушы, магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы мен тармақ иеленушi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi шараларды шұғыл түрде қолдануға мiндеттi.
      Осы шараларды жүзеге асыру және қолдану үшiн оларда тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын материалдық және техникалық құралдардың қажеттi қоры болуға тиiс.
      2. Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi 10-шараларды жүргiзуге, төтенше немесе соғыс жағдайы режимiн енгiзуге байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. <*>
       Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       35-бап. Темiр жол көлiгiнiң ерекше жағдайлардағы
              iс-әрекетi

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде тасымалдаушының шарттық қатынастары мемлекеттiк органдардың өз құзыретiне сәйкес қабылдаған шешiмдерi негiзiнде осы уақытқа тоқтатылуы мүмкiн.
      2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген және тасымалдауға кедергi келтiретiн өзге де жағдайлар кезiнде магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы темiр жол қатынасының жекелеген бағыттарында тасымалдауға байланысты қызметтер көрсетудi уақытша тоқтату не шектеу туралы шешiм қабылдай алады.
      Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы мұндай шешiмнiң қолданылу мерзiмiн белгiлеуге, сондай-ақ уәкiлеттi органды, тасымалдаушыларды, клиенттерді және өзге де мүдделі тұлғаларды шұғыл түрде хабардар етуге мiндеттi.
      3. Клиентке багажды, жүктi және жүк-багажды жеткiзiп беру, беру жөнiндегi шартты тиiстi тұрғыда орындамауға әкеп соқтырып, сақтаудың шектi мерзiмiнiң өтiп кетуiне ұрындырған осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған мән-жайлар туындаған кезде тасымалдаушы багажды, жүктi және жүк-багажды жөнелтушiге, жүк жөнелтушiге олардың есебiнен қайтаруға құқылы.

  7-тарау. ЖYК ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

       36-бап. Жүк тасымалдау шарты

      1.  Жүк тасымалдау шартына  сәйкес тасымалдаушы жүк жөнелтушi өзiне сенiп тапсырған жүктi оның тасымалдау талаптарын сақтай отырып, баратын темiр жол станциясына дер кезiнде әрi сол күйiнде жеткiзiп беруге және жүк алушыға тапсыруға мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүк тасымалына ақы төлеуге және оны қабылдап алуға мiндеттенедi.
      2. Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау шарты  темiр жол көлiгi   жүкқұжатын  толтыру арқылы ресiмделедi.
      3. Жүк жөнелтушiге темiр жол көлiгi жүкқұжатының негiзiнде жүк қабылданғаны туралы квитанция берiлген кезден бастап жүк тасымалдау шарты жасалды деп есептеледi.  V043294 ( 15,   17-қосымшалар )

       37-бап. Тасымалдау шартының талаптарын өзгерту

      1. Тасымалдау шартының талаптарын өзгерту, соның iшiнде  жүктiң барар жерiн өзгерту  тараптардың келiсiмi бойынша тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Кедендiк бақылаудағы  жүктiң барар жерiн өзгерту  тиiстi кеден органының келiсiмi болған кезде жүргiзiледi.
      Кедендiк бақылаудағы жүктi тасымалдау адамдардың денсаулығы мен өміріне, жүру қауiпсiздiгiне, экологиялық қауіпсiздiкке, жүктiң сақталуы мен сапалық жай-күйiне қатер төндiрген жағдайда жүктiң барар жерiн өзгерту, кеден органын белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде хабардар ете отырып, олардың келiсiмiнсiз жүзеге асырылады.
      3. Бұдан әрi тасымалдау жүру қауiпсiздiгi мен жүктiң сақталуына қатер төндiретiн жағдайда, тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) хабардар ете отырып, жүктi қайта тиеуге құқылы.
      4. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар өздерінің құзыретiне сәйкес жүкті тасымалдаушыдан алып қоюға құқылы. Бұл орайда тасымалдаушының жүктi тасымалдау және сақтау жөнiндегi шығыстарын, сондай-ақ оған келтiрiлген зиянды кiнәлi тарап өтеуге тиiс.

       38-бап. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт

      1. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы жүктi белгiленген мерзiмдерде қабылдауға, ал жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға келiсiлген көлемде тапсыруға мiндеттенедi.
      2. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымал көлемдерi, мерзiмдерi, сапасы, көлiк құралдарын берудiң және жүктердi тасымалдауға ұсынудың талаптары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың осы Заңда және тасымалдау ережелерiнде көзделмеген басқа да талаптары белгiленедi.
      3. Тасымалдаушы мен жүк жөнелтушi жүйелi түрде тасымалдауды жүзеге асыру қажет болған кезде тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасауы мүмкiн.

       39-бап. Құқықтар мен мiндеттердiң ауысуы

      1. Жүктiң баратын жерiне жеткiзiлгенi туралы хабарланған кезден бастап тасымалдау шарттары бойынша құқықтар мен мiндеттер жүк алушыға ауысады.
      2. Жүк алушы жүк жөнелтушiнiң дұрыс емес iс-әрекеттерi салдарынан тасымалдаушыға төленген шығыстар мен залалдардың орнын толтыруды жүк жөнелтушiден талап етуге құқылы.

       40-бап. Жүк тасымалдау ережелерi

      1. Жүк тасымалдау ережелерi жалпы ережелердi қамтиды, сондай-ақ мыналарды:
      1)  тасымалдарды жоспарлау ;
      2) тасымалдау жоспарын орындаудың  есеп карточкасын жасау ;
      3) жүктердi тасымалдауға  қабылдау ;
      4) жүктердi  беру ;
      5) вагондар мен контейнерлердi пломбалау үшiн бекiту-пломбалау құрылғыларын  қолдану ;
      6) жүкқұжаты мен тасымалдау құжаттарын  ресiмдеу ;
      7) жаппай тасымалданатын жүктердi маршруттармен және вагондар тобымен бiр жүкқұжаты бойынша  тасымалдау ;
      8) құндылығы жарияланған жүктердi  тасымалдау ;
      9) жүктi вагон таразыларында өлшеу дәлдiгi  нормалары ;
      10) жүк массасының табиғи азаю  нормалары ;
      11) тасымалдар бойынша  есептер V043294  (24-қосымша)
      12) вагондарды беруге-алып кетуге шарттар  жасасу  және осындай шарттардың мiндетті талаптары; <*> 
      13) тиеу және түсiру  мерзiмдерi V043294  (23-қосымша)
      14) жеткiзiп беру мерзiмдерiнiң және жеткiзiп беру  мерзiмдерiн  есептеу ережелерi;  V043294  (25-қосымша)
      15)  сақтау V043294  (26-қосымша)
      16) жүктi  ұстап қалу , жүктердi мемлекеттiк органдарға тапсыру;
      17)  жүктiң барар жерiн өзгерту , жүк жөнелтушiге қайтару;
      18)  бос  және  үйiп тиелген  жүктi  тасымалдау ;
      19) ашық жылжымалы құраммен  тасымалдау ;
      20) жолсерiктердiң жолбасшылығы арқылы  тасымалдау ;
      21) жөнелтушi маршруттарымен  тасымалдау ;
      22) ұсақ және шағын тонналық жөнелтiлiмдермен  тасымалдау ;
      23) контейнерлермен және көлiктiк пакеттермен  тасымалдау ;
      24) мұз болып тоңазыған жүктердi  тасымалдау ;
      25) тез бүлiнетiн жүктердi  тасымалдау V043294 ( 38-қосымша . Басқа тез бүлінетін жүктерді  тасымалдаудың шекті мерзімдері; 39-қосымша)
      26) жануарлар мен құстарды  тасымалдау ;
      27) ветеринариялық, фитосанитариялық бақылауға жататын жүктердi  тасымалдау ;
      28) тар табанды темiр жолдармен тасымалдау;
      29)  актiлер жасау ;
      30) вагондар, контейнерлер, түсiретiн тасымалдау аспаптары бөлiктерiнiң құнын өтеу;
      31) сұйық жүктердi құйып алу арқылы вагон-цистерналарда және бункерлiк жартылай вагондарда тасымалдау;
      32) қауiптi жүктердi  тасымалдау ;
      33) арнайы зерттеулер мен сараптамалар  жүргiзу  талаптары мен тәртiптерiн;
      34) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де талаптарды белгiлейдi.
      2. Жүк тасымалдау ережелерiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.  V043069   V053562  <*>
       Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       41-бап. Жүктi тиеу, түсiру (жүктен босату)

      1. Жүктi тиеудi және түсiрудi (жүктен босатуды) тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдау ережелерiнде немесе шарттарында көзделген  тәртiппен және мерзiмде  жүзеге асырады.
      1-1.  Кедендiк тексерiп қарау  мақсатында  орналасуы  кеден органдарымен келiсiлген ортақ пайдаланылатын кiрме жолдарда жүктi, жүк-багажды вагондарға, контейнерлерге тиеудi, сондай-ақ олардан түсiрудi тасымал процесiне қатысушылар жүзеге асыруы мүмкiн.
      Бұл қызмет Қазақстан Республикасының  кеден  заңдарында көзделген  кедендiк тексерiп қарау актiсi  көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылады.
      Тасымалдау процесiне қатысушылардың тауарларды тиеуге (түcipугe), зақымдалған буманы жөндеуге, буманы ашуға, буып-түюге немесе қайта буып-түюге, сондай-ақ вагондарды, контейнерлердi беруге және алып кетуге, санитарлық паспорттар беруге, жүктердi, контейнерлердi сақтауға байланысты шығыстары және кеден органдарының не өзге де мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының бастамасы немесе нұсқауы бойынша осы жұмыстарды орындауға байланысты туындаған басқа да шығыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде жүк жөнелтушілер, жүк алушылар есебiнен өтеледi. <*>
      2. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға жүру қауiпсiздiгi, жүктiң және жылжымалы құрамның сақталуы қамтамасыз етiлетiндей етiп дайындауға мiндеттi.
      3. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының құралдарымен жүктi тиеуге, түсiруге (жүктен босатуға) вагондар, контейнерлер беру уақыты туралы берерден кемiнде екi сағат бұрын оларды хабардар етуге мiндеттi.
      4. Егер тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта өзгеше белгiленбесе, тасымалдаушы  тасымалдау ережелерiнде  көрсетiлген тәртiппен жүктiң баратын станцияға жеткiзiлгендiгi туралы жүк келген күннен кейiнгi тәулiкте күндiзгi сағат он екiден кешiктiрмей жүк алушыны хабардар етуге мiндеттi.
      5. Егер шарт талаптарында көзделген болса, тасымалдаушы жүк алушыға немесе экспедиторға оның атына жүк келе жатқандығы туралы алдын ала хабар беруi мүмкін. <*>
      6. Жүк алушы өзiнiң атына келген жүктi қабылдап алуға, жылжымалы құрамды босатуға және оны тазалауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Жылжымалы құрамды тазалау  тасымалдау ережелерiнде  көрсетiлген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       42-бап. Жүк тасымалдарын жоспарлау

      1. Тасымалдаушы жүк тасымалдауды ұйымдастыру шарттарына және берiлген өтiнiмдердiң негiзiндегi тасымалдау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.  V043294  
      2. Жүктердi тасымалдауға берiлетiн өтiнімнiң нысаны, оны ресiмдеу, толтыру, орындау, өзгерiстер енгiзу және есепке алу тәртiбi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
      3. Халықаралық қатынастағы тасымалдарға өтiнiм беру Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.  P940474  
      4. Тасымалдаушы, осы Заңмен және тасымалдау ережелерiмен көзделген жағдайларда, жүктердi тасымалдау өтiнiмiн қабылдаудан бас тарта алады.

       43-бап. Темiр жол көлiгi жүкқұжаты

      1. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға әрбiр жөнелтiлiм үшiн  темiр жол көлiгi жүкқұжатын , ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қажеттi жағдайларда өзге де құжаттарды ( сертификатты лицензияны ветеринариялық куәлiктi кедендiк декларацияларды ) тапсыруға мiндеттi.
      2. Темiр жол көлiгi жүкқұжаты мен өзге де тасымалдау құжаттарының  нысаны , оларды ресiмдеу  тәртiбi  тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
      3. Жүк жөнелтушi жүкқұжатқа енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығы, сондай-ақ ол темір жол көлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң қателiгiнен, дәл еместiгiнен немесе толық еместiгiнен болған барлық зардаптар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауаптылықта болады.  K970167   K990409   K010155   K030401  

       44-бап. Тасымалдау құжаттарын тексеру

      1. Тасымалдаушы темiр жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексередi, ол үшiн:
      1) жүкке тексеру жүргiзуге;
      2) жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан, экспедитордан және вагондардың (контейнерлердiң) операторынан  заңды тұлғаның тiркелгендiгi  туралы нотариус куәландырған  куәлiктiң  көшiрмесiн алуға; <*>
      3) жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор және вагондардың (контейнерлердiң) операторы ретiндегi жеке тұлғалардың өз басын куәландыратын құжаттарын тексеруге құқылы. <*>
      2. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың өкiлi тасымалдаушыға жүктi қабылдауға (жөнелтуге) немесе беруге (алуға)  сенiмхат  тапсыруға мiндеттi.  V043294 ( 5-тарау  127-т.;  19-тарау  403-т.)  
      3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында және 2-тармағында көрсетiлген мәлiметтердiң қандай да болмасын өзгерiстерi туралы жүктi қабылдағанға немесе бергенге дейiн тасымалдаушыға хабарлауға мiндеттi.
       Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       45-бап. Вагондарды, контейнерлердi беру және алып кету

      1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiге вагондарды, контейнерлердi қабылданған өтiнiмде және (немесе) шартта белгiленген мерзiмдерде жүк тиеуге беруге және оларды алып кетуге мiндеттi. Берiлген вагондар, контейнерлер мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн  тасымалдау ережелерiне  сәйкес (жарамды, iшi мен сырты тазаланған) болуға тиiс.
      Вагондарды, контейнерлердi тиеуге дайындау вагондар мен (немесе) контейнерлер меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi болатын тұлғаның есебiнен және  тасымалдау ережелерiне  сәйкес айқындалатын мерзiмдерде жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      2. Вагондарға жүк тиеу тасымалдаушының құралдарымен жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа кезде, мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн жүк жөнелтушi вагондар мен контейнерлердiң коммерциялық тұрғыдан жарамдылығын анықтайды.
      Жүк жөнелтушi тиiстi жүктердi тасымалдауға берiлген жарамсыз көлiк құралдарынан бас тартуға құқылы.
       Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       46-бап. Вагондарды, контейнерлердi пломбалау

      1. Жүк тиелген вагондар мен контейнерлер:  V043294  
      1) егер жүктi тасымалдаушы тиеген болса, соның бекiту-пломбалау құрылғыларымен;
      2) егер жүктi жүк жөнелтушi, порт, айлақ тиеген болса, онда жүк жөнелтушiнiң, порттың, айлақтың бекiту-пломбалау құрылғыларымен пломбаланады.
      2. Вагондар, контейнерлер кедендiк тексеру үшiн ашылған жағдайда, оларды жаңа бекiту-пломбалау құрылғыларымен пломбалауды кеден органдары тасымалдау ережелерiне сәйкес, қолдануға рұқсат етiлген бекiту-пломбалау құрылғыларының түрлерiмен жүзеге асырады.
      3. Кеден органдары қолданған бекiту-пломбалау құрылғылары жүк жөнелтушi мен тасымалдаушының бекiту-пломбалау құрылғыларына теңестiрiледi.

       47-бап. Тасымалдау ақысы

      1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк тасымалдау ақысын және тасымалдаушыға тиiстi өзге де төлемдердi жүк жөнелтушi, экспедитор жүк жөнелтiлгенге дейiн төлейдi.  K990409   V043294  
      Бұл орайда жүк тасымалдау ақысы жүк тасымалы жүзеге асырылатын ең қысқа ара қашықтыққа есептеп алынады.
      2. Жүктi тасымалдауға және беруге байланысты түпкiлiктi есеп айырысуды жүк алушы жүк жеткiзiлген кезде жүргiзедi.
      3. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың тасымалдар үшiн берешегi болған, сондай-ақ олар төлемдердi дер кезiнде жасамаған жағдайда, бұдан кейiн тасымалдаушы борыш өтелгенге дейiн тасымалдау шартын жасасудан бас тарта алады.
      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген iс-әрекеттер жүзеге асырылған жағдайда, кiнәлi тарап (жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор) тасымалдаушыға вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақыны бүкiл кiдiрiс уақытына қоса төлейдi.
      5. Жүк тасымалына ақы - жүктi тасымалдауға қабылдаған күнi, ал жүк жеткізілген кезде есеп айырысқан ретте жүк берiлген күнi төленедi. <*>
       Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       48-бап. Жүктi жеткiзу мерзiмдерi

      1. Тасымалдаушы жүктi тасымалдау ережелерiне сәйкес шартта белгiленген мерзiмде баратын темiр жол станциясына жеткiзуге мiндеттi.  K990409   V043294  
      2. Егер жүктi жеткiзiп беру мерзiмi өткенге дейiн тасымалдаушы оны түсiрсе немесе жүк алушының түсiру үшiн (жүктен босату үшiн) белгiлеген жерiне түсiруге (жүктен босатуға) жеткiзiп берсе, жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi.
      3. Егер жүктiң түсiруге (жүктен босатуға) берiлуi жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң кiнәсiнен (түсiру орнының бос болмауы, жүк тасымалдау ақысының және тасымалдаушыға тиiстi өзге де төлемдердiң төленбеуi) кешiктiрiлген жағдайда, жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi.

