Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүрлі түрде қоныс аударушы мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі Агенттігі 1999 жылғы 12 мамырдағы N 5 бұйрығы. Күші жойылды - ҚР көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 60-ө бұйрығымен.

Күшін жойған

      "Халықтың көші-қон туралы" Қазақстан Республикасының заңын  және "Көші-қон және демография жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 қаңтардағы N 8 қаулысын  орындау мақсатында бұйырамын:
      1. Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүр түрде қоныс аударушы мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың 1 тармағы "Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүр түрде қоныс аударушы мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулық" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Қазақстан Республикасының Көші-қон және деморгафия жөніндегі агенттігі 1998 жылғы 28 желтоқсандағы N 38 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.    

     Төраға

Көші-қон және демография жөніндегі
Қазақстан Республикасы Агенттігінің
12 мамыр 1999 ж. N 5 бұйрығымен
бекітілді

Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы
сондай-ақ мәжбүр түрде қоныс аударушы мәртебесiн
анықтау туралы
Нұсқаулық

1 тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Халықтың көшi-қоны туралы" Заңын  жүзеге асыру мақсатымен қабылданды, сондай-ақ оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы мәртебесiн анықтау тәртiбiн және шарттарын айқындайды.
     2. Осы Нұсқаулық күшi Қазақстан Республикасына ерiктi түрде қоныс аударушы шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ мәжбүрлiк қоныс аударушыларға жүредi.  

2 тарау. Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс
аударушы сондай-ақ мәжбүрлiк қоныс аударушы
мәртебесiн беру шарттары

      3. Осы Нұсқаулықта төмендегi ұғымдар мен терминдер қолданады:
      1) оралман (репатриант)
      2) реэмигрант
      3) қоныс аударушы
      4) мәжбүрлiк қоныс аударушы.
      4. Оралман (репатриант) мәртебесi жаппай саяси жазалау құрбандары болып табылатын жергiлiктi ұлт өкiлдерiне, сондай-ақ олардың ұрпақтарына берiледi.
      Оралман (репатриант) мәртебесiн берудi сұрайтын адамдар өкiлеттi көшi-қон органының аймақтық қызмет орындарына мына құжаттарды тапсыруға мiндеттi:
      Оралман (репатриант) мәртебесiн беру туралы өтiнiш.
      Өтiнiш берушi мен онымен бiрге қоныс аударған отбасы мүшелерiнiң жеке бастарын куәландыратын құжаттар (төлқұжаттар, жеке куәлiктер, туылуы туралы куәлiктер, неке туралы куәлiктер және басқалар).
      Ата-аналарының Қазақстан шекарасынан тысқары жерде туылған мөрзiмiн құжатпен растау немесө жазалау жылдары Қазақстан аумағынан эмиграцияға кеткендiгiн растайтын куәлердiң көрсетулерi немесе басқа құжаттар (мемлекеттiк компетентi органдарының елден шығу құжаттары немесе Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң құжаттары).
      5. Мәжбүрлi қоныс аударушы мәртебесi өзiнiң тұрақты тұратын жерiнен өзiне және оның отбасы мүшелерiне саяси, ұлттық, дiни және басқа себептермен жасалған күш көрсету салдарынан кетiп қалуға мәжбүр болған Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын және басқа мелекет аумағында тұратын адамдарға берiледi.
      Мәжбүрлi қоныс аударушы мәртебесiн сұраған адамдар өкiлеттi көшi-қон органының аймақтық қызмет органдарына мына құжаттарды тапсыруға мiндеттi:
      Мәжбүрлi қоныс аударушы мәртебесiн беру туралы өтiнiш.
      Өтiнiш берушi мен отбасы мүшелерiнiң жеке бастарын куәландыратын құжаттар (төлқұжаттар, жеке куәлiктер, туылуы туралы куәлiктер, неке туралы куәлiктер және басқалар).
      Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiгiнiң тиiстi растайтын құжаттары немөсе тұрған елi аумағында оған және оның отбасы мүшелерiне қарсы антиимандық саяси әрекеттер жасалғанын растайтын куәлер көрсетiлiмдерi.
      6. Қоныс аударушы мәртебесi басқа мемлекет аумағында өзiнiң уақытша немесө тұрақты тұратын орынын ерiктi түрде тастап кеткен және Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының "Халықтың көшi-қоны туралы" Заңының 1 бабында айқындалған мақсатпен келген шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға берiледi.
      Қоныс аударушы мәртебесiн беру туралы өтiнiш берген адамдар оралман (репатриант) мәртебесiн берудi сұрайтын адамдар өкiлеттi көшi-қон органының мына құжаттарды тапсыруға мiндеттi:
      Өтiнiш берушi мен отбасы мүшелерiнiң жеке бастарын растайтын құжаттар (төлқұжаттар, жеке куәлiктер, туылуы туралы куәлiктер, неке туралы куәлiктер және басқалар).
      Қоныс аударушы мәртебесiн беру туралы өтiнiш.
      Сондай-ақ Қазақстан Республикасына келу мақсатына байланысты мына құжаттар берiледi:
      Қазақстан Республикасы аумағында туылғаны немесе бұдан бұрын тұрғанын растайтын құжат;
      Қазақстан Республикасы аумағында тiкелей туыстарының тұратынын растайтын құжаттар, өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасына көшiп келуiне олардың жазбаша келiсiмi;
      Бас бостандығынан айырған орындардан босатқаны туралы анықтама (егер сотталған адам қылмыс жасағанға дейiн Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрған болса).
      7. Реэмигрант мәртебесi эмиграциядан Қазақстан Республикасына ерiктi түрде қайтып оралған адамдарға, егер олар Қазақстан Республикасында туылған болса, берiледi.
      Реэмигрант мәртебесiн берудi өтiнген адамдар өкiлеттi көшi-қон органының аймақтық қызмет орындарына мына құжаттарды тапсыруға мiндеттi:
      Өтiнiш берушi мен отбасы мүшелерiнiң жеке бастарын растайтын құжаттар (төлқұжаттар, жеке куәлiктер, туылуы туралы куәлiктер, неке туралы куәлiктер және басқалар).
      Реэмигрант мәртебесiн беру туралы өтiнiш.

3 тарау. Көшiп келушiлер (иммигрант) ретiнде тану
туралы өтiнiштердi қарау тәртiбi

      8. Оралман (репатриант), реэмигрант, немесе мәжбүрлi қоныс аударушы деп тану үшiн жеке адам тiкелей өзi Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiгiне және консулдық мекемесiне немесе көшi-қон және демография жөнiндегi Қазақстан Республикасы Агенттiгiне (бұдан әрi өкiлеттi орын) тiкелей Қазақстан Республикасына көшiп келу және көшiп келушi (иммигрант) мәртебесiн алу туралы өтiнiш жасау керек.
      Өтiнiш берушi адам және отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасы аумағында тұрған жағдайда өтiнiш өкiлеттi органның аймақтық қызмет орнына берiледi.
      9. Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы сондай-ақ мәжбүрлi түрде қоныс аударушы мәртебесiн анықтау процедурасы аталған құжаттардан басқа мыналарды ескередi:
      Бекiтiлген үлгiмен анкета толтыру;
      Анкетада көрсетiлген мәлiметтердiң шындығын тексеру (бағалау) мақсатымен өтнiш берушiлермен әңгiме өткiзу;
      Өтiнiш берушiнi оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы сондай-ақ мәжбүрлi қоныс аударушы деп тану немесе мәртебе беруден дәлелдi түрде бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      10. Аймақтық орган оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы сондай-ақ мәжбүрлi қоныс аударушы деп тану туралы шешiмдi қажет құжаттар тапсырылғаннан кейiн бес күн iшiнде қабылдайды.
      11. Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы сондай-ақ мәжбүрлi қоныс аударушы деп тану туралы шешiм осы анықтамалық негiзiнде өкiлеттi органның тиiстi аймақтық қызмет орындарымен құжаттар тiркелгеннен кейiнгi отыз күн iшiнде қабылданады.
      12. Белгiленген тәртiппен оралман (репатриант) деп танылған адамдарға куәлiк берiледi, ал реэмигранттарға, қоныс аударушыларға, мәжбүрлi қоныс аударушыларға немесе көшiп келушiлерге (иммигранттарға) ішкi істер органдарында тiркелу және Қазақстан Республикасының ықтиярхат (вид на жительство) алу үшiн белгiленген үлгiмен анықтама берiледi.
      13. Иммигрант ретiнде танудан бас тартқан жағдайда өтiнiш бiлдiрушiге шешiм қабылданғаннан бастап он күн iшiнде шешiмнiң көшiрмесi түрiмен жазбаша хабарлама тапсырылады. Егер өтiнiш бiлдiрушi Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жақта жүрген болса, онда оған шешiмнiң көшiрмесi Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi арқылы жiберiледi, онда керi қағу себептерi көрсетiледi және қабылданған шешiмдi жоғары тұрған өкiлеттi органда немесе сот жолымен жазбаша шешiмдi алғаннан кейiнгi бiр ай iшiнде шағымданып қайта қарау ретi айтылады.
      14. Өтiнiш берушiнi және оның отбасы мүшелерiн иммигрант ретiнде танудан бас тарту туралы шешiм Iшкi Iстер органдарына оны Қазақстан Республикасы аумағынан соңғы тұрған елiне жiберудi (департация) ұйымдастыру үшiн жолданады.

4. Қазақстан Республикасы аумағындағы
оралмандар (репатрианттар), реэмигранттар, қоныс
аударушылар сондай-ақ мәжбүр түрде аударушылар
құқықтары

      15. Оралман (репатриант), қоныс аударушы мәртебесi бар адамдар өздерiнiң бұрын тұрған елiне қайта оралуға қақылы.
      16. Мәжбүрлi қоныс аударушы мәртебесi барлар және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының "Халықтың көшi-қон туралы" Заңында көрсетiлген негiздерге байланысты олар тастап кеткен елдiң аумағына өз ықтиярларынсыз қайтарыла алмайды.
      17. Оралман (репатриант) мәртебесiн алғандар мемлекет тарапынан Заңда көзделген жеңiлдiктер, жәрдемпұлдар және басқа да атаулы жәрдемдер түрлерiн пайдалануға құқылы.
      18. Оралман (репатриант), қоныс аударушы және реэмигрант мәртебесiн алғандар барлық құқықтар мен еркiндiктердi пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, Заңдарда және халықаралық келiсiм-шарттарда көзделген барлық мiндеттердi, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық праволық актiлiрiнде белгiленген алып тастаулардан өзгесiн орындауды мойнына алады.    

Қазақстан Республикасына
көшіп келуші деп тану туралы
Өтініш

Кімге _____________________________________________________________
 __________________________________________________________________
Кімнен_____________________________________________________________                                Аты-жөні
Азаматтығы_________________________________________________________
                            қай мемлекеттің
уақытша тұратын мекен-жайы_________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жанұя құрамы___________  адам   

__________________________________________________________________
             Аты-жөні      Туған жылы,           Туыстық
                            айы, күні            қатынасы
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тұратын жерімді тастауға мәжбүр болған себептер :_________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
    Мені және менің жанұя мүшелерімді Қазақстан Республикасы 
репатриант оралман, реэмигрант, қоныс аударушы, мәжбүрлі қоныс
аударушы (қажеттісін сызу керек) мәртебесін беруіңізді сұраймын.  

     Өтініш білдірушінің қолы    __________________________________

Көші-қон және демография басқармасының
Шешімі

N _______                              "____"_____________199__ ж.

Көші-қон және демография басқармасы _____________________________
_________________________________________________________________
                        (аты-жөні)
көшіп келуші (оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы,
мәжбүрлі қоныс аударушы) деп тану туралы өтінішін қарай отырып,
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан республикасының Заңына  сәйкес
_________________________________________________________________                          (аты-жөні)
деп тану жөнінде шешім қабылдады.
     Ескертпе. Егер адамды көшіп келуші иммигрант деп танудан бас
тартса немесе көшіп келуші мәртебесін жойса шешімді алғаннан кейін
30 күн мерзімінде Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес сот
арқылы жоғарғы өкілетті органға шағымдануға болады.

      Көші-қон және демография
     басқармасының бастығы                  ____________________  

Қазақстан Республикасына
көшіп келуші деп тану туралы
өтініш білдірушінің
Анкетасы N______

     1. Аты, жөні, фамилиясы______________________________________
__________________________________________________________________
     2. Туған жылы, айы, күні_____________________________________
     3. Туған жері________________________________________________
     4. Азаматтығы________________________________________________
     5. Ұлты______________________________________________________
     6. Жеке басын куәландыратын төлқұжаты немесе басқадай құжаттары
     (аты, сериясы, номері, қашан және кім берген)
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
     7. Жанұялық жағдайы_________________________________________
     8. Жанұя құрамы ______________________________________ адам
     9. Менімен бірге қоныс аударған отбасы мүшелері туралы
деректер:
 __________________________________________________________________
  Аты-жөні    Туған жылы,   Жеке басын           Ұлты    Азаматтығы
              айы,күні      куәландыратын
                            құжаттардың сериясы
                            және берілген
                            уақыты. Қуаттылық
                            мерзімі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
     10. Тұратын мекен-жайы_______________________________________
     11. Көрсетілген мекен-жайға жанұяның барлық мүшелері тұра ма?
Егер "жоқ" болса жанұя мүшелерінен кімдер, қайда, қандай
мекен-жайда тұратындығын көрсетіңіз.
___________________________________________________________
     12. Сіздің жанұяңыздағы 18 жасқа толғандарының төлқұжаттары
 бар ма? (Бар, жоқ) Егер "жоқ" болса кімнің не себепті төлқұжаты
 жоқ екендігін көрсетіңіз
____________________________________________________________
     13. Сіз және сіздің жанұяңыз қандай мемлекеттен қашан
келдіңіз?
(Толық жазыңыз)___________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
     14. Егер сіз, азаматы болып табылмайтын мемлекеттен келген
болсаңыз, онда сізге және сіздің жанұяңырға қоныс аударушы
мәртебесін беру туралы өтініш білдірдіңіз бе?____________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
     15. Сіз және жанұя мүшелеріңіз қандай тілдерді меңгерген
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
     16. Сіз және жанұя мүшелеріңізде мүгедектер бар ма? Егер "бар"
болса кім және қандай топтағы мүгедек_____________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
     17. Сіз және Сіздің жанұя мүшелеріңіз көшіп кеткен
мемлекетіңізде кезекті немесе шарт бойынша әскери қызметте болды
ма? Егер "иә", кім, қашан әскери қызмет атқарды.
     18. Сіз және Сіздің жанұя мүшелеріңіз қылмыстық жауапкершілікке

тартылды ма? (Иә, жоқ) Егер "иә", кім, қашан, қанша мерзімге
__________________________________________________________________
     19. Сіздің жанұяңыздың Қазақстан Республикасынла туыс-туғандары
бар ма? (Иә, жоқ) Егер "иә" қандай туыстығы бар және қайда
тұратындығын көрсетіңіз ____________________________________________
  __________________________________________________________________
     20. Отырықтануға бағытталған мекеніңіз (қала, облыс, аудан,
елді-мекен анық көрсетіңіз) ________________________________________
  __________________________________________________________________
     21. Жанұя мүшелерінің білім деңгейі және кәсіби мамандықтарын
көрсетіңіз ________________________________________________________
  __________________________________________________________________
  __________________________________________________________________
     22. Сіздің өз еліңізге қайта оралғыңыз келе ме? Егер "иә", қалай
барғыңыз келеді ____________________________________________________
     _______________________________________________________________
     23. Сізде және сіздің жанұя мүшелеріңізде дәрігерлік мекемелер
қандай созылмалы аурулардың бар екендігін анықтады. ________________
  __________________________________________________________________
     24. Сіздің балаларыңызға қашан, қандай сақтандыру екпелері
жасалды.
     _______________________________________________________________
  __________________________________________________________________
     25. Сіз және Сіздің жанұя мүшелеріңіз Қазақстан Республикасында
болған ба? (Иә, жоқ) егер "иә" қашан, қандай мақсаттармен болғанын
көрсетіңіз _________________________________________________________
  __________________________________________________________________
     26. Сіздің қажетті деп білдіргіңіз келетін қосымша
түсініктеріңіз болса көрсетіңіз
     ______________________________________________________
___________________________________________________________    

     "___"_______________199_____    

   ___________________________   ___________________________________
   ___________________________   ___________________________________
   ___________________________   ___________________________________

   Анкета "_____"_________ 199 __ ж. Берілді

   Анкетаны қабылдаған мекеме ______________________________________
   _________________________________________________________________
  __________________________________________________________________
  Өтініш білдірушінің берген деректерінің ақиқаттығы жайлы берілетін
баға _______________________________________________________________
  __________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________
     Анкетаны қабылдаушының қызметі және аты-жөні
 ___________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________    

     "_____"_______________199 __ ж.       _______________
                                                (қолы)    

Қазақстан Республикасы аумағында көшіп келуші
(иммигрант) деп тануға өтініш білдіруші адамдарды тіркеу
Журналы

  |Аты- |Туған|Азамат.|Жанұя |Шешімнің|  Шешімді |Қайтадан|Есептен|Ескерт.|
  |жөні | жылы|тығы   |құрамы|  және  |  немесе  | есепке |шығары.|пелер  |
  |     |және |       |      |қабылдан| куәлікті |алынған |луы    |       |
  |     |жері |       |      |  ған   |  алған   | уақыты |       |       |
  |     |     |       |      |мерзімі | уақыты,  |        |       |       |
  |     |     |       |      |        |  қолы    |        |       |       |

| 1|  2  |  3  |   4   |   5  |   6    |    7     |   8    |   9   |  10   |
|__|_____|_____|_______|______|________|__________|________|_______|_______|