1. Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 08 қазандағы N 161 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 11 ақпанда N 458 V970458_ нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін берудің тәртібі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 3.4.1. тармағына:
екінші-жетінші бөліктері тиісінше үшінші-сегізінші бөліктер болып саналсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"3 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МЕИКАМ) (осы бөлік БҚҰК Директоратының 1999 жылғы 18 наурыздағы N 260 V990723_ қаулысымен енгізілген);";
2) 3.4.2. тармағына:
екінші-алтыншы бөліктері тиісінше үшінші-жетінші бөліктер болып саналсын;
мынадай мазмұнды екінші бөлікпен толықтырылсын:
"- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МЕИКАМ) үшін - жартыжылдықтармен (осы бөлік БҚҰК Директоратының 1999 жылғы 18 наурыздағы N 260 V990723_ қаулысымен енгізілген);".
2. Осы Қаулының ол қабылданған сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
3. Ұлттық комиссияның Заң басқармасы осы Қаулыны оны мемлекеттік
тіркеу (осы Қаулының мемлекеттік тіркеуге жатпайтындығы туралы хабар алу)
мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар
басқармасы:
1) осы Қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің назарына жеткізсін;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Комиссияның Төрағасы
Оқығандар:
Умбетова А.М.
Икебаева А.Ж.