Астық туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және  сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) агент - акцияларының (үлестерінің) жүз проценті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған оның еншілес ұйымына тиесілі және мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) азық-түлiктiк астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық;

      3) алынып тасталды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен;
      3-1) ақша резерві - мемлекеттік астық ресурстарын өткізуден түскен таза кіріс есебінен қалыптастырылатын және агенттің ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу бағасынан төмен бағамен пайдалану кезінде туындаған залалдарын өтеу үшін пайдаланылатын (өткізуге жұмсалатын шығыстары ескеріле отырып) агенттің басқаруында болатын ақша резерві;

      4) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылатын дәндi, дәндi-бұршақ және майлы дақылдардың өнiмдерi;

      5) астық иесi - астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға;

      6) астық қабылдау кәсiпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншiк құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар заңды тұлға;

      7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) - астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық ғимарат;

      7-1) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет – астық қабылдау кәсіпорындары астық сақтау бойынша жүзеге асыратын қызмет;

      9) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесi - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;

      10) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;
      10-1) астық қолхаты - астық иесiнен астықты сақтауға қабылдағанын растап, астық қабылдау кәсiпорны беретiн қоймалық қосарлы куәлiк;

      11) астық қолхатын ұстаушы - астық иесi, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат;

      12) астық өндiру - астық өсiруге бағытталған агротехникалық iс-шаралар кешенi;

      13) астық рыногына қатысушылар - астықты өндiруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар;
      13-1) астық рыногының мониторингi - астықты өндiрудi, сақтауды, қайта өңдеудi және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректердi жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты iс-шаралар жиынтығы;
      13-2) астық сапасының паспорты - астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына және (немесе) келiсiм-шарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
      13-3) астық экспорттаушы – астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      13-4) астықты нысаналы пайдалану - агент астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өткізілетін нан-тоқаш өнімдерін өндіру мақсатында өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін өткізген мемлекеттік астық ресурстарын олардың пайдалануы;
      13-5) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктiнде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтудi қамтитын қызмет көрсетулердiң технологиялық кешенi;

      14) астықтың өмiрлiк циклi - астықты өндiру, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;

      17) астықтың сапасы - астықтың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкес келуiн айқындайтын тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;

      18) астықтың сапасына сараптама жасау - көлiк құралын (қойманы) зерттеудi, сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткiзудi, сапа паспортын ресiмдеудi қамтитын астық сапасының нақты көрсеткiштерiн белгiлеу мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
      20) жемдiк астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық;

      21) жұмылдыру дайындығы - мемлекеттiк органдардың алуан түрлi дағдарысты жағдайларда ел халқын астық ресурстарымен қамтамасыз ету қабiлетi;

      22) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде астықты кепiлге ұстаушы болып табылатын тұлға;

      23) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған астық иесi, қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;

      24) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн жаңарту - оның бiр бөлiгiн сату және жаңа егiннiң астығы есебiнен мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiнiң белгiленген көлемiн және қажеттi сапасын ұстап тұру мақсатында жаңа егiннiң астығын сатып алу;
      25) мемлекеттiк астық ресурстары - азық-түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттiк мiндеттемелердi орындау мақсатында, сондай-ақ астық рыногын қорғау мен реттеу үшiн жасалған мемлекеттiк астық запастары;

      26) мемлекеттiк астық ресурстарын ауыстыру - мемлекеттiк астық ресурстарын бiр астық қабылдау кәсiпорнынан басқасына тасу;
      26-1) отандық астық өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және астық өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
      27) реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаны (тарифтердi) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      27-1) сатып алу бағасы - құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен нарықтарына талдамалық зерттеулерді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым беретін деректер негізінде уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі астықтың ішкі нарықта қалыптасқан нарықтық бағасын ескере отырып белгілейтін баға;

      28) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрi сорттылық және себу сапаларына қарай бөлiнетiн астық;

      29) уәкiлеттi орган - астық рыногы саласындағы мемлекеттiк саясатты іскe асыруды, оған қатысушылардың қызметiн үйлестiру мен реттеудi, сондай-ақ мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N 209  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.07.26. N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы
             заңнамасы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-тарау. АСТЫҚ РЫНОГЫН МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ МЕН РЕТТЕУ

      3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттiк басқарудың
             мақсаттары

      Астық рыногын мемлекеттiк басқару мен реттеудiң мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн, техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;

      2) астық бағасының демпингіне жол бермеу;

      3) астық өткiзу рыногын кеңейту;

      4) астық сапасын қамтамасыз ету;

      5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау; 

      6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетілдiру;

      7) жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстары көлемiнiң шегiнде мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында азықтың ықтимал тапшылығын жою;

      8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру;

      9) астықтың қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердiң алдын алу болып табылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       4-бап. Астық рыногын мемлекеттiк реттеу нысандары

      Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттiк реттеу:

      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары негiзiнде астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау;

      1-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу;

      2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөнiндегi аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау;

      3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу;

      4) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау;

      4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізуастықты сақтау;  астық қолхаттарын беру, олардың айналысы мен өтелуі жөніндегі ережелердің сақталуын бақылау;

      4-2) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті бақылау;

      5) мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру және олардың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау арқылы;
      6) алып тасталды

      7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қаржыландыру;
      8) алып тасталды
      9) алып тасталды

      10) заң актiлерiнде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      
      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) Қазақстан Республикасының астық рыногы мен астық индустриясын дамыту стратегиясы - астық бағдарламасын әзiрлеп, iске асырады;

      2) астық өндiрудi мемлекеттiк қолдау бағдарламасын бекiтедi, инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдай қалыптастырады және астық рыногын дамыту мен оның тұрақтылығын қолдау жөнiнде өзге де шаралар қолданады;
      2-1) агентті айқындайды;
      3) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, қалыптастырылу, сақталу, жаңартылу, ауыстырылу және пайдаланылу ережелерiн бекiтедi;

      4) астықпен жасалатын операцияларға байланысты үкiметаралық келiсiмдер жасасады;

      5) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгi нысанын бекiтедi;

      6) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

      6-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және агенттiң жеке қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды жеке есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң ережелерi мен стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi;

      7-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн белгiлейді;
      8) алынып тасталды;
      9) астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қатысты техникалық регламенттердi бекiтедi;
      10) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына экспортталатын көлемге проценттік қатынаспен есептелетін астық жеткізуінің мөлшерін айқындайды;
      11) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу тәртібін бекітеді;
      12) сатып алу бағасын белгілейді;
      13) мынадай қағидаларды:
      астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
      астықтың сақталуы;
      астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі;
      астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу;
      электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидаларын бекітеді;
      14) астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды бекітеді;
      15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.10.13 N 488, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді:

      1) астық нарығы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру және реттеу;

      1-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;

      2-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2-2) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндетті сақтауын бақылау;

      3) астық қабылдау кәсіпорындарының: уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен графиктер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде - астықтың сандық-сапалық есебін жүргізуастықтың сақталуы; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерін сақтауын бақылау;
      3-1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3-2) Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

      5) астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;

      6) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;

      7) астық сапасының сараптамасы бойынша аккредиттелген зертханалардың қызметін астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтауы тұрғысынан бақылау;

      8) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу;

      9) ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтарының лизингін ұйымдастыру, селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясы, топырақ құнарлылығын сақтау, өсімдіктер қорғау және 1 карантині жөнінде бағдарламалар әзірлеу;

      10) астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлеу;

      11) астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қатысты техникалық регламенттердi әзiрлеу;

      12) мынадай қағидаларды:
      астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
      астықтың сақталуы;
      астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі;
      астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу;
      электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидаларын әзірлеу;
      12-1) мыналарды:
      астық нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын;
      астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгілік нысандарын;
      мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережені әзірлеу және бекіту;
      13) алынып тасталды - ҚР 2007.07.26 N 313 Заңымен;

      14) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      15) астық қолхаты жазылатын бланкілерге, оларды шығару, алу, сақтау және жою тәртібіне талаптар, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне талаптар әзірлеу;

      16) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);

      17) осы Заңның 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдау;

      18) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды бақылау;

      19) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуге және тасымалдауға (орнын ауыстыруға) бақылау;

      20) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      20-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      21) астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;
      22) астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру;
      23) облыстар бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлеу және бекіту;
      24) сатып алу бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      25) мемлекеттік астық ресурстарын ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдалану туралы шешім қабылдау;
      26) мемлекеттік астық ресурстарына:
      агент пен отандық астық өндіруші;
      агент пен астық экспорттаушы арасындағы астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;
      27) агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;
      28) астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;
      29) астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы туралы растаулардың нысанын әзірлеу және бекіту және оларды астық экспорттаушыға беру.
      30) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану ережелері жөнінде ұсыныстар енгізу;
      31) астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы жария шарттардың үлгі нысанын әзірлеу;
      32) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құрудың, жұмыс істеуінің және жоюдың талаптарын, астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдемесін алудың тәртібін, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуі тәртібін әзірлеу;
      33) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгеріс енгізілді - 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
               астананың жергілікті атқарушы органының
               құзыреті

      1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
      1) селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
      2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
      3) астықтың (тұқымның) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық шарттарды, басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
      5) астық қолхаттарының тиімді айналымы үшін жағдайлар жасау;
      6) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
      7) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
      8) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;
      9) астық қабылдау кәсіпорындарын:
      бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді;
      астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;
      10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
      11) тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерінің мемлекеттік астық ресурстарына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін жалпы түсімге проценттік қатынаспен бекіту;
      12) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылау;
      13) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну;
      14) тендерлік негізде:
      ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын;
      мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға өткізу үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау;
      15) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу;
      16) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау;
      17) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
      18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
      1) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну;
      2) тендерлік негізде:
      ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын;
      мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға сату үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау;
      3) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу;
      4) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау;
      5) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      Ескерту. 6-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-2-бап. Агенттің функциялары

      Агент мынадай:
      1) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, жаңарту, ауыстыру және пайдалану;
      2) ақша резервін қалыптастыру;
      3) облыстың жергілікті атқарушы органының сұратуы бойынша мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындаған отандық астық өндірушілердің тізбесін ұсыну;
      4) мемлекеттік астық ресурстарын сақтау үшін белгіленген тәртіппен астық қабылдау кәсіпорындарын таңдау;
      5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік тұқым ресурстарынан және мемлекеттік жемдік астық ресурстарынан тұқымдық және жемдік астық несиелерін беру функцияларын жүзеге асырады.
      Ескерту. 6-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      6-3-бап. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік
               бақылау

      1. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-3-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту  енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-бап. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк
             бақылау

      1. Қазақстан Республикасы аумағындағы астық және оның өмiрлiк циклiнiң процестерi осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес келуге тиiс.
      2. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган,оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. 
      3. Астық сапасының мемлекеттік бақылауы мыналарды қамтиды:
      1) астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеп жіберу кезінде астық сапасының көрсеткіштерін айқындауды бақылау;
      2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 231, 2003.10.13 N 488, 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-1-бап. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік
               астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі
               міндетін орындауын бақылауды жүзеге асыру
               тәртібі

      Облыстың жергілікті атқарушы органы отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) агенттен мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындаған отандық астық өндірушілердің тізбесін сұратады;
      2) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындамаған отандық астық өндірушілерге осы міндетті орындағанын растау қажеттігі туралы хабарлама жібереді;
      3) отандық астық өндіруші мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындағанын растамаған жағдайда, оған Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы бір ай ішінде ұйғарым береді;
      4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы  заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолданады.
      Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11  N 229-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      7-2-бап. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік
               сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру
               астық ресурстары астығын нысаналы
               пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      1. Агент ішкі нарықты реттеу мақсатында астықты қайта өңдеу ұйымдарына өткізген мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығы нысаналы пайдаланылуға жатады.
      2. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының өткізілетін астықты нысаналы пайдалану жөнінде міндеттемелер қабылдауы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын айқындау жөніндегі тендерге қатысуға жіберудің міндетті шарты болып табылуға тиіс.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
      1) ішкі нарықты реттеу мақсатында астықты қайта өңдеу ұйымдарынан агент өткізген мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын олардың пайдаланғаны туралы мәліметтерді растау құжаттарымен қоса сұратады;
      2) астықты қайта өңдеу ұйымдары мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын нысаналы пайдаланғаны туралы мәліметтерді бермеген жағдайда, астықты қайта өңдеу ұйымына Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы бір ай ішінде нұсқама береді;
      3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолданады.
      Ескерту. Заң 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау

      1. Астықтың сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.

