Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 1999 жылғы 24 ақпан N 17. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 12.03. 1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 703. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 (V043191) бұйрығымен.

Күшін жойған

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Заң күші бар  Жарлығына  сәйкес Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19  бұйрығына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген адвокаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензияны беру тәртібі туралы Ережеге:
      5-тармақтың бірінші азбацы "мөлшерінде" деген сөзден кейін "бір жолғы" деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр