Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы »1999 жылғы 28 наурыз N 37. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 7 мамырда тіркелді. Тіркеу N 754

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Төлем жүйесi басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
      3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына жiберсiн, оларға осы қаулыны және бекiтiлген Ережелердi екiншi деңгейдегi банктерге жiберудi мiндеттесiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
     Төрағасы


                                                 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурызындағы N 37 қаулысымен Бекітілген


               Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші
            деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының
           жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында
            корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелер

                       1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Z952155_ Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Z952444_ Қазақстан Республикасының Заңына, "Ақша төлемі және аударымы туралы" Z980237_ Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді. <*>
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542
               қаулысымен V011744_
      2. Осы Ережелер екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктер) корреспонденттiк есепшоттарын теңгемен және шетел валютасымен Ұлттық Банкте ашу, жүргiзу және жабу тәртiбiн реттейдi. Корреспонденттiк есепшоттар Ұлттық Банк пен банктiң арасында корреспонденттiк есепшот шарты жасалғаннан кейiн ашылады. Корреспонденттiк есепшот шартының талаптарына сәйкес Ұлттық Банк банктiң пайдасы үшiн түсетiн ақшаны қабылдауға, банкке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы банктiң өкiмiн орындауға және корреспонденттiк есепшот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.
      3. Осы Ережелер Ұлттық Банктiң баланстық есепшоттарына және солар бойынша ашылатын Ұлттық Банктiң бухгалтерлiк есеп позициясын көрсететiн жеке есепшоттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген ең аз резервтiк талаптар туралы Ережеге сәйкес Ұлттық Банктiң банкке қоятын ең аз резервтiк талаптарының сомасын депондау үшін ашылатын есепшоттарға қолданылмайды.
      4. Ұлттық Банк ақылы негiзде корреспонденттiк есепшоттарды жүргiзудi, банктiң қолма-қол ақшасын қабылдау және беру операцияларын орындауды және басқа қызметтердi жүзеге асыруға құқылы. Ол көрсететiн қызметтердiң түрлерi мен оларға төленетiн ақының мөлшерiн Ұлттық Банк өз бетiнше белгілейдi.
      5. Осы Ережелерде пайдаланылатын терминдердiң мағынасы мынадай:
      1) ақша аударудың бастамашысы (бұдан әрi - бастамашы) - ақша аудару туралы нұсқауды алғаш рет орындауға ұсынған адам;
      2) нұсқау - шарттың және заңның талабына сәйкес ақша аудару және төлеу туралы жiберушiнiң алушы банкке ұсынатын бұйрығы.

          2-Тарау. Банктiң Ұлттық Банкте корреспонденттiк
                      есепшот ашу тәртiбi

      6. Корреспонденттiк есепшот шартын жасау үшiн банк Ұлттық Банктiң Қазақстан Республикасында банктiк есепшот ашу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес Ұлттық Банкке құжат тапсырады.
      7. Осы Ережелердiң 6-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының банктiң корреспонденттiк есепшотын ашу туралы қаулысы негiзiнде құжаттарды қабылдағаннан кейiн Ұлттық Банк банкпен корреспонденттiк есепшот шартын жасайды, оған арнайы кiтапта тiркелетiн жеке сәйкестендiру кодын және банктiк сәйкестендiру кодын бередi.
      Банктiк сәйкестендiру коды (БСК) - банктiң сандық белгiсi, оны оған Ұлттық Банк ақша аудару немесе төлеу туралы нұсқауды берген кезде банктi сәйкестендiру үшiн бередi.
      Банктiк сәйкестендiру коды осы Ережелерге N 1 қосымшаға сәйкес берiледi.
      8. Корреспонденттiк есепшот шарты, сондай-ақ банктiң корреспонденттiк есепшотын ашу үшiн өткiзген құжаттары тiгіледi және Ұлттық Банктiң банктердiң корреспонденттiк есепшоттары жүргiзiлетiн бөлiмшесiнде (бұдан әрi - Ұлттық Банктiң бөлiмшесi) корреспонденттiк есепшоттың әрбiрiнiң иесi бойынша арнайы ашылған iсте сақталады.
      Банк ақша аударудың банкаралық жүйесiне қосылған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы және банк жасаған шарттың көшiрмесi және Ұлттық Банктiң осы банктi ақша аударудың банкаралық жүйесiне қосу жөнiндегi қорытындысы (сипаттамасы) iске қоса тiгiледi.

           3-тарау. Банктiң корреспонденттiк есепшотын
                       жүргiзу тәртiбi

      9. Ұлттық Банк банктiң Ұлттық Банкте корреспонденттiк есепшотта жатқан ақшасын кедергiсiз иелену құқын қамтамасыз етедi және онда қалған қалдық сомасының шегiнде төлемдердi және/немесе ақша аударуды жүзеге асырады.
      Корреспонденттiк есепшотқа ие болу құқына берiлетiн сенiмхатты корреспонденттiк есепшот иесi - банк осы банктiң лауазымды адамына ғана бере алады.
      10. Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларда болмаса, ақша аударудың негiздерiнiң Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының талаптарына сәйкес келу-келмеуiн тексермейдi.
      11. Банктердiң ақшасын ықтиярсыз алып қою (шығарып тастау), сондай-ақ Ұлттық Банкте оның корреспонденттiк есепшотында жатқан ақшасын банктердiң ие болу құқын шектеу заң актiлерiнде немесе банк пен Ұлттық Банк арасындағы шартта көзделген жағдайда ғана мүмкiн.
      12. Ұлттық Банк корреспонденттiк есепшот шарты бойынша Ұлттық Банктiң филиалының кассасы арқылы банкке және/немесе оның филиалына қолма-қол ақшаны бере алады/қабылдай алады.
      13. Банк корреспонденттiк есепшот шартына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәсiлдермен Ұлттық Банкке төлем құжаттарын орындау үшiн ұсынады.
      14. Ақша аудару туралы нұсқауларды қабылдау және беру, сондай-ақ корреспонденттiк есепшоттан үзiндiлер Ұлттық Банктiң Операциялық күн кестесiне сәйкес (бұдан әрi - Операциялық күн кестесi) жүзеге асырылады.
      15. Төлем тапсырмасын Ұлттық Банкке берген кезде банк төлем тапсырмасында көрсетiлген адамның пайдасы үшiн ақшасын аударуға ұлттық Банкке өкiлеттiк бередi.
      16. Банктiң Ұлттық Банкке жiберетiн электрондық төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнде ақпарат беру форматтарына қойылатын талаптар туралы Ереже шарттарына сәйкес келуге тиiс.
      Ұлттық Банктiң және банктiң электрондық төлем тапсырмаларын алмастырған кезде заң бұзғаны үшiн жауапкершiлiк олардың арасында бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы Келiсiмде белгiленедi.
      Ақша аударуды жүзеге асыратын банк жiберетiн төлем тапсырмаларда Ұлттық Банк делдал банк ретiнде көрсетiлмеуi мүмкiн.
      17. Ұлттық Банк пен банк арасында электрондық байланыс арналары және телекоммуникация болмаған жағдайда немесе олардың арасында бағдарламалықкриптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы Келiсiм болмаған жағдайда банк Ұлттық Банктiң филиалына Ұлттық Банк белгілеген форматта магниттiк тасымалшы мен төлем тапсырмасының мәтiнiн, төлем тапсырмасының қағаз тасымалшыдағы екiншi данасын, сондай-ақ ұсынылған төлем құжаттарының тiзбесiнiң екi данасын бередi, тiзбелерде әрбiр төлем тапсырмасының нөмiрi мен күнi, оның сапасы, ақшаны жiберушiнiң және алушының банктiк есепшоттары көрсетіледi. Төлем тапсырмасы сенiмхат негiзiнде қабылданады.
      18. Ұлттық Банктің филиалы осы Ережелердiң 17-тармағында көрсетiлген құжаттарды алған кезде әрбiр төлем тапсырмасының барлық мiндеттi деректемелерiн толтырудың дұрыстығын тексередi, қолда бар қол қою үлгiлерiн, банк мөрiнiң бедерiн салыстырып тексередi.
      Төлем тапсырмасының магниттiк тасымалшымен берілген мәтiнi қағаз тасымалшыдағы төлем тапсырмасымен салыстырылып тексерiледi, сондай-ақ осы төлем тапсырмаларының төлем құжаттарының берiлген тiзбесiнде бар-жоғы тексерiледi.
      19. Төлем құжаттарын қабылдаған кезде Ұлттық Банктiң филиалы осы Ережелердiң 7-тармағына сәйкес банк өткiзген тiзбенi екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өткiзген төлем құжаттарының Тiзiмдемесiн тiркеу Журналында тiркейдi (бұдан әрi Журнал) (N 2 қосымша).
      20. Төлем тапсырмасының деректемелерiнiң дұрыс толтырылмауы, қолдар мен банк мөрi бедерiнiң қолдағы үлгiлерге, сондай-ақ магниттiк тасымалшыдағы төлем тапсырмасы мәтiнiнiң қағаз тасымалшыдағы төлем тапсырмасының данасына сәйкес келмеуi және басқа кемшiлiктер анықталған жағдайда, Ұлттық Банктiң филиалы анықталған кемшілiктердi жою үшiн төлем тапсырмасын қайтарып бередi. Осы орайда төлем құжаттарының тiзбесiнде қайтарылған төлем тапсырмаларының деректемелерiнiң қарсысына қайтарылғандығы туралы белгi жасалады, Ұлттық Банк филиалының жауапты орындаушысының және банктiң өкiлеттi адамының қолдары қойылады және тiзбенiң жиынтық сомасы қайтарылған төлем тапсырмаларының сомасына түзетiледi. Журналда сома, акцептелмеген құжаттардың саны туралы тиiстi белгi жасалады және қайтару себептерi мен қайтарылған төлем тапсырмаларының деректемелерi көрсетiледi.
      21. Ұлттық Банктiң филиалы алынған құжаттарды тексергеннен кейiн сол күнi төлем тапсырмасының мәтiнiн электрондық байланыс арналары бойынша Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне жiбередi.
      22. Ұлттық Банк жiберушi банктiң төлем тапсырмасын оның корреспонденттік есепшотын дебеттеу жолымен акцептейдi, осыған байланысты Ұлттық Банк банкке немесе Ұлттық Банктiң филиалына корреспонденттiк есепшотты дебеттеу туралы хабарлама жiбередi.
      Банктiң корреспонденттiк есепшотын дебеттеу туралы хабарлама немесе төлем тапсырмасын акцептеуден бас тарту туралы хабарлама оның төлем тапсырмасы орындалған корреспонденттiк есепшотынан алынған үзiндiмен бiрге Ұлттық Банктiң операциялық күнi iшiнде немесе үзiндi жiберiлгенге дейiн банкке жiберiледi.
      23. Ұлттық Банктiң филиалы банктiң корреспонденттiк есепшотын дебеттеу туралы хабарламаны алғаннан кейiн, келесi күннен кешiктiрмей ұсынылған төлем құжаттарының тiзбесiнiң "қабылданды" деген белгi қойылған екiншi данасы банкке қайтарылады. Тапсырылған төлем құжаттарының тiзбесiнiң бiрiншi данасы және төлем тапсырмасының екiншi данасы Ұлттық Банк филиалының құжаттарына тiгiледi.
      24. Төлем тапсырмасының акцептi қабылданбаған жағдайда Ұлттық Банк банкке акцептiң қабылданбағаны туралы себептерiн көрсете отырып тиiстi хабарлама жiбередi.
      Банктiң нұсқауларын қабылдаудан бас тарту негiздерi мыналар:
      1) төлем тапсырмасының дұрыс ресiмделмеуi;
      2) банктiң корреспонденттiк есепшотында ақшаның жеткiлiктi сомасының болмауы;
      3) заң және/немесе корреспонденттiк есепшот шартының талаптарында белгiленген өзге де талаптардың сақталмауы.
      25. Ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi банктiң төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерi белгiлейдi. Ұлттық Банктiң қосымша есебiнде банктiң осы операцияларының сальдосы көрсетiледi.
      26. Банктiң корреспонденттiк есепшотынан оның келiсiмiнсiз ақша алудың негiздiлiгiн растайтын орындаушы және басқа құжаттардың түпнұсқалары қоса берiлген инкассалық өкiмдердi Ұлттық Банкке бастамашының тiкелей өзi алып келедi немесе фельдъегерлiк почта арқылы жiберiледi. Инкассалық өкiмге шарттардың нотариус куәландырған көшiрмелерiн қоса тiркеуге болады, ақша солардың негiзiнде алынады.
      Ұлттық Банктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесi инкассалық өкiмдердi қабылдап алып, оларды инкассалық өкiмдер журналында тiркейдi.
      Ұлттық Банк қолданылып жүрген заңдарда және шартта ерекше ескертiлген жағдайда болмаса, инкассалық өкiмдердi корреспонденттiк есепшотты дебеттеу жолымен үш жұмыс күнi iшiнде акцептейдi.
      27. Ұлттық Банк бастамашының осы инкассалық өкiмнiң барлық деректемелерi қамтылған жазбаша өкiмi негiзiнде ғана акцептелген және акцептелмеген инкассалық өкiмдi қайтарып алады, сондай-ақ инкассалық өкiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.