      2. Астық сапасының паспортынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi.     
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488, өзгерту енгізілді - 2006.12.29. N 209(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      9-бап. Астық тасу

      1. Қазақстан Республикасының аумағында астық тасу тура және аралас қатынас жүйесi болып табылатын темiр жол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен жүзеге асырылады.
      2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға(,ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк ресурстардың астығын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындары мен аталған астық қабылдау кәсiпорындарынан астық әкетудi жүзеге асыратын көлiк ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен кез келген мөлшерде астық тиеп жөнелтудi уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.
      3. Көлiктiң осы түрiмен жүк тасу ережелерiне сәйкес келетiн  көлiктiң кез келген түрiмен тасымалдануға тиiс астық партиясына олардың техникалық регламенттер мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар iлесiп жүредi.
      4. Мемлекеттік астық ресурстарын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, гуманитарлық көмек көрсету, ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланған кезде астықты тиеп жөнелту, тасымалдау және сертификаттау жөніндегі қызметтер агенттің астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындауын қамтамасыз ететін басым (бірінші кезектегі) тәртіппен көрсетіледі.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.10.13 N 488, 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

2-1-тарау. Астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне
қойылатын қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      9-1-бап. Техникалық реттеу объектiлерi

      Астық және оның өмiрлiк циклiнiң процестерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

      9-2-бап. Сәйкестiктi растау

      Астықтың техникалық регламенттерде айқындалған талаптарға сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      9-3-бап. Астықтың қауiпсiздiгi мен сапасы туралы
              ақпаратқа қойылатын талаптар

      Тұтынушылардың астықтың қауiпсiздiгi мен сапасына қатысты жаңылысуына әкеп соқтыратын әрекеттердiң алдын алу мақсатында астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға астықтың қауiпсiздiгi мен сапасының көрсеткiштерi туралы толық және дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.

      9-4-бап. Астыққа қойылатын қауiпсiздiк талаптары

      1. Пайдалану мақсатына қарай астық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптардың кешенiне сәйкес келуге тиiс.

      2. Астық құрамындағы ықтимал қауiптi химиялық қосылыстар мен биологиялық объектiлер, пестицидтердiң және агрохимикаттардың қалдық мөлшерi, оның iшiнде фумиганттар, зиянды заттар мен қоспалар, сондай-ақ ылғал техникалық регламенттерде белгiленген мәндерге жол берiлген ең жоғары деңгейден аспауға тиiс.

      9-5-бап. Астықты өндiру кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      Жер учаскелерiнiң иелерi мен пайдаланушылары астық өндiрiсiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құнарлылығын қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, сондай-ақ осындай қызметтiң қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуiн жоятын немесе шектейтiн тәсiлдермен жүзеге асыруға мiндеттi.

      9-6-бап. Астықты сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Астықты сақтау оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық және  фитосанитариялық талаптарға сай келетiн астық қоймаларында жүзеге асырылады.

      2. Астықты сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары тәуекел түрлерi бойынша техникалық регламенттерде белгiленедi.

      9-7-бап. Астықты тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк
              талаптары

      1. Астықты тасымалдау оның қауiпсiздiгi мен сапалық көрсеткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.

       2. Астық құрғақ, таза, бөгде иiссiз, зиянды ағзалармен залалданбаған көлiк құралдарымен тасымалданады.

      9-8-бап. Астықты кәдеге жарату және жою кезiндегi
               қауiпсiздiк талаптары

      1. Зертханалық зерттеу нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалану үшiн жарамсыз деп танылған астыққа техникалық регламенттерде белгiленген тәртiппен одан әрi пайдалануды (кәдеге жаратуды) немесе жоюды анықтау тұрғысында сараптама жасалуға тиiс.

      2. Сараптама жасауға және оны одан әрi пайдалану (кәдеге жарату) немесе жою ықтималдығы туралы шешiм қабылдау қажет болатын кезеңдегi астық оның партиясының көлемi көрсетiле және астыққа қол жеткiзудi болғызбайтын жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиiс.

      3. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз астықты тасымалдауға, сақтауға, сараптама жасауға, пайдалануға (кәдеге жаратуға) немесе жоюға байланысты шығындарды оның иесi өтейдi.

3-тарау. АСТЫҚ ӨНДIРУ МЕН САТУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ

      10-бап. Мемлекеттiк қолдаудың нысандары

      Астық рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет астық өндiру мен сатуды қолдаудың мынадай нысандарын жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне элиталық тұқым құнын арзандату;

      2) техника мен жабдықтардың лизингiлiк жеткiзiлiмiн ұйымдастыру;
      3) алып тасталды

      4) отандық астық өндірушілерден мемлекеттiк астық ресурстарына астықты нарықтық бағамен сатып алу;
      4-1) астықты қайта өңдеу ұйымдарына мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын өткізу;
      4-2) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын сатып алу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарына кредит беру;
      4-3) ақша резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, агенттің гуманитарлық көмек көрсету, ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарының астығын өткізу кезіндегі шығыстарын өтеу;
      5) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттiк тұқым ресурстарынан тұқымдық несие беру;
      6) алынып тасталды

      7) топырақтың құнарлылығын сақтау жөнiндегi ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру;

      8) астықты өндiру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгiзуге жәрдемдесу;

      9) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттiк жемдiк астық ресурстарынан жемдiк несие бөлу;

      10) астық қолхаттарының тиiмдi айналысы үшiн жағдай жасау;

      10-1) бюджеттiк бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май материалдарының құнын арзандату;

      11) iшкi рыноктың мұнай өнiмдерiне деген қажеттерiн дер кезiнде қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдану;
      12) алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 N 116 Заңымен.

      13) агроөнеркәсiптiк кешен үшiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес кадрлар даярлау;

      14) аймақтарда техникалық реттеу саласында сәйкестiктi растау жөнiнде қызметтер көрсету бойынша бәсекелестiк орта құру үшiн шаралар қолдану;

      15) астық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы шаралар әзiрлеу;

      16) отандық ауыл шаруашылық машина жасау iсiн жаңғырту жөнiнде шаралар қолдану.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.10.13 N 488, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АСТЫҚ РЕСУРСТАРЫ

      11-бап. Мемлекеттік астық ресурстары

      1. Мемлекеттік астық ресурстары:
      1) мемлекеттік азық-түліктік астық резервінен;
      2) мемлекеттік жемдік астық ресурстарынан;
      3) мемлекеттік тұқым ресурстарынан;
      4) мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан;
      5) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан тұрады.
      2. Мемлекеттік азық-түліктік астық резерві:
      1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру мұқтажын;
      2) Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.
      3. Мемлекеттік жемдік астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында жемге қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.
      4. Мемлекеттік тұқым ресурстары - төтенше жағдайлар болған кезде отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргізу, мемлекетаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылған және соған арналған мемлекеттік тұқым қорлары.
      5. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік тұқым ресурстарын, мемлекеттік жемдік астық ресурстарын жаңарту, гуманитарлық көмек көрсету, астықты экспортқа жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықта, оның ішінде оны реттеуге арналып та өткізу үшін құрылған және соған арналған астық қоры.
      Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастырғанға дейін және (немесе) олар жетіспеген жағдайда ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережелерінде белгіленген тәртіппен пайдаланылуы мүмкін.
      6. Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қажеттіліктерін бәсекелестік секторымен қамтамасыз етілмеген бөлігінде қамтамасыз ету арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астықтың ішкі нарығын реттеу үшін құрылған және соған арналған астық қорлары.
      7. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру жөніндегі шығыстар:
      1) мемлекеттік азық-түліктік астық резерві, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары үшін - бюджет қаражаты;
      2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдік астық ресурстары, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланған кезде астықтың құны және гуманитарлық жүкті жеткізу жөніндегі шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
      9. Мемлекеттік астық ресурстарын ішкі нарықты реттеу үшін сатып алу бағасынан төмен бағамен (өткізуге жұмсалған шығыстарды ескере отырып) пайдаланған кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес бағаланған шығын ақша резервінің қаражаты есебінен өтеледі.
      Ақша резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, агенттің шығыны бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
      10. Агенттің мемлекеттік астық ресурстарын пайдаланған кезде туындаған шығынын өтеу үшін агент уәкілетті органға ақша қаражатын бөлу негізділігін растайтын құжаттарды (орындалған жұмыстардың актілерін, темір жол жүк құжаттарын) ұсынады.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      11-1-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру

      1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен:
      1) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар немесе одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерден осы Заңның 11-2-бабына сәйкес астық сатып алу;
      2) агенттің өнімді бөлу туралы келісімдер негізінде астық өндірісіне отандық астық өндірушілерге қаржы ресурстарын беру жолымен қатысуы;
      3) отандық астық өндірушілерден олардың ұсыныстары (офертасы) негізінде астық сатып алу;
      4) осы Заңның 12-3-бабына сәйкес астық экспорттаушылардан астық сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астыққа ақы төлеу сатып алу бағасы бойынша жүзеге асырылады.
      3. Астық мемлекеттік астық ресурстарына астық қолхаттарына индоссамент жасау арқылы жеткізіледі.
      4. Мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу жөніндегі шығыстар:
      1) мемлекеттік азық-түліктік астық резерві, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары үшін - бюджет қаражаты;
      2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру агенттің басқаруына берілетін мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын пайдаланудан түскен қаражат есебінен де жүзеге асырылады.
      5. Агент мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алуды күнтізбелік жыл бойына қамтамасыз етеді.
      Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      11-2-бап. Отандық астық өндірушілердің
                мемлекеттік астық ресурстарын
                қалыптастыру жөніндегі міндеті

      1. Дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілер агентпен мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартын жасасу арқылы мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруға ағымдағы жылғы 15 қазаннан кешікпейтін мерзімде бірінші кезектегі тәртіппен қатысуға міндетті.
      Отандық астық өндірушілер, егер:
      1) астық өндірушінің дәнді дақылдар егуге арналған егіс алаңы екі жүз елу гектардан кем болса;
      2) уәкілетті орган тиісті облыс бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын белгілемесе, мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруға қатыспауға құқылы.
      2. Дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу мөлшері, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, астықтың жалпы түсіміне проценттік қатынаспен жыл сайын облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіледі және ол отандық астық өндірушілердің назарына жеткізіледі.
      Жалпы түсімге проценттік қатынаспен астық жеткізу мөлшері тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар барлық отандық астық өндірушілері үшін тең болуға тиіс.
      3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің агентке астықты жеткізудің бекітілген мөлшері шегінде сатуын қамтамасыз етеді.
      4. Дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілер осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындағаннан кейін үшінші тұлғамен астық өткізу шартын жасасуға құқылы.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап сақтамалған жағдайда, отандық астық өндіруші мен үшінші тұлға арасындағы астық өткізу шарты уәкілетті органның, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының немесе агенттің талап-арызы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
      5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген отандық астық өндірушілердің міндеті:
      1) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушінің астық жеткізу жөніндегі ұсынысы агентке ағымдағы жылғы 15 қазанға дейін жіберілген кезде агент мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастырудың белгіленген көлемде аяқталуы себебінен астық жеткізу шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;
      2) отандық астық өндіруші агентпен өнімді бөлу туралы келісім жасаған жағдайда орындалған болып есептеледі. Бұл ретте ағымдағы жылы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізудің келісімде көзделген көлемі осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген мөлшерден кем болмауға тиіс.
      6. Мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттерін орындаған отандық астық өндірушілер туралы ақпарат ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында уәкілетті органның, агенттің интернет-ресурсына орналастырылады.
      Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      12-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару

      1. Мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды агент Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті орган айқындаған құзыреті шегінде шарт негізінде жүзеге асырады.
      Агент мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға байланысты қызметтің нәтижелері бойынша уәкілетті органға есептілікті ұсынады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарын тиісінше басқармағаны үшін жауапты болады.
      2. Агенттің мемлекеттік астық ресурстарын басқаруына байланысты операциялардың есепке алынуын ол өзінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есепке алудан бөлек жүзеге асырады.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

  4-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың қызметін мемлекеттік реттеу

      12-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың
                есептілігі
 
      1. Астықты экспортқа шығарушылар алғашқы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етуге міндетті.
      2. Астықты экспортқа шығарушылар уәкілетті органның жазбаша сауалы бойынша астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке байланысты ақпарат беруге міндетті.
      Ескерту. 12-1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      12-2-бап. Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті
                жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін
                тоқтата тұру, лицензиядан айыру

      Ескерту. 12-2-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
       Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. Заң 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      12-3-бап. Астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық
                 ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті

      1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру мақсатында астық экспорттаушылар мемлекеттік астық ресурстарына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған экспортталатын көлемге проценттік қатынаспен есептелетін мөлшерде астық жеткізуді жүзеге асыруға міндетті.
      2. Егер мемлекеттік астық ресурстарын осы Заңның 11-1-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген тәсілдермен толық көлемінде қалыптастыру мүмкін болмайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша мемлекеттік астық ресурстарын астық экспорттаушылардан астық сатып алу жолымен қалыптастыру туралы шешім қабылдайды.
      3. Астық экспорттаушылар мемлекеттік астық ресурстарына астықты күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін жеткізуге міндетті.
      4. Астық экспорттаушы астықты кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізген кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына уәкілетті органның мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындау туралы растауын табыс етуге міндетті.
      5. Егер агент, астық экспорттаушының астық жеткізу жөніндегі ұсынысы агентке ағымдағы жылғы 30 желтоқсанға дейін жіберілген жағдайда, мемлекеттік астық ресурстарын белгіленген көлемде қалыптастырудың аяқталуы себебінен астық жеткізу шартын жасасудан бас тартса, астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті орындалған болып есептеледі.
      Ескерту. Заң 12-3-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары, қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      13-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметi

      1. Астық қабылдау кәсiпорындары жалпы пайдаланылатын тауар қоймасы деп танылады. Олардың астық сақтауға жасалатын шарттары (бұдан әрi - шарт) жария шарттар болып табылады.

