1. Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 08 қазандағы N 161 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 11 ақпанда 458 V970458_ нөмiрмен тiркелген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1.1-тармақтағы "муниципальды бағалы қағаздарға" деген сөздер "Казақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының бағалы қағаздарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3.4.1-тармақта:
алтыншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"7 - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының бағалы қағаздары;";
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлiкпен толықтырылсын:
"Өзге де мемлекеттiк бағалы қағаздар үшiн осы Ереженiң 2-қосымшасының 1-таблицасына" сәйкес А-дан бастап Z-ке дейінгі рәміздер пайдалананылуы мүмкiн."
3) 3.4.2-тармақта:
бiрiншi бөлiк "және Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының бағалы қағаздарының түрлерiн белгiлеу үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi "-жартыжылдармен" деген сөздер "тоқсандармен" деген сөзбен толықтырылсын;
сегiзiншi бөлiктiң соңындағы "." тыныс белгiсi ";" тыныс белгiсiне ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы бөлiкпен толықтырылсын:
"- Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының купондық облигациялары үшін - 0";
"- Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының дисконттық облигациялары үшін - 1.".
2. Осы Қаулының қабылданған күннен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы осы Қаулыны
мемлекеттік тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігіне жіберсін.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар
басқармасы:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің назарына жеткізсін;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Оқығандар:
Умбетова А.М.
Нарбаев Е.А.