       49-бап. Темiр жолдарда вагондарды, контейнерлердi
              пайдаланғаны және олардың бос тұрғаны
              (кiдiртiлгенi) үшiн төлем

      1. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, тармақ иеленушi вагондардың, контейнерлердiң өздерiнде болған уақыты үшiн, тиеу (түсiру) және маневрлiк жұмыстар үшiн қажеттi уақытты қоса алғанда, тасымалдаушыға вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн  тасымалдау ережелерiнде  белгiленген төлем жасайды.
      Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
      2. Жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың, тармақ иеленушiлердiң кiнәсiнен магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда тиеуге (түсiруге) қажеттi уақыттан артық вагондардың бос тұрғаны және контейнерлердiң кiдiртiлгенi үшiн олар аталған темiр жолдарды босатпаған уақыты үшiн тасымалдаушының магистралдық темiр жол желiсiнiң операторына төлеген шығыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi.  
      (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз.  P960070  (133-134-тармақтар).
      Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       50-бап. Жүктi беру кезiнде тексеру

      1. Тасымалдаушы жүктi беру кезiнде оны:  V043294  
      1) бұзылған вагонда, контейнерде келген;
      2) жолдағы темiр жол станцияларының бекiту-пломбалау құрылғыларымен бекiтiлген, сондай-ақ бекiту-пломбалау құрылғылары бұзылған вагондарда, контейнерде келген;
      3) ашық жылжымалы құрамда немесе бекiту-пломбалау құрылғылары жоқ жабық вагондарда тасымалданған кезде, егер мұндай тасымалдар тасымалдау ережелерiнде көзделген болса, жетiспеу, бұзылу (бүлiну) белгiлерiмен келген;
      4) тез бүлiнетiн жүктердi рефрижератор вагондарда тасымалдаған кезде жеткiзiп беру мерзiмi бұзылып немесе температуралық режим бұзылып келген;
      5) тасымалдаушы тиеген;
      6) түсiрудi тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайларда тексередi.
      2. Тасымалдаушы ыдыстағы және жеке-дара жүктердi тек бүлiнген жерлердегi жүктiң салмағы мен жай-күйiн тексерiп бередi. Ыдыстың бұзылғаны немесе жүктiң жай-күйiне әсер етуi мүмкiн басқа да жағдайлар байқалған кезде, тасымалдаушы бұзылған жерлердегi жүкке тексеру жүргізеді.
      3. Жүктi беру кезiнде оның салмағын тексеру оны тиеген кездегi салмағын анықтау тәсiлiмен жүргiзiледi.
      Егер жүктiң жөнелту станциясында анықталған салмағы баратын станциясындағы салмағымен салыстырғанда тасымалдау ережелерiне сәйкес белгiленген салмақтың шектi ауытқу және табиғи азаю нормасынан аспаса, жүктiң салмағы дұрыс деп есептеледi.
      4. Жүк алушы мен тасымалдаушыда вагонды өлшейтiн таразылар болмаған жағдайда, бос және үйiп тиелген жүктер салмақтары тексерiлмей берiледi.

       51-бап. Жүктiң жетiспеу, бұзылу (бүлiну) мөлшерiн
              анықтау

      1. Жүктiң жоғалғаны, жетiспейтiнi немесе бұзылғаны (бүлiнгенi) байқалған жағдайда тасымалдаушы мен жүк алушы нақты зиянның мөлшерiн бiрлесiп анықтайды.
      2. Тасымалдаушының немесе жүк алушының бастамасы бойынша жүктiң жетiспеуiнен, бүлiнуiнен немесе бұзылуынан болған нақты зиянның мөлшерiн анықтау жөнiнде сараптама немесе өзге де қажеттi зерттеу жүргiзiлуi мүмкiн.
      3. Сараптама немесе өзге де қажеттi зерттеу жүргiзуге байланысты шығыстар кiнәлi тарапқа жүктеледi.

       52-бап. Төлем бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету
              жөнiндегi шаралар

      1. Тасымалдаушы өзiне тасымалдау үшiн берiлген жүктi тасымал төлемiн және басқа да тиесiлi төлемдердi қамтамасыз ету үшiн ұстап қалуға құқылы.
      2. Соттардың және өзге де уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша жүк (алып қойылған,  тәркiленген иесiз деп танылған ) сатылған жағдайда, тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты шеккен шығыстары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерiн орындауға құзыреттi тұлғалардың атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау жөнiндегi шығыстар ретiнде өтеледi.  V043294  

       53-бап. Жүк алушының мiндеттемелерiн бұзуының салдары

      1. Жүк алушы жүктi алу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындаудан жалтарған жағдайда тасымалдаушы жүк келген кезден бастап жетi тәулiк (тез бүлiнетiн жүктерге қатысты - екi тәулiк) өткен соң жүк жөнелтушiнi жүкке оның иелiк ету қажеттiгi туралы хабардар етуге мiндеттi. Жүк жөнелтушi мұндай хабарламаны алған кезден бастап төрт тәулiк (тез бүлiнетiн жүкке қатысты - екi тәулiк) iшiнде жүкке иелiк етуге мiндеттi.  K941000  
      2. Жүк жөнелтушiнiң тез бүлiнетiн жүкке қалай иелiк ету жөнiндегi нұсқауы болмаған, жүктi сақтау оның бұзылуына әкелiп соғуы мүмкiн болатын жағдайда тасымалдаушының оны сатуға құқығы бар.
      Тез бүлiнетiн жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi барлық төлемдердi шегергеннен кейiн жүк жөнелтушi үшiн нотариустың атына депозит шартымен салынады.
      3. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын алған кезге дейiн жүктi жүк алушыға беруге құқылы.  K990409
      4. Жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмде алмаған жағдайда тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға құқылы.

       54-бап. Жүктiң тиiстi емес жүк алушының атына келуi

      1. Жүк алушының атына берiлуi шартта көзделмеген жүк келген, сондай-ақ атауы темір жол көлiгі жүкқұжатында көрсетілген атауға сәйкес келмейтiн жүк келген жағдайда:  V043294  (368-т.)
      1) жүк алушы жүктiң келгенi жөнiнде хабарлама алған кезден бастап бiр тәулiк iшiнде тасымалдау шарты бойынша өзiнiң тиiстi тарап еместiгi туралы тасымалдаушыға жазбаша хабарлама жiберуге мiндеттi;
      2) тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi жүкке иелiк ету қажеттiгi туралы дереу хабардар етуге мiндеттi, ал жүк жөнелтушi төрт тәулiк (тез бүлiнетiн жүктерге қатысты - екi тәулiк) iшiнде жүкке иелiк ету туралы жазбаша нұсқау беруге мiндеттi.
      2. Темiр жол жүкқұжатында көрсетiлген жүк алушы тасымалдаушыға тиiстi барлық төлемдердi төлеген жағдайда, оның жүктi алуға құқығы бар.
      3. Жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде алмаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.

       55-бап. Жүк тасымалдауға кедергiлер

      1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жүктi тасымалдауға кедергiлер туындағаны (кеден және өзге де мемлекеттiк органдардың кiдiртуi) және мұндай жүктi одан әрi тасымалдау үшiн басқа тасымалдаушыларға тапсыру мүмкiн еместiгi туралы жасалған шартқа сәйкес, дереу телеграф арқылы немесе өзге тәсiлмен жүк жөнелтушінi немесе экспедиторды хабардар етуге мiндеттi. <*>
      Жүк жөнелтушi, сондай-ақ экспедитор, егер шартта оған осындай мiндеттемелер жүктелген болса, жүк тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      2. Тасымалдаушы үшiн белгiленген жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi жүк жөнелтушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жүктi кiдiрткен уақытқа ұзартылады.
      3. Экспорттық және импорттық жүктi кiдiрткен уақыты үшiн кiнәлi тұлға тасымалдаушыға - вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы, ал транзиттiк жүктi кiдiрткен уақыты үшiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.
      4. Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы тасымалдаушыдан хабарлама алған кезден бастап сегiз тәулiк (тез бүлiнетiн жүктерге қатысты - төрт тәулiк) iшiнде кідіртілген жүктерге қатысты шара қолданбаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы. <*>
       Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

  8-тарау. КIРМЕ ЖОЛДАР

       56-бап. Кiрме жолдарды пайдалану шарттары

      1. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптарына сай келуге, жылжымалы құрамды магистралдық жолдарда рұқсат етiлетiн техникалық жүктеме нормасымен өткiзудi қамтамасыз етуге тиiс.  P960070   V043179  
      2. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары жүктi ырғақты тиеудi, түсiрудi (жүктен босатуды), жүк айналымына сәйкес маневрлiк жұмысты, сондай-ақ жылжымалы құрамды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге тиiс. <*>
      3. Кiрме жолды оны салу немесе шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде пайдалану қысқа мерзiмдi шарт талаптарымен жүзеге асырылуы мүмкiн.  P960070  <*>
      4. Кiрме жолдардағы қозғалысқа қызмет көрсету және оны ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты тасымалдау ережелерiне сәйкес темiр жол желiсiнiң операторы әзiрлеп, бекiтедi.  V043294  
       Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       57-бап. Кiрме жолдардың жалғасуы

      1. Кiрме жолдардың магистралдық және станциялық жолдарға жалғасуы уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.  V043179   V043294  
      2. Жаңадан салынып жатқан кiрме жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуына тармақ иеленушiнiң келiсiмiмен рұқсат берiледi. <*>
      3. Жаңа салынып жатқан кiрме жолдар жалғасқан немесе пайдаланылып жүрген кiрме жолда тасымалдау көлемi ұлғайған жағдайда, кiрме жолдар, темiр жол станцияларын салу, магистралдық темiр жол желiсiнiң бұрыннан бар темiр жол станцияларын дамыту құрылыс бастамашысының қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн. <*>
       Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

         57-1-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсету

      1. Тармақ иеленушiлер жылжымалы құрамды өткiзу, оның тұруы, вагондарды, контейнерлердi беру-алып кету және кiргiзу-шығару үшiн, жүктердi қабылдау, тиеу (түсiру), беру жөнiндегi операцияларды, маневрлiк жұмыстарды және өзге де операцияларды жүзеге асыру үшiн тасымалдау процесiне қатысушыларға кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөнiндегi шарттың негiзiнде кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге құқылы.  V043179  
      2. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлем алады.
      3. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсетудi тасымал процесiне қатысушылардың тең құқықпен пайдалануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 57-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       58-бап. Кiрме жолдардағы жүру қауiпсiздiгi талаптарының
              сақталуын тексеру ерекшелiктерi

