Мемлекеттік қызмет туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 986.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 23 тамыздағы N 72 N990072_ өкімін орындау үшін Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға

орналасуға конкурс өткізудің ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 сәуірде 
N 732  

V990732_

  тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері 
жөніндегі агенттігі төрағасының Қазақстан Республикасының орталық атқарушы 
органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізу 
туралы 1999 жылғы 15 сәуірдегі N А-33 қағидасы бұйрығының күші жойылды деп 
танылсын.
     3. Осы бұйрық 2000 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
     
     Төраға
     
     
                                               Қазақстан Республикасының
                                                  Мемлекеттiк қызмет
                                               iстері жөніндегі агенттiгi
                                             1999 жылғы 24 қарашада N А-202
                                                  бұйрығымен бекітілген
                  Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға
                         орналасуға конкурс өткiзудiң
                                    Қағидасы
     


      Осы Қағида мемлекеттiк органдардағы әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң (бұдан әрi - конкурс) шарттары мен тәртiбiн айқындайды, және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z990453_ 14-бабына сәйкес әзiрлендi.

                                1. Жалпы ережелер

      1. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке бiрдей кiру мүмкiндiгiнiң конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
      2. Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары бар мемлекеттiк орган (бұдан әрi - мемлекеттiк орган), немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi орган (бұдан әрi - өкiлеттi орган) лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзедi. <*>
      Ескерту: 2-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері
               жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 6 маусымдағы N 02-2-4/98
               бұйрығымен. V011544_
      3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган әкiмшiлiк мемлекеттiк

қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге 
асыруға өкілетті конкурс комиссиясын құрады.
     4. Конкурс өткiзiлген кезде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан 
Республикасы Заңының және өзге де мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың 
талаптары сақталуы тиiс.
     5. Конкурс комиссиясының шешiмi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос 
лауазымына орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға 
негiздеме болады.
     
              2. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi
     
     6. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:
     1) жасы он сегiзден төмен емес;
     2) тиiстi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi болуы және белгiленген 
бiлiктiлiк талаптарына сәйкес.
     7. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:
     1) осы Қағиданың 6-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес емес;
     2) заңдылық күшi бар сот шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетi төмен немесе 
жұмыс iстеу қабiлетi шектелген болып танылғандар;


      3) заңдылық күшi бар сот шешiмiмен белгілi бiр анықталған мерзiмге дейiн мемлекеттiк қызметтi атқару құқығынан айырылғандар;
      4) заңда қарастырылған басқа жағдайларда.
      8. Конкурс ашық және жабық жағдайда өткiзiледi.
      9. Ашық конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы болады.
      10. Жабық конкурсқа тек әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң ғана қатысуға құқығы болады.
      11. Жабық конкурс Қазақстан Республикасы Президентiнiң

Әкiмшiлiгiндегi, Парламент Палаталарының Аппараттарындағы, Премьер-Министр 
Кеңсесiндегi, Жоғарғы Сот Аппаратындағы, Қазақстан Республикасы 
Конституциялық Кеңесiнiң Аппаратындағы Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң Iс Басқармасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар бойынша 
өткiзiлуi мүмкiн. Бұл туралы шешiмдi осы мемлекеттiк органдардың басшылары 
қабылдайды. 
<*>

     Ескерту: 11-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері          
              жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 16 маусымдағы N 02-1-7/60  
              бұйрығымен.  

V001173_

 
     12. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейiн мемлекеттiк 
органға қажеттi құжаттарын тапсырған азаматтар конкурсқа қатысушы бола 
алады.
     13. Конкурс комиссиясының шешiмi негiзiнде тестiлеуге жiберiлген 
конкурсқа қатысушылар бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға 
үмiткерлер (бұдан әрi - үмiткерлер) бола алады.
     14. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды, 
оларды тестiлеудiң нәтижелерiн қарайтын, үмiткерлермен әңгiмелесу 
өткiзетiн және бос әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң лауазымдарына 
орналасуға үмiткерлердi түпкiлiктi iрiктеудi iске асыратын алқалы орган 
болып табылады.
     15. Конкурс мынадай сатылардан тұрады:
     1) мемлекеттiк орган өткiзетiн конкурс туралы хабарландыруларды 
жариялау;
     2) конкурс комиссиясын құру;
     3) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын 
қабылдау;
     4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының әкiмшiлiк мемлекеттiк 
лауазымдарға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын-ала 
қарау;
     5) үмiткерлердi өкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте тестiлеу;
     6) үмiткерлермен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
     7) конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi.
     16. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (тестiлеу өтетiн жерге келу 
және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн 
пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
     