      Осы орайда төлем бастамашысының жоғарыда аталған өкiмдi көрсеткен сенiмдi адамы онда аты-жөнiн, iстеп жүрген қызметiн көрсетуге және өзiнiң, өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты (қызметтiк куәлiгiн, сенiмхатын және белгiленген, заңды тәртiппен ресiмделген өзге де құжаттарын) көрсетуге тиiс.
      28. Ұлттық Банк банктiң нұсқауларын және үшiншi адамдардың талаптарын Ұлттық Банктiң акцептелiнетiн күннен кейiнгi операциялық күнiнен кешiктiрмей орындайды.
      29. Ұлттық Банк нұсқауларды орындаған кезде алушы банктiң корреспонденттiк есепшотын заңдарда белгiленген талаптарға сәйкес нұсқауда көрсетiлген сомада кредиттейдi.
      Осы орайда Ұлттық Банк алушы банкке нұсқау, ал байланыстың электрондық төлем тапсырмасын және Операциялық күннiң кестесiне сәйкес оның корреспонденттiк есепшотын кредиттеу туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.
      30. Ұлттық Банкке түсетiн төлем құжаттарының есебi Ұлттық Банктiң операцияларын есепке алу жөнiндегi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      31. Ұлттық Банктiң ақша аудару жөнiндегi жiберушi банк алдындағы мiндеттемелерi алушы банктiң корреспонденттiк есепшоттары кредиттелетiн күнi аяқталады.
      32. Ақша аудару қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк санкция берiлмеген аударымдық төлемдерден қорғану әрекетiнiң рәсiмдерiн әзiрлейдi және қолданады.
      Қорғану әрекетiнiң элементтерi ретiнде уәкiлеттi адамның (адамдардың) қолын, мөрлердi, алгоритмдердi, (сандық, әрiптiк, символдар қолданып және араласқан) кодтарды, сәйкестендiрушi сөздердi немесе сәйкестендiрушi нөмiрлердi, шифрлауды, қайтарып алу әдiстерiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қорғау тәсiлдерiн пайдалануға болады.
      Ұлттық Банк және банк қорғау әрекетiнiң ресiмдерiн сақтауға және осы рәсiмдердi қолдану және өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтердiң сақталуына қарауға мiндеттi. Қорғау әрекетiнiң ресiмдерiн бұзған немесе бұзуға әрекеттенгенi байқалған жағдайда банк осы фактiлер туралы дереу Ұлттық Банкке хабарлауға мiндеттi. Ұлттық Банк банкпен бiрге анықталған фактілердi жою жөнiнде оларды анықтағаннан кейiн келесi операциялық күннен кешiктiрмей шара қолдануға тиiс.
      33. Төлем жасауды және ақша аударуды аяқтау және корреспонденттiк есепшот бойынша дебеттiк сальдоны болдырмау мақсатында банк Ұлттық Банктiң заемдарын Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен пайдалануға құқылы. <*>
      Ескерту: 33-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен V011744_
      34. Банктiң ақшасын қабылдау (жазу), алып тастау (шығарып тастау) жөнiндегi операциялық күн аяқталғаннан кейiн Ұлттық Банк корреспонденттiк есепшоттан үзiндi жасайды, ол үзiндi Операциялық күн кестесiнде белгiленген уақытта банкке тапсырылады.
      35. Ұлттық Банктен алынатын үзiндiлер бойынша банк өзiнiң iшкi корреспонденттiк есепшоты бойынша өзiнiң Ұлттық Банктегi корреспонденттiк есепшотта көрсетiлген, жасалған төлемдердiң сомасының дұрыс көрсетiлуiн күн сайын бақылап отырады.
      36. Корреспонденттiк есепшот бойынша жасалған операцияларды тексеру мақсатында банк ай сайын корреспонденттiк есепшот бойынша (N 3 қосымша) жасалған операциялардың тексеру Ведомостын екi данада жасайды. Банктiң мөрiмен және уәкiлеттi адамдардың қолымен куәландырылған осы ведомость арнайы почтамен есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 5-iне дейiнгi мерзiмде Ұлттық Банкке жiберiледi.
      37. Ұлттық Банктiң уәкiлеттi адамы корреспонденттiк есепшот бойынша жасалған операцияларды тексеру Ведомостын Ұлттық Банктiң есептеу мәлiметтерiмен салыстырып тексередi, олар сәйкес келген жағдайда оның өз қолымен куәландырылған және мөртабан қойылғалы екiншi данасын есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 10-ына дейiнгi мерзiмде банкке жiбередi.

         4- тарау. Қолма-қол ақшаны қабылдау және беру тәртiбi

      38. Қолма-қол ақшаны банкке немесе оның филиалына берудi, сондай-ақ банктен немесе оның филиалынан ақша қабылдауды және санап алуды Ұлттық Банктiң эмиссиялық-кассалық операциялар жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес Ұлттық Банктiң филиалы жүзеге асырады.
      Осыған орай жоғарыда көрсетiлген актiлерге сәйкес банк немесе банктiң филиалы қолма-қол ақшаны алатын күннiң қарсаңында Ұлттық Банктің филиалына қолма-қол ақшаны алуға өтiнiм тапсырады.
      39. Осымен бiр мезгiлде Операциялық күн кестесiне сәйкес банк Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне Ұлттық Банктiң филиалдарының есеп айырысу кассалары арқылы қолма-қол ақшаны электрондық байланыс арналары, факсимильдiк байланыс құралдары немесе банктiң уәкiлеттi адамы арқылы (N 4 қосымша) банктiң корреспонденттiк есепшотындағы ақшаны резервке беру үшiн өтiнiш (бұдан әрi - резервтеуге өтiнiш) жiбередi.
      40. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi қағазға шығарылған резервтеуге өтінішті алғаннан кейiн резервтеуге өтініштің күнiн және нөмiрiн, банктiң атауын, банктiң корреспонденттiк есепшотындағы резервтелетiн ақша сомасын көрсете отырып оны арнайы журналға тiркейдi. Ақша резервтеуге электронды әдіспен алынған тапсырыс автоматты түрде өңделеді. <*>
      Ескерту: 40-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен V011744_
      41. Резервтеуге өтiнiштiң күшiн жою негiздерi:
      1) егер резервтеуге өтiнiште көрсетiлген резервтелетiн сома операциялық күннiң басында банктiң корреспонденттiк есепшотындағы қалдықтан асып тұрса;
      2) өтiнiш берген банктiң өтiнiмi бойынша;
      3) бұрынғы қабылданған өтiнiштiң орнына банктен жаңа өтiнiш түссе;
      4) резервтеуге өтiнiш банктен Операциялық күн кестесiне сәйкес резервтеуге өтiнiштi қабылдау жөнiндегi операциялық күн аяқталғаннан кейiн түссе;
      5) ақша жіберуші болып табылатын банктің корреспонденттік есепшотында инскассалық өкімді және/немесе ақша жіберушінің акцептін талап етпейтін төлем талап/тапсырмасын орындау үшін ақша жеткіліксіз болған кезде. <*>
      Осылай болғанда резервтеуге өтiнiштiң күшiн жою туралы күшiн жою себептерiн көрсете отырып, банкке хабарлама жiбередi.
      Ескерту: 41-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен V011744_
      42. Банк резервтеуге өтiнiштiң күшiн Ұлттық Банктiң филиалдарының бiрi оны орындай бастаған жағдайда жоя алмайды.
      43. Резервтеуге өтiнiштiң негiзiнде және банктiң корреспонденттiк есепшотында ақша жеткiлiктi болған кезде Ұлттық Банктiң бөлiмшесi ақшаны банктiң корреспонденттiк есепшотында резервтейдi.
      44. Банк Операциялық күн кестесiне сәйкес Ұлттық Банктiң филиалының есеп айырысу кассасынан өзiнiң филиалы ала алатын қолма-қол ақша сомасы туралы ақпаратты өз филиалдарына жеткiзедi.
      45. Қолма-қол ақша берiлетiн күннiң басында резервтеуге өтiнiштiң негiзiнде Ұлттық Банк бөлiмшесi банктер және/немесе олардың филиалы ала алатын қолма-қол ақша сомасы көрсетiлген жиынтық электронды ведомостарды (бұдан әрi ведомость) (N 5 қосымша) жасап, оларды Ұлттық Банктiң тиiстi филиалдарына жiбередi. <*>
      Ескерту: 45-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен V011744_
      46. Қалыптастырылған электронды ведомостар Ұлттық Банктің бөлінген телекоммуникация арналары бойынша Ұлттық Банктің филиалдарына жіберіледі. <*>
      Ескерту: 46-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен V011744_
     47. 
<*>

      Ескерту: 47-тармақ алынып тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен V011744_

      48. Банк немесе банктiң филиалы қолма-қол ақшаны алуға берілген чектi Ұлттық Банктiң филиалына көрсетедi. Ұлттық Банктiң филиалы көрсетiлген чектiң барлық деректемелерiнiң дұрыс толтырылғандығын тексередi, сондай-ақ мөр бедерi мен чекке қойылған қолды қолда бар үлгiлермен салыстырып тексередi.
      49. Банк немесе банктiң филиалы Ұлттық Банктiң филиалына көрсеткен чек бойынша қолма-қол ақша беруден бас тартуға негiз болмаған жағдайда Ұлттық Банкке немесе банктiң филиалына қолма-қол ақша бередi.
      50. Ұлттық Банктiң филиалы қолма-қол ақшаны бергеннен кейiн банктiң Ұлттық Банктiң бөлiмшесiнде ашылған корреспонденттiк есепшотындағы ақшасын шығарып тастауға арналған дебеттiк тапсырманы жасап, оны Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне жолдайды. Дебеттiк тапсырмадағы төлемнiң арнауында чектiң барлық деректемелерi көрсетіледi.
      51. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi дебеттiк тапсырма негiзiнде банктiң корреспонденттiк есепшотынан ақшаны алып тастап (шығарып тастап), банктiң корреспонденттiк есепшотын берiлген қолма-қол ақша сомасына дебеттеу туралы Ұлттық Банктiң филиалына хабарлама жолдайды.
      52. Банктiң корреспонденттiк есепшотындағы ақша сомасы дебеттiк тапсырма сомасында алып тастауға (шығарып тастауға) жеткiлiксiз болған жағдайда Ұлттық Банк банкке Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен заемын бередi. <*>
      Ескерту: 52-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен V011744_
      53. Қолма-қол ақшаны бергеннен кейiн келесi күнi Ұлттық Банктiң филиалы арнайы почтамен Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне чектiң көшiрмесiн жолдайды. Чектiң түпнұсқасы Ұлттық Банк филиалының күнделiктi құжаттарына тiгiледi.
      Ұлттық Банктiң бөлiмшесi чектiң көшiрмесiн арнайы журналға тiркеп, өзiнің құжаттарында сақтайды.
      54. Ұлттық Банктiң филиалына банк немесе банктiң филиалы көрсеткен чек бойынша қолма-қол ақша беруден бас тартуға негiз мынадай:
      1) чекте көрсетiлген соманың филиалға қолма-қол ақша беруге арналған банк осы филиал үшiн резервтеуге өтiнiште белгiленген лимит сомасынан асып тұруы;
      2) резервтеуге өтiнiштiң болмауы;
      3) чектiң тиiстi дәрежеде ресiмделмеуi;
      4) заңдарда және/немесе корреспонденттiк есепшот шартының талаптарында белгiленген өзге де талаптардың орындалмауы.
      Қолма-қол ақшаны беруден бас тартудың себебi ведомостарды тiркеу журналында көрсетiледi.
      55. Банктен немесе банктiң филиалынан ақша қабылдағанда Ұлттық Банктiң филиалы қабылдаған қолма-қол ақшаның сомасына арналған кредиттік тапсырманы осы соманы банктің корреспонденттік есепшотына жазу үшін Ұлттық Банктің бөлімшесіне жолдайды.
      56. Банктен және/немесе банктің филиалынан қабылданған қолма-қол

ақшаны санаған кезде анықталған артылып қалған сома банктің 
корреспонденттік есепшотына жазылады, ал жетпеген сома Ұлттық Банк пен 
банктің арасында жасалған корреспонденттік есепшот шартына сәйкес банктің 
корреспонденттік есепшотынан оның келісімінсіз артылып қалу немесе 
жетіспей қалу факты анықталғаннан кейінгі үш жұмыс күнінің ішінде есептен 
шығарылады.
     
                    5-тарау. Қорытынды ережелер
     
     57. Банктің корреспонденттік есепшотын жапқан кезде Ұлттық Банк 
корреспонденттік есепшотты ашқан кезде банктен алған құжаттар мен 
анықтамаларды оған қайтармайды.
     58. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарға 
сәйкес шешіледі.
     
     Ұлттық Банк
     Төрағасы



                Банктік сәйкестендіру кодының құрылымы

     Банктік сәйкестендіру коды тоғыз топтан - ХХ ХХ ХХ ХХХ тұрады және 
оның құрылымы мынадай:
     1) 1- және 2-топ Қазақстан Республикасының коды. Қазір қолданылып 
жүрген код - 19 пайдаланылады;
     2) 3- және 4-топ - облыс кодтары;
     3) 5- және 6-топ - Ұлттық Банк филиалының реттік нөмірі;
     4) 7-, 8- және 9-топ - банктің немесе оның филиалының шартты нөмірі. 
     Кодтық көрсетілген үш тобы 001-ден 999-ға дейінгі мәнді қабылдай 
алады. Қабылдағанда осы топтар мынадай мәнге ие болады: Қаржы министрлігі 
Қазынашылығының облыстық басқармалары үшін - 001-099; Ұлттық Банктің 
филиалдары мен бөлімшелері үшін - 101-199; екінші деңгейдегі банктер, 
олардың филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге 
асыратын ұйымдар үшін - 201-999.
       
      
                                                                           


                                        Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі Ережелеріне N 2 қосымша


     Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген
       түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынған төлем құжаттары
                  тізімдемесін тіркеу журналы
 __________________________________________________________________________
|рет|Банктің|Алған    |Тізімдеме|Тізімдеме.|Тізімдеме.|Нұсқау қабылданған. 
|N  |атауы  |күні және|нөмірі   |дегі      |нің       |нан кейін           
|   |       |         |         |          |          |тізімдеме.
|   |       |уақыты   |         |құжаттар  |жиынтық   |нің екінші данасы   
|   |       |         |         |саны      |сомасы    |қайтарылған күн     
|___|_______|_________|_________|__________|__________|____________________
|___|_______|_________|_________|__________|__________|____________________
|
     
  таблицаның жалғасы
 __________________________________________________________________________
|Қабылданбаған        |Қабылдан.|Қайтарыл. |Қайтарыл. |Ұлттық Банк        
|                     |         |          |          |филиалы.    
|құжаттар саны        |баған    |ған құжат.|ған       |ның жауапты         
|                     |         |          |          |орындау.
|                     |құжаттар |тардың    |себебі    |шысының аты-жөні    
|                     |сомасы   |деректеме.|          |                    
|                     |         |лері      |          |                    
 __________________________________________________________________________
 __________________________________________________________________________
        
   


                                        Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылғы "28"наурыздағы N 37 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі Ережелеріне N 3 қосымша


     Корреспонденттік есепшот бойынша жасалған операцияларды
                     тіркеу ведомосты
     
     ____________________________________________________________
                       (банктің атауы)
     199__ жылғы ____________айында______________________________
          (Ұлттық Банктегі банктің корреспонденттік есепшотының нөмірі)
     ____________________________________________________________
          Ұлттық Банк корреспонденттік есепшот бойынша
     
     __________________
      (банктік атауы)
     
     ________________ есепшот бойынша     ________________________
     (банктің балансындағы                   (жеке есепшот нөмірі)
     жеке есепшот нөмірі)
     
 __________________________________________________________________________
|жазба|құжат|сомасы|сомасы|айырмашы.|жазба|құжат|сомасы|сомасы|айырмашылық.
|күні |N    |дебет |кредит|лықты    |күні |N    |дебет |кредит|ты реттеу   
|     |     |      |      |реттеу   |     |     |      |      |күні        
|     |     |      |      |күні     |     |     |      |      |            
|_____|_____|______|______|_________|_____|_____|______|______|____________
|  1     2     3      4        5       1     2      3     4        5 
___________________________________________________________________________
     
     ________________ біріндегі           ______________ біріндегі
         (айы)                                 (айы)
     
     Ұлттық Банк балансындағы               банктің балансындағы
     жеке есепшоттан алынған                жеке есепошоттан алынған
     үзінді бойынша сальдо                  үзінді бойынша сальдо
     
     Барлық өткізілгені:______              Барлық өткізілгені:________
     Балансы:_________________              Балансы:___________________
     
                        Айырым сомасы _____________
     
     Төлем жүйесі                           Банктің бастығы
     Басқармасының
     бастығы
     
     Төлем жүйесі                           Бас бухгалтер
     басқармасы 
     корреспонденттік
     қатынастар бөлімінің бастығы
     
     
     


                                        Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылғы "28"наурыздағы N 37 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі Ережелеріне N 4 қосымша


     19 __ жылғы "___" ____________    Қазақстан Республикасы
                                       Ұлттық Банкі 
                                       Төлем жүйесі басқармасы
     
               Банктің корреспонденттік есепшотында ақша
         резервтеуге және банктің және/немесе банктің филиалының 
                   қолма-қол ақша алуға арналған
                           N___ Өтінімi     
       
     Банктің атауы _____________________________________________
     Банктің банктік сәйкестендіру коды_________________________
     Банктің корреспонденттік есепшот нөмірі____________________
     Банктің корреспонденттік есепшотындағы
     резервтелетін ақша сомасы__________________________________
                                     (санмен)
     ___________________________________________________________
                          (жазбаша)
     
     Резервтелген күн 199___ жылғы "____"_______________________
     
     
     
          Берілетін қолма-қол ақша сомасы
     
  _______________________________________________________________________
 |N |Банктің       |Банктің        |Ұлттық Банктің | Қолма-қол            |
 |  |және/немесе   |және/немесе    |филиалы        |ақшаны беруге арналған|
 |  |банктің       |банк филиалының|               |лимит сомасы          |
 |  |филиалының    |атауы          |               |                      |
 |  |сәйкестендіру |               |               |                      |
 |  |коды          |               |               |                      |
 |_ |______________|_______________|_______________|______________________|
 |1.|              |               |               |санмен | жазбаша      |
 |__|______________|_______________|_______________|_______|______________|
 |2.|              |               |               |       |              |
 |__|______________|_______________|_______________|_______|______________|
 |           Жиынтық саны:                         |       |              |
 |_________________________________________________|_______|______________|
     Қолдары:
         
     Банктің төрағасы:
     
     Бас бухгалтер:    
     


                                        Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылғы "28"наурыздағы N 37 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі Ережелеріне N 5 қосымша

                                        Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Төлем жүйесі басқармасы


     Ұлттық Банктің филиалы___________________ арқылы банктің
                                  (атауы)
     және/немесе банк филиалының қолма-қол ақшаны алуға арналған
               199__ жылғы "____"______________
                        N_____ ведомосты
 __________________________________________________________________________
|N|Резервтеуге  |Резервтеуге |Алушы     |Алушы          |Қолма-қол ақшаны  
| |өтінім берген|арналған    |банктің   |банктің банктік|беруге арналған   
| |банктің атауы|өтінім      |атауы     |сәйкестендіру  |лимит сомасы:     
| |             |нөмірі      |          |коды           _________________|
| |             |            |          |               |санмен | жазбаша  
|_|_____________|____________|__________|_______________|_______|__________
|1|             |            |          |               |       |          
|_|_____________|____________|__________|_______________|_______|__________
|2|             |            |          |               |       |          
|_|_____________|____________|__________|_______________|_______|__________
|            Жиынтық саны:                              |       |          
|_______________________________________________________|_______|__________
|
     
     Қолдары:
     
     Төлем жүйесі
     басқармасының бастығы
     
     Жауапты орындаушы
            
     
     Оқығандар:
        Омарбекова А.
        Қасымбеков Б.