      1. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы кiрме жолдар бойынша қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын, сондай-ақ тиеу (түсiру) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру және маневрлiк жұмыс кезiнде  қауiпсiздiк  талаптарының сақталуын тексеруге құқылы. <*>
      2. Мемлекеттiк көлiк бақылау органы, магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы кiрме жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгiне, жылжымалы құрамның, контейнерлердiң, жүктiң сақталуына қатер төндiретiн ақаулар тапқан жағдайда,  анықталған бұзушылықтар туралы акт  жасайды.
      Тармақ иеленушi аталған актiнiң негiзiнде кiрме жолдар қызметiн көрсетуді тоқтата тұруға мiндеттi.
      Тармақ иеленушi анықталған  бұзушылықтарды  актiде көрсетiлген мерзiмдерде жоймаған жағдайда, магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы кiрме жолдарға жылжымалы құрамды берудi және оны алып кетудi тоқтатуға құқылы. <*>
      3. Анықталған жолсыздықтар актiде көрсетiлген мерзiмде жойылмаған жағдайда уәкiлеттi орган кiрме жолды одан әрi пайдалануды тоқтату туралы шешiм қабылдайды. Анықталған жолсыздықтар жойылғаннан кейiн уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде кiрме жолды қайтадан пайдалануға жол берiледi.
      4. Кiрме жолдардағы жылжымалы құрамды және контейнерлердi беру мен алып кетудi, маневрлiк жұмыстарды тоқтата тұрудың әрбiр жағдайы туралы магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы немесе тасымалдаушы мемлекеттiк көлiк бақылау органына жазбаша хабарлауға және кiрме жолдағы қауiпсiздiктiң бұзылуы туралы акт жасалған кезден бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей осы актiнi жiберуге мiндеттi.
      Аталған жағдайда тармақ иеленушi шарт бойынша, оның iшiнде контрагентпен жасалған шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн толық мүлiктiк жауаптылықта болады.
       Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       59-бап. Магистралдық темiр жол желiсi операторының
              өкiмдерiн кiрме жолдарда орындаудың мiндеттiлiгi

      Кiрме жолдарда қызметтiк мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер магистралдық темiр жол желiсi операторының маневрлiк жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi өкiмiн орындауға мiндеттi.

       60-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын
              шарттар

      1. Тасымалдау процесiне қатысушылардың кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөнiндегi өзара қатынастары шартпен айқындалады.  P960070  
      2. Тармақ иеленушi бiр жақты тәртiппен:
      1) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шарт талаптарын өзгертуге;
      2) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шартты бұзуға;
      3) тасымалдау процесiне қатысушылар кiрме жолдар қызметтерiн көрсету шартын өздерi бұзған жағдайларды қоспағанда, олардың тең қол жеткiзу принципiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
       Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       61-бап. Келiспеушiлiктердi сотқа дейiн реттеу

      Кiрме жолдарды пайдалануға, вагондарды беруге-алып кетуге шарт жасасу кезiнде туындаған дауларды, сондай-ақ оларды өзгерту мен толықтыру жөнiндегi келiспеушiлiктердi сотқа дейiн реттеу тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.  V043294  (294-т.)  

       62-бап. Кiрме жолдарда вагондар мен контейнерлердiң
              сақталуы үшiн жауапкершiлiк

      Кiрме жолдарда жүктер мен жылжымалы құрамның сақталуына қабылдаушы тарап жауапты болады. Тармақ иеленушiнiң алдындағы контрагенттiң жауаптылығы тармақ иеленушiнiң тасымалдаушы алдында жауап беретiн ережелерi сияқты ережелермен белгiленедi.  P960070  

       63-бап. Вагондар мен контейнерлердiң кiрме жолдарда тұру
              уақытын есепке алу

      Вагондар мен контейнерлердiң кiрме жолдарда тұру уақытын есепке алу тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Вагондар мен контейнерлердi кiрме жолдарда қабылдау орны және тәртiбi шартпен белгiленедi.  V043294 ( 11-тарау  303-т.;  22-тарау  492-т.)  

  9-тарау. ЖОЛАУШЫЛАРДЫ, БАГАЖДЫ, ЖYК-БАГАЖДЫ ЖӘНЕ почта жөнелтiлiмдерiн ТАСЫМАЛДАУ

       64-бап. Жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру

      Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындайды.  P041462  
      Ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаудың ұйымдастырылуын жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар немесе тасымалдаушы айқындайды.
       Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       65-бап. Жолаушыны, багажды және жүк-багажды тасымалдау
              шарты

      1. Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес поезда орын берiп, оны баратын жерiне жеткiзуге мiндеттенедi, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге мiндеттi.  K990409   V042810  
      2. Багажды, жүк-багажды тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы багажды, жүк-багажды баратын жерiне жеткiзiп беруге, ал жөнелтушi оның тасымалдау ақысын төлеуге мiндеттi.
      3. Жолаушыны тасымалдау шарты - жол жүру құжатымен (билетпен), багажды тасымалдау -  багаж квитанциясымен , жүк-багажды тасымалдау  жүк-багаж квитанциясымен  ресiмделедi.
      4. Тасымалдаушы жолаушы айтқан, баратын станцияға дейiн  жол жүру құжатының  (билеттiң) сатылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.  V042810 ( 2-тарау 1-қосымша )  
      5. Жолаушыға жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын бермеген немесе тасымалдауды жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны баратын жерiне жеткiзуге немесе жолаушыға шартты тиiсiнше орындамаудан келтiрiлген барлық залалды өтеуге мiндеттi.
      6. Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң)  нысаны , оларды сату тәртiбi мен қолданылу мерзiмдерi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.

       66-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды
              тасымалдау ережелерi

      Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерiнде:
      1) жол жүру құжаттарын (билеттердi)  сату , олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру;
      2) жолаушылар вагонының  санаты , оның iшiнде жайлылық деңгейi бойынша санаты;
      3) жолаушыларға жолаушылар поездары мен вокзалдарда жедел медициналық көмек көрсетудi қоса алғанда, мiндеттi түрде көрсетiлетiн қызметтердiң  тiзбесi ;
      4) жолаушылардың  жол жүру жағдайының өзгеру , поездарда төсекорын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету шарттары мен тәртiбi;
      5) жолаушының жол бойында аялдама жасауын (он күнге дейiн) ресiмдеудiң  тәртiбi ;
      6) қол жүгiн алып жүру  тәртiбi  мен шарттары;
      7) багажды,  жүк-багажды   қабылдаудың  және  берудiң  талаптары мен тәртiбi;
      8) тасымалдау құжаттарының  нысандары  және оларды ресiмдеудiң тәртiбi;
      9) тасымалдауға рұқсат етiлетiн жануарлардың  тiзбесi , оларды тасымалдаудың тәртiбi мен талаптары;
      10) жол бойында  багаж  бен  жүк-багажды  берудiң тәртiбi;
      11)  багаж  бен  жүк-багажды  қайта жөнелтудiң тәртiбi мен талаптары;
      12) багаж бен жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру  тәртiбi ;
      13) қауiптi заттарды тасымалдаудың  тәртiбi ;
      14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) үшiн төлемдердi қайтару  тәртiбi ;
      15) кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру  ережелерi ;
      16) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де жағдайлар белгiленедi.
      Тасымалдаушылардың жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.  V043069  <*>
       Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       66-1-бап. Тасымалдаушылардың жолаушылар, багаж және
                жүк-багаж тасымалдау ережелерiн сақтауын
                бақылауды жүзеге асыру ережелерi

      Тасымалдаушылардың уәкiлеттi орган белгiлеген жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау ережелерiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережелерiнде:
      1) жолаушылардың поездарда жол жүру ережелерiн сақтауы;
      2) қол жүгiн және багажды алып жүру тәртiбi мен шарттарын сақтау;
      3) тасымалдаушылардың жүк-багажды алып жүру тәртiбiн сақтауы;
      4) жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн сақтау;
      5) тасымалдаушылардың жолаушылар вагонының белгiленген санатын, оның iшiнде жайлылық деңгейi бойынша санатын сақтауы;
      6) жолаушылар поездары мен вокзалдарда жолаушыларға шұғыл медициналық көмек көрсетудi қоса алғанда, мiндеттi түрде көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн сақтау;
      7) жолаушының жол жүру жағдайының өзгеру, поездарда төсек-орын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету тәртiбiн сақтауы;
      8) тасымалдаушылардың багажды, жүк-багажды қабылдау және беру шарттары мен тәртiбiн сақтауы;
      9) тасымалдау құжаттарының белгiленген нысандарының және оларды ресiмдеу тәртiбiнiң сақталуы;
      10) тасымалдаушылардың тасымалдауға рұқсат етiлетiн жануарларды алып жүру тәртiбiн, оларды тасымалдау шарттарын сақтауы;
      11) тасымалдаушылардың жол бойында багажды және жүк-багажды беру тәртiбiн сақтауы;
      12) тасымалдаушылардың багажды және жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру тәртiбiн сақтауы;
      13) тасымалдаушылардың қауiптi заттарды тасымалдау шарттарын сақтауы;
      14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшiн төлемдердi қайтару тәртiбiнiң сақталуы;
      15) кәмелетке толмаған балалардың жол жүру ережелерiн сақтауы;
      16) бақылаушы органның лауазымды адамдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтауы және олардың жолын кесу;
      17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де шарттардың сақталуы айқындалады.
      Ескерту. 66-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       66-2-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды
                тасымалдау ережелерiн тексерудi жүргiзудiң
                тәртiбi

      1. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерiнiң сақталуы бойынша тасымалдаушыларды тексерудi қызметтiк куәлiктерiн және тексеру жүргiзу үшiн берiлген нұсқаманы көрсете отырып, уәкiлеттi органның лауазымды адамдары жүзеге асырады.
      2. Тексеру аяқталғаннан кейiн тексеру актiсi жасалады, бұзушылық анықталған жағдайда оларды жою туралы нұсқама берiледi.
      Ескерту. 66-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.  