              3. Конкурс туралы хабарландыру 
<*>

     
      Ескерту: 17, 18, 19 тармақтар жаңа редакцияда жазылды -              
               ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің
               2000 жылғы 18 қаңтардағы N 02-1-7/3 бұйрығымен.  

V001043_

 


      17. Конкурсты орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi және ведомостволар өткiзген кезде хабарландырулар ресми басылымдарда жарияланады. Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың конкурс өткiзу туралы хабарландырулары облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) мәслихаттары мен әкiмдерi ресми жарияланымдар үшiн белгіленген газеттер мен өзге де мерзiмдi басылымдарда жарияланады. <*>
      Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет
               істері жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 6 маусымдағы
               N 02-2-4/98 бұйрығымен. V011544_
      18. Конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы тиiс: <*>
      1) мекен-жайы көрсетілген мемлекеттiк органның атауы, пошта адресi, телефондары мен факс нөмiрлерi;
      2) конкурс өткiзудiң тәсiлi (ашық немесе жабық);
      3) негiзгi функциональдық мiндеттерi, қолданыстағы заңдарға сәйкес

еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;
<*>

     4) мемлекеттiк орган анықтаған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес 
конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
     5) құжаттарды қабылдаудың мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру 
жарияланған кезден бастап 15 күнтiзбелiк күннен кем болмауы керек);
     6) 
<*>

     7) өкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiлген 
сынақ өткiзудің мерзiмi мен орны;
     8) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
     9) 
<*>

     Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына 
қайшы келмейтiн қосымша ақпараттармен мазмұндала алады.
     Ескерту: 18-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері          
              жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16   
              бұйрығымен.  

V001066_

 
     Ескерту: 18-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері          
              жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 16 маусымдағы N 02-1-7/60  
              бұйрығымен.  

V001173_

 
     19. Конкурстар туралы мәлiметтер уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық 
бөлiмшесiне Интернет жүйесiндегi республикалық бұқаралық ақпарат 
құралдарының ресми басылымдарын WЕВ-парақтарына орналастыру үшін ұсынылуы 
тиіс. 
<*>

     Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет    
              істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 16 маусымдағы 
              N 02-1-7/60 бұйрығымен.  

V001173_

 
     Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері          
              жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 6 маусымдағы 
              N 02-2-4/98 бұйрығымен.  

V011544_

 
     
                4. Конкурс комиссиясын құру
     
     20. Конкурс комиссиясын осы Қағидамен анықталған тәртiппен тиiстi 
лауазымға тағайындауға құқығы бар тиiстi мемлекеттiк органның басшысы 
құрады.
     21. Конкурс комиссиясы төрағадан, хатшыдан (кадр қызметiнiң өкiлi) 
және комиссия мүшелерiнен тұрады.
     22. Конкурс комиссиясының құрамын тиiстi мемлекеттiк органның басшысы 
бекiтедi.
     23. Мемлекеттiк орган құрған және орталық мемлекеттiк органның 
аумақтық бөлiмшелерінің басшылары конкурстық iрiктеудi жүзеге асыратын 
конкурс комиссиясының құрамына орталық мемлекеттiк органның өкілдерi, және 
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмшiлiгiнiң өкiлi, келiсiмi бойынша 
кiреді.
     
                  5. Құжаттарды қабылдау
     
     24. Конкурсқа қатысқысы келетiн азаматтар конкурс өткiзетiн 
мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:
     1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш (N 1 қосымша); 
<*>

      2) кадр есебi бойынша толтырылған iс парағы (нақты мекен-жайы мен

телефондары, соның iшiнде байланыс, көрсетiлуi тиiс);
     3) өкiлеттi орган белгiлеген нысанда толтырылған анкета 
(N 2 қосымша); 
<*>

     4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарда 
белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;
     5) еңбек кiтапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген 
тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;
     6) денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама;
     7) 3х4 үлгідегi 1 фотосурет.
     Ескерту: 24 тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері        
              жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16   
              бұйрығымен.  

V001066_

 
     Ескерту: 24 тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері        
              жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154  
              бұйрығымен.  

V001281_

 
     


      25. Азаматтар бiлiмiне еңбек тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және мiнездемелерi туралы (бiлiктiлiгiн көтеру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, кепiлдемелер, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қосымша ақпараттарды бере алады.
      26. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген құжаттары қабылданады.
      27. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың кадр есебi жөнiндегi жеке iс парақтары мен өтiнiштерi және конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшысында сақталады (кадр қызметiнде). <*>
      Ескерту: 27 тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет
               істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы
               N 02-1-7/154 бұйрығымен. V001281_

              6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау

      28. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
      29. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына және 24-тармаққа сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн талдайды.
      30. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды талдау негiзiнде олардың тиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды сынаққа жiберу туралы шешiм қабылдайды, ол хаттама түрiнде ресiмделiп және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды. Тестiлеуге жiберiлмеген конкурсқа қатысушыларды шешiм қабылданғаннан кейiн конкурс комиссиясы хабарландырады. <*>
      Ескерту: 30 тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет
               істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы
               N 02-1-7/154 бұйрығымен. V001281_

      31. Тестiлеуге жiберу туралы шешiм әр өткiзiлген конкурс бойынша конкурс комиссиясы бекiткен үмiткерлердiң тiзiмi түрiнде ресiмделедi және өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне берiледi.
      32. Конкурс комиссиясы, хабарландырудың жарияланған сатысында, өкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң келiсiмi бойынша, тестiлеу өткiзудің кестесiн жасайды. Кестеге сәйкес конкурс комиссиясы үмiткерлерге тестiлеу өткiзудiң уақыты мен орны туралы хабарландырады.
      33. Yмiткерлерге ххх тестілеу жүйесiне қосылған өкiлеттi органның немесе басқа да мемлекеттiк органның өздерiнiң мекен-жайына жақын бөлiмшелерiнде тестiлеуден өту құқығы берiледi. Өкiлеттi органның өздерiнiң мекен-жайына жақын бөлiмшелерiнде тестiлеуден өткiсi келетiн үмiткерлер бұл туралы конкурс комиссиясына хабарлайды. Осының негiзiнде конкурс комиссиясы белгілi үмiткердiң тестiлеуден өтетiн орны туралы өкiлеттi орган мен оның тиiстi бөлiмшесiне хабарлайды.

                  7. Yмiткерлердi тестiлеу

      34. Тестiлеудiң мақсаты үмiткердің бiлiмi мен қабiлетiн әдiл бағалау болып табылады.
      35. Тестiлеудің тәртiбiн өкiлеттi орган анықтайды.
      36. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың санаттарына байланысты өкiлеттi орган тестiлеудің әр түрлi бағдарламаларын белгілеуi мүмкiн. Құжаттарын әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың әр түрлi санаттарына жататын екi немесе одан да көп бос лауазымдарға орналасуға берген және тестiлеуге жiберiлген үмiткерлер тиiстi бағдарламалар бойынша тестiленедi.
      37. Yмiткердiң лауазымның белгілi бiр санаты үшiн белгiленген тестiлеу бойынша тестiлеуiнiң нәтижесi, егер тестiлеудiң бағдарламасы өзгертiлмеген жағдайда, тестiлеуден өткен сәтiнен бастап 1 жыл бойы күшiнде болады.
      38. Yмiткердің алдыңғы тестiлеуден соң үш айдан кем емес мерзiмнен кейiн бiр бағдарлама бойынша қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы болады. <*>
      Ескерту: 38-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері
                жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 16 маусымдағы N 02-1-7/60
                бұйрығымен. V001173_
      Ескерту: 38 тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет
               істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы
               N 02-1-7/154 бұйрығымен. V001281_
      39. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi тестiлеудiң нәтижелерiн тиiстi мемлекеттiк органның конкурс комиссиясына бередi.
      40. Тестiлеуден өткiзу кезiнде лауазымның осы санаты үшiн өкiлеттi

орган белгiлеген түпкiлiктi мәннен төмен емес бағалар алған үмiткерлер 
әңгімелесуге жiберiледi. Тестiлеу нәтижелерi негiзгi мәннен төмен болған 
үмiткерлер әңгiмелесуге жiберiлмейдi. Тестiлеуден өткен үмiткерлерге 
конкурс комиссиясы тестiлеудiң нәтижелерi туралы хабарлайды. Бұған қоса, 
әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер конкурс комиссиясы өткiзетiн 
әңгiмелесуден өту үшiн шақырылады.
     
                8. Yмiткерлермен әңгiмелесу
     
     41. Әңгiмелесудің мақсаты үмiткерлердiң кәсiби және жеке қасиеттерiн 
бағалау болып табылады.
     42. Yмiткердің кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс 
комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк 
қызметтің лауазымдық нұсқауларға сүйенедi.
     42-1. Әрбiр үмiткермен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен 
ресiмделедi, ол жүргiзiлiп бiткеннен кейiн конкурстық комиссияның 
төрағасы, мүшелерi, үмiткер, сондай-ақ, хаттаманы iске асырушы хатшы 
қолдарын қояды. 
<*>

     Ескерту: 42-1 тармағымен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет
              істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы 
              N 02-1-7/154 бұйрығымен.  

V001281_

      
     43. Әңгiмелесуден өткен үмiткерлердің құжаттарын конкурс комиссиясы 
өзiнiң қорытынды мәжiлiсiнде қарайды.
     
           9. Конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi
     


      44. Конкурс комиссиясы қорытынды мәжiлiсiнде әңгімелесу

өткiзгеннен кейiн екi күннен кеш емес өткiзiлуi тиiс үмiткерлердi берген 
құжаттары, тестiлеу мен өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде 
бағалайды және олардың қатарынан бос әкiмшiлiк лауазымға орналастыру үшiн 
iрiктеудi iске асырады. 
<*>
 
     Ескерту: 44 тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері        
              жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16   
              бұйрығымен.  

V001066_

 
     45. Конкурс комиссиясының шешiмi үмiткер қатыстырылмай, ашық дауыс 
беру жолымен қабылданады.
     46. Конкурс комиссиясының шешiмi егер мәжiлiске оның құрамының 2/3 
кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi. 
     47. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда 
үмiткер дұрыс баға алады. Дауыстар бiрдей болған жағдайда конкурс 
комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
     48. Конкурс комиссиясының өкiлеттi органға әңгiмелесуден өткен 
үмiткерлердi кадр резервiне есепке алуға ұсыныстама жасауға құқығы 
болады. 
<*>

     Ескерту: 48 тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет                 
              істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 3 қарашадағы 
              N 02-1-7/154 бұйрығымен.  

V001281_

      
     49. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс 
комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске 
асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.
     50. Конкурс комиссиясы мәжiлiсi хаттамасының көшiрмесi өкiлеттi 
органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне жiберiледi.
     51. Егер конкурс нәтижесiнде конкурс комиссиясы берiлген бос 
лауазымдарға үмiткерлердi анықтамаса, мемлекеттiк орган қайтадан конкурс 
жариялауы мүмкiн.
     52. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен үмiткерлерге конкурс 
нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн 5 күн iшiнде хабарлайды.
               10. Үмiткердiң қызметке орналасуы
     
     53. Мемлекеттiк органның басшысы конкурс комиссиясының дұрыс 
қорытындысына ие болған үмiткердi жарияланған қызметке қабылдауға 
мiндеттi. Бұл ретте әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметке түсу үшiн заңдарда 
қарастырылған талаптар сақталуға тиiс.
     54. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтерi 
анықталған конкурс комиссиясынан дұрыс қорытынды алған азаматты ұсыну 
тиiстi бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қабылдаудан бас тартуға 
негiздеме болады.
     