      2. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөнiндегi қызметтi лицензия негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары жүзеге асырады.
      Заңды тұлға Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы  заңнамасында белгіленген тәртiппен бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға құқылы.
      Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметтiң осы түрi бойынша  бiлiктiлiк талаптарына сәйкес астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi өз қызметiн жүзеге асыру едәуiр нашарлап кететiн немесе мүлде мүмкiн болмай қалатын негiзгi құралдарды иелiктен айыруына тыйым салынады.

      3. Тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға:

      1) қырман шаруашылықтарында және (немесе) сервистік-дайындау орталықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөнiнде қызмет көрсетуге;

      2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында "астық қабылдау кәсiпорны", "астық қоймасы", "астық қабылдау пунктi", "элеватор" деген сөздердi немесе ол астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.10.13 N 488, 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      14-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының мiндеттерi

      Астық қабылдау кәсiпорны:
      1) астық сақтау тәртiбiн, сондай-ақ олардың саны мен сапасы жағынан белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шараларды сақтауға;

      2) қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiппен астық иелерiне оның сынамаларын iрiктеп алуды қамтамасыз етуге;

      3) астық қолхатын ұстаушының алғашқы талап етуi бойынша астық қолхатына айырбастап, осы Заңның 31 және 40-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ астық қолхатымен қамтамасыз етілген астықты сақтағаны үшiн берешегi болмаса, шарт талаптарына сәйкес сақтаулы астықты толық көлемiнде босатуға;
      4) мемлекеттік астық ресурстары астығын басым (бірінші кезектегі) тәртіппен қабылдауды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтамасыз етуге міндетті.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      15-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау
              жөнiндегi шығындарының орнын толтыру

      1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөнiндегi шығындарының орнын толтыру шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Астық қабылдау кәсiпорнының: 
      1) астық қолхатын ұстаушымен келiсе отырып, ақшалай не сақтаулы астықтың тиiстi мөлшерiн ұстап қалу жолымен оны кейiн астық рыногында еркiн өткiзу арқылы сақтау жөнiндегi шығындарын жабуға;

      2) астық қолхатын ұстаушының мүдделерiн көздеп өзге де операциялар бойынша шартта көзделген немесе заң актiлерiнде белгіленген шығындардың орнын толтыруға құқығы бар.

      16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді
              орындауға кепілдік беру жүйесі және
              қоры (қорлары)

      1. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негізінде астық қабылдау кәсіпорындары ғана астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы бола алады.
      Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатыспайтын астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылардың алдында өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асырады, ол сақтауға қабылданған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі болған кезде астық қолхатын әрбір ұстаушыға сапасы жоғалған немесе нашарлаған астықтың өтемі кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде сақтандыру төлемдерін франшиза талаптарын қолданбастан төлеуді қамтамасыз етеді.
      2. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорын сақтауға қабылдаған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі басталған кезде астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) осы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін сақтауға тапсырылған, сапасы жоғалған немесе нашарлаған астықтың өтем кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде ақшалай өтейді.
      Астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісін уәкілетті орган белгілейді.
      Астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхатын ұстаушының осы астық қабылдау кәсіпорнына талап ету құқығы оның төлеген сомасы шегінде көшеді.
      Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру мақсатында астық қолхаттарының тізілімін беруге міндетті.
      3. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мүлкін және өзге де мүліктік мүдделерді сақтандыруы (өзара сақтандыруы) мүмкін.
      4. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгізілген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірінші кезектегі тәртіппен жүргізеді.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      16-1-бап. Қырман шаруашылықтары және
                сервистік-дайындау орталықтары

      Қырман шаруашылығы деп жеке немесе заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі және астық пен тұқымның тауарлық партияларын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында астықты бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс танылады.
      Қырман шаруашылығы сервистік-дайындау орталығы түрінде құрылуы мүмкін.
      Қырман шаруашылығында және (немесе) сервистік-дайындау орталығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Осы қызметті жүзеге асыратын тұлға астық қолхаттарын беруге құқылы емес
      Ескерту. 16-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

6-тарау. АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН РЕТТЕУ

      17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн
             реттеу тәсiлдерi

      Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, астық иелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу:

      1) белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару;

      2) астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу талаптарын инспекциялау (тексеру);

      3) астық қабылдау кәсiпорындарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес санкциялар салу арқылы жүзеге асырылады.
      4) алып тасталды
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен, 2004.12.20. N 13(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      18-бап. Басым жағдайға ие болған астық қабылдау
              кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң
               бағасын (тарифтерiн) мемлекеттiк реттеу

      Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен реттеушi орган жүзеге асырады.

      19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн
              шектеу

      1. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi:

      1) ұн өнiмдерiн, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндiру мен сату;

      2) жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнiнде қызмет көрсету;

      3) телекоммуникация құралдарын орнату үшін астық қабылдау кәсіпорынының өндірістік емес алаңдарын беру жөнінде қызмет көрсету.

      4) жанар-жағармай материалдарын сақтау үшін мұнай өнімдерінің базалары мен резервуарларды жалға беру жөнінде қызметтер көрсету.

      Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бір аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет пен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметіне байланысты емес қызмет операцияларының бөлек есебін жүргiзуді қамтамасыз етуге мiндеттi.

      2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының:
      1) көрсетілетiн қызмет үшiн осы Заңның 18-бабына сәйкес  реттеушi орган белгiлегеннен артық мөлшерде ақы алуына;

      2) көрсетілетiн қызметтерге қол жеткiзу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушілiкке немесе тұтынушылардан белгiленген тарифтерде ескерілмеген ақы алу есебiнен табыс табуға әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.10.13. N 488, 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.21 N 89-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi

      1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады.

      2. Егер кәсiпорынның басқару органы астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есебiне, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiне аудиторлық тексеру жүргiзуден жалтарса, кез келген мүдделi тұлғаның арызы бойынша қабылданған сот шешiмiмен тексеру тағайындалуы мүмкiн.

      3. Тексеру комиссиясының (ревизордың) астық қабылдау кәсiпорны басқару органының қызметiн тексерудi жүзеге асыруы астық қабылдау кәсiпорнын аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.