       67-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жолаушының:  V042810  
      1) поездар жүретiн маршруттар бойынша жолаушылар операциялары үшiн ашық, өзi атаған баратын станциясына дейiн кез келген поезға және кез келген вагонға жол жүру құжатын (билет) сатып алуға;
      2) сатып алған жол жүру құжатына (билетке) сәйкес поездағы вагоннан орын алуға;
      3) өзiмен бiрге жетi жасқа дейiнгi бiр баланы, егер бала жеке орын алатын болмаса - ақысыз және жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларды жол жүру ақысының елу процентiн төлеп алып жүруге құқығы бар.
      Басқа мемлекеттердiң жолаушы вагондарында және басқа мемлекеттердiң аумағы бойынша Қазақстан Республикасының жолаушы вагондарында тасымалдау кезiнде осы құқықты беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады;
      4) бiр толық жол жүру құжатына немесе баланың жол жүру құжатына салмағы отыз бес килограмнан аспайтын қол жүгiн өзiмен бiрге ақысыз алып жүруге құқығы бар. <*>
      Салмағы бұдан асатын қол жүгi багаж вагонына тапсырылуға тиiс;
      5) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiп бойынша тасымалдаушыға жол жүру құжатын (билеттi) қайтарып тапсыруға және тасымалдаушыдан жол жүру және багажды алып жүру ақысын (ал жөнелтушi - багаж, жүк-багаж тасымалының ақысын) қайтарып алуға;
      6) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн ұзартуға;
      7) жол бойында аялдама жасап, тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жол жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн он күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға;
      8) бос орындар болған және сатып алынған жол жүру құжатына (билетiне) өзгерiстер енгiзген жағдайда, жол жүру құжаты (билет) сатып алынған поездан бұрын жүретiн жолаушы поезымен жүруге;
      9) белгiленген ақысын төлеп, багажын тасымалдауға тапсыруға құқығы бар.
      2. Жолаушы:
      1) қала маңындағы қатынас поездарын қоспағанда, жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде, поезға отырғызу кезiнде жол бойында жол жүру құжатын (билеттi) тексерген кезде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;
      2) поезға отырғызған кезде және жол үстiнде сапар аяқталғанға дейiн оның жол жүру құжаты (билетi) болуы;
      3) қоғамдық тәртiптi, жолаушы вагондарын және вокзал үй-жайларын пайдалану ережелерiн сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға мiндеттi.
       Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       68-бап. Багажды және жүк-багажды тасымалдау

      1. Тасымалдаушы жолаушыдан немесе жөнелтушiден багажды және жүк-багажды қабылдап алуға және осы операциялар үшiн ашық кез келген темiр жол станциясына дейiн жөнелтуге мiндеттi.
      Жөнелтушiнiң багажы, жүк-багажы таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiледi. Бұл орайда тасымалдаушы жолаушының багажын, жүк-багажын бiрiншi кезекте жөнелтудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Жолаушының жол жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген маршрут бойынша жеткiзiлетiн багаж, жүк-багаж жолаушы отырған поезбен немесе таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiлуге тиiс.
      2. Жолаушы (жөнелтушi) багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға құқылы, ал жүк-багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға мiндеттi. <*>
      3. Багажбен, жүк-багажбен тасымалдауға өзiнiң мөлшерiне, буып-түйiлуiне және қасиеттерiне қарай багаж вагонына қиындықсыз тиелiп, орналастырылатын және тасымалдаушының мүлкiне және басқа жолаушылардың (жөнелтушiлердiң) багажына, жүк-багажына зиян келтiрмейтiн заттар мен нәрселер қабылданады.  V042810  
       Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       69-бап. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi

      1. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi тасымалдауды жүзеге асыратын поездың қозғалыс кестесiне сәйкес баратын темiр жол станциясына дейiн жүру уақытымен айқындалады.
      Егер багажды, жүк-багажды тасымалдау жол жүру барысында ауыстырып тиеу арқылы жүзеге асырылса, онда жеткiзiп беру мерзiмi әрбiр ауыстырып тиеу үшiн бiр тәулiкке арттырылады.
      2. Жолаушыға, алушыға багаж, жүк-багаж баратын станцияда багаж, жүк-багаж квитанциясын және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн берiледi.
      3. Багажды, жүк-багажды беру жолаушылар тасымалы жөнiндегi операциялар үшiн станция ашық болған уақыт iшiнде жүргiзiледi.

       70-бап. Сақтаудың шектi мерзiмi аяқталуының салдары

      1. Жолаушы, алушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды, жүк-багажды алмаған жағдайда, тасымалдаушы оны баратын станцияда, келген күнiнен бастап - отыз күн бойы, ал кедендiк бақылаудағы багаж бен жүк-багажды он бес күн бойы сақтауға мiндеттi.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған сақтаудың шектi мерзiмi аяқталысымен, тасымалдаушы багаж бен жүк-багажды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (салық, кеден және өзге де) билiгiне бередi. Осы кезден бастап жолаушы, жөнелтушi, алушы оларға құнын өтеу немесе багажды, жүк-багажды алу мәселесi бойынша өтiнiш жасауға құқылы.
      3. Багаж, жүк-багаж (алып қойылған, тәркiленген, иесiз деп танылған) соттардың және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша сатылған жағдайда тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты шеккен шығыстары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешімдерін орындауға құзыретті тұлғалардың атқарушылық іс-әрекеттерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстары ретінде өтеледі.

       71-бап. <*>

       Ескерту. 71-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       72-бап. Почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау

      Почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгiленген тәртiппен почта вагондарымен жүзеге асырылады. 
       Ескерту. 72-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

  10-тарау. ТАСЫМАЛДАУДАН ТУЫНДАЙТЫН МIНДЕТТЕМЕЛЕР БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШIЛIК

       73-бап. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны
              үшiн жауапкершiлiк

      1. Тасымалдаудан туындайтын мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнде , осы Заңда және темiр жол көлiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалған шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауапты болады. <*>
      Мiндеттеменi бұзған тарапты жауапқа тарту, құқығы бұзылған тараптың талап етуi бойынша ғана жүргiзiледi.
      2. Тараптардың осы Заңда белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою мақсатындағы келiсiмдерi жарамсыз болып табылады.
      Тараптар өзара келiсiм бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн ұлғайта алады, сондай-ақ тасымалдау шарты бойынша қосымша жауапкершiлiк көздей алады.
      3. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершiлiктерi осы Заңда, жүктердi, жолаушыларды тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ тасымалдаушылар арасындағы шарттарда белгiленедi.
      4. Тасымалды бiрнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда олар жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) алдында багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жоғалғаны, жетiспеушiлiгi, бұзылғаны (бүлiнгенi), жеткiзiп беру мерзiмiн өткiзiп жiбергенi үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады.
      5. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жауапқа тартылса, оның кiнәлiлерге керi талап қоюға құқығы бар.
       Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       74-бап. Тұрақсыздық айыбы

      1. Жүк тасымалы бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн кiнәлi тарап Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда немесе шартта белгiленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      2. Тасымалдаушыға тиiстi төлемдi мерзiмiн өткiзiп төлегенi үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде бөтен адамдардың ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны үшiн белгiленген жауапкершiлiк мөлшерiнде тұрақсыздық айыбы алынады.
      3. Тараптардың өзге шарттары болмаған ретте төлем жасалған сомадан, ең алдымен - тұрақсыздық айыбының сомасы, ал қалған бөлiгiнен борыштың негiзгi сомасы өтеледi.

       75-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген
              зиян үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi

      Тасымалдаушы жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жауапты болады.
      Жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi жолаушының поезда отырған және вокзал аумағында поезға отырғызу (одан түсiру) кезiнде туындайды.