                     11. Шағым беру тәртiбi
     


      55. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, болмаса сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағым беру құқығы бар.
      56. Өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi конкурс комиссиясының шешiмiне келiп түскен шағымды қарайды және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, осы Қағиданы, мемлекеттiк қызмет туралы басқа да заңдардың бұзылғаны анықталған жағдайда, конкурс комиссиясына қабылданған шешiмдi толық немесе жартылай жоюды ұсына алады.
      57. Өкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысын конкурс комиссиясы бұрынғы құрамымен өткiзiлген өз мәжiлiсiнде қарайды. Осы мәжiлiсте конкурс комиссиясы бұрын қабылданған шешiмiн жояды және жаңасын енгiзедi, не болмаса оны еш өзгерiссiз қалдырады. Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданғаннан кейiн он күн мерзiм ішiнде, өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурсқа қатысушыға немесе үмiткерге хабарлайды.
      58. Конкурс комиссиясының бұрынғы қабылдаған шешiмін жоюы және

жаңасын енгiзуi мемлекеттiк орган басшысының тиiстi шешiмiн өзгертуi 
немесе қабылдауы үшiн негiздеме болады.
     59. Егер конкурс комиссиясы бұрынғы қабылданған шешiмдi өзгерiссiз 
қалдырған жағдайда, өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi, 
сондай-ақ шағым берген конкурсқа қатысушы немесе үмiткер осы шешiмдi сот 
тәртiбiнде шағым беру құқығы болады.
     60. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер өздерiне қатысты бөлiгiне, 
сондай-ақ өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс 
құжаттарымен, тестiлеудiң және әңгiмелесудің нәтижелерiмен танысу құқығы 
болады.
     
     
     Ескерту: Қағида N 1, 2  қосымшалармен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік   
              қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 25 ақпандағы 
              N 02-1-7/16 бұйрығымен.  

V001066_

 
     
     Қазақстан Республикасының   
                                                Мемлекеттiк қызмет iстерi  
                                                жөнiндегі агенттiгiнің
                                                төрағасының 
                                                2000 жылғы 25 ақпанындағы 
                                                N 02-1-7/16 бұйрығына 
                                                N 1 қосымша
     
     
     
                __________________________________
                       (мемлекеттiк орган)
                        
                            Өтініші
     
     
     Мені бос тұрған мынадай _____________________________________________
     ______________________________________________________________________
     _________________________________________ қызмет орнына тағайындалуым 
     үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.
     
     Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс
     өткiзудiң Қағидасының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн
     және орындауға мiндеттеме аламын.
     Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
     
     
     __________________                          _______________________
          Қолы                                           Аты-жөні
                                                 ___ _____________ 2000 ж.
     


                                             Қазақстан Республикасының     

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгiнің төрағасының 2000 жылғы 25 ақпанындағы N 02-1-7/16 бұйрығына N 2 қосымша


                           АНКЕТА

                  (Өз қолымен толтырылады)
     
     1. Тегi_____________________________________________________________
        Аты______________________________________________________________
        Әкесiнiң аты_____________________________________________________
     2. Азаматтығы_______________________________________________________
        Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз______________________________
     3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн____________________
     4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз
        Болған елiңiз____________________________________________________
        Болған уақытыңыз_________________________________________________
        Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз______________________________
     5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген деп
        танылдыңыз ба, қашан және не үшін________________________________
     6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан           
        айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн_______________________________
     7. Байқау жарияланған бос қызмет орнына тағайындалған жағдайда.
        Сiздiң тiкелей бастығыңызбен туысқандық қарым қатынаста тұрасыз ба
        (ата анаңыз, жұбайыңыз, бауырыңыз, қарындасыңыз, ұлыңыз, қызыңыз,
        сондай-ақ жұбайыңыздың бауырлары, сiңлілерi, ата-аналары және
        балалары)_________________________________________________________
        __________________________________________________________________
 
        _________________ 2000 ж.                 ______________________
                                                        (қолы)      
     
     
     Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.