      21-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының есеп
              жүргiзуi және есеп беруi

      1. Астық қабылдау кәсіпорындары және астық нарығына басқа да қатысушылар алғашқы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етуге міндетті.
      2. Астық қабылдау кәсiпорындары уәкiлеттi органның жазбаша сауалы бойынша, өздерiнiң негiзгi қызметiне байланысты ақпарат беруге мiндеттi.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.10.13 N 488, 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi
               көрсеткiштерiн жариялау

      Астық қабылдау кәсiпорындары жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi, оның салық органдарына тапсырылатын мерзiмi келгеннен кейiн күнтiзбелiк бiр ай iшiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы

      1. Астық қабылдау кәсiпорындары өздерiнiң астықпен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмдерi заңдармен белгiленедi.

      24-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн
              инспекциялау (тексеру)

      Ескерту. 24-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-1-бап. Мемлекеттiк астық инспекторы және оның
                өкiлеттiктерi

      Ескерту. 24-1-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының
              жауапкершiлiгi

      1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн заңсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына мынадай жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн қолдануға:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;
      2) алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.

      3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзуге құқылы.

      2. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi бюджетке алынады.

      3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Pecпубликасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488, 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі
              бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті
              жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін
              тоқтата тұру, лицензиядан айыру

      Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2007.07.26. N 313(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      27-бап. Астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру
               құқығына лицензиядан айыру

      Ескерту. 27-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару

      1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық- техникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады.

      2. Уәкiлеттi органның дербес қабылдаған шешiмi бойынша не астық қолхаттарын ұстаушылардың жолданымы бойынша астық қабылдау кәсiпорны мынадай негiздемелердiң бiрi бойынша:

      1) астық сақтау жөнiндегi шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;

      2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астық мөлшерiнiң астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерiнен асып кетуі бойынша ғана уақытша басқаруға берiлуi мүмкiн.

      3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.

      4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөнiндегi комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488, 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      29-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша
              басқаруды енгiзу

      1. Уәкiлеттi органның астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмi бұйрықпен ресiмделедi және онда мыналар:

      1) астық қабылдау кәсiпорнының атауы, оның орналасқан жерi мен мекен-жайы;

      2) уақытша басқаруды енгiзу үшiн негiздеме;

      3) уақытша басқарудың қолданыла бастауы және мерзiмi;

      4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау мақсатында астық қабылдау кәсiпорнының қызметiне қойылатын шектеулердiң тiзбесi;

      5) уақытша басқару жөнiндегi комиссияның адам құрамы;

      6) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару режимiндегi астық қабылдау кәсiпорнының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы жөнiнде есеп дайындап, бұл құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке табыс ету туралы және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушыларға уақытша басқарудың енгiзiлуi жөнiнде мiндеттi түрде хабарлау туралы нұсқама болуға тиiс.

      2. Мүдделi тұлғалар уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтатып қоймайды.

      3. Уәкiлеттi органның уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган осы Заңның 28-бабының 4-тармағында аталған қаражат есебiнен үш жұмыс күнi iшiнде кемiнде екi газетте мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды.

      30-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия

      1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының, астық қабылдау кәсіпорнының, сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) өкілдерінен тұрады.
      2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін уәкілетті орган астық қабылдау кәсіпорнына, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың бәріне үш күн мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жібереді.
      Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган уақытша басқару жөніндегі комиссияны дербес құруға құқылы.
      3. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне:
      1) уақытша әкімшіліктің мүшелерін қызметке тағайындау (қызметтен босату);
      2) уақытша әкімшіліктің қызмет нәтижелері туралы есебін бекіту;
      3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау кіреді.
      4. Егер астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) қатысушысы болмаса, уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:
      1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент;
      2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент;
      3) уәкілетті орган - жиырма бес процент.
      5. Астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) қатысқан жағдайда уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:
      1) астық қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;
      2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент;
      3) уәкілетті орган - жиырма бес процент;
      4) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) - жиырма бес процент.
      6. Уақытша басқару жөніндегі комиссия жалпы дауыс санының кемінде үштен екісіне ие өкілдер қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.
      Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
      7. Уақытша басқару жөніндегі комиссияны құрудың, оның қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      31-бап. Уақытша әкiмшiлiк

      1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөнiндегi комиссия тағайындайды.

      2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:
      1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi;

      2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатыла тұрады;

      3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнің өкілеттiгi тоқтатыла тұрады;

      4) уақытша әкiмшілiкке айтпай және оның жазбаша келiсiмiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.

      3. Уақытша әкiмшiлiк:

      1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға;

      2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға;

      3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;

      4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;

      5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға;

      6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;

      7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.
      4. алып тасталды
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 200.05.15. N 253 Заңымен.

      32-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау

      Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшілiктiң қызметiн бақылауды уақытша басқару жөнiндегi комиссия жүзеге асырады, ол:

      1) уақытша әкiмшiлiкке астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiндегi қызметтiң негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкiмшiлiктен оның қызметi және астық қабылдау кәсiпорнының қызметi туралы ақпарат берудi талап етуге;

      3) уақытша әкiмшiлiктiң атқарылған жұмыс туралы есебiн тыңдап, бекiтуге;

      4) уақытша басқару енгiзiлген себептер жойылмаған жағдайда оның мерзiмiн ұзартуға;

      5) уәкiлеттi органға уақытша басқаруды аяқтау туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.

      33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша
              басқаруды тоқтату

      1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздемелер:

      1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;

      2) уақытша басқарудың мерзiмiнен бұрын аяқталуы туралы уәкiлеттi органның шешiм қабылдауы;

      3) соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша тоқтатылады.

      2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату да) уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты белгiлеген барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.

      3. Егер астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау қабiлетiн қалпына келтiруге жеткiзбесе, лицензиат заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылады және уәкілетті орган астық қабылдау кәсiпорнының таратылуына бастама жасай алады.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. N 222(ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

  6-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру

      Ескерту. 6-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      33-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың және
                астық қабылдау кәсіпорындарының
                қызметін тексеру
 
      1. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеруді уәкілетті орган өз бетімен не басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізеді.

      2. Астықты экспортқа шығарушылар және астық қабылдау кәсіпорындары тексеруге берілген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша тексеруді жүргізуге уәкілетті органға жәрдемдесуге, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Уәкілетті органның қызметкерлеріне астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

      4. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      33-2-бап. Мемлекеттік астық инспекторы және оның
                 өкілеттігі
 
      1. Уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымдарына "Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік астық инспекторы" және "Мемлекеттік астық инспекторы" деген қосымша арнайы атауларды беруге құқылы.

      2. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы мынадай
функцияларды:

      1) мыналарды:
      астықтың қауіпсіздігі мен сапасын;
      астықтың мөлшерлік-сапалық, соның ішінде мемлекеттік ресурстар астығының жай-күйін;
      астықтың сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін;
      астықты экспорттаушылардың қызметін Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы тұрғысынан бақылау;

      2) астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысуды;

      3) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) лицензиядан айыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізуді;

      4) астық қабылдау кәсіпорынына уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар беруді;

      5) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорынын
уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін
кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберуді;

      6) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын
бұзушылықтар анықталған жағдайда, астықты экспортқа шығарушылар мен
астық қабылдау кәсіпорындарына нұсқама беруді;

      7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуді;
      8) астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
      3. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы астықты өсіру, сақтау және өңдеу орындарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен (қызметтік куәлігін және құқықтық статистика жөніндегі органда тіркелгені туралы белгісі бар тексеру тағайындалу туралы актіні көрсеткен кезде) кедергісіз баруға және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға құқылы.
       Ескерту. 33-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫН ТАРАТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АСТЫҚ ҚОЙМАЛАРЫН(ЭЛЕВАТОРЛАРДЫ, АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТТЕРІН) ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен.

      34-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын
              таратудың түрлерi мен негiздемелерi

      1. Астық қабылдау кәсiпорны:

      1) құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) шешiмi бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда өз еркiмен таратылуы мүмкiн. Бұл орайда уәкiлеттi органға хабарлама жiберiледi;

      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн (мәжбүрлеп тарату).

      2. Астық қабылдау кәсiпорындары қызметiнiң тоқтатылуы банкроттық туралы заңдар мен осы Заңның талаптары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      35-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын мәжбүрлеп
              тарату негiздемелерi

      Астық қабылдау кәсiпорындарын таратуды мына жағдайларда:

      1) банкрот болған;

      2) қызметтi тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз) не заң актiлерiнде тыйым салынған қызметтi, не заңдарды әлденеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;

      3) заң актiлерiнде көзделген басқа да жағдайларда сот жүргiзедi.

      36-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын банкрот деп тану

      1. Астық қабылдау кәсіпорны белгіленген тәртіппен тек қана сот шешімі бойынша банкрот деп танылуы мүмкін.

      2. Астық қабылдау кәсiпорнының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келiсiмiн жасасу мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05.  N 60-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

     37-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасын
            (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иелiктен
             шығару ерекшелiктерi

      1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi)  бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және сатып алушының (алушының) оны астық сақтау мақсаты үшiн пайдалану шарты бойынша бiрыңғай кешенмен иелiктен шығарылады.

      2. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сатуға кем дегенде екi ай қалғанға дейiн астық қабылдау кәсiпорны өзiне белгiлi астық қолхаттарын ұстаушыларды мүлiктік кешеннің иелiктен шығарылатыны туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық баспа басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тілінде бұл туралы хабарландыру беруге тиiс.

      3. Астық қабылдау кәсiпорны мүлiктiк кешендi иелiктен шығарған жағдайда астық қолхаттарын ұстаушыда сақтау шартын мерзiмiнен бұрын бұзу және астықты белгiленген тәртiппен алу не астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) бұрынғы иесiмен жасасқан шарт талабымен бiрдей астық қоймасының жаңа иесiмен де қайта шарт жасасу құқығы сақталады.

      4. Астық қабылдау кәсiпорнының осы баптың 1-3-тармақтарын бұза отырып жасаған астық қоймаларын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сату жөнiндегi мәмiлелерiн астық қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделi тұлғалардың талап-арызы бойынша сот заңсыз деп тануы мүмкiн .

      5. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иеленген не оны сот (аралық сот) шешiмiн орындау тәртiбiмен алған тұлға бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелер бойынша астықты қабылдап-өткiзу жөнiндегi комиссия жасаған және уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiнiң мемлекеттiк астық инспекторы бекiткен астық қалдықтарын түгендеу актiсiмен белгiленген мөлшерде жауапты болады.
      Егер астық қалдықтарын түгендеу актiсi жасалмаған болса, астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) жаңа иесi бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген барлық астық қолхаттары бойынша жауапты болады.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен.

      38-бап. Мәжбүрлеу тәртiбiмен таратылатын астық
              қабылдау кәсiпорны кредиторларының
              талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгi

      1. Мәжбүрлеп таратылатын, соның iшiнде банкроттығына байланысты таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.

      2. Таратудың жүргiзiлуiне байланысты, соның iшiнде астық қабылдау кәсiпорнын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығындар, сондай-ақ таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының негiзгi мiндеттерiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайтын шығындар кезектен тыс және тұрақты жүргiзiледi.

      3. Кредиторлардың белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезекпен қанағаттандырылуға тиiс:

      1) бiрiншi кезекте өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн таратылушы астық қабылдау кәсiпорны жауап беретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;

      2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушi адамдармен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу жүргiзiледi;

      3) үшiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi бар астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;

      4) төртiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi жоқ астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;

      5) бесiншi кезекте кредиторлардың таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер жөнiндегi талаптары қанағаттандырылады;

      6) алтыншы кезекте бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;

      7) жетiншi кезекте заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргiзiледi.

8-тарау. АСТЫҚ ҚОЛХАТТАРЫ

      39-бап. Астық қолхаты

      1. Астық қабылдау кәсiпорны астықты сақтауға қабылдағанын растайтын астық қолхатын бередi.

      2. Астық қолхаты қажет болған жағдайда бiр-бiрiнен бөлiнуi мүмкiн екi бөлiктен - қойма куәлiгiнен және кепiл куәлiгiнен тұрады. Астық қолхаты және оның бөлiктерiнiң әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.

      3. Астық қолхатының әрбiр бөлiгi мынадай мiндеттi деректемелердi бiрдей қамтуға тиiс:

      1) облыстың жергілікті атқарушы органы берген код;

      2) астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы мен нөмiрi;

      3) астықты сақтауға қабылдап алған астық қабылдау кәсiпорнының атауы, орналасқан жерi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

      4) астық қабылдау кәсiпорнының тiзiлiмi бойынша астық қолхатының ағымдағы нөмiрi;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген  - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      5) заңды тұлғаның атауы, тұрған жерi, мемлекеттiк тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi не аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi, астықты сақтауға тапсырған жеке адамның жеке басын куәландыратын құжат;

      6) астықтың түрi, оның сандық және сапалық сипаттамалары;

      7) егер ондай белгiленген болса, астықтың сақтауға қабылданған мерзiмi;

      8) сақтау төлемi туралы белгi;

      9) куәлiктiң берiлген күнi;

      10) уәкiлеттi адамның қолы мен астық қабылдау кәсіпорнының мөрi.

      4. Осы баптың талабына сай келмейтiн құжат астық қолхаты болмайды.

      5. Кепіл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде қойма куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:

      1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша - әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты - индоссаттың атауы және тұрған жерi;

      2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;

      3) индоссаттың қолы;

      4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.