       76-бап. Тасымалдаушының багажды, жүктi, жүк-багажды
              жоғалтқаны, олардың жетiспеуi немесе бұзылуы
              (бүлiнуi) үшiн жауапкершiлiгi

      1. Тасымалдаушы жүктi, багажды, жүк-багажды тасымалдауға алған кезден бастап жүк алушыға, алушыға берген кезге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Багажды, жүктi, жүк-багажды жоғалтқаны, оның жетiспеуi, бұзылуы (бүлiнуi) үшiн мүлiктiк жауапкершiлiк оларды қабылдаған - тапсырған кезден бастап ауысады.
      3. Тасымалдауға құндылығы жарияланбай қабылданған жүктi жоғалтқаны, оның жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) үшiн тасымалдаушы мына мөлшерде:
      1) жоғалтқан немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген жүктiң құны мөлшерiнде;
      2) бұзылған (бүлiнген) жағдайда - жүктiң құны төмендеген сома мөлшерiнде жауапты болады.
      Жүктiң құны сатушының шотында, шартта көрсетiлген баға негiзге алынып, ал ол болмаған кезде салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас тауарлар үшiн алынатын баға негiзге алынып анықталады.
      4. Тасымалдауға құндылығы жарияланып тапсырылған багаж бен жүк-багажды, сондай-ақ жүктi жоғалтқаны, олардың жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) үшiн тасымалдаушы жарияланған құндылығы мөлшерiнде жауапты болады.
      5. Тасымалдаушы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген зиянның орнын толтырумен бiрге, егер тасымал ақысы олардың құнына кiрмейтiн болса, клиентке жоғалтқан, жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) багажды, жүктi, жүк-багажды тасымалдау үшiн алған тасымал ақысын қайтарады.
      6. Багаж, жүк, жүк-багаж жеткiзiп беру мерзiмiнен жетi күн өткеннен кейiн жоғалды деп есептеледi.
      Багаж, жүк, жүк-багаж аталған мерзiм өткеннен кейiн келген жағдайда, алушы оларды қабылдай алады және тасымалдаушының жоғалтқаны үшiн төлеген сомасын қайтара алады.
      7. Егер тасымалдаушы жүктiң немесе багаждың жоғалуы, жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүктiң немесе багаждың жоғалуына жауап бередi.
      8. Темiр жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмейтiн жүктi берген жағдайда, мұндай жүктi тасымалдаушы тиеген болса, ол жүк алушы алдында жүктiң темiр жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген құны мөлшерiнде, оны жоғалтқанмен бiрдей жауапкершiлiкте болады.

       77-бап. Жүк тасымалдау жоспары бойынша өтiнiмдердi
              орындамағаны үшiн жауапкершiлiк

      1. Тасымалдаушы қабылданған өтiнiмге сәйкес көлiк құралдарын бермегенi, ал жүк жөнелтушi жүктi ұсынбағаны, сондай-ақ берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн, айлық есептiк көрсеткiш шамасынан мынадай мөлшерде процентпен есептелетін айыппұл түрінде өзара мүлiктiк жауапкершiлiкте болады:
      1) жүктi контейнерлермен тасымалдағанда:
      брутто салмағы қоса алғанда бес тоннаға дейiн әр контейнер үшiн он бес процент;
      брутто салмағы қоса алғанда бес тоннадан он тоннаға дейiн әр контейнер үшiн отыз процент;
      брутто салмағы он тоннадан артық әр контейнер үшiн алпыс процент;
      2) жүктi рефрижератор вагондардан, транспортерлардан басқа вагондарда тасымалдаған кезде - әр вагон үшiн бiр жүз елу процент;
      3) рефрижератор вагондарда, транспортерларда тасымалдаған кезде - әр вагон, транспортер үшiн екi жүз тоқсан процент.
      2. Жүктi (вагондармен ғана тасымалдау белгiленген) тар табанды темiржол желiлерiмен тасымалдаған кезде - осы баптың 1-тармағында көзделген айыппұлдардың елу процентi мөлшерiнде мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
      3. Жүк тасымалдау өтiнiмiн орындамағаны үшiн айыппұл вагондарды, контейнерлерді пайдаланғаны үшiн төлемге қарамастан алынады.
      4. Тасымалдаушының қабылданған өтiнiмге сәйкес жылжымалы құрамның берiлмегенi үшiн айыппұл төлеуi оны жылжымалы құрамды беру жөнiндегi одан әрi атқаратын мiндеттемелерден босатпайды. Жылжымалы құрам жүк жөнелтушiмен келiсiлген ұзартылған мерзiмде берiлмеген жағдайда, егер тасымалдаушы жылжымалы құрамның берiлмеуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, тасымалдаушы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 5 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi. <*>
       Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп
              алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн
              жауапкершiлiк

      1. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жүк алушы, сондай-ақ басқа да тұлғалар өздерiне тиесiлi емес вагондарды, контейнерлердi өздерiнiң тасымалдары, жүктерiн сақтауы үшiн пайдалануға, сондай-ақ олардың иелерiнiң рұқсатынсыз, егер бұл тиiстi шарттарда көзделмесе, тиеу үшiн пайдалануға құқығы жоқ.
      2. Мұндай талапты сақтамағаны үшiн кiнәлi тарап вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы төлеумен қатар көлiк құралдары иесiнiң алдында вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы мөлшерiндегi айыппұл түрiнде мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген айыппұлды төлеу кiнәлi тарапты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленген иеленушi алдындағы мүлiктiк жауапкершiлiктен босатпайды.

       79-бап. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерiн бұзғаны үшiн
              жауапкершiлiк

      1. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әр тәулiгi үшiн, соның iшiнде тiкелей аралас қатынаста тасымалдаған кезде жолдың темiр жол бөлiгi үшiн, егер тасымалдаушы мерзiмнiң өтiп кеткенi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүк алушыға темiр жол көлiгiмен тасымалдағаны үшiн тасымал төлемiнiң бес процентi мөлшерiнде, бiрақ тасымал төлемiнiң елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
      Тасымалдаушыға тиесiлi емес бос вагондарды жеткiзiп беру мерзiмiн өткiзiп жiбергенi үшiн де тасымалдаушыдан осы мөлшерде айыппұл алынады.
      2. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор Қазақстан Республикасы заңдарының тауарлар экспортына, импортына, транзитiне арналған құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi талаптарын бұзғаны, оның салдары кеден, шекара немесе бақылау жасау түрлерiнiң басқа да органдарының вагондар мен контейнерлердi кiдiртiп қоюына әкеп соққаны үшiн тасымалдаушының пайдасына вагондарды, контейнерлердi пайдалану ақысы мөлшерiнде айыппұл алынады.

       80-бап. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды жеткiзiп
              беру мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк

      1. Тасымалдаушы багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әр тәулiгi үшiн жолаушыға, алушыға, егер мерзiмнiң өтiп кетуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жол жүру ақысының он процентi мөлшерiнде, бiрақ жол жүру ақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
      Жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кетуi багаж, жүк-багаж жеткiзiлуге тиiс тәулiктегi сағат жиырма төрттен бастап есептеледi.
      2. Багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмдерiн бұзғаны үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының, алушының өтiнiшi бойынша жалпы нысандағы актiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      3. Жолаушылар тасымалдайтын жолаушы поезының жөнелтiлуiн кiдiрткенi, сондай-ақ баратын темiр жол станциясына кешiгiп келгенi үшiн тасымалдаушы, егер кiдiру немесе кешiгу тежеусiз күштiң салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жолаушының шеккен залалын өтей отырып, оған кешiккен әр сағат үшiн жол жүру құжаты (билетi) құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      Өндiрiп алынған айыппұлдың сомасы жол жүру құжатының (билеттiң) құнынан аспауға тиiс.
      Жолаушы поезының кешiккенi үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.

       81-бап. Багажды, жүктi, жүк-багажды тасымалдау
              шарттарын бұзып тасымалдауға ұсынғаны үшiн
              жауапкершiлiк

      1. Темiр жол көлiгi жүкқұжатында жүктiң атауын, оның ерекше қасиеттерiн немесе қажеттi алдын ала сақтық шараларын дұрыс көрсетпегенi, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған жүктi жөнелткенi үшiн жүк жөнелтушiден тасымалдаушының пайдасына осы жағдай салдарынан келтірілген шығындарды өтеумен қатар, тасымалдау құнының бес есе мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
      2. Багажды, жүк-багажды жөнелтушi тасымалдауға тыйым салынған багажды, жүк-багажды тасымалдағаны үшiн тасымалдаушы алдында тасымалдау құнының бес есе мөлшерiндегi айыппұл түрiнде жауапты болады, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

       82-бап. Вагонға, контейнерге артық жүк тиегенi үшiн
              жауапкершiлiк

      Вагонға, контейнерге жүк көтерiмдiлiгiнен (сыйымдылығынан) артық жүк тиегенi үшiн жүк жөнелтушiден тасымалдаушының пайдасына келтiрiлген залалдарды өтеумен қатар, тасымал ақысының елу процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
       Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       83-бап. Вагондарды, контейнерлердi жүктi түсiргеннен
              кейiн тазаламағаны үшiн жауапкершiлiк

      1. Тасымалдаушының тазаланбаған вагонды, контейнердi қабылдаудан бас тартуға құқығы бар. Вагонның, контейнердiң тазалауда тұрған уақытына жүк алушы тасымалдаушыға пайдаланғаны үшiн ақы төлейдi.
      2. Вагонды, контейнердi тазалаудан бас тартқаны үшiн жүк алушыдан тасымалдаушының пайдасына тазалау жөнiндегi жұмыс құнының екi есе мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.

       84-бап. Жылжымалы құрамды, контейнерлердi, түсiретiн
              тасымалдау құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны
              үшiн жауапкершiлiк

      Жылжымалы құрамды, контейнерлердi, түсiретiн тасымалдау және пакеттеу құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн кiнәлi тараптан меншiк иесiнiң (иеленушiнiң) пайдасына жоғалған мүлiктiң немесе қажеттi жөндеудiң құны, сондай-ақ жоғалған мүлiк немесе қажеттi жөндеу құнының елу процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.

       85-бап. Вагондарды кiрме жолдарға берудi, олардан алып
              кетудi кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiк

      1. Вагондарды кiрме жолдарға беру және олардан алып кету, кiрме жолдарды пайдалану шарттары бойынша тасымалдаушы темiр жолдардың кiрме жолдарындағы тиеу және түсiру (жүктен босату) орындарына (орындарынан) вагондарды берудi, алып кетудi, қабылдауды кешiктiргенi үшiн әр вагонға сағатына айлық есептiк көрсеткiш шамасының 1,7 процентi мөлшерiнде айыппұл төлеу түрiнде жауаптылықта болады.
      Айыппұл аталған шарттарда көзделген вагондарды беру, алып кету мерзiмiн бұзған кезден бастап кешiктiрiлген бүкiл уақытқа есептеледi.
      2. Вагондарды отыз минуттан аз уақытқа кешiктiру есепке алынбайды. Вагондарды отыз минуттан бiр сағатқа дейiнгi мерзiмге кешiктiру толық бiр сағатқа есептеледi.

       86-бап. Жауапкершiлiктен босату

      1. Тараптар тасымалдау шартынан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн.
      2. Егер мiндеттемелердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау:
      1) тежеусiз күштiң, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;
      2) әскери iс-қимылдың, төтенше жағдай енгiзудiң;
      3) осы Заңда белгiленген тәртiппен жарияланған жүк тасымалын, поездардың жүруiн тоқтатудың немесе шектеудiң салдарынан болса, тараптар жауапкершiлiктен босатылады.

       87-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату

      1. Тасымалдаушы осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа мынадай:
      1) жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының), экспедитордың кiнәсiнен мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған;
      2) онкүндiктiң жекелеген күндерiнде вагондарды, контейнерлердi бермеудiң орнын осы күнтiзбелiк онкүндiк iшiнде жүк жiберушiнiң келiсiмi бойынша толтырған;
      3) вагондар мен контейнерлердi беру осы Заңның 47-бабының 3-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған немесе жүктердiң жөнелтiлуi кiдiртiлген;
      4) жүк алушының жүктi дер кезiнде түсiрмеуi және алып кетпеуi салдарынан жүк бұзылған (бүлiнген);
      5) багаж, жүк, жүк-багаж жөнелтушi (жүк жөнелтушi) бекiткен ақаусыз бекiту-пломбалау құрылғылары бар ақаусыз вагонда, контейнерде не ақаусыз жылжымалы құрамда жолшыбай ауыстырып тиелмей, ақаусыз қорғаныш таңбамен немесе дұрыс байламмен келген, сондай-ақ багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сақталғандығын куәландыратын басқа да белгiлерi болған;
      6) жүк ерекше табиғи қасиеттерiне байланысты, сондай-ақ оны тасымалдау құжаттарында тасымалдау немесе сақтау кезiнде ерекше жағдайды немесе алдын ала сақтандыру шараларын қажет ететiн ерекше қасиеттерiн көрсетпей тапсыру салдарынан сақталмаған;
      7) егер тиеу немесе түсiру (жүктен босату) жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының құралдарымен жүргiзiлiп, жүк жабық вагонға, контейнерге тиелген, түсiрiлген (жүктен босатылған);
      8) жүк ашық жылжымалы құраммен тасымалдануына байланысты табиғи себептердiң салдарынан сақталмаған;
      9) жүк жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жолсерiгiнiң жолбасшылығымен тасымалданған;
      10) жүк жөнелтушi темiр жол көлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтер қате, дәл емес немесе толық емес болған;
      11) жүк салмағындағы табиғи азаю, ылғалдылықтың төмендеу нормалары шегiндегi айырмашылық және таразылар көрсетуiндегi нормалардың алшақтауы, сондай-ақ жүк тасымалдаушының қатысуынсыз жүк жөнелтушi белгiлеген салмақ бойынша тасымалдауға қабылданған жүк салмағында айырмашылық болған;
      12) тез бүлiнетiн жүк тасымалдаудың шектi мерзiмi және температуралық режим сақталған кезде бүлiнген;
      13) көлiк ыдысының немесе олардың қасиеттерiнiң көзге көрiнбейтiн кемшiлiктерiнен багаж, жүк, жүк-багаж сақталмаған жағдайларда жауапкершiлiктен босатылады.
      2. Тасымалдаушының кiнәсiнен багаждың бүлiну жағдайларын қоспағанда, жолаушы қол жүгi ретiнде өзiмен бiрге алып жүретiн багаждың сақталуына тасымалдаушы жауапты болмайды.

       88-бап. Жүк жөнелтушiнi, жүк алушыны жауапкершiлiктен
              босату

      Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа мынадай:
      1) өзiнiң алдын ала келiсiмiнсiз берiлген вагондар, контейнерлер пайдаланылмаған;
      2) онкүндiктiң жекелеген күндерiнде жүктiң жол берiлген кем тиелуiн осы күнтiзбелiк онкүндiк iшiнде тасымалдаушының келiсiмiмен толтырған;
      3) тығыздап тиеу нәтижесiнде вагондарды, контейнерлердi өтiнiмде көзделген мөлшерден аз пайдаланған;
      4) тасымалдаушыны вагондарды, контейнерлердi пайдаланбайтындығы туралы жүк тиейтiн күннен кем дегенде үш тәулiк бұрын ескерткен жағдайларда жауапкершiлiктен босатылады.

       10-1-тарау. Темiр жол көлiгi саласындағы көлiктiк
                  бақылауды жүзеге асыру

       Ескерту. 10-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       88-1-бап. Көлiктiк бақылауды жүргiзудiң нысанасы
                мен мақсаты

      1. Көлiктiк бақылау жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметiне жүргiзiледi.
      2. Көлiктiк бақылауды жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасының темiр жол көлiгiн қауiпсiз пайдалану және оның тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын сақтау болып табылады.
      3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасасады, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темiр жол көлiгi саласында қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiне көлiктiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда жәрдемдесуге мiндеттi.

       88-2-бап. Тексерулердi жүзеге асырудың кезеңдiлiгі
                мен түрлерi

      1. Тексерудiң түрлерi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн, мемлекеттiк орган жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық туралы өтiнiштерде және өзге де ақпараттарда жазылған фактiлер бойынша жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
      қарсы - тексеру жүргiзу кезiнде мемлекеттiк органдарда үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;
      рейдтiк - көлiк жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуi немесе жеке және заңды тұлғалардың нормативтiк құқықтық актiлер талаптарын сақтауы нысанасында тексеру.
      Тексерудi тағайындау туралы актiнiң негiзiнде тексеру жүргiзiлiп, оның нәтижелерi тексеру жүргiзу туралы актiмен, қажет болғанда анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берумен ресiмделедi.
      2. Тексеру жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлiк кәсiпорнының қызметiн тоқтатпауға тиiс.
      Уәкiлеттi орган заңды тұлғаның өзiн тексерудi жүргiзуге қарамастан, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.

       88-3-бап. Тексеру жүргiзу мерзiмдерi

      1. Тексеру жүргiзу мерзiмi актi тапсырылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаны тексерудi жүргiзу кезiнде уәкiлеттi орган тексеру жүргiзу мерзiмiн күнтiзбелiк он күнге дейiн ұзартуы мүмкiн.
      3. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемi ауқымды болуына байланысты мемлекеттiк органның басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк жиырма күнге дейiн және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiн ұзартуы мүмкiн.
      4. Тексеру жүргiзу мерзiмiн мемлекеттiк орган тасымалдаушыға уәкiлеттi органның құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету мен тасымалдаушының тексеру жүргiзу кезiнде сұратылған құжаттарды ұсыну кездерi аралығындағы уақыт кезеңiнде, сондай-ақ уәкiлеттi органның сауалы бойынша мәлiметтер мен құжаттар алу кезiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органды хабардар ете отырып, тексеру жүргiзу мерзiмiн тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы актi шығару арқылы тоқтата тұрады немесе жаңғыртады.
      5. Темiр жол саласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жылына бiр реттен жиi болмайтындай етiп тексерiлуге тиiс.

       88-4-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

      Уәкiлеттi орган алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн:
      1) жеке және заңды тұлғалардан уәкiлеттi органның құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпараттар, материалдар, анықтамалық деректер сұратуға;
      2) темiр жол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн олардың:
      темiр жол желiсiнiң станциялық және магистралдық жолдар мен темiр жолдағы кiрме жолдарды күтiп-ұстауды;
      жылжымалы құрамды күтiп-ұстауды, пайдалануды және жөндеудi;
      жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдаудың белгiленген ережелерiн, сондай-ақ жүктердi тасымалдау ережелерiн;
      темiр жол көлiгiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды күтiп-ұстауды, пайдалануды және жөндеудi;
      жасанды құрылыстарды, сондай-ақ темір жол өткелдерiн күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеудi сақтау бөлiгiнде тексеруге;
      3) бiлiктiлiк талаптарының және лицензиялаудың белгiленген нормалары мен ережелерiнiң сақталуын тексеруге;
      4) өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша актi жасауға және көлiктiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және нормалардың талаптарын бұзушылық анықталғанда оларды жою туралы нұсқамалар енгiзуге;
      5) хаттамалар толтыруға, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда жеке тұлғаны әкiмшiлiк ұстауды, көлiк құралын ұстап-кiдiртудi жүзеге асыруға, жеке тексерудi және жеке тұлғаның өзiмен бiрге алып жүретiн заттарын тексерiп қарауды, көлiк құралдарын тексерiп қарауды жүргiзуге;
      7) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi қарап шығуға, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеруге;
      8) уәкiлеттi органның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшiн тиiстi мамандарды тартуға;
      9) мемлекеттiк органдарға көлiк оқиғаларының, көлiктi пайдалану ережелерiн бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзуге;
      10) жүру қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистралдық темiр жол желiсiнiң, темiр жолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн, сондай-ақ жолаушыларды, жүктердi және қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде пайдалануды тоқтата тұруға және тоқтатуға құқылы.

