Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесін бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылғы 7 сәуір N 56-а-б

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі комитеті алқасының 1998 жылғы 14 тамыздағы N 2/5 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 5 қарашада N 634 V980634_ тіркелген) Табиғи монополия субъектілерінің қызметтерді (тауар, жұмыстар) өндіру және көрсету бағаларында (тарифтерінде) ескерілген шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес қызметкерлер лауазымдарын әкімшілік қызметшілерге жатқызу жөніндегі бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, қызметкерлердің нормативтік санын бекіткен кезде еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындарды айқындау мақсатында бұйырамын:
      1. Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдары

атауларының ұсынылып отырған Тізбесі бекітілсін.
     2. Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдарының 
жаңаларының енгізілуіне және ескілерінің алынып тасталуына қарай аталған 
Тізбеге өзгерістер енгізілсін.
     3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек 
және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі М.Қ. Ауановқа жүктелсін.
     
     Министр
                                        Қосымша
                                        Қазақстан Республикасы Еңбек
                                        және халықты әлеуметтік 
                                        қорғау министрінің
                                        1999 жылғы 7 сәуір N 56-а-б
                                        бұйрығымен бекітілген
     
             Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер 
                 лауазымдары атауларының тізбесі
     
     1. Қазақстан Республикасының ұйымдар мен олардың құрылымдық 
бөлімшелері қызметкерлері лауазымдарының мынадай атаулары әкімшілік 
қызметшілерге жатады:
     Әкімші, сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының әкімшілерінен басқа
     Әкімші көмекшісі
     Әкімші хатшысы 
     Төреші
     Аудитор
     Жетекші маман (агроном, бухгалтер-сарапшы, геодезист, гидрогеолог, 
инспектор, қазынашы, бақылаушы-ревизор, мелиоратор, экономист, сарапшы, 
заңгер және жобалау, құрылыс, ғылыми-зерттеу, технология және т.б. осыған 
ұқсас басқа жұмыстармен тікелей айналысатын жетекші мамандардан басқа)
     Бухгалтер (барлық түрдегі: бухгалтер-төреші, бухгалтер-сарапшы және 
т.б.)
     Вице-президент
     Дәрігер-статист
     Бас директор
     Бас конструктор
     Бас продюсер
     Бас әкімші


      Бас маман (агроном, төреші, архитектор, банкир, бухгалтер, дәрігер, геодезист, гидрогеолог, диспетчер, инженер, инспектор, қазынашы, кеңесші, контролер-ревизор, мелиоратор, қызметкер, референт, балық аулаушы, штурман, экономист, сарапшы, заңгер және т.б.), жобалау, құрылыс, ғылыми-зерттеу, технология және осыған ұқсас басқа жұмыстармен тікелей айналысатын бас мамандардан (жобалардың бас инженері, жобалардың бас конструкторлары, жобалардың бас архитекторлары, бас конструкторлар, бас ғылыми қызметкерлер, бас технологтар және т.б.) және театр-сауық кәсіпорындарда (бас режиссер, бас хормейстер, бас балетмейстер және т.б.), теле және киностудияларда бас суретшілер болып істейтін бас мамандардан басқа
      Мемлекеттік патенттік сарапшы
      Факультет (курс) деканы
      Кезекші (оперативші, вокзал бойынша, қабаттар бойынша тұрақтар, көмекші және т.б.)
      Іс жүргізуші
      Директор (агенттік, департамент, топ, қызмет, станция, орталық, сауда үйі, мұражай, интернат, кешен, коммерция және т.б.) жобалау, құрылыс, ғылыми-зерттеу, технология және осыған ұқсас басқа жұмыстармен тікелей айналысатын директорлардан басқа
      Меңгеруші (мұрағат, база, бюро, топ, кеңсе, кафедра, клуб, бөлім, қабылдау бөлмесінің, хатшылық, сектор, қызмет, орталық және т.б.) жобалау, құрылыс, ғылыми-зерттеу, технология және осыған ұқсас басқа жұмыстармен тікелей айналысатын меңгерушілерден басқа, емдеу мекемелеріндегі бөлімшелер, медициналық тұрақтар меңгерушілері
      Инженер, құрылыстық, жобалық, технологиялық, геодезиялық, маркшейдерлік, жүргізу жөндеу, шефмонтаждық жұмыстарда істейтін, құралдарды, машиналарды, жабдықтар мен компьютерлік техника (есептеу) құралдарына қызмет көрсетумен, жөндеумен, іске қосумен тікелей айналысатын, бөлімшелерде, цехтарда, фермаларда, ауал шаруашылығы учаскелерінде істейтін инженерлерден, патенттік, өнертапқыштық, рационализаторлық жұмыстарда, ғылыми-техникалық ақпараттарда істейтін инженер-гидротехниктерден, инженер-

мелиораторлардан басқа
     Инспектор
     Инструктор (физкультура және спорт инструкторларынан, мәдіни-бұқаралық 
жұмыстардың инструкторларынан, өндірістік оқыту инструкторларынан басқа бас,
аға инструктор)
     Атқарушы директор (хатшы, продюсер және т.б.)
     Кассир, еңбекақы беруді жүзеге асыратын және банктік ұйымдарға төлем 
құжаттарын жеткізуші
     Капитан (барлық түрдегі)
     Кодификатор
     Комендант (аэродромның, тұрғын үйлердің, қызмет ғимараттарының, 
лагерьдің, жатақхананың және т.б.)
     Авариялық комиссар (төтенше жағдайлар кезінде және т.б.)
     Кеңесші (банкир, инспектор, қазынашы, бақылаушы-ревизор, референт, 
сарапшы және т.б.)


      Контролер (жинақ кассалары контролерларынан, билет кассаларының контролерларынан және контролерлар-жұмысшылардан басқа)
      Курьер
      Мастер, мастер-жұмыскерлерден басқа (кен шеберлері, бұрғы шеберлері, орман шеберлері, балық аулау және тазалау шеберлері, өндірістік оқыту мастерлері)
      Менеджер (экономиканың әр алуан салаларындағы барлық түрлері)
      Метрдотель
      Әдіскер (оқу орындары, мәдени-ағарту әдіскерлерінен, әдістеме кабинеттерінің әдіскерлерінен басқа)
      Механик, мыналарда: конструкторлық, жобалық, технологиялық, геодезиялық, маркшейдерлік, жүргізу жөндеу, шефмонтаждық жұмыстарда істейтін, құралдарды, машиналарды, жабдықтар мен компьютерлік техника (есептеу) құралдарына қызмет көрсетумен, жөндеумен, іске қосумен тікелей айналысатын, бөлімшелерде, цехтарда, фермаларда, ауыл шаруашылығы учаскелерінде жұмыс істейтіндерден басқа
      Бастық (бюро, топ, департамент, депо, инспекция), лаборатория, кабинет,

шеберхана, мұражай, бөлім, бөлімше, төлқұжат беретін орын, питомник, 
таспасөз орталығы, пункттің (линиядағы, көшпелі) хатшылық, сектор, смена, 
қызмет, қойма, басқарма, торап, учаске (патрульдік), бөлім, штаб, орталық, 
цех және т.б.), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық, 
патентік-лицензиялық, ойлап тапқыштық және т.б. жұмыстарда тікелей 
айналысатындардан басқа сондай-ақ қызмет көрсететін бөлімшелердің, 
техникалық бақылау (сапа), маусымды партиялардың бастықтарынан басқа.
     Нарядшы
     Нотариус
     Жауапты редактор (хатшы)
     Паспортшы
     Аудармашы
     Көмекші (кеңесші)
     Төраға
     Президент
     Баспасөз хатшысы
     Проректор
     Продюсер
     Жұмыстарды өндіруші (прораб)
     Психолог
     Басқарушы 
     Ревизор
     Ректор
     Референт


      Басшы (департамент, инспекция, лаборатория, кабинет, мұражай, бөлім, бөлімше, төлқұжат беретін орын, питомник, баспасөз орталығы, пункт (линиядағы, көшпелі), хатшылық, қойма, басқарма, торап, учаске, әскери бөлімше, штаб, топ, сектор, қызмет, орталық, бюро, депо, шеберхана, смена және басқа), жобалық, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және т. б. жұмыстар басшыларынан басқа

     Хатшы (басқарманың, президиумның, творчестволық одақтың, федерацияның 
және басқалардың жауапты хатшысы)
     Кеңесші
     Қызметкер
     Социолог
     Маман (контролер-ревизор, қазынашы, бухгалтер-сарапшы және т.б.), 
жобалық, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және т.б. 
жұмыстармен тікелей айналысатын мамандардан басқа
     Бас маман (бухгалтер-сарапшы, контролер-ревизор, инспектор-ревизор, 
инструктор, қазынашы, оператор, жұмыстар өндіруші (прораб), штурман және 
басқа), жобалық, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және т.б. 
жұмыстармен тікелей айналысатын бас мамандардан басқа
     Статистик (медициналық статистиктерді қоса алғанда)
     Есепші
     Табельші
     Таксалаушы
     Тарифтеуші, ауа қатынастары агенттіктерінің тарифтеушілерінен басқа
     Техник, барлық түрлері, зоотехниктер, мал дәрігерлері технигі, тіс 
техниктары, сондай-ақ жобалық, технологиялық жұмыстарда істейтін, 
құралдарды, машиналарды, жабдықтар мен компьютерлік техника (есептеу) 
құралдарына қызмет көрсетумен, жөндеумен, іске қосумен тікелей айналысатын, 
техниктерден басқа
     Уәкіл (өкіл)
     Басқарушы (концерн, база, трест, бөлімше, станция, сенім берілген 
басқарушы, істермен басқарушы және т.б.)
     Есеп жүргізуші
     Фельдъегерь
     Хронометражистер
     Штурман


      Экономист (барлық атаулардағы, жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және т.б. жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын экономистер, инженер-экономистерден басқа)
      Заң кеңесшісі
      Жоғарыда тізілген лауазымдарға теңестірілген өзге лауазымдар атаулары
      2. Мемлекеттік мекемелерде (мемлекеттік органдарда) ақпарат дайындайтын, құжаттар ресімдейтін, есеп алатын және қызмет көрсететін қызметшілерге жататын машинистка, стенографистка, хатшы-машинистка, хатшы- стенографистка, мұрағатшы, күзет қызметкерлері, кітапханашылар, библиографтардан басқа, басшылар, мамандар және өзге қызметшілер санатындағы барлық қызметкелердің лауазымдары әкімші қызметшілеріне жатады.
      3. Мемлекеттік мекемелерде және басқа ұйымдарда конструкторлық,

жобалау, технологиялық қызметтерде немесе конструкторлық, жобалау, 
технологиялық жұмыстарды істейтін қызметкерлердің лауазымдары әкімшілік 
қызметшілеріне жатпайды.
     4. Әкімшілік қызметшілеріне жатпайтын, өзінің қарамағында екі және 
одан да аз қызметкерлері бар құрылымдық бөлімшелердің басшылары да бұл 
қызметшілерге жатпайды.
     
Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Нарбаев Е.А.