Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңы.

Жаңартылған

      МАЗМҰНЫ

1-бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Сот билiгi

      1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.

      Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.

      Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.

      Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.

      Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

      2. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

      Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.

      Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.

      Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

      3. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.

      Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi.

      Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

2-бап. Мемлекеттiк билiктiң нышандары

      1. Соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы орнатылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады.

      2. Судьялар сот төрелiгiн судья мантиясын киiп жүзеге асырады, оның нысаны мен сипаттамасын Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекiтедi .

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

3-бап. Сот жүйесi

      1. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi және басқа соттар құрайды.

      Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.

      2. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:

      1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары);

      2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).

      3. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

      3-1. Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.

      4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.

      5. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының ерекше мәртебесі болады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 № 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 № 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

4-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi

      Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi:

      1) Конституцияда, осы Конституциялық заңда, iс жүргiзу және өзге де заңдарда белгiленген, барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен;

      2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;

      3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен;

      4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;

      5) заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;

      6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.

      Осы бапта көзделген талаптар "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотына қолданылмайды.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

5-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар

      Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесi, сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.

2-бөлiм. СОТ ЖҮЙЕСI
1-тарау. АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР

6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру

      1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi – аудандық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.

      Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін.

      2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      3. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынуы негiзiнде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Сот Төрағасы белгiлейдi.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

7-бап. Аудандық соттың құрамы

      1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.

      Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.

      2. Алып тасталды - ҚР 2006.12.11 N 199 Конституциялық заңымен.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi

      1. Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады.

      2. Аудандық сот:

      1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;

      2) сот статистикасын жүргiзедi;

      3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

9-бап. Аудандық соттың төрағасы

      1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

      1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

      2) аудандық соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi;

      3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

      4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етедi;

      6) өкiмдер шығарады;

      7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкiмi бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi.

      Аудандық сотта төраға, сондай-ақ судьялар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқару облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі.

      Аудандық сот төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

2-тарау. ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР

10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру

      1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi – облыстық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.

      2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      Әрбір облыстық сот үшiн судьялардың санын уәкiлеттi органның ұсынуы негізінде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Соттың Төрағасы белгiлейдi.

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы

      1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.

      2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.

      3. Мыналар:

      1) жалпы отырыс;

      2) жалпы отырыстың төралқасы;

      3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;

      4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы облыстық соттың органдары болып табылады.

      Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.

      4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді.

      5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды.

      6. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган – Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады.

      Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

12-бап. Облыстық соттың өкiлеттiгi

      Облыстық сот:

      1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;

      2) Алып тасталды - ҚР 2006.12.11 N 199 Конституциялық заңымен.

      3) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

      4) уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 209-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

13-бап. Облыстық сот алқалары

      Ескерту. 13-бап алынып тасталды - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

14-бап. Облыстық соттың төрағасы

      1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

      1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

      2) сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы;

      3) облыстық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;

      5) соттың жалпы отырысының қорытындысы негізінде Жоғары Сот Кеңесіне судья лауазымына кандидаттың тағылымдамасының нәтижелері туралы қорытынды жібереді;

      6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

      7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады;

      8) өкімдер шығарады;

      9) облыстық соттың, республикалық маңызы бар қала және астана соттарының кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

      11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының міндеттерін уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі.

      3. Облыстық соттың төрағасы уақытша болмаған жағдайда мiндеттердiң атқарылуын облыстық соттың төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеудi жүзеге асырады, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының мiндеттерiн уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі.

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 209-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы

      1. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

      1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

      2) сот алқасының отырыстарында төрағалық етедi;

      3) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

      4) соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпаратты ұсынады;

      5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      2. Сот алқасының төрағасы облыстық сот төрағасына сот алқасында мамандандырылған құрамдар қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

      3. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда сот төрағасы оның мiндетiн атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi.

      Облыстық соттың сот алқасы төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда облыстық соттың төрағасы оның міндеттерін уақытша атқаруды облыстық соттың тиісті сот алқасының судьясына жүктейді.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

16-бап. Облыстық соттың жалпы отырысы

      1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:

      1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

      2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен);

      3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;

      4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

      5) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкiлеттi органға келiсiм бередi;

      6) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;

      7) аудандық және облыстық соттар судьяларының, аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;

      8) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкiлеттi органға ұсыну енгiзедi;

      9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;

      9-1) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      9-2) облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін бекітеді;

      10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;

      2. Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.

      3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртiбi ол бекiткен регламентпен анықталады.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 209-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

16-1-бап. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасы

      1. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасы:

      1) соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды облыстық соттың жалпы отырыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді;

      1-1) тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;

      2) осы Конституциялық заңда облыстық соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы жеті мүшеден – облыстық соттың төрағасынан және сот алқаларының төрағаларынан, Судьялар одағы филиалының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан, сондай-ақ облыстық соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін екі судьядан тұрады.