      6. Кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде кепiл куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:

      1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты - индоссаттың атауы және тұрған жерi;

      2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;

      3) индоссанттың қолы;

      4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.

      7. Астық қолхаты жазылатын бланкiлерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртiбiн, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгiсiне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      8. Астық қабылдау кәсiпорны облыстың жергілікті атқарушы органына астық қолхатына қол қоюға уәкiлеттi адамдардың аты-жөнi және әкесiнiң аты жазылған карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгiлерiн, сондай-ақ астық қолхатына қойылған мөрдiң бедер-таңбасының үлгiсiн табыс етуге мiндеттi.

      9. Астық қолхатындағы қойылған қолдардың, мөр бедер-таңбасының облыстың жергілікті атқарушы органына берген карточкада көрсетiлген қойылған қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiсiне сәйкес келмеуi осы астық қолхатын жарамсыз деп тану үшiн негiздеме болып табылады.
      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.10.13 N 488, өзгеріс енгізілді - 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі),  2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      39-1-бап. Астық қолхатын беру тәртiбi

      1. Астық қолхаты сапасы бойынша бiр тектес әрбiр астық партиясына берiледi. Тапсырылған астықтың барлық көлемiне берiлетiн астық қолхатының санын астықтың иесi оған берiлген өтiнiм бойынша айқындайды.

      2. Астық қолхаттары астық иесiне астық қолхаттарының тiзiлiмiне тiркелiп және оның қолы қойылып берiледi, оны астық қабылдау кәсiпорны хронологиялық тәртiппен жүргiзiп отырады.

      3. Жаңа астық қолхатын астық қабылдау кәсiпорны:
      1) онда индоссаменттi жасау үшiн бос орын болмаған;

      2) табиғи тозығы жеткен;

      3) жоғалған жағдайларда беруi мүмкiн.
      Ескерту. 39-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен.

     40-бап. Астық қолхатын және оның бөлiктерiн
             ұстаушылардың құқықтары

     1. Астық қолхатын ұстаушының астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астыққа астық қолхатында көрсетiлген көлемде билiк етуге құқығы бар.

      2. Қойма куәлiгiн ұстаушы астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астыққа билiк етуге құқылы, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепiл куәлiгi бойынша борышты өтегенге дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астық берудi талап етуге құқылы емес.

      3. Кепiл куәлiгiн ұстаушының:

      1) кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлген тұлғадан кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеменiң орындалуын және ол бойынша сыйақы төлеудi талап етуге;

      2) кепiл куәлiгiн және ол бойынша құқықтарды үшiншi тұлғаларға беруге құқығы бар.
      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен.

      40-1-бап. Астық қолхаты және оның бөлiктерi
                бойынша құқықтарды беру <*>

      1. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтар оларда беру жазбаларын жүргiзу арқылы берiледi.
      Егер кепiл куәлiгi бөлiнбесе, астық қолхатындағы индоссамент қойма куәлiгiнде ғана жасалады.

      2. Кепiл куәлiгiн бөлу осы Заңның 39-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 40-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен.

       41-бап. Астық қолхаты бойынша астық беру <*>

      1. Астық қолхатын ұстаушы немесе қойма куәлiгiн ұстаушы астықты талап ету үшiн астық қабылдау кәсiпорнының тұрған жерiне өзi келуге немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуге мiндеттi.

      2. Астықты беру астық қолхатын ұстаушының өтiнiшi бойынша өтеуге жататын қойма және кепiл куәлiктерiнiң түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен.

       41-1-бап. Кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге
               асыру тәртiбi

      1. Қойма куәлiгiн ұстаушы қойма куәлiгiнде көрсетiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталғанға дейiн кредитор алдындағы мiндеттеме мөлшерiнде борышты өтеген кезде кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде индоссамент жасауға және оны қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтаруға мiндеттi.

      2. Кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеме орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда, кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде көрсетiлген астықты өндiрiп алуға құқылы.

      3. Егер өндiрiп алу сәтiне дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астықты қойма куәлiгiн ұстаушы талап еткен, ал астық қабылдау кәсiпорнына кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын және ол бойынша сыйақының төленгенiн куәландыратын құжат табыс етiлген болса, онда кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiн өтеу үшiн қайтарып беруге мiндеттi.
      Ескерту. 41-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен.

       41-2-бап. Кепiлге салынған астықты сату

      1. Кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген өзiнiң талабы мерзiмiнде қанағаттандырылмаған жағдайда, кепiлге салынған астықты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатуға және өзiнiң талаптарын басқа кепiл берушi кредиторлар алдында басым жабуға құқылы.
      Кепiл куәлiгiн ұстаушының талабын кепiлге салынған мүлiктiң құнынан қанағаттандыру, егер шартта өзгеше белгiленбесе, кепiл куәлiгін ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы ұйымдастыратын және өткiзетiн сауда-саттықта кепiлге салынған астықты соттан тыс тәртiппен мәжбүрлеп сату арқылы жүргiзiледi.
      Кепiл куәлiгiн ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы кепiл берушiге кепiл беру туралы шартта көзделген мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабарлама жасайды және сонымен бiр мезгiлде бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткiзiлетiн уақыты, орны, сауда-саттық нысанасы, оны өткiзу тәртiбi, сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу туралы және кепiлге салынған астықтың бастапқы бағасы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жариялайды.
      Сауда-саттық ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап он төрт күннен кейiн өткiзiледi.

      2. Сауда-саттықта астық сатудан түскен сома мынадай кезекпен бөлiнедi:

      1) бiрiншi кезекте сауда-саттықты өткiзуге және ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;

      2) екiншi кезекте астық қабылдау кәсiпорнына сақтау жөнiнде көрсеткен қызметi үшiн сыйақы төленедi;

      3) үшiншi кезекте кепiл куәлiгiн ұстаушының талабы қанағаттандырылады;

      4) төртiншi кезекте астық сатудан қалған сома қойма куәлiгiнiң түпнұсқасына айырбастауға қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтарылады.

      3. Әрбiр кезектің талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.
      Ескерту. 41-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен.

      41-3-бап. Астық қолхатының жоғалуы немесе бүлiнуi

      1. Астық қолхаты, қойма куәлiгi немесе кепiл куәлiгi жоғалған жағдайда тиiстi куәлiктi жоғалтқан тұлға бұл туралы астық қабылдау кәсiпорнына жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.

      2. Жоғалған астық қолхаты, қойма куәлiгi және (немесе) кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 41-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен.

      41-4-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы
                 заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

       Ескерту. Заң 41-4-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдымен.

9-тарау. Қорытынды ережелер

      42-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі

      Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті