Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 бұйрығы.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Министр

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
1999 жылғы 22 ақпандағы
№ 14 бұйрығымен   
бекітілген      

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2016 № 55 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жылжымалы мүлік кепіліне тіркеу жүргізу рәсімін нақтылайды. Нұсқаулық заңнамаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолдануына жатады.
      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Мемлекеттік корпорацияның кепіл туралы шартта немесе кепіл талабын (кепілді тіркеу туралы өтінішті) қамтитын өзге де шартта қамтылған мәліметтерді жылжымалы мүлік тізіліміне енгізу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті беру бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға қатысушылардың жиынтық іс-әрекеттерін білдіретін жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі және Мемлекеттік корпорацияның осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасайтын іс-әрекеттері;
      2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік – Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат;
      3) жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі (кепіл тізілімі) – Мемлекеттік корпорация жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі;
      4) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
      5) өтiнiш берушi – Мемлекеттік корпорацияға кепiлдi тiркеу туралы өтiнiшті беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсiмi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi болып табылады;
      2. Осы Нұсқаулықтың күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге, сондай-ақ тіркелуін заңнамалық  актілерге сәйкес басқа да органдар жүзеге асыратын немесе өзгеше тәртіппен тіркелетін жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеуге қолданылмайды.

2. Тіркеу объектілері мен орны

      3. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:
      1) кепіл туралы шартты немесе кепіл туралы талаптар қамтылған өзге де шартты тараптарының бірінің талап етуі бойынша;
      2) егер кепіл туралы талаптар немесе кепіл туралы талап қамтылған өзге де шартты кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркеледі.
      Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу:
      1) егер кепiл берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның тiркелген орны бойынша;
      2) егер жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсiпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепiл берушi болып табылса, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

3. Тіркеуі тәсілі және негізі

      4. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тіркеліміне (оның ішінде компьютерлік базаға) кепіліді тіркеу туралы өтініштен алынған деректерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.
      5. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген құжаттарымен қоса берілген жазбаша өтініш жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеуге негіз болады.

4. Тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесі, олардың мазмұны
және оларға қойылатын талаптар

      6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін өтініш беруші жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады және Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш;
      2) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келетін кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары қамтылған өзге де шарт екі данада;
      3) жеке басын куәландыратын құжаттар, ал адамның өкілі үшін - оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар;
      4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алымды төлегенін растайтын құжат («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабы).
      Мүлік қайта кепілге қойылған жағдайда – алдындағы кепіл ұстаушылардың олардың хабардар екендігі және жылжымалы мүлікті қайта кепілге қоюға қарсы еместегі туралы хаттары, сондай-ақ төлем тапсырмасының түбіртегі немесе көшірмесі болуға тиіс.
      7. Кепіл бойынша құқықтардың (талаптардың) басқаға ауысуын тіркеу, оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір уақытта беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
      8. Өтінішті өтініш беруші жеке өзі немесе өкілі арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді.
      9. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге ұсынылатын құжаттар тиісінше ресімделген түрде Мемлекеттік корпорацияда қабылданады. Өшірілген, қосып жазылған, сызып тасталған сөздер және өзге де ескертусіз жасалған түзетулер қабылданбайды.

5. Тіркеу рәсімі мен мерзімдері

      10. Қаждалардын 6-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданғаннан кейін өтініш берушіге осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда күні, уақыты (сағаты, минуты) және тізбесі мен нөмері көрсетілген құжаттарды алғанғанын растайтын қолхат береді.
      11 Мемлекеттік корпорация қажетті құжаттарды алғаннан кейін:
      1) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге түскен өтінішті осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды есепке алу кітабына енгізеді және оларға нөмір береді;
      2) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысанда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі тіркеліміне (оның ішінде компьютерлік деректер базасына) кепілді тіркеу туралы өтініштен деректер енгізеді. Тізілімдік нөмір тіркеу жылына және қабылданған өтініштің нөміріне сәйкес келеді және бөлшек арқылы жазылады;
      3) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің жүргізілгенін осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысанда кепіл шартына міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жургізілгенін куәландыру туралы мөртабан қою арқылы куәландырады;
      4) өтініш берушіге тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар, кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары қамтылған шарттың түпнұсқасын қайтарады және осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысанда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті береді.
      12. Жылжымалы мүлік кепілі екі жұмыс күні ішінде тіркелуге тиіс.
      13. Мемлекеттік корпорация ұсынылған жылжымалы мүлік кепілі туралы шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді.
      14. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жылжымалы мүлік кепілі тізілімінің «айрықша белгілер» бағанында, сондай-ақ кепілді тіркеу туралы куәлікте қосымша жазба енгізу арқылы жүргізіледі.

6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер
арқылы электрондық тіркеу тәртібі

      15. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге де шарт жасасқан кезде, екінші деңгейдегі банк жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен жылжымалы мүлік кепілі жөніндегі ақпараттық жүйеге жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған, кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті жібереді.
      Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке кепіл беруші мен кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілі туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге де шарт және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі.
      Мемлекеттік корпорация қоса берілген құжаттарымен бірге өтінішті алғаннан кейін және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және кепіл ұстаушыға «электрондық үкіметтің» веб-порталына Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы Нұсқаулықтың 89-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түрінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
      16. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат жылжымалы мүлік кепілі жөніндегі ақпараттық жүйелерде және екінші деңгейдегі банктерде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.

7. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тарту

      17. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) Кепіл шарты мазмұнының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
      2) өтініштердің осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес келмеуі;
      3) осы Нұсқаулықтың 6-тармағында белгіленген құжаттар топтамасының толық болмауы.
      18. Бас тартылған жағдайда Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге құжаттар қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасап, дәлелді бас тартуды жібереді.

8. Тіркелген кепілдің әрекетін өзгертуді, толықтыруды және
тоқтатуды тіркеу тәртібі

      19. Кепілді тіркеу екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру арқылы жүргізіледі.
      Кепіл бойынша құқықтардың (талаптардың) басқаға ауысуы тіркелген жағдайларда, оның ішінде бір уақытта активтер мен міндеттемелерді беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде өтінішке екі данада жасалған, өзгерістерді, толықтыруларды енгізу туралы қол қойылған шарт ұсынылады (оның ішінде меншік құқығының басқаға ауысуы туралы шарт не құқықтардың (талаптардың) басқаға ауысуы туралы шарт) табыстау актісі немесе оның үзінді көшірмесі (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі), ол Мемлекеттік корпорация өтініште қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін тіркеу туралы белгі қойылып, өтініш берушіге қайтарылады.
      20. Кепіл беруші болып табылатын республиканың басқа өңірлерінен келген заңды тұлға қайта тіркелген жағдайда, сондай-ақ жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепіл беруші болып табылса, өтініш беруші тіркеу белгісі бар бастапқы кепіл туралы шарттың көшірмесін ұсынады.
      21. Кепіл туралы шарттың қолданылуы аяқталған кезде тіркеу кепіл ұстаушының жазбаша өтінішті және негізгі міндеттеменің орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынуы бойынша жылжымалы мүлік кепілі тізіліміндегі жазбаны жою арқылы, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті қайтару арқылы жүргізіледі Осы мүлікке басқа кепіл ұстаушылар болған жағдайда, жазбаны жою оларды хабардар еткендігі туралы құжатты ұсыну арқылы жүргізіледі.

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
1-қосымша            

нысан                

_____________________________________________________________________
органның атауы

№ ____ өтініш

Кепіл беруші

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні
және жылы;___________________________________________________________
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН) ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі ______ сериясы ______ №________
берілді __________________________________ берілген күні ____________
         (құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
      (уәкілетті өкілдің деректемелері)
___________________________________________________________ негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

Кепіл ұстаушы

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және туған күні мен жылы;
атауы, заңды тұлғаның БСН____________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі _________ сериясы _____ №______
берілді _____________________________________ берілген күні _________
      (құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
      (уәкілетті өкілдің деректемелері)
____________________________________________________________негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуіңізді сұраймын:_________________
_____________________________________________________________________
Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған жері _______________________________________________
Кепіл заты туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік кепілінің
сипаттамасы)_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады:
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ
Қайта кепілге беру туралы мәліметтер: Ия/Жоқ (керек емесін сызып
тастау)
Өтінішке қоса беремін (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және қашан берді):
1. Төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия Жоқ (керек емесін сызып тастау)

Өтініштің берілген күні:___________________________________ 20____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:______________________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Уақыты: ___________________________ сағ. _______________________ мин.
Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы ________________________________________

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
2-қосымша            

нысан                

_____________________________________________________________________
органның атауы

№ ____өтініш

Кепіл ұстаушы________________________________________________________
    (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған күні және жылы                немесе заңды тұлғаның атауы мен тіркеу номірі)
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ______ сериясы ______ №_________
берілді ___________________________________берілген күні ____________
      (құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
      (уәкілетті өкілдің деректемелері)
_________________________________________________________ негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Өзгерістерді және/немесе толықтыруды немесе кепілдің тоқтатылуын
тіркеуді сұраймын____________________________________________________
Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған орны _______________________________________________
Кепіл заты туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы)
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік: кепіл берушінің ____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады.
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ
Қайта кепілге беру туралы мәліметтер: Ия/Жоқ (керек емесін сызып
тастау)
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және
қашан берді)
1. Төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. __________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия/Жоқ (керегі жоғын сызып тастау)
Өтініштің берілген күні:___________________ 20 _____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы:
_______________________________________
Уақыты: ________________ сағ._________ мин.
        ______________________________
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
_______________ «___»______20___ж._________ (қолы)

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
3-қосымша            

нысан                

___________________________________________________
органның атауы

Қолхат

Өтініш бойынша құжаттарды қабылдау № ______ 20___ ж. «___» ________
Уақыты: _______ сағ.________ мин.
---------------------------------------------------------------------
Қабылданған құжаттар тізбесі (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді):
1. Төлегені туралы құжат: түрі __________ № _______ сомаға __________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қабылдаған:_______________________ Өтінішті толтырған күн ___________
Мемлекеттік корпорацияның өтініш қабылдау жөніндегі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы
_______________________________ 20 ______ ж.
---------------------------------------------------------------------

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
4-қосымша            

нысан                

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеуге түскен құжаттарды есепке алу кітабы

Өтініш

Тізілімдік нөмірі

Күні мен уақыты (сағаты мен минуты), өтінішті қабылдаған қызметкердің қолы

Өтініш беруші
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) тұратын жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН

Кепіл заты

Құжаттардың берілген күні

Алушының қолы

1

2

3

4

5

6

7















Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
5-қосымша            

нысан                

Парақ № ___________
Тіркеу ісі № ______

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі

Жазба №

Тізілімдік №

Кепіл заты

Кепіл ұстаушы

Кепіл беруші

Кепіл сомасы

Шарттың қолданылуы




Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні және жылы;
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні және жылы;
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН



1

2

3

4

5

6

7








Кестенің жалғасы:

Ауыртпалықтың туындауы

Ауыртпалықтың тоқтатылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы

8

9

10

11

12






Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба

Тіркеу парағын жабу/жалғастыру үшін негіздеме

Орны ауыстырылған (жапқан кездегі) жазбалардың немесе соңғы жазбалардың (жалғастырған кездегі) тізбесі

Парақ нөмірі (жалғастырған кездегі)

Күні, уақыты (сағаты және минуты)

Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы






Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
6-қосымша            

нысан                

______________________________________________________
органның атауы

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
20__ ж. «___» _________ № ____

Берілді _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректемелері
Жылжымалы мүлікке қатысты:

Мүліктің түрі

Тізілім нөмірі

Кепіл мәнінің сипаттамасы

Құрамдастар саны

Құны

Ескертпе







кепілдің тіркелгеніне дәлелдеме ретінде
______________________ тіркелген _______________________ кепіл затына
тіркелген күн кепіл затын сипаттау
Кепіл ұстаушының құқығы _____________________________________________
жеке тұлғаның Т.А.Ә.(бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні және жылы,
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН
кепіл затына ________________________________________________________
      кепіл затының сипаттамасы
кепіл туралы шарттың негізінде туындады _____________________________
      Шарт жасалған күн
тіркелген _________________ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:
      тіркелген күні және нөмірі
_____________________________________________________________________
негізгі міндеттемелердің мөлшері, орындалу мерзімі және кепілдің басқа да талаптары
Кепіл берушінің ___________ құқығы __________________________________
құқық түрі, жеке тұлғаның Т.А.Ә.(бар болған жағдайда), тұратын жері,
туған күні және жылы
_____________________________________________________________________
      заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН
расталды ____________________________________________________________
      кепіл затына құқық белгілеуші құжатының атауы,
      қабылданған күні, тіркеу нөмірі және күні
Тіркеуші _________________ ________________________
      Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) қолы
Басшы __________________ М.О. ________________________
      Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) қолы
_____________________________________________________________________

Ескертпе
1. Осы куәлік кепіл өтелген кезде Мемлекеттік корпорацияға
қайтарылуға тиіс.
2. Куәлік жоғалған (бүлінген) жағдайда құқық иесі куәліктің жоғалған
(бүлінген) себебін көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияға өтініш береді.

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
7-қосымша            

нысан                

Мөртабан үлгісі:

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу жүргізілгенін куәландыруға арналған
мөртабан

_________________________________
(органның атауы)

Өтініш № ______________________    Өтініштің қабылданған
                                   күні және уақыты _________________
Тізілім № _____________________    Тіркелген күні ___________________
Тіркеуші ______________________    Қолы _____________________________
Басшы _________________________    Қолы _____________________________

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
8-қосымша            

Егер кепіл беруші жеке тұлға   
болған жағдайда міндетті     
мемлекеттік тіркеуге       
жатпайтын жылжымалы мүлік    
кепілін мемлекеттік тіркеу   
туралы электрондық куәліктің   
нысаны               

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы куәлік

Органның атауы ______________________________________________________
№ _____                         ___ Күні ___
______ кредитор банк ________________________________________ берілді
Жылжымалы мүлікке қатысты:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл затының сипаттамасы

Құрамдастарының саны

Құны






расталып, кепіл тіркелді
Кепіл ұстаушының құқығы:
БСН ____________________
Кепіл ұстаушының атауы: _____________________________________________
Заңды мекенжайы: ____________________________________________________
____________________________________________ затына кепіл негізделді:
№ __________ күні __ кепіл туралы шарты
№ _____ кепіл туралы шартқа қосымша келісім, № ___ қосымша келісім жасалған
күн ___(бар болған жағдайда)
Тіркелген күні ___ және № __ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:
Негізгі міндеттеме мерзімі _____ай
Негізгі міндеттеменің мөлшері _____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепіл берушінің деректері
ЖСН _____________________
Тегі, аты және бар болған жағдайда әкесінің аты _____________________
Туған күні _________________________________
Жеке куәлік № ____________ күні ____ берілді
Мекен-жайы _________________________________
Мүлікке құқық түрінің атауы ________________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз
жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года
«Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен
документу на бумажном носителе.
                 
      *штрих-код «Жылжымалы мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесінен
алынған және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық
қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
      штрих-код содержит данные, полученные из ИС «Реестр движимого
имущества» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей
Государственной корпорации

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
9-қосымша            

Егер кепіл беруші заңды тұлға 
болған жағдайда міндетті    
мемлекеттік тіркеуге      
жатпайтын жылжымалы мүлік   
кепілін мемлекеттік тіркеу   
туралы электрондық куәліктің  
нысаны              

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы куәлік

Органның атауы ______________________________________________________
№ _____                       ___ Күні ___
_____ кредитор банк _________________________________________ берілді
Жылжымалы мүлікке қатысты:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл затының сипаттамасы

Құрамдастарының саны

Құны






расталып, кепіл тіркелді
Кепіл ұстаушының құқығы:
БСН ________________ ЖСН
Кепіл ұстаушы атауы _________________________________________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
____________________________________________ затына кепіл негізделді.
№ ______ __ күні __ кепіл туралы шарты
№ ___ кепіл туралы шартқа қосымша келісім, № _______ қосымша келісім
жасалған күн ___(бар болған жағдайда)
Тіркелген күні ___ және № ____ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:
Негізгі міндеттеме мерзімі _____ ай
Негізгі міндеттеменің мөлшері _____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепіл берушінің деректері
БСН _____________________
Мекеме атауы ________________________
Заңды мекен-жайы ____________________
Мүлікке құқық түрінің атауы ____________________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына
сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года
«Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен
документу на бумажном носителе.
                 
*штрих-код «Жылжымалы мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесінен
алынған және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық
қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из ИС «Реестр движимого
имущества» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей
Государственной корпорации

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
10-қосымша           

Міндетті мемлекеттік       
тіркеуге жатпайтын жылжымалы   
мүлік кепілін тіркеуден     
дәлелді бас тарту туралы     

нысан               

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама

Өтініштің бірегей нөмірі № _________________ Күні ___________________
Бас тартудың негізі:_________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңның баптарына сілтемесі бар, заңгермен келісілген дәлелді бас
тартудың мәтіні Мемлекеттік корпорацияда қалыптастырылады)
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7–бабының 1-тармағына
сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года
«Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен
документу на бумажном носителе.
                
*штрих-код «Жылжымалы мүлік тізілімі» АЖ ақпараттық жүйесінен алынған
және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық
қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из ИС «Реестр движимого
имущества» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей
Государственной корпорации