       88-5-бап. Актiлердiң нысандары

      Тексеру жүргiзуге, жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн ресiмдеуге арналған актiлердiң, жүру қауiпсiздiгiн бұзушылық жағдайларын есепке алу жөнiндегi қажеттi есеп құжаттарының, анықталған бұзушылықты жоюға нұсқамалардың нысандарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

  11-тарау. АКТIЛЕР, КIНӘ ҚОЮ, ТАЛАП ҚОЮ

       89-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртiбi

      1. Тасымалдаушыға тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюға жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) құқығы бар.
      2. Өтiнiш берушiнiң кiнә қоюға құқығы бар екендiгiн куәландыратын құжаттар жүк тасымалдау ережелерiне сәйкес, кінә қоюға қоса тiркелуге тиiс. <*>
      3. Кiнә қоюға өтiнiш берушiнiң талаптарын растайтын мына құжаттар түпнұсқа түрiнде қоса тiркелуге тиiс:
      1) жолаушылар поезының жөнелтiлуi кiдiртiлген немесе ол кешiгiп келген жағдайда - жол жүру құжаты (билет);
      2) багажды, жүк-багажды жоғалтқан, жеткiзiп беру мерзiмiн бұзған жағдайда - багаждың, жүк-багаждың квитанциясы;
      3) багаж, жүк-багаж жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда - багаж, жүк-багаж квитанциясы мен коммерциялық акт;
      4) жүк жоғалған жағдайда - жүк квитанциясы;
      5) жүк жетiспеген, бұзылған (бүлiнген), жүктi беру кешiктiрiлген жағдайда - темiр жол көлiгi жүкқұжаты, сондай-ақ коммерциялық акт;
      6) жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi бұзылған жағдайда - темiр жол көлiгi жүкқұжаты.
      4. Жүктiң жоғалуына, жетiспеуiне немесе бұзылуына (бүлiнуiне) қатысты кiнә қоюға осы баптың 3-тармағында аталған құжаттардан басқа меншiк құқығын және жүктiң құнын растайтын құжаттар қоса берiлуi тиiс.
       Ескерту. 89-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       90-бап. Кiнә қоюдың мерзiмдерi

      1. Тасымалдау шартынан туындайтын кiнәнi тасымалдаушыға талап қою мерзiмi iшiнде қоюға болады.
      Кiнә қою мерзiмдерi мыналарға қатысты:
      1) багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жоғалғаны үшiн шығынды өтеуге - жеткiзiп беру мерзiмi аяқталғаннан жетi тәулiк өткеннен кейiн;
      2) багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жетiспеушiлiгi, бұзылғаны (бүлiнгенi), жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткенi үшiн шығынды өтеуге - берiлген күннен бастап;
      3) багаж, жүк, жүк-багаж тасымалына артық төленген тасымал төлемдерiн қайтаруға - берiлген күннен бастап;
      4) багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi өтiп кетуiне - берiлген күннен бастап;
      5) жүк тасымалына қабылданған өтiнiмдi орындамағаны үшiн айыппұл өндiрiп алуға - өтiнiмдi орындау үшiн тасымалдау ережелерiнде белгiленген мерзiм аяқталған соң есептеледi.
      Өзге жағдайларда - талап қоюға негiз болған оқиға туындаған күннен бастап есептеледi.
      2. Тасымалдаушы, егер кiнә қою мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн дәлелдi деп таныса, қойылған кiнәнi белгiленген мерзiм өткеннен кейiн де қарауға құқығы бар.

       91-бап. Кiнә қоюды қараудың тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Кiнә қою ол алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс.
      2. Кiнә қоюды тасымалдаушы толығымен немесе iшiнара қанағаттандыруы немесе қабылдамай тастауы мүмкiн. Тасымалдаушы кiнә қоюды қараудың нәтижесi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.
      3. Өтiнiш берушiнiң талабын iшiнара қанағаттандырған немесе қабылдамай тастаған жағдайда тасымалдаушының хабарламасында қабылданған шешiмiнiң негiздемесi көрсетiлiп, тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге сiлтеме жасалуға тиiс. Хабарлама өтiнiш берушiге кiнә қоюға қоса тiркелген құжаттармен бiрге жiберiледi.

       92-бап. Актiлер

      1. Тасымалдарды жүзеге асырған кезде тасымалдаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының), экспедитордың немесе жолаушының мүлiктiк жауапкершiлiгi үшiн негiз болатын мән-жайлар коммерциялық актiлермен немесе жалпы нысандағы актiлермен куәландырылады.
      Коммерциялық актiнiң және жалпы нысандағы актiнiң нысандары, сондай-ақ оларды жасау ережелерi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
      2. Тасымалдаушы багажды, жүктi, жүк-багажды берген кезде мына мән-жайларды:
      1) нақты атауының, сондай-ақ салмағы мен орын санының тасымалдау құжаттарында көрсетiлген деректерге сәйкес келмеуiн;
      2) бұзылуын (бүлiнуiн);
      3) тасымалдау құжаты жоқ багажды, жүктi не жүк-багажды немесе багажсыз, жүксiз не жүк-багажсыз тасымалдау құжатын тапқанын;
      4) тасымалдаушыға ұрланған багажды, жүктi немесе жүк-багажды қайтарғанын;
      5) жүк беру туралы құжаттарды ресiмдегеннен кейiн жиырма төрт сағат iшiнде тасымалдаушының түсiретiн (жүктен босататын) орынға жүктi бермегенiн куәландыру үшiн коммерциялық акт жасауға мiндеттi. Бұл жағдайда коммерциялық акт жүк алушының талабы бойынша ғана жасалады;
      6) багажды, жүктi немесе жүк-багажды өткiзуге бергенiн куәландыру үшiн коммерциялық акт жасауға мiндеттi. <*>
      Тасымалдаушы тасымалдау құжаттарына коммерциялық акт жасалғандығы туралы белгi соғуға мiндеттi.
      3. Жалпы нысандағы актiлер осы баптың 2-тармағында көзделмеген мән-жайларды куәландыру үшiн жасалады.
      4. Актiнi жасауға қатысатын тараптардың оған қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ. Актiнiң мазмұнымен келiспеген жағдайда тараптардың онда өз пiкiрлерiн жазуға құқығы бар.
      5. Дұрыс емес ақпараты бар коммерциялық актiнi жасаған немесе оған қол қойған адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықта болады.
       Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596  Заңымен .

       93-бап. Талап қою мерзiмi

      1. Тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын талап қою ол кiнә қоюды қанағаттандырудан толық не iшiнара бас тартқан жағдайда немесе тасымалдаушыдан қойылған кiнәға жауап алынбаған жағдайда жасалуы мүмкiн.
      2. Жүк, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзiмi - бiр жыл, жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдау шарты бойынша - алты ай.
      3. Талап қою мерзiмi талап қоюға негiз болған оқиға орын алғаннан кейiнгi келесi күннен басталады.

  12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

       94-бап. Ақпарат, қызметтiк iс қағаздарын жүргiзу және
              байланыс

      1. Тасымалдаушы жолаушыларға, жөнелтушiлерге (жүк жөнелтушiлерге), алушыларға (жүк алушыларға) тасымалдау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.
      Темiр жол станцияларында, вокзалдарда, поездарда және жолаушыларға, жөнелтушiлер (жүк жөнелтушiлер) мен алушыларға (жүк алушыларға) қызмет көрсетiлетiн басқа да орындарда ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде берiледi, сондай-ақ жергiлiктi халықтың мүддесiн ескере отырып, басқа тiлдерде де берiлуi мүмкiн.
      2. Жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж тасымалдау құнын өзгерту туралы мәлiметтер оларды енгiзуден кем дегенде он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      3. Темiр жол көлiгiндегi қызметтiк iс қағаздарын жүргiзу мен байланыс мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жүзеге асырылады.
      4. Темiр жол көлiгiндегi тасымалдау құжаттары және халықаралық хабарлар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларымен белгiленген тiлдерде жүзеге асырылады.

       95-бап. Темiр жол көлiгiндегi есепке алу-есеп
              беру уақыты

      1. Темiр жол көлiгiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн бiрыңғай есепке алу-есеп беру уақыты қолданылады.
      2. Халықаралық қатынаста есепке алу-есеп беру уақыты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.

       96-бап. Осы Заңды қолдану тәртiбi

      Осы Заң оны қолданысқа енгiзгеннен кейiн туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Осы Заңды қолданысқа енгiзгенге дейiн туындаған құқықтық қатынастар бойынша Заң өзi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн туындайтын құқықтар мен мiндеттемелерге қолданылады.

       97-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзуге байланысты
              заңдарды қолдану

      Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қабылданған темiр жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті