Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы »1999 жылғы 28 наурыз N 37 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 7 мамырда тіркелді. Тіркеу N 754.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Төлем жүйесi басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
      3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына жiберсiн, оларға осы қаулыны және бекiтiлген Ережелердi екiншi деңгейдегi банктерге жiберудi мiндеттесiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн. 

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 28 наурызындағы 
N 37 қаулысымен
Бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші
деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында
корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы"  Қазақстан Республикасының Заңына , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Ақша төлемі және аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен .

      2. Осы Ережелер екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктер) корреспонденттiк есепшоттарын теңгемен және шетел валютасымен Ұлттық Банкте ашу, жүргiзу және жабу тәртiбiн реттейдi. Корреспонденттiк есепшоттар Ұлттық Банк пен банктiң арасында корреспонденттiк есепшот шарты жасалғаннан кейiн ашылады. Корреспонденттiк есепшот шартының талаптарына сәйкес Ұлттық Банк банктiң пайдасы үшiн түсетiн ақшаны қабылдауға, банкке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы банктiң өкiмiн орындауға және корреспонденттiк есепшот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.

      3. Осы Ережелер Ұлттық Банктiң баланстық есепшоттарына және солар бойынша ашылатын Ұлттық Банктiң бухгалтерлiк есеп позициясын көрсететiн жеке есепшоттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген ең аз резервтiк талаптар туралы Ережеге сәйкес Ұлттық Банктiң банкке қоятын ең аз резервтiк талаптарының сомасын депондау үшін ашылатын есепшоттарға қолданылмайды.

      4. Ұлттық Банк ақылы негiзде корреспонденттiк есепшоттарды жүргiзудi, банктiң қолма-қол ақшасын қабылдау және беру операцияларын орындауды және басқа қызметтердi жүзеге асыруға құқылы. Ол көрсететiн қызметтердiң түрлерi мен оларға төленетiн ақының мөлшерiн Ұлттық Банк өз бетiнше белгілейдi.

      5. Осы Ережелерде пайдаланылатын терминдердiң мағынасы мынадай:
      1) ақша аударудың бастамашысы (бұдан әрi - бастамашы) - ақша аудару туралы нұсқауды алғаш рет орындауға ұсынған адам;
      2) нұсқау - шарттың және заңның талабына сәйкес ақша аудару және төлеу туралы жiберушiнiң алушы банкке ұсынатын бұйрығы;
      3) банктік бірегейлендірілген код (ББК) - ақша аудару не төлеу туралы нұсқауды ұсынған кезде банкті бірегейлендіру үшін оған Ұлттық Банк берген банктің сандық белгісі.
      Ескерту: 5-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 мамырдағы N 172 қаулысымен .

2-Тарау. Банктiң Ұлттық Банкте корреспонденттiк
есепшот ашу тәртiбi

      Ескерту: 2-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 мамырдағы N 172 қаулысымен .

      6. Корреспонденттік есепшот шартын жасау үшін банктер Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасында банктік есепшоттар ашу жөніндегі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға және осы Ережелерге сәйкес құжаттарды береді.

      7. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) аударым операцияларын жүргізуге арналған Ұлттық Банктің лицензиясы болғанда, ақша аударымының банкаралық жүйесін пайдаланушы мәртебесін алу мақсатында Ұлттық Банкте ұлттық валютамен корреспонденттік есепшот аша алады.

      8. Ұлттық Банкте корреспонденттік есепшот ашу туралы мәселені қарау үшін ұйымдар Ұлттық Банктің банктік есепшоттар ашу, сондай-ақ ақша аударымының банкаралық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:
      осы ұйымды ақша аударудың банкаралық жүйесіне қосуға қажетті мынадай ақпарат кіретін негіздеме:
      ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы операциялардың болжамды саны мен көлемі (бір айға);
      жүзеге асыру үшін ақша аударудың банкаралық жүйесіне қосуға қажетті операциялардың тізбесі;
      ұйым клиенттерінің болжамды саны;
      ұйымның бағдарламалық-техникалық жарақталуының жай-күйі және ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің сенімділігі туралы аудиторлық ұйымның қорытындысы.

      8-1. Ұйымға корреспонденттік есепшот ашу туралы мәселені қараған кезде Ұлттық Банк ұйымның төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне кірудің бағдарламалық-техникалық құралдарына қойылатын талаптарды белгілейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

      8-2. Корреспонденттік есепшот шарты ұйыммен төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ақша аударымының банкаралық жүйесін ұйымдастыруға және жұмыс істеуге қойылатын талаптарды белгілейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келген жағдайда және Ұлттық Банк Басқармасының осы ұйымға корреспонденттік есепшот ашу туралы қаулысы болғанда жасалады.
      Ұлттық Банктің еншілес ұйымымен корреспонденттік шот шартын жасау үшін Ұлттық Банк Басқармасының корреспонденттік шотты ашу жөніндегі қаулысы талап етілмейді.
      Ескерту: 8-2-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 293 қаулысымен .

      8-3. Банк осы Ережелерде белгіленген талаптарды орындаған жағдайда Ұлттық Банк банкпен корреспонденттік есепшот шартын жасайды, оған банктік бірегейлендірілген код және жеке бірегейлендірілген код береді, олар арнайы кітапқа тіркеледі.
      Банктік бірегейлендірілген код осы Ережелердің N 1 қосымшасына сәйкес беріледі.

      8-4. Ұйым осы Ережелерде белгіленген талаптарға және Ұлттық Банктің өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келмеген жағдайда, Ұлттық Банк ұйымға корреспонденттік есепшот ашудан бас тартады.

      8-5. Ұлттық Банк ұйыммен корреспонденттік есепшот шартын жасағаннан кейін он жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - Орталық) ұйымды ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы ақша аударымына қатысуға жіберу туралы Ұлттық Банктің оң қорытындысын жібереді.

      8-6. Ұйым Ұлттық Банкте корреспонденттік есепшот ашылған күннен бастап бір ай ішінде ақша аударудың банкаралық жүйесінің пайдаланушысы мәртебесін алмаған жағдайда, сондай-ақ ұйым Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген негіздер бойынша ақша аударудың банкаралық жүйесінің пайдаланушысы мәртебесінен айырылған жағдайда, Ұлттық Банк заңдарда және корреспонденттік есепшот шартында белгіленген тәртіппен ұйыммен жасалған корреспонденттік есепшот шартын бұзуға құқылы.

      8-7. Корреспонденттік есепшот шарты, сондай-ақ корреспонденттік есепшот ашу үшін банк берген құжаттар тігіледі және Ұлттық Банктің корреспонденттік есепшоттарды жүргізетін бөлімшесінде (бұдан әрі - Ұлттық Банктің бөлімшесі) әрбір клиент бойынша арнайы ашылған іс қағаздарында сақталады.
      Банк ақша аударудың банкаралық жүйесінің пайдаланушысы мәртебесін алғаннан кейін іс қағаздарына, сондай-ақ банктің Орталықпен жасаған шартының көшірмесін және осы банкті ақша аударудың банкаралық жүйесіне қосу жөніндегі қорытындысын (сипаттамасын) қосады.

3-тарау. Банктiң корреспонденттiк есепшотын
жүргiзу тәртiбi

      9. Ұлттық Банк банктiң Ұлттық Банкте корреспонденттiк есепшотта жатқан ақшасын кедергiсiз иелену құқын қамтамасыз етедi және онда қалған қалдық сомасының шегiнде төлемдердi және/немесе ақша аударуды жүзеге асырады.
      Корреспонденттiк есепшотқа ие болу құқына берiлетiн сенiмхатты корреспонденттiк есепшот иесi - банк осы банктiң лауазымды адамына ғана бере алады.

      10. Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларда болмаса, ақша аударудың негiздерiнiң Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының талаптарына сәйкес келу-келмеуiн тексермейдi.

      11. Банктердiң ақшасын ықтиярсыз алып қою (шығарып тастау), сондай-ақ Ұлттық Банкте оның корреспонденттiк есепшотында жатқан ақшасын банктердiң ие болу құқын шектеу заң актiлерiнде немесе банк пен Ұлттық Банк арасындағы шартта көзделген жағдайда ғана мүмкiн.

      12. Ұлттық Банк корреспонденттiк есепшот шарты бойынша Ұлттық Банктiң филиалының кассасы арқылы банкке және/немесе оның филиалына қолма-қол ақшаны бере алады/қабылдай алады.

      13. Банк корреспонденттiк есепшот шартына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәсiлдермен Ұлттық Банкке төлем құжаттарын орындау үшiн ұсынады.

      14. Ақша аудару туралы нұсқауларды қабылдау және беру, сондай-ақ корреспонденттiк есепшоттан үзiндiлер Ұлттық Банктiң Операциялық күн кестесiне сәйкес (бұдан әрi - Операциялық күн кестесi) жүзеге асырылады.

      15. Төлем тапсырмасын Ұлттық Банкке берген кезде банк төлем тапсырмасында көрсетiлген адамның пайдасы үшiн ақшасын аударуға ұлттық Банкке өкiлеттiк бередi.

      16. Банктiң Ұлттық Банкке жiберетiн электрондық төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнде ақпарат беру форматтарына қойылатын талаптар туралы Ереже шарттарына сәйкес келуге тиiс.
      Ұлттық Банктiң және банктiң электрондық төлем тапсырмаларын алмастырған кезде заң бұзғаны үшiн жауапкершiлiк олардың арасында бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы Келiсiмде белгiленедi.
      Ақша аударуды жүзеге асыратын банк жiберетiн төлем тапсырмаларда Ұлттық Банк делдал банк ретiнде көрсетiлмеуi мүмкiн.

      17. Ұлттық Банк пен банк арасында электрондық байланыс арналарын және телекоммуникацияны пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда немесе олардың арасында бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы Келiсiм болмаған жағдайда банк Ұлттық Банктiң филиалына Ұлттық Банк белгілеген форматта магниттiк тасымалшы мен төлем тапсырмасының мәтiнiн, төлем тапсырмасының қағаз тасымалшыдағы екiншi данасын, сондай-ақ ұсынылған төлем құжаттарының тiзбесiнiң екi данасын бередi, тiзбелерде әрбiр төлем тапсырмасының нөмiрi мен күнi, оның сапасы, ақшаны жiберушiнiң және алушының банктiк есепшоттары көрсетіледi. Төлем тапсырмасы сенiмхат негiзiнде қабылданады.
      Ескерту: 17-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 мамырдағы N 172 қаулысымен .

      18. Ұлттық Банктің филиалы осы Ережелердiң 17-тармағында көрсетiлген құжаттарды алған кезде әрбiр төлем тапсырмасының барлық мiндеттi деректемелерiн толтырудың дұрыстығын тексередi, қолда бар қол қою үлгiлерiн, банк мөрiнiң бедерiн салыстырып тексередi.
      Төлем тапсырмасының магниттiк тасымалшымен берілген мәтiнi қағаз тасымалшыдағы төлем тапсырмасымен салыстырылып тексерiледi, сондай-ақ осы төлем тапсырмаларының төлем құжаттарының берiлген тiзбесiнде бар-жоғы тексерiледi.

      19. Төлем құжаттарын қабылдаған кезде Ұлттық Банктiң филиалы осы Ережелердiң 7-тармағына сәйкес банк өткiзген тiзбенi банктер өткiзген төлем құжаттарының Тiзiмдемесiн тiркеу Журналында тiркейдi (бұдан әрi Журнал) (N 2 қосымша).
      Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 мамырдағы N 172 қаулысымен .

      20. Төлем тапсырмасының деректемелерiнiң дұрыс толтырылмауы, қолдар мен банк мөрi бедерiнiң қолдағы үлгiлерге, сондай-ақ магниттiк тасымалшыдағы төлем тапсырмасы мәтiнiнiң қағаз тасымалшыдағы төлем тапсырмасының данасына сәйкес келмеуi және басқа кемшiлiктер анықталған жағдайда, Ұлттық Банктiң филиалы анықталған кемшілiктердi жою үшiн төлем тапсырмасын қайтарып бередi. Осы орайда төлем құжаттарының тiзбесiнде қайтарылған төлем тапсырмаларының деректемелерiнiң қарсысына қайтарылғандығы туралы белгi жасалады, Ұлттық Банк филиалының жауапты орындаушысының және банктiң өкiлеттi адамының қолдары қойылады және тiзбенiң жиынтық сомасы қайтарылған төлем тапсырмаларының сомасына түзетiледi. Журналда сома, акцептелмеген құжаттардың саны туралы тиiстi белгi жасалады және қайтару себептерi мен қайтарылған төлем тапсырмаларының деректемелерi көрсетiледi.

      21. Ұлттық Банктiң филиалы алынған құжаттарды тексергеннен кейiн сол күнi төлем тапсырмасының мәтiнiн электрондық байланыс арналары бойынша Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне жiбередi.

      22. Ұлттық Банк жiберушi банктiң төлем тапсырмасын оның корреспонденттік есепшотын дебеттеу жолымен акцептейдi, осыған байланысты Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң филиалына корреспонденттiк есепшотты дебеттеу туралы хабарлама жiбередi.
      Ескерту: 22-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 293 қаулысымен .

      23. Ұлттық Банктiң филиалы банктiң корреспонденттiк есепшотын дебеттеу туралы хабарламаны алғаннан кейiн, келесi күннен кешiктiрмей ұсынылған төлем құжаттарының тiзбесiнiң "қабылданды" деген белгi қойылған екiншi данасы банкке қайтарылады. Тапсырылған төлем құжаттарының тiзбесiнiң бiрiншi данасы және төлем тапсырмасының екiншi данасы Ұлттық Банк филиалының құжаттарына тiгiледi.

      24. Төлем тапсырмасының акцептi қабылданбаған жағдайда Ұлттық Банк банкке акцептiң қабылданбағаны туралы себептерiн көрсете отырып тиiстi хабарлама жiбередi.
      Банктiң нұсқауларын қабылдаудан бас тарту негiздерi мыналар:
      1) төлем тапсырмасының дұрыс ресiмделмеуi;
      2) банктiң корреспонденттiк есепшотында ақшаның жеткiлiктi сомасының болмауы;
      3) заң және/немесе корреспонденттiк есепшот шартының талаптарында белгiленген өзге де талаптардың сақталмауы.

      25. Ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi банктiң төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерi белгiлейдi. Ұлттық Банктiң қосымша есебiнде банктiң осы операцияларының сальдосы көрсетiледi.

      26. Банктiң корреспонденттiк есепшотынан оның келiсiмiнсiз ақша алудың негiздiлiгiн растайтын орындаушы құжаттардың түпнұсқалары қоса берiлген инкассалық өкiмдердi Ұлттық Банкке бастамашының тiкелей өзi алып келедi немесе фельдъегерлiк почта арқылы жiберiледi.
      Ұлттық Банктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесi инкассалық өкiмдердi қабылдап алып, оларды инкассалық өкiмдер журналында тiркейдi.
      Ұлттық Банк қолданылып жүрген заңдарда және шартта ерекше ескертiлген жағдайда болмаса, инкассалық өкiмдердi корреспонденттiк есепшотты дебеттеу жолымен үш жұмыс күнi iшiнде акцептейдi.
      Ескерту: 26-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 355 қаулысымен .

      27. Ұлттық Банк бастамашының осы инкассалық өкiмнiң барлық деректемелерi қамтылған жазбаша өкiмi негiзiнде ғана акцептелген және акцептелмеген инкассалық өкiмдi қайтарып алады, сондай-ақ инкассалық өкiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.
      Мұндайда нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру немесе акцептелген нұсқауды қайтарып алу оны алушы банк орындағанға дейін мүмкін болады.
      Ескерту: 27-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 293 қаулысымен

      28. Ұлттық Банк банктiң нұсқауларын және үшiншi адамдардың талаптарын Ұлттық Банктiң акцептелiнетiн күннен кейiнгi операциялық күнiнен кешiктiрмей орындайды.

      29. Ұлттық Банк нұсқауларды орындаған кезде алушы банктiң корреспонденттiк есепшотын заңдарда белгiленген талаптарға сәйкес нұсқауда көрсетiлген сомада кредиттейдi.
      Осы орайда Ұлттық Банк алушы банкке нұсқау, ал байланыстың электрондық төлем тапсырмасын және Операциялық күннiң кестесiне сәйкес оның корреспонденттiк есепшотын кредиттеу туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.

      30. Ұлттық Банкке түсетiн төлем құжаттарының есебi Ұлттық Банктiң операцияларын есепке алу жөнiндегi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Ұлттық Банктiң ақша аудару жөнiндегi жiберушi банк алдындағы мiндеттемелерi алушы банктiң корреспонденттiк есепшоттары кредиттелетiн күнi аяқталады.

      32. Ақша аудару қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк санкция берiлмеген аударымдық төлемдерден қорғану әрекетiнiң рәсiмдерiн әзiрлейдi және қолданады.
      Қорғану әрекетiнiң элементтерi ретiнде уәкiлеттi адамның (адамдардың) қолын, мөрлердi, алгоритмдердi, (сандық, әрiптiк, символдар қолданып және араласқан) кодтарды, сәйкестендiрушi сөздердi немесе сәйкестендiрушi нөмiрлердi, шифрлауды, қайтарып алу әдiстерiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қорғау тәсiлдерiн пайдалануға болады.
      Ұлттық Банк және банк қорғау әрекетiнiң ресiмдерiн сақтауға және осы рәсiмдердi қолдану және өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтердiң сақталуына қарауға мiндеттi. Қорғау әрекетiнiң ресiмдерiн бұзған немесе бұзуға әрекеттенгенi байқалған жағдайда банк осы фактiлер туралы дереу Ұлттық Банкке хабарлауға мiндеттi. Ұлттық Банк банкпен бiрге анықталған фактілердi жою жөнiнде оларды анықтағаннан кейiн келесi операциялық күннен кешiктiрмей шара қолдануға тиiс.

      33. Төлем жасауды және ақша аударуды аяқтау және корреспонденттiк есепшот бойынша дебеттiк сальдоны болдырмау мақсатында банк Ұлттық Банктiң заемдарын Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен пайдалануға құқылы.
      Ескерту: 33-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен .

      34. Банктiң ақшасын қабылдау (жазу), алып тастау (шығарып тастау) жөнiндегi операциялық күн аяқталғаннан кейiн Ұлттық Банк корреспонденттiк есепшоттан үзiндi жасайды, ол үзiндi Операциялық күн кестесiнде белгiленген уақытта банкке тапсырылады.

      35. Ұлттық Банктен алынатын үзiндiлер бойынша банк өзiнiң iшкi корреспонденттiк есепшоты бойынша өзiнiң Ұлттық Банктегi корреспонденттiк есепшотта көрсетiлген, жасалған төлемдердiң сомасының дұрыс көрсетiлуiн күн сайын бақылап отырады.

      36. Корреспонденттiк есепшот бойынша жасалған операцияларды тексеру мақсатында банк ай сайын корреспонденттiк есепшот бойынша (N 3 қосымша) жасалған операциялардың тексеру Ведомостын екi данада жасайды. Банктiң мөрiмен және уәкiлеттi адамдардың қолымен куәландырылған осы ведомость арнайы почтамен есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 5-iне дейiнгi мерзiмде Ұлттық Банкке жiберiледi.

      37. Ұлттық Банктiң уәкiлеттi адамы корреспонденттiк есепшот бойынша жасалған операцияларды тексеру Ведомостын Ұлттық Банктiң есептеу мәлiметтерiмен салыстырып тексередi, олар сәйкес келген жағдайда оның өз қолымен куәландырылған және мөртабан қойылғалы екiншi данасын есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 10-ына дейiнгi мерзiмде банкке жiбередi.

4-тарау. Қолма-қол ақшаны қабылдау және беру тәртiбi

      38. Қолма-қол ақшаны банкке немесе оның филиалына берудi, сондай-ақ банктен немесе оның филиалынан ақша қабылдауды және санап алуды Ұлттық Банктiң эмиссиялық-кассалық операциялар жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес Ұлттық Банктiң филиалы жүзеге асырады.
      Осыған орай жоғарыда көрсетiлген актiлерге сәйкес банк немесе банктiң филиалы қолма-қол ақшаны алатын күннiң қарсаңында Ұлттық Банктің филиалына қолма-қол ақшаны алуға өтiнiм тапсырады.

      39. Осымен бiр мезгiлде Операциялық күн кестесiне сәйкес банк Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне Ұлттық Банктiң филиалдарының есеп айырысу кассалары арқылы қолма-қол ақшаны электрондық байланыс арналары, факсимильдiк байланыс құралдары немесе банктiң уәкiлеттi адамы арқылы (N 4 қосымша) банктiң корреспонденттiк есепшотындағы ақшаны резервке беру үшiн өтiнiш (бұдан әрi - резервтеуге өтiнiш) жiбередi.

      40. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi қағазға шығарылған резервтеуге өтінішті алғаннан кейiн резервтеуге өтініштің күнiн және нөмiрiн, банктiң атауын, банктiң корреспонденттiк есепшотындағы резервтелетiн ақша сомасын көрсете отырып оны арнайы журналға тiркейдi. Ақша резервтеуге электронды әдіспен алынған тапсырыс автоматты түрде өңделеді.
      Ескерту: 40-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен .

      41. Резервтеуге өтiнiштiң күшiн жою негiздерi:
      1) егер резервтеуге өтiнiште көрсетiлген резервтелетiн сома операциялық күннiң басында банктiң корреспонденттiк есепшотындағы қалдықтан асып тұрса;
      2) өтiнiш берген банктiң өтiнiмi бойынша;
      3) бұрынғы қабылданған өтiнiштiң орнына банктен жаңа өтiнiш түссе;
      4) резервтеуге өтiнiш банктен Операциялық күн кестесiне сәйкес резервтеуге өтiнiштi қабылдау жөнiндегi операциялық күн аяқталғаннан кейiн түссе;
      5) ақша жіберуші болып табылатын банктің корреспонденттік есепшотында инкассалық өкімді және/немесе ақша жіберушінің акцептін талап етпейтін төлем талап/тапсырмасын орындау үшін ақша жеткіліксіз болған кезде.
      Осылай болғанда резервтеуге өтiнiштiң күшiн жою туралы күшiн жою себептерiн көрсете отырып, банкке хабарлама жiбередi.
      Ескерту: 41-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен .

      42. Банк резервтеуге өтiнiштiң күшiн Ұлттық Банктiң филиалдарының бiрi оны орындай бастаған жағдайда жоя алмайды.

      43. Резервтеуге өтiнiштiң негiзiнде және банктiң корреспонденттiк есепшотында ақша жеткiлiктi болған кезде Ұлттық Банктiң бөлiмшесi ақшаны банктiң корреспонденттiк есепшотында резервтейдi.

      44. Банк Операциялық күн кестесiне сәйкес Ұлттық Банктiң филиалының есеп айырысу кассасынан өзiнiң филиалы ала алатын қолма-қол ақша сомасы туралы ақпаратты өз филиалдарына жеткiзедi.

      45. Қолма-қол ақша берiлетiн күннiң басында резервтеуге өтiнiштiң негiзiнде Ұлттық Банк бөлiмшесi банктер және/немесе олардың филиалы ала алатын қолма-қол ақша сомасы көрсетiлген жиынтық электронды ведомостарды (бұдан әрi ведомость) (N 5 қосымша) жасап, оларды Ұлттық Банктiң тиiстi филиалдарына жiбередi.
      Ескерту: 45-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен .

      46. Қалыптастырылған электронды ведомостар Ұлттық Банктің бөлінген телекоммуникация арналары бойынша Ұлттық Банктің филиалдарына жіберіледі.
      Ескерту: 46-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен .

      47. Тармақ алынып тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен .

      48. Банк немесе банктiң филиалы қолма-қол ақшаны алуға берілген чектi Ұлттық Банктiң филиалына көрсетедi. Ұлттық Банктiң филиалы көрсетiлген чектiң барлық деректемелерiнiң дұрыс толтырылғандығын тексередi, сондай-ақ мөр бедерi мен чекке қойылған қолды қолда бар үлгiлермен салыстырып тексередi.

      49. Банк немесе банктiң филиалы Ұлттық Банктiң филиалына көрсеткен чек бойынша қолма-қол ақша беруден бас тартуға негiз болмаған жағдайда Ұлттық Банкке немесе банктiң филиалына қолма-қол ақша бередi.

      50. Ұлттық Банктiң филиалы қолма-қол ақшаны бергеннен кейiн банктiң Ұлттық Банктiң бөлiмшесiнде ашылған корреспонденттiк есепшотындағы ақшасын шығарып тастауға арналған дебеттiк тапсырманы жасап, оны Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне жолдайды. Дебеттiк тапсырмадағы төлемнiң арнауында чектiң барлық деректемелерi көрсетіледi.

      51. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi дебеттiк тапсырма негiзiнде банктiң корреспонденттiк есепшотынан ақшаны алып тастап (шығарып тастап), банктiң корреспонденттiк есепшотын берiлген қолма-қол ақша сомасына дебеттеу туралы Ұлттық Банктiң филиалына хабарлама жолдайды.

      52. Банктiң корреспонденттiк есепшотындағы ақша сомасы дебеттiк тапсырма сомасында алып тастауға (шығарып тастауға) жеткiлiксiз болған жағдайда Ұлттық Банк банкке Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен заемын бередi.
      Ескерту: 52-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысымен .

      53. Чектiң түпнұсқасы Ұлттық Банк филиалының күнделiктi құжаттарына тігiледi.
      Ескерту: 53-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 355 қаулысымен .

      54. Ұлттық Банктiң филиалына банк немесе банктiң филиалы көрсеткен чек бойынша қолма-қол ақша беруден бас тартуға негiз мынадай:
      1) чекте көрсетiлген соманың филиалға қолма-қол ақша беруге арналған банк осы филиал үшiн резервтеуге өтiнiште белгiленген лимит сомасынан асып тұруы;
      2) резервтеуге өтiнiштiң болмауы;
      3) чектiң тиiстi дәрежеде ресiмделмеуi;
      4) заңдарда және/немесе корреспонденттiк есепшот шартының талаптарында белгiленген өзге де талаптардың орындалмауы.
      Ескерту: 54-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 293 қаулысымен

      55. Банктен немесе банктiң филиалынан ақша қабылдағанда Ұлттық Банктiң филиалы қабылдаған қолма-қол ақшаның сомасына арналған кредиттік тапсырманы осы соманы банктің корреспонденттік есепшотына жазу үшін Ұлттық Банктің бөлімшесіне жолдайды.

      56. Банктен және/немесе банктің филиалынан қабылданған қолма-қол ақшаны санаған кезде анықталған артылып қалған сома банктің корреспонденттік есепшотына жазылады, ал жетпеген сома Ұлттық Банк пен банктің арасында жасалған корреспонденттік есепшот шартына сәйкес банктің корреспонденттік есепшотынан оның келісімінсіз артылып қалу немесе жетіспей қалу факты анықталғаннан кейінгі үш жұмыс күнінің ішінде есептен шығарылады.

5-тарау. Қорытынды ережелер     

      57. Банктің корреспонденттік есепшотын жапқан кезде Ұлттық Банк корреспонденттік есепшотты ашқан кезде банктен алған құжаттар мен анықтамаларды оған қайтармайды.
      58. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешіледі.    

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы     
Ұлттық Банк Басқармасының    
1999 жылғы 28 наурыздағы    
N 37 қаулысымен бекітілген   
Қазақстан Республикасы     
Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі
банктердің, сондай-ақ банк   
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың арасында
корреспонденттік қатынастар орнату
жөніндегі Ережелеріне     
N 1 қосымша          

Банктік сәйкестендіру кодының құрылымы

      Банктік сәйкестендіру коды тоғыз топтан - ХХ ХХ ХХ ХХХ тұрады және оның құрылымы мынадай:
      1) 1- және 2-топ Қазақстан Республикасының коды. Қазір қолданылып жүрген код - 19 пайдаланылады;
      2) 3- және 4-топ - облыс кодтары;
      3) 5- және 6-топ - Ұлттық Банк филиалының реттік нөмірі;
      4) 7-, 8- және 9-топ - банктің немесе оның филиалының шартты нөмірі.
      Кодтық көрсетілген үш тобы 001-ден 999-ға дейінгі мәнді қабылдай алады. Қабылдағанда осы топтар мынадай мәнге ие болады:           Қаржы министрлігі Қазынашылығының облыстық басқармалары үшін - 001-099;
      Ұлттық Банктің филиалдары мен бөлімшелері үшін - 101-199;
      екінші деңгейдегі банктер, олардың филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін - 201-999.

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банк Басқармасының 
1999 жылғы 28 наурыздағы  
N 37 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы      
Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі
банктердің, сондай-ақ банк  
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың арасында
корреспонденттік қатынастар орнату
жөніндегі Ережелеріне    
N 2 қосымша         

Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынған төлем құжаттары
тізімдемесін тіркеу журналы

 ____________________________________________________________________
|рет|Банктің|Алған    |Тізімдеме|Тізімдеме.|Тізімдеме.|Нұсқау қабыл.
|N  |атауы  |күні және|нөмірі   |дегі      |нің       |данғаннан
|   |       |         |         |          |          |кейін тізім.
|   |       |уақыты   |         |құжаттар  |жиынтық   |деменің екін
|   |       |         |         |саны      |сомасы    |ші данасы
|   |       |         |         |          |          |қайтарылған
|   |       |         |         |          |          |күн
|___|_______|_________|_________|__________|__________|_____________
|___|_______|_________|_________|__________|__________|_____________

таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
|Қабылданбаған        |Қабылдан.|Қайтарыл. |Қайтарыл. |Ұлттық Банк
|                     |         |          |          |филиалы.
|құжаттар саны        |баған    |ған құжат.|ған       |ның жауапты
|                     |         |          |          |орындау.
|                     |құжаттар |тардың    |себебі    |шысының
|                     |сомасы   |деректеме.|          |аты-жөні
|                     |         |лері      |          |
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Басқармасының
1999 жылғы "28"наурыздағы
N 37 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі
банктердің, сондай-ақ банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың арасында
корреспонденттік қатынастар орнату
жөніндегі Ережелеріне
N 3 қосымша

Корреспонденттік есепшот бойынша жасалған операцияларды
тіркеу ведомосты

     ____________________________________________________________
                       (банктің атауы)
     199__ жылғы ____________айында______________________________
    (Ұлттық Банктегі банктің корреспонденттік есепшотының нөмірі)
     ____________________________________________________________
          Ұлттық Банк корреспонденттік есепшот бойынша    

     __________________
      (банктік атауы)    

     ________________ есепшот бойынша     ________________________
     (банктің балансындағы                   (жеке есепшот нөмірі)
     жеке есепшот нөмірі)    

____________________________________________________________________
|жазба|құжат|сомасы|сомасы|айырмашы.|жазба|құжат|сомасы|сомасы|айыр.
|күні |N    |дебет |кредит|лықты    |күні |N    |дебет |кредит|машыл
|     |     |      |      |реттеу   |     |     |      |      |ықты
|     |     |      |      |күні     |     |     |      |      |рет.
|     |     |      |      |         |     |     |      |      |теу
|     |     |      |      |         |     |     |      |      |күні
|_____|_____|______|______|_________|_____|_____|______|______|_____
|  1     2     3      4        5       1     2      3     4      5
____________________________________________________________________

     ________________ біріндегі           ______________ біріндегі
         (айы)                                 (айы)    

     Ұлттық Банк балансындағы               банктің балансындағы
     жеке есепшоттан алынған                жеке есепошоттан алынған
     үзінді бойынша сальдо                  үзінді бойынша сальдо  

     Барлық өткізілгені:______       Барлық өткізілгені:________
     Балансы:_________________       Балансы:___________________

                       Айырым сомасы _____________    

     Төлем жүйесі                    Банктің бастығы
     Басқармасының
     бастығы    

     Төлем жүйесі                           Бас бухгалтер
     басқармасы
     корреспонденттік
     қатынастар бөлімінің бастығы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Басқармасының
1999 жылғы "28"наурыздағы
N 37 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі
банктердің, сондай-ақ банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың арасында
корреспонденттік қатынастар орнату
жөніндегі Ережелеріне
N 4 қосымша

     19 __ жылғы "___" ____________    Қазақстан Республикасы
                                       Ұлттық Банкі
                                       Төлем жүйесі басқармасы    

Банктің корреспонденттік есепшотында ақша
резервтеуге және банктің және/немесе банктің
филиалының қолма-қол ақша алуға арналған
N___ Өтінімi  

      Банктің атауы _____________________________________________
      Банктің банктік сәйкестендіру коды_________________________
      Банктің корреспонденттік есепшот нөмірі____________________
      Банктің корреспонденттік есепшотындағы
      резервтелетін ақша сомасы__________________________________
                                     (санмен)
      ___________________________________________________________
                          (жазбаша)
      Резервтелген күн 199___ жылғы "____"_______________________

      Берілетін қолма-қол ақша сомасы

____________________________________________________________________
 |N |Банктің       |Банктің        |Ұлттық Банктің | Қолма-қол  
 |  |және/немесе   |және/немесе    |филиалы        |ақшаны беруге
 |  |банктің       |банк филиалының|               |арналған
 |  |филиалының    |атауы          |               |лимит сомасы
 |  |сәйкестендіру |               |               |
 |  |коды          |               |               |
 |_________________|_______________|_______________|_______________
 |1.|              |               |               |санмен| жазбаша
 |__|______________|_______________|_______________|______|_______
 |2.|              |               |               |      |
 |__|______________|_______________|_______________|______|_______
 |           Жиынтық саны:                         |      |     
  _________________________________________________|______|______
       Қолдары:
     Банктің төрағасы:

     Бас бухгалтер:

                                              Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Басқармасының
1999 жылғы "28"наурыздағы
N 37 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі
банктердің, сондай-ақ банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың арасында
корреспонденттік қатынастар орнату
жөніндегі Ережелеріне
N 5 қосымша

                                        Қазақстан Республикасының
                                        Ұлттық Банкі
                                        Төлем жүйесі басқармасы

Ұлттық Банктің филиалы___________________ арқылы банктің
     (атауы)
және/немесе банк филиалының қолма-қол ақшаны алуға арналған
199__ жылғы "____"______________
N_____ ведомосты
___________________________________________________________________
N|Резервтеуге  |Резервтеуге |Алушы   |Алушы          |Қолма-қол
 |өтінім берген|арналған    |банктің |банктің банктік|ақшаны беруге
 |банктің атауы|өтінім      |атауы   |сәйкестендіру  |арналған
 |             |нөмірі      |        |коды           |лимит сомасы:
 |             |            |        |               | ____________
 |             |            |        |               |санмен|жазбаша
_|_____________|____________|________|_______________|______|_______
1|             |            |        |               |      |
_|_____________|____________|________|_______________|______|_______
2|             |            |        |               |      |
_|_____________|____________|________|_______________|______|_______
 |            Жиынтық саны:                          |      | 
 |___________________________________________________|______|______
      Қолдары:    

     Төлем жүйесі
     басқармасының бастығы

     Жауапты орындаушы