      3. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасын облыстық соттың төрағасы шақырады және ол өз мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде құқықты болады.

      4. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының жұмысын ұйымдастыру облыстық соттың жалпы отырысы бекітетін регламентпен айқындалады.

      Ескерту. 2-тарау 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 07.11.2014 N 245-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ

17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi

      1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндірулер беріп отырады.

      2. Жоғарғы Сот:

      1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;

      2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

      3) нормативтік қаулылар қабылдайды;

      3-1) Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) қалыптастырады;

      3-2) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      3. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша бекітеді.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

18-бап. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы

      1. Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады.

      Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

      2. Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.

      3. Мыналар:

      1) жалпы отырыс;

      2) жалпы отырыстың төралқасы;

      3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;

      4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы;

      5) мамандандырылған сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.

      Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.

      4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы белгілейді.

      5. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы жасақтайды.

      6. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес, халықаралық кеңес және баспасөз органы құрылады.

      7. Жоғарғы Соттың жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

19-бап. Жоғарғы Сот алқалары

      Ескерту. 19-бап алынып тасталды - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

20-бап. Жоғарғы Сот Төрағасы

      1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар:

      1) жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады;

      2) сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы;

      3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi;

      4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi;

      4-1) сот актілерін заңда көзделген негіздер бойынша қайта қарау туралы ұсынулар енгізеді;

      5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi.

      6) қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады;

      6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

      7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;

      8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;

      8-1) Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша әрбір жергілікті және басқа да сот судьяларының санын бекітеді;

      9) Уәкілетті орган туралы ережені Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;

      9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін бекітеді;

      9-2) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      9-3) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      9-4) жалпы отырыс төралқасының үлгі регламентін бекітеді;

      10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;

      11) өкiмдер мен бұйрықтар шығарады.

      2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттiк билiк тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:

      1) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      2) облыстық соттар төрағаларының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына енгізеді;

      3) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      3-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесіне облыстық соттар төрағаларының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде ұсынады;

      4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;

      5) осы Конституциялық заңмен көзделген негiздер туындаған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесiне Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату мәселесi бойынша ұсыныс пен материалдар енгiзедi;

      6) Қазақстан Республикасының Президентiне судьяларды және уәкілетті органның қызметкерлерін мемлекеттiк наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс енгiзедi;

      7) республика судьяларын ведомстволық наградалармен наградтайды, "Құрметті судья" атағын береді және осы Атақты беру тәртібі туралы ережені бекітеді;

      8) алып тасталды - ҚР 2006.12.11 N 199 Конституциялық заңымен;

      8-1) қажет болған кезде сот төрелігін іске асыру үшін судья лауазымында болудың шекті жасына толмаған отставкадағы судьяларды тартады;

      9) заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша болмаған кезде оның мiндеттерi Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледi.

      Сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда Төрағаның міндеттерін уақытша атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот судьяларының біріне жүктеледі.

      4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайда Төрағаның мiндетiн уақытша атқаруды Қазақстан Республикасының Президентi Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының (судьясының) бiрiне жүктейдi.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

21-бап. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы

      1. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

      1) сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;

      1-1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

      2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

      3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшiн судьялардың тиiстi құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi;

      4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпарат бередi;

      4-1) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

      5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      2. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкiмi бойынша алқа судьяларының бiрiне жүктеледi.

      Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша Жоғарғы Соттың тиісті сот алқасының судьясына жүктеледі.

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы

      1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:

      1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

      2) сот практикасын зерделеу мен жинақтаудың қорытындылары бойынша республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiнде заңдылықты сақтау мәселелерiн қарайды;

      3) нормативтiк қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрулер береді және заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

      Нормативтік қаулылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот судьялары санының кемінде үштен екі даусымен және Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кемінде төрттен үш кворумы болған кезде қабылданады;

      3-1) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 245-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

      4) Жоғарғы Соттың сот алқалары, Сот жюриi төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының ақпаратын тыңдайды;

      5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;

      6) облыстық соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;

      6-1) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне бекітуге енгізуі үшін Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссия төрағасының және комиссия мүшелерінің кандидатураларын қарайды;

      6-2) Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру үшін кандидатуралар тізімін бекітеді;

      7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыстың хатшысын, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестердiң құрамдарын бекiтедi, сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриiн сайлайды;

      7-1) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;

      7-3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін бекітеді;

      7-4) Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер туралы ережелерді бекітеді;

      8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.

      3. Жоғарғы Сот жалпы отырысының жұмыс тәртiбi өзi бекiтетiн регламентпен белгiленедi.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

22-1-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы

      1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы:

      1) соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді;

      1-1) тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;

      2) осы Конституциялық заңда Жоғарғы Соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған, соттардың қызметін ұйымдастыруға қатысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы он бір мүшеден – Жоғарғы Соттың Төрағасынан және сот алқаларының төрағаларынан, Судьялар одағының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан, Сот жюриінің төрағасынан, Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның төрағасынан, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін үш судьядан тұрады.

      3. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы шақырады және ол өз мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде құқықты болады.

      4. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының жұмысын ұйымдастыру Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекітетін регламентпен айқындалады.

      Ескерту. 3-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

3-бөлiм. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI
1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

23-бап. Судья мәртебесi

      1. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.

      Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады.

      Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.

      2. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгiзуге болмайды.

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

23-1-бап. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларының мәртебесі

      1. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына соңғы лауазымына орналасу құқығы беріледі, ал, халықаралық соттың судьясы болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылады және орнынан түскен кезде ескеріледі.

      2. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда реттелмеген бөлігінде осы Конституциялық заңда көзделген барлық материалдық және әлеуметтік кепілдіктер қолданылады.

      Ескерту. 1-тарау 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 07.11.2014 N 245-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы

      1. Судьялар лауазымға Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Конституциялық заңға, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланады немесе тағайындалады және оларға тұрақты негiзде өкiлеттiктер беріледі.

      2. Судьялардың өкiлеттіктері тек қана осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi

      1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.

      Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

      2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.

      3. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.

      4. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.

      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.11 № 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi

      1. Судьяның тәуелсiздiгi:

      1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;

      2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне араласқаны үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен;

      3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен;

      4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген судьяны лауазымға сайлау, тағайындау, оның өкiлеттiктерiн тоқтату және тоқтата тұру тәртiбiмен, судьяның отставкаға құқығымен;

      5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.

      2. Судьялар, олардың отбасы мүшелерi мен мүлкi мемлекеттiң қорғауында болады.

      Егер судьядан тиiстi өтiнiш түссе, iшкi iстер органдары судья мен оның отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкiлiктi шаралар қабылдауға мiндеттi.

      Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi

      1. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа кезде, судьяны Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

      2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін. Судья қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ бір тәулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастырылуы мүмкін. Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жүргізілуі мүмкін.

      3. Судьяға Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі белгiлеген тәртiппен куәлiк берiледi.

      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 232-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 85-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 119-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

28-бап. Судьяға қойылатын талаптар

      1. Судья:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға;

      2) сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;

      3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;

      4) судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.

      1-1. Судьялық жұмыста жиырма жылдан астам өтілі бар судьяларды қоспағанда, судьялар әрбір бес жыл сайын Сот жюриінде кәсіби қызметін бағалаудан өтеді.

      2. Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

      Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуiне болмайды.

      Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар

      1. Аудандық соттың судьясы болып:

      1) отыз жасқа толған;

      2) жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі және әдетте, сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі не заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар;

      3) біліктілік емтиханын тапсырған (мамандандырылған магистратурада оқу бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады);

      4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екендігін растаған;

      5) негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін бір жылдық тағылымдамадан ойдағыдай өткен және тағылымдама нәтижесі бойынша сот жалпы отырысының оң қорытындысын алған (мамандандырылған магистратурада оқу бiтiрген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады);

      6) полиграфологиялық зерттеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптар жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды.

      2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар, оның кемінде бес жылы судьялық жұмыс өтілі болатын, сондай-ақ тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерліктерін алған азамат облыстық соттың судьясы бола алады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазбаша кепілгерліктерге облыстық соттың судьялары қол қояды.

      Облыстық соттағы лауазымға орналасуға арналған конкурсқа басқа облыстық соттың судьясы қатысқан жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазбаша кепілгерліктерге Жоғарғы Соттың судьялары қол қояды.

      Кепілгерлік бергенге дейінгі екі жыл ішінде тәртіптік жазаға тартылған судья кепілгерлік бере алмайды.

      Судья кепілгерлік берген кезде объективті болуға, өзіне белгілі болған анық деректерді басшылыққа алуға міндетті. Кепілгерлік берген кезде судья белгіленген өлшемшарттарды:

      1) судьяның кепілгерлік берілетін адаммен таныс болған уақыт кезеңін, сондай-ақ танысу мән-жайларын;

      2) өзі кепілгерлік беретін адаммен бірлескен жұмыс тәжірибесін (осындай тәжірибе болған кезде);

      3) өзі кепілгерлік беретін адамның кәсіби және коммуникативтік дағдыларын, жеке және іскерлік қасиеттері туралы судьяға белгілі болған мәліметтерді;

      4) судьяға анық белгілі болған өзге де мәліметтер мен деректерді ескереді.

      Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасауға болады.

      Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын кандидат Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады.

      3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар, оның кемінде он жылы судьялық жұмыс өтілі болатын, оның ішінде бес жыл облыстық соттағы судьялық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігін алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.

      Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатқа судьялық өтілдің болуы, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысының және тиісті жазбаша кепілгерліктің қажеттілігі туралы талаптар қолданылмайды.

      3-1. Аудандық сот төрағасы мен судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

      Облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

      Егер облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар өздері судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын болса, облыстық сот жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алу талап етілмейді.

      Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

      Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің де қорытындысын алуға тиіс. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.

      4. Судьялыққа кандидаттар негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, тұрақты негізде сотта ақы төленетін біржылдық тағылымдамадан өтеді. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.

      5. Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей, конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы беріледі.

      6. Судьялық жұмыс өтіліне осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көрсетілген лауазымдарда судья болып жұмыс істеген уақыты қосылады.

      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.12.2015 № 437-V Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 119-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық куәландыру

      1. Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растау үшiн оған медициналық куәландыру жүргiзiледi.

      2. Судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiретiн аурулардың тiзбесi Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның бiрлескен нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

      Ескерту. 29-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

30-бап. Сот судьясының, төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына кандидаттарды іріктеу

      1. Судья лауазымына кандидаттарға шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан, лауазымға орналасуға тең құқық қамтамасыз етіледі.

      2. Аудандық сот төрағасы мен судьясының, облыстық сот судьясының және Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос лауазымдарға орналасуға өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады.

      3. Облыстық соттар төрағаларының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасының енгізген ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды.

      4. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.

      Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатуралар жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерліктерін алуға тиіс.

      Облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.

      Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі.

      Аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген өлшемшартқа қосымша ұйымдастырушылық қабілеттері де ескеріледі.

      Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының лауазымына кандидат Жоғарғы Сот судьялары арасынан ұсынылады.

      Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа да соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымдарға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.

      Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды.

      Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының, судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.

      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.12.2015 № 437-V Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау

      1. Судьяның кәсіби қызметін бағалау деп оның кәсіби білімінің деңгейін және оны сот төрелігін іске асыру кезінде қолдана білуін, сот қызметінің нәтижелерін, судьяның іскерлік пен адамгершілік қасиеттерін және оның осы Конституциялық заңда және Судья әдебі кодексінде қойылатын талаптарға сай келуін бағалау танылады.

      Судьяның кәсіби қызметін бағалау судьялар корпусының сапалық құрамын жақсарту, кәсіби біліктілікті бағалау және оның өсуін ынталандыру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайтуға жауаптылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіледі.

      Судьяның кәсіби қызметін бағалау судья лауазымындағы жұмысының бір жылдағы нәтижелері бойынша бірінші рет жүргізіледі. Кейіннен судьяның кәсіби қызметін бағалау әрбір бес жыл сайын, сондай-ақ жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына конкурсқа қатысу кезінде жүргізіледі.

      Жиырма және одан көп жыл судьялық өтілі бар судьялар кәсіби қызметті мерзімді бағалаудан босатылады.

      2. Судья жұмысының нәтижелері бір жыл мерзім өткеннен кейін Сот жюриінің біліктілік комиссиясының отырысында қаралады және Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің бекітуіне енгізіледі.

      Судья жұмысының нәтижелері мынадай өлшемшарттардың негізінде қаралады:

      1) сот төрелігін іске асыру сапасының көрсеткіштері;

      2) судья әдебінің нормалары мен еңбек тәртібін сақтау.

      3. Судьяның кәсіби қызметін бағалауды Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-бөлім 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.12.2015 № 437-V Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

      2. Жергілікті және басқа соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.

      3. Жергілікті және басқа соттардың сот алқалары төрағаларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

      4. Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.

      5. Қазақстан Республикасының Президентi жергiлiктi және басқа да соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң ұсынымы бойынша бес жыл мерзiммен лауазымға тағайындайды.

      Аудандық соттардың төрағалары, облыстық соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары тиісті сотта өздері атқаратын лауазымына қатарынан екі реттен артық тағайындала алмайды.

      6. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

      7. Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн, егер олар тиісінше басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған немесе сайланбаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.

      Тиiстi сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

      Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда осындай лауазымға тағайындалмаған Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

      8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған кезде осы соттың судьялары, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда басқа сотқа ауыстырылған кезде судья өздерінің келiсуiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылуы мүмкiн.

      9. Осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша лауазымынан босатылған жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы және сот алқаларының төрағалары тиісті сот судьясының өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.

      Тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

      Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда Жоғарғы Соттың Төрағасы және сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

      Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

32-бап. Судьяның ант беруi

      1. Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант бередi:

      "Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретiндегi борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн".

      2. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының отырысында ант бередi.

      3. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

      4. Облыстық соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы мен судьясы, аудандық соттың төрағасы мен судьясы қызметіне алғаш рет тағайындалған адамдар облыстық соттың жалпы отырысында ант береді.

      Судья төраға не сот алқасының төрағасы немесе басқа соттың судьясы болып тағайындалған кезде қайтадан ант бермейді.

      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру

      1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:

      1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып тiркелсе;

      2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;

      3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе;

      3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судьяның өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы Сот жюриінің шешiмi болса;

      3-2) алып тасталды - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      4) басқа жұмысқа ауысса;

      5) судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берсе, тоқтатыла тұрады.

      2. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұруды:

      Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;

      Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.

      2-1. Судьяның өкілеттігі тоқтатыла тұрған кезде оның тиісті соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымындағы өкілеттігі тоқтатыла тұрады.

      2-2. Судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берген кезде оның өкілеттігі осы өтініш берілген күннен бастап бір ай өткен соң тоқтатыла тұрады.

      3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.

      Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату

      Ескерту. 34-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.03.2017 № 52-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкiлеттiктерін тоқтату негiздері:

      1) судьяның орнынан түсуі;

      2) судьяның өз тілегі бойынша лауазымынан босауы;

      3) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы;

      4) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмiнің заңды күшiне енуі;

      5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы;

      6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;

      7) судьяның қайтыс болуы немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнің заңды күшiне енуі;

      8) осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы және оның басқа жұмысқа ауысуы;

      9) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, егер судья басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда судьяның басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;

      10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкiлеттiк мерзiмiнің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келiсiм бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда сот төрағасының, сот алқасы төрағасының басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;

      11) кәсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешiмi;

      11-1) судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі;

      12) зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толуы.

      2. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі бойынша, не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған кезде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

      3. Судья лауазымынан босату туралы шешiм:

      1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;

      2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.

      4. Судья лауазымынан босату бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.

      Осы Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымынан оның өз еркі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң аяқталуы бойынша босату оны осы соттың судьясы лауазымынан босатуға әкеп соқпайды.

      Тиісті сотта судьяның бос лауазымы болмаған жағдайда төраға немесе сот алқасының төрағасы оның келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

      5. Судьялардың өкілеттіктерін тоқтатудың осы баптың 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздері теріс уәждер деп танылады.

      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 119-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

34-1-бап. Судья лауазымында болудың шекті жасы

      1. Судья Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде оның шекті жасқа толғанға дейін судья лауазымында одан әрі болуына Жоғары Сот Кеңесінің келісімімен Жоғарғы Соттың Төрағасы рұқсат етеді.

      2. Судья лауазымында болуға оның шекті жасқа – алпыс бес жасқа толуына дейін жол беріледі, бұл айрықша жағдайларда осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Ескерту. 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

35-бап. Судьяның орнынан түсуi

      1. Мiнсiз беделi, кемiнде жиырма жыл судьялық жұмыс өтiлi бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығына жататынын, жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiн және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерiн сақтай отырып, лауазымынан құрметпен кету нысанында судья өкiлеттiктерінің тоқтатылуы отставка болып табылады.

      Судьяны орнынан түсу нысанында қызметтен босату судьяның орнынан түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.

      2. Отставкаға шыққан кезде судьяға жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы шығу жәрдемақысы төленедi.

      2-1. Отставка тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайлардан басқа кезде, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяға судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының елу пайызы мөлшерінде салық салынбайтын өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төленеді.

      Жиырма жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін, ал 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяларға – он бес жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының бір пайызына ұлғайтылады.

      Отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының ең жоғары мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының алпыс бес пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз тоғыз еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымның мөлшері көрсетілген қамтылымды төлеуге өтініш берілген күнге қолданыста болатын, судьялар үшін еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес соңғы атқарған лауазымы бойынша есептеледі.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен судьялардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері арттырылған кезде тиісінше өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды қайта есептеу жүргізіледі.

      Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Отставкадағы судьяның өз жеке зейнетақы шотында қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

      2-2. Оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға байланысты лауазымды қоспағанда, отставкадағы судья Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымға орналасқан жағдайда, оған өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тоқтатыла тұрады.

      Республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымда болуы тоқтатылған жағдайда, судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қайта басталады.

      3. Судьяның орнынан түсуі:

      ол қылмыс жасаған немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасаған;

      өз тiлегi бойынша;

      Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

      ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.

      Судьяның отставкасын тоқтату үшін негіздер қаралғанға дейін судьяның отставкасы тоқтатыла тұрады.

      Судьяның орнынан түсуін тоқтата тұруды Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.

      Егер судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның орнынан түсуі қалпына келтіріледі.

      4. Судья орнынан түсуi тоқтатылған жағдайда жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiнен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепiлдiктерден айырылады.

      Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігі мен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.

      5. Орнынан түсуді тоқтату судьяны орнынан түсуіне байланысты лауазымнан босатудың сол тәртібімен жүзеге асырылады.

      6. Отставкадағы және судья лауазымында болудың шекті жасына толмаған судьялар, олардың келісімі болған кезде судьяның уақытша болмауы кезеңінде, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге сот төрелігін іске асыруға тартылуы мүмкін.

      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен, өзгерістер енгізілді - 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.07.2015 № 341-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру

      1. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

      2. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған қосымша міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджетке алынады.

      Ескерту. 35-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 31.07.2015 № 341-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

36-бап. Жоғары Сот Кеңесi

      Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және оның жұмысын ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.12.2015 № 437-V Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

37-бап. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары

      1. Судьялар қоғамдастығының ортақ мүдделерiн iске асыру мен қорғау мақсатында судьялардың қоғамдық бiрлестiктер құруға құқығы бар.

      2. Судьялық бiрлестiктер қажет болған жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiредi, қорғайды және сот төрелiгiнiң iске асырылуына ықпал етуге құқылы емес, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемеуге тиiс.

38-бап. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары

      Ескерту. 38-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

38-1-бап. Сот жюриi

      1. Жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қызметін бағалау, судьяның отставкаға құқығын және оны тоқтатуды растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін Сот жюриі құрылады.

      Сот жюриі біліктілік және тәртіптік комиссиялардан тұрады.

      Біліктілік комиссиясы жеті мүшеден – облыстық соттардың екі судьясынан, Жоғарғы Соттың екі судьясынан және отставкадағы үш судьядан тұрады.

      Тәртіптік комиссия тоғыз мүшеден – аудандық соттардың үш судьясынан, облыстық соттардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың үш судьясынан тұрады.

      2. Облыстық соттың және Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының шешімдері судьяға қатысты материалдарды Сот жюриінің тәртіптік комиссиясының қарауы үшін негіз болып табылады.

      Жеке және заңды тұлғалар судьяның әрекеттеріне шағым жасаудың барлық өзге де қолда бар тәсілдерін пайдаланған болса, олардың өтініштері де судьяға қатысты материалдарды Сот жюриінің қарауы үшін негіз болып табылады.

      3. Сот жюриi мен оның комиссияларын қалыптастыру және олардың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ Сот жюриінің материалдарды, тәртiптiк iстердi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.

      Ескерту. 38-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

38-2-бап. Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы

      Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы (бұдан әрі – Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      Жоғарғы Сот Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.

      Академияны құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      Ескерту. 3-бөлім 38-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.12.2015 № 437-V Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘРТIПТIК ЖАУАПКЕРШIЛIГI

39-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi

      1. Судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

      Қызметтік міндеттерін атқару не қызметтен тыс кездегі кінәлі әрекет (әрекетсіздік) салдарынан осы Конституциялық заңның және (немесе) Судья әдебі кодексінің ережелері бұзылып, бұл сот билігі беделін түсіруге және судьяның беделіне нұқсан келтіруге алып келген тәртіптік теріс қылық болып табылады.

      Судья тәртiптiк жауаптылыққа:

      1) сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты өрескел бұзғаны үшiн;

      2) судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшiн;

      3) еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн тартылуы мүмкін.

      2. Сот төрағалары және соттардың сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

      3. Судьялық қате, сондай-ақ сот актiсiнiң күшiн жою немесе оны өзгерту, егер бұл ретте жоғары тұрған сот сатысының сот актiсiнде көрсетiлген, заңды өрескел бұзушылықтарға жол берiлмеген болса, судьяның жауаптылығына алып келмейді.

      Судьяның кінәлі әрекеттеріне байланысты емес, материалдық немесе процестік құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеуге және қолданбауға алып келген іс-әрекет судьялық қате деп танылады.

      Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi

      1. Судьяларға тәртiптiк жазаның мына түрлерi қолданылуы мүмкiн:

      1) ескерту;

      2) сөгiс;

      3) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      4) қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметiнен босату;

      5) осы Конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша судья қызметiнен босату.

      2. Әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн тәртiптiк терiс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кiнәсiнiң дәрежесi ескерiле отырып, тек бiр тәртiптiк жаза қолданылады.

      Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

41-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы

      Ескерту. 41-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

42-бап. Тәртiптiк iс қозғау және қарау мерзiмдерi

      1. Судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргізу, жеке тұлғалардың өтініші бойынша тәртіптік іс жүргізуді қозғауды қоспағанда, қызметтiк тексеру мен судьяның дәлелдi себеппен жұмыста болмаған уақытын есепке алмағанда, терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей және терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қозғалуы мүмкiн.

      Жоғарғы тұрған сот инстанциясының заңдылықтың бұзылу фактiсi анықталған сот актiсi заңды күшiне енгiзiлген күн судьяның сот iсiн қарау кезiнде заңдылықты бұзуына байланысты тәртiптiк терiс қылықтың анықталған күнi болып есептеледi, ал заңсыз сот актiсi шығарылған күн осындай терiс қылықтың жасалған күнi болып есептеледi.

      Жеке тұлғалардың өтініші бойынша судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргізу қызметтiк тексеру мен судьяның дәлелдi себеппен жұмыста болмаған уақытын есепке алмағанда, өтініш келіп түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қозғалуы мүмкiн.

      2. Тәртiптiк iс қозғалған күнiнен бастап екi ай мерзiм iшiнде қаралуға тиiс.

      Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 437-V(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

43-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар

      Ескерту. 43-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

44-бап. Сот жюриінің шешiмдері

      1. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін бағалау туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) атқаратын лауазымына сай деп тану;

      2) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным жасау;

      3) жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне қоюға ұсыным жасау;

      4) басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы;

      5) кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану;

      6) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным беруден бас тарту.

      Сот жюриі біліктілік комиссиясының осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

      2. Сот жюриінің біліктілік комиссиясының кәсіби қызметті мерзімді бағалаудың нәтижелері бойынша судьяны кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне судьяны атқаратын қызметінен босату туралы ұсыным енгізуі үшін негіз болып табылады.

      Сот жюриінің біліктілік комиссиясының кәсіби қызметті мерзімді бағалаудың нәтижелері бойынша судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне – судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы ұсыным, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын қызметінен босату туралы ұсыным енгізуі үшін негіз болып табылады.

      3. Сот жюриінің тәртіптік комиссиясы тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;

      2) тәртіптік іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы.

      Тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі шығарылады:

      1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртiптiк жаза қолдану туралы;

      2) тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтату туралы.

      Сот жюриінің тәртіптік комиссиясы судьяның отставкаға құқығын растау туралы өтініші бойынша материалды, сондай-ақ отставканы тоқтату туралы материалды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) судьяның отставкаға құқығын растау туралы;

      2) судьяның отставкаға құқығын растаудан бас тарту туралы;

      3) судьяның отставкасын тоқтату туралы;

      4) судьяның отставкасын тоқтатудан бас тарту туралы.

      4. Сот жюриі комиссияларының шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы тиісті ұсынуды Жоғары Сот Кеңесіне енгізуі үшін негіз болып табылады.

      5. Сот жюриі комиссияларының шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасай алады.

      6. Жоғары Сот Кеңесінің төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы не Жоғары Сот Кеңесінің судьяға қандай да бір тәртіптік жаза қолданудың негізсіздігі туралы шешімі Сот жюриі тиісті комиссияларының өздері шығарған шешімнің күшін жоюы және оны қайта қарауы үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.12.2015 № 437-V Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

5-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi

      1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп есептеледi.

      2. Судьяның тәртібі мiнсiз болған және ол өз мiндеттерiн адал атқарған кезде, Сот жюриі тәртіптік жазаны ол қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.

      Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

46-бап. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының шешiмдерiне шағымдану

      Ескерту. 46-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

3-тарау. СУДЬЯЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

47-бап. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету

      1. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету оның мәртебесiне сай болуға және сот төрелiгiн толық әрi тәуелсіз жүзеге асыру мүмкiндiгін қамтамасыз етуге тиiс және оны азайтуға болмайды.

      2. Судьялардың еңбегiне ақы төлеу судьяның мәртебесi, оны тағайындау және сайлау тәртiбi, сондай-ақ ол жүзеге асыратын функциялар ескеріле отырып, Конституцияның 66-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      3. Осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда, судья лауазымынан босату кезінде кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілі болған жағдайда оған төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі.

      Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

48-бап. Судьялардың бiлiктiлiк сыныптары

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары

      Судьяларға сауығуы үшiн лауазымдық екi айлықақы мөлшерiнде жәрдемақы төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге жыл сайынғы демалыс берiледi.

50-бап. Көшкен кездегi өтемақы

      Қызметi бойынша Қазақстанның бір өңірінен екінші өңіріне судья болып тағайындалған (сайланған) судьяларға, қайта тағайындалған (қайта сайланған) судьяларға және олардың отбасы мүшелерiне көшуге байланысты шығыстары шыққан шығынының көлемiнде төленедi.

      Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету

      1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.

      2. Судьяға және оның отбасы мүшелерiне кезектен тыс, бiрақ қызметiне кiрiскен күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей, нақты жер жағдайына қарай, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi. Судья үнемі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жай оның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендірілуі мүмкін.

      3. Судья қызметiнен босатылғанда оны және отбасы мүшелерiн басқа тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк тұрғын үйден шығаруға болмайды.

      4. Осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда, судья лауазымынан босату кезінде оған өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жайды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендіру құқығы беріледі.

      Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңдарымен.

52-бап. Судьяларды мантиямен қамтамасыз ету

      Барлық соттардың судьялары республикалық бюджет қаражаты есебiнен судьялық мантиямен қамтамасыз етiледi.

53-бап. Судьяларға медициналық қызмет көрсету

      1. Судьялар және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетумен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етiледi.

      2. Судьяларға медициналық қызмет көрсетудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңдарымен.

54-бап. Судья мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсiби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақы

      1. Судья қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертiксе (жарақаттанса, жараланса, контузия алса, кәсiби ауруға шалдықса), оған осы бапта белгiленген мөлшерде бiржолғы өтемақы төленедi.

      2. Судья қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертiгу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсiби ауруға шалдығу) салдарынан судья өкiлеттiгiн тоқтатқаннан кейiн бiр жылдың iшiнде оны алуға құқығы бар адамдарға соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

      3. Судьяның қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертiгуiнiң (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, кәсiби ауруға шалдығуының) нәтижесiнде мүгедек болғаны белгiленген жағдайда, оған:

      1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық лауазымдық айлықақы;

      2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық лауазымдық айлықақы;

      3) III топтағы мүгедекке - алты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

      4. Судья қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiк белгiлеуге әкеп соқтырмаған ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсiби ауруға шалдыққан) жағдайда оған бiр жарым айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде, жеңiл мертiккен жағдайда - жарты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

      5. Бiржолғы өтемақы төлеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      6. Егер судьяның қызметтiк мiндеттерiн атқарумен байланысты емес жағдайларда мертiккенi (жарақаттанғаны, жараланғаны, контузия алғаны, кәсiби ауруға шалдыққаны) немесе қаза тапқаны (қайтыс болғаны) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.

      Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

55-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстардың өтемақысы

      Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметiнен зейнеткерлiкке шыққан зейнеткерлердi жерлеу үшiн судья қайтыс болған сәттегi тиiстi лауазымы бойынша судьяның үш айлық жалақысы мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.

      Біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру кепiлдiктерінен айыру

      Судьяның өкілеттіктері оның қылмыс жасауына немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасауына, сот әдебi талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген өзге де талаптарды орындамауына байланысты Сот жюриінің шешімі негізінде, сондай-ақ кәсiби жарамсыздығы туралы шешім негізінде тоқтатылған кезде, ол:

      1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдігінен;

      2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерден айырылады.

      Ескерту. 55-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 437-V Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

4-бөлiм. СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

56-бап. Соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға құқықтық статистикалық құжатталған ақпаратты ұсынуды Қазақстан Республикасының Президенті құратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті органның бірыңғай жүйесін тиісті мемлекеттік орган және уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелері құрайды.

      3. Уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады.

      4. Уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді.

      5. Уәкілетті орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен олардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

      6. Судья Жоғарғы Сот Төрағасының келісімімен сот төрелігін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға (Сот төрелігі академиясындағы және уәкілетті органдағы) судья өкілеттіктерін тоқтата отырып, судья атағын және судьялар қоғамдастығына жататынын сақтай отырып, кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен тағайындалуы мүмкін.

      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 119-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 209-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

57-бап. Соттарды қаржыландыру

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын, жергілікті және басқа соттарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.

      2. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың бюджетi соттардың конституциялық өкiлеттiктерiн орындауын толық қамтамасыз етуге тиiс.

      3. Халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      4. Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен құрылатын Республикалық бюджет комиссиясының мүшесі болып табылады.

      Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

5-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

58-бап. Күшi жойылды деп танылған заң актiлерi

      Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1. "Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы" 1990 жылғы 23 қарашадағы Қазақ ССР-ның Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 48, 443-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1992 ж., N 8, 206-құжат; N 11-12, 293-құжат; 1993 ж., N 8, 161-құжат; 1995 ж., N 23, 140-құжат).

      2. "Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы" Қазақ ССР Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң 1990 жылғы 23 қарашадағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 48, 444-құжат).

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қызметiнiң ұйымдық мәселелерi туралы" 1994 жылғы 7 ақпандағы N 1545 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағы, 1994 ж., N 6, 62-құжат).

      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы соттары судьяларының материалдық және әлеуметтiк қамсыздандырылу деңгейiн арттыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1670 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағы, 1994 ж., N 18, 182-құжат).

      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының төменгi соттарын құру тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2125 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағы, 1995 ж., N 10, 113-құжат).

      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының соттары туралы" 1995 жылғы 20 қазандағы N 2581 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., N 21, 128-құжат; N 22, 134-құжат).

      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 конституциялық заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 147-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; N 11, 156-құжат; N 13-14, 194-құжат; 1999 ж., N 4, 100-құжат; N 23, 915-құжат; N 10, 231-құжат).

59-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгiзу және судьялар қызметiнiң онымен байланысты ерекшелiктерi

      1. Осы Конституциялық заң тиiстi заңдардың қабылдануына қарай, бiрақ 2001 жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiлетiн 11 баптың 2-тармағын, 13-бапты, 18-баптың 2-тармағын, 19-бапты, 30-бапты және 36-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке тағайындалған немесе сайланған Республика соттарының қызмет етiп жүрген төрағалары мен судьялары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.

      3. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке сайланған немесе тағайындалған сот төрағаларының бесжылдық өкiлеттiк мерзiмi қызметке сайланған немесе тағайындалған сәттен бастап есептеледi.

      4. Қазақстан Республикасы облыстық, оларға теңестірілген соттарының және Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңмен көзделген Қазақстан Республикасы соттарының алқалары құрылғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті